Қолданыстағы ред. 02.02.2006 (Редакция 28384_264155.kaz)

Қала әкімінің 2002 жылғы 19 наурыздағы № 235 «Алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) саудасымен айналысуға лицензия беру тәртібі туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы от 02.02.2006 г. № 132 (Қала әкімінің 2002 жылғы 19 наурыздағы № 235 «Алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) саудасымен айналысуға лицензия беру тәртібі туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы)

0

Қала әкімінің 2002 жылғы 19 наурыздағы № 235 «Алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) саудасымен айналысуға лицензия беру тәртібі туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Лицензиялау туралы», «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын басшылыққа алып, қала әкімінің 2002 жылғы 19 наурыздағы № 235 «Алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) саудасымен айналысуға лицензия беру тәртібі туралы» шешімін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестендіру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Орал қаласы әкімінің 2002 жылғы 19 наурыздағы № 235 «Алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) саудасымен айналысуға лицензия беру тәртібі туралы» (облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 10 сәуірде №1433 тіркелген, 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 16 «Пульс» газетінде жарияланған) шешімінің №1 қосымшасымен бекітілген объектілердің алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) бөлшек саудасымен айналысуға лицензия алудың квалификациялық талаптарына сәйкестігін тексеру актісіне келесі толықтырулар енгізілсін:
«фискальдық кассалық есеп аппараты» деген сөздерден кейін: «өтініш берушінің алкоголь өнімінің бөлшек сауда жасаумен айналысатын субъектілердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен техникалық құжаттама (санитарлық нормалар және ережелер, ГОСТ-тар, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелері және басқалар)» сөздермен толықтырылсын.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Ю. Горобцовқа жүктелсін.