Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в октябре-декабре 2001 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в октябре-декабре 2001 года
- Атауы (қаз.)
- Облыс аумағындағы азаматтарды 2001 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/11-72
- Қабылданған күні
- 11.10.2001
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2011 AI10516_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V01S000473_
- ЭКБ идентификаторы
- 10516
- Редакция идентификаторы
- AI10516_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:32
0 Облыс аумағындағы азаматтарды 2001 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.09.26 № 27 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Z939000_ Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 688 U010688_ "Әскери қызметiнiң белгiленген мерзiмiн өткерген әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ шығарды:
1
1. 2001 жылғы қазан-желтоқсанында шақыру күнiне дейiн жасы 18-ге толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарын, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айрылған азаматтарын Қазақстан Республикасының қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарына мерзiмдi әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2 2. Екiншi қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.
3 3. Аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдерiне:
1 1) аудандар мен қалалардың жергiлiктi өкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, әскери комиссариаттар арқылы мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз еткiзiлсiн;
2 2) дербес құрамы және шақыру өткiзудiң кестесi бекiтiле отырып, шақыру комиссиялар құрылсын;
3 3) әскери комиссариаттардың шақыру комиссияларының жұмысы үшiн үй-жаймен қамтамасыз етiлсiн;
4 4) шақыру комиссиясынан өту және әскери қызметтi өткеруге жөнелту үшiн азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келуi қамтамасыз етiлсiн;
5 5) қажеттi санда техникалық қызметкерлер мен көлiк бөлiнсiн;
6 6) көрсетiлген iс-шараларды орындаумен байланысты шығындар көрсетiлген iс-шараларға бөлiнген ассигнация аясында жергiлiктi бюджеттердiң қаржылары есебiнен iске асырылсын.
4 4. Денсаулық сақтау департаментiне:
1 1) Петропавл қаласындағы облыстық жинау пункттерiндегi медициналық комиссиялардың жұмысы қамтамасыз етiлсiн;
2 2) шақырылушыларды медициналық куәлендiру жөнiндегi комиссиялар дәрiгер мамандармен, әсiресе тар шеңберде маманданған дәрiгерлермен толықтырылсын;
3 3) шақыру комиссиялармен медициналық зерттеуге жiберiлген азаматтар үшiн емдеу-алдын алу мекемелерiнде орындар көзделсiн.
5 5. Облыстық iшкi iстер басқармасына:
1 1) шақыру комиссияларының құрамына Петропавл қаласы мен аудандық iшкi iстер бөлiмдерiнiң басшылық құрамының қатарынан лауазымдық тұлғалары енгiзiлсiн;
2 2) азаматтарды шақыру кезеңiнде әскери комиссариатпен бiрлескен iс-қимылдар ұйымдастырылсын, шақыру пункттерiнде тәртiп пен тәртiптiлiк қамтамасыз етiлсiн;
3 3) 10 қазаннан шақырылу кезеңінiң соңына дейiн облыстық жинау пункттерiнде тәулiк бойы кезекшiлiк ететiн полиция наряды бөлiнсiн;
4 4) әскери комиссариаттармен келiсiм бойынша темiржол стансаларында жас толықтырушыларды жинау және әскерге аттандыру орындарына күшейтiлген нарядтар бөлу қамтамасыз етiлсiн;
5 5) шақыру пункттерiне азаматтардың келулерiне бақылау жүргiзiлсiн, шақырудан бас тартуға жол берiлмесiн.
6 6. Петропавл қаласының әкiмiне облыстық жинау пункттерiнде азық-түлiктiк және өнеркәсiптiк тауарларды сату ұйымдастырылсын.
7 7. Мәдениет департаментiне шақыру пункттерiнде көркемөнерпаздар
ұжымдарының өнері көрсетiлсiн және әскери-патриоттық тақырыптарға арналған
кинофильмдер көрсету ұйымдастырылсын.
8 8. Туризм және спорт басқармасына облыстық жинау пункттерiнде
спорттық-бұқаралық iс-шаралары шақырылушылардың дене шынықтыру
дайындықтарын тексеру ұйымдастырылсын.
9 9. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
А.Ф.Вербнякке жүктелсiн.
24 Облыстық мәслихат пен
облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 12 қазандағы
N 13/11-72 бiрлескен
шешiмiне қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Вербняк Александр Федорович - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары
Амангелдиев Талғат Бекмұратұлы - комиссия төрағасының орынбасары, облыстық әскери комиссар
Комиссия мүшелерi:
Әкімханов Халел Қайроллаұлы - облыс әкiмiнiң аппарат басшысы
Кривошеева Зоя Ивановна - облыстық аурухананың медбибiсi, комиссия хатшысы
Мағзұмов Азамат Белгiбайұлы - облыстық денсаулық сақтау департаментi бастығының орынбасары
Рудный Петр Васильевич - облыстық әскери комиссариаттың дәрiгер-терапевтi, медициналық
комиссияның төрағасы
Сұлтанов Талғат Дүйсенбайұлы - облыстық IIБ-сы бастығының орынбасары