О программе развития машиностроительного комплекса области на 2001 – 2003 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста машина жасау кешенін дамытудың 2001 – 2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Облыстағы машина жасау саласы өндiрiсiнiң құлдырауының алдын алу, тұрақты даму қарқынына жету және қаржы-экономикалық сауықтыру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған облыста машина жасау кешенiн дамытудың 2001 - 2003 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан ірi - Бағдарлама) мақұлдансын және ол облыстық мәслихаттың бекiтуiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментiнiң бастығына Бағдарламаны облыстық мәслихаттың сессиясына ұсыну тапсырылсын.
Басқа 3. Облыста машина жасау кешенiн дамытудың 2001 - 2003 жылдарға арналған бағдарламасы
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 72 шешiмiне қосымша Облыста машина жасау кешенiн дамытудың 2001 - 2003 жылдарға арналған бағдарламасы Паспорт Атауы: Облыста машина жасау кешенiн дамытудың 2001 - 2003 жылдарға арналған бағдарламасы Әзiрлеуге негiз: Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 2 мамырдағы "Облыста машина жасау саласының жай-күйi мен даму болашағы туралы" № 103 шешiмi Негiзгi әзiрлеушiлер: Облыс индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментi Мақсаты: Машина жасау саласында өндiрiстi тұрақтандыру және әрi қарай дамытуды қамтамасыз ету, өндiрiстiк-техникалық өнiмдер өндiрiсiн ұлғайту Мiндеттерi: Машина жасау кешенiн тұрақтандыру мен дамытуға жағдай жасау; неғұрлым әлеуеттi өндiрiстердi айқындау және облыста олардың жинақталған өндiрiстiк әлеуетi мен ғылыми-техникалық және бiлiктiлiгi жетiлдiрiлген жұмысшы кадрлар санын есепке ала отырып орналастыру; өнiмдердiң номенклатурасын жаңарту және ұлғайту, өнеркәсiп шығыны мен бағаларды төмендету арқылы олардың бәсекелестiкке жарамдылығын арттыру, өнiмнiң сапасын жақсарту; шетел фирмаларымен бiрлескен кәсiпорындар мен өндiрiстер құруға жәрдемдесу; озық технологиялар мен жаңа, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамытуды ынталандыру; саланы мемлекеттiк тұрғыдан қолдауға көмектесу, салаға инвестицияларды тартуға жағдай жасау; Қорлар мен қаржыландыру көздерi: Машина жасау кәсiпорындарының өндiрiстiк қуаттары мен облыстың әлеуметтiк қоры Бағдарламаны жүзеге асыруға ресурстық негiз болып табылады; қаржыландыру көздерi - кәсiпорындардың қаражаттары, инвестициялар, банктердiң Бағдарламада көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға бөлген қаражаттары; Күтiлетiн нәтижелер: "Облыста машина жасау кешенiн дамытудың 2001 - 2003 жылдарға арналған баєдарламасының" iс-шараларын жүзеге асыру нәтижесiнде өнеркәсiп өндiрiсiн тұрақтандыру және әрi қарай дамытуды қамтамасыз ету, сыртқы және iшкi кооперацияны оңтайландыру; облыс машина жасау кешенiнiң кәсiпорындары мен республика кәсiпорындары арасында өндiрiстiк байланыстар орнату, шығарылатын өнiмнiң сапасы мен бәсекелестiкке жарамдығын арттыру, товарлардың шеттен әкелу және шетке шығарылу құрылымын өзгерту, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтiк жағдайды жақсарту Орындалу мерзiмi: Бағдарламаны 2001 - 2003 жылдар аралығында жүзеге асыру көзделiп отыр
Тарау 1. 1. Кiрiспе
1. Кiрiспе Павлодар облысы машина жасау кешенiнiң жағдайы мен даму болашағы облыс әкiмi жанындағы алға мәжiлiсiнде 2000 жылғы 20 сәуiрде қаралды. Алға шешiмiнiң негiзiнде және облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 2 мамырдағы "Облыста машина жасау саласының жай-күйi мен даму болашағы туралы" № 103 шешiмiне сәйкес машина жасау саласы құлдырауын еңсеру мен әрi қарай дамытуды қамтамасыз ету мақсатында облыстың машина жасау кешенiн дамытудың осы Бағдарламасы әзiрлендi. Бағдарламаны әзiрлеуде облыстың және жалпы республиканың "Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi даму Стратегиясымен" көзделген экономикалық даму басымдықтары, сондай-ақ "Мемлекеттiк өнеркәсiп саясатының 1999 - 2003 жылдарға арналған негiзгi баєыттарымен" көзделген өнеркәсiп саясатының негiзгi мiндеттерi есепке алынды. Бағдарламаны жұмыс iстеп тұрған машина жасау кәсiпорындарының жұмысын тұрақтандыру мен өткiзу көлемдерiн көтеру, олардың сапа деңгейi мен бәсекелестiкке жарамдылығын көтеру арқылы тұрақтандыру мен жедел дамыту бағдарламасы деп қарау керек. Машина жасау - бұл түпкiлiктi өнiм өндiрiсiнде, тәжiрибе жүзiнде - қазiргi заман адамына қажеттi еңбек қаруы өндiрiсiнде мамандандырылған саралы топ.
Тарау 2. 2. Облыс машина жасау саласының жай-күйiн талдау
2. Облыс машина жасау саласының жай-күйiн талдау Облыс өнеркәсiп өндiрiсiнiң құрылымында машина жасау ерекше орын алады. Облыс машина жасау саласы - бұл құрамында бiрнеше қайта жасауды қамтитын, күрделi технологиялық өндiрiсi бар сала. Ол техникалық деңгейi неғұрлым күрделi және құрамы жағынан әр түрлi технологиялық құралдармен жабдықталған. Салада құю өндiрiсiне, металдарды механикалық өңдеуге, мөрлеу, қосу, жинау және бояуға арналған қазiргi құралдар және технологиялармен жабдықталған өндiрiстiк қуаты құрылєан. Қазiргi зертханалар материалдар мен дайын өнiмдердiң сапасын бақылауды қамтамасыз етедi. Облыс машина жасау саласында облыста, республикада және шетелде халық шаруашылығының әр саласының қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алатын өндiрiстiк-техникалық өнiмдер шығару игерiлген. Салада сонымен қатар халық тұтынатын товарлардың кең спектрiн өндiру қуаттары құрылған. Облыс машина жасау өнiмiнiң номенклатурасы өз құрамында бұйымдардың әр түрiн: ауыл шаруашылық тракторларын, бульдозерлер, автокрандар, көпiрлiк және төрттағанды крандар, кран-балкалар, конвейерлер, жел агрегаттары, бейстандартталған жабдықтар, құралдар мен технологиялық жарақтар, тұрмыстық техниканы қамтиды. машина жасау кәсiпорындарының өндiрiстiк қуаттарының дамыған инфрақұрылымы, жабдықтары мен коммуникациялары қазiргi жағдайларда ғана жұмыс iстеп тұрған өндiрiстi тұрақтандырып қана қоймай, сонымен қатар товарлардың жаңа түрлерiнiң өндiрiсiн дамытуға ықпал етедi. Бағдарламаны жүзеге асыруда Қазақстанның iшкi нарығының қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын өнiм шығаруға бағдарланған кәсiпорындар тобы мен өнiмi бәсекеге түсе алатын және экспортқа жiберiлетiн кәсiпорындар тобы бөлiнедi. Iшкi нарыққа өнiм шығаруға бағдарланған машина жасау кғсiпорындарына металл өңдеу, жөндеу, босалқы бөлшектер мен металл конструкцияларын даярлау жұмыстарын жүзеге асыратын, соның iшiнде "Октябрь" фирмасы" ЖШС, "Бейстандартталған жабдықтар заводы" АҚ, "Авторемонтник" АҚ, облыс IIБ жанындағы "Еңбек-Павлодар" ЕМК жатады. Бәсекелестiкке жарамды экспорт өнiмдерiн шығаруєа бағдарланєан кәсiпорындар тобына құрылып бiткен машина өнiмдерiн шығаратын, соның iшiнде "Қазақстантрактор" ААҚ - Т-95.4 класы 4 тонна шынжыр табанды тракторлар, бульдозерлер, "машина жасау заводы" ААҚ (бұдан әрi - "Машзавод" ААҚ) - көпiрлiк және төрттағанды крандар, автокрандар, "Мерт Макина Ендустриси" ЖАҚ - дербес жылу жүйесi жатады. Қалыптасқан шаруашылық байланыстарының күйреуi, экономиканың ырықтандырылуы, бағаның өсуi, кепiлдi мемлекеттiк тапсырыс пен өнiмдi өткiзу нарығының жойылуы салдарынан облыс машина жасау саласының өндiрiсi қазiргi жағдайда құлдырауымен сипатталады. Сала кәсiпорындары өнiмге сұраныстың төмендiлiгiнiң ықпалымен қызмет етедi, бүл жағдайды республика мен облысқа ўќсас ґнiмнiѕ демпингтiк баєалар бойынша јкелiнуi кїрделендiре тїседi. Әрi кәсiпорындарда товар нарыєында сұранысқа ие емес немесе бәсекелестiкке жарамдығын жоғалтқан ұзақ уақыт ауыстырылмайтын өнiм түрлерiн дайындаудың тұрақты технологиясы қалыптасқан. Товарлардың жаңа түрлерiн игеру инвестициялар мен өндiрiстi ұзақ мерзiм бойы дайындауды қажет етедi.
Тарау 3. 3. Бағдарламаныѕ мақсаттары мен мiндеттерi
3. Бағдарламаныѕ мақсаттары мен мiндеттерi Салада өндiрiстi тұрақтандыру мен дамыту, бәсекеге түсе алатын өндiрiстiк-техникалық қолданысқа арналған өнiмдер шығаруды кеңейту Бағдарламанығ мақсаты болып табылады. Қойылєан мақсатына сәйкес Бағдарлама мынадай мiндеттердi шешуге бағытталған: машина жасау өндiрiсiн тұрақтандыру мен дамытуға жағдай жасау; неғұрлым әлеуеттi өндiрiстi айқындау және олардың жинақталған өндiрiстiк әлеуетiн, ғылыми-техникалық және бiлiктi жұмысшы кадрларының нақты санын есепке ала отырып орналастыру; өндiрiлетiн өнiмнiң номенклатурасын жаңарту және кеңейту, сапасын жақсарту, өндiрiс шығыны мен бағасын төмендету нәтижесiнде оның бәсекелестiкке жарамдылығын көтеру; шетел фирмаларымен бiрлескен кәсiпорындар мен өндiрiстер құруға ықпал ету; озық технологиялар мен жаңа, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстер енгiзудi ынталандыру; саланы дамытуды мемлекеттiк қолдауєа ықпал ету, машина жасау саласына инвестициялар тартуға жағдай жасау.
Тарау 4. 4. Бағдарламаны жүзеге асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi
4. Бағдарламаны жүзеге асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi Өнеркәсiп саясатының өндiру мен энергетика салаларына әрi қарай бағдарлануының өңдеу мен қайта өңдеу салаларынсыз экономикалық көзқараспен қарағанда келешегi жоқ және облыстың дамуына керi әсерiн тигiзедi. Сондықтан да келесi жылдарда машина жасау саласының өндiрiстiк әлеуетiн қарқынды дамытуды бастау қажет, ол үшiн: сапа деңгейi жағынан ең үздiк өнiмдерден кем емес, машина жасау өнiмдерiнiң дайын түрлерiнiң номенклатурасы мен шығару көлемiн ұлғайту; Павлодар кәсiпорындарына жойылып кеткен сыртқы және iшкi нарықтарды қайтару; облыста ғылыми конструкторлық-технологиялық әлеуеттi қалпына келтiру, ғылыми-техникалық орталығтар құру, сынақ станцияларын жаңарту, өнiмдердi сертификаттау мен стандарттауды ұйымдастыру, әлем үлгiлерiнiң талаптарына сай келетiн жаѕа технологиялар мен өнiмдер шығаруды игеру үшiн жаңа ақпарат базаларын қалыптастырумен қатар, машина жасау өндiрiсiнiң жетiлдiрiлген инфрақұрылымын құру қажет. Қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайды, инвестициялық ахуалды, әр түрлi қаржы көздерiнен қаражаттандыру мүмкiндiктерiн ескере отырып, машина жасау кешенiн көтеру болашаєын нақты бағалау қажет. Облыс машина жасау кешенiн дамытудың басым бағыттары болып бұл Бағдарламада мына бағыттар көзделедi:
Тарау 1. 1. Тракторлық машина жасауды дамыту.
1. Тракторлық машина жасауды дамыту. Таяу арада тракторлық машина жасауды дамытудың басым баңыттары: Т-95.4 кең ендi әмбебап трактор өндiрiсiн ұйымдастыру; МТЗ 80.1 және МТЗ 82.1 тұрпатты класы 1,4-2 тонна доңғалақты тракторлар шығару бiрлескен өндiрiсiн ұйымдастыру; шынжыр табанды тракторлар үшiн трансмиссия өндiрiсiн ұйымдастыру болып табылады. "Қазақстан Республикасы өсiмдiк шаруашылығын кешендi механикаландыруға арналған технологиялар мен машиналар Жүйесiне" сәйкес Қазақстан Республикасы ғылым Академиясы аграрлық зерттеу орталыєы әзiрлеген, 2005 жылға дейiн негiзгi жұмыс көлемiн қамтамасыз ету күш класы 5 және 4 тонна жоғары қуатты тракторларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанға, бар жиынтығына қосымша, 6000 дана, соның iшiнде класы 4 тонна 4000 данаға жуық, шынжыр табанды тракторлар жыл сайын қажет етiледi. Елiмiздiң трактор салмағының ең үлкен үлес салмағы отамалы дақылдарды отырғызу мен жинауда ғана емес, сонымен қатар мал шаруашылығында тасу, әкелу қызметтерiн көрсететiн, жүк тиеу-түсiру жүмыстарында да қолданылатын әмбебап доңғалақты тракторлар қүрайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң мәлiметi бойынша, жыл сайын доңғалақты тракторлардың 4000-ға жуық данасы қажет етiледi.
Тарау 2. 2. Жүк көтеру техникасы өндiрiсiн дамыту.
2. Жүк көтеру техникасы өндiрiсiн дамыту. Мына жобалар жүк көтеру техникасы өндiрiсiн дамытудың басым бағыттары болып табылады: жүккөтергiштiгi жоғарылатылған (150 тоннаға дейiн) ауыр көпiрлiк және төрттағанды крандар өндiрiсiн ұйымдастыру; жарылудан қорғалған жүккөтергiш механизмдер өндiрiсiн ұйымдастыру; жүккөтергiштiгi 20-25 тонна және одан жоғары автомобиль крандарының өндiрiсiн ұйымдастыру. "Машзавод" ААҚ-да жүккөтергiштiгi 0,5-тен 50 тоннаға дейiн көпiрлiк және төрттағанды крандардың (соның iшiнде грейферлi, магниттi грейферлi) түр-түрлерi игерiлген. Бұл игерiлген өнiм ауыр көпiрлiк және төрттағанды крандармен айналысатын жүккөтеру машиналарын өткiзетiн нарықтың елеулi бөлiгiн де қамти алмайды. Маркетинг зерттеулерi Қазақстан Республикасында тау-кен кешенi мен энергетика кәсiпорындары, сонымен қатар Ресейдiң көршiлес облыстары пайдалану мерзiмдерi 2000 - 2005 жылдары аяқталатын ауыр жүккөтеру техникасымен жабдықталғанын көрсетедi. Демек, жуық уақытта бұған сұраныс арта түседi.
Тарау 3. 3. Сауда-тоңазытқыш жабдықтары өндiрiсiн игеру.
3. Сауда-тоңазытқыш жабдықтары өндiрiсiн игеру. Сауда жабдықтарына сұраныстың өсуiне байланысты "Октябрь" фирмасы" ЖШС-те сауда сөрелерi мен сыйымдылығы 150-300 литр тоңазытқыш жабдықтарының өндiрiсiн ұйымдастыру жоспарлануда. "Октябрь" фирмасы" ЖШС-тің жабдықтары, технологиялық мүмкiндiктерi және металл құрылғылары мен түрмыстық техникасын дайындау тәжiрибесi бар. Сауда жабдықтарының өндiрiсiн ұйымдастыру қолда бар өндiрiс қуаттарын қайта құрусыз пайдалану арқылы iске асырылады және неғұрлым аз шығын жұмсай отырып, бұйымдарды әзiрлеудi игеруге мүмкiндiк бередi.
Тарау 4. 4. Энергетикалық, тау-кен жабдықтарына, ауыл шаруашылық техникасына және темiржол көлiгi мен коммуналдық шаруашылыққа босалқы бөлшектер дайындау.
4. Энергетикалық, тау-кен жабдықтарына, ауыл шаруашылық техникасына және темiржол көлiгi мен коммуналдық шаруашылыққа босалқы бөлшектер дайындау. Өнеркәсiптiң әр түрлi салаларында көлiкте және ауыл шаруашылығында негiзiнен үзақ мерзiм қолданылған, тозған бөлшектерiн ауыстыруды қажет ететiн шетелде өндiрiлген жабдықтар мен машиналар пайдаланылуда. Энергетикалық, тау-кен жабдықтарына, ауыл шаруашылық техникасына және темiр жол көлiгiне босалқы бґлшектер өндiрудi ұйымдастыру машина жасау кәсiпорындарының бос өндiрiс қуаттарын қолдану мүмкiндiктерi мен бiлiктi, оның iшiнде, өндiрiсте қамтылмаған кадрлар бар болєан жағдайда қолдануға негiзделедi.
Тарау 5. 5. Халық тұтынатын товарлар өндiрiсiн дамыту.
5. Халық тұтынатын товарлар өндiрiсiн дамыту. Машина жасау кәсiпорындарында өндiрiстiңѕ құлдырауы алдындағы кезеңiнде тұрмыстық техниканы қоса, халық тұтынатын товарлардың үлкен номенклатурасын өндiру игерiлдi. Жоғарыда айтылған себептер бойынша олардың өндiрiсi тоқтатылған деуге болады. Кәсiпорындарда халық түтынатын товарлар шығаратын өндiрiс қуаттары сақталєандықтан, негiзгi өндiрiстi қайта қалпына келтiру ертеректе өндiрiлген халық тұтынатын товарлар өндiрiсiн қалпына келтiруге және оның негiзiнде сапасы мен тұтынушылық қасиеттерi жақсартылған жаңа түрлерiнiң өндiрiсiн (айырғыштар, центрифугалар, кiр жуатын машиналар, құлып-қапсырма бұйымдары, бау-бақша құралдары және басқалар) дамытуға ықпал етедi.
Тарау 6. 6. Металдан жасалатын құрылыс бұйымдарының өндiрiсiн дамыту.
6. Металдан жасалатын құрылыс бұйымдарының өндiрiсiн дамыту. Металдан жасалатын қабырға панельдерi мен черепицалар өндiрiсiн дамыту қазiргi технологиялық құрылыс материалдарын үймереттердегi қаптау жұмыстары мен ғимараттардың қаптамаларын құру қажеттiлiгiнен туындап отыр. Мақсат "Октябрь" фирмасы" ЖШС көрсетiлген бұйымдарды, соның iшiнде, табақ металын суық қалыптау және панельдер мен черепицалар шығаруға мөрлер үшiн пресс жабдықтарын әзiрлейтiн қолда бар қуаттарымен қол жеткiзiледi. Қаптау материалдары мен металл черепицаларын әзiрлеуде өнiмнiң бәсекелестiкке жарамдылығы мен сапасын қамтамасыз ететiн электростатика әдiсiмен жасалған полимер жабындылармен қаптау технологиясы қолданылады. Мыналар Бағдарламаны жүзеге асырудың негiзгi шаралары мен тетiктерi болып табылады: жергiлiктi өндiрушiлердiң машина жасау өнiмдерiн жарнамалауға ықпал ету. машина жасау саласының дамуы кооперация байланыстарын ұлғайту мен республика экономикасының интеграциясын тереңдетумен тығыз байланысты. Қазақстанның iшкi кооперациясын, Павлодар машина жасау кәсiпорындарының қатысуымен, қазiргi кезде өндiрiстiк қуаттары бос республика аймақтарымен бiрге дамыту жоспарлануда. машина жасауды ұсынатын машина жасау және машина мен жабдықтарды дайын тїрiнде шығаратын машина жасау кәсiпорындары үшiн кооперацияны дамыту орындырақ. Осы кәсiпорындардың жабдықтаушы бұйымдарды шетелден сатып алу үлесi 80%-дан асады. Кооперация байланыстарын дамытудың негiзгi бағыттары: "Қазақстантрактор" ААҚ үшiн жеткiзiлiмдер: трансмиссиялар - "Машзавод" АҚ-мен бiрлескен кәсiпорын, Семей қаласы; гидроаппаратура - "Каргормаш-ИТЭКС" ЖҮАҚ, "Гормашсбыт" АҚ, Қарағанды қаласы; электржабдығы - "Петропавл ауыр машина жасау заводы" АҚ, "Киров атындағы завод" АҚ, "Атқарушы механизмдер заводы" АҚ, "ЗИКСТО" АҚ, Петропавл қаласы, "Тыныс" АҚ, "Наука-Восток" АҚ, Көкшетау қаласы; аспаптар - "Наука-Восток" АҚ, Көкшетау қаласы, "Киров атындағы завод" АҚ, "ЗИКСТО" АҚ, Петропавл қаласы; радиаторлар - "Бiрлiк" АҚ, Көкшетау қаласы; металлбұйымдар, серiппелер, құралдар - "Киров атындағы завод" АҚ, "ЗИКСТО" АҚ, Петропавл қаласы. "Машзавод" ААҚ үшiн жеткiзiлiмдер: автокрандар өндiру үшiн тұрқы құймалар, соғылмалар дайындау, металл бөлшектердi өңдеу, автокрандарға арналған гидроцилиндрлер, пластмассадан жасалған бұйымдар, тақташалар, коуштарға қалыптар әзiрлеу - "Востокмашзавод" АҚ, Өскемен қаласы; құйылған бөлшектердiң жеткiзiлiмдерiн ұлғайту - "Қазақстан-трактор" ААҚ, "Қазақстан алюминийi" АҚ, Павлодар қаласы; гидроаппаратура - "Целингидромаш" АҚ, Астана қаласы; кабель өнiмi - "Казэнергокабель" АҚ, Павлодар қаласы. Бағдарлама бойынша жұмыстарды үйлестiрудi облыс индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментi мен Павлодар облысы бойынша ғылыми-техникалық өнеркәсiп кеңесi жүзеге асыратын болады.
Тарау 5. 5. Қажеттi қорлар мен оларды қаржыландыру көздерi
5. Қажеттi қорлар мен оларды қаржыландыру көздерi Машина жасау кәсiпорындарында өнеркәсiп өндiрiсi мен оның даму жағдайына талдау жасалынады. Басты назар шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құны мен бағасына аударылуы қажет. Өнiмнiң өзiндiк құнында электр қуаты, жылу қуаты, салықтар мен мiндеттi төлемдер басты құрамдары болғандықтан, әлеуметтiк мәселелер мен проблемаларды дер кезiнде шешетiн кәсiпорындар үшiн бюджеттен жеңiлдiктер мен демеуқаржы бөлу арқылы қаржылай қолдау көрсетудi қарастыру және көрсету қажет. машина жасау саласын дамытудың Бағдарламада бөлiнген негiзгi басым бағыттарын жүзеге асыру үшiн 46,34 млн. АҚШ доллары көлемiнде қаржы қорлары қажет, соның iшiнде: Т-95.4 шынжыр табанды тракторлар сериялы өндiрiсiн игеру - 8,0 млн.долл.; "Қазақстантрактор" ААҚ-да трансмиссия өндiрiсiн ұйымдастыру - 7,0 млн.долл.; Беларусь Республикасымен бiрлескен кәсiпорын құра отырып, МТЗ 80.1 және МТЗ 82.1 тұрпатты доңғалақты тракторлары өндiрiсiн игеру - 30,0 млн.долл.; жүккөтеру техникасы өндiрiсiн, соның iшiнде, жүккөтергiштiгi 150 тоннаға дейiн көпiрлiк және төрттағанды крандар, жарылудан қорғалған жүккөтеру механизмдерi өндiрiсiн игеру - 1,1 млн.теңге; жүккөтергiштiгi 20-25 тонна және одан жоғары автокран өндiрiсiн ұйымдастыру - 0,24 млн.долл. Т-95.4 тракторын игеру үшiн несиелiк шарт бойынша "Эксимбанк" ЖАҚ 8,0 млн.долл.мөлшерiнде қаржы бөлдi. Доңғалақты тракторлар мен трансмиссиялар өндiрiсiн игеру жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру көздерi болып коммерциялық банктердiң несиелерi жоспарлануда. Екiншi деңгейдегi банктердiң несиелерi мен кәсiпорындардың меншiктi қаражаттары жүккөтеру техникасы өндiрiсiн игеру жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру көздерi болып көзделуде.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдерi мен мерзiмдерi
6. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдерi мен мерзiмдерi Осы Бағдарламаны жүзеге асыру мерзiмдерi 2001 - 2003 жылдарға есептелген. машина жасау кешенiн дамытудың келтiрiлген басым бағыттары бойынша жобалық қуаттардың жұмыс кезеңдерi, оларды iске қосу мен игеру мерзiмдерi мынадай: "Қазақстантрактор" ААҚ: 2001 - 2005 жылдары бөлiнген несие есебiнен Т-95.4 жаңа шынжыр табанды тракторлардың сериялы өндiрiсiн игеру; 2001 - 2008 жылдары "Минск трактор заводы" ӨК-мен доңғалақты тракторлар шығаратын бiрлескен өндiрiс құру; 2001 - 2003 жылдары шынжыр табанды тракторларға трансмиссиялар өндiрiсiн игеру; "Машзавод" ААҚ: 2001 - 2002 жылдары жүккөтергiштiгi 25 тонна және одан жоғары автокрандар өндiрiсiн игеру; 2001 - 2002 жылдары жүккөтергiштiгi жоғарылатылған (150 тоннаға дейiн) ауыр көпiрлiк және төрттағанды крандар өндiрiсi мен жарылудан қорғалған жүккөтеру механизмдерiнiң өндiрiсiн ұйымдастыру. "Октябрь" фирмасы" ЖШС: 2001 - 2002 жылдары диiрмен жабдықтарының өндiрiсiн қайта қалпына келтiру;