О среднесрочной комплексной программе «Экология» Западно-Казахстанской области на 2001-2003 годы и плане мероприятий по ее выполнению Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001-2003 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының ортамерзімді комплекстік «Экология» бағдарламасы және оны орындаудың шаралары туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 20.02.2004 № 6-11 шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 мамыр 2001 жылғы N 789-шы "Қазақстан Республикасында бағдарламаларды дайындау Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2001-2003 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының ортамерзімдік комплекстік "Экология" бағдарламасы және оны орындаудың шаралары бекітілсін.
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысы 2001-2003 жж. арналған Батыс Қазақстан облысының ортамерзiмдi комплекстi "Экология" БАҒДАРЛАМАСЫ 2000 жыл 2001-2003 жж. арналған Батыс Қазақстан облысының ортамерзiмдi комплекстi "Экология" бағдарламасының Паспорты Ортамерзiмдi комплекстi "Экология" бағдарламасы келесi негiзгi тараулардан тұрады: Кiрiспе. Бағдарламаның мақсаттары және талаптары. Бағдарламаны iске асырудағы негiзгi бағыттары мен оны орындау механизмдерi. Қажеттi қорлар (ресурстар) және қаржыландыру көздерi, Бағдарламаны орындау барысында және табиғатты қорғау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiндегi 2001-2003 ж. белгiленген қаржы көздерi анықталған қорытынды. Кiрiспе ҚР N 789 25.05.00 ж. Қаулысының талаптарына байланысты облыс Әкiмiнiң 07.09.00 ж. N 166 "Облыс дамуының әлеуметтiк-экономикалық аймақтық бағдарламаларын жасау туралы" шешiмiн орындау мақсатында облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы 2001-2003 жж. Батыс Қазақстан облысының ортамерзiмдi "Экология" комплекстi бағдарламасын жасады. Аталған Бағдарламаның қажеттiлiгi - күннен-күнге күшейiп келе жатқан шаруашылық қызметiнiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң басым болуы.
Бөлім 1. 1. Мәселенiң қазiргi жағдайына талдау
1. Мәселенiң қазiргi жағдайына талдау
Тарау 1.1. 1.1. Атмосфералық ауа
1.1. Атмосфералық ауа Облыстың ауа қабаты бәсең ластанған деп бағалануда. Өндiрiс кәсiпорындарының санитарлық-сақтау аймақтарында Шектi деңгейлi концентрациялардың (ШДК) нормадан асқаны байқалған жоқ. Дегенмен, кейбiр жағдайларда, автокөлiктердiң әсерi мол жерлерде (базар, ТЭЦ) көмiртек оксидiнiң және азот диоксидiнiң 3,2 ШДК, шаңның - 3,8 ШДК құраған кездерi болды. Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орнының маңайындағы елдi мекендердiң ауасында "Казгидромет" АӨО-ның мәлiметi бойынша азот, күкiрт, көмiртек оксидтерi концентрацияларының өсуi байқалады. 1999 жылы Тұңғыш, Березовка ауылдарында азот диоксидiнiң концентрациясының ШДК-дан асқан жағдайлары болды. Бiрақта атмосфералық ауаға мониторинг ұйымдастырудың және жүргiзудiң жағдайы жоқтықтан облыстың ауа қабатына баға беруге мүмкiндiк болмай қалуда. Қазiргi уақытта облыс бойынша 200-ден астам қызметi ауаға айтарлықтай әсер ететiн кәсiпорындар бар деп саналады. Оған қоса есепте 2 мыңнан астам ауаға ластағыш заттар бөлетiн тұрақты көздер тiркелген. Дегенмен, соңғы жылдардағы ауаға тастамалардың көп бөлiгi саны 60 мыңнан асқан автокөлiктердiң үлесiне тиедi (1998 жыл – 41,0 мың тонна, 1999 жылы – 57,9 мың тонна, 2000 жылы – 68,0 мың тонна), олардың саны 60 мың. Жалпы алғанда тастаманың үлесi 1990 жылғымен салыстырғанда 72,0%-ке көбейдi. Соңғы 3 жылда (1998-2000 жж.) стационарлы көздердiң ауаға шығарынды 15,3-22,7 және 27,9 мың тонна құрады. 1990-97 жылдармен салыстырғандағы Қарашығанақтағы көмiрсутек шикiзатын өндiру көлемiнiң артуына байланысты 1998 жылы ауаға шығарынды көлемi арта түстi. Соңғы жылдары облыстық ортамерзiмдi экологиялық бағдарламаларда көрсетiлген ауа қабатын қорғаудағы iс-шаралардың орындалу деңгейi 83,0% құрады, бұл негiзiнен табиғатты пайдаланушылардың өз қаржыларынан жүргiзiледi.
Тарау 1.2. 1.2. Су қоймалары
1.2. Су қоймалары Облыстың негiзгi су көздерi – Жайық, Шаған, Дерқұл, Елек өзендерi. Облыс территориясындағы Жайық өзенiнiң суларының ластануы Челябинск, Орынбор, Ақтөбе облыстарынан (Жайық ағыншасы - Елек өзенi), сондай-ақ коммуналды және ауылшаруашылық су сарқындыларынан құралады. 1991 жылы Чкалов атындағы Орск мұнай өңдеу заводының өндiрiс коллектiрiнде болған апаттың әсерiнен Жайық суына жоғары концентрациялы фенолдар (32 ШДК), мұнай өнiмдерi (13-20 ШДК), мыс (7 ШДК) қосылыстары бар тазартылмаған сарқынды сулар құйылды. Ал 1991 жылдан бастап су қоймаларының ластану деңгейлерi ауа райының жағдайларына байланысты бәсең ластанған деп сипатталады. Елек өзенi Жайық саласы болып табылады. Електi ластағыш заттардың ең қауiптiсi хром болып табылады, оның концентрациясы ШДК-дан 2-ден 30-ға дейiн асқан кездерi болды. Бiрақ соңғы жылдары хром байқалмай келедi. Ал Жайық суында хром тiптi байқалған емес. Облыстың кiшiгiрiм өзендерi қар немесе жаңбыр суларымен қоректенедi (80%). Бiрақта жазғы жаңбыр суларымен қоректенуi аз болғандықтан, көпшiлiгi кеуiп кетедi. Кiшi өзендер су деңгейi төмендеу мезгiлдерiнде жер асты суларымен қоректенедi. Кiшiгiрiм өзендердiң ластануы су тасқыны мезгiлдерiмен байланысты. Осы уақытта мұнай өнiмдерi, органикалық қосылыстар, басқа да химиялық заттарды анықтауға болады. Кiшi және Үлкен Өзендер, Өлеңтi, Шiдертi, Есен Аңқаты және басқа да, Казталовка, Сырым аудандары өзендерi тұздылығымен сипатталады (хлоридтер – 473-тен 616 мг/л, сульфаттар – 700 мг/л-ге дейiн). Жаз мезгiлiнде кiшiгiрiм өзен суларының фенолмен ластануы көк-жасыл балдырларға байланысты. Облыстың кiшiгiрiм өзендерiнiң жағдайы ауа райына тәуелдi. Бiрақта барлық облыстың шағын өзендерi мұнай өнiмдерiмен (3-8-ке дейiн ШДК), фенолдармен (10-ға дейiн ШДК), аммиакпен (15-ке дейiн ШДК), детергенттермен (11-ге дейiн ШДК) ластанады. Бұл су көздерi көбiнесе су тасқындары кезiнде бұзылатын бөгеттер және басқа да құрылыстардан лайлануға ұшырайды. Облыстың шағын өзендерiнiң ластану, бүлiну және тартылуының алдын алу үшiн жыл сайын көптеген iс-шаралар жасалады: өндiрiс және тұрмыс қалдықтарын жинастыру, жанармай сақтау қоймасын және басқа да зиянды объектiлердi су жағасынан алыстату шаралары. Бекiтiлген нормалар бойынша Орал қаласының N 1,2 және Ақсай қаласының жинағыштарында облыстың сарқынды сулары жиналады. Облыстағы су қоймалары мен биопрудтардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Қоймалар мен биопрудтардың жобаланған жалпы көлемi 63,75 млн м3: - Орал қ. N 1 жинағышында – 16,0 млн м3; - 1-3 биотоғандарда – 4,25 млн м3; - N 2 жинағышта – 43,5 млн м3. Ағынды суларды тазарту және қайта пайдалану қондырғыларын эксплуатациялаудың бекiтiлген Ережелерi бойынша су тасқыны кезiнде апатты болдырмаудың алдын-алу мақсатында N 2 жинағышта жиналған су рельефке шығарылады. Ағынды су жинағыштары 1986 жылы салынып, 2865 га жерге су шығарылатын, бiрақта техниканың ескiрiп iстен шығуына, оны iске қосуға үлкен қаражат қажеттiгiне байланысты қазiргi уақытта бұл шаралар жүргiзiлмеуде. Сарқынды сулар ашық су қоймаларына тасталынбайды. Орал қаласы жинағыштарындағы сарқынды сулар механикалық және биологиялық әдiстермен тазартылады. 90-жылдар басында судың гидро- және бактериологиялық талдаулар жасалды. Гидробактериологиялық көрсеткiштерi бойынша сужинағыш өте ластанған болып шықты. Күзгi және қысқы мерзiмдерде бактериологиялық көрсеткiштер нормадан аспайды. Ал көктемгi және жазғы уақытта бұл көрсеткiш өте ластанған деңгейдi көрсеттi. N 2 жинағышта ағынды сулардың сипаттамасы мынадай: - хром – 0,008 мг/л-ден 0,001-ге дейiн; - мұнай өнiмдерi – 0,248 мг/л-ден 0,00 дейiн; - хлоридтер – 308 мг/л-ден 121 дейiн; - БПК5 – 3,68 мг/л-ден 2,5 дейiн. Соңғы жылдары өндiрiс орындарының тоқталуына байланысты жинағыштарға барып түсетiн өндiрiстiк қалдық сулардың сапасы өзгердi – ауыр металдар, басқа да органикалық қосылыстар өте аз немесе тiптi байқалмайды (ТЭЦ, "Ақжол" АҚ, "Омега" АҚ, "Металлист" АҚ, "Водоканал" Ақсай қаласының КТҚ, БИО-50, ГКС-4, ГКС-3, Нефтепровод басқармасы). Облыс бойынша есепте жобалық қуаты 91,608 мың м3/тәулiк 54 тазартқыш қондырғылар бар. Соның iшiнде қалалық канализацияға сарқынды су ағатын 21 қондырғы (21,114 мың м3/тәулiк) және ағысы рельефке баратын 33 қондырғы (70,494 мың м3/тәулiк). Қазiргi уақытта көптеген өндiрiстiк кәсiпорындардың тазартқыш қондырғылары iсте емес: "Орал", "Мехкомбинат", "Нұралы", "Кожсырьевой зауыты", "Омега" АҚ жұмыс iстемейдi, ал "Зенит" АҚ, Механикалық зауыт, "Аяз" АҚ, "Металл өнiмдерi" АҚ, "УПОСМ" АҚ аптасына 2-4 күн жұмыс iстейдi. Рельефке ағысы бар 33 тазартқыш қондырғылардың 20-сы iс жағдайында. Айта кету керек, рельефке ағатын сулар өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға жатады. Орал қаласындағы ағынды суларды тазарту және қайта пайдалану жүйесiнiң құрылысын аяқтау мәселесi өз шешiмiн табуды талап етедi.
Тарау 1.3. 1.3. Жер ресурстары және өндiрiс қалдықтары
1.3. Жер ресурстары және өндiрiс қалдықтары Ауылшаруашылық саласы реформасының жалғаса түсуiне байланысты егiстiк алқаптар, шабындықтар көлемiнiң азаюына, ал тыңайған жерлердiң керiсiнше көбеюiне ықпал етуде. Осыған байланысты тыңайған жерлердi шабындық пен жайылымға айналдыру мәселесi шешiлуi керек. Тыңайтылған жерлердi шабындықтар мен жайылымдарға көгалдандыру арқылы трансформациялау жылына жоспарлы 444,9 мың га орнына 300-1300 га-ға орындалып келедi. Жалпы жердiң бұзылуы мұнайгаз барлау және өндiру жұмыстарына байланысты. Жердi өңдеу жұмыстары өте төмен қарқынмен жүргiзiлуде. Мысалы Қарашығанақ кен орнында бұзылған жердiң көлемi 1641,5 га болса, 2000-жылдың I кварталында соның өңдеуден өткенi 9,72 га ғана болды. Соңғы 10 жылдықта облыс көлемiнде өндiрiстiк қалдықтардың пайда болуы 570-680 мың м3 шамасында қалыптасты. Барлық пайда болған қалдықтардан 200 мың м3 қайта пайдаға асырылады, 0,01 мың м3 залалсыздандырылады, басым көпшiлiгi жерге көмiледi. 2- және 3-дәрежелi улы қалдықтардың пайда болуы мұнайгаз комплексiне, темiр жол көлiгiне және электроэнергетиканың дамуына байланысты. Ал 1-дәрежедегi улы қалдықтардың көлемiнiң азаюы машина құрастыру және жергiлiктi өндiрiстiң жұмыс деңгейiнiң төмендеуiне байланысты. Улы қалдықтарды (1-, 2-дәрежелi) жинайтын арнайы полигонның жоқтығынан 140,0 тонна улы қалдықтар өндiрiс кәсiпорындарының уақытша жабдықталған алаңшаларында орналастырылған. Осыған байланысты облыс орталығының санитарлық және эпидемиологиялық, Жайық өзенiнiң экологиялық жағдайларына қауiп төнуде. Облыс орталығында пайдаланылған люминисценттiк, сынапты шамдармен құралдарды жинайтын, болашақта демеркуризациялайтын орталық ашылды. Айта кету керек, облыста әр түрлi жағдайларға байланысты алдын-ала жиналған (макулатура 140 тонна, әйнек 83 тонна, автокөлiктердiң ескiрген шиналары 94 тонна, iстен шыққан майлар 75 тонна) өндiрiстiк тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау мәселесi шешiлмей отыр. Облыс аумағында әр мерзiм сайын қайталанатын жұқпалы аурулар: гепатит, дизентерия тағы басқалардың пайда болуына санитарлық-эпидемеологиялық жағдайды күрделiлендiретiн саны 100-ден астам, көлемi 84 мың м3, 160 га жердегi қоқыстардың ретсiз үйiндiлер себепшi болып отыр. Радиациялық жағдай. 1.01.92 ж. госсанэпиднадзор облыстық басқармасы мәлiметi бойынша облыста өз қызметiнде жалпы активтiгi 7103,996 Кюри, 1060 иондаушы сәуле көздерiн пайдаланатын 27 мекеме бар. Негiзiнен бұлар 868 дана өрт(түтiн)хабарлағыштар, қалғандары дефектоскоптар. Осы мекеменiң мәлiметi бойынша 09.03.99 жылға облыста жалпы активтiгi 310,3 ГБк 271 дана iстен шыққан радиоактивтi көздерi бар 7 мекеме есепте тұр. Бұларды арнайы комбинатта залалсыздандыру қажет. Бұрын бұл қызметтi Самара қаласындағы арнайы комбинаттар атқарған болатын. Бiрақта қаражаттың жоқтығынан, "Байкал-1" комплекстi жүйесiне пайдаланылған көздердi жөнелтуге мүмкiндiктер тумай отыр. Облыста радиоактивтi заттарды шығарушы және ауаға тастама жасайтын өндiрiс орындары жоқ. Жалпы айтқанда облыстағы радиациялық жағдай: экспозициялық дозасы 6-7-ден 15 мкр/са№. аралығында, ал әскери полигондардың әсерi аймағында 20-21 мкр/са№. Сонымен қатар облыс көлемiнде 3 аномальды үлескiлер анықталып отыр: Қосдаулет құмдарынан Саратов облысына қарай 280 жуық, енi 50 шақырымға жуық Цезий-137 техногендi радионуклидтiң көтерiңкi жиыны бар. Оның Қазақстан бойынша глобалды фоны 0,0068 Ки/км2 болса, жиыны көрсетiлген үлескiлерде 0,11-0,18 Ки/км2 құрайды. Бұл ядролық жарылыстар жасалынған "Азғыр" әскери полигонына байланысты. Капустин Яр және Азғыр соғыс- сынақ полигондарының жарты ғасырлық қызмет iстеуi қоршаған ортаның химиялық- радиологиялық ластануына, соның iшiнде су объектлерiнiң ластауына әсерiн тигiзiп оның соңы оңтүстiк аудандардағы халықтың денсаулығының нашарлауына әкелiп соқтырды. Қоршаған ортаға радиациялық ластанудың потенциалды қаупiн туғызушы Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орнындағы "Лира" объектiлерi болып табылады (әсiресе ТК-5, ТК-6 қоймалары). Оған мониторингтi ҚР Ұлттық ядролық Орталығының Ядролық физика институтының Ақсай филиалы жүргiзiп келедi. Осыған байланысты облыстық аумақтық қорғау басқармасының талабы бойынша жоғарыда айтылған ғылыми мекеме "Лира" объектiсiн сатылай жабу бағдарламасын жасады. Қазiргi уақытта ГП-3, ІМГК кен орнында, оның маңындағы елдi мекендерде жағдай бұрынғы мезгiлдерден өзгерiс тапқан жоқ, бiрқалыпты радиациялық көрсеткiштермен табиғи аяға сай сипатталады.
Тарау 1.4. 1.4. Биоқорлар жағдайы
1.4. Биоқорлар жағдайы Жануарлар әлемiнiң жалпы жағдайы. Облыста балық шаруашылық маңызды, жалпы су айнасы 67 мың га болатын 28 өзен, 6 су қоймасы, 186 көл бар, балық шаруашылық маңызды су қорларының 90 %-i тұншығу қаупiнде. Соңғы 9 жылда балық аулау мөлшерi 700-800 тонна құраса, жыл сайынғы лимиттенген аулау көрсеткiшi 1400-1500 тоннаға дейiн. Бұрынғы жылдары жалпы өндiрiлген мөлшердiң 45 %-iн Жайық пен Шалқардан құраса, соңғы жылдар мәлiметi бойынша негiзгi балық аулау шағын өзендер, көлдер және бөгендерден жүргiзiледi. Негiзгi балық шаруашылық қоймаларының балық өндiру көрсеткiштерiнiң төмендеуi олардың ластануына байланысты. Бұл әрине су қоймаларындағы түрлердiң саны мен құрамының сақталуына және жаңғыртылуына, балық өскiндерiнiң сақталуына, тұншығуға қарсы, биотехникалық шаралардың жүргiзiлуiне тәуелдi. Облыста аң аулауға 12,4 млн. га жер бөлiнген, ал соның 3,3 млн. га жерiнде ұйымдастырылған түрде жүргiзiледi, қалған жер, бос аумақтар ұйымдастырылған 33 аң шаруашылығына, 2 мемлекеттiк аң шаруашылығына, 3 мемлекеттiк қаумалдарға жүктелген. Соңғы жылдары ауа райының ауыр жағдайларына байланысты, жануарларды қорғау және биотехникалық iс-шараларды жүргiзбеу салдарынан аң саны 30-45%-ке азайды. Киiктiң Едiл-Жайық топтарының жағдайы мәз емес: 1998 жылы оның таралу ареалы Алғай, Крупской атындағы және Степной совхоздарына дейiн болса, соңғы жылдары Сайхын-Жаңғаладан автокөлiк жолдарынан аспайды, яғни саны 2 есе кемiдi. Осыған байланысты аулау лимитi 25-40%-ке кемiдi (1994 жылғы авиаесепте 200 мың бас болса, 1999 жылы жер есебi бойынша 24 мың). Жалпы, табиғи ресурстарды жүйесiз пайдаланудың кесiрiнен жануарларға көптеген зиян келдi: бұғы саны 90-жылдарға қарағанда 50%-ке, үйрек 65%-ке, қаз 33%-ке кемiдi, айта кету керек қабан, косуля саны салыстырмалы түрде тұрақты, ал түлкi, қасқырлар саны соңғы жылдары көбеюде (1990 жылы – 122, қазiр – 3000 астам), егерде қасқырлардың фитосанитарлық қызметiн ескерер болсақ оның саны 200-300-ден аспауы қажет. Қазiргi уақытта выхухоль, қарлығаштар саны күрт азаюда, выхухоль саны – 44, қарлығаштар тiптi кезедеспейдi. Облыс бойынша Қызыл кiтапқа жануарлардың 7 түрi, жорғалаушылардың 2 түрi, құстар мен балықтардың 36 түрi енгiзiлдi. Өсiмдiктер әлемi жағдайы. Облыста 1,5 мың өсiмдiк түрлерi өседi. Өсiмдiктер жамылғысы 3 табиғи аймақпен сипатталады: солтүстiкте нағыз дала аймағы; негiзгi орталық аймақ шөлейт далаға жатады; ал оңтүстiгi шөл даланың солтүстiгiмен шектеледi. Бұрынғы кездердегi шектен тыс мал жаю топырақтың құрғақтануына, өсiмдiк жамылғысының құрғақсүйгiштiгiне әкелдi. Соның салдарынан өсiмдiк дүниесiнiң түр құрамы азайды, әсiресе көпжылдық астық және бұршақ тұқымдастар өсiмдiктерi, ал бiржылдық өсiмдiктер үлесi керiсiнше көбейдi. Қазiр Қызыл кiтапқа өсiмдiктер әлемiнiң 20 түрi енгiзiлiп отыр. Орман алқабын алсақ, Жайық, Елек өзендерiнiң жағасындағы ормандар, Бөкейорда ауданының құмаралық ойпаттардағы шағын тоғайлар мен жол қалқа ормандарымен сипатталады. Орман алқабының жалпы көлемi - 120530 га, облыс ормандылығы – 0,86% құрайды. Соңғы жылдары орман ағаштарының ауруға көптеп ұшырап, зиянкестермен 22700 га орман алқабы бүлiндi. Жағдай құрғақ жылдардағы өрттермен, ағаштарды өз бетiндiк жаппай шабулармен күрделiленедi. Кезiнде Жәңгiр хан салдырған қарағай орман "Капустин Яр" әскери полигонының және малды жүйесiз жаю әсерiнен Бөкейорда ауданының ерекше сан алуан өсiмдiктер әлемi жойылу қаупiнде. Қарашығанақ кен орнын игеруден Кирсан қаумалындағы 2,3 мың га емен алқабы қурай бастады. Елiмiздегi 884 га жерде орналасқан Жәнiбек орман стационары құрып барады деуге болады, ал Ресейдегi 228 га сол орман қалқасының жалғасы Ресей Үкiметiнiң қаулысымен (16.06.97 ж. N 719) федералдық маңызы бар табиғи ескерткiшке айналдырылған. Көптеген егiстiк және жайылымдардың орман қалқалары өз өмiр сүру уақытынан шығып, күтiмсiз жағдайда деградацияға ұшырады. 1998 жылға дейiн орман алқабын өсiру жұмыстары тоқталды деуге болады, тек облыс Әкiмiнiң 03.04.98 жылғы N 42 "Облыстағы елдi мекендердi көгалдандыру мен орман алқабын өсiру шаралары туралы" шешiмiнiң қабылдануымен облыстық орман, аң аулау және балықшаруашылық басқармасының қаражатынан елдi мекендерде 474800 түп ағаш пен көшеттер отырғызылды, 431 га жерге орман қалқалары жасалды. Жұмыстың қарқынды өтуiне Әкiм бекiткен "Ең жақсы көгалдандырылған елдi мекен" атты облыстық байқау-конкурс себепшi болды. Дегенмен жоғарыда айтылған облыс Әкiмiнiң шешiмi аграрлық аудандардың экономикалық әлсiздiгiнен "Батысорман" РМК-ға көшеттер ақысын төлей алмауынан толық iске аспай отыр. Жағдай Республикалық бюджеттен табиғатты қорғауға арналған шаралардың толық мөлшерде қаржыланбағанынан күрделiленуде. Биологиялық саналуандылықты қорғау және тиiмдi пайдалану үшiн облыста 450,1 га жерде 10 ерекше қорғауға алынған аймақ бар, бiрақта олардың тиiмдiлiгi әзiрге төмен. Бүгiнгi таңда биологиялық саналуандылықты сақтап қалу үшiн флора мен фаунаны қорғау жүйесiн қайта қарап, "Экопроект" ЖШС-ның жасаған "Батыс Қазақстан облысының табиғи қорық объектiлерiн дамыту және орналастыру схемасына" сай ерекше қорғауға алынатын жаңа аймақтар құруды қамтамасыз ету қажет.
Бөлім ii. II. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
II. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Тарау 2.1. 2.1. Бағдарлама мақсаты
2.1. Бағдарлама мақсаты Қоғам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын гармонизациялау және өмiр сүруге экологиялық қолайлы жағдай туғызу.
Тарау 2.2. 2.2. Бағдарламаның мiндеттерi
2.2. Бағдарламаның мiндеттерi
Тармақ 1
1. Жылжымалы (автокөлiктер) және стационарлы көздерден атмосфераға ластағыш заттардың тастамасын азайтуды қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Жер асты және жер үстi су қоймаларынан тазартылмаған өндiрiстiк, тұрмыстық сарқынды суларды тастамау; су тазартқыш қондырғылардың нормативтi көрсеткiштерiнiң сарқынды суларды тазартудағы тиiмдiлiгiн көтеру.
Тармақ 3
3. Таза суды үнемдi пайдалану мақсатында қайта пайдаланатын су мөлшерiн көбейту.
Тармақ 4
4. Ағындарды облысiшiлiк үйлестiру және Ресей Федерациясының шектес облыстарынан Үлкен және Кiшi Өзендер, Жәнiбек суармалау жүйесiмен келетiн суды облыс iшiндегi ағын суды қайта бөлу мен суды айдауды қажеттi мөлшерде қамтамасыз ету арқылы оңтүстiк аудандардағы экологиялық жағдайды тұрақтандыру.
Тармақ 5
5. Қоршаған ортаның өндiрiс, тұрмыс және тұтыным қалдықтарымен ластануын төмендету шараларын жүзеге асыру.
Тармақ 6
6. Табиғат пайдаланудың тиiмдi әдiстерiн, аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды енгiзу жұмыстарын жандандыру.
Тармақ 7
7. Облыстың биотүрлiлiгiн сақтауды қамтамасыз ету, өсiмдiк және жануарлар әлемiн, балық қорын қорғау мен оның көбеюiне қажеттi шараларды орындау.
Тармақ 8
8. Қоршаған орта мониторингiнiң және бақылануының нақты жүйесiн құру.
Тармақ 9
9. Облыстың экологиялық мәселелерiн зерттеп, шешудегi қоғам ролiн арттыру.
Бөлім 3. 3. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және жүзеге асыру механизмдерi
3. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және жүзеге асыру механизмдерi Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа мемлекеттiк өкiлеттi ұйымдармен бiрлесе мыналарды жүзеге асырады: - қоршаған ортаның 1995-2000 жж. жағдайының қолда бар және ретроспективтi мәлiметтерiнiң ақпараттық банкiн құру және қоршаған орта жағдайының өзгеру динамикасы мен әсер етушi факторларына талдау жасау; - өмiр сүру ортасына түсетiн табиғи және техногендi салмақтың өзгерiсiн ескеру арқылы облыс территориясын экологиялық аймақтарға бөлу. "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондары әсерiн айқындау. Адекватты табиғат қорғау шараларын жасау мен жүзеге асыру арқылы Қарашығанақ кен орнының әсерiн (қоршаған ортаға) барынша төмендету; - қоршаған орта мониторингi мен бақылаудың ортақ жүйелi схемасын жасау және құрастыру; - шаруашылық субъектiлерiнiң қоршаған ортаға зиянды заттар шығару шектеулерiн (шектi деңгейлi тасталымдар, қалдықтар бөлу мен орналастырулар) пайдалануларына қатаң бақылау орнату. Облыстың iрi кәсiпорындарында өндiрiстiк мониторинг және өндiрiстiк бақылау ұйымдастыру; - объектiлердiң құрылыстары мен реконструкцияларының барлық жобаларына мiндеттi экологиялық сараптама жүргiзу. Сараптама өткiзуге қоғамдық экологиялық ұйымдар мен қозғалыстар өкiлдерiн тарту; - тұрғындарды қоршаған орта мен негiзгi ластаушы көздер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүйелi түрде хабардар етiп тұру. Бағдарламаны жүзеге асырудың негiзгi механизмдерi: - шаруашылық субъектiлердiң 2001-2003 жж. арналған табиғат қорғау шаралары жоспарлары; - Жыл сайынғы қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты түзетiлiп, бюджеттен қаржыландырылып отыратын табиғат қорғау шараларының қаржысының жоспары; - мақсатты республикалық және облыстық бағдарламалар.
Бөлім 4. 4. Қажеттi қорлар және оларды қаржыландыру көздерi
4. Қажеттi қорлар және оларды қаржыландыру көздерi 2001-2003 жж. арналған облыстың ортамерзiмдi комплекстi "Экология" бағдарламасын жүзеге асыру (2000-жылдың 4 кварталындағы баға бойынша) 1932425,4 мың теңгеге түседi. Табиғат қорғау шараларын (ТІШ) қаржыландыру негiзiнен табиғат пайдаланушылардың өз есебiнен жүргiзiледi, ол жалпы соманың 66,0%-iн, яғни 1276081,0 мың теңгенi құрайды. Мұның iшiнде облыстың негiзгi ластаушыларының – мұнайгаз саласы кәсiпорындарының (КПО б. в. және "Конденсат" АҚ) үлесi 65,7% не 1269846,0 мың теңге құрайды (1 $=142,2 ресми курсында). Аталған кәсiпорындардың табиғат қорғау шаралары атмосфераға зиянды заттар тасталымын төмендетуге бағытталған, атап айтсақ - күкiртсутек және күкiрттi ангидридтi тастауды төмендетуге КПО б. в. $ 300,0 мың, "Конденсат" АҚ $ 3500,0 мың, Тұңғыш және Березовка ауылдары атмосферасында күкiртсутек барын автоматты бақылайтын жүйе орнатуға - $ 1900,0 мың, қоршаған орта жағдайының объективтi бағалау мақсатындағы Өндiрiстiк мониторингтi орналастыруға "Конденсат" АҚ - $ 100,0 мың. КПО б.в. токсикалық қалдықтар полигонын салуға $ 1200,0 және бұзылған жерлердi рекультивациялауға $ 600,0 мың қажет ететiн ауқымды шаралар белгiленген. КМГКК санитарлық қорғау аймағын жақсарту жөнiндегi жобаны жасауға-$ 300 мың. ТК-5 ("Лира" объектiлерi) қоймасы маңындағы 2003 жылы оны жабудың техникалық жұмыстары қамтылған радиациялық жағдай мониторингiнiң нақты шаралары белгiленген. Бағдарламаны жүзеге асырудағы екiншi қаржыландыру көзi – Республикалық бюджет, одан 424574,4 мың теңге, не жалпы соманың 22,0%-i бөлiнедi. Республикалық бюджет қаржысына мыналар қарастырылған: - Орал қаласында токсикалық қалдықтар полигонын салу, Дарьинск поселкесi және Ақсай қаласында тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, Орал қаласындағы жиналған суды тазалау және ағызып жiберу комплексi құрылысын аяқтау, бұларға 148000,0 мың теңге бөлу көзделген; - облыстың оңтүстiк аудандарындағы "Капустин Яр" әскери-сынақ полигонына мемлекеттiк бағдарлама бойынша кемiнде 67,0 млн. теңгеге түсетiн комплекстi зерттеулер жүргiзу; - құны 113,6 млн. теңге болатын Жайық өзенi аңғары түбiн тереңдету және тазалау жұмыстарын жүргiзу; - "Мемлекетаралық су бөлу" статьясы бойынша жыл сайын 25,0-30,0 млн. теңгеге түсетiн Үлкен және Кiшi Өзендер ойпаттарына су жiберудi қамтамасыз ету; Ортамерзiмдi Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық қоршаған ортаны қорғау (ОҚОҚ) қорынан бөлiнетiн қаржы 146770,0 мың т. немесе жалпы шығынның 7,6%-i. Облыстық қоршаған орта қорғау (ОҚОҚ) қоры қаржысы мыналарға жұмсалады: - қоршаған ортаның экологиялық мониторингiн ұйымдастыру және жүзеге асыру – 116,0 млн. т.; - энергия үнемдеу мен жылумен қамтуда (парник газдар) пайда болған газдарды бөлудi азайтудың мақсатты облыстық бағдарламасын құрастыру және жүзеге асыру – 1,2 млн. т.; - құмды жерлерде жел энергиясын пайдаланатын агроүлескiлер жасау – 0,9 млн. т.; - облыстың экстремальды аудандарындағы шөлейттенуге қарсы күресу үшiн тиiмдi ландшафтты-экологиялық жүйенi жасақтау (Жәнiбек стационары негiзiнде) – 2,5 млн. т.; - тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны мен ағын су жинағыштарын орналастыру және жаңғырту – 16,4 млн. т.; - Көшiм, Үлкен және Кiшi өзендерi ойпаттарын сумен қамтамасыз ету - жыл сайын 10,6 млн. т.; - орман алқаптарын кеңейту және елдi мекендердi көгалдандыруды арттыру - жыл сайын 22,8 млн. т. Облыстық қоршаған орта қорғау қорынан шаруашылық субъектiлерiнде экологиялық ауыр мәселелердi шешуге арналған табиғат қорғау шараларын қаржыландыру көзделген, атап айтсақ: - Шаған өзенiндегi канализациялық дюкерлердiң техникалық жағдайын зерттеу – 500,0 мың тг.; - қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу, олардан халық тұтынатын тауарлар дайындау – 2,0 млн. т. Сонымен қатар облыстық қоршаған орта қорғау қорынан бөлiнетiн 42,0 мн. тг. облыстық келесi бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалады: - 2001-2003 жылдарға арналған көгалдандыру бағдарламасы – 22,8 млн. тг.; - Батыс Қазақстан облысының тұрғындары денсаулығын сақтаудың комплекстi бағдарламасының "Медико-экологиялық" бағыттағы бөлiгi – 18,0 млн. тг.; - "Ауыз су" (2001-2005 жж.) бағдарламасы – 1,2 млн. тг.. "Стратегия - 2030"-ға сәйкес экологиялық тәрбие мен насихатты дамыту, облыстық биосаналуандылығын сақтау мәселелерi негiзiнен облыстық қоршаған орта қорғау қоры есебiнен жүргiзiледi. Бағдарламаны жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру 4,4% (85,0 млн. тг.) құрап, облысты 2001-2005 жылдарда газдандырудың аймақтық бағдарламасына сәйкес тұрғын үй мен шаруашылық бу қазандарын газдандыруға жұмсалады.
Бөлім 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер
5. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер 2001-2003 жж. арналған Батыс Қазақстан облысының ортамерзiмдi комплекстi "Экология" бағдарламасы қоршаған ортаның ластануына қарсы табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру арқылы облыстың экологиялық жағдайын тұрақтандыруға себепшi болады. Бағдарламада көрсетiлген табиғатты қорғау шаралары ең басты шаралар болып табылады және орындалу барысында облыстың экологиялық жағдайына байланысты толықтырылып отырады. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы Бағдарлама менеджерi (ұйымдастырушы) болып табылады. Бағдарламаның төртiншi "Биоресурстар" тарауының орындалуына облыстық жануар және өсiмдiктер әлемiн мемлекеттiк бақылау басқармасы жауапты. Десек те бағдарламаның орындалуы шаруашылық субъектiлердiң экономикалық орнықтылығына тәуелдi, өйткенi табиғи шараларды орындаудың 66,0%-i кәсiпорындардың өз қаржысынан жүргiзiледi. Жалпы облыстағы экономикалық жағдайдың өркендеуiне, өндiрiстiң көтерiлiп-құлдырауына, соған сәйкестi қоршаған ортаға шығатын зиянды заттардың өсуi мен азаюына болжам айтуға болмайтындықтан, қоршаған ортаның сапасын сипаттайтын болжамдық көрсеткiштерiн есептеу мүмкiн емес.
Бөлім 6. 6. 2001-2003 жж. арналған Батыс Қазақстан облысының ортамерзiмдi комплекстi "Экология" бағдарламасының табиғат қорғау шаралары жоспарлары
6. 2001-2003 жж. арналған Батыс Қазақстан облысының ортамерзiмдi комплекстi "Экология" бағдарламасының табиғат қорғау шаралары жоспарлары Бо­лжам­дық ба­ға­ла­ры, қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі, мың тең­ге (мың дол­лар) N п/п Ша­ра­лар, жұ­мыстар кө­ле­мі және іс-әре­кет­тер Орын­да­луы­на жа­у­ап­ты­лар Аяқ­тау фор­ма­сы Жү­зе­ге асы­ру жыл­да­ры Рес­пуб­ли­ка­лық қор Жер­гі­лік­ті қор ОҚОҚ (обл. қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау қо­ры) Та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы­ның өзін­дік қар­жы­сы Кү­ті­л­ген нәти­же­лер 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 І. Ат­мо­сфе­ра­лық ауа х 1 Орал қа­ла­сы және об­лыс тұр­ғын үй­ле­рін та­би­ғи газ­ға кө­ші­ру (об­лыс әкім­ші­лі­гі ше­ші­мі­мен) "Орал об­л­газ" АҚ-ның жол­ком ша­ру­а­шы­лық бас­қар­ма­сы Арх. және құ­ры­лыс басқ. Об­лыс және аудан әкім­де­рі­нің ше­ші­мі жо­ба­сы 2001 2002 36500,0 36500,0 Шы­ға­рын­ды азай­ту х 2 Ко­тель­ний­лер­ді та­би­ғи газ­ға кө­ші­ру (об­лыс әкім­ші­лі­гі ше­ші­мі­мен) 2001 2002 2003 4000,0 4000,0 4000,0 ▲ 3 Кү­кірт­су­тек та­стан­ды­ла­рын азай­ту мақ­са­тын­да кү­кірт­сіз­ден­ген отын­дық га­з­дар­ды қол­да­ну КПО б.в. Есеп 2002- 2003 $500,0 H2S, SO2 Шы­ға­рын­ды­ны азай­ту ▲ 4 КТҚ - 400-де кү­кірт та­за­ла­ғыш газ жел­ден­ді­ру қон­дыр­ғы­сын жо­ба­лау, ком­плек­та­ци­я­лау, құ­ра­с­ты­ру "Кон­ден­сат" АҚ Есеп 1.06. 2002 $3500,0 H2S, SO2 шы­ға­рын­ды азай­ту 5 Е1\19 ко­те­лін газ­ға кө­ші­ру "Нұр­жа­нар" АҚ Есеп 4 кв. 2002 120,0 Шы­ға­рын­ды азай­ту 6 Ав­то­кө­лік­ті газ­ға кө­ші­ру "Нұр­жа­нар" АҚ Есеп 1 кв. 2003 650,0 -//- 7 Ав­то­кө­лік­ті сұй­ы­л­ты­л­ған газ­ға "Алау" ЖШС Есеп 2001 2002 2003 60,0 60,0 60,0 -//- 8 "Ақ жол" ААҚ ко­тель­ний­ін­де шан­дан­дыр­май­тын цик­ло­ны бар ДН-12 тү­тін­тарт­қы­шын ор­на­ту "Ақ жол" ААҚ Есеп 2003 965,0 -//- 9 Ауа қа­ба­ты мо­ни­то­рин­гі жүй­е­сін жо­ба­лау, ком­плек­та­ци­я­лау, ұй­ым­да­сты­ру "Кон­ден­сат" АҚ Есеп 1.10. 2001 $100,0 Қорш. От­ра­ға ба­ға бе­ру 10 ИП (5-В2) резь­башли­фо­ва­ние ай­ма­ғы жүй­е­сі­нің ауа­сын та­зар­та­тын сүз­гі­лер­ді дай­ын­дау және ор­на­ту "Зе­нит" за­уы­ты АҚ Есеп 2002 15,0 Шы­а­рын­ды азай­ту 11 Ц. 25 (25-В5)-та­ғы шаң та­зар­ту­дың II са­ты­сын ор­на­ту "Зе­нит" за­уы­ты АҚ Есеп 2001 15,0 -//- 12 Құю цехын­да­ғы вен­ти­ля­ция және шаң та­за­лау жүй­е­сін ор­на­ту "Ора­лар­ма" ААҚ Есеп 2001 2002 2003 80,0 80,0 90,0 -//- 13 Ме­та­нол ре­ге­не­ра­ци­я­сы қон­дыр­ғы­сын мон­таж­дау КПО б.в. Есеп 2001 $1000,0 -//- 14 Элек­тро­ме­ха­ни­ка­лық цех­та­ғы вен­ти­ля­ция жүй­е­сі мен ПГУ жөн­деу "Нұр­жа­нар" АҚ Есеп 1 кв. 2001 120,0 -//- ▲ 15 Тұң­ғыш, Бе­ре­зов­ка по­сел­ке­ле­рі ауа­сы­ның жер­бе­ті­лік қа­ба­тын­да кү­кірт­су­те­гі ба­рын ав­то­мат­ты түр­де анық­тай­тын жүйе ор­на­ту КПО б.в. Есеп 2001 $300 Атм. ауа­ға ба­ға бе­ру 16 БҚ об­лы­сы­ның жы­лу жүй­е­сі қыз­ме­ті­нен бө­лі­не­тін га­з­дар кө­зін ин­вен­та­ри­за­ци­я­лау, энер­гия сақ­тау және мұн­дай га­з­дар­ды қы­сқар­ту­ды көз­дей­тін мақ­сат­ты бағ­дар­ла­ма­лар жа­сау БҚО­АҚОҚБ Есеп 2001 200,0 Жы­лу га­з­да­ры ша­ғы­рын­ды­ла­ры­на ба­ға бе­ру 17 Энер­гия сақ­тау және жы­лу жүй­е­сі қыз­ме­ті га­з­да­рын қы­сқар­ту­ды көз­дей­тін мақ­сат­ты бағ­дар­ла­ма­лар­ды жү­зе­ге асы­ру БҚО­АҚОҚБ Есеп 2002 2003 500,0 500,0 Жы­лу­га­з­да­рын азай­ту 18 Об­лыс та­би­ғи қор­ша­ған ор­та­сы­ның мо­ни­то­рин­гін ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру (Бат. Қаз. ОАҚОҚБ, Бат. Қаз. Гид­ро­ме­тор­та­лы­ғы РМК) БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 2002 2003 8000,0 4000,0 4000,0 Қор­ша­ған ор­та­ға ба­ға бе­ру 19 УТ­ЭЦ га­за­на­ли­за­то­рын іс­ке қо­су “Жай­ы­қ­жы­лу­энер­го” АҚҚ Есеп 1 кв. 2001 500,0 Өн­ді­рі­стік та­ста­ма­лар­дың есе­бі 20 Құм­ды жер­лер­де жел энер­ги­я­сын пай­да­ла­на­тын аг­ро­үлескі­лер­ді жа­сау "Ақ­жай­ық" ҒӨЖ Есеп (ен­гі­зу) 2002 2003 500,0 400,0 Қор­ша­ған ор­та­ның ла­ста­нуын бә­сең­де­ту ▲ 21 Орал қа­ла­сы­ның жи­на­қы ПДВ то­мын жа­сау БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Жа­ңар­ту есе­бі 2001 500,0 Ат­мо­сфе­ра­ға шы­ға­тын қал­дық­тар 22 ПДВ жо­ба­сын рет­теу және жа­ну­дың кө­ле­мін азай­ту­ға са­ты­лы жо­ба жа­сау КПО б.в. Есеп 2001 $200,0 Ат­мо­сфе­ра­ға шы­ға­тын қал­дық­ты азай­ту ▲ 23 Қа­ра­шы­ға­нақ МГКК ор­ны­ның Са­ни­тар­лық-қор­ғау ай­ма­ғы­ның жо­ба­сын жа­сау КПО б.в. Есеп 2001 $300,0 Са­ни­тар­лық қор­ғау ай­ма­ғы­ның ше­гін анық­тау Қо­ры­тын­ды 2001 2002 2003 - - - 40500.0 40500.0 4000.0 8700.0 5000.0 4900.0 475.0; $1900,0 275.0; $4000,0 1765.0 Қор­ша­ған ор­та ла­ста­нуын бә­сен­де­ту II. ЖЕР РЕ­СУР­СТА­РЫ 1 Ток­си­ка­лық қал­дық­тар по­ли­го­нын са­лу КПО б.в. Есеп 2001 2002 $800,0 $400,0 Қор­ша­ған ор­та ла­ста­нуын бә­сен­де­ту 2 Ла­стан­ған жер­лер­ді гри­фон­ды қо­са ре­куль­ти­ва­ци­я­лау КПО б.в. Есеп 2001 2002 2003 $200,0 $200,0 $200,0 Жер құ­нар­лы­ғын кө­те­ру 3 Кө­ле­мі 5000 м3 үл­кен Ша­ған өзе­нін­де­гі мұ­най шлам­да­рын қай­та өң­деу және пай­да­ла­ну по­ли­го­нын са­лу ОМБ Есеп 2001 400,0 Объ­ек­ті­нің қор­ша­ған ор­та­ға әсе­рін анық­тау 5 Бұр­ғы­ла­ғыш қон­дыр­ғы­лар ор­на­лас­қан жер­лер­ді ре­куль­ти­ва­ци­я­лау ОМГГ Есеп 2001-2002 845,0 Жер құ­нар­лы­ғын кө­те­ру 6 Бұр­ғы­лау қал­дық­та­рын за­лал­сыздан­ды­ру, қа­ты­ру және кө­му ОМГГ Есеп 2001-2002 680,4 Қор­ша­ған ор­та ла­ста­нуын бә­сен­де­ту ▲ 7 Орал қа­ла­сын­да ток­си­ка­лық қал­дық­тар по­ли­го­нын және Да­рьинск по­сел­ке­сі мен Ақ­сай қа­ла­сын­да қат­ты қал­дық­тар по­ли­го­нын са­лу БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 2002 2003 60000,0 40000,0 Қор­ша­ған ор­та ла­ста­нуын бә­сен­де­ту ▲ 8 Ақ­сай қа­ла­сын­да тұр­мыстық қат­ты қал­дық­тар (ТҚҚ) сақ­тай­тын ТҚҚ по­ли­го­нын са­лу БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 2002 1450,0 2000,0 Қор­ша­ған ор­та ла­ста­нуын бә­сен­де­ту 9 Уа­қыт­ша са­лын­ған жер ам­бар­ла­рын жою ОМБ Есеп 2001 2002 2003 10,0 20,0 20,0 Жер са­па­сын арт­ты­ру 10 ТК-5 қуы­сы ай­ма­ғы­на ра­ди­а­ци­я­лық мо­ни­то­ринг ҚР ҰЯО ЯФИ Есеп 2001 2002 2003 $70,0 $80,0 $80,0 Қор­ша­ған ор­та жағ­дай­ын анық­тау 11 ТК-5 қой­ма­сы­на жа­та­тын жер қой­на­уы­на гид­ро­гео­ло­ги­я­лы мо­ни­то­ринг ҚР ҰЯО ЯФИ Есеп 2001 2002 2003 $40,0 $40,0 $40,0 Қор­ша­ған ор­та жағ­дай­ын анық­тау 12 БҚО тер­ри­то­ри­я­сын эко­ло­ги­я­лық ай­мақ­тар­ға бө­лу ("Каз­ме­хан­обр" НМД 2003 сәй­кес) БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 2002 2003 - 250,0 250.0 Қор­ша­ған ор­та жағ­дай­ын анық­тау ▲ 13 Об­лы­стың ел­ді ме­кен­де­рін­де­гі және Орал қа­ла­сын­да­ғы ТҚҚ по­ли­го­ны мен жи­най­тын орын­да­рын ор­на­ла­сты­ру БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 2002 2003 3000,0 5000,0 5000,0 Қор­ша­ған ор­та ла­ста­нуын бә­сен­де­ту ▲ 14 Ион­да­у­шы сәу­ле көз­де­рін утил­деу, құ­ра­мын­да сы­нап бар және лю­ми­ни­ци­я­лық шам­дар­ды зи­ян­сыздан­ды­ру БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 1550,0 Ра­ди­а­ци­я­лық ла­ста­ну­дың по­тен­ци­ал­дық қа­у­пін жою 15 "Ка­пу­стин Яр" әс­ке­ри-сы­нақ по­ли­го­ны әсе­ріне ұшы­ра­ған тер­ри­то­ри­я­лар­ға ком­плек­сті ерт­те­улер жүр­гі­зу ТР және ҚОҚ Мин-гі БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 2002 2003 17000,0 25000,0 25000,0 Әс­ке­ри по­ли­гон­дар­дың эко­ло­ги­я­ға және тұр­ғын­дар­дың ден­са­улы­ғы­на әсе­рін анық­тау 16 Қал­дық ши­кі­заттар­ды жи­нау мен өң­деу және олар­дан ха­лық тұ­ты­на­тын та­у­ар­лар жа­сау БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2002 2003 1000,0 1000,0 500,0 500,0 Қор­ша­ған ор­та ла­ста­нуын бә­сен­де­ту ▲ 17 экс­тре­мал­ды аудан­дар­да құм­да­ну­мен кү­ре­су мақ­са­тын­да та­би­ғат тұ­ты­ну­дың ти­ім­ді ланд­шаф­ты-эко­ло­ги­я­лық жүй­е­сін жа­сау БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 2002 2003 850,0 850,0 850,0 Шөл­де­ну­мен кү­ре­су жүй­е­сін жа­сау 18 Тас­қа­ла ауда­нын­да­ғы улы хи­ми­кат­тар­дан боса­ған ыдыс­тар­ды сақ­тай­тын по­ли­гон­ның ай­на­ла­сын жақ­сар­ту БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 950,0 Қор­ша­ған ор­та­ның ла­ста­уын азай­ту 19 Тұр­мыстық қал­дық­тар­ды жи­най­тын кон­тей­нер жа­сау БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 500,0 Қор­ша­ған ор­та­ның ла­ста­уын азай­ту ҚО­РЫ­ТЫН­ДЫ 2001 2002 2003 18525,4 85000.0 65000.0 - - - 7800.0 8250.0 6000.0 140,0; $1110,0 520.0; $720,0 520.0; $420.0 III. СУ ҚОР­ЛА­РЫ 1 "Без­ла­стич­ный" сай­ын­да N 2 био­то­ған са­лу Во­до­ка­нал обл. басқ-сы Есеп 2002 2003 24000,0 24000,0 Ағын­ды су­лар­ды та­зар­ту дә­ре­же­сін кө­те­ру 2 Жер асты су­ла­ры­нан Орал қа­ла­сы ауыз суын де­ман­га­на­ци­я­лау (за­лал­сыздан­ды­ру) Во­до­ка­нал обл. басқ-сы Есеп 2001 2002 2003 100,0 170,0 170,0 Ауыз су са­па­сын кө­те­ру 3 Ша­ған өзе­нін­де­гі ка­на­ли­за­ци­я­лық дю­кер­лер­дің тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын тек­се­ру Во­до­ка­нал обл. басқ-сы Есеп 2002 500,0 Дю­кер­лер­дің жағ­дай­ы­на ба­ға бе­ру 4 Орал өзе­ні тү­бін те­рең­деу және та­зар­ту жұ­мыста­ры "Су жол­да­ры" ОРҚК Есеп 2001 2002 2003 33974,0 37922,0 41713,0 Гид­ро­гео­ло­ги­я­лық ре­жим­нің және сулық­ты арт­ты­ру ▲ 5 Ор­ман ал­қа­бын өсі­ру ар­қы­лы Орал қа­ла­сы­ның қал­дық ағын­ды су­ла­рын қай­та пай­да­ла­ну Во­до­ка­нал обл. басқ-сы Есеп 2001 2002 2003 1500.0 1000.0 1000.0 Ағын­ды су­лар­ды қай­та пай­да­ла­ну­ды арт­ты­ру 6 ГӨ-3 құр­ғат­қыш және нө­сер су­ла­рын ка­на­ли­за­ци­я­лау жүй­е­сі­нің қай­та құ­ру жо­ба­сын жа­сақ­тау КПО б.в. Жо­ба 2001 $20,0 Жаң­быр және ерін­ді су­лар­ды жи­нау және та­зар­ту 7 Тех­но­ло­ги­я­лық су­ды та­зар­ту және қай­та пай­да­ла­ну "Ора­лар­ма" ААҚ Есеп 2001 2002 - 150,0 Ауыз су­ды тех­ни­ка­лық мұқ­таж­дық­қа пай­да­ла­ну­ды бә­сен­де­ту 8 РФ Са­ра­тов об­лы­сы­нан Ү. және К. Өзен­дер­ге эко­ло­ги­я­лық ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да су жі­бе­ру; РФ Волжск суын пай­да­лан­ға­ны үшін шы­ғын­ды қай­та­ру; - Пал­ла­сов­ка жүй­е­сі­нен Жәні­бек ССЖ; "За­пад­вод­хоз" РМК Есеп 2001 2002 2003 2001 2002 2003 30000,0 30000,0 30000,0 6000,0 6000,0 6000,0 4600,0 4600,0 4600,0 Ү. Және К. Өзен­дер­дің Кө­шім өзе­ні­нің эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ын тұ­рақ­тан­ды­ру 9 Мұ­най­қой­ма­ла­ры­ның жер асты су­ла­ры­на әсе­рі­нің гид­ро­гео­ло­ги­я­лық зерт­те­уле­рін жүр­гі­зу "Жай­ық­гид­ро­гео­ло­гия АҚ" Есеп 2002 2003 300,0 200,0 Жер асты су­ла­ры жағ­дай­ы­на ба­ға бе­ру ◊ 10 Орал ТЭЦ-тің қай­тым­ды су­мен жаб­дық­тау жүй­е­сі­нің гра­дир­не­сін іс­ке қо­су "Жай­ы­қ­жы­лу­энер­го" ААҚ Есеп (кі­ріс­кен соң) II-III кв. 2001 1200,0 Ауыз су­ды тех­ни­ка­лық мұқ­таж­дық­қа пай­да­ла­ну­ды бә­сен­де­ту 11 Казта­лов­ка ауы­лын­да­ғы Қа­ра­су кө­лі­нің, Мұ­ра­сай су қой­ма­сы­ның т.б. сулы­лы­ғын кө­те­ру БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 2002 2003 4500,0 4500,0 4500,0 Эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ды тұ­рақ­тан­ды­ру ◊ 12 Ел­ді ме­кен­дер­ді са­па­лы су­мен қам­та­ма­сыз ету­ді арт­ты­ру үшін іс-ша­ра­лар жүр­гі­зу БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2002 2003 400,0 300,0 Ауыз су­мен қам­та­ма­сыз ету са­па­сын арт­ты­ру ▲ 13 Жер бе­ті­лік су қой­ма­ла­ры­ның қор­ған­ды жа­ға­ла­рын тұр­мыстық қал­дық­тар­дан та­зар­ту БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 2002 2003 1000,0 2000,0 2000,0 Судығ са­па­сы мен са­ни­тар­лық-эпи­ди­мио­ло­ги­я­лық жағ­дайы са­па­сын арт­ты­ру ҚО­РЫ­ТЫН­ДЫ 2001 2002 2003 64074.0 92092.0 95883.0 17600,0 19300,0 18600,0 1200,0; $20,0 150,0 IV. БИО­РЕ­СУР­СТАР 1 Био­ло­ги­я­лық әді­стер­мен ор­ман­дар­ды ау­ру­лар мен зи­ян­кестер­ден қор­ғау Обл. жа­ну­ар­лар және өсімд. әле­мін мем. бақ. Есеп 2001 2002 2003 1000,0 1500,0 1500,0 Қор­ша­ған ор­та­ға хи­ми­я­лық сал­мақ­ты азай­ту ● 2 Об­лы­стың ел­ді ме­кен­де­рін кө­гал­дан­ды­ру мен ор­ман ал­қа­бын кө­бей­ту, со­ның ішін­де сый­лық бе­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру Обл. жа­ну­ар­лар және өсімд. әле­мін мем. бақ. Есеп 2001 2002 2003 1600,0 1600,0 1600,0 Ор­ман ал­қап­та­рын кө­бей­ту ● 3 Ор­ман ал­қа­бын кө­бей­ту, ор­ман­ды қор­ғау мен өрт­ке қар­сы ша­ра­лар Обл. жа­ну­ар­лар және өсімд. әле­мін мем. бақ. Есеп 2001 2002 2003 8000,0 5000,0 5000,0 Ор­ман ал­қап­та­рын кө­бей­ту 4 Жа­байы тұ­яқ­ты жа­ну­ар­лар­ды жаң­ғыр­ту­ға ар­нал­ған био­тех­ни­ка­лық іс-ша­ру­а­лар­ды жүр­гі­зу Обл. жа­ну­ар­лар және өсімд. әле­мін мем. бақ. Есеп 2001 2002 2003 200,0 200,0 200,0 Биоса­на­лу­ан­ды­лық­ты сақ­тап қа­лу 5 Қас­қыр, ши­бө­рі­лер­мен кү­ре­сті, со­ның ішін­де сый­лық бе­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру Обл. жа­ну­ар­лар және өсімд. әле­мін мем. бақ. Есеп 2001 2002 2003 1450,0 2000,0 2000,0 Биоса­на­лу­ан­ды­лық­ты сақ­тап қа­лу 6 Ерекше қор­ғау­ға алын­ған бес ай­мақ ұй­ым­да­сты­ру Ор­ман және био­ре­сур­стар об­лы­стық басқ. Есеп 2001 2002 2003 300,0 310,0 310,0 Биоса­на­лу­ан­ды­лық­ты сақ­тап қа­лу ▲ 7 Қа­ра­шы­ға­нақ кен ор­нын кө­гал­дан­ды­ру КПО б.в. Есеп 2001 2002 2003 $200,0 $200,0 $200,0 Қор­ша­ған ор­та­ға те­ріс әсер­ді азай­ту 8 Ба­лық қор­ғау іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу Ба­лық қо­рын қор­ғау обл. ин­спекц. Есеп 2001 2002 2003 500,0 500,0 500,0 Ба­лық қо­рын сақ­тау ▲ 9 Кі­ші то­на­ж­ды қон­дыр­ғы-400 са­ни­тар­лық ай­ма­ғын кө­гал­дан­ды­ру "Кон­ден­сат" АҚ Есеп 2001 2002 2003 $30,0 $40,0 $40,0 Қор­ша­ған ор­та­ға те­ріс әсер­ді азай­ту 10 "Об­лы­стық негіз­гі ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы қой­ма­ла­ры­нан ба­лық ре­сур­ста­рын аулау ар­қы­лы ба­лық өнім­ді­лі­гін анық­тау" ат­ты ғы­лы­ми- зерт­теу жұ­мысы БҚО­ҚОҚҚ Обл. жа­ну­ар­лар және өсім. әле­мін мем. бақ. басқ. Есеп 2001 2002 2003 1000,0 500,0 400,0 Ба­лық аулау шек­те­уле­рін бе­кі­ту 11 Қа­ра­шы­ға­нақ МГКК ор­нын­да өсім­дік­тер мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін зерт­теу КПО б.в. Есеп 2001 $50,0 Фа­у­на мен фло­ра ба­ға­лау 12 Жай­ық, Елек өзен­де­рі жа­ға­сын­да­ғы қа­ра­ғай, емен ор­ман ал­қап­та­ры­ның өсуі мен да­муы­на Ор­ман және био­ре­сур­стар об­лы­стық басқ. БҚО­ҚОҚҚ Есеп 2001 350,0 Ор­ман қал­қа­ла­ры­ның жағ­дай­ла­рын жақ­сар­ту іс-ша­ра­лар жа­сау 13 Жа­ну­ар­лар­дың аң­шы­лық есе­бін жүр­гі­зу, со­ның ішін­де ки­ік­тің Обл. жа­ну­ар­лар және өсімд. әле­мін мем. бақ. басқ. Есеп 2001 3000,0 Жа­ну­ар­лар­дың, ки­ік са­ны­ның жағ­дайы ту­ра­лы де­ректі ба­ға бе­ру 14 Ки­ік­ті қы­ста ми­гра­ция ке­зін­де қор­ғау ша­ра­ла­ры, ба­ға­лы ба­лық­тар­ды уыл­ды­рық ша­шу ке­зін­де қор­ғау ша­ра­ла­ры Обл. жа­ну­ар­лар және өсімд. әле­мін мем. бақ. басқ. Есеп 2001 500,0 Жа­ну­ар­лар­дың, ки­ік са­ны­ның жағ­дайы ту­ра­лы де­ректі ба­ға бе­ру ҚО­РЫ­ТЫН­ДЫ 2001 2002 2003 1000,0 1500,0 1500,0 0 0 0 16600,0 9800,0 9700,0 300.0; $280,0 310.0; $240,0 310.0; $240,0 V. ЭКО­ЛО­ГИ­Я­ЛЫҚ ТӘР­БИ­Е­НІ ДА­МЫ­ТУ 1 Та­би­ғат және эко­ло­гия му­зейі экс­по­зи­ци­я­ла­рын да­мы­ту Об­лы­стық өл­ке­та­ну му­зейі Есеп 2001 2002 2003 300,0 300,0 300,0 Өс­ке­лең ұр­п­ақ­қа та­би­ғат­қа ұқып­ты қа­ра­у­ға оқы­ту 2 Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар-2030 ұзақ мер­зім­ді стра­те­ги­я­лық жо­ба­ны орын­дау ба­ры­сын­да қо­ғам мен оқу­шы жастар­ды на­си­хат жұ­мысы­на бел­сін­ді­лі­гін арт­ты­ру және ұй­ым­да­сты­ру БҚО­АҚОҚБ БҚО­ҚОҚҚ Эко­қо­ғам үй­ым­да­ры об­л­те­ле­ра­дио Есеп 2001 2002 2003 6000,0 5000,0 5000,0 Об­лы­стың эко­ло­ги­я­лық мә­се­ле­ле­рін ше­шу­ге қо­ғам­дық ұй­ым­дар­ды тар­ту ҚО­РЫ­ТЫН­ДЫ Есеп 2001 2002 2003 0 0 0 0 0 0 6300.0 5300.0 5300.0 0 0 0 БАР­ЛЫ­ҒЫ Есеп 2001 2002 2003 83599.4 178592.0 162383.0 40500.0 40500.0 4000,0 54620,0 47650,0 44500,0 2385,0; $3310.0 1255,0; $4960,0 2595,0 $660,0 Жалпы бағдарламаның орындалуы 1932425,4 мың теңге болып бағаланады, соның ішінде: республикалық бюджеттің қаржысынан - 424574,4 мың теңге (22,0%) жергілікті бюджеттің қаржысынан - 85000,0 мың теңге (4,4%) облыстық қоршаған ортаны қорғау қорынан - 146770,0 мың теңге (7,6%) табиғат пайдаланушылардың өз қаражатынан - 1276081,0 мың теңге (66,0%). Ескерту: басты мәселелерді шешу жөніндегі табиғат қорғау қорғау іс-шаралары: х - 2001-2005 жылдарға арналған "Облысты газдандыруды одан әрі дамытудың Регионалдық Бағдарламасы" бойынша іс-шаралары - 2, сомасы 85,0 млн. т. (жергілікті бюджеттен) ▲- "Батыс Қазақстан облысы тұрғындары денсаулығын қорғау комплексті бағдарламасының" медико-экологиялық бөліміндегі іс-шаралар - 9, сомасы 873,1 млн. т. соның ішінде республикалық бюджеттен - 100,0 млн. т., облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры - 18,0 млн. т., шаруашылықтық субъектілердің өз қаражаты - 775,1 млн. тг. ● - көгалдандыру бағдарламасының іс-шаралары - 2, сомасы 22,8 млн. т. (облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры) ◊- 2001-2003 жж. "Ауыз сулары" бағдарламасының іс-шаралары - 5, сомасы 2,99 млн. т. соның ішінде: республикалық бюджеттен - 0,44 млн. тг., облыстық қоршаған ортаны қорғау қорынан 1,2 млн. тг., шаруашылықтық субъектілердің өз қаражаттарынан - 1,35 млн. тг. Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Р.Х.Сүйірбаев