Об утверждении Программы функционирования и развития языков в Акмолинской области на 2002-2004 годы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2004 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 08.04.2005 № 3С-11-21 шешімімен. «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағына, тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде 2001-2002 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары туралы» 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 450 Қаулысына сәйкес және облыс әкімінің ұсынысымен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Бағдарламаның орындалуын бақылау міндеті облыстық мәслихаттың жастар істері, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, туризм, спорт, ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының әділет Басқармасында тіркелген соң өз күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Бұл шешім ресми баспасөз беттерінде жариялансын.
Басқа 5
Ақмола облыстық мәслихатының 2002 жылғы «19» шілде № С-18-4 шешімімен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2002 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасына № 1 қосымша Мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге үйрету-оқыту орталығының 2002 жылғы шығындары сметасының жобасы Арн. санд. Атаулары Құны (мың.теңге) Негіздері Қосымшасы 111 Негізгі еңбекақы 603 100644x6м 01-111 формалы штат кестесі 121 Әлеуметтік салық 114 (603/60) х 21% 01-121 формалы 125 Міндетті сақтандыру жарналары 3 01-125 формалы 136 Іссапарлар 5 01-136 формалы 138 Жалгерлік төлемдер 349 58125х6м 01-138 формалы 139 Өзге де тауарларды сатып алу 594 1-қосымша 141 Коммуналдық қызмет (су) 7 1166x6м 01-141 формалы 142 Байланыс кызметі 170 28333х6м 01-142 формалы 143 Көлік қызметі 30 30000x1м 01-143 формалы 144 Электр энергиясы 26 4252х6м 01-144 формалы 145 Жылу 76 21700x3,5м 01-145 формалы 149 Өзге де қызметтер 238 2-қосымша 159 Ағымдағы өзге шығындар 255 3-қосымша 411 Активтерді сатып алу 3746 4-қосымша Барлығы 6216
Басқа 6
Ақмола облыстық мәслихатының 2002 жылғы «19» шілде № С-18-4 шешімімен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2002 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасына № 2 қосымша Мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге үйрету-оқыту орталығының 2003 жылғы шығындары сметасының жобасы Арн. цифр Атаулары Құны (мың.теңге) Негіздері Қосымшасы 111 Негізгі еңбекақы 1206 100644x12м 01-111 формалы штат кестесі 121 Әлеуметтік салық 228 (1206-120) х 21% 01-121 формалы 125 Міндетті сақтандыру жарналары 3 01-125 формалы 136 Іссапарлар 9 01-136 формалы 139 Жалгерлік төлемдер 698 58125х12м 01-138 формалы 139 Өзге де тауарларды сатып алу 359 1-қосымша 141 Коммуналдық қызмет (су) 14 1166x12м 01-141 формалы 142 Байланыс кызметі 340 28333х12м 01-142 формалы 144 Электр энергиясы 51 4252х12м 01-144 формалы 145 Жылу 152 21700x7м 01-145 формалы 149 Өзге де қызметтер 300 2-қосымша 159 Ағымдағы өзге де шығындар 340 3-қосымша Барлығы 3700
Басқа 7
Ақмола облыстық мәслихатының 2002 жылғы «19» шілде № С-18-4 шешімімен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2002 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасына № 3 қосымша Мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге үйрету-оқыту орталығының 2003 жылғы шығындары сметасының жобасы Арн. цифр Атаулары Құны (мың.теңге) Негіздері Қосымшасы 111 Негізгі еңбекақы 1206 100644x12м 01-111 формалы штат кестесі 121 Әлеуметтік салық 228 (1206-120) х 21% 01-121 формалы 125 Міндетті сақтандыру жарналары 3 01-125 формалы 136 Іссапарлар 9 01-136 формалы 138 Жалгерлік төлемдер 698 58125х12м 01-138 формалы 139 Басқа тауарларды сатып алу 359 3-қосымша 141 Коммуналдық қызмет 14 1166x12м 01-141 формалы 142 Байланыс кызметі 340 28333х12м 01-142 формалы 144 Электр энергиясы 51 4252х12м 01-144 формалы 145 Жылу 152 21700x7м 01-145 формалы 149 Өзге де қызметтер 300 2-қосымша 159 Ағымдағы өзге шығындар 340 3-қосымша Барлығы 3700
Басқа 8. Қысқартылған сөздер тізбесі
Ақмола облыстық мәслихатының XYII сессиясының «19» шілде 2002 ж. Шешімімен бекітілген Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2004 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ Көкшетау қаласы, 2002 ж. Қысқартылған сөздер тізбесі МАҚКМ - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі ОАҚКБ - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы ОББ - облыстық білім басқармасы ОМБ - облыстық мәдениет басқармасы МҚАБ - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Ақмола облысы бойынша басқармасы ІІБ - ішкі істер басқармасы ҮҚКД - ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті КМУ - Ш. Уалиханов атындағы Кокшетау мемлекеттік университеті КТМ – кәсіптік-техникалық мектеп БЖИ - мемлекеттік қызметкерлер мен білім беру қызметкерлерінің білімін жетілдіру институты ҮМО - ұлттык-мәдени орталық ТРК - телерадиокомпания БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары ЖАҚ- жабық акционерлік қоғам Бағдарлама құрылымы 1. Бағдарлама паспорты_________________________________________________________________4 2. Кіріспе____________________________________________________________________________5 3. Проблеманың бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау_________________________________________6 4. Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері_____7 5. Тілдік дамудың басым бағыттары_____________________________________________________9 6. Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері__________________________________________________12 7. Бағдарламаны қаржыландыру________________________________________________________12 8. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер_____________________________________12 9. Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасын жүзеге асырудың 2002-2004 жылдарға арналған іс-шараларының жоспары ___________________________________14 10. Ақмола облысында іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру кестесі__________________________________________________________23
Тарау 1. 1. Бағдарлама паспорты
1. Бағдарлама паспорты Атауы Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы Әзірлеуге негіздеме Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы 3186-шы нөмірлі Өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасына, ҚР Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шараларының жоспары туралы» 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 450 Қаулысына сәйкес әзірленді. Негізгі әзірлеуші Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Бағдарламаның негізгі шараларының тізбесі Облыс аумағында Тіл Заңының орындалуын қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру, облыс орталығында мемлекеттік тілді үйрету орталығын ашу, жыл сайын семинарлар, конкурстар өткізу, көрнекті ақпараттарды тіл заңдылықтарының талаптарына сәйкестендіру және тағы басқалары. Мақсаттары Облыс халықтарының тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатты айқындайды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этникалық топтардың тілдерін дамыту. Міндеттері Бағдарлама мақсаттарын іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының орындалуын ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық және кадр ресурстарымен қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету; Нормативтік құқықтық базаны іске асыру; Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін (нақты мерзімдер мен іс-шараларды көрсете отырын) белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-багггарын іске асыру мақсатында облыс көлемінде жергілікті бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалы актілерімен тиым салынбаған басқа да көздері есебінен азаматтарға мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарының бірыңғай жүйесін құру; Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми қолданылатын тіл ретінде орыс тілінің қызмет етуін қамтамасыз ету Этникалық қауымдастықтар (диаспоралар) өкілдерінің ана тілін оқытуға мемлекеттік қолдау көрсету. Қаржыландыру кездері Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тиым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асыруға арналған бюджет қаражатына ең төменгі есептік қажеттілікті жылма-жыл облыс әкімиятының ұсынысы бойынша облыстық мәслихат анықтайды. Күтілетін нәтижелер Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасын іске асыру облыс аумағында қолданылатын тілдердің қажетті функционалдық арақатынасына қол жеткізумен айқындалатын, оңтайлы әлеуметтік - лингвистикалық кеңістік құруды көздейді. Жүзеге асыру мерзімдері 2002-2004 жылдар Бағдарламаның орындалуын бақылау жүйесі Облыс аумағындағы кәсіпорын, мекеме, ұйымдарда тіл заңдылықтарының орындалу барысы туралы осы кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларының есептерін облыстық тіл саясаты және ономастика комиссиясының мәжілістерінде тыңдау; облыс, аудан әкімдері аппараттарының ішкі саясат бөлімдері, облыстық аппарат және қоғамдық келісім басқармасы тарапынан тексерістер, рейдтер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына шолу, мониторинг жасау.
Тарау 1. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2004 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) 3 жылға арналған. Белгіленген мақсаттарды, міндеттерді және басымдықтарды жүзеге асырудың нақты іс-әрекеттері облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы әзірлеп, облыстық әкімият бекітетін Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралардың жоспарлары түрінде жасалады. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы №3186 өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының Тіл саясаты тұжырымдамасына, ҚР Президентінің 2001ж. 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген. Осы Бағдарламаны әзірлеу облыс аумағында оңтайлы функционалдық-лингвистикалық кеңістік құру үшін мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының нысаналы да жүйелі қызметін жүзеге асырудың бірыңғай стратегиясын тұжырымдау қажеттігінен туындайды.
Тарау 3. 3. Проблеманың бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау
3. Проблеманың бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң қабылданған сәттен бері және тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік және облыстық бағдарламаларын 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы үрдістерінің одан әрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғышарттар жасалды. Қазіргі уақытта елде тілдер қолданысының дамуын табысты іске асырудың құқықтық негіздері қалыптасты. Тіл құрылысының үрдістері қоғамда түсіністік пен қолдау тауып отыр. Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жөнінен жергілікті тұрғындар қалың мекендеген аудандарда едәуір жұмыстар атқарылды. Мұның ең алдымен Ерейментау және Қорғалжын аудандарына қатысы бар. Белгіленген кестеге сәйкес Астрахан, Жақсы аудандары мемлекеттік тілге 2000 жылы, Еңбекшілдер, Зеренді, Целиноград, Егіндікөл аудандары 2001 жылы көшуге тиісті. Аталмыш және басқа аудандардың көптеген мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында іс қағаздары екі тілде - мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілгенімен, мемлекеттік органдардың жұмысындағы мемлекеттік тіл әлеуетін іске асыру деңгейі әлі де болса төмен. Мемлекеттік қызметшілер, соның ішінде облыс деңгейіндегі қызметшілер арасында қызмет бабындағы жұмысты тиісті деңгейде мемлекеттік тілде жүргізе білстін мамандар өте аз. Сондықтан Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі міндеттерінің бірі - білікті кадрлар даярлау. Облыстағы 704 мемлекеттік жалпы орта білім беру мектептерінің 166-сы қазақша (23,5 пайыз), 212-сі — аралас (30,1 пайыз) және 326-сы орыс тілді мектептер. Онда барлығы 154424 бала оқиды, соның ішінде қазақ мектептері мен аралас мектептердің сыныптарында оқушылардың 26,4 пайызы қазақша білім алады, ал республика бойынша бұл көрсеткіш 50,6 пайыз. Оқушылардың өзге 73,6 пайызы орыс тілді мектептер мен сыныптарда оқиды. Облыстағы мектеп жасына дейінгі 73 мекеменің тек төртеуі ғана қазақша, онда мектеп жасына дейінгі 378 бала, немесе бөбектердің 6,9 пайызы тәрбиеленеді, 56 пайызы орысша тәрбие алуда. Кәсіби-техникалық мектептердің 3652 оқушысының 896-сы, немесе 24,5 пайызы қазақша, өзге 2756-сы немесе 75,5 пайызы орысша оқиды. Мемлекеттік тілді оқытуда сабақ жүргізудің жаңа жеделдетіп оқыту әдістемелерін әзірлеу, дыбыс-бейне материалдарды, компьютерлік технологияларды пайдалану нәтижесінде үлкен мүмкіндіктер көзі ашылуда. Мәселен, бүгінгі күні барлық облыстық ведомстволар, басқармалар мен комитеттер, аудандық атқару органдары компьютерлермен қамтамасыз етілген. Жалпы білім беретін мектептерді, арнаулы орта және жоғары оқу орындарын компьютерлендіру жұмысы аяқталды. Қолданылып жүрген заңдармен айқындалған, облыс аумағындағы тарихи атауларды қалпына келтіру мен жүйелеу және жер-су атаулары мен басқа да атауларды фонетикалық, таңбалық және лексикалық принциптерге сәйкестендіру жұмысы жандандырылуда. Мемлекеттік тілді дамытуда мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында бірқыдыру оң нәтижелер байқалады. Қазақ тіліңдегі телехабарларының көлемін ұлғайту бағытында оң қадамдар жасалды. Мәселен, мемлекеттік тілде хабар беретін арнайы «Еларна» телеарнасы іске қосылды. Алайда бүл ретте атап өтетін жай-бүл телеарнаның хабарлары тек облыс орталығы мен жақын аудандарға ғана көрсетіледі. Сондай-ақ көп жағдайларда мемлекеттік және басқа тілдерде хабар жүргізудің, теледидардың меншікті өнімі мен шетел хабарларын таратудың заңмен бекітілген уақыттық арақатынасы сақтала бермейді. Мемлекеттік басқару органдары жүйесінде, халыққа қызмет көрсету, мәдениет пен өнер салаларында ресми қолданылатын тілдің тұрғысы дәстүрлі түрде күшті болып отыр. Орыс тілінің білім мен ғылымдағы басымдылығы сақталуда, оның бұқаралық ақпарат құралдары саласында жетекші тіл болып қалуы жалғасуда. Мәселен, 2002 жылдың басында 29 газет, немесе 72,5 пайызы осы тілде шығарылды. Облыс аумағында ұлттық тілдер мен мәдениетті өркендету мақсатында жексенбілік мектептер жұмыс істейді. 2000-2001 оқу жылы бұл мектептерде ана тілі ретінде неміс тілі, иврит, поляк, кәріс, татар тілдері оқытылды.
Тарау 4. 4. Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері
4. Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңда көрініс тапқан лингвистикалық өрісті қалыптастырудың функционалдық принциптеріне сәйкес сараланған айқындама негізінде тіл құрылысын үш бағытта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту бойынша жүзеге асыру орынды болмақ. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту мақсатына қол жеткізу оз кезегінде мына міндеттерді шешуді талап етеді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету; нормативтік құқықтық базаны іске асыру; мемлекеттік қызметкерлерің мемлекеттік тілді қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде меңгеруі үшін шаралар қолдану; мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік тілдің іскерлік қарым-қатынастың негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету; мемлекеттік органдарда актілерді әзірлеу мен қабылдауда негізгі тіл ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету; сот ісін жүргізуді, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді заңнамаларға сәйкес қамтамасыз ету; әскери-техникалық лицейлер мен әскерилендірілген құрылымдарда мемлекеттік тілдің қолданылу қамтамасыз ету; іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірудің кестесін (нақты мерзімдер мен іс-шараларды көрсете отырып) белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс жүргізу негізгі тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету.
Тармақша 2
2) Облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау; Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын іске асыру мақсатында облыс көлемінде жергілікті бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тиым салынбаған басқа да көздер есебінен азаматтарға мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарының бірыңғай жүйесін жасау; ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді тиісті деңгейде меңгеруі үшін құқықтық, ұйымдық шараларын және материалдық-техникалық жағдай жасалуын қамтамасыз ету; меншік нысанына қарамастан барлық үлгідегі мектеп жасына дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының тәрбиеленушілері мен оқушыларының мемлекеттік тілді меңгеру саласындағы білімі мен біліктерінің барынша жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету: мәдени — көпшілік шараларды мемлекеттік тілде ұйымдастыру; мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмысқа ақпараттық-насихаттық қолдау жасау; мемлекеттік тілді компьютерлендіру мәселелерін шешу. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешуге назар аудару қажет: мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми қолданылатын тіл ретінде орыс тілінің кызмет етуін қамтамасыз ету; ғылым мен білім беру салаларында орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету; Этникалық топтардың тілдерін дамыту мақсатына қол жеткізу мына міндеттерді шешуді талап етеді: этникалық қауымдастықтар (диаспоралар) өкілдерінің ана тілін оқуына мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету; этникалық қауымдастықтар тілдерінің мәдениет саласында қолданылуына жағдай жасау; этникалық қауымдастықтар тілдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылуына жәрдемдесу.
Тарау 5. 5. Тілдік дамудың басым бағыттары
5. Тілдік дамудың басым бағыттары Облыстық бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне орай тілдік дамудың басым бағыттары мына тұрғыда қалыптасады:
Тармақша 1
1) Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету Тілдерді дамытуды құқықтық қамтамасыз етудегі басты міндет - Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары мен ережелерін қоғамдық өмірдің барлық салаларыңда, ең алдымен мемлекеттік қызметте, денсаулық сақтауда, білім беруде, ғылым мен мәдениетте, халыққа қызмет көрсетуде, көлік пен байланыста қатаң сақтау. Осыған байланысты, тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған республикалық Мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгеніндей, мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай білуді қажет ететін кәсіптер, мамандықтар мен лауазымдар тізбесі заңмен айқындалуға тиіс. Жекелеген кәсіптерге, мамандықтар мен лауазымдарға қатысты нормативтік талаптардың күшіне ену уақыты саралануы қажет. Осылайша, мемлекеттік тілді меңгеру бөлігінде талаптардың күшіне ену процесі жекелеген лауазымдар үшін кезең-кезеңмен жүргізіледі. Тізбені түзу процесі жаңа кәсіптердің, мамандықтар мен лауазымдардың біртіндеп қосылуын көздейтіндігі атап көрсетілген. Тілді дамытудың ынталандыру сипатындағы қосымша шаралармен нығайтылмаған қасаң әкімшілік әдістерінің жеткілікті түрде тиімді бола бермейтінің тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан Бағдарлама Қазақстан Үкіметінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде дайындайтын әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру туралы» 117-ө нөмірлі Қаулысын бұлжытпай орындауды көздейді. Аталған мәселені шешу мемлекеттік тілді меңгеру үшін неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болуға тиіс. Сонымен қатар, тіл заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселе іс жүзіңде шешуді талап етеді. Бүл мәселенің шешілуі облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы мен басқа да мүдделі ведомстволарға, құрылымдарға жүктеледі.
Тармақша 2
2) Тіл - мемлекеттік органдарда Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар жүйесінде қолданылу аясын одан әрі кеңейту кадрлардың тиісті тіл даярлығын талап етеді, ол уақыт өте келе біліктілік талаптары мен қызметтік міндеттеріне қарамастан мемлекеттік қызметшілердің күллі санаттары үшін міндетті болуға тиіс. Осы мақсатта мемлекеттік қызметшілер үшін бірыңғай оқу-әдістемелік бағдарламаға негізделген оқыту курстарының орталықтандырылған жүйесін жасау қажет. Аталмыш міндетін жүзеге асырылуына Көкшетау қалалық әкімиятының жанынан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қамқорлығымен ашылуға тиіс оқу Орталығы оңтайлы ықпал етер еді. Құжат мәтіндерін мемлекеттік тілде даярлаудың орнына оларды ресми қолданылатын тілден аударудың кең тараған тәжірибесінің мемлекеттік органдар жұмысында одан әрі беки түскен үрдісі белең алып барады. Соған қарамай, ол тек уақытша шара ретінде ғана қарастырылуға тиіс. Сондықтан мемлекеттік органдарда құжаттамаларды тікелей мемлекеттік тілде жасауға кезең-кезеңмен көшуді нақты жүзеге асыру керек. Бүл ретте мемлекеттік тілдің тек іс қағаздарын жүргізу саласында ғана емес, мемлекеттік органдар актілерін әзірлеу мен қабылдау саласында да қолданылу мәселесіне назар аударған жөн. Мемлекеттік тілдің құқық қорғау органдарында қолданылу мәселесін айрықша атап айту қажет. Аталған талаптардың табысты іске асуы үшін арнайы бағдарлама мен жоспарға сәйкес қызмет өтеу орындарында мемлекеттік тілді тұрақты оқытуды ұйымдастыру қажет.
Тармақша 3
3) Білім беру және тіл оқыту салаларында тілдік даму Балалардың бастапқы тіл даярлығында мектепке дейінгі мекемелер зор рөл атқаруға тиіс. Сондықтан мектеп жасына дейінгі қазақша мекемелер жүйесін кеңейтуге назар аударған жөн. Тіл даярлығын ұйымдастыруды қамтамасыз етуде жалпы білім беретін мектептер үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр. Бүл жерде маңызды проблемалардың бірі оқушыларды отандық оқулықтардың жаңа буынымен қамтамасыз ету болып табылады. Бірінші кезекте бұл қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қатысты. Оқу орындары түлектерінің облыстың әлеуметтік кеңістігіне одан әрі табысты кірігуі мақсатында оқыту тілі мен меншік нысанына қарамастан, барлық оқу орындарында жетекші пән болуға тиіс мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек. Бұған қажетті сағат саны басқа тілдердің есебінен емес, оқу процесін жалпы оңтайластыру нәтижесінде бөлінуге тиіс. Мемлекеттік тілдің бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі жағдайы одан әрі де жақсартуды талап етеді. Бүл жекелеген пәндерді оқыту сапасымен қатар, олардың санына да қатысты. Облыстың бастауыш, орта және жоғары оқу орындары ұсынатын қазақ тілінде оқытылатын мамандықтар шеңбері мүмкіндігінше шаруашылық, мәдени, қоғамдық және басқа да қызметтер саласын қамти отырып, жоспарлы түрде кеңейтілуге тиіс. Тілдерді тиімді меңгеру саласында мүмкіндіктерді кеңейту мен тереңдету үшін дәстүрлі оқу орындарындағы оқытумен қатар кейбір басқа әдістер де керек екенін тәжірибе көрсетін отыр. Өз бетімен оқып-үйренуге арналған теле- және радио хабарлар, газеттердегі арнаулы жарияланымдар сияқты қазақ тілі сабақтарын өткізудің түрлі нысандары кеңінен енгізілгені дұрыс. Алайда, бұл жерде басты бағыт мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуға арналған тегін тіл курстарының жүйесін ұйымдастыру мен қолдану болуға тиіс. Мұндай курстар жұмыс орындарында арнайы нормативтік актіге сәйкес құрылғаны жөн. Курстарда оқудың нәтижелілігіне мүдделілікті арттырудың тиімді тетіктерін әзірлеу керек. Курстарда оқудың нәтижесі қызметкердің негізгі кәсіби қызметінің нәтижелерімен бір деңгейде қаралуға тиіс. Мұндай курстар сонымен қатар түрлі деңгейдегі әкімшіліктерде ашылып, жергілікті бюджеттен қаржыландырылуы мүмкін. Қолданыстағы заңдарға сәйкес ресми пайдаланылатын тілдің қолданылуы қоғамдық өмірдің барлық саласында іс жүзінде тұрақты болып отыр және мемлекеттік органдардың күш-жігері бұл жерде осы жағдайды қолдауға бағытталуға тиіс. Қазақстан халықтарының тілдерін қолдау мақсатында қарым-қатынас, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға конституциялық құқықты іске асыру жөніндегі шараларды қамтамасыз ету қажет.
Тармақша 4
4) Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму Мәдениет саласында мемлекеттік тілде шығарылатын кино, мультипликация, телешоу, сазды бағдарламалар, жастар журналдары сияқты неғұрлым бұқаралық әрі көріністі нысандарға айрықша назар аудару қажет. Мемлекеттік тілдің жұмыс істеуін қамтамасыз етудің неғұрлым күрделі учаскелерінің бірі халыққа қызмет көрсету саласы болып отыр. Бұл аталған саладағы тілдік қызметті мемлекеттік реттеудің күрделілігімен сабақтасып жатыр. Алайда, мемлекеттік тілдің денсаулық сақтау, сауда, көлік және байланыс сияқты салаларға енуі мүмкіндігінше мұндай ықпал ету мемлекет тарапынан жүзеге асыруға болатын жерлерде іске асырылуға тиіс. Аталған талаптар атқаруға тиісті кәсіби міндеттерінің қажеттігімен сабақтасып жатқан салаларда мемлекеттік тілді меңгеру бөлігінде міндетті талаптарды белгілеу қажет. Оларға денсаулық сақтау, байланыс, көлік ұйымдары, банктердің есеп-кассалық бөлімдері жатады.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны іске асыру тетіктері
6. Бағдарламаны іске асыру тетіктері Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі ағымдағы іс-шаралар жүйесін жыл сайын кезең-кезеңмен орындау болып табылады. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру нәтижесінде бұдан алдыңы кезеңде болған өзгерістерді ескере отырып, әрбір келесі екі жыл сайын жасайды. Мұндай жоспарлау бағдарлама ережелерінде айқындалған ұзақ мерзімді стратегиялық перспективаларды міндетті түрде ескере отырын жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен бірге, бұл тікелей орындаушылардың жауапкершілігі мен Бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыруға бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін арттыруға жәрдемдеседі. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды тиімді жүзеге асыру мынадай негізгі принциптерді сақтау негізінде ғана мүмкін болады: сандық және сапалық деңгейді тұрақты өсіруді (жинақтауды) қамтамасыз етуді кездейтін кезендік және ұдайылық; орындалуына қатаң бақылау жасаумен ұштастырылған жан-жақты мемлекеттік қолдау; тілді меңгеру саласындағы талаптарды мемлекеттік тілді еркін және тегін оқып-үйрену үшін мүмкіндіктер жасаумен ұштастыру; моральдық және материалдық мүдделілік жағдайын жасау; қоғамдық пікірді белсенді түрде қалыптастыру; тіл құрылысын жүзеге асыру кезінде функционалдық-лингвистикалық тепе-теңдікті сақтау; тілдерді дамыту бағдарламасындағы іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны қаржыландыру
7. Бағдарламаны қаржыландыру Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат жыл сайын жергілікті бюджеттердің есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тиым салынбаған өзге де көздерден бөлінеді. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі 2002-2004 жылдарға арналған және қосымшада беріліп отырған іс-шараларының жоспарын қаржыландыруға мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету орталығына 13616 мың теңге, соның ішінде 2002 жылға 6216 мың теңге, 2003 жылға — 3700 мың теңге және 2004 жылға - 3700 мың теңге қаражат қажет (шығын сметасы туралы №1, №2, №3 қосымшалар қоса беріліп отыр). Іс шаралары жоспарының өзге тармақтары бойынша қаржыландыру ісі жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан жүзеге асырылады. 2005 және одан кейінгі жылдардағы қаржыландыру мәселесі облыстық әкімияттың ұсынысы бойынша облыстық мәслихат сессиясында анықталады
Тарау 8. 8. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
8. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасын іске асыру нәтижесінде облыс аумағында пайдаланылатын тілдердің қажетті функционалдық арақатынасының жетістігімен айқындалатын, облыста оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістік құрылады. Бұл мыналар: қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі нақты іске асырылып, оның заң жүзінде бекітілген әлеуметтік функциялары облыс аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жүзеге асырылады; орыс тілінің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген негізгі функцияларын толық көлемде сақтау; ол мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарыңда ресми пайдаланылатын тіл болып қалады, оның білім беру, ғылым, мәдениет және басқа да қоғамдық мәні бар салаларында қолданылуы қамтамасыз етіледі; Қазақстан халықтарының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін және әрбір азаматтың ана тіліңде қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін тандап алуға конституциялық құқығын іске асыруға жағдай жасалады.
Тарау 9. 9. Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың 2002-2004 жылдарға арналған іс-шараларының ЖОСПАРЫ
9. Ақмола облысында тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың 2002-2004 жылдарға арналған іс-шараларының ЖОСПАРЫ № Шаралар Орындаушылар Мерзімдері Қаржыландыру Болжамды шығындар Аяқталу нысаны Нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету 1. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның іске асырылуын қажетті материалдық-техникалық және кадр ресурстарымен қамтамасыз ету, жергілікті басқару органдарын мемлекеттік тілдегі заңдылықтар туралы деректер қорымен қамтамасыз ету Аудан, қала әкімияттары мен әкімдері Ұдайы 2002-2004 ж.ж. Жергілікті бюджеттерден Іске асыру барысында Нормативтік – құқықтық кесім 2. Конституция нормалары мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының, 2001- 2010 жылғы мемлекеттік бағдарламаның орындалуын жүйелі тексеру. ОАҚКБ Ұдайы 2002-2004 ж.ж. Республикалық бюджеттен Іссапарлар шығыны көлемінде министрлікке есеп 3. Облыстық тіл саясаты комиссиясының мәжілістерінде тілдерді қолдану мен дамыту, тіл туралы заңдылықтардың сақталу мәселелерін жүйелі қарау. ОАҚКБ, облыстық тіл саясаты комиссиясы тоқсан сайын 1 рет Комиссия шешімі 4. Премьер-министрдің мемлекеттік тілде құжаттамалар әзірлейтін әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру туралы 21.09.2000 ж. № 117-р Өкімінің орындалуын бақылау. Облыс әкімінің аппараты, қала және аудан әкімдері Ұдайы 2002-2004 ж.ж. бюджет қаражаты немесе еңбекақы қорын үнемдеу есебінен Есептелмейді Мекеме, кәсіпорын бойынша бұйрық 5. Мемлекеттік және басқа тілдердегі хабарлар көлемінің арақатынасын сақтау тұрғысында БАҚ туралы ҚР заңнамаларының талаптарын орындауды қамтамасыз ету, заңдылықтардың сақталуын қатаң бақылау ОАҚКБ, БАҚ басшылары Ұдайы 2002-2004ж.ж. Есептелмейді Тексеріс актісі, редакция бойынша бұйрық 6. Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасын іске асырудың 2005—2006 жылғы іс-шараларының жоспарын жасау. ОАҚКБ IV тоқсан 2004 ж. Іс-шаралардың жоспары Тілдердің мемлекеттік басқару және іс қағаздарын жүргізу саласында, құқық қорғау органдары жүйесі мен сот өндірісінде қолданылуы 7. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді жеделдетіп үйрету бойынша арнайы орталық құру. Облыс әкімияты, ОАҚКБ 2002 ж. І жартыжылдық бюджет қаражаты есебінен Барлығы 13616 мың теңге. соның ішінде 2002 жылға 6216 мың т., 2003 жылға 3700 мың т„ 2004 жылға 3700 мың. т. Нормативтік-құқықтық кесім 8. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету жөніндегі бірыңғай бағдарлама әзірлеу Мемлекеттік тіл орталығы, МҚАБ, ОББ 2002 ж. III тоқсан Жергілікті бюджеттерден Тіл орталығына бөлінген қаржы мөлшерінде Басқармалар бойынша бұйрық 9. Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарының үлгілерін (компьютерлік шаблондарын) әзірлеу Облыс әкімінің аппараты, қалалық аудандық әкімияттар, облыстық басқармалар 2003 ж. I тоқсан Жергілікті бюджеттерден Есептелмейді Нормативтік-құқықтық кесім 10. Аудандық қалалық әкімияттарда іс қағаздардың мемлекеттік тілге көшірілуіне бақылау жасауды ұйымдастыру. Әкім аппаратының жетекшісі, ұйымдастыру - бақылау бөлімі Ұдайы 2002-2004 ж.ж. Жергілікті бюджеттерден Іссапарлар шығыны көлемінде Нормативтік-құқықтық кесім 11 Облыс, аудан, қала әкімдерінің аппараттарында, мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыру, бұл органдар аппараттарының бәрінде қазақ тілі кабинеттерін жабдықтау Аппарат жетекшісі, аудандық, қалалық әкімшіліктер 2002 -2004 ж.ж. Тіл оқыту Орталығының қаражатынан Тіл орталығына бөлінген қаржы, жергілікті бюджеттерден Нормативтік-құқықтық кесім 12. Аудандық, қалалық әкімияттардың, селолық округтердің аудармашыларымен, жалпы бөлім меңгерушілерімен, іс қағаздарын жүргізушілермен іс қағаздарын мемлекеттік тілде дұрыс жүргізуді үйрету семинарларын өткізу. Әкім аппаратының жетекшісі, жалпы бөлім меңгерушісі Ұдайы Жылына 2 рет Жергілікті бюджеттерден 2002 жылға -80 мың теңге, 2003 жылға — 240 мың теңге, 2004 жылға -240 мың теңге Нормативтік-құқықтық кесім 13. 1) мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тіл білуден “Үздік маман”, 2) мемлекеттік мекемелерде үздік қазақ тілі кабинеттері конкурстарын ұйымдастырып, өткізу. Аппарат жетекшісі, ОАҚКБ, аудандық, қалалық әкімияттар Жыл сайын қыркүйек айында Жергілікті бюджеттерден Үздік мамандар конкурсына: 2002 жылға — 200 мың теңге, 2003 жылға — 200 мың теңге, 2004 жылға — 200 мың теңге Кабинеттер конкурсына 190000 теңге шамасында 14. Ресми шараларды, мәжілістер мен кеңестерді өткізу үшін облыс, аудан және қала әкімдері аппараттарының залдарын ілеспе аударма техникалық құралдарымен жабдықтау. Облыс, аудан және қала әкімдерінің аппараттары, 2003 ж. облыстық бюджет қаражатынан 1 млн. 500 мың теңге Нормативтік-құқықтық кесім 15. Көрнекі ақпараттарды тіл заңдылықтарының талаптарына сәйкестендіру жөнінен «Облыстық панорама — 2002,2003,2004» облыстық рейдтерін өткізу. Облыс әкімінің аппараты, ОАҚКБ 2002-2004 ж.ж. Жергілікті және республикалық бюджеттен Іссапарлар шығыны көлемінде Нормативтік-құқықтық кесім 16. Аудан және қала әкімдері тарапынан жыл сайын КМУ негізінде мемлекеттік тілде іс жүргізуші маман - аудармашылар даярлау үшін жыл сайын бір грант бөлу. Аудан және қала әкімдері Жыл сайын Жергілікті бюджеттерден 570000 теңге көлемінде 17. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу Обләскери комиссариат, ІІБ, ҮҚКД(келісімі бойынша), әділет басқармасы(кел ісімі бойынша) 2002 жыл, I жартыжылдық бұйрықтар мен өкімдер 18. Азаматтардың жеке мәселелермен екі тілде қабылдануын қамтамасыз ету. Меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың қабылдау бөлмелерінде «Құрметті азаматтар! Қабылдау екі тілде жүргізіледі» деген маңдайшалар ілу. Кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың басшылары (келісімі бойынша) Ұдайы 2002-2004 ж.ж. Жергілікті бюджеттер мен меншікті қаражат есебінен X Есептелмейді Бұйрықтар өкімдер 19. Елді мекендердің көшелерінде мемлекеттік тілді оқып, үйренуге, оны іс жүзінде қолдануға; ұлттық сана-сезімді оятуға шақыратын жарнамалық қалқандар, билбордтар), стенділер орналастыру Аудандар мен қалалардың әкімдері 2002 жылдың аяғына дейін Жергілікті бюджеттерден 950000 теңге көлемінде (әр ауданда 10 дана 5000 теңгеден) Нормативтік-құқықтық кесім Тіл — білім беру саласында және тілдерді үйрету 20. Жалпы білім беретін орта мектептер мен мектеп жасына дейінгі мекемелерде қазақ тілін оқыту сағаттарын факультативтік сабақтар есебінен көбейту. ОББ Жыл сайын Жергілікті бюджеттерден Есептелмейді бұйрық 21. Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында қазақ, орыс, басқа ұлт тілдері бойынша мамандар даярлауды қамтамасыз ету. Облыс оқу орындары Ұдайы Орта оқу орындарында жергілікті бюджеттен, жоғары оқу орындарында республикалық бюджет пен меншікті қаражаттан Ақпарат 22. Жексенбілік мектептеріне ана тілін үйретуде әдістемелік қолдау жасау. ООБ ОАҚКБ Ұдайы Ақпарат 23. Жетім және ата-ана тәрбиесінен тыс қалған балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттар жүйесінде қазақ тілінде оқытуды ұлғайту. ОББ Ұдайы 2002 ж. 1 тоқсанынан бастап Жергілікті бюджеттерден Іске асыру барысында Облыстық әкімиятқа ақпарат 24. Қазақ тілінде білім, тәрбие беретін мектеп жасына дейінгі мекемелер санын көбейту ОББ, аудандық, қалалық әкімияттар Ұдайы Жергілікті бюджеттерден Іске асыру барысында. Нормативтік-құқықтық кесім, өкімдер 25. Білім беру ұйымдарының әртүрлі топтарына арналған қазақ тілін білуін анықтаудың тестік жүйесін әзірлеу. ОББ, БЖИ 2002 жыл ІІІ тоқсан Жергілікті бюджеттерден бұйрық 26. Мектеп жасына дейінгі балаларды суреттермен безендірілген қазақ тіліндегі кітаптармен және буклеттермен қамтамасыз етудің арнайы бағдарламасын жасау ОББ 2002 жылдың 1 тоқсаны Іске асыру барысында бұйрық 27. Қазақ тілін жеделдетіп, немесе интенсивті үйрету бағдарламасын, компьютерлік бағдарламаны жасан, мұғалімдерді осы бағдарламалар бойынша жұмыс істеуге даярлау. ОББ 2002 жылдың 2 - жартысы Жергілікті бюджеттерден Іске асыру барысында бұйрық 28 Мемлекеттік тіл меңгерген кәсіптік-техникалық мектептердің оқушылары арасында «Тіл — достықтың дәнекері» байқаулары мен конкурстарын өткізу. ОББ Жыл сайын Жергілікті бюджеттер мен қосымша қаражат көздерінен (привлеченные) Бюджеттен бөлінген қаражат мөлшерінде бұйрық 29. КТМ, колледждердің оқушылары арасында қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша облыстық олимпиада өткізу. ОББ Жыл сайын Жергілікті бюджеттерден Бюджеттен бөлінген қаражат мөлшерінде бұйрық 30. «Облыстың жалпы орта білім беретін мекемелерінде мемлекеттік тілді оқытуды дамыту және одан әрі тереңдету жолдары» тақырыбына облыстық конференция өткізу. ОББ, облыстық әкімият 2002 жыл ІV тоқсан Жергілікті бюджеттерден Бюджеттен бөлінген қаражат мөлшерінде Бұйрық, нормативтік-құқықтық кесім 31. Мектептердің, КТМ, колледждердің қазақ тілі кабинеттерінің конкурсын өткізу ОББ Жыл сайын Жергілікті бюджеттерден Бюджеттен бөлінген қаражат мөлшерінде бұйрық 32. Білім беру жүйесінде қазақ тілі мұғалімдері білімінің байқауын өткізу. Олардың сапалық құрамын ұдайы жақсартып, БЖИ-де даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ету. ОББ Жыл сайын (жылына 1 рет) Жергілікті бюджеттерден бұйрық 33. Қалалар мен аудандарда қоғамдық негізде ұлттық қазақ орталықтарын ұйымдастыру, онда ана тілін, Қазақстанының тарихы мен мәдениетін үйрету. Облыстық білім басқармасы 2003 жыл Ерікті жарналар есебінен Нормативтік-құқықтық кесім 34. Облыстық білім басқармасының штатында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу секторын құру ОББ 2003 ж. 1 тоқсан Жергілікті бюджеттерден Бюджеттен бөлінген қаражат мөлшерінде Ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету 35. Тілдерді дамыту проблемалары бойынша социологиялық зерттеулер өткізу және облыстағы тілдік ахуал туралы деректер жиынтығын қалыптастыру. ОАҚКБ Ұдайы Республикалық бюджеттен Бюджеттен бөлінген қаражат мөлшерінде бұйрық Тіл-мәдениет, бұқаралық аппарат құралдары және халыққа кызмет көрсету салаларында 36. Облыс кітапханаларын қазақ тіліндегі әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен жүйелі қамтамасыз ету. ОМБ Ұдайы Жергілікті бюджеттерден Іске асыру барысында бұйрық 37. Облыстың барлық мәдениет және өнер мекемелерінің іс қағаздарын жүргізуге мемлекеттік тілді енгізу. ОМБ 2002 жыл Жергілікті бюджеттерден Бюджеттен бөлінген қаражат мөлшерінде Бекітілген кесте бойынша 38. Ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді насихаттау арқылы тәрбие жұмысын жүргізу мақсатымен қоғамдық негізде жастар мен студенттердің «Мұрагер» клубын ұйымдастыру ОАҚКБ, ОМБ 2003 Ж. 1 тоқсан Жергілікті бюджеттерден бұйрық 39. Облыс жұртшылығы арасында қазақ тілін және басқа тілдерді клуб, кітапхана, мұражай, киноқондырғылары жұмысының барлық нысандарымен насихаттау ОМБ Ұдайы Жергілікті бюджеттерден Есептелмейді Облыстық әкімиятқа ақпарат 40. Көкшетау қаласында қоғамдық негізде зиялы қауымның «Парасат» клубын құру ОМБ, ОАҚКБ 2002 жыл ІV - тоқсан Жергілікті бюджеттерден Нормативтік-құқықтық кесім 41. Барлық ұлттық - мәдениет орталықтарының қатысуымен Қазақстан халықтары тілдерінің облыстық фестивалін өткізу. ОАҚКБ, ҰМО, аудандық, қалалық әкімияттар Жыл сайын Жергілікті бюджеттерден Ісеке асыру барысында Нормативтік-құқықтық кесім 42. Мемлекеттік тіл күндерін жүйелі өткізуді қамтамасыз ету. ОАҚКБ, аудандық, қалалық әкімияттар Ұдайы, айына 1 рет Жергілікті бюджеттерден Нормативтік-құқықтық кесім, ақпарат 43. Қазақ тілінде эфирге тартымды жастар телерадиохабарларын әзірлеп, шығару. ОблТРК «Хабар» (ЖАҚның келісім бойынша) Ұдайы Меншікті қаражат көздерінен Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мөлшерінде бұйрық 44. «Ана тілімізге — ақ жол» облыстық телемарафонын өткізу ОблТРК (келісімі бойынша), ОАҚКБ Жылына 1 рет Меншікті қаражат көздерінен Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мөлшерінде ОТРК, ОАҚКБ бірлескен шешімі 45. Тілдерді дамыту проблемаларына арналған «Дөңгелек үстел» семинар, кеңестер жөне т.б. өткізу. ОАҚКБ Ұдайы Республикалық бюджеттен Іске асыру барысында Министрлікке есеп 46. Телерадиоарналарда «Тіл ашар», «Сөз мәдениеті», «Дұрыс сөйлеп, жаза білейік» тақырыптарындағы хабарлар топтамасын көрсетуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен әңгімелер, телерадиохабарлар әзірлеп, өткізу ОАҚКБ, ОблТРК(келісімі бойынша), ОББ Ұдайы Меншікті қаражат көздерінен Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мөлшерінде бұйрық 47. Қазақ халқының тарихын, қолданбалы өнерін, салт-дәстүрін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі аудио-, бейнероликтер жасау Обл ТРК (келісімі бойынша) Ұдайы Меншікті қаражат көздерінен Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мөлшерінде бұйрық 48. Көлік және байланыс, сауда, денсаулық сақтау және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық - ақпарат қызметі салаларында, төтенше қызметтердің кезекші бөлімдері мен диспетчерлік пункттерінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету. Тиісті облыстық басқармалар мен ведомстволар Ұдайы Меншікті қаражат көздерінен Есептелмейді бұйрық 49. БАҚ (баспа, электронды), безендіру цехтары арасында мемлекеттік тілдегі үздік коммерциялық, қоғамдық-саяси жарнама өнімдеріне «Жарнама» атты конкурс өткізу. ОАҚКБ, сәулет, құрылыс басқармасы және басқа тиісті мекемелер мен ведомстволар. Жыл сайын Республикалық бюджет пен меншікті қаражат көздерінен Іске асыру барысында бұйрық
Тарау 10. 10. Ақмола облысында іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру КЕСТЕСІ
10. Ақмола облысында іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру КЕСТЕСІ 2002 жыл Қорғалжын, Ерейментау аудандары 2003 жыл Целиноград, Еңбекшілдер аудандары 2004 жыл Атбасар, Зеренді аудандары 2005 жыл Ақкөл, Шучье, Жақсы аудандары 2006 жыл Кокшетау қаласы, Жарқайың ауданы 2007 жыл Бұланды, Егіндікөл аудандары 2008 жыл Астрахан, Аршалы аудандары 2009 жыл Есіл, Сандықтау аудандары 2010 жыл Степногор қаласы, Шортанды ауданы