Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шаралары туралы
Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шараларын дер кезiнде ұйымдастырып жүргiзу мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шаралары туралы от 27.01.2001 г. № 404 (Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шаралары туралы)
1. 2001 жылы облыста шегiртке зиянкестерiмен күресу Бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса тiркеледi).
2. Шегiртке зиянкестерiмен күресу жұмыстарын үйлестiру үшiн облыстық комиссия құрамы № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын. Қызылорда қаласымен облыс аудандарында осындай комиссиялар құрылсын.
3. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Үжiбеков) № 2, 3 қосымшаларға сәйкес, көлемiн шегiртке зиянкестерiмен ұялау дәрежесi мен бiр гектарды өңдеу құнына қарай, шаруашылық субъектiлер жерлерiнде шегiртке зиянкестерiмен күресудiң шығынын осы мақсатқа бюджетке қаралған қаржы есебiнен қаржыландырылсын.
4. Облыстық мемлекеттiк сатып алу басқармасы (Е.Мұстафаев) шегiртке зиянкестерiне қарсы өңдеу жөнiнде қызметiн сатып алу тендерiн өткiзсiн.
5. Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу бағдарламасын iске асыру жөнiндегi басқарушысы болып облыстық ауыл шаруашылығы департаментi белгiленсiн.
6. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ.Ахметов), ҚР АШМ-нiң облыстық аумақтық басқармасы (П.Балкеев) шегiрткеге қарсы күрес жұмыстарының белгiленген көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсiн.
7. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсiн.
Облыс әкімінің
2001 жылғы 27 қаңтардағы
№ 404 шешіміне № 1 қосымша
Облыста 2001 жылы шегірткемен күресу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөнінде облыстық комиссия
ҚҰРАМЫ
Нұртазаев Бахыт Әбдіғаппарұлы – облыс әкімінің орынбасары, төраға
Ахметов Қуаныш Ахметұлы – облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы, төраға орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әжібеков Қалқазбек Әжібекұлы – облыстық қаржы басқармасының бастығы
Балкеев Пернебай Ақтайұлы – ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық басқармасының бастығы
Боранбаев Қайрат Жомартұлы – облыстық кеден басқармасының бастығы
Дүйсенов Аралбай Дүйсенұлы – «Қазақстан темір жолы» РМК-нің Қызылорда тасымалдау бөлімшесінің бастығы
Жүнісов Ерұлан Бақтыбайұлы – облыстық автокөлік жолдары басқармасының бастығы
Ысқақов Балтабай Ысқақұлы – «Фитосанитария» РМК-ның директоры
Қайруллаев Қорғанбек Қайруллаұлы – облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы
Камаллатдин Аббас Камалатдинұлы – облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы
Қуандықов Ерсұлтан Нұркенұлы – облыстық санитарлы-эпидемиялық стансасының бас дәрігері
Рахымов Тастемір Сауранбайұлы – облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Шалахатов Әбіл Шалахатұлы – «Құнарлылық» АҚ-ның президенті
Шапшаңов Қуанышқали Рахманбердіұлы – облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы
Облыс әкімінің
2001 жылғы 27 қаңтардағы
№ 404 шешіміне № 2 қосымша
2001 жылы облыстың шаруашылық субъектілерінің жерлерінде шегіртке зиянкестерімен ұялаудың
ДӘРЕЖЕСІ
Аудандар
Италяндық прусс
Азиялық шегіртке
Барлығы
І дәреже
ІІ дәреже
І дәреже
ІІ дәреже
ІІІ дәреже
5-ге дейін, шт/м2
10-ға дейін, шт/м2
500-ге дейін, шт/м2
1000-ға дейін, шт/м2
1000-нан жоғары, шт/м2
Жаңақорған
46
-
9
30
600
685
Шиелі
46
45
-
-
600
691
Сырдария
-
-
10
30
-
40
Жалағаш
-
-
10
360
-
370
Қармақшы
-
-
90
30
-
120
Қазалы
23
180
-
330
4250
4783
Арал
46
180
-
340
2900
3466
Қызылорда қаласы
-
180
-
-
1000
1180
Облыс бойынша
161
585
119
1120
9350
11335
Облыс әкімінің
2001 жылғы 27 қаңтардағы
№ 404 шешіміне № 3 қосымша
2001 жылы облыстың шаруашылық субъектілері жерлерінде шегірткеге қарсы күресуде 1 гектарды өңдеуге
Фьюри инсектицидін жұмсау
НОРМАСЫ
№
Шығын түрлері
Италяндық прусс
Азиялық шегіртке
І дәреже
ІІ дәреже
І дәреже
ІІ дәреже
І дәреже
5-ге дейін, шт/м2
10-ға дейін, шт/м2
500-ге дейін, шт/м2
1000-ға дейін, шт/м2
1000-нан жоғары, шт/м2
1.
Фьири инсектицидін жұмсау нормасы, л/га
0,05
0,06
0,07
0,08
0,09