Қолданыстағы ред. 02.11.2006 (Редакция 30650_339529.kaz)

2001 жылғы 27 маусымдағы № 12-7 «Бөрлі ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 02.11.2006 г. № 29-5 (2001 жылғы 27 маусымдағы № 12-7 «Бөрлі ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

2001 жылғы 27 маусымдағы № 12-7 «Бөрлі ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының негізінде Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. «Бөрлі ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды Ережесін бекіту туралы» Бөрлі аудандық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы №12-7 (2001 жылдың 25 шілдедегі № 1000 тіркелген) шешіміне, 2006 жылдың 28 ақпандағы №25-4 «Бөрлі ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» өзгерістер енгізу туралы» (2006 жылдың 17 наурыздағы №7-3-24 тіркелген) шешімімен енгізілген өзгерістер ескере отырып келесі өзгерістер енгізілсін:

1

1) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» .Кодексіне өзгерістер енгізуіне байланысты, 2 тармағының 3 тармақшасы «сондай-ақ іс-әрекеті қарсаңында азаматтардың денсаулығына, ия болмаса мүлкіне залал келтірілген жағдайда 10 айлыққа дейінгі есептік көрсеткіш айып пұл қолданылады» алып тасталсын.

2

2) 1 тармағының 8 тармақшасы «қалалық коммуналдық меншіктік кооперативінде және Қазақстан Республикасының Бөрлі аудандық аумақтық басқармасының ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринарлық бақылау бөлімінде иттер тіркелінсін және паспортталынсын.» келесі редакцияда баяндалсын «Қазақстан Республикасының мал шаруашылық Министрлігінің Бөрлі аудандық аумақтық басқармасының малдәрігерлік қадағалау бөлімінде иттер тіркелсін және паспортталынсын.»

2

2. Осы шешім қолданып жүрген Заңдарға сәйкес заңды күшіне енеді