Қолданыстағы ред. 24.03.2005 (Редакция 23732_264180.kaz)

«Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарын сатуға арналған орындарды белгілеу туралы» 2001 жылғы 28 мамырдағы №7 қаулыға өзгерістер енгізу туралы от 24.03.2005 г. № 404 («Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарын сатуға арналған орындарды белгілеу туралы» 2001 жылғы 28 мамырдағы №7 қаулыға өзгерістер енгізу туралы)

0

«Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарын сатуға арналған орындарды белгілеу туралы» 2001 жылғы 28 мамырдағы №7 қаулыға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіруге байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарын арналған орындарды белгілеу туралы» ( 2001 ж. 27.06. тіркеу № 918) 2001 жылғы 28 мамырдағы № 7 қаулыға «Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарын сатуға арналған орындарды белгілеу туралы» Орал қаласы әкімдігінің 2001 жылғы 28 мамырдағы №7 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (24.07.2003 жылғы тіркеу №2245, 2003 жылғы 31 шілдедегі №15 «Пульс города» және 2003 жылғы 14 тамыздағы №35 «Жайық үні» газеттерінде жарияланған) 2003 жылғы 3 маусымдағы №548 қаулысымен, «Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарын сатуға арналған орындарды белгілеу туралы» Орал қаласы әкімдігінің 2001 жылғы 28 мамырдағы № 7 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» (16.09.2003 жылғы тіркеу №2286, 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №23 «Пульс города» және 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №41 «Жайық үні» газеттерінде жарияланған) 2003 жылғы 28 тамыздағы №850 қаулысымен енгізілген өзгертулерді ескеріп, келесі өзгертулер енгізілсін:

1

1) «Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарының сатуға бөлшек саудасы туралы Ережелері» №3 қосымшасындағы 3-тармақ бұзылсын.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.З.Зинуллинге жүктелсін.