Қолданыстағы ред. 19.03.2002 (Редакция 12004_289849.kaz)

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған ұзақ мерзімді облыстық бағдарламасын» орындаудағы жұмысы туралы от 19.03.2002 г. № 193 (Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған ұзақ мерзімді облыстық бағдарламасын» орындаудағы жұмысы туралы)

0

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған ұзақ мерзімді облыстық бағдарламасын» орындаудағы жұмысы туралы
Облыс әкімінің 2000 жылғы 15 маусымдағы № 242 шешімімен бекітілген «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған ұзақ мерзімді облыстық бағдарламасын» орындауда облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жергілікті атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен , сондай-ақ облыс әкімі жанындағы нашакорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссиямен бірлесіп, есірткілік және психотроптык заттарды заңсыз пайдаланушыларды анықтау, есепке алу және олардың емделуін ұйымдастыруда бірқатар жұмыстар атқарылған.
Дегенмен бұл жұмыста елеулі кемшіліктер де орын алуда. Атап айтқанда, денсаулық сақтау басқармасы облыстық бағдарламаның орындалу барысын басқарманың алқа мәжілісінде сирек қарап, онда аудандық, қалалық денсаулық сактау бөлімдері басшыларының есептерін тыңдамаған, олардың жауапкершіліктерін қарамаған. Денсаулық сақтау басқармасы нашақорлыққа байланысты жұмысты облыстық наркологиялық диспансерге жүктеп, оның орындалу барысын назардан тыс қалдырған. Нәтижесінде нашақорлықпен ауыратындарды анықтау, есепке алу, емдеу жұмысы өз дәрежесінде жүргізілмеген. Аудандардағы дәрігер-наркологтар өз беттерінше нашақорларды анықтаумен және есепке алумен айналыспаған. Осының салдарынан аудандардағы нашақорлықпен ауыратындардың керсеткіштері нақты жағдайға сәйкес келмейді. Бұндай фактілер Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында орын алган болса, нашақорлықты анықтау ісі Арал, Қазалы, Сырдария, Жаңақорған, Жалағаш, Шиелі аудандарында ешбір сын көтермейді.
Нашакорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің облыстық бағдарламасын жүзеге асыруда денсаулық сақтау басқармасының жергілікті атқарушы, құқық қорғау және бағдарламаны орындауға тиісті басқа да мекемелермен өзара байланысы жеткіліксіз. Облыстың денсаулық сақтау мекемелері тарапынан нашакорлыққа байланысты мәселе әкімияттар мәжілістеріне ұсынылмаған.
Аудан, қала, кент, ауылдық округ әкімдері бұл мәселеге жеткілікті мән бермеген. Аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, комиссиялардың төрағалары ретінде, өз міндеттерін жөнді атқармаған, әкімдер олардың жауапкершілігін қарамаған. Әкімдер жанындағы комиссиялар тек қағаз жүзінде құрылғаны болмаса оларда жұмыс жүргізілмеген.
Осы және басқа да кемшіліктердің орын алуының нәтижесі облыста есірткілік және психотроптық заттарды заңсыз пайдалану, тарату, сақтау фактілері мен қылмыстылыктың жыл санап өсуіне әкеліп соқтыруда. Бұндай жағдай Арал, Қармакшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында орын алуда. Нашақорлыққа байланысты 2001 жылғы тіркелген қылмыстың 73,1 пайызы Қызылорда қаласының үлесіне тиіп отыр.
Облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған ұзақ мерзімді облыстық бағдарламасын жүзеге асырудағы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жұмысы жеткіліксіз деп танылсын.

2

2. Денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев):

1

1) облыстық бағдарламаны орындаудағы орын алған кемшіліктерді жоюға қосымша нақты шаралар қабылдасын және істің мән-жайын басқарманың алқа мәжілісінде қарайтын болсын.

2

2) елдің «наркология» атауына байланысты қалыптасқан теріс ұғымын өзгерту максатында «Облыстық наркологиялық диспансер» атауын «Облыстық медициналық-әлеуметтік түзету орталығы» атауымен ауыстыру, оның құрылымына заман талабына сай өзгерістер енгізу, диспансер ауласын қоршау, оның күзет қызметін күшейту мәселелерін қарасын;

3

3) тұрғындардың наркологиялық көмек алу және емделуін жеңілдету мақсатында Қызылорда қаласының шеткері («Шанхай», «Титов», «Тасбөгет», «Ақмешіт» және т.б.) аймақтарында жасырын емдеу бекеттерін ұйымдастыруды қарастырсын.

3

3. Аудан, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті (Б.Мұхамедов), облыстық орман және биоресурстар жөніндегі (И.Әбибуллаев), ауылшаруашылық (Қ.Ахметов) басқармалары құрамында есірткілік заты бар өсімдіктердің заңсыз өсірілуін болдырмауға шаралар керсін және оған бақылауды күшейтсін.

4

4. Нашакорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі облыстық комиссиясы (Н.Ерімбетов) облыстық бағдарламаны жүзеге асырудағы мемлекеттік органдардың, аудандық, қалалык, кенттік және ауылдық округтік комиссияларының жұмыстарын комиссия мәжілісінде қарап отырсын, денсаулық сақтау басқармасымен және облыстық наркологиялық диспансермен бірлесіп арнайы газет шығаруды шешсін.

5

5. Облыстық білім басқармасы (М.Өтемұратов) жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептерде, колледждер мен жоғарғы оку орындарында есірткі заттарын теріс пайдаланушылықтың және онымен ауыратындардың болуына байланысты жасырын кеңес беру жұмыстарын жүргізетін наркологиялық бекеттер ашу мәселесін қарасын.

6

6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасының орындалуы жайлы жылына екі рет (10 шілдеге және 10 қаңтарға) облыс әкімиятына мәлімет беріп тұрсын.

7

7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.