Об утверждении нормативов платы за загрязнение окружающей среды на 2001 год по Южно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативов платы за загрязнение окружающей среды на 2001 год по Южно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемнің 2001 жылғa арналған мөлшерлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 407
- Қабылданған күні
- 27.11.2000
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2000 7489_264793.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00U0000219
- ЭКБ идентификаторы
- 7489
- Редакция идентификаторы
- 7489_264793
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:09
0 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемнің 2001 жылғa арналған мөлшерлерін бекіту туралы
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлемнің 2001 жылға арналған мөлшерi № 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.С. Халмұрадовқа жүктелсiн.
3 Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемнің 2001 жылға арналған мөлшерлері
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
27 қарашадағы № 407
шешiмiне
№ 1 қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны
ластағаны үшiн төлемнің 2001 жылға арналған мөлшерлері
1. Ластайтын заттарды тастағаны, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын белгiленген лимиттер шегінде орналастырылғаны үшiн төлемақы 2001 жылға келесi мөлшерлерде белгiленсiн:
1) Тұрақты көздерден бiр шартты тонна ластайтын заттарды ауаға тастағаны үшiн-350 теңге;
2) Меншiк нысандарына және ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан, жылжымалы көздермен (автомобильдермен, жол-құрылыс,ауыл шаруашылығы және өзгеде техниканың, тепловоздардың, өзен мен теңiз кемелерiнің тағы басқада) ластайтын тастамалармен атмосфералық ауаны ластағаны үшiн жұмсалған отынның 1 тоннасына:
этилсiз бензин - 300 теңге/тн;
этилдi бензин - 350 теңге/тн;
сұйытылған мұнай газы - 180 теңге/тн;
сұйытылған табиғи газы - 140 теңге/тн;
дизель жанар-жағар майы - 410 теңге/тн;
3) Су объектiлерiне ластайтын заттарды 1 шартты тоннасын тастағаны үшiн - 7000 теңге. Ластайтын заттарды мынадай орындарға тастағаны үшiн төлемақы мөлшері төмендетіледі:
жер бедерi мен коллекторларға - 10%,
жинағыштарға, биотоғандарға, сүзгiш алаңдарға және басқа
жерлерге - 15% төмендетiледi.
4) Қалдықтарды (соның ішінде тұрмыстық) және ағынды суларды бөлініп берілмеген аумақта орналастырғаны (сақтағаны, көмгенi) үшiн сол жер көлемiнiң 1 шаршы метрiне төлемақы - 100 теңге. Улы химиялық заттар үшiн төлем 10 есе өседi.
5) Арнайы бөлiнген аумақтарда, полигондарда, жинағыштарда және рұқсат етiлген қоқыс тастайтын жерлерде қалдықтарды орналастырғаны үшiн (тн. куб.):
Улылық
Класы
Әрбiр өлшем бiрлiгiне
төлем шегi, теңге
I
II
III
IV
V
Құрамында сынап бар
(бiр дана) шамды
орналастырғаны үшiн,
(0,065 грамм)
3200
1600
400
200
100
100 еселiк бағасы
2. Өз бетімен ластайтын заттарды тастағаны, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін, сондай-ақ өндіруші-кәсіпорындарда табиғатты пайдалануға рұқсаттары (лимиттері) болмаған жағдайда төлемақылар белгiленген төлем мөлшерiнен 10 есе артық көлемiнде өндiрiледi.
3. Мөлшерден тыс ластайтын заттарды тастағаны, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн еселенген төлемақы төлеу Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң 1994 жылдың 9-тамызында бекiткен қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн ақы төлеуді анықтау әдiстемесiне сәйкес белгіленеді.