Об утверждении «Программы инновационного развития Акмолинской области на 2002-2003 годы» Күшін жойған
Басқа 0
«Ақмола облысының 2002-2003 жылдарға арналған жаңалық енгізу даму бағдарламасын» бекітуі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 28.10.2004 № 3С-8-4 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысының 2002-2003 жылдарға арналған жаңалық енгізу даму бағдарламасы» бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Бағдарламаның іске асуы ауыл шаруашылық, өнеркәсіпті дамыту, көлік, байланыс, құрлыс, кәсіпкерлік, өндірістік және табиғат мәселесімен айналасатын тұрақты комиссияның бақылауына алынсын.
Тармақ 3
3. Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін шешім өз күшіне енеді.
Басқа 4. Көкшетау қаласы, 2001 ж.
Облыстық мәслихаттың
шешімімен бекітілген
20 желтоқсан 2001 ж.
№ С-13-6
АҚМОЛА ОБЛЬІСЫНЬІҢ 2002-2003 ж.ж. ЖАСАЛҒАН ИННОВАЦИЛЛЫҚ ДАМУ БАБДАРЛАМАСЫ
Көкшетау қаласы, 2001 ж.
МАЗМҰНЫ
пар.
1.
Бағдарламаның төлқұжаты
3
2.
Кіріспе
4
3.
Экономика ахуалын талдау және Ақмола облысының инновациялық даму қажеттілігін негіздеу
5
4.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
8
5.
Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру механизмі
8
6.
Инновациялық салаға шағын бизнес субъектілерін тарту
12
7.
Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру
15
8.
Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
17
8.1. Қаржымен қамсыздандыру
17
8.2. Ғылыми-техникалық қамсыздандыру
18
8.3. Кадрлармен қамтамасыз ету
18
9.
Бағдарламаны жүзеге асырғаннан күтілетін нәтижелер
20
10.
Ақмола облысының инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары
21
Тарау 1. 1. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ 2002-2003 Ж.Ж. ЖАСАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
1. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ 2002-2003 Ж.Ж. ЖАСАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Бағдарламасының аты:
Ақмола облысының 2002-2003 ж.ж. жасалған инновациялық даму бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз:
ҚР Үкіметі 2001 жылғы 10 мамырда қабылдаған «ҚР инновациялық даму бағдарламасын бекіту туралы» № 617 қаулы
Әзірлеуші:
Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
Бағдарламаның мақсаты:
Ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде жаңа өндіріс және өндірілетін өнім сапасын жақсарту (тауарлар мен қызмет көрсету) мақсатында облыс экономикасын тұрақты дамытуға оң жағдай жасау, өндірістік инфрақұрылым қалыптастыру
Бағдарламаның міндеттері:
1. Экономиканың ғылыми-техникалық және технологиялық басым дамуын қамтамасыз ету;
2. Экономиканың шикізат емес секторларын қалыптастыру;
3. Инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау жасау және өндірістік кәсіпкерлік қызметтің басым даму жүйесін қалыптастыру;
4. Өнеркәсіптің технологиялық модернизациясын өткізу және экспортқа бағытталған ғылыми қомақты өндіріс құру;
5. Инновациялық қызметтің инфрақұрылымын қалыптастыру;
6. Инновациялық салаға шағын бизнес субъектілерін тарту;
7. Инновациялық кызметті кадрлармен қамтамасыз ету;
8. Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
Қаржыландыру көзі:
Республикалық және жергілікті бюджеттер, несиелік ресурстар, инновациялық кызмет субъектерінің өз қаражаты, шетел капиталы.
Жүзеге асыру мерзімі:
Бағдарламаны жүзеге асыру 2002 жыл мен 2003 жыл аралығында көзделген
Күтілетін нәтижелер:
Облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, жоғары технологиялық импорт орналастыратын экспортқа бағытталған өндіріс құру.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2001-2015 ж.ж. жасалған инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметі 2001 жылдың 10 мамырында 617 қаулысымен бекіткен шаралар жоспарына сәйкес әзірленген.
Бағдарлама облыстың ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуын ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған.
Бұл саясаттың басты басымдығы экономиканың теңестірілген дамуы, облыстың жалпы өнімінде шикізат құрамын жоғары технологиялық, оның ішінде экспорт өнімін кезең бойынша орналастыру және ғылыми-техникалық мүмкіншілігін тиімді пайдалану негізінде экономикалық көтерілу болып табылады.
Ақмола аймағында бұл үшін кейбір мүмкіншіліктер бар. Ең алдымен бұл - бай табиғат ресурстары, бос өндірістік күштің бар болуы, жеткілікті білікті инженерлік-техникалық персонал, жалпы білім деңгейі жоғары арзан жұмыс күші.
Сонымен қатар тежейтін мезеттер де бар. Мысалы, соңғы жылдары өнеркәсіпте технологиялық кешігу тез қарқын алып барады. Айтқандай, бұл бүкіл Қазақстанға тән нәрсе. Өнеркәсіптік өндірісті доғару, өндірістік күштерді бейиндустриализациялау, өндірістің абсолюттік көрсеткіштерін күрт қысқарту, кірісті төмендету мөлшерді әжептәуір қысқартуға әкеліп соқты, ол облыс экономикасының басқа салаларына кері әсерін тигізді.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында көзделген шаралардың кезеңмен орындалуы, шағын кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатының негізгі элементтер «Қазақстан-2030» даму стратегиясын, ҚР Үкіметінің іс-әрекет бағдарламасын және мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағдарламасын жүзеге асырылатын экономиканы реформалаудың негізгі механизмдерімен одан да тығыз байланыстыру қарастырылады.
Бағдарлама облыстың қысқа мерзімді кезеңге қарастырылған инновациялық дамуының мақсаты мен міндеттерін белгілейді және аймақтық әлеуметтік-экономикалық басымдықтардан ойластырылып жыл сайын анықталады, түзетіледі.
Тарау 3. 3. Экономика ахуалын талдау және Ақмола облысының инновациялық даму қажеттілігін негіздеу
3. Экономика ахуалын талдау және Ақмола облысының инновациялық даму қажеттілігін негіздеу
Облыста, бүкіл Қазақстандағы секілді, соңғы онжылдықта нарықтық механизмдерге негізделген экономикалық қатынасқа көшуге байланысты айтарлықтай өзгерістер болды. Дегенмен, жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуде ғылыми және экономикалық негізделген нобайдың болмауынан, қолданған шаралар күтілген нәтижелерді әкелмеді. Өнеркәсіп салаларын реформалау өндірістің әжептәуір төмендеу жағдайында жасалды.
Мысалы, Республика өндірістің жалпы мөлшерінде өнеркәсіп өндірісінің үлесі 1991 жылы 6,8 % ал 2000 жылғы 1,5 %-ға дейін қысқарды.
Соңғы бес жылда өнеркәсіп тұрақсыз дамыды. Өңдеу салаларының тұралауы (машина құру, химиялық, жеңіл, тамақ, электрондық, қорғаныс және басқалары) жеткілікті ғылыми-техникалық, маркетингтік және басқару қолдаудың болмауынан күрделенеді. Осы кезеңде өндірістің төмендеуі 1998 жылы 3,5 %-дан 1997 жылы 5,9 %-ға дейін жетті.
Көптеген кәсіпорындар өздерінің бұрынғы еңбек және техникалық мүмкіншілігін жоғалтты, көбі жабылды. Өзінің өндірістік қызметін толық тоқтатқандардың ішінде Көкшетау ауыл құрылыс комбинаты, үй құрылысы комбинаты, Көкшетау темір бетон бұйымдар және құрылыс конструкциялар зауытты, мелиория құрылыс материалдар кобинаты, үйдегі еңбек фабрикасы, ет-сүйек ұнтағының зауыты, Көкшетау және тігін фабрикасы, «Метталист» зауыты, автожөндеу зауыты, Көкшетау сыра зауыты, Көкшетаудың ең ірі кәсіпорыны аспаптар жасау зауыты және басқалары.
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді және облыс үшін дәстүрлі экономика секторларын алсақ, онда 1999 жылға дейін оларда әжептәуір құлдырау болды.
Ішкі сұраным жақын және алыс шетелден өнімдерімен салыстырғанда бәсекелестікке жарамағанынан күрт төмендеді. Өндірістің тиімділігі және отандық өнімнің бәсекелестікке жарамдылығы бүгінгі таңда нөмір бірінші мәселе болып қалуда. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру айтарлықтай күрделі жағдайда жасалуда.
Өнеркәсіп өндірісінің өсу тенденциясы тек қана 1999 жылдан бастап байқалды. Нақты мөлшер индексі (үй шаруашылығы секторын есепке ала отырып) 2000 жылы 112,7% құрастырды, бұл өткен жылдарда жіберілген тежеуді азайтуға мүмкіншілік берді. 2000 жыл ішінде облыс өнеркәсібі 29 млр. теңгеге жуық өнім (үй шаруашылығы секторын есепке ала отырып) шығады.
Өнеркәсіптің өндіру секторларында нарықтық өзгерістер әртүрлі нәтижелер әкелді және тұтынушылардың әртүрлі нарықтарымен қосылды. Облыстық табиғи ресурстарының қоры оған назар аудартады. Бұл секторда өндірген өнімнің нақты мөлшерінің индексі 2000 жылы 275,5% құрастырды.
Өнеркәсіптік өндірістің жалпы мөлшерінде бұл саланың аз салмағына қарамастан (3,6%), облыстың өнеркәсіптік өндірісінің өсуіне сол әжептәуір ықпал етеді. Мысалы, 1996 жылға қарағанда табиғи құмды өндіру 19 есе өсті, кен мен түрлі - түсті металл концентраттары 3 есе, тас көмір 10%-ға, «Атансор» ЖШС темір кенін өндіру басталды, бұл саланың өнеркәсіптік өндірістің небір ишкізат бакыты туралы білдіреді. Тек қана өткен жылдың ішінде тау - кен өндіру өнеркәсібіндегі салмақ облыс мөлшерінде 1,2%-ға өсті.
Қаржылық емес сектордың барлық облыс өнімінің үлесі 64%-нан асатын өндеу саласында өткен жылдар ішінде өндірістің құлдырауы байқалды, ол 2000 жылы тоқтатылды, бұған күә нақты мөлшер индексі, ол 1999 жылға қарағанда 126,6% құрастырды. Осы кезең ішінде тоқыма және тігін өнеркәсібінде (132,9%), металл өнеркәсібінде (176,8%), машина құру (3,4 есе), металл және минерал өнімдерін өндіруде (182,2%) өсу қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар өңдеу саласында өткен жылда 1999 жылға қарағанда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуде (94,4%), ағаш және ағаш бұйымдарын өндіруде (56,9%), химия өнеркәсібінде (62,6%) әжептәуір төмендеу жіберілген.
Электрқуаты, газ бен суды өндіру мен тарту өнеркәсіп құрылымында экономикалық қызметтің маңызды түрі болып табылады, оның ахуалынан көптеген басқа салалардың қызметі тәуелді, ол облыс өнеркәсібі мөлшерінің 32%-нан астамына ие. 2000 жылы өткен жылмен салыстырғанда бұл салада өндірістегі мөлшерді және электрқуатты бөлуді азайтудан өндіріс 1%-ға жуық төмендетілді, оның нақты мөлшері 1999 жылдың өндіріс деңгейіне қарағанда 78,9% және газға ұқсас отынды өндіру мен таратуда 12,4% құрастырды.
1999 жылдан бастап облыста импорт орналастыру бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның аясында кәсіпорындарда теміржол электровоздарын, вагондарын күрделі жөндеу технологиясы, дөңгелек жұптары мен басқа жабдық өндіру, газ және жабу жабдығын, от сөндіргіштер мен көптеген басқа өнім өндіру меңгерілді.
2001 жылы 1999 жылмен салыстырғанда импорт орналастыру өнімінің мөлшері 3,3 есе өсті де 2,4 млрд.теңгеден астам құрастырды.
Мұнай - газ және теміржол кешенімен ынтымақтастық бағдарламасы келісілді. Металлургия алыптары - «Қазақмыс» ААҚ, «Испат-Кармет» ААҚ, «Қазцинк» ААҚ, «Қазатомпром» ҰАҚ және ҚР басқа кешендерімен және кәсіпорындарымен иынтымақтастықты кеңейту болашағы белгіленді.
2000 жылы облыста 37 тұралап қалған кәсіпорындар іске қосыдды, мұңда 3851 жұмыс орны құрылды. Барлығы 5087 адам жұмыс орнына ие болды. Бұл жұмыс 2001 жылы да өз жалғасын табуда.
Өнеркәсіп онімінің мөлшері бойынша ең көп жеке салмаққа облыста Көкшетау қ. өңеркәсібі ие, оның үлесі соңғы бес жыл ішінде 1996 жылғы 27,5%-дан 2000 жылғы 26%-қа дейін азайды. 2000 жылы өнеркәсіп өндірісінің мөлшері 6,2 млрд. теңгеге жуық құрастырды, бүл 1999 жылдың өндірісінен 2,2% жоғары.
Екішні үлкен қала - Степногорскінің жеке салмағы 1996 жылғы 25,2%-дан 2000 жылғы 23,8%-ға дейін төмендеді.
Ядерлік материалдардың барлық облыстық өндіріс мөлшері Степногорск қаласының кәсіпорындарымен жасалады. Химия өнеркәсібінің өнім үлесіне 93,4%, машиналар мен жабдық өндіруге 56,6%, электрқуат өндіруге 99,3% келеді.
Өндіріс мөлшерінің көп төмендеуі облыстың барлық аудандарында орын алды.
Қазіргі кезде еңбекке жарамсыз жұртшылықты еңбекпен қамтуды көбейту және айналымға жаңа табиғи ресурстарды тарту есебінен өнімді өнеркәсіптік өндіру және қызмет көрсетуді өсіру үшін мумкіншілік шектеліп келеді. Осыған байланысты облыстық өнеркәсібін бұдан былай дамыту үшін шешуші мағнаға интенсивтік факторлар ие болып келеді. Кезегі келгенде, кадрлар біліктілігінің және еңбек өнімділігінің өсуі, материалдар мен жабдықтың тиімділігі, өндірілген өнімнің сапасы экономика саласында ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану дәрежесімен белгіленеді.
Дәл осыған инновациялық қызмет ықпал жасауға тиіс, олтек өнеркәсіп өндірісіне ғана емес, негізінде қоғамдық тіршіліктің барлық жағына өз әсерін тигізуде.
Нәтижесінде-материалдық және материалдық емес дуниелерді, тұтыну құрылымы жетіледі, адам өмірінің, ісінің жаңа салалары пайдаболады. Мысалы, жоғары технология саласындағы бір жұмыс орны өнеркәсіп саласында бестен онға дейін жұмыс орнын құрады. Дамыған елдерде жоғары технологиялық өндірістер мемлекеттік бюджетті толтыру көзінің негізгісінің біреуі болып табылады. Инновациялық қызметтің мүмкіншілігі индикативтік және бюджеттік жоспарлау жүйесінде есепке алынуға тиіс.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
Бағдарламаның негізгі мақсаты облыс экономикасын ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде жаңаны өндіру және өндірілген өнім (тауар және қызмет көрсету) сапасын жақсарту мақсатымен тұрақты дамытуға оң жағдай жасау, өндірістік инфрақұрылым қалыптастыру және аймақ экономикасын шикізатты экспорттаудан бәсекелестікке ыңғайлы, жоғары технологиялы экспорттық өнім өндіруге өз кезеңімен қайта бұру.
Қойылған мақсатқа сәйкес бағдарлама келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
Тармақша 1
1) Облыс экономикасының басымдық ғылыми-техникалық және технологиялық дамуын қамтамасыз ету.
Тармақша 2
2) Жоғары технологиялық шикізат емес өндірісті қалыптастыру.
Тармақша 3
3) Инновациялық қызметі және өндірістік кәсіпкерлік қызметі мемлекеттік қолдау жүйесін калыптастыру.
Тармақша 4
4) Өнеркәсіптің технологиялық модернизациясын өткізу және экспортқа бағдарланған ғылыми қомақты өндіріс құру.
Тармақша 5
5) Инновациялық қызмет инфрақұрылымын қалыптастыру.
Тармақша 6
6) Инновациялық салаға шағын бизнес субъектілерін тарту.
Тармақша 7
7) Инновациялық қызметті кадрлармен қамтамасыз ету.
Тармақша 8
8) Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асырудың механизмдері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асырудың механизмдері
Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда ғылыми-техникалық саясаттың қағидалық ерекшеліктері бар. Дамыған елдерге түбегейлі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландырудың мөлшерін көбейту тән, олар ғылым мен жеке сектордың қарым-қатынасын ынталандыру есебінен жаңалықтарды тездетіп игереді, ғылымның біріккен секторынқұрұға және дамытуға жан-жақты ықпал жасайды, ғылыми-техникалық мүмкіншілікті экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге тікелей бағдарлайды.
Бізде ғылымды қаржыландыру жеткіліксіз. Шаруашылық субъектілері ғылым мен инновациялық қызметке жұмсаған шығысты ынталандыру жүйесі дамытылмаған, өндіріске ғылыми-техникалық әзірлеулерді еңгізудің маңыздылығын бағаламау орын алуда.
Бұдан былай да іс осылай жүрсе облыстың ғылыми-техникалық дамуы бұрынғы деңгейде қала береді. Мұндайды жібермеу үшін қоғамның өндірістік күштерін дамыту жөніндегі облыстың ұзақ мерзімді саясатын түзеу қажет.
Аймақта экономиканың инновациялық даму жолына көшуіне экономикалық, демографиялық, ғылыми-технологиялық, ұйымдастырушылық және басқа факторлар әсер етеді.
Облыста инновациялық қызметтің дамуына әсер ететін факторлардың салыстырмалы мінездемесі
КҮШТЕРІ ЖАҚТАРЫ
ОСАЛ ЖАҚТАРЬі/
Облыстың ұтымды географиялық орналасуы және көліктік инфрақұрылымның болуы
Ішкі қаржыландыру ресурстардың жетіспеушілігі
Жеткілікті жер, шикізат және енбек ресурстары
Табиғи-ауа райы жағдайынан тәуелділіктің көптілігі
Жаңа типті білім мекемелерінің болуы
Материалдық-тахникалық жабдықтауды төмендігі
Облыстың негізгі тағам өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын қабылеті
Энергоқуатпен қамтамасыз ету мәселесіндегі күшті тәуелділік
Энергетикалық, тағам, өңдеу және алу өнеркәсібінің өніміне сұранымның болуы
Ғылыми-техникалық қабылеттің жоғалуы
Бос өндірістік күштердің болуы
Экономиканың шикізаттық бағдары
Жеткілікті білікті инженерлік-техникалық персонал
Әлем деңгейіндегі өз технологиямыздың шектелген саны
Жеткілікті жалпы білімнің жоғары деңгейімен қабысып тұрған арзан жұмыс күші
Инновациялық қызмет инфрақұрылымының дамымауы
Өндірісті кең ауқымды жаңарту үшін қомақты күрделі қаражат керек болады, ол казіргі кезде облыста жоқ. Осыған байланысты қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік қаржыландыруымен қатар несиелік ресурстарды, инновациялық қызмет субъектілерінің өз қаражатын, шет ел капиталы және басқаларды тарту керек. Одан басқа жабдық пен технологияларды лизинг бойынша сатып алуды дағдыға енгізу қажет, сонда бюджетке түсетін салмақ азаяды.
Шетел технологиясы мен техникасының бақылаусыз ағымы отандық қолданбалы ғылымды басып тастауын, қазақстан экономикасының шет ел әзірленулерінен технологиялық тәуелді болуын естегі шығармау керек. Осының нәтижесінде ондаған жылдар ішінде жинақталған отандық қабынеттің жакалу қауыі туындайды. Осының салдарынан аймақ жоғары технологиялық әнімді импорттауға мәжбүр болады.
Осыған байланысты, шет ел тәжірибесіне сүйенсен, ең қолайлысы инновацияның келесі түрлері болып табылады.
«Өсіру» инновациясы отандық ғылыми-техникалық қабылеттіқ жаңа өнімін және технологияларын жасаған кезде және шет ел ғалымдары мен құрастырушыларының тәжірибесін пайдалануда білінеді. Бұл инновация толық мөлшерде мемлекеттік мүддеге және облыстық экономикалық қауіпсіздігіне сәйкес келеді, ол негізінде экономиканың барлық саласында пайдалануы мүмкін.
«Заим» инновациясы облыста бұрын өндірілмеген онімді игеру және тұтынудағы ақырғы өнімді шығаруға бағдарланған өнімде білінеді.
«Көшіру» инновациясы шет ел ғылыми-техникалық қабылетін және жаңа өзгерістерді отандық экономикаға тартуда білінеді. Бұл инновация лицензия алуға және оларды өндіріске енгізуге жұмсалатын қаржы шығынымен байланысты.
Облыс үшін жақын арада ең тиімдісі «өсіру» және «заим» инновациясы болып табылады, сондай-ақ олардың қабысуы, себебі ғылым мен техника жетістіктерін пайдаланумен қатар бұл отандық ғылыми-техникалық қабылетті өсіруді қамтамасыз етеді.
Инновациялық даму маңызын есепке ала отырып қазіргі жағдайда ерекше рөлге бастапқы өндеу және ауылшаруашылық өнімін сақтау, отын-энергетикалық кешені, химия және мұнайхимия, жаңа материалдар өндіру, коммуникация жүйесі, көлік пен байланыс, биотехнология секілді салаларда инновациялық жобалар ие.
Бұл бағыт үшін өсу нуктесі - тұрмыс техникаларын, күнделікті сұранымдағы тауарлар және экологиялық таза өнім өндіруді қарқынды дамыту.
Дамыған елдер энергетикалық және экологиялық қиыншылықтың ауырлығымен энергошығыннан бас тарту және қалдықсыз технологияға көшу есебінен жандандырудың ресурссақтау типіне көшті. Облыстағы өнеркәсіптің шикізат саласының төмен технологиялық мүмкіншілігін есепке ала отырып ресурссақтаушы инновациялық жобалар жоғары экономикалық тиімділікке ие болып мүмкін. Бұл бағыт үшін өсу нүктесі - минералдық, көмірсутегі және ауылшаруашылық шикізатын өңдеу терендігін көбейту, металлургияның ақырғы шикізатты електен өткізу.
Бұдан жоғары технологиялық туғырды белгілеген кезде облыс экономикасы бесінше технологиялық тұғырды қалыптастырған кезде әлемдік техника-технологиялық даму талабына қаншама үйреніп-қалыптасатынын байқаған жөн.
Бұл бағыт үшін өсу нүктесі - информатика мен микроэлектроника, биотехнология мен жаңа материалдар.
Тарау 6. 6. Инновациялық салаға шағын бизнес субъектілерін тарту
6. Инновациялық салаға шағын бизнес субъектілерін тарту
Соңғы жылдары шағын бизнестің маңызды рөлін және оның қоғаммен экономика дамуына қомақты салымын түсінү күшейді.
Шағын бизнестің басымдылығы оның қабылетімен белгіленеді - жаңашылығымен, ептілігімен, құруға кететін аз шығынымен, тез дамуымен және қауіптің аздығымен. Шағын бизнес еңбекпен қамтуда, және тауарлар өндіруде, зерттеу және ғылыми-өндірістік әзірлеуде қомақты рөл ойлайды.
Ғылым қабылетінің көп бөлшегі ірі компанияларда тұрақталғанына қарамастан шағын және орта фирмалар өнімнің кең ауқымы бойынша жаңа тауарлардың саудалауын жиі бастайды.
Дамыған экономикасы бар елдерде ірі кәсіпорындар оларға жеке бөлшектер мен заттар өндіретін ұсақ мамандандырылған фирмаларды тартады. Монополиялар маңайында, әсіресе машина салу салаларында, электрондық өнеркәсіпте, әдетте ондаған мың ұсақ кәсіпорындар топталады, олар монополиялардың қаржы және техникалық көмегімен пайдаланады. Монополиялық бірлестіктердің қожайындары үшін мұндай ұсақ субмердігерлер пайдалы және ұтымды: олар өз өнімін төмен бағамен береді.
Шағын кәсіпкерлердің маңыздылығы өміршеңдік үшін қатал бәсекелестік күлес жүргізе отырып олар әрдаяым даму үстінде.
Сонымен қатар шағын кәсіпорындарда әжептәуір жоғары еңбек тиімділігі байқалады, шағын фирмалар аз шығынмен жергілікті көз (шикізат) әзірлеу негізінде жеткіліксіз тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің сұранымын қанғаттандырады және бірсыпыра еңбекпен қамтуды қамтамасыз етеді.
Олар муниципалдық бюджеттерге түсім мөлшерін көбейтеді, ғылыми-технологиялық прогрессті ынталандырады, шаруашылық үшін басқа манызды міндеттер орындайды. Қазіргі кезенде ҚР экономикасындағы шағын бизнес кәсіпорындарының рөлі көтерілуі кездейсоқ емес, ол заңды іс.
Шағын кәсіпкерліктің даму мониторингі көрсеткендей 1.11.2001 ж. облыста 16499 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 3698 заңды тұлғалар, 12801 жеке кәсіпкерлер, жұмыс істейтіндердің жалпы саны - 67743 адам.
Негізгі салалар бойынша тіркелгендер мен оларда жұмыспен қамтылған адамдар санының салыстырмалы сан талдауы төмендегі таблицада көрсетілген:
Саланың аты
ШКС саны (бірл.)
Жұмыс істеушілер саны (адам)
1.11.2000 ж.
1.11.2001 ж.
1.11.2000 ж.
1.1/2001 ж.
Барлығы:
14850
16499
61627
67743
өнеркәсіп
424
477
5087
6188
ауылшаруашылық
3874
4466
23125
25225
құрылыс
193
166
2080
2246
сауда
7744
8304
19148
20820
қалғандары
2615
3086
12187
13264
Таблицадан көрінгендей, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ШКС тұрақты өсуі, сондай-ақ өндірістің барлық салаларында жұмыс істеушілер санының өсуі байқалады. Біріншіден, ШКС облыстық бюджет қаражатынан және екінші денгейдегі банктердің өз қаражаты есебінен белсенді қаржыландыруы. Екіншіден, ШКС қолдау үшін бизнес-инкубатор, технопарк ретінде ұтымды инфрақұрылым құру.
Үстіміздегі жылы 2000 жылдың осындай кезеңімен салыстағанда өндірілген өнім мөлшерінің өсуі орын алды - 5898,8 млн. теңге, немесе 54,3%.
Өндірілген өнім мөлшерінің өсуі негізінде сауда мөлшерінің өсу есебінен 2774,9 млн. теңгеге, ауылшаруашылық есебінен 1966,8 млн. теңгеге, өнекәсіп өндірісінің есебінен 357,5 млн. теңгеге орын алды. Ең аз осу құрылыста (164,9 млн. теңге) байқалады.
2000 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда үстіміздегі жылы бюджетке төлемнің мөлшері 341,4 млн. теңгеге немесе 23,9% көбейді.
Шағын кәсіпкерліктің салалық құрылымын талдау көрсекендей, облыста өз дамуын талап ететін салалар бар. Ішкі нарықта құрылыс, көлік пен байланыс, қызмет көрсету саласы секілді салалар нашар дамыған. Осы салалардың дамымауыоблыстың экономикалық дамуына түгелдей әсер етеді. Аймақтарда ШКС қызмет саласын таңдауда көмек көрсетілмейді. Көбінесе ШКС қызметінің саласын таңдауға бей-жай қарайды. Негізінде шағын бизнес коммерциялық дүкендер мен дәріханалардың көп санымен көрсетілген. Сонымен қатар химтазалау, кір жуу, шаштараз, жөндеу және тігін шеберханасы, монша секілді қызмет көрсету саласына сұраным бар.
Бос өндірістік алаңдар бола тұра өңдеу өндірісі жеткіліксіз дамыған. 1.11.2001 жылға пайдаланбайтын обьектілер - 201 анықталған, олардың тендер бойынша 21 сатылған, арендаға берілгені - 31, сенімдік басқаруға - 102, ақысын өтеусіз - 83 берілген. Сондай-ақ құрылысы бітпеген 16 анықталған объектілердің тек 6-ы ғана сатылған. Атап өткен жөн, жер учаскелерін беру белсенді жүріп жатыр. Үстіміздегі жылы ШКС төлемақысыз 3999 жер учаскесі берілді және 2199 учаске сатылды.
Шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін негізгі себептер болып табылады:
- тауар өндірушілердің шикізат сатып алу үшін өз айналымындағы қаражатының жетіспеуі;
- отандық тауар өндірушілерін қолдауға бағытталған несиелік мүмкіншілікке қол жеткізе алмау;
- жаңа технологияларға қол жеткізе алмау;
- халық тұтытатын тауарлар шығару бойынша жабдықтың жоғары кұны;
- жергілікті тауар өндірушілері шығаратын өнімнің жоғары әлемдік стандартқа, экологиялық және санитарлық нормалаларға сәйкас келмеуі;
- импорттық өніммен құндық бәсекелестікке қабылетсіз жергілікті өндіріс тауарларының көтеріңкі бағасы;
- жұртшылық кірісінің төмен деңгейдегісінен шағын бизнес өніміне және қызмет көрсетуіне осал сұраным;
- ШКС өндірген өнімді сату «кепілді» нарығының қалыптаспауы;
- Бірыңғай ақпарат кеңістігінің болмауы.
Тарау 7. 7. Инновациялық инфроқұрылымды қалыптастыру.
7. Инновациялық инфроқұрылымды қалыптастыру.
Қазіргі кезде кез - келген аймақ немесе елдің экономикалық қабылеті, олардың бәсекелестік қабылеті табиғи ресурстардың болуынан ғана емес, кадрлар әзірлігінің деңгейі мен дамыған инфроқұрылым желісіне байланысты. Бүкіл әлемде мойындалғандай, ең тиімді инновациялық инфроқұрылымдар технологиялық парктер, инновациялық орталықтар, бизнес - инкубаторлар болып табылады.
Мұндай құрылымдар материалдық - техникалық, әлеуметтік мәдени, сервистік, қаржы және басқа базаны құру арқылы шағын және орта кәсіпорындардың өзіндік қызметін тиімді дамыту және әзірлеу үшін, облыс сұранымын қанағаттандыру үшін ғылыми - техникалық өнімді нарыққа берумен бірге ғылыми білімді, «ноу - хау», және ғылыми қомақты технологияларды коммерциялық игеруге қазіргі инновациялық ортаны қалыптастыруды жүзеге асыруға арналған.
Инновациялық инфроқұрылымды құру және дамыту үшін облыста қажетті мүмкіншіліктер бар:
- үлкен интеллектуалдық қабілеті бар тиімді дамып жатқан университеттің болуы;
- бұрығы қорғаныс кәсіпорындарының инженерлік - конструкторлық қызметкерлердің, білікті мамандардың, жұмыскерлердің болуы;
- ғылыми - техникалық топтармен бірге жаңа технологиялар әзірлеуге қатысуға әзір шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік құрылымы;
- бұрынғы қорғаныс кешенінің туралап қалған кәсіпорындарының өндірістік учаскелерін, жаңа технологиялар үшін тәжірибе жабдығын құрастыру мен түзеу үшін ғимарат - бөлмелерді пайдалану мүмкіншілігі;
- Астана қаласы, Атырау облысы, Мәскеу қаласы, Курган облысы, Курск облысы, Краснояр өлкесі, Харьков облысы секілді ірі, дамыған аймақтармен сауда - экономикалық, ғылыми - техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімнің болуы;
- облыстың оңтайлы географиялық орналасуы;
Өз міндеттеріне сәйкес инновациялық инфрақұрылым объектілері:
- коммерциялық, экспорттық, конверсиондық қабылеті бар инновациялық ұсыныстар, ғылыми-техникалық жобалар және бағдарламаларды зерттеу және бәсекелестік таңдауды жүзеге асыру;
- шағын инновациялық кәсіпорындармен жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, инновацияларға инвестиция салу;
- бастап жатқан кәсіпорындарға таңдап алынған инновациялық жобалар және бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысатындарға ыңтал жасау;
- өз аймағыңа іс үстіндегі инновациялық кәсіпорындарды тарту, оларға ғылыми - зерттеу және тәжерибелі - конструкторлық жұмыстарды өткізуге көмек көрсету, жоғары оқу орындарымен байланыс орнату;
- шағын инновациялық кәсіпорындарға келісім-шарт негізінде зертханалық, эксперименттік - өндірістік алаңдар, ғылыми - зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарды орындау үшін жабдық, офистік, өндірістік, қоймалық, оқу және басқа бөлмелер, конференц-зал мен аудиториялар беру;
- шағын инновациялық кәсіпорындарға заңгерлік, ұйымдастырушылық, қаржылық, инжинирингтік, маркетингтік, шаруашылық және басқа қызмет көрсету, сондай-ақ инновациялық қызметпен айналысатын ғалымдарға, оқытушыларға, аспиранттарға, ЖОО студенттеріне, ойлап шығарушыларға және олардың ұжымдарына қызмет көрсету.
Инновацияның тұтынушылары мен жаңалық енгізушілер арасында ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету үшін инвестициялық жобалардың мәліметтер базасы қалыптастырылады, ол Ақмола облысы әкімиятының ресми Веб-сайтында орналасатын болады. Сайт Интернеттің бүкіләлемдік желісінде 2001 жылдың аяғында пайда болады.
Тарау 8. 8. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері.
8. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері.
Тармақ 8.1. 8.1. Қаржымен қамтамасыз ету.
8.1. Қаржымен қамтамасыз ету.
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесінің өз ерекшелігі болады және облыстың қаржы саясатының құрама әлементі секілді өзін білдіреді.
Бұл жүйе ең алдымен облыс экономикасына техникалық жаңалықта тез және тиімді енгізу үшін қажетті жағдайлар құруға, оның құрылым-технологиялық қайта құруын қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық және кадрлар кабылетін сактауға және дамытуға бағытталған.
Бұл жүйенің элементтері көрсетіп-білдіреді:
- Қаржының түсу көзінің қабысуын;
- Қаржыны бақылау механизмін, оларды қайтару мен пайдалану тиімділігін бағалауды қоса.
Инновациялық қызметті дамытуға қаражат ішкі облыс көздерінен табылуға тиіс («Шағын кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде несиелеу үшін» бабы бойынша) және негізінде: инновациялық инфрақұрылымды дамытуға - бизнес-инкубаторлар, арнайы конструкторлық бюро, инновациялық қорлар құруға, кадрларды әзірлеу және қайта әзірлеуге жіберлуге тиіс.
Қаржыны бақылау жүйесі қалыптасады, ол:
- қаржы ресурстарының кажеттілігі мен оларды алудың нақты мүмкіншілігі арасындағы байлансты;
- облыс бюджетінің алдында кәсіпорын алған қаржылық міндеттемелерді уақытында және толық орындауды;
- материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды;
- тапсырушылармен, контрагенттермен, қоюшылармен экономикалық қатынас практикасынан шығатын басқа міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты облыс иновациялық қызметтің қаржыландыру жүйесін келесі бастапқы қағидалардан аяқ алып қалыптастырды:
- жүйені ғылыми-техникалық жетістіктерді тез және тиімді енгізуге икемдеу;
- қаржыландыру көзінің көптігі;
- инновациялық жобаны қаржыландыру жүйесінің барлығының ең көп тиімділігін қамтамасыз ету үшін жылдам қайта құру мүмгіншілігі;
- практикада қолдану үшін техникалық және технологиялық жаңашылықты көлемді ауқымын қамту;
- қолданылатын механизмдердің негізделігі мен заңды қорғалуы.
Жалпысалалық, салааралық және аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламаларды, сондай-ақ жергілікті жерлерде өнеркәсіп өнімінің жаңа түрлерін игеру бойынша шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында инновацияны қолдайтын мемлекеттік емес қорлар жүйесі құрылатын болады. Мұндай қорлар аймақтық деңгейде құрылатын болады.
Инновациялық қызметті мемлекеттік емес қаржыландыру көздері болып:
- инновациялық кәсіпорындардың өзіндік қаражаты;
- құнды қағаздардың эмиссиясы есебінен жиналатын қаражат;
- коммерциялық банктердің несиелері;
- мамандандырылған және қайырымдылық қорлары;
- жаңа өнімді жылдамдатып шығаруға мүдделі басқа инновациялық кәсіпорындар, инновациялық компаниялардың қаражаты.
Қымбат тұратын станоктар, жабдық, керемет бақылау - техникасын сатып алуды талап ететін ірі технологиялық инновацияларды жылдам өнеркәсіптік игеру міндеттерін шешер кезде қаржы лизингі даму табады.
Тармақ 8.2. 8.2. Ғылыми-техникалық қамсыздандыру
8.2. Ғылыми-техникалық қамсыздандыру
Ғылыми-техникалық қамсыздандыру инновациялық дамудың анықтайтын шарты болып табылады және өнімді жаңа нарыққа жылжытуға, жасауға бағытталаған.
Технологиялық мен жабдық экологиялық, техникалық қауіпсіздік пен санитарлық норма талаптарына Сандыктауский район келуге, техникалық қайта қарулануды жыдам өткізуді қамсыздандыруға және әлемдік деңгейдегі өнім шығаруға тиіс.
Облыс жүзеге асырады:
- инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;
- кешендік ғылыми-техникалық экспертиза өткізу;
- іргелі ғылыми зерттеу өткізу;
- инновациялық бағдарламалар мен жобаларды ғылыми-техникалық қамту;
- әлемдік ғылыми-техникалық дамуды болжау;
- кешендік ғылыми-техникалық, технологиялық және экологиялық экспертизаны міндетті түрде өткізумен бірге тендірлік негізде шет елдік технологиялар мен жабдықты сатып алу және лизинг жасау.
Тармақ 8.3. 8.3. Кадрлармен қамтамасыз ету
8.3. Кадрлармен қамтамасыз ету
Инновациялық даму жолына түскенде облысқа казіргі менеджмент саласында қажетті білімі бар мамандар керек болады. Меншіктігі барлық формадағы кәсіпорындар мен ұйымдарға қысқа мерзім жоғары тиімділі мен инновацияның бәсекелестік мүмкіншілігін қамтамасыз ететін мамандар қажет болады.
Осыған байланысты ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет үшін кадрлар әзірлеу және қайта әзірлеу формасының бірі инновациялық орталықтар мен технопарктер болады.
Сондай-ақ мемлекеттік қолдау кезінде жетекші отандық, шетелдік компанияларда мамандарды машықтандыру практикаға енеді.
Кадрлармен қамтамасыз етудің басымдық және ең тиімді бақыттарының бірі облысқа жоғары білікті шет елдін және отандық мамандарды тарту болады.
Тарау 9. 9. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
9. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Облыстың инновациялық дамуы экономиканың бірыңғай құрылымдық қайта құрылуын, ішкізат емес секторға инвестициялар мен қазіргі технологияларды тартуды, өндірісті техникалық қайта қаруландыру мен модернизациялауды, жаңа жұмыс орындарын құруды және нарықты бәсекелестікке қабылетті өніммен толтыруды қамтамасыз етеді.
Интеллектуалдық меншік нарығын құру есебінен шаруашылық қызметке жергілікті ғалым мамандардың ғылыми-техникалық жетістіктерді тартылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру:
- өнеркәсәптің барлық салаларында жаңа технология енгізуге, өндірілетін өнімнің сапасын көтеруге, оны өткізу нарығын кеңейтуге;
- басқа салаларды дамыту үшін жағдай, ең алдымен ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде, жасауға;
- шағын және орта кәсіпорындардың басымдық дамуы арқасында және жыл сайын өнеркәсіп өнімінің 3-5 пайызға дейін өсу есебінен ірі кәсіпорындардың жалпы аймақтық өнім (ЖАО) құрылымындағы үлесін азайту арқылы облыс экономикасын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету;
- облыстың ғылыми-техникалық қабылетін көбірек пайдалану, ғылым мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің керектігін қамтамасыз етуге;
- шағын бизнесті дамыту үщін жағдайлар жасауға;
- тағам өнеркәсібінде жаңа технологиялар енгізу, өндірілетін тағам өнімдерін ассортиментін кеңейтуге;
- электрқуат өндіруде қазіргі, оның ішінде дәстүрлі емес ресурс сақтайтын технологияларды игеруге;
- жұртшылық арасында әлеуметтік кернеулікгі азайтуға қол жеткізеді;
Аграрлық секторда бейімделіп келе жатқан оң өзгерістер және техникалық қайта қарулану, өндіріске инновациялық технологиялар енгізу есебінен жоғары ақырғы нәтижелерге қол жеткізу бойынша алдыңғы шептегі а/ш кәсіпорындары мен кәсіпкерлік құрылымдар жұмысының тәжірибесі орта мерзімді болашақта будан тиімді шаруашылыққа шығуға қол жеткізеді.
Облыста оң инновациялық жағдайдың қалыптасуы барлық салалардың дамуына түрткі болады, әсіресе жоғары технологиялық және ғылыми қомақты өндірістерді, болашақта жоғары индустриялық аймақ құруға қол жеткізеді.
Ақмола облысының 2002-2003 ж.ж. жасалған инновациялық Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№
р/б
Шаралар
Аяқтау
формасы
Жауаптылар
Орындау
мерзімі
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру
1.
Ақмола облысының ірі аудандық орталық мен қалаларында бизнес-инкубаторлар, технопарктер, аймақтық инновациялық қорлар желісін құру
Әкімияттың қаулысы
Аудан, қала әкімдер, облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
2002-2003 жылдар
Жергілікті бюджеттер
2.
Технология, менджмент, жаңа таурлар мен қызмет көрсету саласында отандық ғылыми әзірлеу мәліметтерінің банкін құру
Экономика салалары бойынша мәліметтер банкілері
Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
2002-2003 жылдар
Облыстық бюджет
3.
Инновациялық қызметті үйлестіру бойынша ведомствоаралық кеңес құру
Әкімнің шешімі
Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, Облыстық ауылшаруашылық басқармасы, Облыстық білім басқармасы
2002 ж. Қаңтары
4.
Экономиканың нақты секторында жоғары технологиялық салаларда шешімдері ғылыми-техникалық қамсыздандыруды талап ететін проблемаларды жыл сайын талдау және анықтау
Ақпарат
Аудан, қала әкімдері, Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
Жыл сайын, желтоқсан
1
2
3
4
5
Қаржымен қамтамасыз ету
5.
Облыстық және жергілікті бюджеттерде инновациялық дамуға қаражат қарастыру
Әкімияттың қаулысы, Маслихаттың шешімі
Облыстық қаржы басқармасы, облыстық және аудан, қала маслихаттары
2002-2003 жылдары
Облыстық және жергілікті бюджеттер
6.
Қалалық бюджет қаражатынан қайтару негізінде жеңілдікпен несиелеу үшін тауарлар мен кызмет көрсету саласында ШКС басымдық жобаларын таңдау
Ақпарат
Аудан, қала әкімдері, Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
Тұрақты
Жергілікті бюджеттер
7.
Облыс үшін басымдық инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін шетел инвесторлары мен отандық кәсіпкерлердің бос қаражатын тартуға ықпал жасау
Ақпарат
Аудан, қала әкімдері, Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, Облыстық ауылшаруашылық басқармасы
Тұрақты
Ақпараттық қамсыздандыру және насихат
8.
Отандық инновациялар туралы ақпаратты Интернет жүйесіне орналастыр
Ақпарат
Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
Жыл сайын
Облыстық бюджет
9.
БАҚ инновациялық дамытуды насихаттауға тарту, дөңгелек столдар мен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу
Ақпарат
Аудан, қала әкімдері, Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, Облыстық ауылшаруашылық басқармасы, Облыстық білім басқармасы
Тұрақты
Жергілікті бюджеттер
1
2
3
4
5
6
10.
Ақпараттық-статистикалық массив қалыптастыру, салалық және аймақтық мөлшерде инновациялық даму мониторингін өткізу
Ақпарат
Аудан, қала әкімдері, Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, Облыстық ауылшаруашылық басқармасы, Облыстық білім басқармасы
Жыл сайын, қаңтар
Кадрлармен қамтамасыз ету
11.
Кадларды әзірлеу және қайта әзірлеудің аймақтық орталықтарын құру
Ақпарат
Аудан, қала әкімдері, Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, Облыстық ауылшаруашылық басқармасы, Облыстық білім басқармасы
2002-2003 жылдары
Жергілікті бюджеттер
Халықаралық ынтымақтастық
12.
Бірлескен инновациялық қызметті жүзеге асырған кезде ТМД және алыс шет елдермен ынтымақтастықты қамтамасыз ету
Ақпарат
Аудандар, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, Облыстық ауылшаруашылық басқармасы, Облыстық білім басқармасы
Тұрақты
1
2
3
4
5
6
Өнеркәсіптің дамуы
13.
Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарын газификациялау үшін полиэтилендік құбырлар мен фитингтер өндіру
өнім өндіру
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Тыныс» ААҚ
Инвестициялар
14.
Өлшеу құралдарын өндіруді меңгеру (манометрлер, вакуумметрлер)
Жылына 70,5 мың дана мөлшерде әзір өнім шығару
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы «Тыныс» ААҚ
3 жыл
Инвестициял-
ар
15.
Жылдам дайындайтың тағам және жартылай фабрикат өндіру бойынша линияны орнықтыру және пайдалануға енгізу
Әзір өнім шығару
«Стерх» ЖШС
2002 жыл
Инвестициялар
16.
Кондитерлік бұйымдар өндіру бойынша жаңа технологиялық линияны орнықтыру және пайдалануға беру
Линияны пайдалануға беру
«Стерх» ЖШС
2002 жыл, II тоқсаны
Несиелік ресурстар
17.
«Як-242» үшін 6964 және 7028 электрклапандардың тәжірибелі үлгілерін әзірлеу және жасау
Тәжірибелі үлгілерді өндіру
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Наука-Восток» ААҚ
2002 жыл
Инвестициялар
18.
Шегірткелермен күресу үшін автомайзер әзірлеу және жасау
Бұйымдар өндіру
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Наука-Восток» ААҚ
2002 жыл
Инвестициялар
19.
Мұнайгаз өнеркәсібі мен т/ж көлігі үшін э/магниттік пневмоклапандарды көптеп өндіруді ұйымдастыру
Бұйымдар өндіру
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Наука-Восток» ААҚ
2002 жыл
Инвестициялар
20.
Құрғақ сүт ендіру үшін жабдық енгізу
Әзір өнім өндіру
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Гормолзавод» ЖШС
2002 жыл. II тоқсаны
Несиелік ресурстар
1
2
3
4
5
6
21.
Галенофармацевтік дәрі-дәрмек формаларын өндіруді ұйымдастыру
Әзір өнім өндіру
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Акфарм» ЖШС
2002 жыл
Өз қаражаты
22.
Иммунобиологиялық препараттар өндіруді ұйымдастыру
Әзір өнім өндіру
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Акфарм» ЖШС
2002 жыл
Инвестициялар
23.
Таблеттелген құралдар өндіруді ұйымдастыру
Әзір өнім өндіру
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Акфарм» ЖШС
2003 год
Несиелік ресурстар
24.
Цианплав шығару бойынша тәжірибелі-өнеркәсіптік учаскені іске қосу
Цианплав шығару
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «КазСабтон» ЖАҚ ГМЗ
2002 жыл, I тоқсаны
Есеп айырысу жүргізілуде
25.
Барит концентраттарын өңдеу және бариттік салмақтандыруды шығару
Әзір өнім өндіру
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «КазСабтон» ЖАҚ ГМЗ
2002 жыл, II тоқсан
Есеп айырысу жүргізілуде
26.
Ақсу кен ішінде флотациондық концентраттарды тазарту бесцианидтік технологиясын әзірлеу
Жоба
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Казахалтын» ААҚ ГМК, «Технопарк-Степногорск» ЖАҚ
2002-2003 жылдары
Несиелік ресурстар
27.
Окислендірілген кенің үйінді алу және техногендік тиосульфат аммонияның құрылуы технологиясының жобасын жасау
Жоба
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Казахалтын» ААҚ ГМК, «Технопарк-Степногорск» ЖАҚ
2002-2003 жылдары
Несиелік ресурстар
1
2
3
4
5
6
28.
Шлихтік алтын алу үшін орталықжүртіш концентраттарды қолдану технологиялық әзірлеу
Жоба
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Казахалтын» ААҚ ГМК, «Степногорский инженерный центр» ЖШС
2002 жыл
Несиелік ресурстары
29.
Ақсу, Жолымбет, Бестөбе кен даласы шеңберінде тау жыныстары үйіндісін кешендік өндеу бойынша технологияны әзірлеу және енгізу.
Жылына 500 кг кемемес қосымша алтын алу
КРИЦ «НТК» «Қазақалтын» ААҚ бірлесіп.
2002 жыл
«Қазақалтын» ААҚ қаражаты және Степногорск инженерлік орталық қаражаты есебінен
30.
Степногорск инженерлік орталығынаң жаңа технологияларын қолданумен бірге солтүстік Қазақстанның кен даласының өнімділігін бағалау және тендерге болашағы бар алаңды шығыру
Өнеркәсіп қорын және басқа пайдалы қазбаларды көбейту
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, КРИЦ «НТК»
2003 жыл желтоқсан
Жеке меншік капиталдың қаражаты
31.
Кеннен жұқа шаңғы ұқсас алтын алуға қол жеткізетін кен байыту жабдық-орталықжүргіш гидроконцентраттар үлгілерін әзірлеу бойынша жоба-конструкторлық және механожинақтау жұмыстары
Жоба
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, КРИЦ «НТК»
2003 жыл
Есеп айырысу жүргізілуде
32.
«Қазақалтын» ААҚ фабрикаларында КРИЦ «НТК» орталық жүргіш гидроконцентраттарын енгізу және кен өндіру технологиясын нөкерлеу
Фабриканы бекітілген технологиялық сызбаларға сәйкес жабдықтау
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, КРИЦ «НТК» «Қазақалтын» ААҚ бірлесіп.
2001-2002 жыл, желтоқсан
«Қазакалтын»
ААҚ қаражаты есебінен
1
2
3
4
5
6
33.
Көпнысаналы бағыттағы жылжымалы кенбайыту кешендер әзірлеу бойынша жобалау-конструкторлық және механожинақтау жұмыстары (кен байыту, алтын, ниобий, алмас және т.б.).
Жоба
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, КРИЦ «НТК»
2003 жыл
Есеп айырысу жүргізілуде
34.
«Қазақалтын» ААҚ кен байыту фабрикалар соңын тәжірибелі өндеу.
Фабрикалар соңының технологиялық өндеуін әзірлейді
Облыстық өнеркәсіп;сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, Степногорск инженерлік орталық
2002 ж., сәуір-қараша
«Қазақалтын»
ААҚ қаражаты есебінен
35.
Антибилтик субстанцияларын өндіруді ұйымдастыру.
Өнім шығару
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Биокорм» ЖІІІС
2001-2003 жылдар
Несие
36.
Тазалған ферменттер өндіруді ұйымдастыру
Әзір өнім шығару
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, тағамдық биотехнология институтымен ынтымақтастықта (Мәскеу к.) «Биокорм» ЖШС
2001-2002 жылдар
Несие
37.
Жем қосымшаларын өндіруді ұйымдастыру
Жаңа технологиялық линияларды орналастыру
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар басқармасы, «Биокорм» ЖІІІС
2002 жыл
Инвестициялар
38.
ИСО 9000 халықаралық стандарттарға сәйкестік сапа жүйесін сертификаттау.
Облыстық өнеркәсіп, сауда. көлік және коммуникациялар басқармасы, «СПЗ» ЖАҚ
2003 жыл
Несиелік ресурстары, өз қаражаты