Об утверждении нормативов платежей за загрязнение окружающей среды на 2001 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативов платежей за загрязнение окружающей среды на 2001 год
- Атауы (қаз.)
- Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2001 жылға арналған төлемдер мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 215
- Қабылданған күні
- 11.12.2000
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2000 7713_258801.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00Z0000632
- ЭКБ идентификаторы
- 7713
- Редакция идентификаторы
- 7713_258801
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:08
0 Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2001 жылға арналған төлемдер мөлшерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі N 160-1, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2578-ХІІ және "Бюджеттік жүйе туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 Заңдарын басшылыққа алып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны (шығарғаны), өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2001 жылға арналған төлемдер мөлшері бекітілсін (N 1 қосымша).
2. Коммуналдық салаға қызмет көрсететін бюджеттік кәсіпорындарға, жолаушылар көлігі және мемлекеттік жүк автокөлігі кәсіпорындарына қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер бойынша жеңілдіктер берілсін (N 2 қосымша).
3. Облыстық салық комитеті облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры, аудандардың және Орал қаласының әкімдері және арналуы өкілді органдар табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді, табиғат қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін айыппұлдарды, ақылы талаптарды және тәркіленген аңшылық пен балықшы құралдарын, заңсыз өндірілген өнімдерді сатудан түскен қаражаттарды бюджеттік жіктеу кодтарына сәйкесінше дер кезінде төлеуіне бақылау орнатсын.
4. Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық аумақтық өсімдіктер мен жануарлар дүниесін мемлекеттік бақылау басқармасы, облыстық ішкі істер басқармасы табиғат пайдалану заңдылықтарын бұзғаны үшін айыппұлдар мен ақылы талаптардан, тәркіленген аңшылық және балықшы құралдарын, заңсыз өндірілген өнімдерді сатудан түскен қаражаттарды белгіленген тәртіпте бюджет пайдасына аударуды қамтамасыз етсін.
5. Облыстық қаржы басқармасы, облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры төлемдерді бекітілген сметадағы экологиялық шараларды қаржыландыруға және табиғатты пайдалануға мақсатты жұмсауды қамтамасыз етсін.
6. Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры табиғатты арнайы пайдалану ретінде шаруашылық қызметін жүргізуші барлық заңды және жеке тұлғалармен табиғатты пайдалану үшін шарт жасауды қамтамасыз етсін.
7. Осы шешім және қоршаған ортаны ластағаны үшін 2001 жылға арналған төлемдер нормативі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
8. Облыс әкімінің "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2000 жылға төлемдер мөлшерін бекіту туралы" 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 244-ші шешімінің күші жойылды деп танылсын.
9. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.М. Әкімовке жүктелсін.
10 Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін 2001 жылдарға арналған төлемдер мөлшері
Облыс әкімінің 2000 жылғы
11 желтоқсандағы N 215
шешіміне N 1 қосымша
Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны және
өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін
2001 жылдарға арналған төлемдер мөлшері
Төлемдер түрлері
Төлемдер мөлшері, теңге
Бюджеттік ұйымдарға коммуналдық салаға қызмет көрсететін кәсіпорындар, жолаушылар көлігі мен жүк автокөлігі мемлекеттік кәсіпорындары үшін
басқалай табиғат пайдаланушылар үшін
Стационарлық көздерден ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны) үшін төлем (1 шартты тонна үшін):
а) атмосфераға ластағыш заттарды шығару
б) ластағыш заттарды тастау:
- су объектілеріне
- жинағыштарға
- сүзу жолдарына
- жер рельефтеріне
250
2500
2500
2500
2500
350
5000
2500
3500
4500
1. Жылжымалы көздерден атмосфераға ластағыш заттарды тастағаны үшін төлем (жағылған отынның 1 тоннасы үшін):
а) этилденбеген бензин үшін
б) этилденген бензин
в) дизелді отын үшін
г) сұйық газ үшін
д) сығымдалған табиғи газ үшін
250
250
380
225
150
300
250
390
230
150
2. Өндіріс пен тұтыныс қалдықтарын олардың улағыштық дәрежесіне қарай қоршаған ортаға орналастырғаны үшін төлем (1 тонна үшін):
1 сынып (32 балл)
2 сынып (16 балл)
3 сынып (4 балл)
4 сынып (2 балл)
5 сынып (1 балл)
2560
1280
320
160
80
3200
1600
400
200
100
11 Коммуналды салаға қызмет көрсететін, жолаушылар көлігі және жүк автокөлігі мемлекеттік кәсіпорындарының тізімі.
Облыс әкімінің 2000 жылғы
11 желтоқсандағы N 215
шешіміне N 2 қосымша
Коммуналды салаға қызмет көрсететін, жолаушылар көлігі және жүк автокөлігі мемлекеттік кәсіпорындарының тізімі.
Коммуналдық салаға қызмет көрсететін кәсіпорындар:
1.
«Жайықжылуэнерго» ААҚ
7.
«Орал силикат кірпіші зауыты» ААҚ-ның жылыту қазаны
2.
«Алау» ЖШС
8.
«Электрод» ЖШС-нің жылыту қазаны
3.
«Оралэнерго» АҚ
9.
Локоматив депосының жылыту қазаны
4.
«Оралоблгаз» АҚ
10.
Агроколледждің жылыту қазаны
5.
«Суканал» облыстық басқармасы
11.
Агроуниверситеттің жылыту қазаны
6.
Монша-кіржуу комбинаттары
Жолаушылар көлігі кәсіпорындары:
1. "N 1 Автобус паркі" ашық акционерлік қоғамы;
2. "N 2 Автобус паркі" ашық акционерлік қоғамы;
3. "N 1 Жолаушылар көлігі автокәсіпорыны" акционерлік қоғамы;
4. "Дилижанс-авто" қоғамдық бірлестігі;
5. "Пассажир" қоғамдық бірлестігі;
6. "Ақжол" қоғамдық бірлестігі;
7. "Автобытсервис" ашық акционерлік қоғамы;
8. "Сұңқар" транспорт қоғамы;
9. "АТП Жайық" акционерлік қоғамы, Чапаев ауылы;
10. "Жолаушы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық мекемесі, Жәнібек ауылы;
11. "Мөлдір" кооперативі, Еңбек ауылы, Теректі ауданы;
12. "Алтынбек" жеке кәсіпорыны, Қалдығайты ауылы, Қаратөбе ауданы;
13. "Сапар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Казталовка ауылы;
14. "Арай" ашық акционерлік қоғамы Каменка ауылы, Тасқала ауданы;
Жүк автокөлігі мемлекеттік кәсіпорындары:
15. "Бірлес" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Бударин ауылы, Ақжайық ауданы.
Жүк автокөлігі мемлекеттік кәсіпорындары:
1. 3056 Автоколоннасы; 3. Почта байланысы;
2. 3055 Автоколоннасы; 4. "Спецавтобаза" МҚК;