О программе совершенствования первичной медико-санитарной помощи в системе здравоохранения области на 2002 - 2003 годы Қолданыста
Басқа 0
Облыс денсаулық сақтау жүйесінде бастапқы медициналық-санитарлық қөмек көрсетуді жетілдірудің 2002 - 2003 жылдарға арналған бағдарламасы
Облыс денсаулық сақтау департаментінің бастығы С.Б. Иманғазиновтың хабарламасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс денсаулық сақтау жүйесінде медициналық-санитарлық көмек
көрсетуді жетілдірудің 2002 - 2003 жылдарға арналған бағдарламасы (одан әрі
- Бағдарлама) - бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс қаржы департаменті Бағдарламаны дер кезінде қаржыландыруды
қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 3
3. Облыс денсаулық сақтау департаменті 2002 және 2003 жылдардың 1
ақпан мерзіміне орай облыстық Мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі
тұрақты комиссиясына Бағдарламаның орындалу барысы туралы хабарлайтын
болсын.
Тармақ 4
4. Бағдарламаның жүзеге асыруына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың
әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 5. Облыс денсаулық сақтау жүйесiнде бастапқы
медициналық-санитарлық көмек көрсетудi жетiлдiрудiң
2002 - 2003 жылдарға арналған
бағдарламасы
II сайланған облыстық
Мәслихаттың 2001 жылғы
31 қазандағы ХV сессиясының
шешiмiне қосымша
Облыс денсаулық сақтау жүйесiнде бастапқы
медициналық-санитарлық көмек көрсетудi жетiлдiрудiң
2002 - 2003 жылдарға арналған
бағдарламасы
Паспорт
Атауы Облыс денсаулық сақтау жүйесiнде бастапқы
медициналық-санитарлық көмек көрсетудi жетiлдiрудiң 2002 - 2003
жылдарға арналған Бағдарламасы
Әзiрлеуге
негiздеме Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы
"Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын қорғау туралы"
Заңы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 сәуiрдегi
"Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек
көрсетудi жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" № 472
қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25
мамырдағы "2000 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасында халықтың
денсаулығын одан әрi дамыту Тұжырымдамасы туралы" № 790
қаулысы, облыс әкiмiнiң облыс денсаулық сақтау жүйесiндегi
бастапқы медициналық-санитарлық көмектi жетiлдiру бағдарламасын
әзiрлеу туралы" өкiмi
Негiзгi
әзiрлеушi-
лер Облыс денсаулық сақтау, медициналық қызмет көрсету, қаржы
департаменттерi, ЗдравПлюс Жобасы (келiсiм бойынша)
Мақсаты Тұрєындармен тиiмдi қарым-қатынас жасайтын, медициналық
қызметке қол жеткiзудi, оның сапасы мен сақтандыру шараларын
күшейтудi қамтамасыз ететiн облыс денсаулық сақтау жүйесiн құру
Мiндеттерi Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесiн одан әрi
жетiлдiру, тұрғындармен жұмысты жақсарту, аурудың алдын алу,
ауылдық отбасылық дәрiгерлiк амбулаториялардың ( бұдан әрi -
ОДА) басқарушылық және қаржылық дербестiктерiн арттыру үшiн
экономикалық ынталандыруды енгiзу;
дәрiгердi өз еркiмен таңдау, бұқаралық ақпарат құралдарымен
жұмыс жасау науқандары арқылы тұрғындарды медициналық көмектiң
сапасын қадағалауға белсендi түрде тарту;
ОДА-ның медициналық көмектiң басқа деңгейлерiмен
(консультативтi-диагностикалық және стационарлық) өзара
қарым-қатынасын жақсарту, бастапқы медициналық-санитарлық
көмекке (бұдан әрi - БМСК) сатылы бағдарламалар енгiзу;
жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайларда медициналық ұйымдар
қызметiнiң нормативтiк-құқықтық қамтамасыз етiлуiн
жетiлдiру;
қалыптасқан медициналық ұйымдар жүйелерi мен БМСК-ның
артықшылықты рөлiне сәйкес басқару органдарын құрылымдық қайта
құру және денсаулық сақтауды қаржыландыру;
медициналық ұйымдардың клиникалық, әкiмшiлiк және қаржылық
статистикалық қызметтерiн ақпараттық қамтамасыз етудi
дамыту;
дәлелдеушiлiк медицина принциптерiне негiзделген және соңғы
нәтижеге бағдарланған медициналық қызметтiң сапасын үздiксiз
көтерудiң жаңа жүйесiн енгiзу;
кадрлық саясатты жетiлдiру, кадрларды үнемi өткiзiлiп тұратын
аттестация мен конкурстың нәтижесiнде ірiктеу және орналастыру,
тұрғындарды қанағаттандыру сапасын, көлемi мен деңгейiн
арттыруға экономикалық ынталандыруды енгiзу;
Қаржыландыру көздерi Облыстық,қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң қаражаттары,
халықаралық жобалар гранттары;
Күтiлетiн
нәтижелер Облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуге қол жеткiзудi
арттыру және сапасын жақсарту;
денсаулық сақтауға бөлiнген бюджеттiк қаражатты тиiмдi пайдалану.
Тарау 1. 1. Кiрiспе
1. Кiрiспе
2001 - 2003 жылдары облыс денсаулық сақтау жүйесiнде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудi жетiлдiрудiң облыстық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралар туралы" № 3956 1998 жылєы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын қорғау туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 сәуiрдегi "Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудi жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" № 472 қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы "2000 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын одан әрi дамыту Тұжырымдамасы туралы" № 790 қаулысы, облыс әкiмiнiң "Облыс денсаулық сақтау жүйесiндегi 2001 - 2003 жылдарға арналған бастапқы медициналық-санитарлық көмектi жетiлдiру бағдарламасын әзiрлеу туралы" өкiмiнiң негiзiнде дайындалды.
Облыста денсаулық сақтау жөнiнде мынадай бағдарламалар мен жоспарлар iске асырылуда:
2000 - 2001 жылдарға арналған "Ана мен бала денсаулығын қорғау" облыстық мақсатты бағдарламасы (облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 18 қыркүйектегi № 223 шешiмiмен бекiтiлген);
2000 - 2003 жылдарға арналған "Диабет" республикалық мақсатты кешендi бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 маусымдағы "Диабет" мақсатты кешендi бағдарламасын бекiту туралы" № 978 қаулысын жүзеге асыру туралы" шешiмiмен бекiтiлген);
нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес облыстық бағдарламасы (облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 18 қыркүйектегi № 224 шешiмiмен бекiтiлген);
ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы 2001 - 2002 жылдарға арналған облыстық мақсатты кешендi баєдарлама (облыс әкiмиятының 2001 жылғы 3 шiлдедегi № 14/3 қаулысымен мақұлданған);
тұрғындарды туберкулезден қорғау жөнiндегi 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық кешендi мақсатты бағдарлама (облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 23 сәуiрдегi № 98 шешiмiмен мақұлданған, облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 25 мамырдағы шешiмiмен (II сайланған ХII сессия) бекiтiлген);
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 шiлдедегi "Қазақстан Республикасында жарақаттанудың алдын алу және оны төмендетудiң 2000 - 2002 жылдарға арналған мақсатты кешендi бағдарламасын бекiту туралы" № 1020 қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
2001 - 2005 жылдарға арналған жыныс жолдары арқылы берiлетiн аурулардың алдын алу және бақылау жөнiндегi облыстық бағдарлама; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысымен бекiтiлген "Салауатты өмiр салты" республикалық бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi 2001 - 2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары әзiрленуде.
Бұл бағдарламада денсаулық сақтаудың стратегиялық бағыттары мен артықшылықтары айқындалєан. Оны орындау жөнiндегi iс-шаралар денсаулық сақтау жүйесiн тұрақты және ерiктi дамытуды, тиiмдiлiгiн арттыруды, көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасын жақсартуды қамтамасыз ететiн болады.
Тарау 2. 2. Қазiргi жағдайларды талдау. Проблемалар
2. Қазiргi жағдайларды талдау. Проблемалар
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек облыста денсаулық сақтаудың артықшылықты бағыты болып саналады. Облыс БМСК-н құрылымдық қайта ұйымдастыру 1998 жылдан бастап жүргiзiлуде. Қайта ұйымдастырудың мақсаты - тұрғындарға амбулаториялық көмек көрсету көлемiн кеңейту, оған қол жеткiзудi арттыру және медициналық көмектi тұрғындарға неғұрлым жақындату. Отбасылық дәрiгерлiк амбулаториялар (бұдан әрi - ОДА) бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетедi, консультативтiк-диагностикалық емханалар (КДЕ) консультативтiк көмек көрсетедi.
1998 жылы 125 ОДА құрылып, өз алдына заңды мәртебе алды. Облыс қалаларында 42 ОДА жұмыс iстейдi, олардың 29-ы - Павлодарда, (олардың 4-i жеке меншiк), Екiбастұз қаласында - 10 (олардың 3-уi жеке меншiк), Ақсу қаласында - 3 (бірi де мемлекеттiк). Ауылдық жерлерде 84 мемлекеттiк және 3 жеке меншiк ОДА бар.
Бiрiншi кезеңде қалалық ОДА жалгерлiк құқығында КДЕ-мен бiр ғимаратта ұйымдастырылды. Медициналық көмектi тұрғындарға жақындату мақсатында ОДА-ны басқа жерлерге орналастыру басталды. Он сегiз ОДА-ға халықтың тұрғын орындарына байланысты тұрєан аумақтарындағы жеке ғимараттар берiлдi. ОДА-ға бекiтiлген тұрєындар саны орташа 8 мыңнан 20 мың адамды құрайды.
2000 жылғы 1 қаңтардан бастап жан басына норма жасауда iшiнара қаржы ұстау элементтерi енгiзiлдi. Мөлшерлеме 35 теңгеге дейiн көбейтiлдi және отбасылық амбулаториялар КДЕ-дың қызметтерiн өтей бастады. Ақсу, Екiбастұз қалалары мен селолық аудандарда қор ұстау үлесi ұлғайтылды, яғни отбасылық амбулаториялар аудандық ауруханалардың консультативтiк- диагностикалық бөлiмшелерiнiң (КДБ) қызметтерi мен жоспарлы түрде емдеуге жатқызылған стационарлық аурулардың емделу ақыларын төлейдi.
Медициналық қызмет көрсету департаментi атынан медициналық қызметтi сатып алушылардың болуы, сондай-ақ бюджеттi облыс деңгейiнде шоғырландыру саланы қаржыландырудағы оң көрiнiстер болып табылады. Осылайша, медициналық қызметке арналған мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды әкiмгерлендiру медициналық қызмет көрсету департаментi арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттiк мекемелердi қаржыландыру бекiтiлген сметаларға сәйкес облыс денсаулық сақтау департаментiнiң рұқсат қағаздары бойынша облыс қаржы департаментi арқылы шығындар сметасы бойынша жүзеге асырылатын болады.
Денсаулық сақтауға кететiн шығын облыс бюджетiнiң 20 % құрайтындығына қарамастан бөлiнетiн қаражат жеткiлiксiз. Барлық медициналық жабдықтар мен арнаулы көлiк паркiнiң 75% астамының тозығы жеткен. Медициналық ұйымдар қазiргi заманғы ақпарат жүйелерi мен коммуникацияларды жеткiлiксiз енгiзуде. Оларды жаңа аппаратуралармен және жабдықтармен жарақтандыру жөнiндегi басталған жұмыс оған мақсаткерлiкпен қарау және жүйелеп отыруды талап етедi.
Қазiргi нақты жұмыс көлемi есепке алынбайтын мөлшерлеме түрiндегi жұмыс ақы төлеу жүйесi медицина қызметкерлерiн жұмысты ұйымдастыруды жақсарту мен медициналық қызмет сапасын арттыруға ынталандыра алмауда. Жүргiзiлген социологиялык зерттеулер тұрғындардың бiр бөлiгiнiң медициналық қызмет көрсетудiң жай-күйiне қанағаттанбайтындықтарын көрсетiп отыр.
Тарау 3. 3. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
3. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарлама денсаулық сақтаудың алдын алушылық бағытын күшейтудi, нақты қол жеткiзу деңгейiн арттыруды және медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ететiн облыс денсаулық сақтау саласының тиiмдi қызмет ету жүйесiн құруды мақсат етедi.
Негiзгi мiндеттерi:
облыс денсаулық сақтауды басқару жүйесiн жетiлдiру, осы басқарудың жекелеген функцияларын қалалық және аудандық денсаулық сақтау бөлiмдерiне беру;
саланы бекiтiлген бюджеттiң толық көлемiнде тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету;
медициналық қызмет көрсету департаментiн медициналық қызметтi сатып алушы ретiнде сақтай отырып, бюджеттi облыстық деңгейде шоғырландыру арқылы жұмыс iстеп тұрғын денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржыландыру нобайын орнықтыру;
отбасылық дәрiгерлiк амбулаториялар үшiн тарифтiң жан басы нормативiне түзету коэффициенттерiн енгiзу;
бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесiн артықшылықты дамыту, отбасылық дәрiгерлiк амбулаториялардың басқарушылық және қаржылай дербестiктерiн арттыру;
ОДА-ның басқа да медициналық көмектермен (консультативтiк- диагностикалық және стационарлық) өзара қарым-қатынасын жақсарту, БМСК тәжiрибесiне сатылас бағдарламалар енгiзу;
денсаулық сақтаудың мемлекеттiк емес секторын дамыту;
облыс тұрғындардың өз денсаулықтарын сақтау және нығайтудағы жауапкершiлiгi мен рөлiн арттыру;
тұрғындарды дербестендiрiлген есепке алудың компьютерлiк бағдарламасы, медицина және қаржы мәселелерi бойынша нақты статистикалық ақпарат негiзiнде медицина ұйымдарының қызметтерiне талдау жасаудың ақпараттық жүйесiн құру;
медициналық жабдықтарды және аппаратураларды жаңарту;
соңғы нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған медициналық қызмет көрсету сапасындағы басқару жүйесiн жетiлдiру, дәлелдi медицинаға негiзделген аурулар диагностикасы мен оны емдеудiң халықаралық хаттамаларын медицина тәжiрибесiне енгiзу;
медицина қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейлерi мен жауапкершiлiктерiн арттыруда экономикалық ынталандыруды күшейтуге негiзделген кадрлық саясатты жетiлдiру;
денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң бiлiктiлiктерiн көтеруге көмектесу.
Тарау 4. 4. Бағдарламаны жүзеге асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
4. Бағдарламаны жүзеге асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Бағдарламада алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу және мiндеттердi шешу үшiн мынадай негiзгi бағыттар айқындалды:
ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмысты жетiлдiру;
денсаулық сақтауды басқару жүйесiн жетiлдiру;
тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудi одан әрi дамыту, ОДА мен жедел және бөгетсiз көмек көрсету қызметтерiн жергiлiктi деңгейлерде қайта орналастыру, жөндеу, жарақтандыру жөнiндегi бағдарламаларын әзiрлеу және жүзеге асыру;
облыс тұрєындарына мамандандырылған амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсетудi дамыту;
облыс денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру, жалпы бюджеттегi денсаулық сақтауды қаржыландыру үлесiн жыл сайын арттырып отыру, халықаралық гранттар тарту;
мониторинг және сапаны басқарудың бiртұтас ақпараттық жүйесiн құру, компьютерлiк бағдарламалар әзiрлеу және енгiзу;
облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, медициналық қызметтiң көлемiн кеңейту мен сапасын арттыруда экономикалық ынталандыруларды енгiзу;
тұрғындарды өз денсаулықтарын сақтау мен нығайтуға қатыстыру, социологиялық зерттеулер жүргiзу жолымен медициналық қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi тұрғындардың пiкiрлерiн зерделеу;
кадрларды ірiктеу және оқыту, отбасылық дәрiгерлер мен медициналық бибiлердi диплом алғаннан кейiн үздiксiз оқыту жүйесiн одан әрi дамыту, отбасылық дәрiгерлер мен медициналық бибiлердiң мәртебесi мен рөлiн арттыру;
облыс денсаулық сақтау жағдайының тиiмдiлiгiне талдау жасау.
Тарау 5. 5. Ресурстар мен қаржыландыру көздерi
5. Ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Облыстық бюджеттiң, қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң қаражаттары, халықаралық жобалар гранттары.
Бiр адамға 2002 жылы - 3560 теңге, 2003 жылы - 4100 теңге жұмсалатын шығынды ескере отырып, облыс денсаулық сақтау ұйымдарын жыл сайын қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже
6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже
Медициналық қызмет көрсету нарығында бәсекелестiк орта құру, ОДА
құқықтары мен мiндеттерiн реттеу жолымен облыс тұрғындарының медициналық
қызметтi пайдаланулары мен оның сапасын арттыру;
Мыналар есебiнен:
әлеуметтiк маңызды ауруларды ерте анықтау;
онкологиялық аурулар мен туберкулездiң өтiп кету түрлерiн азайту (жыл
сайын 2,5%);
қан қысымы мен қант диабетiнiң асқынуын азайту (жыл сайын 2%)
есебiнен облыс тұрғындарының денсаулық көрсеткiштерiн жақсарту;
денсаулық сақтауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражатты тиiмдi пайдалану.