О региональной программе борьбы с наркоманией и наркобизнесом в Костанайской области на 2002-2003 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының № 148 6-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа және облыстық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 3. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚПЕН ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІМЕН КҮРЕСТІҢ 2002-2003 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қостанай облыстық мәслихатының 2002 жылғы 16 тамыздағы № 221 шешiмiне қосымша ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚПЕН ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІМЕН КҮРЕСТІҢ 2002-2003 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ МАЗМҰНЫ Бағдарламаның паспорты
Тармақ 1
1. Кіріспе
Тармақ 2
2. Проблеманың жағдайын талдау
Тармақ 3
3. Бағдарламаның міндеттері
Тармақ 4
4. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) Нашақорлықтың таралуын ескерту және алдын алу
Тармақша 2
2) Медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру, нашақорлыққа тәуелді тұлғаларды емдеу және ақтау
Тармақша 3
3) Есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына бақылау жасау тетігін дамыту және жетілдіру
Тармақша 4
4) Есірткі бизнесімен күрес
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асыру тетігі
Тармақ 6
6. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
Тармақ 7
7. Күтілетін нәтижелер
Тармақ 8. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
8. Қостанай облысындағы нашақорлық және есірткі бизнесімен күрестің 2002 жылға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қысқартылған атаулар БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ Атауы Қостанай облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы Әзірлеу үшін негіз Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 "Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспарын бекіту туралы" қаулысы Негізгі әзірлеушілер Денсаулық сақтау басқармасы, мәдениет басқармасы, дене тәрбиесі және спорт комитеті, білім департаменті, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, ішкі істер басқармасы, Қостанай облысы бойынша кеден басқармасы Мақсатты Қостанай облысының аумағында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің таралуына қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру Міндеттері 1. Ақпарат т-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, қоғамды нашақорлықпен күреске топтастыру. 2. Есірткіні асыра пайдаланушы тұлғаларды анықтау, емдеу және әлеуметтік ақтау. 3. Есірткі заттарының психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына бақылау жасауды қамтамасыз ету. 4. Есірткі бизнесімен күрес жүйесін нығайту. Қаржыландыру көздері Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, қоғамдық қорлар қаражаттары Күтілетін нәтижелер 1. Халықтың әртүрлі топтарында, әсіресе жастардың есірткіге әлеуметтік иммунитетін қалыптастыру. 2. Есірткіге тәуелділерге медициналық-психологиялық көмек көрсету жөніндегі наркологиялық құрылымдар жүйесінің нығайтылуы және кеңейтілуі. 3. Есірткі заттарының психотроптық және прекурсорлардың айналымымен айналымымен байланысты қылмыстар санының төмендеуі. 4. Қостанай облысының шекарасы бойында есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы үшін бақылауды күшейту.
Тарау 1. 1. КІРІСПЕ
1. КІРІСПЕ Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 "Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспарын бекіту туралы" қаулысы сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. ПРОБЛЕМАНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2. ПРОБЛЕМАНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ Есірткі қауіптілігі шекараны білмейді. Ол қандай да бір әлеуметтік топпен немесе бір аймақпен шектелмейді. Біздің қоғамымызға кез келіп отырған көптеген ең өткір мәселелер есірткілердің заңсыз айналымының және оларды шамадан тыс асыра пайдаланудың салдарынан туындап отыр. Қостанай облысы апиын, героин және басқа "ауыр" есірткілерді заңсыз ендіру және өткізуде ең үлкен және кіріс келтіретін рыногы арасындағы оларды әлемдік тасымалдаудың ең басты жолының бірінде орналасқан. Ол Ауғаныстаннан Ресейге және алыс шетелдерге есірткі контрабандасы бағыттарының құрамдас бөлігіне болып айналды. Есірткі ахуалы төмендегідей сипатталады:
Тармақша 1
1) есірткілерді медициналық емес жолмен пайдаланатын тұлғалар санының өсуімен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша 2903 астам нашақорлар ресми түрде тіркелген. 1992 жылмен салыстырғанда нашақорлықпен 2001 жылы 9,1 есеге өскен;
Тармақша 2
2) есірткіні тұтынудың жасаруымен, яғни есірткілердің мектептерге және басқа оқу орындарына кіруімен. 2001 жылы 124 жасөспірім анықталды және есепке қойылды немесе барлық анықталғандар санының 13,1%, 2000 жылы 3,4% құраған болатын. қазіргі уақытта 13-14 жасты есірткілерді медициналық емес жолмен тұтынудың бірінші шекарасында тұрақты түрде қалыптасқан, сондай-ақ есірткімен заңсыз іс-қимылға ең көп әуестенетін кезеңі ретінде қарауға болады;
Тармақша 3
3) нашақорларды еріксіз емдеу көрсеткіштерінің төмендеуімен. Статистиканың мәліметтері бойынша еріксіз емдеуге жіберілген тұлғалардың саны жылдар бойынша: 1996 ж. - 29, 1997 ж. - 178, 1999 ж. - 176, 2001 ж. - 41 құрады;
Тармақша 4
4) байқалып отырған азаю үрдісіне қарамастан, есірткілердің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың саны жоғары деңгейде қалуда. 2000 жылы 2001 жылы 1001 осындай қылмыстар жасалған болса, 2001 жылы - 851 болған;
Тармақша 5
5) тартып алынған есірткі заттарының айтарлықтай көлемімен. 2000 жылы 464,7 кг, 2001 жылы - 431,9 кг.
Тарау 3. 3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ Бұл бағдарламаны іске асыру мынадай міндеттерді шешуді алдын ала болжайды:
Тармақша 1
1) ақпараттық-түсініктеме жұмысын ұйымдастыру, жұртшылықты нашақорлыққа қарсы күреске топтастыру;
Тармақша 2
2) есірткілерді мөлшерден тыс пайдаланатын адамдарды анықтай, емдеу және әлеуметтік жағынан ақтау;
Тармақша 3
3) есірткі заттарының психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылау жасаудың жүйесін жетілдіру;
Тармақша 4
4) есірткі бизнесімен күрес жүйесінің мемлекеттік құрылымдарын нығайту.
Тарау 4. 4. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ШАРАЛАР
4. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ШАРАЛАР Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу Қостанай облысындағы нашақорлық және есірткі бизнесімен күрестің қалыптасқан жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған кешенді шараларды іске асыруды қарастырады.
Тармақша 1
1) Таралуды ескерту және алдын алу қоғамдық санада есірткілерді қабылдамауды қалыптастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында құрылған арнаулы айдарлар арқылы бір мақсатқа бағытталған жұмыс жалғасады. әдістемелік және оқу-танымдық әдебиет дайындалатын болса, түрлі аудиторияларда тұрақты түрде толықтырылып отыратын арнаулы бейнетекаларда деректі және көркем фильмдерді көрсету жүзеге асырылады. жоспарға сәйкес өткізілетін барлық іс-шараларда сыртқы насихат құралдары орналасатын болады. Облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінде сыныптарды қамтитын және республиканың бірқатар мектептерінде сынақтан өткен есірткілерді бақылау жөніндегі Біріккен ұлттар ұйымының Халықаралық Бағдарламасының ағымдағы ұлттық қазіргі ұлттық жобасына сәйкес әзірленген зиянды заттарды пайдалануды алдын алу жөніндегі бағдарламаны енгізу жоспарлануда. Нашақорлықпен күресудің Халықаралық күніне орай есірткіге қарсы бағытталған ірі көлемдегі іс-шараларды, оның ішінде есірткілерді пайдаланбау ұранымен спорттық жарыстарын өткізу қарастырылады.
Тармақша 2
2) Медициналық көмек көрсету, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және ақтау жүйесін жетілдіру Есірткіге тәуелділерге пәрменді медициналық көмек көрсету мақсатында жасырын түрде емдеу кабинеттерінің санын көбейту қарастырылуда. Жасөспірімдер бөлімшесі, сондай-ақ күштеп емдетуге арналған күзет бөлімшесі жұмысын жалғастырады. Медициналық ұйымдарды жоғары тиімді емдік препараттармен және қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ұйымдастырылады, маман-наркологтардың біліктілігін арттыру жөнінен шаралар қабылданады. Оның сыртында, мемлекеттік емес ұйымдардың есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және ақтау жөніндегі қызметі ынталандырылатын болады.
Тармақша 3
3) Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылау жасаудың тетігін дамыту және жетілдіру Ашық түрде пайдаланылатын есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласының мемлекеттік органдарының бірлесе әрекет жасауларын күшейту жөнінен нақты шаралар жүзеге асырылатын болады. Тиісті лицензиялар бар медициналық ұйымдарда есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына тексерулер жүргізілетін болады.
Тармақша 4
4) Есірткі бизнесімен күрестің құқық қорғау органдары жолығатын мәселелерді шешуге көмектесу қарастырылады: кадрларды арнаулы оқытудың қажеттілігі, құқық қорғау органдары жүйесінің арнаулы бөлімшелері мен құрылымдық бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Тарау 5. 5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ Бағдарламада көзделген іс-шараларды жоспарлы түрде орындау қарастырылады, ол есірткі мәселелерімен айналысатын барлық құрылымдардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін мейлінше біріктіруге, нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес үшін облыстағы жұмыс істеп жатқан әлеуетті дамыту мен нығайтуға, есірткі заттарының айналымына бақылауды күшейтуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламаны іске асыру тетігінің тиімділігі есірткілерді мөлшерден тыс пайдаланудың пәрменді түрде алдын алуына тәуелді адамдарды жедел анықтау, емдеу және ақтауға, есірткі заттары, психотроптық заттар және прекурсорлардың заңсыз айналымына нақты қарсы қимылға негізделеді. бақылау жасау бойынша тиімді ынтымақтастықты белгілеуге, бағдарламада қарастырылған барлық іс-шараларды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге негізделеді. Бағдарламада қарастырылған барлық іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету. Нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі агенттігіне тоқсан сайын хабарлап отырады.
Тарау 6. 6. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету, осы бағдарламаны іске асыруға бөлінетін республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ қоғамдық қорлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Барлығы бағдарламаны іске асыруға 20500 мың теңге бөлінетін болып қаралды.
Тарау 7. 7. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
7. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР Іс-шаралар жоспарын орындау төмендегідей нәтижелерге жетуді қарастырады: 1) халықтың түрлі топтарының, ең алдымен жастардың есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетін қалыптастыру; 2) наркологиялық құрылымдардың есірткіге тәуелділерге медико-психологиялық көмек көрсету жөніндегі жүйесін нығайту және кеңейту; 3) есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қылмыстардың санын азайту; 4) қостанай облысының шекарасы бойынша есірткі заттарының психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы үшін бақылауды күшейту.
Тарау 8. 8. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІМЕН КҮРЕСТІҢ 2002 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
8. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІМЕН КҮРЕСТІҢ 2002 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ