О Региональной программе улучшения демографической ситуации в Костанайской области на 2002 - 2005 годы и Региональной программе улучшения миграционной ситуации в Костанайской области на 2002 - 2005 годы Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысында демографиялық жағдайды жақсартудың 2002 - 2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы және 2002 - 2005 жылдарға көші-қон ахуалын жақсартудың аймақтық бағдарламасының жобалары туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1.1-тармағына сәйкес
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық әкімият ұсынып отырған Қостанай облысында демографиялық жағдайды жақсартудың 2002 – 2005 жылдарға арналған және 2002-2005 жылдарда қөші-қон ахуалын жақсартудың аймақтық бағдарламалары бекітілсін (1, 2 қосымшалар).
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық мәслихатының «Демографиялық және қөші-қон жағдайларын жақсартуға 2001-2005 жылдарға арналған Қостанай облысы бойынша аймақтық бағдарламалар туралы» 2001 жылғы 26 сәуірдегі № 110 шешімінің және Қостанай облысы әділет басқармасының пысықтау үшін кері қайтарылған «Демографиялық және қөші-қон жағдайларын жақсартуға 2002-2005 жылдарға арналған Қостанай облысындағы аймақтық бағдарлама туралы» 2002 жылғы 24 мамырдағы № 210 және «Демографиялық және қөші-қон жағдайларын жақсартуға 2002-2005 жылдарға арналған Қостанай облысындағы аймақтық бағдарламаның» күші жойлды деп танылсын.
Басқа 3. Қостанай облысында демографиялық жағдайды жақсартудың
2002-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Қостанай облыстық
мәслихатының 2002 жылғы
16 тамыздағы № 222 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысында демографиялық жағдайды жақсартудың
2002-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Мазмұны
Паспорт
Кіріспе
Тармақ 1
1. Кәзіргі кездегі демографиялық жағдайды талдау
Тармақ 2
2. Бағдарламаның мақсаттары және міндеттері
Тармақ 3
3. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі
Тармақ 4
4. Қаржыландыру көздері және қажетті ресурстар
Тармақ 5
5. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 6
6. Бағдарламаны жүзеге асырудың іс жоспарлары
Тарау 10. Паспорт
Паспорт
Бағдарламаның толық атауы
Қостанай облысында демографиялық жағдайды жақсартудың 2002-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеу негіздері
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 тамыздағы бекітелген № 1272 қаулысы.
«Қазақстан Республикасы қөші-қон саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі бекітелген № 1346 қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі мақсаты
Демографиялық процестердегі жағымсыз тенденцияларды жаңу, туудың азаюы мен өлімнің көбею қарқынын қысқарту, халықтың құлдарауын болдырмау, халықтың мөлшері мен сапасының өсуін қамтамасыз ету.
Бағдарламаның негізгі міндеттері
Өсіп-өнуді қосқанда халықтың денсаулық жағдайын жақсарту, өмірдің ұзақтығын ұлғайтудың салдары ретінде адам өлімінің деңгейін қысқарту.
Бала туу деңгейінің түсу қарқынын оны тұрақтандырғанға дейін төмендету және кейін ұрпақты толық алмастыруды және халықтың үдайы өсуін қамтамасыз ететін деңгейге дейін өсіру.
Отбасылық – неке қатынастарын нығайту, отбасы Мәртебесін арттыру, оның өмір сүру жағдайын жақсарту.
Теріс миграциялық сальдоны кыскарту мақсатында миграциялық процестерді ретке келтіру.
Халықтың тұруына қолайлы экологиялық жағдай тұғызу.
Демографиялық ахуалды жақсарту үшін экономикалық және құқықтық жағдайлар туғызу.
Бағдарламаны әзірлеуші
Қостанай облысы қөші-қон және демография басқармасы
Бағдарламаны орындаушылар
Қалалық және аудандық әкімияттар
Қаржы департаменті
Экономика және сауда департаменті
Білім департаменті
Энергетика, өндіріс және құрылыс департаменті
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (келісім бойынша)
Еңбек, жұмаспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Денсаулық сақтау басқармасы
Мәдениет басқармасы
Мемлекеттік санитариялық-эпидеомиологиялық бақылау басқармасы
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша)
Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының облыстық комитеті-филиалы (келісім бойынша)
Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (келісім бойынша)
Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия
Қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету жыл сайын әлеуметтік салаға арнап көзделетін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерінен, есебінен жүзеге асырылатын болады
Күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру 2006 жылға қарай бала туу деңгейінің тұрақтануы, өлім деңгейінің азаюы, халық санының табиғи кемуін тоқтату және тұрақты өсуіне алғышарттар жасалатын болады
Тарау 11. Кіріспе
Кіріспе
Қостанай облысындағы демографиялық жағдайы жақсартудың 2001 – 2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 1272 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде дайындалды және Қостанай облысының демографиялық дамуының негізгі қағидаларын, артықшылықтарын және міндеттерін ұсынады.
Тарау 1. 1. Кәзіргі кездегі демографиялық жағдайды талдау
1. Кәзіргі кездегі демографиялық жағдайды талдау
Қостанай облысындағы демографиялық жағдай соңғы жылдары халықтың табиғи өсуінің төмендеуі және халықтың сыртқы көші –қонының жоғары деңгейде болу себебіне байланысты күрделі деп сипатталады.
Егер облыс халықының басым бөлігінің өткен жылдарда өсуі адамның өлуінен баланың тууы біршама жоғары болуына байланысты болса, соңғы жылдары адам өлімі деңгейі өсіп, бала тууы төмендегені байқалады. 1990 жылы бала туу саны өлу санынан 2,5 есе асып кетсе, 1999 жылы өлу саны туу деңгейінен асып кетті. Кейінгі үш жылда бұл процесс тұрақталды. Халықтың табиғи кемуі 2001 жылы 1999 және 2000 жылдармен салыстырғанда 323 және 443адамға азайды.
Облыс бойынша бала туу саны 2001 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 1,9 % кемісе, 8 ауданда бала туу саны өткен жылмен салыстырғанда көбейді: Қамысты ауданында – 21,9 %, Қарасу – 13,4 %, Наурзум – 5,5 %, Меңдықара – 3,4 %, Жітіқара – 1,1 %, Жангельды – 0,9 %, Қостанай қаласы бойынша – 4,5%, Лисаковск – 2,2 %.
1999 – 2001 жылдары туу коэффициенті облыстың 1,0 мың адамына есептегенде 11,6 – 11,0 деңгейінде тіркелсе, өлім коэффициенті 1,0 мың адамға есептегенде 11,5 – 11,8 болды.
2001 жылы өлгендердің саны 2000 жылмен салыстырғанда 5,5 % азайды. Өлу коэффициенті 1,0 мың адамға есептегенде 11,83-тен 11,48-ге дейін төмендеді.
2001 жылы тұрғындардың табиғи өсімі Жітіқара, Қарабалық, Қостанай, Лисаковск, Рудный қалаларынан басқа облыстың 13 аудан, қалаларында байқалды.
Халықтың көші-қон теріс сальдосы 1992 жылдан байқала бастады (- 7757 адам) және ол 1999 жылға дейін ұлғайып 36581 адамға дейін жетті, кейін 2 жылдай төмендеді, ал 1997 жылы ең жоғарғы деңгей – 38101 адамға жетті.
Осы жылдан кейін халықтың көші-қөн теріс сальдосы қысқара бастады.
2001 жылы 2000 жылмен салыстырғанда облысқа келушілердің саңы 19,2 % немесе 5856 адамға кобейді, ал кетушілердің саны 10,5 гіроцентке азайып, 29402 адам қүрды.
Демографиялық процесстерге мынадай себептер әсер етті:
экономиканың күрделі жағдайы, өндірістік және ауылшаруашылық мекемелерінің жабылуы, жұмыс орындарының күрт қысқаруы;
адамдардың сенімсіздігінің және әсіресе жастардың келешеке сенімсіздігінің нәтижесінде неке қию және туу санының қысқаруы;
облыстан тысқары көшудің көбеюі салдарынан халықтың жалпы санының қысқаруы;
жасөспірімдердің және қыздардың бала тууға қабылеттерінің қысқаруы нашақорлық, темекі тарту, арақ ішудің салдарынан тұрғындардың әсіресе жастардың денсаулығының төмендеуі;
медициналық қызметтің бағасының барынша өсуі;
перзентханаларда акушерлік қызметтердің және медициналық қызмет көрсетулердің бағасының жоғары болуы;
жастардың және отбасыларының басым бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмен болуы, олардың қабылеттерінің өнімді болуын ынталандырмайды және балаларды өз деңгейінде тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді.
Тарау 2. 2. Бағдарламаның мақсаттары және міндеттері
2. Бағдарламаның мақсаттары және міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
облыстық демографиялық процесстеріндегі негативтік тенденцияларды жеңу;
туудың құлдырауын бәсеңдету, өлімді азайту арқылы халықтың санының азаюын тоқтату;
халықтың сандық та, сапалық та өсуін қамтамасыз ету.
Облыстағы демографиялық ахуалды жақсарту ісіндегі осы мақсаттарға байланысты мемлекеттік басқару мекемелерінің алдында төмендегідей міндеттер тұр:
халықтың денсаулығын жақсарту, оның табиғи осуін ынталандыру;
туу деңгейінің түсу қарқынын төмендету және тұрақтандыру;
өлімді азайту және соның көрінісі ретінде өмірдің ұзақтығын ұлғайту;
тууды материалдық және моральдық тұрғыдан ынталандыру;
отбасының тыныс - тіршілігі жағдайын жақсарту, отбасы - неке қатынастарын нығайту;
халықтың тұратың жерлерінде қлайлы экологиялық жағдайжасау;
қандастарымыздың тарихи отанына, сондаи-ақ Қазақстанда бұрын тұрған басқа ұлт өкілдерінің қайтып оралуына қолайлы жағдай жасау;
көші-қон процесстерін реттеу жолымен көші-қонның оң қалдығына қол жеткізу;
демографиялық ахуалды жақсартуға экономикалық және құқықтық жағдай туғызу;
демографиялық процесстерге талдау және мониторинг жүргізу.
Аймақтық демографиялық саясат төмендегідей қағидаларға сәйкес болуы керек:
нәсіліне, ұлтына, дініне қарамастан барлық азаматтардың теңдігі; өсіп - өнуді және отбасын жоспарлауды еркін таңдауы;
ана болуды аса маңызды әлеуметтік функция деп тану;
өз балаларын тәрбиелеуге ата-ананың тең міндеттерін тану; әйелдерге қатынасты кемсітушіліктің барлық түрін жою;
тууға, өлімге, өмірдің ұзақтығы мен демографиялық және көші-қон процесстеріндегі жаңа тенденцияларды ескере отырып, көші-қонға ықпал етуді түрлі шараларын қамтитын кешенді қөзқарас;
демографиялық саясатты іске асыруда біріңғай негізін қалайты нормалардың негізінде орталық және аймақтық органдардың тиімді озара іс қимылын қамтамасыз ететін аймақтық ерекшеліктерді есепке алу;
халықтың экологиялық қауіпсіздігі, биологиялық әралуандықты сақта және табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру.
Тарау 3. 3. Бағдарламаның негізгі багыттары және іске асыру тетігі
3. Бағдарламаның негізгі багыттары және іске асыру тетігі
Бағдарламаны толық іске асырудың негізгі бағыттары және артықшылығы:
туу деңгейін көбейту және тұрақтандыру үшін әйелдердің, оның ішінде өсімтал жасындағылардың денсаулығын жақсартуға бағытталған жағдайлар жасау, олардың босанғанға дейін және одан кейінгі сырқаттануын азайту, сонымен қатар жаңадан және бұрыннан құрылған отбасыларда бала тууды моральдық, материалдық ынталандыру;
қоғамдық денсаулық сақтаудың қалыптасуы мен дамуын, ауруға, зиянды әдеттерге, травматизмге қарсы күресте профилактикалық шарарларды күшейтуді, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндеттерді, бағдарламаларды іске асыру арқылы өлімді азайту және деңгейін тұрақтандыру;
неке-отбасы қатынастарын реттеу - орнықты әрі салауатты отбасын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
көші-қон үдерісін реттеу - оралмандарды және басқа да көшіп келушілерді жайлы орналастыруға, оларды әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне қолайлы жағдай жасау, көшіп кетушілерді азайту үшін тұрмысқа қолайлы жагдай жасау, көші-қонның теріс қалдығын азайту;
халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қанағаттандыруга жағдай жасау - «адам факторын» үдемелі дамыту мақсатында кәсіби білім алуға қол жеткізуді жеңілдету, материалдық әл-ауқатын жақсарту, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің нәтижелілігін көтеру;
ағартушылық жұмыс жүргізу — Қазақстанда халықтарының тарихы, ғұрпы және мәдениеті жайлы білімді тарату, көпшілік ақпарат құралдарында халықтың демографиялық және көші-қон жайлы көкейтесті мәселелердің ахуалын жариялап отыру;
көші-қон және демографиялық үдерістерді бақылау - облыстағы көші-қон және демографиялық үдерістер жайлы ақпараттарды жинау, өндеу және талдау жасау.
Тарау 4. 4. Қаржыландыру көздері және қажетгі ресурстар
4. Қаржыландыру көздері және қажетгі ресурстар
Бағдарламалық мақсаттарды іске асыру нақты орындаушы мекемелерге республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржы есебінен, региондалдық бағдарламалар шеңберінде және тууды ынталандыруга, өлім деңгейін төмендетуге, көші-қон сальдосының кері мағнасын қысқартуға арналған бюджеттен қосымша бөлінген және басқа да қаржа ссебінен орындалады.
Бағдарламадағы 2002-2005 жыддарға арналған шараларды орындауға керекті қаражаттың минимальдық көлемі 4412 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
2002 ж. — 641 млн. теңгені
2003 ж. — 1306 млн. теңгені
2004 ж. - 1294 млн. теңгені
2005 ж. – 1171 млн. теңгені
Багдарламаны қаржыландыру көлемі жыл сайын нақты бюджетті құрастыру кезінде және бюджеттік заңнаманың өзгеруіне байланысты қайта есептелуі мүмкін.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
5. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Аймақтық бағдарламаны іске асыру мыналарға қол жеткізеді:
облыстағы демографиялық ахуалдың кәзіргі жағдайына басшы органдардың және жұртшылықтың көңілін аударуға;
туу деңгейін тұрақтандыруға;
өлім деңгейін біртіндеп қысқартуға;
алыстағы және жақындағы шетелдерден келетін көші-қонды ұлғайтуды ынталандыруға;
халықтың санының кемуін тоқтатуға;
халықтың оның оң табиғи өсуі жолымен кеңейтілген көбейуінің басталуы үшін жағдай туғызуға.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны жүзеге асырудың іс жоспары
6. Бағдарламаны жүзеге асырудың іс жоспары
Шаралар
Аяқтау нысаны
Орындау мерзімі және орындаушы
Қаржыландыру көзі
1. Туу. Тұрақтандыру және көбейту.
1. Әрбір туган балаға 18 жасқа толғаннан кейін (18 жасқа толмай алуына құқығы жоқ) жоғарғы, арнаулы оқу орындарында оқуын жалғастыру үшін төлеуге, немесе, кәсікерлікпен айналысуды бастау үшін арнаулы жинақ есеп шотын ашу туралы Қазақстан Рсспубликасының Үкіметіне, Мемлекеттік кіріс министрлігіне, Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау.
Үкіметке жоне тиісті ведомстваларға ұсыныс
2002 ж. Еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, Көші-қон және демография басқармалары (келісім бойынша)
2. Табысы аз отбасылардың балаларының бала бақшаларына, нәрестелерді бағып-күтетін мекемелерге қабылдануына мүмкіндік туғызу.
Аудан және қала әкімияттарының қаулысы
2002 - 2005 ж. Аудан және қала әкімияттары
Аудандар мен қалалардың бюджеттері
3. Әйелдер босанатын үйлерді жаңа аппаратурамен және жабдықтармен жарақтандыру.
Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
2002 - 2005 ж. Денсаулық сақтау басқармасы
Бекітілген бюджет көлемінде
4. Жүкті әйелдердің ертерек анықталуын ұйымдастыру, олардың қауіпті топтарга жататынын анықтап жоспарлы бақылауга алу
Денсаулық сақтау басқармасының бұйрыгы
2002-2005 ж. Денсаулық сақтау басқармасы
Бекітілген бюджет көлемінде
5. Ана мен баланың бірге емделу бөлімдерін ұйымдастыру, нәрестелерді емшек сүтімен қоректендіруді насихаттау, өткір респираторлық және ішек ауруларына профилактика жасау программаларын іске асыру
Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
2002-2005 ж. Денсаулық сақтау басқармасы
Бекітілген бюджет көлемінде
6. Балалардың 95 пайызын егу календарына сәйкес вакцинациямен қамту. Ауыл балаларының иммундық деңгейін көтеру мақсатында егу жұмыстарын жалғастыру. Балалардың егу мониторингісін ай сайын жүргізу.
Денсаулық сақтау басқармасының бүйрығы
2002-2005 жылы Денсаулық сақтау басқармасы
Бекітілген бюджет көлемінде
7. Қыз балалардың денсаулығын бақылауға алып, ішкі органдарының ауруы бар қыз балалар тобын анықтап, оларды ана болуға дайындау
Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
2002-2005 жылы Денсаулық сақтау басқармасы
Бекітілгсн бюджет Көлемінде
8. Қазақстан Республикасы көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне республикалық тууды ынталандыру бағдарламасына кіргізу үшін бала туғанда бірмезгіл берілетін жәрдемақыны төлеу арқылы материалдық ынталандыруды төмендегідей мөлшерде тағайындауға ұсыныс дайындалсын:
•1-і балаға - 6 айлық есептеу көрсеткіші;
•2-і балаға — 10 айлық есептеу көрсеткіші;
•3-і және одан коп балаларға — 40 айлық есептеу көрсеткіші
Қазақстан Республикасы көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне ұсыныс
2002 ж. Көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша)
Бекітілген бюджет көлемінде
2. Өлім. Тұрақтандыру және азайту.
9. Туберкулезбен ауыратын адамдарды анықтау, емдеу және өлім санын азайту шараларын жүзеге асыру
Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
2002 - 2005 ж. Денсаулық сақтау басқармасы
Бекітілген бюджет көлемінде
10. СПИД пен күресу және алдын алу жұмыстарын жетілдіру. ВИЧ-тің таралу динамикасын байқаудың негізгі тәсілі ретінде эпидемиялық мониторинг енгізуді қамтамасыз ету.
Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
2002 - 2005 ж. Денсаулық сақтау басқармасы
Бекітілген бюджет көлемінде
11. Жыныс қатынасы арқылы жұғатын ауруларды анықтау
Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
2002 - 2005 ж. Денсаулық сақтау басқармасы
Бекітілген бюджет көлемінде
12. Аймақтық бағдарламаларды іске асыруға шаралар қолданылсын:
DОТS (туберкулезбен күрес );
Диабет;
Нашақорлықпен және нашақорлыққа тәуелділікпен күрес
Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
2002 - 2005 ж. Денсаулық сақтау басқармасы
Бекітілген бюджет көлемінде
13. Қостанай облысының қоршаған ортаны қорғау ағымдағы аймақтық және ұзақмерзімді бағдарламаларын жүзеге асыруға шаралар қолдану
Табиғатты қорғау шараларын жоспарлы жүзеге асыру
2002-2005 ж. Инфроқүрлым және құрлыс департаменті
Бекітілген бюджет көлемінде
14. Денсаулыққа зиянды және қауіпті жағдайда атқарылатын жұмысқа адамдар кабылдағанда және белгігіленген мерзімді уақыты өткеннен кейін профилактикалық тексеруден өткізіп отыру
Еңбекті қорғау заңдылықтарын ың орындалуын бақылау
2002-2005 ж. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті
Кәсіпорындар мен мекемелердің қаржысы мөлшерінде
15. Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында тұрақты түрде радиация деңгейін зерттеп, құрамында денсаулыққа зиянды заттары бар тамақтарды анықтап, оны тамаққа пайдалануға тиым салып, жүқпалы ауруларды және тамақтан улануды болырмау
Шараларды жоспарлы жүзеге асыру
2002-2005 ж. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиалық бақылау басқармасы
Бекітілген бюджет көлемінде
16. «Ауыз су» облыстык бағдарламасына сәйкес су құбырларының санитарлық-техникалық жағдайын және ауыз судың сапасын жақсарту. Елді мекендерді әрдайым санитарлық тазалықтан өткізіп отыру
Бағдарламаның орындалуын бақылауға алу
2002-2005 ж. Инфроқұрылым және құрылыс департаменті
Бекітілген бюджет көлемінде
17. Тұрғындардың санитариялық-гигиеналық білім деңгейін көтеру. Маскүнемдік, нашақорлық, темекі тарту сияқты жаман әдеттермен күресу.
Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
2002 - 2005 ж. Денсаулық сақтау басқармасы
Бекітілген бюджет көлемінде
18. Қарттар және халықтың әлеуметтік әлсіз бөлігі үшін күндізгі стационар ашу
2002 ж. Қызыл Жарты Ай қоғамының облыстық филиалы (келісім бойынша)
Бюджеттен тыс қаржыландыру
3. Отбасы - неке қатынастары
19. Педагогикалық ұжымдардың оқушылармен жыныстық және адамгершілік жөніндегі тәрбие жұмыстарын жалғастыру, оларды болашақтағы отбасылық өмірге дайындау. Оқу мекемелерінің бағдарламасына валеология пәнін енгізу.
Білім департаментінің бүйрығы
2002-2005 ж. Білім департаменті
Бекітілген қаржы мөлшерінде
20. «Қазахстан 2030 ж. дейін даму стратегиясы» негізінде педагогикалық ұжымдардың отбасылар, балалар мен жастардың арасында салауатты өмір салтын уағыздауды одан әрі жалғастыру
Оқу бағдарламалары бойынша
2002-2005 ж. Білім департаменті
Қаржысыз
21. Зерттеу жұмыстарын жүргізіп парламентке төмендегідей ұсыныстар жіберу;
1) кәмелетке жасы жетпегендердің әлеуметтік құқықтық кепілдіктерін кеңейту, қамқорлыққа мұқтаж балалардың мүліктік және басқа мүдделерін қорғау;
2) коп балалы отбасыларына, жалғыз басты аналарға тууды ынталандыру жүйесін құру жолында бала туғанда берілетін материалдық жәрдемақының көлемі мен санын көбейту
Ұсыныс жіберу
2002 ж. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Комиссия (келісім бойынша)
22. Жалғыз басты адамдардың танысу клубтарын ұйымдастыру
2002 ж. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Комиссия (келісім бойынша)
Бюджеттен тыс қаржыландыру
4. Халықтың көші - қоны. Көшіп кетуді азайту, көшіп келуді көбейту.
23. Экономика салаларын, кіші және орта бизнесті дамыту арқасында, ауылшаруашықты қалпына келтіру есебінен халықтың көшіп кету деңгейін азайту үшін жағдай туғызу.
Экономика салаларын дамыту бағдарламаларын өзірлеу және жүзеге асыру
2002 - 2005 ж. Қалалар, аудандар әкімдері, облыстың мекемелері, шаруашылық жүргізуші субъектілер басшылары (келісім бойынша)
Облыстық және жергілікті бюджеттер, жекеменшік және инвестициялық қаржылар
24. Облыс тұрғындарына ауыл шаруашылығы ондірісі мен, жеке қосалқы шаруашылықпен, бағбандықпен, саяжаймен және мал шаруашылығымен айналасуы үшін отбасының құрамына сәйкес жер учаскелерін беру
Жерді тұрақты немесе уақытша
пайдалануға қүқық беретін шешім қабылдау Жер тіркелген акт, жалдау шарттарын беру.
Аудандар, қалалар әкімдері, Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (келісім бойынша)
Қаржысыз
25. Облыстың жергілікті тұрғындарына орта, арнаулы және жоғарғы сапалы білім алуына жағдай туғызу, оларды жұмысқа орналастыру
Арнаулы бағдарламаларды орындау
Аудандар, қалалар әкімдері, білім депатраменті, өқу орындарының директорлары, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қөрғау басқармасы (келісім бойынша)
Бекітілген бюджет көлемінде
26. ҚР Президенті бекітетін «Көшіп келу квотасын» орындау шараларын жүзеге асыру. Көшіп келген оралмандарға «Халықтың көші-қоны» заңына сәйкес біржолғы берілетін жәрдемақы, жол шығындарының өтеуі, түрғын үй және жер беруді қамтамасыз ету.
Занды жеңілдік- терді нақтылы беру
2002 - 2005 ж. Аудандар, қалалар әкімдері, көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша)
Республикалык Бюджет
27. Еңбек жасындағы оралмандарды жұмыспен қамтамасыз ету, олар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу. Оралмандар арасында кіші және орта бизнестің дамуына, шаруа қожалықтарын құруға көмек жасау.
Тиісті бағдарламаларды орындау
Тұрақты түрде. Аудандар, қалалар әкімдері, Көші-қон жөне Демография басқармасы, облыстық департаменттер, комитеттер, басқармалар, шаруашылық жүргізуші субъектілер басшылары (келісім бойнша)
Қаржысыз
28. Кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасында тұрмыстары төмен оралмандар отбасыларына көмек көрсету жөніндегі арнайы бөлім қарастыру.
Жұмыссыз және тұрмысы төмен өралман отбасыларын есепке алу
Тұрақты түрде. Қалалар, аудандар әкімдері, аудандық, қалалық еңбеқ, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары
Қаржысыз
29. Оралмандардың балаларын мектепке орналастыру. Репатрианттардың, босқындардың және басқа көшіп-қонушылардың балаларының, білім деңгейін анықтап тиісті сыныпта оқытуды ұйымдастыру.
Оку жасындағы балаларды есепке алу
Турақты түрде, Білім департаменті, мектептердің директорлары
Қосымша қаржысыз
30. Мектептерді, басқа оқу орындарын педагогтық кадрлармен жасактаған кезде оралман-педагогтардың мүдделерін ерекше ескеру, олардың тәжірибелерін жан-жақты пайдалану
Оралман-педагогтардың білім саласында жұмыс істеуге деген тілектерін ескеру
Тұрақты түрде. Қалалық (аудандық) білім (болімдерінің) меңгерушілері, оқу орындарының директорлары (келісім бойынша)
Қосымша қаржысыз
31. Зейнетақы және басқа да жәрдемақы алатын оралмандарды мезгілінде есепке алып, осы төлемдерді уақытында беріп отыру
Есепке қою. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу
Тұрақты түрде, Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары, зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы (келісім бойынша)
Аймақтық бюджеттер
5. Халықтын сапалы өсуі, экономиканын дамуы.
32. Экономика салаларының дамуы, тоқтап тұрған кәсіпорындарды, жаңа өндірісті іске қосу есебінен жыл сайын 15 мың жұмыс орнын құру
Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылық өндірісін, шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларын жасап жүзеге асыру
2002-2005 ж. Аудандар, қалалар әкімдері, облыстық Мекемелер, шаруашылық жүргізуші субъектілер басшылары (келісім бойынша)
Жергілікті және аймақтық бюджет өздерінің және инвестициялық қаржылары
33. Кедейшілік және жұмыссыздықпен күрестің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналыстыруға көмек ету, соның ішінде жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыру
Бос жұмыс орындары туралы деректер банкісін құру Аудандар, қалалар әкімдерінің шешімдері
2002-2005 ж. Аудандар, қалалар әкімдері, Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аймақтық басқармалары
Бюджетте қаралған қаржы шегінде
34. Мемлекеттік оқу мекемелерінің, оның ішінде бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының желісін сақтап қалу. Мектептерде, мектеп-интернаттарда, мектептер жанындағы интернаттарда және басқа оқу орындарында оқитын оқушылардың жағдайы жақсартылсын.
Оқу орындарының желісін өзгертуді тек қана облыс әкімнің шешімімен жүргізу
2002 -2005 ж. Аудандар, қалалар әкімдері, Білім департаменті
Аудандық жоне қалалық бюджеттер
35. Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорына бөлінетін қаржының уақытында, белгіленген мөлшерде түсуін толық қамтамасыз ету және оларды тиімді пайдалану.
Аудандар және қалалар әкімдерінің қаулылары
2002 -2005 ж. Аудандар, қалалар әкімдері, Білім және қаржы департаменттері
Аудандық және қалалық бюджеттер
36. Жабылып қалған мектептерді қайта ашуға, қайта үйымдастыруға және қосымша мектептер, интернаттар, мектептен тыс және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін, аулалық клубтарды, балалар ойнайтын аландар ашуға шара қолдану. Мектептен тыс шараларды қаржыландыруды қарастыру.
Облыс әкімінің қаулысы
2002 -2005 ж. Аудандар, қалалар әкімдері, Білім және қаржы департаменттері
Бюджетте қаралған қаржы шегінде
37. Мемлекеттік тапсырыс негізінде арнаулы орта білім мекемелеріне оқушылар қабылдауды ұлғайту
Облыс әкімінің қаулысы
2002 -2005 ж. Аудандар, қалалар әкімдері, білім және қаржы департаменттері
Бюджетте каралған қаржы шегінде
38. Оку орындарын жаңа бітіріп ауылды жерлерге келген жас мамандарды қызметтік үй-жәймен камтамасыз етуді ұсыну.
Аудаңдық және калалық әкімияттардың қаулысы
Әрдайым Аудандар, калалар окімдері
Бюджетте каралған қаржы шегінде
39. Жетім балалардың тұруы үшін «Жасөспірімдер үйі» жұмысын ұйымдастыру
Облыс әкімінің шешімі
2002 ж. Облыстық білім Департаменті
Бюджетте қаралған қаржы шегінде
40. Мемлекеттік оқу орындарында психологиялық қызмет құру. Мектептерде, интернаттарда, бала бақшалаларында психолог және әлеуметтік үстаз қызметін кіргізу
Қалалық (аудандық) білім басқармаларының (бөлімдерінің) бұйрығы
Қалалық (аудандық) білім басқармалары (бөлімдері)
Бюджетте қаралған қаржы шегінде
6. Ұйымдастыру, ағарту және мәдени жұмыстар.
41. Баспасөзде, көпшілік электрондық ақпарат құралдарында, теле және радио хабарларында демографиялық саясат және көші-қон ахуалын жақсарту шараларының мақсаттары, міндеттері және қағидалары жайлы мақалалар, хабарлар ұйымдастыру.
Жергілікті баспасөзде мақалалар жариялау және радио теле арналары арқылы хабарлар ұйымдастыру
2002-2005 жылдарда тұрақты түрде. Көші-қон және демография басқармасы, Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), бұқаралық ақпарат құралдары
Бюджетте бекітілген қаржы көлемінде
42. Қазақстан халықтарының тарихы, мәдениеті, үлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы білімді тарату. Қазақстан халықтарының тілдері, салт-дәстүрлері, әдет-ғүрыптары мерекелерін, халық шығармашылыгы фестивальдарын өткізуді үйым дастыру. Шетелдерде түратын қандастарымызбен сындарлы қатынастарымызды жалғастыру және дамыту.
Аталған шараларды іске асыру
2002-2005 ж.
Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық мәдениет басқармасы, театрлар, филармония, кітапханалар, мұражайлар, Торғай археологиялық экспедициясы, кино-бейне жалға беру басшылары (келісім бойынша)
Бюджеттерде қаралған қаржы көлемінде
7. Ақпараттық камту және үдерістер мониторингі
43. Облыстық көші-қон және демография басқармасына демографиялық және көші-қон үдерістері жөніндегі статистикалық деректерді беріп түру.
Статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес ақпарлар беріп түру
2002-2005 ж. түрақты түрде
Облыстық көші- қон және демография басқармасының қаржысына
44. Облыстағы коші-қон үдерістерінің өзгеруін саулнамалық зерттеулер арқылы бақылау
Зерттеулердің қортындысын беріп отыру
2002-2005 ж. Жыл сайын. Статистика басқармасы, Қостанай мемлекеттік университеті, көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша)
Қаржысыз
Басқа 18. Қостанай облысында көші-қон жағайын жақсартудың 2002-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Қостанай облыстық
мәслихатының 2002 жылғы
16 тамыздағы № 222 шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысында көші-қон жағайын жақсартудың 2002-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Мазмұны
Паспорт
Кіріспе
Тармақ 1
1. Кәзіргі кездегі көші-қон жағдайын талдау
Тармақ 2
2. Багдарламаның мақсаттары және міндеттері
Тармақ 3
3. Багдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі
Тармақ 4
4. Қаржыландыру көздері және қажетті ресурстар
Тармақ 5
5. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 6
6. Бағдарламаны жүзеге асырудың іс жоспарлары
Тарау 7. Паспорт
Паспорт
Бағдарламаның толық атауы
Қостанай облысында көші-қон жағайын жақсартудың 2002-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеу негіздері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі мақсаты
Көшіп-қону барысын басқару, демографиялық өркендеудің тұрақтылығын қамтамасыз ету, елдің мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың құқықтарын іске асыруына жағдай жасау.
Бағдарламаның негізгі міндеттері
Оралмандардың орналасуына барлык көмекті жасау, облыстың әлеуметтік ортасына және бейімделуіне ыкпалдастығы, олардың таратып орналастыру орнына жағдай жасау.
Шарасыу көшіп-қонудан туатын келеңсіздік салдарынан мәжбүрлі қоныс аударуды болдырмау және алдын ала сақтандыру.
"Босқын" дегі танылған адамдардың әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне және өзінің шыққан мемлекетіне өз еркімен оралуына жағдай туғызу.
Облыс аумағында көшіп-қонуды бақылау жүйесін құру және өркендету.
Көшіп-қону салдарын аз айту үшін экономикалық және құқықтық жағдай жасау, сонын ішінде облыстың әлеует парасатының кемуін болдырмау.
Ішкі және сыртқы көші-қонды, соның ішінде еңбек көші-қонын реттеуді қамтамасыз етү.
Бағдарламаны әзірлеуші
Қостанай облыстық көші-қон және демография басқармасы
Бағдарламаны орындаушалар
Көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша)
Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Білім департаменті
Денсаулық сақтау басқармасы
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
Ішкі істер бас басқармасы
Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (келісім бойынша)
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша) Қаржы департаменті
Қалалық, аудандық әкімияттар
Каржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету жыл сайын әлеуметгік салаға арнап бюджетте қаранған және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері, есебінен жүзеге асырылатын болады.
Күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыруда көші-қон сальдосының болымсыз өзгірісі есебінен халық санының осуын қамтамасыз етеді көшіп-қонушылар мең оралмандардың құқығын және елдің үлттық қауінсіздігін ныгайтуды іске асыру жөнінде қажетті жағдай жасайды.
Тарау 8. Кіріспе
Кіріспе
2002-2005 жылдарда Қостанай облысында көші-қон ахуалын жақсартудың аймақтық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы негізінде жасалған және Қостанай облысында көшіп қону үдерістерін реттеу, тәртіпке келтірудің әдістемесі және негізгі қағидалары, басымдық жагдайы және міндеттері болып есептеледі
Тарау 1. 1. Кәзіргі кездегі көші-қон жағдайын талдау
1. Кәзіргі кездегі көші-қон жағдайын талдау
Қостанай облысындағы казіргі көші-қон ахуалының ерекшелігі облыстың тарихи дамуында қалыптасқан халқының көп үлттығы және Ресей мемлекетімен шекаралас жатқандығы болып есептеледі. 1999 жылғы жүргізілген халық санағы бойынша облыс халқының 60 пайызға жақыны орыс тілділер (орыстар, украиндықтар, белорустар).
2002 жылдың 1 қаңтарына облыстағы барлық адам саны 938,8 мың адам болды. Бұл сан облыс халқы санының 1253,5 мың адам болған ең шарықтау шегі болып есептелген 1992 жылмен салыстырғанда 314,7 мың адамға кеміген, және де осының 78 пайызы (246,3 мың адам) халықтың көшіп қонуының келгенінен кеткенінің көптігі айырмасы салдарынан болып отыр.
1992 жылдан бастап жыл сайын облыстан көшіп кетушілердің саны көшіп келушілердің санынан асып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш (көші-қонның теріс қалдығы) 7,7 мың адам.
1994 жылы көші-қонның теріс қалдығы ерекше көбейіп, 36,6 мың адам болды. Содан кейінгі екі жыл қатарымен теріс қалдықтың мөлшерінің азайғандығы байқалып, 1996 жылы 17 мың адамға жетті. 1997 жылы Торғай облысының жабылуына және басқа да себептерге байланысты халықтың шетелге көшіп кетуі ерекше көбейіп, 38,1 мың адамға жетті. Бұл көрсеткіш 1998 жылы 36,6 мың адам, 1999 жылы – 27,2 мың адам болып немесе 28,5 пайызға азайды. 2000 жылдың сыртқы және облысаралық көші-қонның теріс қалдығы 22 мың адамға тең, 2001 жылда — 23,5 мың адамға.
1999 жылы жалпы шетелдерге кеткендердің (31,6 мың адам) 46,6 % орыстар, 18,7% - немістер, 11,3% - қазақтар, 13,4% - украиндықтар, 3,3% - белорустар, 2,4% - татарлар және 4,3% - басқа ұлт өкілдері.
1999 жылы жалпы (сыртқы және облысаралық көші-қон) келгендердің (4,6 мың адам) 48,6 % орыстар, 23% - қазақтар, 12,1% - украиндықтар, 5% - немістер, 2,4% - белорустар, 3% - татарлар және 5,9% - басқа ұлт өкілдері.
Облыс халқының республикаішілік (облысаралық) көшіп қонудың салдарынан да белгілі бір мөлшерде саны азайды. Мысалы, 1998 жылы облыстан Қазақстанның басқа облыстарына 5639 адам көшіп кетсе, басқа облыстардан 2539 адам көшіп келді. Сол себепті, облыс халқының саны 3100 адамға азайды. 1999 жылы көші-қон көрсеткішінің теріс қалдығы 2538 адамды құраса, 2000 жылдың 9 айында -1961 адам болып, халықтың облысаралық көшіп қонуының азайғандығы байқалды.
Облыс ішінде де халықтың көшіп-қонуы тоқталар емес. Мысалы, 1998 жылы облысішілік көшіп қону 16740 адам болса, бұл көрсеткіш 1999 жылы - 11910 адам, 2000 жылы - 12886 адам, 2001 жылы — 14857 адам болды.
Облыстағы көші-қон ахуалы төмендегідей негізгі қағидалармен сипатталады:
шетелдерге көшіп кетушілердің көбісі орыс тілділер (Казақстанда туғандар, сол сияқты тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер);
көшіп келушілердің дені тарихи атамекендеріне қайтқан этникалық қазақтар, сонымен қатар Қазақстанда туғандар, бұрын Қазақстанда тұрған орыс тілділер;
аграрлық сектордың құлдырауына байланысты ауылдық елді мекендерден және шағын қалалардың негізгі өндіріс қуаттарының, өнімдерді қайта өндеу кешендерінің тоқтап қалулары садарынан кен қалаларға қоныс аударуда;
облыстың ТМД елдерімен шекаралас орналасуы, шекараның ашықтығынан, достастық елдерінің біріңғай келісілғен ортақ саясаты және құқықтық базаның жетілмеуінен туындаған заңсыз көші-қон.
Тарау 2. 2. Бағдарламаның мақсаттары және міндеттері
2. Бағдарламаның мақсаттары және міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
облыстағы көші-қон үдерістерінің келеңсіз жақтарын болдырмау;
көші-қон үдерістерін басқару;
халықтың көшіп кету қарқынын азайту;
көшіп-қонушылардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.
Көшіп-қонудың ахуалын жақсартудың бағдарламалық мақсатына сәйкес мемлекеттік басқару орындарының міндеттері:
оралмандарды жайластыруға, қоныстанған жеріне олардың бейімделуіне және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне, қарулы жанжалдарды бастан кешірген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;
мәжбүрлі көші-қон, соның ішінде заңсыз көші-қон ағыны мен одан туындайтын теріс салдарлардың алдын алу және жолын кесу;
босқындар деп танылған адамдардың әлеуметтік ортаға тезірек бітеқайнасып кетуі және олардың өздері шыққан мемлекетке ерікті түрде қайтып оралуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
облыс аумағында көшіп келуді бақылау жүйесін құру және дамыту;
көшіп кету үдерістерін азайтуға және тұрақтандыруға, соның ішінде облыстың интеллектуалдық әлуетінің кетуін болдырмауға жәрдемдесу;
ішкі және сыртқы, соның ішінде еңбек көші-қонын реттеуді қамтамасыз ету;
шет елдердегі отандастармен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту.
Облыста көшіп-қонудың ахуалын жақсартудың аймақтық бағдарламасын іске асыру мына қағидаларға:
көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсілдік, үлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымды, саяси сенімді, белгілі бір әлеуметтік топқа жатқандығы бойынша кемсітуге жол бермеуге;
көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етуге;
жеке адам мен мемлекеттің мудделерін ұштастыруға, өкімет билігінің барлық тармақтары мен қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруге;
жергілікті халық пен көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.
Тарау 3. 3. Бағдарламаны негізгі бағыттары және іске асыру тетігі
3. Бағдарламаны негізгі бағыттары және іске асыру тетігі
Бағдарламаның негізгі бағыттары және мақсатқа жету артықшылығы болып есептеледі:
көшіп келушілер мен оралмандарды орналастыру және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне бейімделулеріне жәрдемдесу-тұрақты демографиялық өсуді қамтамасыз етеді, әлеуметтік-экономикалық, тіл және мәдени бейімделуге жағдай туғызады;
халықтың көшіп кетуін азайту үшін жағдай жасау және реттеу-әлеуметтік зерттеулер өткізу, көшіп кетудің негізгі себептерін анықтау, облыс халқының әлеуметтік-экономикалық қажетгілігін канағаттан-дыруға шара қолдану, кәсіби білім алуға мүмкіндік туғызу, материалдық әлауқатын жақсарту, халықтың әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
ішкі көші-қөн үдерістерін реттеу — ішкі көші-қөнды реттеуге жағдай туғызу, облыс халқынын және еңбек ресурстарынын қайта бөлуге және қөзғалысына ықпал ету, аймақтың экономикасының өркендеуіне және онда тұратын халықтың тұрмысына пайдалы, өндірістің өркендеүінің соңынан ауылдық елді мекендерді және шағын қалаларды экономикалық өркендетуге халықты жұмылдыруды ынталандыруға және онда түруға жағдайдың барлығы;
ағарту жұмыстарын жүргізу — демография және көші-қон ахуалынын, көкейтесті мәселелерін, қазақстан халықтарының тарихын, мәдениетін, ғұрыптарын көпшілік ақпарат құралдарында жариялап тұру;
көші-қон үдерістерінің мониторингі — облыстағы көші-қон үдерістерінің ақпараттарын жинау, өңцеу және талдау.
Тарау 4. 4. Қаржыландыру көздері жәңе қажетті ресурстар
4. Қаржыландыру көздері жәңе қажетті ресурстар
Бағдарламалық мақсаттарды іске асыру нақты орындаушы мекемелерге республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржы есебінен, регионалдық бағдарламалар шеңберінде көші-қон сальдосының кері мағнасын қысқартуға арналған бюджеттен қосымша бөлінген және басқа да қаржа есебінен орындалады.
Бағдарламадағы 2002-2005 жылдарға арналған шараларды орындауға керекті қаражаттың минимальдық көлемі 824 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
2002 ж. — 191 млн. тенгені
2003 ж. - 201 млн. тенгені
2004 ж. — 210 млн. тенгені
2005 ж. — 222 млн. тенгені
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі жыл сайын нақты бюджетті құрастыру кезінде және бюджеттік заңнаманың өзгеруіне байланысты қайта есептелуі мумкін.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
5. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру:
Қостанай облысындағы көші-қон ахуалының қолайсыздығына облыстың басшы органдары мен жұртшылықтың назарын аударуға;
көшіп кеушілері, соның ішінде оралмандарды (репатриант) жайлы қоныстандыруға және қоршаған әлеуметтік ортаға біте қайнасып кетуіне жәрдемдесуге;
көшіп келу квотасын және көшіп келу үдерістерін көбейтуге жағдай жасауға;
көшіп кету легін, білікті кадрлардың жылыстауын болдырмауға жағдай туғызуға;
облысішілік көші-қонды реттеуді бастауға;
көші-қонның теріс сальдосын азайту арқылы халық санының кему қарқынын тоқтатуға және оның көбеюін бастауға мүмкіндік береді
Тарау 6. 6. Бағдарламаны жүзеге асырудың іс жоспарлары
6. Бағдарламаны жүзеге асырудың іс жоспарлары
Шаралар
Аяқтау нысаны
Орындау мерзімі және орындаушы
Қаржыландыру көзі
Көшіп келу (иммиграция). Оралмандар (репатриант) мен басқа да көшіп келушілерге қоныстануға, қоныстанған жеріне бейімделуіне және жергілікті әлеуметтік ортаға бітекайнасып кетуіне көмектесу
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы бекітіп беретін көшіп келу квотасын шара қолдану, оралмандарға Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» заңына сәйкес жеңілдіктерді пайдалануларын қамтамасыз ету.
Үкіметтің қаулысын орындау
2002-2005 ж. Көші-кон және демография баскармасы (келісім бойынша)
Республикалық бюджетте қаралған қаржы көлемінде
2. Оралмандар жанұясының еңбекке жарамды мүшелерін жұмысқа орналастыруға көмектесу. Олар үшін жұмыс орындарының квотасын анықтау.
Жұмысқа орналастыруға жолдама беру
2002-2005 ж. Аудан, қала әкімдері, Аудандык (қалалық) еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары
Қаржысыз
3. Оралмандардың тұрмысы төмен отбасыларын анықтау, ондай оралмандар жанұяларына көмек беру үшін кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасында арнаулы бөлім қарастыру.
Бағдарламаға нақты отбасыларды кіргізу
2002-2005 ж. Аудандык (калалык) еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары
Қаржысыз
4. Жұмыссыз мәртебесі берілген оралманның қажет болған жағдайда мамандығын жетілдіру және қайта дайындықтан өткізуді жүзеге асыру
Жеке адамдарды жолдамамен оқуға жіберу
2002-2005 ж. Аудандық (қалалық) еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары
Бюджетте бекітілген қаржы мөлшерінде
5. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зейнетақы, жәрдемақы тағайындау қажетті құжаттарын өткізген оралмандарды және басқадай көшіп келушілерді уақытында есепке алып, зейнетақы, жәрдемақыларын мерзімді уақытта төлеп түру.
Оралмандарды және басқадай көшіп келушілерді есепке алу
2002-2005 ж. Аудандык (қалалық) еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары
Тиісті бюджеттерден
6. Оралмандардың және көшіп келушілердің оқу жасындағы балаларын мектепке тарту. Оралмандар, босқындар және басқадай көшіп конушылардың балаларының білім деңгейлерін анықтап соған сәйкес сыныптарда оқыту.
Мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту
2002-2005 ж.
Білім департаменті, мектеп директорлары
Қалалар, аудандар бюджеттеріне сәйкес
7. Оралмандар мен көшіп кеушілерге шаруа қожалықтарын, қосалқы шаруашылықтар құру үшін Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заңына сәйкес жер учаскелерін бөліп көмектесу.
Жер учаскелерін бөлу
2002-2005 ж.
Қалалар, аудандар әкімдері, Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, Көші-қон және демография баскармасы (келісім бойынша)
Қаржысыз
8. Оралмандарды оңтайлы орналастыру, қоныстанған жерінде олардың бейімделуіне және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуі мәселелерін талқылап шешкенде оралмандардың қоп қоныстанған аудандарында құрылған оралмандар кеңестерін қатынастару
Оралмандар кеңесінің жоспарларына сәйкес
2002-2005 ж.
Көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша)
Қаржысыз
9. Алыс және жақын шетелдерден көшіп келген оралмандарды санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан өткізу. Кепілді тегін дәрігерлік көмек көлемінде жаңадан келген оралмаңдарға дәрігерлік көмек көрсету.
Денсаулық сактау баскармасының бүйрыгы
2002-2005 ж.
Денсаулық сақтау және мемлекеттік санитарлык-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары
Бюджетте бекітілген қаржы мөлшерінде
2. Көшіп кету (эмиграция). Халықтың көшіп кетуін азайтуға жағдай жасау және реттеу
10. Бала тууды арттыруға, өлімді азайтуға, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге, яғни, облыстан халықтың көшіп кетуін неғүрлым азайтуға бағытталған облыс бойынша демографиялық жағдайды жақсарту жөніндегі аймақтық бағдарламаны орындауға шара қолдану
Бағдарламаның орындалуы бақылауға алынсын
2002-2005 ж.
Қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық департаменттер, басқармалар, комитеттер, және олардың жергілікті органдары
Бюджетте бекітілген қаржы мөлшерінде
11. Экономика салаларының өркендеуі, жаңадан өндірістер ашу, кіші және орта бизнестің дамуы, ауыл шаруашылығын қалпына келтіру және басқа да шаралардың арқасында халақтың сыртқа көшіп кетуін азайту
Экономика салаларын өркендету бағдарламасын жасау және іске асыру
2002-2005 ж.
Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық департаменттер, басқармалар, комитеттер, басшылар
Бюджетте бекітілген қаржы, жеке және инвестициялық қаражат мөлшерінде
12. Жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық және мал шаруашылығымен айналысу үшін тұрғындарына жер болу
Жерді тұрақты, немесе, уақытша пайдалануға шешім беру. Мемлекеттік акт, немесе, жалға беруге келісім шарт беру.
2002-2005 ж.
Қалалар, аудандар әкімдері, Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (келісім бойынша)
Қаржысыз
13. Облыс тұрғындарына орта, арнаулы орта және жоғары сапалы білім алуларына жағдай туғызу, оқу орындарын бітіргендерді жұмысқа орналастыру
Аталған мәселе бойынша бағдарламаны орындау
2002-2005 ж.
Қалалар, аудандар әкімдері, білім департаменті, оқу орындарының директорлары, ау- дандық (қалалық) еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (келісім бойынша)
Бюджетте бекітілген қаржы мөлшерінде
14. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтардың келуі, қоныстанып тұрып қалуы және кетуі туралы осы жұмыспен айналысатын мемлекеттік органдармен ақпараттар алмасып және қоянқолтық жұмыс істеу.
Бірлескен шара- лар өқткізіп және ақпараттар алмасу
2002-2005 ж.
Ішкі істер, Көші-қон және демография, Еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (келісім бойынша)
Қаржысыз
15. Қазақстан Республикасы азаматтарының артықшылық құқықтарын сақтай, ішкі еңбек нарқын қорғай отырып шетелдік жұмыс күшін әкелу және пайдалануға бақылау орнату. Еңбек нарқында жергілікті жұмыс күшінің жеткіліктігін ескеріп түрлі мамандықтар бойынша шетелдік (ТМД елдерін қосқанда) күшін әкеліп, пайдалануды шектеу.
Шетел жұмыс күшін әкелуді рүқсаттайтын комиссия жұмысын ұйымдастыру. Квота белгілеу Лицензиясыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді табу
2002-2005 ж.
Еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы.
Қаржысыз
16. Облыс аумағында шетелден келгендердің жүріп-тұру ережесін орындауына бақылау жасау
Шетелдіктердің келуі мен кетуіне бақылау жасау
2002-2005 ж.
Ішкі істер бас басқармасы (келісім бойынша)
Қаржысыз
3. Облысішілік көші-қон. Үдерістерді реттеу
17. Қостанай облысының Торғай аймағында және шөлейтті аймақтарда тұратын халықты жері шұрайлы, шаруашылығы өркендеген солтүстік аудандарға ұйымдасқан түрде көшірудің қажеттілігіне және мүмкіндіктеріне социологиялық зерттеу жүргізу.
Зерттеудің қортындысы
2002-2005 ж.
Көші-қон және демография басқармасы
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша)
Қаржысыз
4. Ұйымдастыру, ағарту және мәдени жұмыстар
18. Баспасөзде, көпшілік электрондық ақпарат құралдарында, теле және радио хабарларында демографиялық саясат және көші-қон ахуалын жақсарту шараларының мақсаттары, міндеттері және қағидалары жайлы мақалалар, хабарлар ұйымдастыру.
Жергілікті баспасөзде мақалалар жариялау және радио теле арналары аркылы хабарлар ұйымдастыру
2002-2005 жылдарда тұрақты түрде. Көші-қон және демография басқармасы, Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), бұқаралық ақпарат құралдары
Бюджетте бекітілген қаржы көлемінде
19. Казақстан халықтарының тарихы, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы білімді тарату. Қазақстан халықтарының тілдері, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мерекелерін, халық шығармашылығы фестивальдарын өткізуді ұйымдастыру. Шетелдерде тұратын қандастарымызбен сындарлы қатынастарымызды жалғастыру және дамыту.
Аталған шараларды іске асыру
2002-2005 ж.
Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық мәдениет басқармасы, театрлар, филармония, кітапханалар, мұражайлар, Торғай археологиялық экспедициясы, кино-бейне жалға беру басшылары (келісім бойынша)
Бюджеттерде қаралған қаржы көлемінде
5. Ақпараттык камтамасыз ету және үдерістер мониторингі
20. Облыстық көші-қон және демография басқармасына демографиялык және көші-қон үдерістері жөніндегі статистикалық деректерді беріп түру.
Статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес ақпарлар беріп түру
2002-2005 ж. тұрақты түрдс
Облыстық көші-қон және демография басқармасының қаржысына
21. Облыстағы көші-қон үдерістерінің өзгеруін саулнамалық зерттеулер арқылы бақылау
Зерттеулердің қортындысын беріп отыру
2002-2005 ж. жыл сайын.
Статистика басқармасы, Қостанай мемлекеттік университеті, көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша)
Қаржысыз
4. Халықтың көші-коны. Көшіп кетуді азайту, көшіп келуді көбейту.
23. Экономика салаларын, кіші және орта бизнесті дамыту аркасында, ауылшаруашықты қалпына келтіру есебінен халықтың көшіп кету деңгейін азайту үшін жағдай туғызу.
Экономика салаларын дамыту багдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру
2002 - 2005 ж.
Қалалар, аудандар әкімдері, облыстың мекемелері, шаруашылық жүргізуші субъектілер басшылары (келісім бойынша)
Облыстық және жергілікті бюджеттер, жекеменшік және инвестициялық қаржылар
24. Облыс тұрғындарына ауыл шаруашылығы өндірісі мен, жеке қосалқы шаруашылықпен, бағбандықпен, саяжаймен және мал шаруашылығымен айналасуы үшін отбасының құрамына сәйкес жер учаскелерін беру
Жерді тұрақты немесе уақытша пайдалануға құқық беретін шешім қабылдау Жер тіркелген акт, жалдау шарттарын беру.
Аудандар, қалалар әкімдері, Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (келісім бойынша)
Қаржысыз
25. Облыстың жергілікті тұрғындарына орта, арнаулы және жоғарғы сапалы білім алуына жағдай туғызу, оларды жұмысқа орналастыру
Арнаулы бағдарламаларды орындау
Аудандар, қалалар әкімдері, білім департаменті, оқу орындарының директорлары, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (келісім бойынша)
Бекітілген бюджет көлемінде
26. ҚР Президенті бекітетін «Көшіп келу квотасын» орындау шараларын жүзеге асыру. Көшіп келген оралмандарға «Халықтың көші-қоны» заңына сәйкес біржолғы берілетін жәрдемақы, жол шығындарының өтеуі, тұрғын үй және жер беруді қамтамасыз ету.
Заңды жеңілдік-терді нақтылы беру
2002 - 2005 ж.
Аудандар, қалалар әкімдері, көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша)
Республикалық бюджет
27. Еңбек жасындағы оралмандарды жұмыспен қамтамасыз ету, олар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу. Оралмандар арасында кіші және орта бизнестің дамуына, шаруа қожалықтарын құруға көмек жасау.
Тиісті бағдарламаларды орындау
Тұрақты түрде. Аудандар, қалалар әкімдері, Көші-қон және Демография басқармасы, облыстық департаменттер, комитеттер, басқармалар, шаруашылық жүргізуші субъектілер басшылары (келісім бойынша)
Қаржысыз
28. Кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасында тұрмыстары төмен оралмандар отбасыларына көмек көрсету жөніндегі арнайы бөлім қарастыру.
Жұмыссыз және тұрмысы төмен оралман отбасыларын есепке алу
Тұрақты түрде.
Қалалар, аудандар әкімдері, аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары
Қаржысыз
30. Мектептерді, басқа оқу орындарын педагогтық, кадрлармен жасақтаған кезде оралман-педагогтардың мүдделерін ерекше ескеру, олардың тәжірибелерін жан-жақты пайдалану
Оралман-педагогтардың білім саласында жұмыс істеуге деген тілектерін ескеру
Тұрақты түрде. Қалалық (аудандық) білім (бөлімдерінің) меңгерушілері, оқу орындарының директорлары (келісім бойынша)
Қосымша қаржысыз
31. Зейнетақы және басқа да жәрдемақы алатын оралмандарды мезгілінде есепке алып, осы төлемдерді уақытында беріп отыру
Есепке қою. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу
Тұрақты түрде, Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары, зейнетакы төлеудің мемлекеттік орталығы (келісім бойынша)
Аймақтық бюджеттер
5. Халыктың сапалы осуі, экономиканың дамуы.
32. Экономика салаларының дамуы, тоқтап тұрған кәсіпорындарды, жаңа өндірісті іске қосу есебінен жыл сайын 15 мың жұмыс орнын құру
Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылык ондірісін, шагын жоне орта бизне сті дамыту бағдарламаларын жасап жүзеге асыру
2002-2005 ж. Аудандар, қалалар әкімдері, облыстық Мекемелер, шаруа- шылық жүргізуші субъектілер басшылары (келісім бойынша)
Жергілікті және аймақтық бюджет, өздерінің және инвестициялық қаржылары
33. Кедейшілік және жұмыссыздықпен күрестің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналыстыруға көмек ету, соның ішінде жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыру
Бос жұмыс орындары туралы де- ректер банкісін құру Аудандар, қалалар әкімдерінің шешімдері
2002-2005 ж. Аудандар, қалалар әкімдері, Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аймақтық басқармалары
Бюджетте қаралған қаржы шегінде
34. Мемлекеттік оқу мекемелерінің, оның ішінде бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының желісін сақтап қалу. Мектептерде, мектеп-интернаттарда, мектептер жанындағы интернаттарда және басқа оқу орындарында оқитын оқушылардың жағдайы жақсартылсын.
Оқу орындарының желісін өзгертуді тек қана облыс әкімнің шешімімен жүргізу
2002 -2005 ж.
Аудандар, қалалар әкімдері, Білім департаменті
Аудандық жәнә қалалык бюджеттер
35. Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорына бөлінетін қаржының уақытында, белгіленген мөлшерде түсуін толық қамтамасыз ету және оларды тиімді пайдалану.
Аудандар және қалалар әкімдерінің қаулылары
2002 -2005 ж.
Аудандар, қалалар әкімдері, Білім және қаржы департаменттері
Аудандык және қалалық бюджеттер
36. Жабылып қалған мектептерді қайта ашуға, қайта ұйымдастыруға және қосымша мектептер, нтернаттар, мектептен тыс және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін, аулалық клубтарды, балалар ойнайтын алаңдар ашуға шара қолдану. Мектептен тыс шараларды қаржыландыруды қарастыру.
Облыс әкімінің қаулысы
2002 -2005 ж.
Аудандар, қалалар әкімдері, Білім және қаржы департаменттері
Бюджетте қаралған қаржы шегінде
37. Мемлекеттік тапсырыс негізінде арнаулы орта білім мекемелеріне оқушылар қабылдауды ұлғайту
Облыс әкімінің қаулысы
2002 -2005 ж.
Аудандар, қалалар әкімдері, білім және қаржы департаменттері
Бюджетте қаралған каржы шегінде
39. Жетім балалардың тұруы үшін «Жасөспірімдер үйі» жұмысын ұйымдастыру
Облыс әкімінің шешімі
2002 ж. Облыстық білім Департаменті
Бюджетте қаралған қаржы шегінде
40. Мемлекеттік оку орындарында психологиялық қызмет құру. Мектептерде, интернаттарда, бала бақшалаларында психолог және әлеуметтік үстаз қызметін кіргізу
Қалалық (аудандық) білім басқармаларының (бөлімдерінің) бұйрығы
Қалалық (аудандық) білім басқармалары (бөлімдері)
Бюджетте қаралған қаржы шегінде
6. Ұйымдастыру, ағарту және мәдени жұмыстар.
41. Баспасөзде, көпшілік электрондық акпарат құралдарында, теле және радио хабарларында демографиялық саясат және көші-қон ахуалын жақсарту шараларының максаттары, міндеттері және кағидалары жайлы мақалалар, хабарлар ұйымдастыру.
Жергілікті баспасөзде мақалалар жариялау және радио теле арналары арқылы хабарлар ұйымдастыру
2002-2005 жылдарда
тұрақты түрде. Көші-қон және демография басқармасы, Ақпарат және қоғамдық келісім
басқармасы (келісім бойынша), бұқаралық ақпарат құралдары
Бюджетте бекітілген қаржы көлемінде
42. Қазақстан халыктарының тарихы, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы білімді тарату. Қазақстан халықтарының тілдері, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мерекелерін, халық шығармашылығы фестивальдарын өткізуді ұйымдастыру. Шетелдерде тұратын қандастарымызбен -сындарлы қатынастарымызды жалғастыру және дамыту.
Аталған шараларды іске асыру
2002-2005 ж.
Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық мәдениет басқармасы, театрлар, филармония, кітапханалар, мұражайлар, Торғай археологиялық экспедициясы, кино-бейне жалға беру басшылары (келісім бойынша)
Бюджеттерде қаралған қаржы көлемінде
7. Ақпараттық қамту және үдерістер мониторингі
43. Облыстық көші-қон және демография басқармасына демографиялық және көші-қон үдерістері жөніндегі статистикалық деректерді беріп түру.
Статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес ақпарлар беріп түру
2002-2005 ж. түрақты түрде
Облыстық көші-қон және демография басқармасының қаржысына
44. Облыстағы көші-қон үдерістерінің өзгеруін саулнамалық зерттеулер арқылы бақылау
Зерттеулердің қортындысын беріп отыру
2002-2005 ж.
Жыл сайын.
Статистика басқармасы, Қостанай мемлекеттік университеті, көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша)
Қаржысыз