О региональной программе развития и совершенствования подразделений Государственной противопожарной службы области на 2001 – 2005 годы Қолданыста
Басқа 0
Облыстың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін дамыту мен жетілдірудің 2001 – 2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы
Павлодар облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бастығы С.А. Адамжановтың "Облыстың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін дамыту мен жетілдірудің 2001 - 2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы" хабарламасын тыңдап және талқылап облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін дамыту мен
жетілдірудің 2001 - 2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы (одан әрі
- Бағдарлама) - бекітілсін.
Тармақ 2
2. Павлодар облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі (Адамжанов С.А)
жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық Мәслихаттың экономика және
бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы
хабарлайтын болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың
экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына (Шабрат Н.П.)
жүктелсін.
Басқа 4. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн дамыту
және жетiлдiрудiң 2001 - 2005 жылдарға арналған
облыстық
Облыстық Мәслихаттың
2001 жылғы 25 мамырдағы
шешiмiне қосымша
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн дамыту
және жетiлдiрудiң 2001 - 2005 жылдарға арналған
облыстық
Бағдарламасының паспорты
Атауы: Облыстың Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтi бөлімшесін дамыту
мен жетілдірудң 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық
Бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама)
Әзiрлеудiң : Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1 қараша 2000 жылғы № 1652
негiздемесi
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Мемлекеттiк өртке
қарсы қызметтi дамытудың және жетiлдiрудiң 2001 - 2005
жылдарға арналған салалық бағдарламасы
Негізгі : Облыстың мемлекеттік өртке қарсы қызметі
әзірлеушілер
Мақсаты : Облыстық Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн дамыту және
жетiлдiруді қамтамасыз ету
Мiндеттерi : Өрттің алдын алу және жою жөніндегі жұмыстардың деңгейін
көтеру, өртті уақтылы және ұтымды жоюға үнемі дайын
болуды қамтамасыз ету, қалалардың, елді мекендер мен меншік
түрінен тәуелсіз шаруашылық етуші объектілердің өрт
қауіпсіздігін жоғары деңгейде ұстап тұұру. Апаттық-құтқару
жұмыстарын орындау және төтенше жағдайлардың зардаптарын
жою.
Қаржыландыру : Облыстық, қалалық, аудандық бюджеттердің қаржыландыру көзi
болып табылады
Күтiлетiн : Бағдарлама iске асыру нәтижелер облыстың Мемлекеттiк өртке
Нәтижелер қарсы қызметтi жетiлдiруді қамтамасыз ету, материалдық-
техникалық базасын нығайту, қалалардың, елді мекендер мен
меншік түрiне қарамастан, шаруашылық етуші объектілердің
өрт қауіпсіздігі деңгейлерін көтеру, өрт сөндіру, өрт және
оның алу жұмыстарын сапасын жақсарту, жеке құрамының
даярлық деңгейін арттыру, өрт маңын олардан келетін адам
мен экономикалық шығындар санын қысқартуды қамтамасыз ету
көзделуде.
Тарау 2. 2. Кiрiспе
2. Кiрiспе
Қазiргi уақытта облыста өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету iсi өте қиын жағдайда. Аумақтағы болған өрттiң жалпы саны барлық табиғи және техногендiк төтенше апаттар санының жартысынан астамын құрайды, ал материалдық шығын - олардығ жетпiс пайызынан асып отыр. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңын iске асыру жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдар қабылданған шаралар өрт жағдайын белгiлi бiр дәрежеде тұрақтандыруға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге соңғы жылдары өрттiң, дүлей зiлзалалардың саны мен олардан келген зиянның тұрақты өсiп отырғаны байқалуда, бұған қарсы жүргiзiлiп отырған шаралардың, әсiресе ауылдық жерлердегi өрт қауiпсiздiгiнiң деңгейi төмен.
Жекелеген жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдар мен кәсiпорындардың өрт сөндiру қызметiн қысқарту немесе оны ұстаудан бас тарту және өрттен қорғауды қамтамасыз етуге қажеттi шығындарды қысқарту есебiнен қаржы қаражатын үнемдеуге деген ұмтылыстары артуда. Өртке қарсы шаралардың қайта ұйымдастырылуына, ұйымдар мен кәсiпорындардың меншiк нысандарының өзгерулерiне байланысты ерiктi өрт сөндiру жасақтары, өрт-қорғау күзетi мен өрт-техникалық комиссиялары негiзiнен жойылды, қолда бар өрт техникасы жарамсыз, өрт-техникалық жабдықтары жоқ, бұл ауылдық елдi мекендердiң өрттен қорғана алмауына әкеп соғуда. "Химпром" АҚ, "Павлодар мұнайхимия заводы" ЖАҚ, "Казхром" ТҰК ААҚ-ның Ақсу ферроқорытпа заводы филиалы сияқты әрi өнеркәсiп объектiлерiнде, облыстың энергия және тағы басқа кәсiпорындарында, тозған, iстен шыққан құралдарды пайдаланудың салдарынан соңы қайғылы жағдайға әкелiп соғатын апаттар мен әрi өрттер болу қаупi өсiп отыр. Өрт шыққаннан кейiн оны алғашқы сәттерде сөндiрудiң маңызы өте зор. Кешеуiлдеу жабдықтардың бүлiнуiне, өндiрiстiң тоқтауына әкеп соғуы мүмкiн, бұл "Азимут" фирмасында (Павлодар қаласы), "Майкөкбен-Вест" ЖАҚ-да (Баянауыл ауданы), "Северный" кенiшi ЖШС (Екiбастұз қаласы) № 1 дүкенiнде болған өрт жағдайлары сияқты миллиондаған теңгемен есептелетiн зиянға батырады. Өрттен кейiн зардап шеккен кәсiпорындардың 18 пайызы 2-3 жылдан кейiн жабылуға мәжбүр болса, ал 25 пайызы мүлде қалпына келе алмайды.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде құтқару және басқа да шұғыл шаралар жүргiзу үшiн Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң құрамында облыста қалаларды, кенттердi, аудан орталықтарын күзетуге бағытталған 20 өрт сөндiру бөлiмдерi бар, соның iшiнде бiр мамандандырылған бөлiм, жергiлiктi атқарушы органдардың әр түрлi апаттарды жоятын инженерлiк және коммуналдық қызметтерiнiң күштерi мен құралдары келгенше әрекет жасайтын арнайы техникамен толық жарақтандырылмаған. Сонымен бiрге қолда бар күш пен құралдар өрт қауiпсiздiгi саласындағы алдын-алу, өрттi жою, алғашқы кезектегi апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзу, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету шараларын жүргiзу үшiн жеткiлiксiз.
Тарау 3. 3. Павлодар облысы Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi
гарнизоны проблемаларының қазiргi жай-күйiн талдау
3. Павлодар облысы Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi
гарнизоны проблемаларының қазiргi жай-күйiн талдау
Әлемнiң дамыған елдерiнен өзгешелiгi, Қазақстан Республикасында, қазiргi уақытта, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейтiн құқықтық база ендi ғана қалыптасуда. Бұл саладағы қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдер шашыраңқы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңының ережелерiне жауап бермейдi, өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн, сондай-ақ Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң, салалық өртке қарсы қызметтiң өзара қарым-қатынасын, олардың мемлекеттiк билiк және басқару органдарымен, ведомстволармен, меншiк иелерiмен жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардаєы құқықтық қарым-қатынастарын реттейтiн тетiгi ескiрген. Яғни, Қазақстан Республикасының "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес меншiк түрiне қарамастан өнеркәсiп кәсiпорындары мен басқа да объектiлер белгiленген нормалардың негiзiнде, соның iшiнде өртке қарсы қызмет органдарымен шарттар жасасу негiзінде өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн құруға және ұстап тұруға тиiстi.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң "Химпром" АҚ-дағы бөлiмшесi таратылар болса, Павлодар қаласында өрт сөндiрудiң жай-күйi қиын жағдайда қалмақ, өйткенi өрт сөндiру бөлiмдерiнiң жеткiлiксiздiгiнен едәуiр ауыртпалық объектiлiк өрт сөндiру бөлiмдерiне түсетiн болады.
Ауылдық жерлерде өздiгiнен өрттен қорғану қызметi мүлде жоқ. Ал бұл өрт болған объектiлердiң толық жанып кетуiне әкеледi. Сондықтан да ауылдық жерлерде шыққан бiр өрттiң шығыны қаламен салыстырғанда 3-4 есе көп болып отыр.
Қазiргi кезде облыстың 85 шаруашылығының орталығында 38 ғана өрт сөндiретiн машина бар, ал қалғандарында өрт оны сөндiру мақсатына арналған техникамен жүргiзiледi. Мұнымен бiрге көптеген шаруашылықтардағы өрт сөндiру автомобильдерi қираған. Жауынгерлер тобының жаппай сөткелiк кезекшiлiктерi ұйымдастырылмаған, өрт сөндiру машиналары ЖЖМ-мен қамтамасыз етiлмеген, олар жылытылмайтын бокстарда тұрады.
Өткiзiлген қысқартулардың салдарынан мемлекеттiк өрттi қадағалау қызметкерлерiнiң саны тиiстi мөлшердегiден 43% кемiген. Қазiргi уақытта облыстағы инспекторлардың саны 38 адам, яғни 21 мың тұрғынға 1 ғана инспектордан келедi, ал норматив бойынша 12 мың адамға 1 инспектордан келуге тиiс. Облыстың Мемлекеттiк өрт қадағалау инженерлiк-инспекторлық құрамының жұмыс көлемi меншiк түрiнiң өзгеруiне байланысты аймаққа қосымша қызмет көрсету объектiлерiнiң енгiзiлуге орай (тұрғын үй секторларының бiр бөлiктерiн өндiрiстiк, қойма объектiлерiне, офистерге қайта жабдықтау, барларын қайта құру және кеңейту, т.б.) үнемi өсiп отырады. Өрттi қадағалауда бiр инспекторға маңызды аумақтарда, әсiресе ауылдық жерлерде, орналасқан 1000 және одан да көп әр түрлi объектiден келедi. Осындай аймақтарды қадағалау, алдын алу жұмыстарын тиiмдi жүргiзу МӨҚҚ бөлiмдерi тек көлiк құралдарымен жеткiлiктi қамтамасыз етiлген жағдайда ғана мүмкiн болады. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қызметтер, жұмыстар, қызмет көрсету түрлерiн лицензиялау, сертификаттау функцияларын МӨҚҚ бөлiмдерiнiң жұмыс тәжiрибесiне енгiзу осы бөлiмдердi есептеу техникасы құралдарымен жарақтандыруды қажет ететiн тиiстi арнайы ақпараттық жүйелердiң және мәлiметтер банкiнiң болуын талап етедi.
Қоғамдық, өндiрiстiк ғимараттар мен құрылымдардағы өртпен, сондай-ақ оның зардаптарымен күрестiң неғұрлым тиiмдi құралы ретiндегi өрттi табу жјне сөндiрудiң автоматтық жүйелерiн енгiзу жөнiндегi жұмыс қазiргi талаптардан артта қалуда. Павлодар қаласындағы оқушылар сарайы, қалалық Мәдениет үйi, "Қазақстантрактор" АҚ объектiлерi, тағы басқа көптеген осындай жүйелер бүлiнген. Облыстың барлық аудандарында қолда бар өрттi табу және сөндiру жүйелерiне мамандандырылған кәсiпорындар қызмет көрсетпейдi және олар жұмысқа жарамсыз жағдайда.
Облыстың Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнде өнеркәсiп объектiлерiнде, әкiмшiлiк және тұрғын үй ғимараттарында әрi орман өрттерiмен тиiмдi күресуге мүмкiндiк беретiн жаңа сапалы техникалық құралдар жоқ.
Павлодар қаласының өзiнде болуға тиiстi 60 автоцистернаның 17-i ғана, ал Екiбастұзда болуға тиiстi 26-ның 6-уы ғана бар, Ақсуда болуға тиiстi 14-тiң 5-уi ғана болып отыр. 12 өрт сөндiру бөлiмшесiнiң аудан орталықтарында 100 автоцистернасы болуға тиiс болса, соның 25-i ғана бар. Облыста бар 53 өрт автоцистернасының 5-уi (Павлодарда 2-уi, Екiбастұзда - 1-уi, аудан орталықтарында - 2-уi) техникалық жағынан жарамсыз күйде. 32 автоцистерна 13 жылдан берi пайдаланылып келедi. Өрт машиналарына бөлшектер өзiмiзде шығарылмайтындықтан және жөндеу жұмыстарына қаржы аз бөлiнетiндiктен, осы жайлардың бәрi жағдайды қиындатып отыр.
Әсiресе, өртке арналєан техникаларға байланысты жағдай тым ауыр. Павлодар қаласында 9 автобаспалдақтар қажет болса, бары - 3 єана. Екiбастұзда 4 қажет болса, 1 - ғана, Ақсуға 2 қажет болса, 1 - ғана, бұлардың 2-уi қираған, ал оларды тек Россияда ғана жөндеуден өткiзуге болады. 10 және одан да көп қабатты Павлодар қаласында 32 ғимарат, Екiбастұзда бiр ғимарат бар, оларға қызмет көрсету үшiн ұзындығы 45-50 метрлiк автобаспалдақтар керек.
Жеңiл жедел көлiктiң жағдайы да осы тәрiздес.
Павлодар, Екiбастұз, Ақсу қалаларындағы өртке қарсы қызметтiң бюджеттiк бөлiмшелерiндегi жеңiл жедел машиналары 10 жылдан астам уақыт пайдаланылып келедi.
Әсiресе, жеке құрамның жеткiлiксiздiгi мәселесi шешiмiн таппауда.
Автоцистерналардағы жауынгерлiк топтарда 6 адамнан жұмыс iстеу керек болса, оларда 2-3-ақ адамнан iстейдi. Демалысқа шыєғу мен ауырғандарды ескергенде жағдай тiптен ауырлап кетедi, ал техника қауiпсiздiгi бойынша газ түтiнiнен қорғау қызметi звеносындағы адам саны 3-тен аз болса, дем алуға қиын ортада жұмыс iстеуге тыйым салынады.
Жауынгерлiк топтағы өрт сөндiру машиналарының тиiстi мөлшерi мен тәулiк бойы қызмет атқаратындықтарын ескере келе, Павлодар қаласындаєы жеке құрамның жалпы саны 360 адам, Екiбастұзда - 474, Ақсуда - 176 адам болуын талап етедi. Қазiр штат кестесi бойынша Павлодарда - 177, Екiбастұзда - 102, Ақсуда - 85 адам болуы керек.
Соңғы үш жыл бойы жанар-жағармайдың тапшылығынан жеке құрамның жаттығу және үйрету ойындарына шығуына, өрт гидранттарының жай-күйлерiн тексеруге баруларына тыйым салып отыр, соның салдарынан бөлiмшелердiң әскери даярлықтары мен жеке құрамның объектiлердiң жедел-тактикалық ерекшелiктерiн бiлу деңгейлерi төмендедi. Жарамсыз және асфальттың астында қалған гидранттар саны едәуiр өстi. Яєни, қалалық су жүйелерiне орнатылған 950 өртке арналған гидранттардың 605-i iстен шыққан, ал 94-i мүлде жоқ сондықтан көпшiлiк жағдайда өрттi бiрсыпыра қашық жерден су тасып сөндiруге тура келедi.
Тез жанатын және жаңғыш сұйық отынды, кабельдiң ғимараттар мен жертөлелердегi өрттi сөндiруге қажеттi көбiк түзгiш жоқ.
Өрт сөндiрушiлердiң 50 пайызы арнаулы киiмдермен қамтамасыз етiлмеген.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Мыналар:
өрттiң алдын алу және оны жою жөнiндегi жұмыстың деңгейiн арттыру;
өрттiң алдын алу және жою жөнiндегi шараларға оқыту, мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң төтенше жағдайлар кезiнде өрттi уақытында және тиiмдi сөндiру, апаттық-құтқару жұмыстарын орындау мен төтенше жағдайлардың салдарын жою жөнiндегi қызметтерiн тұрақты дайындықта ұстау
және одан әрi жетiлдiрудi қамтамасыз ету Бағдарламаның мақсаты болып
табылады.
Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай
мiндеттердi шешу көзделген:
кадр әлеуетiн нығайту, өрт сөндiрушiлердiң құқықтық қорғалуын
қамтамасыз ету;
өртке қарсы қызметтiң материалдық-техникалық базасын дамыту;
өрт сөндiру техникаларын жөндеу және оларға қызмет көрсету базасын
дамыту;
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет гарнизонының оқу базасын нығайту;
мамандандырылған бөлiмдердiң және құтқару отрядтарының жүйелерiн
жасау және дамыту;
өрт сөндiру қызметi жеке құрамының дене шынықтыру, психологиялық
даярлықтарын жақсарту;
оттан зардап шеккендердiң әлеуметтiк жағдайларын жақсарту
(жәрдемақыларды, мiндеттi сақтандыруды төлеу);
азаматтардың өрт кезiнде қайтыс болуы мен жарақат алуын азайту
жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтар арасында үгiт және
насихат жұмыстарын одан әрi күшейту;
өрттiң алдын алу жұмыстарын жақсарту;
өртке қарсы жұмыстың ұйымдық құрылымын жетiлдiру;
орман өрттерiн сөндiру үшiн өртке қарсы қызметтiң авиа- бөлiмшелерiн
ашу.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Осы Бағдарламада қойылған мiндеттер мен мақсаттарды шешу үшiн:
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмыс тәжiрибесi негiзiнде кәсiби бiлiктiлiктi арттыру және кадрларды даярлау мен қайта даярлау жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру;
өрт сөндiру қызметтерiн ұйымдастыруды жетiлдiру және апаттық-құтқару жұмыстарын өткiзудi жүзеге асыру. Өртке қарсы қызметтiң орталық өрт байланысы торабы базасының негiзiнде өртке қарсы қызмет күштерi мен құралдарын басқару орталығын ашу;
жұмыс iстеп тұрған өрт сөндiру бөлiмшелерiн өрт сөндiру-құтқару қызметтерi етiп қайта ұйымдастыру. Бөлiмдердiң кезекшiлiк күзеттерiнiң жауынгерлiк топтарын төрт ауысымдық кезекшiлiктi ескере келе тиiстi штаттық құраммен жасақтау. Жауынгерлiк топтарға зардап шеккендерге дәрiгерлер келгенше көмек көрсететiн кезекшi қарауылдарды енгiзу;
өртке қарсы қолданылатын өнiмдер сатып алу, өртке қарсы қызметтiң мамандандырылған бөлiмшелерiн қазiргi заманғы жабдықтармен толықтыру;
мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру;
мемлекеттiк өртке қарсы қадағалау органдарының өрттiң алдын алу және оның шығу себептерiн ашуды тергеу органдары жөнiндегi қызметтерiн жетiлдiру. Мемлекеттiк өртке қарсы қадағалау органдарының штаттық санын көбейту;
өртке қарсы үгiттi өрiстету және азаматтар мен мамандарды өрт
қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша оқыту жөнiнде шаралар қолдану;
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметке жұртшылықпен жұмыс жөнiндегi
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу облыстың
әлеуметтiк-экономикалық дамуына байланысты.
Тарау 6. 6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру
Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған жұмыстарды
қаржыландыру жергiлiктi бюджеттер бекiткен қаражаттар шегiнде жүзеге
асырылуға тиiс. Бағдарламаны iске асыруға жергiлiктi бюджеттерден қажет
етiлетiн ақша қаражатының болжамды мөлшерi:
2001 жылы - 1814,4 мың теңге;
2002 жылы - 121255 мың теңге;
2003 жылы - 55163 мың теңге;
2004 жылы - 102259 мың теңге;
2005 жылы - 19641 мың теңге.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Инвестициялар уақытылы жүзеге асырылған және Бағдарламада белгiленген iс-шаралар орындалған ретте 2006 жылға дейiн өртпен күресте белгiлi бiр оң нәтижеге қол жеткiзу және 20-30 пайыздай шығын қысқаруын қамтамасыз ету, адамдардың қаза болуы мен жаралануын азайту, өрт қауiпсiздiгiнiң тиiмдi жүйесiн құру және өртке қарсы қызметтiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi материалдық-техникалық база құру көзделуде.
Осы Бағдарламаны iске асыру:
заңнамалық және басқа да нормативтiк кесiмдердi әзiрлеудi қоса алғанда, құқықтық базаны жетiлдiруде;
өртке қарсы және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзетiн қазiргi заманғы отандық және импорттық құралдармен жарақталған арнайы бөлiмдер мен апаттық-құтқару отрядтары желiсiн құру және дамытуға;
зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек көрсетуге арналған материалдық-техникалық база құру;
қазiргi өртке қарсы қызмет бөлiмдерiнiң құрамында жедел ден қою бөлiмшелерiн құруға, оларды арнайы өрт сөндiру және авариялық-құтқару техникасымен, соның iшiнде, автомобильдермен, арнайы өрт сөндiру құралдарымен (көбiктеушiлермен, қатты-аэрозольды және су-аэрозольды өрт сөндiргiштерiмен, қазiргi заманғы арнайы құралдармен) жабдықтауға;
жедел әрекет және жедел байланыс жүйелерiмен жабдықтаудың және
қолданудың тактикалық тәсiлдерi мен нормативтерiн әзiрлеуге және енгiзуге;
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң объектiлерiнiң аяқталмаған және
жаңа объектiлерiн пайдалануға беруге мүмкiндiк бередi.