Қолданыстағы ред. 23.12.2006 (Редакция 31356_312784.kaz)

Аудандық мәслихатының 2002 жылғы 15 сәуірдегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 23.12.2006 г. № 32-6 (Аудандық мәслихатының 2002 жылғы 15 сәуірдегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

Аудандық мәслихатының 2002 жылғы 15 сәуірдегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 97-бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 17-6 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Жәнібек аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №1495 нөмірмен тіркелген, аудандық «Шұғыла» газетінде 2002 жылғы 30 мамырда жарияланған), 2003 жылғы 15 ақпандағы №26-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №2009 нөмірмен тіркелген), шешіміндегі енгізілген өзгерістермен қоса) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
1. 2 тарауының 3 бабында «тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді» деген сөздер, «коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері» деген сөздермен ауыстырылсын.

2

2. Осы шешім аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.