Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шаралары туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шаралары туралы Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу шараларын дер кезiнде ұйымдастырып жүргiзу мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. 2001 жылы облыста шегiртке зиянкестерiмен күресу Бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса тiркеледi).
Тармақ 2
2. Шегiртке зиянкестерiмен күресу жұмыстарын үйлестiру үшiн облыстық комиссия құрамы № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын. Қызылорда қаласымен облыс аудандарында осындай комиссиялар құрылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Үжiбеков) № 2, 3 қосымшаларға сәйкес, көлемiн шегiртке зиянкестерiмен ұялау дәрежесi мен бiр гектарды өңдеу құнына қарай, шаруашылық субъектiлер жерлерiнде шегiртке зиянкестерiмен күресудiң шығынын осы мақсатқа бюджетке қаралған қаржы есебiнен қаржыландырылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық мемлекеттiк сатып алу басқармасы (Е.Мұстафаев) шегiртке зиянкестерiне қарсы өңдеу жөнiнде қызметiн сатып алу тендерiн өткiзсiн.
Тармақ 5
5. Облыста 2001 жылы шегiртке зиянкестерiмен күресу бағдарламасын iске асыру жөнiндегi басқарушысы болып облыстық ауыл шаруашылығы департаментi белгiленсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ.Ахметов), ҚР АШМ-нiң облыстық аумақтық басқармасы (П.Балкеев) шегiрткеге қарсы күрес жұмыстарының белгiленген көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсiн.
Басқа 8
Облыс әкімінің 2001 жылғы 27 қаңтардағы № 404 шешіміне № 1 қосымша Облыста 2001 жылы шегірткемен күресу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөнінде облыстық комиссия ҚҰРАМЫ Нұртазаев Бахыт Әбдіғаппарұлы – облыс әкімінің орынбасары, төраға Ахметов Қуаныш Ахметұлы – облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы, төраға орынбасары Комиссия мүшелері: Әжібеков Қалқазбек Әжібекұлы – облыстық қаржы басқармасының бастығы Балкеев Пернебай Ақтайұлы – ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық басқармасының бастығы Боранбаев Қайрат Жомартұлы – облыстық кеден басқармасының бастығы Дүйсенов Аралбай Дүйсенұлы – «Қазақстан темір жолы» РМК-нің Қызылорда тасымалдау бөлімшесінің бастығы Жүнісов Ерұлан Бақтыбайұлы – облыстық автокөлік жолдары басқармасының бастығы Ысқақов Балтабай Ысқақұлы – «Фитосанитария» РМК-ның директоры Қайруллаев Қорғанбек Қайруллаұлы – облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Камаллатдин Аббас Камалатдинұлы – облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы Қуандықов Ерсұлтан Нұркенұлы – облыстық санитарлы-эпидемиялық стансасының бас дәрігері Рахымов Тастемір Сауранбайұлы – облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Шалахатов Әбіл Шалахатұлы – «Құнарлылық» АҚ-ның президенті Шапшаңов Қуанышқали Рахманбердіұлы – облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы
Басқа 9
Облыс әкімінің 2001 жылғы 27 қаңтардағы № 404 шешіміне № 2 қосымша 2001 жылы облыстың шаруашылық субъектілерінің жерлерінде шегіртке зиянкестерімен ұялаудың ДӘРЕЖЕСІ Аудандар Италяндық прусс Азиялық шегіртке Барлығы І дәреже ІІ дәреже І дәреже ІІ дәреже ІІІ дәреже 5-ге дейін, шт/м2 10-ға дейін, шт/м2 500-ге дейін, шт/м2 1000-ға дейін, шт/м2 1000-нан жоғары, шт/м2 Жаңақорған 46 - 9 30 600 685 Шиелі 46 45 - - 600 691 Сырдария - - 10 30 - 40 Жалағаш - - 10 360 - 370 Қармақшы - - 90 30 - 120 Қазалы 23 180 - 330 4250 4783 Арал 46 180 - 340 2900 3466 Қызылорда қаласы - 180 - - 1000 1180 Облыс бойынша 161 585 119 1120 9350 11335
Басқа 10
Облыс әкімінің 2001 жылғы 27 қаңтардағы № 404 шешіміне № 3 қосымша 2001 жылы облыстың шаруашылық субъектілері жерлерінде шегірткеге қарсы күресуде 1 гектарды өңдеуге Фьюри инсектицидін жұмсау НОРМАСЫ № Шығын түрлері Италяндық прусс Азиялық шегіртке І дәреже ІІ дәреже І дәреже ІІ дәреже І дәреже 5-ге дейін, шт/м2 10-ға дейін, шт/м2 500-ге дейін, шт/м2 1000-ға дейін, шт/м2 1000-нан жоғары, шт/м2 1. Фьири инсектицидін жұмсау нормасы, л/га 0,05 0,06 0,07 0,08 0,09