Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шаралары туралы
ҚАЗОблыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шаралары туралы
ЭКБ деректері 05.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шаралары туралы
- Атауы (қаз.)
- Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шаралары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 404
- Қабылданған күні
- 27.01.2001
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2001 · қолданыстағы 9637_294518.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2001
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V01L000597_
- ЭКБ идентификаторы
- 9637
- Редакция идентификаторы
- 9637_294518
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:01
Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шаралары туралы
1. 2001 жылы облыста шегiртке зиянкестерiмен күресу Бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса тiркеледi).
2. Шегiртке зиянкестерiмен күресу жұмыстарын үйлестiру үшiн облыстық комиссия құрамы № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын. Қызылорда қаласымен облыс аудандарында осындай комиссиялар құрылсын.
3. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Үжiбеков) № 2, 3 қосымшаларға сәйкес, көлемiн шегiртке зиянкестерiмен ұялау дәрежесi мен бiр гектарды өңдеу құнына қарай, шаруашылық субъектiлер жерлерiнде шегiртке зиянкестерiмен күресудiң шығынын осы мақсатқа бюджетке қаралған қаржы есебiнен қаржыландырылсын.
4. Облыстық мемлекеттiк сатып алу басқармасы (Е.Мұстафаев) шегiртке зиянкестерiне қарсы өңдеу жөнiнде қызметiн сатып алу тендерiн өткiзсiн.
5. Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу бағдарламасын iске асыру жөнiндегi басқарушысы болып облыстық ауыл шаруашылығы департаментi белгiленсiн.
6. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ.Ахметов), ҚР АШМ-нiң облыстық аумақтық басқармасы (П.Балкеев) шегiрткеге қарсы күрес жұмыстарының белгiленген көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсiн.
7. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсiн.
Облыс әкімінің
2001 жылғы 27 қаңтардағы
№ 404 шешіміне № 1 қосымша
Облыста 2001 жылы шегірткемен күресу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөнінде облыстық комиссия
ҚҰРАМЫ
Нұртазаев Бахыт Әбдіғаппарұлы – облыс әкімінің орынбасары, төраға
Ахметов Қуаныш Ахметұлы – облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы, төраға орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әжібеков Қалқазбек Әжібекұлы – облыстық қаржы басқармасының бастығы
Балкеев Пернебай Ақтайұлы – ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық басқармасының бастығы
Боранбаев Қайрат Жомартұлы – облыстық кеден басқармасының бастығы
Дүйсенов Аралбай Дүйсенұлы – «Қазақстан темір жолы» РМК-нің Қызылорда тасымалдау бөлімшесінің бастығы
Жүнісов Ерұлан Бақтыбайұлы – облыстық автокөлік жолдары басқармасының бастығы
Ысқақов Балтабай Ысқақұлы – «Фитосанитария» РМК-ның директоры
Қайруллаев Қорғанбек Қайруллаұлы – облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы
Камаллатдин Аббас Камалатдинұлы – облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы
Қуандықов Ерсұлтан Нұркенұлы – облыстық санитарлы-эпидемиялық стансасының бас дәрігері
Рахымов Тастемір Сауранбайұлы – облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Шалахатов Әбіл Шалахатұлы – «Құнарлылық» АҚ-ның президенті
Шапшаңов Қуанышқали Рахманбердіұлы – облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы
Облыс әкімінің
2001 жылғы 27 қаңтардағы
№ 404 шешіміне № 2 қосымша
2001 жылы облыстың шаруашылық субъектілерінің жерлерінде шегіртке зиянкестерімен ұялаудың
ДӘРЕЖЕСІ
Аудандар | Италяндық прусс | Азиялық шегіртке | Барлығы | |||
І дәреже | ІІ дәреже | І дәреже | ІІ дәреже | ІІІ дәреже | ||
5-ге дейін, шт/м2 | 10-ға дейін, шт/м2 | 500-ге дейін, шт/м2 | 1000-ға дейін, шт/м2 | 1000-нан жоғары, шт/м2 | ||
Жаңақорған | 46 | - | 9 | 30 | 600 | 685 |
Шиелі | 46 | 45 | - | - | 600 | 691 |
Сырдария | - | - | 10 | 30 | - | 40 |
Жалағаш | - | - | 10 | 360 | - | 370 |
Қармақшы | - | - | 90 | 30 | - | 120 |
Қазалы | 23 | 180 | - | 330 | 4250 | 4783 |
Арал | 46 | 180 | - | 340 | 2900 | 3466 |
Қызылорда қаласы | - | 180 | - | - | 1000 | 1180 |
Облыс бойынша | 161 | 585 | 119 | 1120 | 9350 | 11335 |
Облыс әкімінің
2001 жылғы 27 қаңтардағы
№ 404 шешіміне № 3 қосымша
2001 жылы облыстың шаруашылық субъектілері жерлерінде шегірткеге қарсы күресуде 1 гектарды өңдеуге
Фьюри инсектицидін жұмсау
НОРМАСЫ
№ | Шығын түрлері | Италяндық прусс | Азиялық шегіртке | |||
І дәреже | ІІ дәреже | І дәреже | ІІ дәреже | І дәреже | ||
5-ге дейін, шт/м2 | 10-ға дейін, шт/м2 | 500-ге дейін, шт/м2 | 1000-ға дейін, шт/м2 | 1000-нан жоғары, шт/м2 | ||
1. | Фьири инсектицидін жұмсау нормасы, л/га | 0,05 | 0,06 | 0,07 | 0,08 | 0,09 |