Құжат мәтініне өту

О реализации Государственной программы развития физической культуры и спорта в Республике Казахстан на 2001-2005 годы

Бұйрық · № 506 · қабылданған 20.06.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2001-2005-ekb-12740/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О реализации Государственной программы развития физической культуры и спорта в Республике Казахстан на 2001-2005 годы Күшін жойған Бұйрық ·№ 506 ·20.06.2002
02.09.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реализации Государственной программы развития физической культуры и спорта в Республике Казахстан на 2001-2005 годы

Күшін жойған Бұйрық ·№ 506 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации Государственной программы развития физической культуры и спорта в Республике Казахстан на 2001-2005 годы
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
506
Қабылданған күні
20.06.2002
Көрсетілген редакция
02.09.2008 AI12740_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V020001919_
ЭКБ идентификаторы
12740
Редакция идентификаторы
AI12740_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:58

0 Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру туралы

Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.09.02 N 498 Бұйрығымен.
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігі төрағасының
орынбасары
2002 ж. 21 маусым
"Қазақстан Республикасында дене шынықтырудың және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 12 наурыздағы N 570 Жарлығын және "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 462 қаулысын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм департаментi (Б.С.Әбдiрәсiлов), Жалпы орта бiлiм департаментi (Ж.А.Қараев), Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм департаментi (Қ.А.Лекер) және "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (А.К.Құлназаров):
оқу бағдарламаларына ұлттық спорт түрлерi мен халықтық ойындарды енгiзсiн.

2 2. 2002-2003 жаңа оқу жылынан бастап iс-әрекеттегi оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес барлық деңгейдегi оқу орындарының оқу жоспарларына өзгерiстер енгiзiлсiн:

1 1) жалпы орта бiлiм беру мекемелерiнде:

дене тәрбиесiнiң апталық мiндеттi 3-сабағы енгiзiлсiн;
әр топтағы оқушылар саны 10-12-ден кем болмаған жағдайда 5-11 сыныптардың дене тәрбиесi сабағында ер балалар мен қыз балалар бөлек оқытылсын;
арнайы дәрiгерлiк топқа жатқызылған оқушылар үшiн дене тәрбиесiнен мiндеттi сабақтар өткiзiлсiн;
дене тәрбиесiнен сыныптан тыс жұмыстар, таңертеңгiлiк бой сергiтулерi, "Дене шынықтыру үзiлiстерi", "Дене шынықтыру минуттерi" және "Қимыл-қозғалыс үзiлiстерi" мектептердiң күн тәртiбiне енгiзiлсiн.
Кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждер мен лицейлерде оқытудың барлық кезеңдерiнде аптасына 4 сағаттан кем болмайтын көлемде мiндеттi дене тәрбиесi сабақтарын өткiзу қамтамасыз етiлсiн.

2 2) жоғары оқу орындарында:

оқытудың бүкiл кезеңi бойына аптасына 4 сағаттан кем болмайтын көлемде мiндеттi дене тәрбиесi сабақтарын өткiзу қамтамасыз етiлсiн, оқытудың барлық кезеңiндегi әрбiр семестрде дене тәрбиесi бойынша дифференциялық сынақтар алу енгiзiлсiн.

3 3. Жалпы орта бiлiм департаментi (Ж.А.Қараев), Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм департаментi (Қ.А.Лекер) және "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (А.Қ Құлназаров):

балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң жүйесiн дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырсын;
спорттағы дарынды балалар үшiн мектеп-интернаттар, спорттық резерв пен спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша сынақтан өтетiн командаларды даярлау орталықтарын ашу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
екi жылда бiр рет (2002 жылдан бастап) оқушылардың республикалық жазғы Спартакиадасын, екi жылда бiр рет (2003 жылдан бастап) оқушылардың республикалық қысқы Спартакиадасын өткiзудi қамтамасыз етсiн;
балалар мен жасөспiрiмдер арасындағы "Жұлдызша", "Былғары доп", "Алтын шайба", "Үмiт старттары", сонымен бiрге ұлттық спорт түрлерi (тоғыз құмалақ, қазақша күрес және басқа) бойынша көпшiлiк қатынасатын жарыстарды өткiзу қайта жандандырсын;
көпшiлiктi қамтитын "Шаңғы жолдары шақырады" және "Көктемгi және күздегi жеңiл атлетикалық кросс" жарыстарын өткiзудi қайта жандандырсын;
бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындары оқушыларының арасында қысқы және жазғы спорт фестивальдерiн жыл сайын өткiзудi қалпына келтiрсiн.

4 4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм департаментi (Б.С.Әбдiрәсiлов), "Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесi орталығы" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (А.Қ.Құлназаров):

Республикалық студенттер универсиадасын екi жылда бiр рет өткiзудi қамтамасыз етсiн;
жоғары оқу орындарында спорттық клубтарды құру шараларын қабылдасын;
Қазақстан Республикасының спортшы-студенттерiнiң Бүкiл дүниежүзiлiк қысқы және жазғы Универсиадалары, сондай-ақ Халықаралық студенттер спорт одағынан ұйымдастыратын халықаралық жарыстарға қатысуларын қамтамасыз етсiн.

5 5. Бюджет жоспарлау және қаржы департаментi (Т.А.Нұрғожаева) жыл сайын 1 қыркүйекке дейiн Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру iс-шараларын қаржыландыру көзiн анықтау жөнiндегi ұсыныстарды енгiзсiн.

6 6. Жалпы орта бiлiм департаментi (Ж.А.Қараев) осы бұйрықты заңнамамен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

7 7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым бiрiншi вице-министрi Ғ.Мұтановқа жүктелсiн.

Қолданыстағы