О программе «Озеленение Западно-Казахстанской области на 2001-2003 годы» и плане мероприятий по ее выполнению Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2001-2003 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысын көгаландыру» бағдарламасы және оны орындаудың шаралары туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 20.02.2004 № 6-11 шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 мамыр 2001 жылғы N 789-шы "Қазақстан Республикасындағы бағдарламаларды дайындау Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "2001-2003 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысын көгалдандыру" бағдарламасы және оны орындау шаралары бекітілсін.
Басқа 2. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БАҒДАРЛАМА КӨГАЛДАНДЫРУ 2001-2003 жылдарға Орал қаласы 2001 жыл ПАСПОРТ Облыстық бағдарлама Қазақстан 2030 стратегиясын орындау үшiн, 1998-2000 жылдарға Батыс Қазақстан облысының стратегиялық жоспарының дамыту үшiн, облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 7 қыркүйектегi нөмiрi 166 шешiмiнiң, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының 2001-2005 жылдардағы әлеуметтiк - экономикалық дамуының жоспарының орындалуы үшiн құралған. Бағдарламаның құрастырылуы орман аумақтарының деңгейiн көтеру мақсатында орман алып жатқан аудандарда ағаш отырғызу жұмыстарын жалғастыру қажеттiлiгiмен, эрозиялық процестердiң алдын-алу және экологиялық жағдайын жақсарту. Берiлген бағдарламаның негiзi параметрi болып бiздiң оңтүстiк аудандарында жаңа ағаш отырғызылған жерлердi жасау жұмыстарын ұйымдастыру, жылжымалы құмды бекiту, тұрғылықты жердi көгалдандыру, бұның бәрi үш жылда жол бойындағы орман алқаптарын қалпына келтiруге, жасыл ағаш отырғызылған жерлердi ұлғайтуға Батыс Қазақстан облысының оңтүстiк аудандарының микроклиматының жақсаруына мүмкiндiк туғызады.. КIРIСПЕ Батыс Қазақстан облысында орман өңiрiнiң көлемiн ұлғайту мiндеттердi орындау және жол бойындағы орман алқаптарын қалпына келтiру, жылжымалы құмның орманға бағытталуының алдын – алу, тұрғылықты жерлер айналасына жасыл аймақтар құру үшiн орман алып жатқан жерлердi ұлғайту жұмыстарын жалғастыру қажет. Облыста орман қорының көлемi 206,1 мың га, соның iшiнде орман алып жатқан жердiң көлемi 94,3 мың га, облыстың орман өңiрi 0,6 пайызын құрайды. Облыс ормандары алты әкiмшiлiк аудандарында және Орал қаласының аумағында, ал бес ауданда Жаңақала, Жәнiбек, Казталовка, Қаратөбе, Сырым ормансыз. Осығын байланысты облыстың бұл аудандарында қорғаныш орман алқаптарын құру және жылжымалы құмды бекiту қажет. 2001 жылдың көктемiнен 2003 жылға дейiн жыл сайын ағаш отырғызу мынадай жоспарланып отыр. - жол бойында орман алқабын 600 га , жыл сайын 300 га - 450 га жерде құмды бекiту, жыл сайын 150 га - тұрғылықты жерлерде 438,0 мың дана түрлi ағаштар көшетiн отырғызу, жыл сайын 146,0 мың дана. Қаз ССР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 1977 жылғы ғылыми–техникалық кеңесi бекiткен бағдарлама Батыс Қазақстан артомофты топырағындағы орман өсiмдiктерiн құру жүйесi. Енi 50 метрлiк алқапта 2-3 ықтырмалар орналасқан, әрбiр ықтырмада үш қатардан көп болмауы қажет. Ықтырмаларда екпелердiң ара қашықтығы 1х3 метр. Негiзгi орман құраушы өсiмдiктердiң түрлерiне берiлген орман өсушi жағдайларда шегiршiн, жиде, жыңғыл, қарақат, шетен, үйеңкi, терек жатады. Осы технологияны сақтап орналастыру жүйесiн ұстаған кезде, топырақты сапалы әзiрлеп, агротехникалық шараларды орындағанда ғана жасалынған жүмыстың нәтижесi көрiнедi, яғни қорғаныш ағаштардың сақталуы және жерсiнуi 57/70 пайызға дейiн көтерiледi. Мәселенiң қазiргi кездегi тұжырымы Батыс Қазақстан облысы орман өсушi жағдайларда. 1949 жылдан Батыс Қазақстан облысында ВИШНЕВА тауы және КАСПИЙ теңiзiне дейiн мемлекеттiк орман алқабын құру басталды. Барлық категориядағы қорғаныс екпе ағаштардың отырғызу республикалық бюджет қаржысынан жасалынды. Орман алқаптарының түрлi категориясының жасалынған барлық көлемi 51939 га, соның iшiнде мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде 25765 га және бұрыңғы колхоз, совхоз жерлерiнде 26174 га. Тек соңғы 1998-2000 жылдары облыс орман шаруашылықтарымен 1078,6 га көлемдегi екпе ағаштар отырғызылды, соның iшiнде - жол бойындағы – 681,6 га - құмды бекiту – 397 га. Құрғақшылыққа байланысты, күтiмнiң және қорғаудың кемшiлiгiнен, құрылған орман алқаптарынан қалғаны не бары 37,6 пайыз. Автокөлiк жол бойындағы орман алқабының жағдайы қауiп төндiрiледi. Қазiргi орман алқаптары кесiлуде, мал жайылуда және қолайсыз климат жағдайларынан көлемдерi төмендеуде. Орман алып жатқан аймақтардың азаюынан тұрғылықты жерлерде көгалдандыру жұмыстардың жалғастыру, жол бойында орман алқаптарын құру, жылжымалы құмды бекiту қажеттiлiгi туындайды. Берiлген бағдарламаның негiзгі параметрi жыл сайын 200 га көлемiнде орындалатын топырақты дайындау, берiлген жұмыс түрi жергiлiктi бюджет қоры есебiнен қаржыландырылып, төмендегi аудандарда мұнадай көлемде болады. Жаңақала - 30 га Жәнiбек - 40 га Казталовка - 50 га Қаратөбе - 30 га Сырым - 50 га Сонымен қатар қала аудандарының қаржыландыру қорынан тұрғылықты жерлердi көгалдандыру шығыны келесi көрсеткiштермен қайтарылады. Ақжайық - 12000 дана Бөрлi - 8000 дана Зеленов - 13000 дана Казталовка - 11000 дана Қаратөбе - 9000 дана Сырым - 10000 дана Тасқала - 8000 дана Теректi - 12000 дана Орда - 10000 дана Шыңғырлау - 9000 дана Жәнiбек – 6000 дана Орал қаласы - 26000 дана БАРЛЫҒЫ - 146000 дана. Жол бойында орман алқаптарын отырғызу жоспар бойынша жыл сайын 200 га, жылжымалы құмды бекiту – 150 га, бұл Облыстық қоршаған ортаны қорғау қор қаржысынан өткiзiледi. Орманды аурулардан және зиянкестерiнен өңдеу облыстық бюджет қорынан – 5500 га. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТI Облыстың ұзақ мерзiмдi даму стратегиясынан 2001-2003 жылдарға арналған индикативтi жоспардан облыс әкiмiнiң 2000 жылдың 7 қыркүйектегi нөмiрi 166 шешiмiнен бағдарламаның ең басты мақсаты. - жоғарғы экономикалық және табиғатты қорғау тәсiлдерiмен өте аз мерзiмде орман ресурстарын ұдайы өсiру. - орманды өңiрлердi көбейту - топырақты қорғайтын екпелердi отырғызу Бағдарламаның негiзгi мiндетi - жол бойындағы орман алқаптарын отырғызу үшiн қажеттi мезгiлiнде агротехникалық талаптарға байланысты топырақты дайындау. - ағаш отырғызуды, малдан қорғау және өз беттерiмен кесуден, зиянкестерден және аурулардан қорғау жұмыстарын облыстық бюджет қаржысынан ұйымдастыру. - Облыстық бюджет қорына ағашты отырғызу, малдан қорғау, өздiгiнен кесуден, аурулардан және зиянкестерден қорғау жұмыстарын ұйымдастыру. Күтпелi қорытынды Автокөлiк жол бойында қорғаныш екпе ағаштарын орман екпелерiн - құмда, тұрғылықты жерлерде 2001-2003 жылдар арасында облыстың оңтүстiк аудандарында жасыл екпелердi отырғызу: - экологиялық жағдайды жақсарту, жергiлiктi мұқтаждықтарды қанағаттандыру, қосымша жұмыс орындарын жасау; - қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау және жақсарту мақсатында орман өңiрiнiң көлемiн ұлғайту; - типтiк және сирек кездесетiн ландшафттардың және өсiмдiктер дүниелерiнiң биологиялық түрлiлiгiн сақтау; - Күртiк қардан қорғау және жайылымдардың микроклиматын жақсарту. НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ IСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМI 2001-2003 жылдарға ұзақ мерзiмдi стратегиясы мен индикативтi жоспарлардың орындалуы және облыс 2000 жылғы 7 қыркүйектегi нөмерi 166 облыс әкiмiнiң шешiмi ең алдымен облыстың мәселелерiн ашып биологиялық түрлiліктiң тiкелей шығынды жою шараларының орындалуына әкеледi. Бағдарламаның мақсаты және мiндетiнiң iске асырудағы негiзгi орындаушылар мыналар; - топырақты дайындауда, екпе материалдарымен қамтамасыз етуде,отырғызу және күтуде, құмды бекiтуде – Облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасы; - тұрғылықты жердi көгалдандыру мен мұқтаждықтарды қанағаттандыру; - мекеме ұжымдары мен барлық жеке меншiк ұйымдарды қатыстыра отырып, қалалық аудандардың және ауыл аймақтарының әкiмдерi; - Орманды аурулардан және зиянкестерден өңдеу – Облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасы. Бағдарламаны iске асыру облыстың оңтүстiк аудандарында жол бойындағы орман алқаптарын отырғызу жұмысын жалғастыруға, құмды бекiтуге, орман тұқым бағында екпе материалдарын өсiруге орман алып жатқан аумақтарды көбейтуге экологиялық жағдайдың жақсаруына және мұқтаждықтарды қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi. - Қысқа мерзiмде жоғарғы экономикалық және табиғатты қорғау тәсiлдерi және технологиясын мен орман ресурстарын ұдайы өсiру. - Рационалды жердi пайдаланып үнемi орман сапасын жақсартып, оның өсiмдiлiгiн көтеру. - Су қорғайтын ормандар, қорғаныш, санитарлық - гигиеналық және басқа да қызметтердi жоғарылатып екпе ағаштарды арқылы пайда болатын қоршаған ортаны қорғайтын және жасайтын қызметтердi орындайды. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗI 2001-2003 жылға облысты көгалдандыру бағдарламасының негiзгi қаржыландыру көзi болып табылатын: - облыстық бюджеттiң қаржылары; - облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры қаржылары; - жергiлiктi қалалық, аудандар, аймақтардың қаржылары Облыстық бюджет қаржысынан: - орманды зиянкестерден , аурулардан өңдеу үшiн 19,8 млн. теңге қажет, жыл сайын 6,6 млн. теңге. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры қаржысынан: - жол бойында орман алқаптарын отырғызуға және топырақты дайындауға – 3638,5 мың теңге жыл сайын қажет, 2001-2003 жылдарға – 10915,5 мың теңге. құмды бекiтуге жыл сайын – 1939.8 мың теңге, 2001-2003 жылға – 5819,4 мың теңге. Қалалық, аудандар бюджет қаржысынан: - екпе материалды сатып алуға , тұрғылықты жердi көгалдандыру үшiн – 2190,0 мың теңге, жыл сайын 730,0 мың теңгеден. Жалпы 2001-2003 жылдарға облысты көгалдандыру бағдарламасы жұмыстарын қаржыландыру үшiн қаржы мөлшерi 38724,9 мың теңге.
Басқа 3. 2001-2003 жылдарға бағдарламаны қаржыландыру және орындау механизмінің жоспары
№1 қосымша 2001-2003 жылдарға бағдарламаны қаржыландыру және орындау механизмінің жоспары Аудандар Орман алқабын отырғызу Құмды бекіту Тұрғылықты жерді көгалдандыру/көшет алу/ Зиянкестерден өңдеу Барлық шығын Барлық шығын сомасы Соның ішінде Барлық шығын сомасы Соның ішінде отырғызу және күту Топырақты өңдеу отырғызу және күту Ақжайық 180,0 180,0 Бөкейорда 1900,2 1900,2 150,0 2050,2 Бөрлі 120,0 120,0 Жаңақала 1677,9 1677,9 1963,2 1963,2 180,0 3821,1 Жәнібек 2203,8 2203,8 90,0 2293,8 Зеленов 195,0 195,0 Казталовка 2743,8 2743,8 165,0 2908,8 Қаратөбе 1637,7 1637,7 1956,0 1956,0 135,0 3728,7 Сырым 2652,3 2652,3 150,0 2802,3 Тасқала 120,0 120,0 Теректі 180,0 180,0 Шыңғырлау 135,0 135,0 Орал қаласы 390,0 390,0 Облыстық орман және биоресурстар Жөніндегі аумақтық басқарма 19800,0 19800,0 Барлығы облыс бойынша 10915,5 10915,5 5819,4 5819,4 2190,0 19800,0 38724,9 Орындаған К.З. Сисенова А.Н. Галиуллина
Басқа 4. 2001-2003 жылдарға Батыс Қазақстан облысының көгалдандыру бағдарламасын орындау мерзімінің жоспары.
№2 қосымша 2001-2003 жылдарға Батыс Қазақстан облысының көгалдандыру бағдарламасын орындау мерзімінің жоспары. Жұмыс көлемі. шаралар Аяқталу түрі Істің орындалуына жауаптылар Орындау мерзімі Орындау құны және қаржыландыру көзі Облыс бюджеті Қалалық, аудан бюджеті ҚОҚОҚ Барлығы 1 Жол бойындағы орман алқаптарын отырғызу -600 га Әкім аппаратына және экономика комитетіне есеп беру Облыстық орман және биоресур стар жөніндегі аумақтық басқарма 2 және 4 тоқсан 10915,5 10915,5 2 Құмды бекіту 450 га Әкім аппаратына және экономика комитетіне есеп беру Облыстық орман және биоресур стар жөніндегі аумақтық басқарма 2 және 4 тоқсан 5819,4 5819,4 3 Тұрғылықты жерді көгалдандыру Есеп беру Қала және аудан әкімдері 2 және 4 тоқсан 2190,0 2190,0 4 Орманды аурулардан және зиянкестерден өңдеу Есеп беру Облыстық орман және био-тар жөнін-гі аумақ-қ басқарма 2 және 4 тоқсан 19800 19800 Барлығы 19800 2190,0 16734,9 38724,9 Орындаған К.З. Сисенова А.Н. Галиуллина
Басқа 5. Жол бойындағы орман алқабын отырғызу және құмды бекіту тапсырмасы. /(гектар)
№3 қосымша Жол бойындағы орман алқабын отырғызу және құмды бекіту тапсырмасы. /(гектар) Аудандар Орман алқабын отырғызу құмды бекіту Барлығы Соның ішінде жылдар бойынша Барлығы Соның ішінде жылдар бойынша 2001 2002 20003 2001 2002 2003 Бөкейорда 150 50 50 50 Жаңақала 90 30 30 30 150 50 50 50 Жәнібек 120 40 40 40 Казталовка 150 50 50 50 Қаратөбе 90 30 30 30 150 50 50 50 Сырым 150 50 50 50 Барлығы 600 200 200 200 450 150 150 150 Орындаған К.З.Сисенова А.Н.Галиуллина
Басқа 6. 2001-2003 жылдарға қалалар мен облыстың тұрғылықты жерлерін көгалдандыруға байланысты тапсырмасы.
№4 қосымша 2001-2003 жылдарға қалалар мен облыстың тұрғылықты жерлерін көгалдандыруға байланысты тапсырмасы. Аудандар Барлығы Соның ішінде жылдар бойынша Көшеттерді жіберетін орман шаруашылықтары 2001 2002 2003 Ақжайық 36,0 12,0 12,0 12,0 Чапай Бөкейорда 30,0 10,0 10,0 10,0 Орда Бөрлi 24,0 8,0 8,0 8,0 Бөрлi Жаңақала 36,0 12,0 12,0 12,0 Чапай Жәнiбек 18,0 6,0 6,0 6,0 Орда Зеленов 39,0 13,0 13,0 13,0 Январцев Касталовка 33,0 11,0 11,0 11,0 Орда Қаратөбе 27,0 9,0 9,0 9,0 Орал Сырым 30,0 10,0 10,0 10,0 Орал Тасқала 24,0 8,0 8,0 8,0 Орал Теректi 36,0 12,0 12,0 12,0 Бөрлi Шыңғырлау 27,0 9,0 9,0 9,0 Бөрлi Орал қаласы 78,0 26,0 26,0 26,0 Орал Барлығы 438,0 146,0 146,0 146,0 Орындаған К.З.Сисенова А.Н.Галиуллина
Басқа 7. 2001-2003 жылдарға облысты көгалдандырудың кешенді бағдарламасы.
№5 қосымша 2001-2003 жылдарға облысты көгалдандырудың кешенді бағдарламасы. Бағдарлама шаралары Өлшем бірлігі Жұмыс көлемі барлығы Соның ішінде жылдар Бойынша 2001 2002 2003 Жол бойындағы орман алқаптарын отырғызу га 600 200 200 200 Құмды бекіту га 450 150 150 150 Жергілікті жерді көгалдандыру, көшет отырғызу мың дана 438 146 146 146 Орындаған К.З.Сисенова А.Н.Галиуллина
Басқа 8. 2001-2003 жылдары 16500 га көлемде ауруларға және зиянкестерге қарсы профилактикалық шаралар өткізудегі қаржы мөлшері
№6 қосымша 2001-2003 жылдары 16500 га көлемде ауруларға және зиянкестерге қарсы профилактикалық шаралар өткізудегі қаржы мөлшері р.н Шығын атауы Өлшем бірлігі Сомасы мың. теңге 1 Жыл сайын өңдеу көлемі га 5500 2 Битоксибацилин /3 кг-1га/ 1 тн препарат құны Жыл бойына қолданған препараттың жалпы құны Тонна Мың теңге Мың теңге 16500 210,0 3465,0 3 Жыл сайын 1 га АН-2 ұшағымен өңдеу құны Жыл сайынғы өңдеу құны теңге мың теңге 370 2035,0 4 Жыл сайынғы шығын /транспорттық шығын, арнаулы жұмыс киімін алу, еңбек жалақыға/ мың теңге 1100,0 5 Жыл сайынғы барлық шығын мың теңге 6600,0 6 2001-2003 жылдарға орманды зиянкестерден өңдеуге қажетті қаржы мың теңге 19800,0 Орындаған К.З.Сисенова А.Н.Галиуллина