О программе развития массового спорта в Западно-Казахстанской области на 2001-2005 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 29.05.2004 № 8-16 шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 мамыр 2001 жылғы 789-шы "Қазақстан Республикасындағы бағдарламаларды дайындау Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін.
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысы Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ 2001 ж. МАЗМҰНЫ I.Төлқұжат 3 II.Кіріспе 3 III.Қазіргі заманғы жағдайды талдау. Проблемалар. 3-4 IV.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 4 V.Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетігі. 5 VI.Қаражат шығындары мен көздері 6 VII.Бағдарламаның іске асырылуынан күтілетін нәтиже. 6 VIII.Негізгі іс-шаралар. 7-15
Тарау i. I. Төлқұжат
I. Төлқұжат Бұқаралық спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы 2001-2004 ж.ж. олимпиадалық циклына әзірленген және төмендегідей бөлімдерден тұрады:
Тармақ 1
1. Жанұядағы, мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріндегі дене тәрбиесі
Тармақ 2
2. Оқу орындарындағы дене тәрбиесі
Тармақ 3
3. Өндірістегі дене тәрбиесі
Тармақ 4
4. Дене тәрбиелік-спорттық шаралар
Тармақ 5
5. Дене тәрбиелік-сауықтырулық және спорттық объектілердің желілерінің дамуы, оларды қолдануды жетілдіру
Тармақ 6
6. Әскер жасына дейінгі және әскерге шақырылған жастардың, әскери қызметкерлердің дене-шынықтырулық дайындығы
Тармақ 7
7. Дене және ақыл-ес дамуында ауытқушылық бар адамдарға арналған спорт
Тармақ 8
8. Жоғары білікті спортшылар мен спорттық резервті дайындау
Тармақ 9
9. Кәсіптік және қоғамдық кадрлармен салаларды қамсыздандыру
Тармақ 10
10. Ғылыми-әдістемелік және әдістемелік қамтамасыздық Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру 2001-2005 жылдар ішінде кезең бойынша енгізілуге есептелген.
Тарау ii. II. Кіріспе
II. Кіріспе Бұқаралық спортты дамытудың облыстық бағдарламасы спорт туралы Заңды, бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегі N 1125 Қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 тамыздағы N 1126 Қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-әрекеттер бағдарламасын орындау мақсатында әзірленді.
Тарау iii. III. Қазіргі заманғы жағдайды талдау. Проблемалар
III. Қазіргі заманғы жағдайды талдау. Проблемалар Облыста спорттың 41 түрі жетілген. Оның 22-сі олимпиадалық. Облыста спорттық-бұқаралық және сауықтыру жұмысын спорттық мекемелер жүргізеді. Атап айтсақ; 15 спортклуб пен қоғам, оның ішінде 2 кәсіптік-спорттық клуб, 18 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, оның ішінде біреуі мамандандырылған олимпиадалық резервте. Жүйелі түрде дене тәрбиесімен және спортпен 39849 адам шұғылданады, оның 9974-і әйел адам. Облыста дене тәрбиесімен және спортпен айналысуға арналған төмендегідей материалдық-техникалық база бар: 1369 спорт ғимараттары, оның 1153-ауылда, 2 стадион, 247 спортзалы, 2 теннис корты, спортпен шұғылдануға бейімделген 151 орын, оның ішінде 119-ы ауылда. Облыста 986 штаттық дене тәрбиесі қызметкерлері жұмыс істейді. Оның 778-інің дене тәрбиелік білімі бар. Осымен қатар, кәсіптік-техникалық мектептегі дене тәрбиесімен аптасына 4-сағаттық сабақтар, жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесінің үшінші сабағы барлық жерде енгізілмеген. Осылайша, аптаға 8-10 сағаттық қозғалым белсенділігінің көлемі студент және оқушы жастардың орындау мөлшері болған жоқ. Облыста спорттық клуб түріндегі алғашқы дене тәрбиесі ұйымдарын, кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, мекемелердегі, меншік нышандарына тәуелсіз әртүрлі спорттық бірлестіктер нашар қарқынмен жылжуда. Бұл орайда еңбек ұжымдарының барлық жетекшілері бірдей спорт жөнінен әдіскерлердің бірлі-жарымының ғана кәсіпорындар есебінен қамтамасыз етілуге қол жеткізе алмады. Спорттық ұйымдардың жұмысында жоғары дәрежедегі спортшыларды, соның ішінде резервті дайындау мәселесі нашар күйде. Облыста спорттық дарыны бар балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың болмауы жаттықтырушылар мен мамандардың селекция жұмыстарын жоққа шығарады, спортта талантты балалардың құруына әкеліп соғады. Нәтижесінде, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері әсіресе ауылдық жерлердегі болашағы бар спортшылардың нақты бөлігі спорттан кетіп, резервті дайындау циклы үзіледі.
Тарау iv. IV. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
IV. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын бекіту, тәндік жетілуге қажеттілікті қалыптастыру, спорт пен дене тәрбиесінің кез-келген түрімен шұғылдануға жағдайлар туғызу, аурулардың, зиян әдеттер мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Қазақстан мен Батыс Қазақстан облысының жоғарғы спорттық беделін әлемдік аренада бекіту маңызды мақсат болып табылады. Бұл мақсаттарға төмендегі міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады: халықтың дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі айналысуға қажеттілігін, салауатты өмір салтының беделін қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды, оқушыларды, студент және жұмысшы жастарды сапалы дене тәрбиесімен қамсыздандыру; халықтың әртүрлі топтары мен санаттары арасында профилактикалық дене шынықтыру сауықтыру жұмысын ұйымдастыру; қазіргі заманғы тараптарға сай материалдық-техникалық базаларды нығайту және дамыту; жоғары дәрежелі спортшыларды, толықсанды спорттық резервтерді дайындау үшін әлеуметтік экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. қажетті жағдайларды тудыру; балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерде, спортклубтарда, спорт бірлестіктерінде жүйелі сабақтарды, аудан, қала, облыстардың еңбек ұжымдарының, оқу орындарының чемпионаттарын, біріншіліктерін, кубоктерін ұйымдастыру.
Тарау v. V. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
V. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетігі Аталмыш Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары:
Тармақ 1
1. Спорт барлығы үшін немесе бұқаралық спорт:
Тармақша а
а) Мұнда жалпы білім беру мектептерінің, кәсіптік-техникалық училищелердің, орта арнаулы оқу орындарының, жоғары оқу орындарының мектепке дейінгі және оқушы жастарын дене спорт сабақтарына тарту жөнінде айтылады. Бұл орайда, жоғарыда аталған шешілмеген проблемаларды облыстық білім басқармасы мен жоғары оқу орындары жүйесінде жүзеге асыру үшін, ұйымдастырушылық, қаржылық, әдістемелік шаралармен бекітілген нормативтік құжаттарды дайындау қажет.
Тармақша б
б) Халықтың әртүрлі топтары мен санаттары арасында спортты дамыту. Басты назарды денсаулықтың, салауатты өмір салтының беделін, жүйелі түрде дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысушыларды әлеуметтік–экономикалық ынталандыру қажеттілігін жоғарылатуға аударған жөн. Бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен кәсіпорын басшыларын спорттың меншігіндегі материалдық базасын нығайтуға, еңбек ұжымдарында дене тәрбиесі профилактика жұмыстарын ұйымдастыруға шығындалу қажеттілігіне жұмылдыру маңызды.
Тармақша в
в) Тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы. Парктерді, еңбек етуші және жұмыссыздардың көпшілік демалыс орындарын, жазғы жағажайлар мен сауықтыру лагерьлерін кеңінен пайдалану қажет. Спорттық ұйымдар әртүрлі бейімделген орындарды халықтың тұрғылықты жері бойынша спорттық-сауықтыру жұмысын жүргізуге спорттық федерациялардың, спорттық бірлестіктер мен клубтардың қарамағына бергізуге қол жеткізуге болады.
Тармақ 2
2. Спорттық резерв пен жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау.
Тармақша а
а) Спорт мектептерінің материалды-техникалық базаларын жақсартып жоғары нәтижеде жұмыс істей алатын жаттықтырушыларды айқындау үшін жаттықтырушылар корпусын аттестациялау жұмысын жүргізу қажет.
Тармақша б
б) Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желістерін кеңейту және спортты дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты ашу жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
Тармақша в
в) Спорттың облыста жетілген олимпиадалық түрлерін қайта қарап, мүмкіндік болса оның санын көбейту.
Тармақша г
г) Олимпиадалық цикл кезеңінде алдағы олимпиада ойындарына үміткерлерді анықтау қажет және қаржыландыру мақсаттығы бағытта жүзеге асырылуы тиіс.
Тарау vi. VI. Қаражат шығындары мен көздері
VI. Қаражат шығындары мен көздері Бағдарламаны қаржыландыру негізінен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады, сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен де шығындар ескеріледі. Спорт туралы Заңға сәйкес Бағдарламаны жүзеге асыруда барлық меншік формаларындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың несиелері мен жекеменшік қаражаттары қолданылады. 2001 жылы жасанды мұз айдыны бар Спорт сарайы құрылысының салынуымен шетелдік инвестициялар іске көшеді. Бағдарламаны жүзеге асыру 2001 жылы 120 млн. теңге бюджеттік қаржы бөлінісін қажет етеді, соның ішінде 2001-2002 – оқу жылында мамандандырылған мектеп-интернатты қамтамасыз етуге 313860000 теңге қажет.
Тарау vii. VII. Бағдарламаның іске асырылуынан күтілетін нәтиже
VII. Бағдарламаның іске асырылуынан күтілетін нәтиже Дене тәрбиесімен және спортпен айналысуға қажетті жағдайларды туғызу және осының негізінде салауатты өмір салтын бекіту. Жастардың шұғылдану санының өсуіне ықпал ету, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруды бақылау. Өскелең ұрпақ арасында құқықбұзушылықтың алдын алу. Дене-тәрбиесі және спортпен айналысатын адамдардың санын 30-35 процентке дейін өсіру. Елдің ұлттық құрама командаларына спорттық резервті дайындау көрсеткіштерінің өсімін және ҚР имиджі мен спорттық беделін бекіту нәтижесі.
Тарау viii. VIII. Негізгі іс-шаралар.
VIII. Негізгі іс-шаралар. Р/с Негізгі шаралар Орындалу мерзімдері Орындаушылар Қаражат шығындары 1. Жанұядағы, мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріндегі дене тәрбиесі 1. Қоғамда салауатты өмір салтының принциптерін бекіту жөнінде нақты шараларды қолдану, халықтың көп бөлігін дене тәрбиесімен және спортпен тұрақты айналысуға тарту. Үнемі Жергілікті атқарушы орган. Спорттық ұйымдар Бюджетте ескерілген қаражат бөлінісінің және бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде 2. Мекен-жайлары бойынша, кәсіпорындарда, облыс тұрғындарының демалыс және емделу мекемелерінде дене тәрбиелік-сауықтыру жұмысын өткізуге жағдайлар туғызу. 2001-2003 ж. Кәсіпорындар мен ұжымдардың басшылары Бюджетте ескерілген қаражат бөлінісінің және бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде 3. Отбасылық денсаулық клубтарының ақылы дене тәрбиелік- медициналық кеңестердің тараптарын құру. Үнемі Жергілікті атқарушы органдар Бюджетте ескерілген қаражат бөлінісінің және бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде 4. Радио, телевидение, т. б. ақпарат құралдарында дене тәрбиесі мәселелері, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі арнайы хабарды, рубрикаларды ұйымдастыру. Үнемі Облыстық телеадиокомпания, облыстық газеттер “Орал өңірі”, “Приуралье” 5. Барлық типтегі мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі бойынша жұмысты белсендендіру. Үнемі Жергілікті атқарушы органдар 6. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалым белсенділігінің ғылыми негізделген көлемін аптасына 10-12 сағаттан орындауы. Жергілікті атқарушы органдар 2. Оқу орындарындағы дене тәрбиесі 7. Дене тәрбиесі сабақтарының тәрбиелік мәнін көтеру, физикалық жетілдіру мен салауатты өмір салтына деген қажеттілікті тәрбиелеу. Үнемі Облыстық білім басқармасы. Жергілікті атқарушы органдар Бюджетте ескерілген қаражат бөлінісінің көлемінде 8. Балалар мен жасөспірімдер арасында жыл сайын "Үміт мәрелері", "Ақ ладья", "Ғажап-шашкілер", "Өрме доп", "Алтын шайба", "Былғары доп" сайыстарын, спорттың ұлттық түрлерінен және ойындарынан жарыстар өткізу. Үнемі Бюджетте ескерілген қаражат бөлінісінің көлемінде 9. Оқушылардың қысқы және жазғы облыстық спартакиадаларын өткізу; Кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқушылардың спартакиадасын өткізу; Орта арнаулы оқу орындары және жоғары оқу орындары оқушыларының спартакиадасын өткізу. Үнемі Облыстық білім басқармасы. 10. Облыс оқу мекемелерінде физикалық дайындық бойынша Президенттік тесттер жүргізу. 2001-2004 ж.ж. Бюджетте ескерілген қаражат бөлінісінің көлемінде 11. Облыстық жалпы білім мектептерінде спорттық дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптар ашу. 2001 ж. Облыстық білім басқармасы. Облыстық туризм және спорт басқармасы. 12. Оқушылар мен студенттердің уақытылы сапалы медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету. Үнемі Облыстық білім басқармасы. Жоғары оқу орындары. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Бюджетте ескерілген қаражат бөлінісінің көлемінде 13. Оқушылар мен студенттердің таза ауада физикалық жаттығулармен айналысуы үшін қажетті инфрақұрылымды жасау. 2001-2002 ж.ж. Оқу орындарының басшылары Бюджетте ескерілген қаражат бөлінісі мен бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде 14. Жалпы білім мектептеріндегі дене тәрбиесі сабақтарында 5-11 сыныптағы қыздар мен ұлдарды бөліп оқытуды тәжірибелеу. Үнемі Облыстық білім басқармасы. Қалалық және аудандық білім бөлімдері 15. Оқу процесінің вариативті бөлімі есебінен аптаға дене тәрбиесінің үшінші сабағын енгізуді қарастыру (педагогикалық кеңеспен келісім бойынша). 2001-2004 ж.ж. Облыстық білім басқармасы Оқу орындарының басшылары Бюджетте ескерілген қаржы бөлінісінің және бюджеттен тыс ақша көлемінде 16. Кәсіптік-техникалық мектепте дене тәрбиесінен аптасына 4-сағаттық сабаққа кезең бойынша ауысу. 2001-2005 ж. ж. Облыстық білім басқармасы 17. Жоғарғы оқу орындарында оқудан тыс спорттық- бұқаралық жұмысты жүзеге асыру үшін спорт клубтарын ұйымдастыру. 2001-2002 ж.ж. Меншік формалары тәулсіз. Жоғары оқу орындарының басшылары. 18. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін дамыту, олардың материалдық базасын нығайту. Үнемі Облыстық туризм және спорт басқармасы Бюджетте ескерілген қаржы бөлінісінің және бюджеттен тыс ақша көлемінде 3. Өндірістегі дене тәрбиесі 19. Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің штатына меншік түрлеріне қарамастан спорт жөніндегі ңұсқаушы-әдіскер лауазымын енгізу. 2001-2002 ж.ж. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары Кәсіпорын, ұйым, мекемелер бюджеті көлеміндегі бюджеттен тыс қаражат көздері 20. Тізімдемелік ұжымдар арасында спартакиада өткізу. 2001-2004 ж.ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары 21. Мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиадалар өткізу. 2001-2004 ж.ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, мемлекеттік мекемелердің басшылары 22. Тізімдеме ішілік спорт жарыстарын өткізу: - медициналық қызметкерлері арасында; - құқық қорғау органдарының қызметкерлер арасында; - теміржол транспортының қызметкерлері арасында; - қаржы органы және салық қызметкерлері арасында; - энергетиктер мен коммуналды шаруашылық қызметкерлері арасында; - әкімшіліктер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында; - байланыс қызметкерлері арасында; - облыстың мектеп, орта арнаулы оқу орындары, жоғары оқу орындары педагогтық ұжымдары арасында; - баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында. 2001-2004 ж.ж. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Облыстық ішкі істер басқармасы. Теміржол басқармасы. Облыстық қаржы басқармасы. Облыстық ақпарат басқармасы. Облыс, қала, аудан әкімшіліктері. Мемлекеттік қызмет жөніндегі облыстық басқарма. Облыстық тұрғын үй, коммуналды, жол шаруашылығы мен транспорт басқармасы 23. Кәсіпорындар мен ұйымдардың спорттық базаларын құру және материалды-кадрлық нығайту. 2001-2003 ж.ж. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, жергілікті атқарушы органдар Кәсіпорын бюджеті көлеміндегі бюджеттен тыс қаражат 24. Спортпен жүйелі айналысып, өз денсаулығын нығайтушы жұмысшыларды әлеуметтік-экономикалық ынталандыру жүйесін дайындау. 2001 ж. Кәсіпорындардың, ұйымдардың қаражаттары 25. Кәсіпорындар мен ұйымдардың базаларында спорт клубтары мен қоғамдарын құру. 2001 ж. Кәсіпорындардың, ұйымдардың қаражаттары 26. Жұмысшылар мен қызметкерлерге қозғалым белсенділігі көлемін аптасына жұмыстан тыс уақытта 3-4,5 сағат орындауға жағдай туғызу. Үнемі 27. Ұжымдық келісім-шарттар жасау кезінде денешынықтыру-сауықтыру және спорттық- бұқаралық жұмысқа қаражат бөлінуі, аптасына 4-5 сағат қозғалым белсенділігінің ғылыми-ұсынылған көлемін қамтамасыз ететін спорт базаларының дамуы мен қамсыздығын ескеру. Үнемі Кәсіпорындардың басшылары, кәсіподақ комитеттері Кәсіпорындардың, ұйымдардың қаражаттары 28. Жыл сайын еңбекшілерге денсаулық жағдайының деңгейін анықтау мен денешынықтыру жаттығуларын қолдануы бойынша еңбекшілердің жеке ұсыныстарын беру мақсатында тест жүргізуді ұйымдастыру. Кәрі адамдардың денсаулық жағдайына тест жүргізу. Жыл сайын Жергілікті атқарушы органдар Бюджетте ескерілген қаражат бөлінісі мен бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде 4. Дене тәрбиелік-спорттық шаралар 29. Облыстық спорттық-бұқаралық шаралардың біртұтас күнтізбелік жоспарын жасау. Жыл сайын Облыстық туризм және спорт басқармасы Бюджетте ескерілген қаражат бөлінісі көлемінде 30. 1 Батыс Қазақстан облыстық Спартакиадасын өткізу, облыс құрама командаларының Қазақстан республикасы 1-жазғы спартакиадасының республикалық финалына қатысуын қамтамасыз ету. 2001-2003 ж.ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы Бюджетте ескерілген қаражат және бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде 31. Облыстық спартакиадаларды тұрақты өткізу: а) "Орал ақшақары", б) спорттың халықтық және ұлттық түрлерінен облыстық спартакиада, в) "Ақжайық" село спорттық ойындары Жыл сайын Жыл сайын Облыстық туризм және спорт басқармасы/ Аудан әкімшіліктері Бюджетте ескерілген қаражат және бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде 32. Ұлттық ат спорты түрлерін дамыту. Облыстың базалық шаруашылықтарында спорттық аттарды дайындау, ат құрал-саймандары мен экипировка алу, спорт мектебін құру. 2001-2002 ж.ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы Қала әкімшілігі Бюджетте ескерілген қаражат және бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде 5. Дене тәрбиелік-сауықтырулық және спорттық объектілер желісін дамыту, оларды қолдануды көтеру 33. Жасанды мұз айдынды спорт Сарайы құрылысын салу 2001 ж. Жергілікті атқарушы органдар Бюджеттен тыс ақша көздері 34. Қарапайым спорт алаңқайлары мен тренажер кешендерін қайта қалпына келтіру және салу. 2001-2002 ж.ж. Жергілікті атқарушы органдар. Кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары 35. Спорт ғимараттарын тізімдемелік жабдықтарына қарамастан төлқұжаттандыруды жүргізу. 2001-2002 ж.ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы 36. Шалқар көлін туристік игеруге және облыс халқына дене тәрбиелік-сауықтырулық қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік коммуналды-қазыналық кәсіпорынды құру. 2001 ж. Теректі ауданы әкімшілігі Бюджетте ескерілген қаражат пен бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде. 37. Орал қаласында спорттық туризм мектебін, Ақсай қаласында спорттық туризм орталығын құру. 2001-2002 ж.ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы Облыстық білім басқармасы Бюджетте ескерілген қаражат пен бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде. 38. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт модулі құрылысын аяқтау. 2001-2002 ж.ж. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Орал қаласы әкімшілігі Бюджетте ескерілген қаражат пен бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде. 39. Қала стадиондарын жөндеуді жүзеге асыру: 1. "Юность" 2. "Динамо" 2001-2004 ж.ж. Орал қаласы әкімшілігі Облыстық туризм және спорт басқармасы Оюлыстық білім басқармасы Облыстық ішкі істер басқармасы Бюджетте ескерілген қаражат пен бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде. 40. "Металист" акционерлік қоғамы шаңғы базасының қызметін қайта қалпына келтіру 2001 ж. "Металист" акционерлік қоғамы "Металист" акционерлік қоғамы қаражаттары 41. Садақ атудан жазғы спорт алаңқайы құрылысын салу 2001 ж. Орал қаласы әкімшілігі Облыстық туризм және спорт басқармасы Бюджеттен тыс ақша көздері 42. Қысқы кезеңде мұз айдындарын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру Үнемі Аудан, Орал қаласы әкімшіліктері Бюджетте ескерілген қаражат бөліністері мен бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде. 6. Әскер жасына дейінгі, әскер қатарына шақырылатын жастар мен әскери қызметкерлердің денешынықтыру дайындығы 43. Жастардың денешынықтыру дайындығын әскер жасына дейінгі және әскер қатарына шақырылатын жастарға арналған бағдарламалар мен тесттерге сәйкес қамтамасыз ету, дене шынықтыру дайындығына тест жүргізу. Үнемі Облыстық туризм және спорт басқармасы Әскери комиссариаттар Бюджетте ескерілген қаражат бөліністерінің көлемінде 44. Әскер жасына дейінгі және әскер қатарына шақырылушы жастардың спартакиадасын өткізу, дене шынықтыру дайындығына тест жүргізу. Жыл сайын Облыстық туризм және спорт басқармасы Облыстық білім басқармасы Әскери комиссариаттар Бюджетте ескерілген қаражат бөліністерінің көлемінде 7. Дене және ақыл-ес дамуында ауытқушылық бар адамдарға арналған спорт 45. Мүгедектер арасында спорттық жарыстарды өткізу. "Спешиал Олимпикс" желісі бойынша республикалық халықаралық жарыстарға қатысу. Жыл сайын Спорттық ұйымдар басшылары 46. Мүгедектер арасында дене тәрбиелік-спорттық сабақтар мен жарыстарды ұйымдастыру жұмысына ерікті көмекші-волонтерлерді тарту. Үнемі Спорттық ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар Демеушілер қаражаттары 47. Заңды тұлға құқығы бар мүгедектерге арналған денетәрбие-спорт клубтарын құру. Облыстық туризм және спорт басқармасы 8. Жоғарғы білікті спортшылар мен спорттық резервті дайындау 48. Әлем Чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында жоғарғы нәтижелерге жеткен үздік спортшылар мен олардың бапкерлерін тұрғын-үй-жұмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету. Үнемі Облыс әкімшілігі Орал қаласы мен аудан әкімшіліктері 49. Облыс құрама командалары мен спортшыларға резервтер дайындауға қажетті спорттық ғимараттарды одан әрі нығайту, оларды керекті инвентарьмен және құрал-жабдықтармен жабдықтау, сапалы оқу-жаттыру процесін өткізуге жағдай туғызу. 2001-2002 ж.ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы Спорттық ұйымдар басшылары Бюджетте ескерілген қаражат бөлінісі мен бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде. 50. Спорттық дарыны бар балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатты ашу. 2001 ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы Облыстық білім басқармасы 51. Үздік батысқазақстандық спортшыларды ел чемпионаттары мен Кубоктарына, 2001 ж. Ашхабад қаласындағы 4 Орталық Азия ойындарына 2001 ж. Осака қаласындағы (Жапония) 3 Шығыс Азия ойындарына, 2002 ж. Солт-Лейк Ситиде (АҚШ) қысқы Олимпиада ойындарына, 2002 ж. Пусана қаласында (Оңтүстік Корея) 14 жазғы Азия ойындарына, 2004 ж. Афины қаласында (Греция) жазғы Олимпиада ойындарына дайындау және қатысуларын қамтамасыз ету. 2001-2004 ж.ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы 52. Облыста спорттың басым Олимпиадалық түрлерінің дамуын қамтамасыз ету. Үнемі Облыстық туризм және спорт басқармасы Жергілікті атқарушы органдар Бюджетте ескерілген қаражат бөліністері мен бюджеттен тыс ақша көздерінің көлемінде. 53. Ресейдің шектес облыстарының (Орынбор, Самара, Саратов, Волгоград) спорттық ұйымдарының жұмыс тәжірибесін зерделеуді, жоғары дәрежедегі спортшылар мен құрама командаларға резерв дайындаудың алдыңғы қатарлы технологиясын қорыту және енгізуді жалғастыру. Үнемі Облыстық туризм және спорт басқармасы 54. Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру жөніндегі қалалық және аудандық аймақтық бағдарламаларды әзірлеу. 2001 ж. Жергілікті атқарушы органдар 9. Кәсіптік және қоғамдық кадрлармен саланы қамтамасыз ету 55. Қазақстан Республикасы туризм және спорт жөніндегі Агенттігімен бірлесіп жасалған жоспарға сәйкес Батыс Қазақстан облысынан Алматы қаласына оқуға тыңдаушыларды жіберуді қамтамасыз ету. Жоспарға сәйкес Облыстық туризм және спорт басқармасы 56. Облыстық туризм және спорт басқармасының, Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің, Мұғалімдерді қайта даярлау институтының базасында дене тәрбиесі мен мамандарын қайта даярлау мен біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыру. Жоспарға сәйкес Облыстық білім басқармасы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Мұғалімдерді қайта даярлау институты 10. Ғылыми-әдістемелік және әдістемелік қамтамасыздық 57. Халықтың дене тәрбиесі проблемаларына, жоғары жетістіктегі спортты дамытуға, таяу шетел мен Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі Агенттігінің жетекші мамандарын тарту арқылы спорттық резервті даярлауға байланысты ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу.