О региональной Программе занятости населения Западно-Казахстанской области на 2001 год и плане мероприятий по ее выполнению Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы халықты жұмыспен қамтудың 2001 жылға арналған аймақтық Бағдарламасы және оны орындау жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004
№ 9-4 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 мамыр 2000 жылғы N 789 "Қазақстан Республикасындағы бағдарламаларды дайындау Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы халықты жұмыспен қамтудың 2001 жылға арналған аймақтық Бағдарламасы және оны орындау жөніндегі шаралары бекітілсін.
Басқа 2. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛЫҚТЫ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ
2001 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ
БАҒДАРЛАМАСЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛЫҚТЫ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ
2001 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Орал қаласы 2001 жыл.
Бағдарламаның паспорты
Атауы: Халықты жұмыспен қамтудың 2001 жылға арналған аймақтық бағдарламасы.
Тармақ 1
1. Кiрiспе.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту саласындағы проблеманың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау.
Тармақ 3
3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi.
Тармақ 4
4. Бағдарламаны жүзеге асырудың тетiгi мен басты бағыттары.
Тармақша 1
1) Жұмыссыздықпен күрес.
2001 жылғы мемлекеттiк жұмыспен қамту саясаты.
Жұмыс орындарын көбейтуге және қалпына келтiруге ықпал ету.
Инвестициялық саясат.
Өнеркәсiптi дамыту.
Шағын кәсiпкерлiкке жәрдемдесу.
Ауылдық жерде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Тармақша 2
2) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң шаралары.
Жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау.
Iшкi еңбек рыногын қорғау.
Жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу.
Тармақша 3
3) Еңбек рыногындағы әлеуметтiк әрiптестiк.
Тармақ 5
5. Оларды қаржыландыруға қажеттi ресурстар мен қаржы көздерi.
Тармақ 6
6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже.
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудағы iс-шаралар жоспары.
Бағдарламаға қосымшалар:
№1 "2001 жылы Батыс Қазақстан облысында өнеркәсiп, құрылыс және құрылыс индустриясы салаларында жұмыс орындарын құру"
№2 "2001 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кешенiнде жергiлiктi қызметкерлер үшiн қосымша жұмыс орындарын құру"
№3 "2001 жылы Батыс Қазақстан облысында шағын кәсiпкерлiктi дамыту саласында жаңа жұмыс орындарын құру"
№4 "Жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау бойынша 2001 жылға арналған iс-шаралар"
Тарау 1. 1. Кiрiспе
1. Кiрiспе
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-2 Заңы негiзiнде дайындалды.
Бағдарлама еңбек рыногындағы шиеленiстi шешуге жұмыспен қамту саласында азаматтардың құқығы мен әлеуметтiк кепiлдiктi қамтамасыз етуге, мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатына сәйкес жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғауға бағытталған шараларды қарастырады.
Бағдарламаны дайындау туралы шешiм:
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-2 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы №367 "2000-2002 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл Бағдарламасын жүзеге асыру шараларының жоспары туралы" Қаулысы.
Тарау 2. 2. Жұмыспен қамту саласындағы проблеманың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау.
2. Жұмыспен қамту саласындағы проблеманың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау.
Тұрғын халықтың жалпы саны 604,4 мың адамды құрайды, соның iшiнде, қала тұрғыны - 247,6 мың адам (41%).
Халықтың жынысы бойынша жас құрылымы мынадай: ерлер - 48,3%, әйелдер - 51,7%, жалпы тұрғын халықтың - 53% еңбекке жарамды жастағы адамдар.
Еңбек ресурстарының саны 340,7 мың адамды құрайды, олардың iшiнде - 300,3 мың адам экономикалық тұрғыдан белсендi халық, экономикада жұмыспен айналысатын адам саны - 276,9 мың. Жыл сайын экономикалық тұрғыдан енжар халық саны азайып келедi. Жұмыссыздық саны 23,4 мың адамды құрайды, оның iшiнде ресми тiркелгенi - 10,1 мың адам.
Жұмыс күшiне деген сұраныс оның талабымен сәйкес келмейдi, құрылымдық жұмыссыздық орын алуда. 2000 жылы 9401 адам өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмады, соның iшiнде, өнеркәсiп саласы бойынша - 1050, ауыл шаруашылығы бойынша - 1670, бiлiм саласында - 752, денсаулық қорғау саласында - 544, құрылыста - 633 және басқа да салалар бойынша - 4752 адам.
2000 жылы бос орындардың орташа айлық саны 524 орынды құрады, жыл аяғында бiр жұмыс орнына тiркеуде бар 29 жұмыссыздан келдi, оның iшiнде 24-i ауылдық жерден.
Жасырынды жұмыссыздық фактiлерi бар: 2001 жылдың 1 қаңтарына 26 кәсiпорындағы өндiрiс толықтай немесе жартылай тоқтатылды, 2,6 мың адам ерiксiз демалыстарда жүрдi, 1,5 мың адам қысқартылған жұмыс кестесi бойынша жұмыс iстедi. Жасырын жұмыссыздық деңгейi жыл аяғында 1999 жылы 2,5 пайыздан 2000 жылы 1,5 пайызға дейiн кемiдi.
2000 жылы жұмыспен қамту қызметiне 14349 адам тiркелген, 5992 адам еңбекпен қамтылды, оның iшiнде, 607 адам квота бойынша алынды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 5654 адам жiберiлдi, кәсiптiк даярлауға және қайта даярлауға 928 жұмыссыз адам жiберiлдi.
11812 жұмыс орны құрылды, оның iшiнде өнеркәсiпте - 581, шағын кәсiпкерлiкте - 4352, ауыл шаруашылығында - 1106, Қарашығанақ кешенiнде - 3421, құрылыста және коммуналдық шаруашылық саласында - 2127, басқа салаларда - 225.
Тарау 3. 3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты:
Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттiк кепiлдiктердi, халықты жұмыспен қамтамасыз ету есебiнен аз қамтылған азаматтардың күн көрiс өмiр деңгейiн көтеру, жұмыссыздық деңгейiн әлеуметтiк-қолайлы өмiр деңгейiне жеткiзудi және қолдауды қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мiндеттерi:
Бағдарламаның көздеген мақсатын жүзеге асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу қарастырылады:
экономиканың реалды бөлiмiнде жұмыс орындарын қалпына келтiруге, жаңартуға және құруға жәрдемдесу;
шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуды қолдау және оларды ынталандыру, азаматтардың еңбекке белсендiлiгiн туғызу;
жұмыспен қамту проблемаларын шешуде жергiлiктi атқарушы органдардың рөлiн көтеру;
iшкi еңбек рыногын қорғау.
Тарау 4. 4. Бағдарламаны жүзеге асырудың тетiгi мен
басты бағыттары
4. Бағдарламаны жүзеге асырудың тетiгi мен
басты бағыттары
Облыс экономикасын тұрақтандырудағы алынып жатқан шаралар жұмыссыздыққа және жұмыспен қамтуға белгiлi ықпалын тигiзедi.
2001 жылы еңбек рыногы мынадай факторлардың ықпалымен құрылатын болады:
структуралық қайта құру және өндiрiстiң қайта жабдықталуы;
инвестициялық белсендiлiк;
кәсiпорындар мен мекемелерден жұмыстан шығару;
көшi-қон қозғалысы.
3 мың адам жұмыстан босатылады деп күтiлуде.
Еңбек рыногында 9 мыңнан астам азамат жаңадан жұмыс iздейдi деп күтiлуде, оның iшiнде 7,5 мыңы - оқу орындарын бiтiрушiлер, 1,5 мыңы - Қарулы Күштер қатарынан оралғандар.
Тұрақсыздық салдарынан жұмыстан босағандар және көшiп, қоныс аударушылар есебiнен жұмыс iздеушiлiк саны 25 мың адамға жетуi мүмкiн.
Жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейi мәселелерi бойынша өкiлеттi органға 2001 жылы келушiлердiң болжамды саны аудандар бойынша төмендегiдей көрсеткiштерге жетедi деп күтiлуде:
Аудандар
Келушілер саны (адам)
Жұмыссыздық деңгейі (%)
Акжайық
800
4,6
Бөкей ордасы
750
10,9
Бөрлі
1600
7,2
Жаңақала
1350
12,3
Жанібек
750
9,3
Зеленов
10501700
4,6
Казталовка
760
9,8
Каратөбе
750
10,8
Сырым
650
7,6
Тасқала
1050
7,1
Теректі
680
5,7
Шыңғырлау
10610
8,5
Орал қаласы
22500
9,2
Барлығы Облыс бойынша
7,9
1) Жұмыссыздықпен күрес.
2001 жылғы мемлекеттiк жұмыспен қамту саясаты
2001 жылы халықты жұмыспен қамту саласындағы саясаттың басты бағыттары мынадай болып табылады:
жұмыс орындарын құру және қалпына келтiруге жәрдемдесу;
қосымша жұмыс орындарын құру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуын қолдау және ынталандыру;
жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға жәрдемдесу; халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
еңбек рыногындағы өзгерiстердi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау және қайта даярлау iсiнде ыңғайлы жүйелер ұйымдастыру;
жұмыспен қамту проблемаларын шешуде жергiлiктi атқарушы органдардың рөлiн арттыру.
Жұмыс орындарын құру және қалпына келтiруге ықпал ету.
Инвестициялық саясат.
Облыстағы инвестициялық саясат мұнай-газ саласы арқылы экономиканың өсуiн қамтамасыз етуге, өнеркәсiп өндiрiсiн диверсификациялауға, ауылшаруашылық өнiмдерi мен шикiзат өндiретiн кәсiпорындарды дамытуға, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту және қолдауға бағытталған.
Бұл саясатты жүзеге асырудағы стратегиялық бағыттары болып мыналар табылады:
газ шығару және газ конденсатын қайта өндiру көлемiн арттыру үшiн ыңғайлы инвестициялық жағдай туғызу;
елдiң қажетi үшiн конверсиялы қорғаныс кәсiпорындарының қуатын пайдалану;
халық тұтынатын тауарлар мен жергiлiктi өнiмдердi шығаруды кеңейту мақсатымен қорғаныс және басқа да өнеркәсiп кәсiпорындарына диверсификация өткiзу;
ауылшаруашылық өнiмдерi мен шикiзат өндiрiсiн кеңейту, оны шағын және орта бизнесте өңдеу мен орынды пайдалану;
өнiм түрлерiн кеңейту және бәсеке қабiлеттiлiгi үшiн жағдай туғызу.
Бiр жыл iшiнде экономика дамуының негiзгi капиталына қосылатын инвестиция көлемi 115000 млн. теңге болады деп болжам жасалуда, соның iшiнде (млн. теңге):
Республикалық бюджет – 500
шетел инвестициялары – 112909
халықтың қаражаты – 363
мемлекеттiк емес бөлiмдердiң қаражаты – 391
мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң қаражаты – 127
жергiлiктi бюджет қаражаты – 710
Әлеуметтiк жоба бойынша шетел инвестицияларын тарту есебiнен жыл iшiнде облыстық құрылыс мекемелерiнен 890 жұмыс орнын құру көзделуде:
"Альтаир" ЖШС – 120
"Уральскводстрой" АҚ – 30
"Жайықсельстрой" құрылыс-монтаж фирмасы – 100
"Құрылысгаз" АҚ – 93
"Батысстрой" ЖШС – 92
"Батыс" АҚ – 50
"Интергазстрой" ААҚ – 180
"Бурлингазстрой" АҚ – 200
"Отделстрой" ПК – 25
Өнеркәсiптi дамыту.
Өнеркәсiп өрiсiнде, инфрақұрылымдар мен индустриялық құрылыстарға ауыл шаруашылығына және шағын бизнеске iрi кәсiпорындар мүмкiндiктерiн неғұрлым толық пайдалану, қайта пiшiндеудi өткiзу, мемлекеттiк тапсырыстармен, инвестицияланған кәсiпорындар мен мекемелердiң тапсырыстарымен қамтамасыз ету, түптеп келгенде-жасырын жұмыссыздықты қысқарту, жаңа өнiмдер шығару мен өндiрiстi өсiру негiзiнде жаңа жұмыс орындарын құру мiндетi қойылуда.
Бiр жыл iшiнде өнеркәсiп, электр энергиясы салаларында 357, құрылыс мекемелерiнде 1224 жұмыс орындарын құру жоспарлануда. (№1 Қосымша)
Қарашығанақ мұнай-газ конденсатының тұрған жерiн дамыту мен жайландыруға қосымша 2325 жұмыс орнын құру көзделуде. (№2 Қосымша)
Шағын кәсiпкерлiкке жәрдемдесу.
Жұмыспен қамту саясаты азаматтардың еңбекке және кәсiпкерлiкке белсендiлiгiн қолдауға бағытталған. Ең маңыздысы - жұмысы тоқтаған iрi кәсiпорындардың базасынан өндiрiстiң басым бағыттары бойынша шағын өндiрiстiк кәсiпорындар құру тәжiрибесiн енгiзу болып отыр.
Шағын бизнестi қолдау жоспары бос тұрған объектiлердi және коммуналдық меншiктегi ғимараттарды жалға беру, тұрғын үйлердiң бiрiншi қатарындағы пәтерлердi қайта жобалап, жабдықтауға рұқсат ету, дүкендер мен тұрмыстық қызмет көрсету пункттерiн, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiн ашуға көмектесу арқылы жүзеге асатын болады.
Шағын бизнес саласындағы бiрден-бiр мақсатты бағыттар: ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу (ет, астық, жүн, бидай) iшiмдiксiз сусындар өндiру, ауыл шаруашылығы жабдықтары, құрылыс материалдары, картонды-қағаз өнiмдерi және тоқыма бұйымдары, жөндеу-құрылыс және басқа да қызмет түрлерi.
Орталықтандырылған қаржы қорынан және табысы аз азаматтарды қолдау аймақтық қорынан, шетелдiк қорлар қаражаты есебiнен басым жобалауларға жеңiлдiк несиелер, "Микрокредит" Үкiмет Бағдарламасына сәйкес несиелер беру, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн шығарушыларға мақсатты несиелер бөлу қарастырылады. Жыл iшiнде шағын кәсiпкерлiк саласында қосымша 3293 жұмыс орындарын құру жоспарлануда (№3 Қосымша).
Ауылдық жерде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Экономиканың аграрлық секторында 3,9 мыңнан астам ауыл шаруашылығын қалыптастырушылар жасайды. Мұнан басқа ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен 103,6 мың азамат өз бау-бақшасында айналысады.
Бүгiнде азаматтардың жеке шаруашылығынан және шаруа (фермерлiк) қожалықтарынан 83 пайыз ет, 94 пайыз сүт, 78 пайыз жүн, 97 пайыз картоп және облыстың барлық көлемiнде бау-бақша өнiмдерi өндiрiледi. Сондықтан да ауылдағы жұмыссыздықпен күрестiң негiзгi бағыттары - жеке қосалқы шаруашылықты өрiстету, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарынан жаңа жұмыс орындарын құру, өзiн-өзi еңбекпен қамтуға жағдай жасау болып табылады.
Халықтың жеке шаруашылығын дамыту үшiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiруге және малдың жас төлдерiн сатып алуға шағын несиелер бөлiнетiн болады.
Барлығы бiр жыл iшiнде, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде 2015 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда, соның iшiнде, аудандар бойынша:
Ақжайық – 159
Бөкей ордасы – 110
Бөрлi – 50
Жаңақала – 94
Жәнiбек – 191
Зеленов – 356
Казталовка – 128
Қаратөбе – 105
Сырым – 214
Тасқала – 109
Теректi – 281
Шыңғырлау – 147
Орал қаласы – 71
2) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң шаралары.
Жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Еңбек рыногындағы негiзгi шаралардың бiрi-белсендi жұмыс iздеушiлерге, азаматтарды еңбекке орналастыруға жәрдемдесу болады. Жұмыспен қамту саясаты азаматтардың еңбекке және кәсiпкерлiк iске ынталы белсендiлiгiн қолдауға бағытталған.
Аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтары Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсынысты реттеп отыру шараларын жүзеге асырады. Бiр жыл iшiнде барлығы 6938 жұмыссызды еңбекке орналастыру көзделуде, соның iшiнде жұмыспен қамту орталықтары арқылы - 6600 (№4 Қосымша).
Аудандық әкiмдер мен Орал қалалық әкiмiнiң шешiмдерiмен халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiнде қосымша шаралар қолданылады. Нысаналы топтарға: табысы аз адамдар; 21 жасқа дейiнгi жастар; балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейiнгi балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар; зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар жатады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Президенттiң Қазақстан халқына жолдаған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес стратегиясында жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту, оларды әлеуметтiк жағынан қолдауды қамтамасыз ететiн шаралардың бiрi ретiнде ақылы қоғамдық жұмыстарды өрiстетудiң қажеттiлiгi атап көрсетiлген.
Бiр жыл iшiнде облыс тұрғындарының 4023 жұмыссыз азаматтарын қоғамдық жұмыстарға тарту жоспарлануда, бұл мақсатқа жергiлiктi бюджет есебiнен 47,3 млн. теңге қаражат бөлiнетiн болады (N 4 Қосымша). Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстар жұмыс берушiлер есебiнен де ұйымдастырылатын болады.
2000 жылғы желтоқсанның 14-дегi облыс әкiмдерiмен өткен мәжiлiсiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылға берiлген бес тапсырмасын орындау хақында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы көзделген бағыттар - жол құрылысы және жөндеу, орман алқабын реттеу, тұрғылықты жерлердiң санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсартудағы жұмыстар болады.
Жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау.
Жұмыссыздарды кәсiби даярлауға және қайта даярлауға жiберудi ұйымдастыру үшiн еңбек рыногына қажеттi мамандықтар таңдау мен қазiргi заман талабына сай бiлiм деңгейiн қамтамасыз ететiн бiлiм беру мекемелерiн конкурс арқылы iрiктеу енгiзiлдi.
Бiр жыл iшiнде, кейiннен жұмысқа орналастыру мақсатымен 830 жұмыссыз адам төмендегiдей мамандық бойынша оқытылатын болады:
компьютер есепшi-операторы – 115
компьютер операторы – 85
компьютер менеджер-операторы – 60
программист – 80
хатшы-референт – 65
көлiк жүргiзушi – 65
газ-электр пiсiрушi – 40
телерадио аппараттарын жөндеу шеберi – 40
электр жабдықтарының шеберi – 35
тiгiншi – 45
пiшушi – 40
тас қалаушы – 35
штукатур-майлаушы – 20
сантехник (құбырларды жөндеушi) – 10
ұста ағаш шеберi – 10
шаштаразшы – 45
шағын бизнестiң кәсiпкерi – 40
Өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз ететiн бағдармен 170 жұмыссызды төмендегiдей мамандықтар бойынша оқыту көзделiп отыр:
тоқыма бұйымдарын тоқушы – 30
қол тiгiншiсi – 20
бас киiм тiгу шеберi – 20
уқалаушы (массажист) – 25
аяқ киiмшi – 14
аспазшы-бармен және официант қызметкерi – 14
үйде тәрбие берушi – 14
қызметшi әйел – 13
қаптаушы-мозайкашы – 20
Барлығы бiр жыл iшiнде 1000 жұмыссызды даярлау және қайта даярлауға жiберу көзделiп отыр. Облыс бюджетiнен бұл мақсатқа 15,9 млн. теңге бөлу қарастырылды.
Iшкi еңбек рыногын қорғау.
Жұмыспен қамту саясатының тағы бiр негiзгi бағыттанған мақсатының бiрi-iшкi еңбек рыногын қорғау болып отыр, осымен байланысты шетелден мамандар әкелуге шектеу қою шаралары алынатын болады.
Облыс көлемiнде 5 шетел жұмыс күшiн пайдаланып отырған 65 шетел компаниялары жұмыс iстейдi, оларда 11250 адам, соның iшiнде, 1525-i шетел мамандары, бұл жұмыс жасайтындардың жалпы санының 13,6 пайызын құрайды және 9725-i Қазақстан азаматтары.
Шетелдерден тартылғандардың iшiнде инженерлiк, құрылысшы және мұнай-газ өнеркәсiбiнiң мамандықтарын меңгерген қызметкерлер.
Сонымен қатар облысымызда жоғары ғылыми-техникалық бiлiктi кадрлар потенциалы бар. Сондықтан шетел мамандарын әкелуге шектеу қою жұмысы жүзеге асатын болады:
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес шетел мамандарын белгiлi мақсатқа ғана әкелу туралы қорытынды рұқсатын беру арқылы әкелуге бақылау күшейтiлетiн болады;
жұмыспен қамту орталықтары шетел компанияларының кәсiпорындарына қажеттi мамандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргiзетiн болады және облыстық деректер банкi құрылады;
шетел компанияларының сұранысына қажет етiлген мамандық бойынша толық хабарлама беру қамтамасыз етiлетiн болады;
шетел мамандарының орнын басу үшiн шетел фирмаларында жергiлiктi адамдарды оқыту және қайта оқыту жұмыстарын ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс территориясына тиiстi рұқсаты бар құжаттарынсыз шетелдiктердiң келуiне қатаң бақылау қойылатын болады.
Бiр жыл iшiнде шетел компанияларында 1350 жергiлiктi адам оқытылады (№2 Қосымша).
Жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу.
Мемлекеттiк кепiлдiктерге сәйкес жұмыспен қамту саласында жастарды жұмыспен қамтуға көмектесу және әлеуметтiк қорғауда қосымша шаралар қабылданатын болады.
Бұл шараларға:
квота бойынша жұмысқа орналастыру;
қоғамдық жұмыстарға жiберу;
кәсiптiк даярлау және қайта даярлаудан өткiзгеннен кейiн жұмысқа орналастыруға қол жеткiзу;
табысы жоқ азаматтар қатарынан шығып оқып жүрген жұмыссыздарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету.
Басты назар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар қатарынан шыққан бiлiм беру мекемелерiнiң бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастырумен және тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 1882-шi Қаулысын орындауға аударылатын болады.
3) Еңбек рыногындағы әлеуметтiк әрiптестiк.
Облыста әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк-экономикалық келiсiм, еңбектi реттеу туралы Батыс Қазақстан облысы әкiмi, кәсiптiк одақтар федерациясы және облыстың жұмыс берушiлерi аралық келiсiм бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.
Келiсiм халықты еңбекпен қамтудың белсендi түрлерiне басымдық бере отырып, жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау, еңбек рыногын реттеудi күшейту, iшкi еңбек рыногын қорғау және шетел мамандарының еңбегiн пайдалануды реттеу мәселелерi бойынша шаралар әзiрлеудi қарастырады. Табысы аз азаматтарға шағын несие беру және күнкөрiсi төмен адамдарға көмек көрсету, еңбек ақы төлемдерi бойынша қарызды өтеу шаралары қарастырылуда.
Келiсiмдер мен Ұжымдық шарттарға жұмыс көлемiн кеңейту, жұмыс орындарының санын көбейту, жұмыс күнiнiң ыңғайлы тәртiбiн енгiзу, үйде орындалатын жұмыстарды сақтап қалу, жұмыстан босатылатын қызметкерлердiң санын кемiтуге бағытталған келiсiмдi шаралар қабылдауды енгiзу ұсынылды.
Тарау 5. 5. Оларды қаржыландыруға қажеттi ресурстар мен қаржы
көздерi.
5. Оларды қаржыландыруға қажеттi ресурстар мен қаржы
көздерi.
Бағдарламаны қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен қарастырылады.
Шағын несие беруге жергiлiктi бюджет табысы аз азаматтарды қолдау қорының және "Микрокредит" Үкiметтiк емес бiрлестiк қаржылары пайдаланылатын болады Жұмыспен қамту бағдарламасының жүзеге асырылуына жергiлiктi бюджеттен 81,4 млн. теңге бөлу жоспарлануда, оның iшiнде:
кәсiптiк даярлауға және қайта даярлауға 14,5 млн. теңге;
ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға - 47,3 млн. теңге;
ақпаратпен қамтамасыз ету және жұмыспен қамту қызметiн сақтауға 19,6 млн. теңге.
Мұнан басқа, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға жұмыс берушiлердiң де қаржысы пайдаланылатын болады.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже.
6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже.
2001 жылы 9597 қосымша жұмыс орындары құрылатын болады, одан қызметкерлерге 868,3 млн. теңгеден астам еңбекақы төлеу мүмкiндiгi туады деп күтiлуде.
Жыл iшiнде 5987 жұмыссыз адам әлеуметтiк қорғау шараларымен қамтылатын болады:
қоғамдық жұмыстардан 4023 жұмыссыз 47,3 млн. теңге табыс табатын болады;
кәсiптiк даярлауға және қайта даярлауға 1000-даған жұмыссыз жiберiлетiн болады;
болжам бойынша нысаналы топтар қатарынан 964 адам жұмысқа орналастырылатын болады.
Бiр жыл iшiнде жұмыспен қамту орталықтары 6600 адамды жұмысқа орналастыратын болады. Шетел компаниялары Қарашығанақ кешенi жұмыстарына 1350 адамды жергiлiктi қызметкерлер қатарынан оқытатын болады.
Басқа 19. Халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын орындауда Батыс Қазақстан облысының 2001 жылға арналған шаралары
Халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын орындауда Батыс Қазақстан облысының 2001 жылға арналған шаралары
№
Шаралар
Тиянақтау үлгісі
Орындалу мерзімі
Жауапты орындаушылар
1. Еңбек рыногын тұрақтандыру
1.1
Бағдарламаға сәйкес, өнеркәсіпте, қүрылыста, көлік және байланыс саласында жұмыс орындарын құру және қалпына келтіру қамтамасыз етілсін.
Есеп
Айсайын әр айдың 1-не
Аудандық және Орал қаласы әкімдері, кәсіпорындар басшылары (келісім бойынша)
1.2
Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатымен шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту.
Есеп
Аудандык және Орал қалалық әкімдері, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту облыстық департаменті
1.3
Халықтың жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін жағдайлар жасалсын (шағын несиелер бөлу, жемшөп дайындау үшін шабындық жерлер бөлу, мал шаруашылығын және бау-бақша өсіруді дамыту жөне басқарлары).
Хабарлама
Әр айдың 1 күні
Аудандық және Орал қалалық әкімдері, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті қолдау және дамыту облыстық департаменттері
1.4
Облыс экономикасының дамуына инвестициялар тартуға жәрдемдесу.
Хабарлама
Әр айдың 1 күні
Аудандық және Орал қалалық әкімдері, облыстық экономика басқармасы
1.5
Жұмыс орындарын құру үшін табысы жоқ азаматтарға шағын несиелер беру қамтамасыз етілсін.
Есеп
Әр айдың 1 күні
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті.
2. Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
2.1
Халықты жұмыспен қамту облыстық Бағдарламасын орындауға жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қамтамасыз етілсін
Ай сайын
Облыстық қаржы басқармасы
2.2
Халықтын, нысаналы топтарын бірінші кезекте жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілсін.
Хабарлама
Ай сайын
Аудандық және Орал қалалық әкімдері, аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтары
2.3
Жұмыссыз азаматтар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Есеп
Әр айдың 1 күні
Аудандық және Орал қалалық әкімдер, аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтары
2.4
Жұмыс берушілер есебінен қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру мүмкіндігін кеңейту шаралары алынсын
Хабарлама
Жыл ішінде
Аудандық және Орал қалалық әкімдері, аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтары
Басқа 20. Батыс Қазақстан облысында 2001 жылы өнеркәсіп салаларында,
құрылыста, құрылыс индустриясында жұмыс орындарын құру.
№ 1 Қосымша
Батыс Қазақстан облысында 2001 жылы өнеркәсіп салаларында,
құрылыста, құрылыс индустриясында жұмыс орындарын құру.
реттік нөмірі
Шаралар
орын саны
1.
өндеуші
«Конденсат » АҚ (конденсатты қайта өндеу)
10
мәшинеқұрылысы
2.
"Металлист" зауыты(арнаулы өнімдер, халық тұтынатын тауарлар)
60
3.
"Зенит" зауыты (макарон өнімдері)
20
4.
"Омега" зауыты (Қазақтелеком үшін антенна тіректері, жүйелері, жинау комбайндарын шығару)
5.
"Орал механиқалық зауыты"(ұсақталған болат шарлары)
12
6.
"Урал-Арма" АҚ (ұсақтап тартылған тиекті арматура)
63
7.
Агрореммаш" (жөндеу жұмыстары)
40
жеңіл өнеркәсіп
8.
"Аист" ЖШС (тігін және аң терісі өгімдері)
30
9.
оқу өндірістік көсіпорны Қазақ көзі көрмейтіндер қоғамы (қораптар)
5
10.
оқу өндірістік көсіпорны Қазақ құлағы естімейтіндер қоғамы (металл өнімдері)
8
Тамақ өнеркәсібі
11.
"Нуржанар" АҚ (нан, ашытқы, москвалық квасы, тазартылған су)
6
12.
"Аққайнар" ЖАҚ ЗКККГ (астық шығару)
20
13.
"Қазақлакрица" ААҚ (мияның тамырын шығару)
20
Электр жарығын өндіру және тарату
14.
"Жайықтеплоэнерго" АҚ (қуаттылығы 56 мВт электрстансасының газтурбиналарын енгізу)
23
Барлығы өнеркәсіп бойынша
357
15.
Құрылыс индустриясында және құрылыста жұмыс орындарының өсуі қамтамасыз етілсін
1224
БАРЛЫҒЫ:
1581
Басқа 21. Батыс Қазақстан облысында 2001 жылы Қарашығанақ кешені
объектілерінде жергілікті қызметшілер үшін қосымша
жұмыс орындарын құру
№ 2 Қосымша
Батыс Қазақстан облысында 2001 жылы Қарашығанақ кешені
объектілерінде жергілікті қызметшілер үшін қосымша
жұмыс орындарын құру
Объектілер
орын саны
І. Қосымша жұмыс орындарын құру, соның ішінде:
2325
1. Газ турбинасы электр стансасы
25
2. Скважиналарды бұрғылау және күрделі жөндеуден өткізу
200
3. Трубамен жабдықтау
948
4. Интегралды қызметтер (цементтеу, насоспен тарту және тазарту жұмыстары, скважиналарды қалпына келтіру, сұйық заттарды бұрғылау, арқан есу техникалары, скважиналарды сынақтан өткізу, күкіртті сутегін табу жүйесі, өрт және қорғау жүйелері бойынша жұмыстар және басқалары)
50
5. Кезекші қалашықтың құрылысы, жолдар, инфрақұрылымдар
502
6. Сумен жабдықтау
100
7. Темір жолы
200
8. Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық қызмет
100
9. Бетон құю зауыты
150
10. Тағы басқалар
50
2. Жергілікті қызметшілерді оқыту (адам)
1350
Басқа 22. Батыс Қазақстан облысында 2001 жылы шағын кәсіпкерлікті
дамыту саласында жаңа жұмыс орындарын құру.
N 3 Қосымша
Батыс Қазақстан облысында 2001 жылы шағын кәсіпкерлікті
дамыту саласында жаңа жұмыс орындарын құру.
реттік номірі
Шаралар
орын саны
1
2
3
1.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен екінші деңгейлі банк саласы бойынша жеңілдік несиелерді меңгере отырып, жаңа жұмыс орындарын құру.
200
2.
Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатымен арнаулы қор, банк салалары бойынша мақсатты қарыз алу үшін шағын бизнес субъектілерінің жобалау ұсыныстарына көмек көрсету.
500
3.
"Микрокредит" Үкімет Бағдарламасына сәйкес, табысы аз азаматтарды қолдау аймақтық қоры және орталықтандырылған қаржы көздері арқылы жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынталы жұмыссыздар мен табысы жоқ күнкөрісі төмен азаматтарға шағын несиелер беру.
700
4.
Арнаулы қорлар қаражаты есебінен ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мақсатты несиемен қамтамасыз ету.
150
5.
Тұрғын үйлердің бірінші қатарынан бөлінген пәтерлерді қайта жобалауға рұқсат беру жолымен кәсіпкерлерге шағын бизнес кәсіпорынын ашуға көмек көрсету.
300
6.
Пайдаланылмай бос тұрған және мемлекеттік меншіктегі құрылысы бітпей тұрған объектілерге инвентаризация жүргізіп, қосымша жұмыс орындарын құру шартымен, ол объектілерді жалға немесе сенім басқармасына, кейіннен шағын бизнес субъектілерінің меншігіне айналдырып беру.
500
7.
Жаңа кәсіпорындар ашу, қазіргі жұмыс істеп тұрғандарының қызмет аясын кеңейту және жеке кәсіпкерлікпен айналысушылардың санын өсіру есебінен жұмыс орындарын құру.
943
Барлығы:
3293
Басқа 23. 2001 жылы жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан
қорғау бойынша атқарылатын шаралар
N 4 Қосымша
2001 жылы жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан
қорғау бойынша атқарылатын шаралар
(адам)
Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылатындардың саны
Жіберілді:
Барлығы
Оның ішінде нысаналы топтар
Қоғамдық жұмыстарға
Көсіптік даярлауға
Ақжайық
330
70
201
49
Бөкей ордасы
260
44
122
42
Бөрлі
1100
269
280
57
Жаңақала
205
55
112
21
Жәнібек
160
21
110
42
Зеленов
300
30
191
57
Казталовка
210
25
200
42
Қаратөбе
270
15
116
23
Сырым
250
10
131
28
Тасқала
230
60
130
35
Теректі
350
35
105
18
Шыңғырлау
135
30
150
21
Орал қаласы
2800
300
2175
565
Барлығы
6600
964
4023
1000