О Региональной программе предупреждения правонарушений среди несовершеннолетних на 2002-2003 годы Күшін жойған
Басқа 0
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушықтың алдын алудың 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 29.05.2004 № 8-21 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-2 Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377 Жарлығына, "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасына", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілсін (тіркелді).
Басқа 2. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы.
ӘЗIРЛЕУ ҮШIН НЕГIЗГЕ АЛЫНҒАНДАР:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру шаралары туралы" 2000 жылғы 20 сәуірдегi N 377 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы".
БАҒДАРЛАМАНЫ НЕГIЗГI ӘЗIРЛЕУШIЛЕР:
Облыстық бiлiм басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық IIБ, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, облыс әкiмi аппаратының бөлiмдерi.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI:
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық, құқық бұзушылықтың және бақылаусыздықтың алдын алу жұмыстары жөнiндегi құқық қорғау органдары мемлекеттiк басқару органдарының, мемлекеттiк емес және қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң қызметiн үйлестiрiп отырады.
Тармақ 2
2. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiнен өрескел жалтаратын ата-аналар мен оларды ауыстыратындарды, сондай-ақ құқық бұзушылықтың болуына жасалатын жағдайларды, тауып анықтау.
Тармақ 3
3. Кәмелетке толмағандардың бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру, жұмыспен қамту және бос уақыттары үшiн жағдайлар жасау, салауатты өмiр салтын насихаттау.
Тармақ 4
4. Балалар мен жасөспiрiмдердi қылмысты ортадан қорғау.
Тармақ 5. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI:
5. Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөнiндегi комиссияның тиiмдi жұмысын ұйымдастыру.
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI:
Облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердiң қаржысы, заңды және жеке тұлғалардан аударымдар, инвестициялар.
НЕГIЗГI ОРЫНДАУШЫЛАР:
Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi, облыстық бiлiм басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық IIБ, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы.
КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР:
Қоғамда әлеуметтiк шиеленiстi кемiту, жасөспiрiмдер қылмысын азайту және тұрақтандыру.
Тарау 1. 1. КIРIСПЕ
1. КIРIСПЕ
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы (бұдан әрi- Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру шаралары туралы" 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 377 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасына" сәйкес әзiрлендi, онда облыс әкiмдерiне кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен, құқық бұзушылықпен күресудiң аймақтық бағдарламасын қабылдау және оны iске асыруды қамтамасыз ету жөнiнде тапсырмалар берiлген.
Бағдарламаның негiзi оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары болып табылады.
Бағдарламаны орындау барысында жекеленген iс шаралардың нәтижелерi талданатын болады, оның балалар мен жасөспiрiмдер қылмысы жағдайларын тұрақтандыруға әсерi зерттеледi.
Тарау 2. 2. ПРОБЛЕМАНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2. ПРОБЛЕМАНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Жасөспiрiмдер қылмысының өсуiн зерттеу көрсеткенiндей, соңғы 4-5 жылда тiркелген осы санаттағы қылмыстың 50 пайызынан астамы 16-17 жастағы жасөспiрiмдердiң үлесiне тиiп отыр. Мәселен, 1997 жылы осы санаттағы жасөспiрiмдер арқылы 68 қылмыс жасалса, 2001 жылы 312 қылмыс жасалған. Өткен жылы жасөспiрiмдердiң бөтен адамдар мүлкiн ұрлауының өсуi 2000 және 1999 жылдардағы жылдық көрсеткiштерден асып түстi. Егер 1999 жылы 56 ұрлық жасалса, ол 2000 жылы 139, 2001 жылы 183 болып отыр. Тонау тиiсiнше 29-49-31 болып отыр.
Топтанып қылмыс жасау өсе түсуде, бүгiнде оған 115 жасөспiрiм тартылған, 79 топ IIБ-ның кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi бөлiмшенiң есебiне алынған. Қазiргi кезде 855 жасөспiрiм IIБ-ның кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi бөлiмшенiң есебiнде тұр, бұл өткен жылғыдан 10 пайызға артық. Есепке қойылған қолайсыз отбасылар саны 37 пайызға көбейдi (196-дан 311-ге).
2001 жылы iшкi iстер органдарының ұсынуы бойынша соттар арқылы 41 адам ата-аналық құқығынан айрылған, бұл өткен жылдардағыдан 7,5 пайызға артық, 12 жасөспiрiм арнаулы мектептерге ресiмделiп жiберiлдi, бұл 2000 жылы 1 ғана болған едi.
Жасөспiрiмдердi iшiмдiкке, уытқұмарлыққа және есiрткiге тәуелдiлiктен құтқару өзектi мәселе болып отыр. Егер 1996 жылы 10 жасөспiрiм бақылауда болса, 2001 жылы оның саны 193-ке көбейiп отыр.
Тарау 3. 3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың, құқық бұзушылықтың және бақылаусыздықтың алдын алу жұмыстары жөнiндегi құқық қорғау органдары мемлекеттiк басқару органдарының, мемлекеттiк емес және қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң қызметiн үйлестiрiп отырады.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiнен өрескел жалтаратын және өздерiнiң қоғамға жат қылықтарымен құқық бұзушылыққа жағдайлар жасайтын ата-аналарды немесе оларды ауыстыратындарды тауып анықтау, ондай адамдармен алдын ала жұмыстар жүргiзу, заңмен қаралған шараларды алу үшiн кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе басқа да қоғамға жат әрекетке тарту фактiлерiн анықтау.
Мүдделi ведомстволарды тиiстi ақпаратпен қамтамасыз ету. Кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы мiнез-құлықтарына жағдайлар жасайтын себептер мен жағдайларды жою, оларды тәрбиелiк және ықпал ету шараларымен, бос уақыттарын тиiмдi ұйымдастыру түрлерiмен қамту жөнiнде шаралар алу. Жасөспiрiмдердiң ұйымдасқан түрде демалуы және жұмыспен қамту үшiн жағдайлар жасау.
Тарау 4. 4. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТIКТЕРI
4. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТIКТЕРI
Бағдарламада алға қойылған мақсаттар мен басым мiндеттерге қол жеткiзу үшiн кәмелетке толмағандар арасында қылмысты, құқық бұзушылық пен бақылаусыздықты болдырмау жөнiнде шаралар кешенiн iске асыру қарастырылған. Осы мақсаттарға орай:
Тармақ 1
1. Облыстық iшкi iстер басқармасы:
Басқа да мүдделi ведомстволармен және ұйымдармен өзара әрекеттестiкте қылмыстық жазаланатын iс-әрекеттiң алдын алу, жасөспiрiмдерге жағымсыз әсер ететiн және оларды қоғамға жат iстерге тартатын қолайсыз отбасыларды, ересек адамдарды анықтау жөнiндегi жұмыстарды белсендi жүргiзсiн.
Кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi полицияның учаскелiк инспекторларының кәсiби деңгейiн арттыру бағытында нақты шаралар алсын. Бұл қызметке неғұрлым тәжiрибелi, беделдi, психологиялық-педагогикалық дағысы бар қызметкерлердi жiберсiн.
Кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi учаскелiк инспекторлар Орал қаласының жекеленген мектептерiне бекiтiлсiн. Олар тiкелей қызметтiк мiндеттерiне байланысты емес тапсырмаларда орындауға алаңдатылмасын және орынсыз жиi ауыстырылмасын.
Тармақ 2
2. Облыстық бiлiм басқармасы:
Жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептерде тәрбие процесiнiң деңгейiн арттырсын. Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың тәсiлдерi мен талаптарын қайта қарасын, оған қатысуға кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi инспекциялардың есебiнде тұратын, құқық бұзушылыққа бейiм жасөспiрiмдердi тартуды қамтамасыз етсiн.
"Салауатты өмiр салты" пәнiн оқытудың сапасы мен деңгейiн арттырсын, мектептерде өзiн-өзi басқару нысанын енгiзсiн.
Дарьинск орта мектебiнiң "Барыс" жоғары сынып оқушылары қоғамдық бiрлестiгiнiң тәжiрибесiн пайдалана отырып, құқық қорғауға бағытталған жасөспiрiмдер құрылымдарын құру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырсын.
Құқық қорғау органдарымен бiрлесiп, құқықтық бiлiм беретiн университеттердiң жұмысын жандандырсын. Қиын жасөспiрiмдерге студенттердiң жеке шефтiк көмегiн ұйымдастыру мақсатында жоғары оқу орындары ұжымдарымен өзара iс әрекеттестiктi қамтамасыз етсiн. Жазғы демалыс кезiнде жасөспiрiмдер студенттiк құрылыс отрядтарына бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Орал қаласының және облыс аудандарының әкiмдерi:
Балалар мен жасөспiрiмдердiң әртүрлi бағыттағы аулалық клубтар желiсiн ұйымдастыру және дамыту мәселесiн шешсiн. Олар тек қана шығармашылықты, iскерлiк дағдылар мен ептiлiктi дамытуға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға бағдарлансын. Балалармен мектептен тыс қосымша жұмыстар ұйымдастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасасын. Балалар шығармашылығы орталығын ашсын.
Пәтер иелерi кооперативтерiмен бiрлесiп әрекет ете отырып, тұрғылықты жерлердегi спорт алаңдары мен мұз айдындарын жабдықтауды ұйымдастырсын.
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасымен бiрлесiп, кәмелетке толмаған жастарды төлемдi қоғамдық жұмыстарға қамтуды ұлғайтуды қамтамасыз етсiн.
Тәрбие және бiлiм беру мәселелерiмен шұғылданатын әкiмият қызметкерлерiнiң функционалдық мiндеттерiн қайта қарасын. Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөнiндегi комиссияның тиiмдi жұмысын қамтамасыз етсiн.
Тарау 5. 5. БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
Облыстық бюджет қаржысы, заңды және жеке тұлғалардан ерiктi аударымдар, инвестициялар.
Тарау 6. 6. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
6. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
Бағдарламада белгiленген шаралардың орындалуы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, балалар бақылаусыздығы және жасөспiрiмдер қылмысын кемiту жөнiндегi шаралар кешенiн қамтамасыз етуге облыстық атқарушы органдарының, барлық мүдделi қызметтер мен ведомстволардың мүмкiндiктерiн толық деңгейде пайдалануға жағдайлар жасайды.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар ЖОСПАРЫ
№№
Іске асырылу насаны
Орындалу мерзімі
Жауапты орындаушылар
1
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың және бақылаусыздықтың жағдайына, балалар мен жасөспірімдердің құқыққа қайшы әрекеттерінің алдын алуда қолданылатын ықпал ету түрлері мен әдістерінің нәтижелілігіне талдау жасау. Кәмелетке толмағандар бақылаусыздығы мен қылмысы динамикасы мен құрылымын бейтараптандыруға бағытталған шараларды дер кезінде алуды ұйымдастыру мақсатында облыс әкімін, мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар ету
Облыс әкіміне ақпарат
Тоқсан сайын
Облыстық ішкі істер басқармасы, облыстық прокуратура (келісім бойынша)
2
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиямен, қорғаншылық және қамқоршылық жасайтын органдармен, педагог және ата-аналар жұртшылығымен бірлесіп, облыстық білім ата-аналардың, басқада заңмен белгіленген міндет жүктелген осындай адамдардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс немесе тиісті дәрежеде орындамайтын фактілерін анықтау. Барлық аудан орталықтарында қолайсыз отбасылардың сондай-ақ уақытша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оңалту үшін жағдайлар жасау. Мектепке бармайтын мектеп жасындағы балаларды анықтау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
Облыс әкіміне ақпарат
Жарты жылда бір рет
Орал қаласының, аудандардың әкімдері, Облыстық ІІБ, облыстық білім басқармасы
3
Қиын балаларды студенттердің жеке шефтік көмекке алуын ұйымдастыру мақсатында жоғары оқу орындары ұжымдарымен өзара іс-әрекеттестікті қамтамасыз ету. Құқықтық білім университеттерінің жұмысын жандандыру. Дарьинск орта мектебіндегі "Барыс" жоғарғы сынып оқушыларының тәжірибесін пайдалана отырып, орта және жоғары оқу орындарында құқық қорғауға бағытталған жасөспірімдер жасақтарын құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Облыстың оқу орындарында өзін- өзі басқару органы қоғамдық бірлестіктерін құру
Бірлескен бұйрықтар. Облыс әкіміне ақпарат
Жыл сайын
Батыс Қазақстан облыстық әділет басқармасы, Жоғары оқу орындарының ректорлары
4
Балалар арасындағы қылмыс проблемасына, әсіресе әлеуметтік жағынан қолайсыз отбасылар балаларының тұрмысы мен дамуына қалыпты жағдайлар жасалуына көмектесуге мемлекеттік, коммерциялық құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, қайырымдылық және діни ұйымдардың назарын аудару мақсатында облыс аумағында табысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек айлығын өткізу
Орал қаласының, аудандар әкімдерінің шешімдері
Мамыр-маусым 2002-2003 жылдары
Орал қаласының, аудандардың әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
5
Кәмелетке толмаған жұмыссыз жастарды жастарға бағытталған облыстық мақсатты бағдарламаны іске асыруға қатыстыру жолымен, оларды төлемді қоғамдық жұмыстарға көбірек қамтуды қамтамасыз ету.
Облыс әкіміне ақпарат
Жарты жылда бір рет
Орал қаласының, аудандардың әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
6
Балалардың бақылаусыздығы мен кезбелігінің алдын алу және жолын кесудегі өзара әрекеттестік мәселесі жөнінде мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің, соның ішінде Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстары өкілдерінің қатысуымен "дөңгелек стол" мәжілісін өткізу.
Арнаулы жоспар бойынша
Жарты жылда 1 рет
Облыстық білім басқармасы, облыстық ІІБ, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы.
7
Кәмелетке толмағандардың бұзақылық әрекеттерінің ерте алдын алудың шараларын алу. Қоғамға жат мінез-құлықтағы жас-өспірімдер тобын анықтау, қылмыстық, әкімшілік азаматтық заңнамаларға сәйкес олардың құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесу жөнінде тоқсан сайын "Жасөспірім" операциясы шеңберінде рейдтер өткізу.
Шаралар
Тоқсан сайын
БҚО ІІБ
8
Кәмелетке толмағандар қылмысты топтарының жасақталуына әсер ететін себептер мен жағдайларға, сондай-ақ ішкі істер органдарының ондай топтарды таратып басқармасы, жіберу практикасына кешенді түрде зерттеу жүргізу.
Әкімге ақпарат
Тоқсанына 1 рет
Облыстық прокуратура (келісім бойынша) облыстық білім басқармасы, Облыстық ІІБ.
9
Аулалық спорт клубтары желісін ұйымдастыру жөнінде бағдарламалар әзірлеу. Облыс аудандары және қала ықшам аудандары аулалық клубтарының арасында спорт жарыстарын және мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастыру. Тұрғылықты жерлерде балалардың демалысын ұйымдастыру жұмыстарына КСК басшыларын, тиісті қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жұмыссыздарды тарту, аталған мұндай жұмыстарға демеушілер қаржысын тарту.
Қала, аудандар әкімдерінің шешімдері
2002 жылдың бірінші жарты жылдығында
Орал қаласының және облыс аудандарының әкімдері
10
Жазғы демалыс кезінде балалар мен қиын жасөспірімдер демалысын ұйымдастыру. Табысы төмен отбасылардың балаларын демалыс лагерлеріне тегін жолдамалар мен қамтамасыз ету.
Облыс әкіміне ақпарат
2002 жылдың 1 маусымына дейін
Орал қаласының облыс аудандарының әкімдері
11
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі облыстық бағдарлама шеңберінде жүргізілген шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру.
БАҚ құралдарында жарияланымдар
2002-2003 жылдар ішінде
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, Орал қаласының және облыс аудандарының әкімдері
12
Әлеуметтік жағынан қорғалатын отбасылардың кәмелетке толмаған балалары үшін білім беру жүйесіндегі оқу орындарының бірін мектеп-интернат ретінде қайта бағдарлау.
Облыс әкімінің шешімі
2002 жыл
Облыстық білім басқармасы, Орал қаласының, аудандарының әкімдері
13
Балалар шығармашылығы мен демалысының көп салалы орталықтарының жобасын жасау.
Демалыс орталықтарын салуды шетелдік инвесторлар қаржыландыратын әлеуметтік жобаларға енгізу.
Орталықтар жобасы
2002 жылдың бірінші жарты жылдағы
Облыстық білім басқармасы, Орал қаласының, аудандардың әкімдері
14
Аудандық білім беру бөлімдерінің штатына балалардың құқығын қорғау жөніндегі инспектор бірлігін енгізу.
Аудан әкімдерінің шешімдері
2002 ж.
Аудандар әкімдері, облыстық білім басқармасы
15
Әрбір оқу орнына ішкі істер органдарының, прокуратураның оперативтік қызметкерлерін бекіту
Облыс әкіміне ақпарат
Жыл сайын оқу жылының басынан
БҚО ІІБ
16
ІІБ-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор кадрларын іріктеу кезінде заңгерлік және педагогтық білімі барларға, сондай-ақ жоғары оқу орындарын құқықтану мұғалімі мамандығы бойынша бітіргендерге артықшылықтар берілсін.
Әкімге ақпарат
2002-2003 жылдары
Облыстық ІІБ
17
Жасөспірімдердің құқық бұзушылығы мен қылмыс жасауына әсер ететін себептер мен жағдайларға әлеуметтік пікіртерім және зерттеу жүргізу.
Әкімге ақпарат
Ұдайы
Облыстық білім басқармасы, ІІБ БҚМУ, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
18
Балалар мен жасөспірімдердің санасына есірткіні, ішімдікті, темекі тартуды қабылдамауды қалыптастыру.
БАҚ құралдарында жарияланымдар; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет органдарының шаралары
Ұдайы
Орал қаласының, аудандардың әкімдері, облыстық білім беру, денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
19
Көмек қажет ететін балалардың қайда барып кеңес алуы қажеттігін толық көрсететін хабарландырулар мен плакаттар ілу.
Арнаулы жоспар бойынша
Ұдайы
Орал қаласының, аудандардың әкімдері, облыстық білім басқармасы