О проведении приписки граждан мужского пола 2001 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан мужского пола 2001 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш
- Атауы (қаз.)
- 2001 жылы туған ер азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеудi өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 20.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2019 117781_388356.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KR004552
- ЭКБ идентификаторы
- 117781
- Редакция идентификаторы
- 117781_388356
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:44
0 2001 жылы туған ер
азаматтарды Балқаш
қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бiрiктiрiлген
бөлiмiнің шақыру учаскесіне
тiркеудi өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Приозерск қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тiркеу ұйымдастырылсын.
2 2. Мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың басшыларына, оқу орындары мен басқа қоғамдық салалардың директорларына әскерге шақыру жасына дейiнгiлерді медициналық тексеруден өту және құжаттарды жинау үшiн, шақыру қағаздарын алғанда жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.
3
3. Приозерск қаласы әкімінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 3 «2000 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4126 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпандағы № 05/493 «Приозерский вестник» газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 3 ақпанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.
5 5. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледi.
«КЕЛIСIЛДI»
Балқаш қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы,
подполковник
_________________Н.У. Аманжолов
2017 жылғы «_____»_____________