О кредитовании сельхозтоваропроизводителей области для приобретения горюче-смазочных материалов на проведение весенне-полевых и уборочных работ 2001 г. Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 ж. көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын жүргізуге жанар-жағар материалдарды сатып алу үшін ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерін несиелендіру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат Басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 18.04.2000 ж. N 503 ”Ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерін 2001 ж. көктемгі дала және жиын-терін жұмыстары кезеңіне жанар-жағар материалдармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы” қаулысына және облыстық Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының 25.04.2001 ж. ”Облыстық Мәслихаттың VIII сессиясының 29.12.2000 ж. N 2 ”2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы” шешіміне сәйкес:
Тармақ 1
1. ”Ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерін 2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын жүргізуге несиелендіру” бағдарламасының Әкімшісі болып облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Т.А.Алтынбеков) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын жүргізуге жанар-жағар материалдарын сатып алу үшін несиелендіру Ережелері (N 1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Бағдарлама Әкімшісіне ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерін 2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын кезеңіне жанар-жағар материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында оларды несиелендіру үшін республикалық бюджеттен қарызға алынған сомасы 186,7 млн. теңге қаржы бөлінсін.
Тармақ 4
4. Бағдарлама Әкімшісіне ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерін несиелендіру Оператор арқылы жүзеге асыру, несиенің мақсатты пайдаланылуына бақылау қою тапсырылсын және оның мезгілінде қайтарылуына жауапкершілік жүктелсін.
Тармақ 5
5. Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы (Е.Қ.Сыздыков) мен облыстық ауыл шаруашылығы департаменті тілек білдірген коммерәиялық кәсіпорындар қатарынан Оператор іріктеу жөнінде конкурс өткізсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдері: -егістік алаңдарының көлеміне және өтімді кепілдік мүліктің бар-жоғына сая келіп, несиелендіру үшін шаруашылықтар тізбесін анықтасын; -ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алынған несиелерді мақсатты пайдалануына қатаң бақылау қойсын; -ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері алған несиелердің мезгілінде қайтарылуына дербес жауапкершілік алсын.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің қаржы басқармасы (С.Н.Нүгербеков) мен облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Т.А.Алтынбеков) республикалық бюджеттен қаржылар алуға құжаттарды мезгілінде ресімдеуді қамтамасыз етсін және олардың мерзімінде қайтарылуына бақылау қойсын.
Тармақ 8
8. Аталмыш шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасарлары С.Б.Өтешовке және С.Т.Тұңғышбековке жүктелсін.
Басқа 1. 2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын өткізуге жанар-жағар материалдарын сатып аул үшін Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерің несиелеу ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімінің 2001 жылғы 28.04. N 72 шешіміне N 1 қосымша 2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын өткізуге жанар-жағар материалдарын сатып аул үшін Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерің несиелеу ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже Осы ереже Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы “2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы” Заңында көзделген “Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 ж. 13.04 N503 “2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын кезеңіне жанар-жағар материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы” қаулысына сәйкес көктемгі дала және жиын-терін ж ұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға жанар-жағар материалдарын сатып алу үшін жергілікті бюджеттерді несиелендіру” 83 бағдарламасы бойынша несие беру тәртібі және беру жағдайларын анықтайды.
Тарау 2. 2. Несиелеу тәртібі
2. Несиелеу тәртібі
Тармақ 1
1. Республикалық бюджеттен түскен несие ресурстары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қайтарымдық, мерзімділік және 186.7 млн. теңге сомасындағы жанар-жағар материалдарын (ЖЖМ) сатып алуға сыйақының нөлдік ставкасы бойынша қамтылу шартында Оператор арқылы тауарлық несиелеу үшін бағдарлама әкімшісі – облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне бөлінеді.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелеу оператор – конкустық негізде анықталатын (дар) қарыз алушы (лар) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Әкімші және Оператор республикалық бюджеттен қарызға алынған қаржылар есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелеуге қатысады. Аудандар әкімдері ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелеуге арналған тізімдері құрайды және ұсынады.
Тармақ 4
4. Бағдарлама әкімшісі: -Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін әрі қарай тауарлық несиелеу үшін рға бағдарлама Операторымен келісім-шарт жасайды; -ЖЖМ түсуін және оның қарыз алушыларға бөлінуін бақылайды, алынған несиенің облыстық бюджетке қайтарылу мониторингін қамтамасыз етеді; -Несиелік ресурстарды уақытында қайтармаған жағдайда Операторға қатысыт наразылық – талап жұмыстарын жүргізеді; -Бөлінген қаржыларды толық қайтарғанда дейін тауарлық несиені өтеу есебінен толық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен Оператор жинаған астықты өз қалауы бойынша пайдалан алады. Операторға астықты облыстың азық-түлік мұқтаждықтары үшін келісілген баға бойынша сатуға рұқсат береді.
Тармақ 5
5. Аудандар әкімдері: -Бағдарлама Әкімшісі мен Операторға келісу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін ұсынады; -ЖЖМ түсуіне, оны ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақсатты пайдалануына және олардың тауарлы несиелерді ақшамен немесе азық-түлік астығымен (егер бұл келісім шарттарында айтылған жағдайда) мезгілінде қайтаруына 2001 жалғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде бақылауды қамтамасыз етеді. -облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің несие ресурстарын қайтаруы және оларды облыстық бюджетке есепке жатқызуы туралы ақпарат ұсынады.
Тармақ 6
6. Оператор: -Бағдарлама Әкімшісімен ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерін банк кепілдемесін немесе басқа қаматамасыз етуді бере отырып тауарлы несиелендіру үшін белгіленген несие қаржыларын алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерімен тауарлы несиелендіруге (ЖЖМ) келісім шарт жасайды; -ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне тауарлы несиелендіруге көктемгі дала және жиын-терін жұмыстары үшін ЖЖМ босату жолымен бөлінген несие ресурстарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді; -бағалар мониторингін өткізеді, барынша төменгі баға ұсынған жеткізіп берушімен келісім шарт жасайды және оған ЖЖМ сатып алуға несие ресурстарын аударады; - аудан әкімі ұсынған және кепілдік берген ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне нөлдік ставка бойынша тауарлы несие есебінен ЖЖМ босатуды қамтамасыз етеді; -үшінші класты жумсақ бидайдың тоннасына 80 АҚШ доллары есебінен тауарлы несиені өтеу есебіне астық қабылдауды жүзеге асырады; -Әкімшіден алынған несие қаржыларын келісім шартпен белгіленген мерзімді қайтаруды қамтамасыз етеді және бөлінген қаржыларды мезгілінде қайтармағаны үшін жасалған келісім шарттарға сәйкес қаржы жауапкершілігін алады; -тауарлы несиені мезгілінде қайтармаған жағдайда ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне қатысты наразылық-талап жұмысын жүргізеді; -келісілген бағалар бойынша облыстың азық-түлік мұктаждықтарына Әкімшінің рұқсатымен тауарлы несиелендіруге байланысты туындаған өз шығындарын кейін астықты өткізу (егер несиені қайтару астықпен жүзеге асырылған жағдайда) есебінен жабады.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері: -Оператормен тауарлы несие алуға және оны мезгілінде қайтаруға келісім шарт жасайды; -тауарлы несиені (ЖЖМ) көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарына мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді және оны мақсаттан тыс пайдаланған жағдайда жасалған келісім шарттарға сәйкес қаржы жауапкершілігін алады; -тауарлы несиені ақшамен немесе ащық-түлік астығымен (егер бұл келісім шарттарында айтылған жағдайда) қайтаруды қамтамасыз етеді, мезгілінде қайтармаған жағдайда жасалған келісім шарттарға сәйкес қаржы жауапкершілігін алады.