Об утверждении Программы развития архивного дела в Акмолинской области на 2002-2005 годы Күшін жойған
Басқа 0
2002-2005 жылдарға арналған Ақмола облысында мұрағаттық істерді дамыту Бағдарламасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 16.03.2006 № 3С-18-5 шешімімен.
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6 бабының 1-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2002-2005 жылдарға арналған Ақмола облысында мұрағаттық істерді дамыту Бағдарламасы (қосымшамен) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет басқармасында тіркелген соң өз күшіне енеді.
Басқа 3. Көкшетау қаласы 2002 жыл
Облыстық 16 сессиясының
шешімімен бекітілген 2002 ж.
12.04. № С-16-8
Ақмола облысында мұрағат ісін дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Көкшетау қаласы 2002 жыл
Тарау 1. 1. Ақмола облысында мұрағат ісін дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Ақмола облысында мұрағат ісін дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламаның ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы
Ақмола облысында мүрағат ісінің 2002-2005 жылдарда дамытылуы
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме
"Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудыц 2001-2005 жылдарға арналған Тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 26 қаңтардағы № 146 және "Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны бекіту туралы" 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары.
Бағдарламаны негізгі әзірлеушілер
Ақмола облысы әкімінің аппараты, Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі
Іске асырылу мерзімі
2002-2005 жылдар
Бағдарламаның мақсаты
Ақмола облысында мұрағат ісінің дамытылуы мен жетілдірілуін қамтамасыз ету
Бағдарламаның міндеттері
Мұрағат ісінің қолайлы моделін даярлап дамыту ақпараттық ресурстарды пайдалану және қазіргі заманғы жинақтау, жүйелеу, іздестіру тетіктерін жасау. Мұрағат саласының материалдық техникалық базасын нығайту.
Негізгі іс-шараларды орындаушылар
Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі, мемлекеттік мүрағаттар
Қаржыландыру көзі және көлемі
Бағдарламаны қаржыландырудың негізгі көзі облыстық бюджет болып табылады.
2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыру үшін бюджет қаражатының ең төменгі есептік қажеттілігі 7577 мың теңгені құрайды. Оның жыл сайынғы көлемі облыстық бюджетке сәйкес нақтыланады.
Күтілетін түпкі нәтиже
Мұрағат саласының қызметін жетілдіру, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің нарықтық экономика жағдайына бейімделуін аяқтау; Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының сақталуын жақсарту; облыстағы мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын нығайту.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттары-оның мемлекеттік символдарының бірі, ұзақ жылдар бойы біздің ата-бабаларымыздың үнемдеп сақтап келген қоғамдық ғылымның негізгі қоры, азаматтардың өздерінің заңды мүдделерін әлеуметтік қорғаудағы қанағаттанарлық дереккөзі болып табылады. Қазіргі кезде облыста мемлекеттік сақтауда 1 миллион 240 мыңнан асатын істер тұр.
Мұндай тарихи-мәдениеттік және өткенді шолу ақпараттық игілікті еліміздің облыстарының ешқайсысы иемденбейді.
Ақмола облысында мұрағат ісін дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы (онан әрі-Бағдарлама) "Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 26 қаңтардағы № 146 және "Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы 11 маусымдағы № 297 Қазақстан Рсспубликасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаны әзірлеу Қазақстан Республикасының (ҰМҚ) Ұлттық мұрағат қорын толықтыру мен сақтау, облыстық мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын нығайту, жергілікті өкімет органдарын және азаматтарды мұрағаттық ақпарат көлемінде қамтамасыз етуге, оның жетістік іс-қимылы және тіршілік жасау қажеттілігі, мұрағат құжаттарының физикалық жағдайын жақсартуға кешендік жұмыстар жүргізу қажеттілігінен туған.
Тарау 3. 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Облыстағы мұрағат қызметінің қазірғі жай-күйін талдау мүлде бір мағыналы бағаланбайды. Бірқатар объективті және субъективті себептер бар. Олардың санына ең алдымен "Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы заңының қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық базаның толық еместігі және көп жылдар бойы мемлекеттік мұрағаттардың өте мардымсыз қаржыландырылуы жатады, тек қана соңғы 2-3 жылды қоспағанда.
2002 жылдың 1 қаңтарындағы жайына байланысты облыста кезекті мемлекеттік мұрағаттар мұрағат ісінің салааралық басқару органы болып табылатын мекемелер: Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі және 21 мемлекеттік мұрағат, соған қоса-облыстық, 3 қалалық және 17 аудандық мемлекеттік мұрағаттар жұмыс істейді.
Біздің құжаттық тарихи байлығымыздың ең бастапқы сақталатын орны-Ақмола облысының мемлексттік мұрағаты болып табылады, онда 483051 істер сақталуда тұр, Көкшетау қалалық мемлекеттік мұрағатында 325008 істер сақталуда. Ірілер тобына жататын Зеренді, Ақкөл, Еңбекшілдер аудандық мемлекеттік мұрағаттары мен Атбасар қаласының мемлекеттік мұрағатының құжаттар көлемі 30 дан 50 мыңға дейін істен асады.
Облыстың мүрағаттық қызмсті Республикада ең ірілердің бірі болып саналады. Мемлекеттік мұрағаттар санына байланысты (21)-екінші орында, алда тек Қарағанды, ал сақталатын құжаттардың жалпы көлемі бойынша (1245820 істер) облыс үшінші орында тұр, ол көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан және Қарағандыдан ғана кейінгі орында.
Қазіргі кезде ерекше көңіл бөлуді қажет ететін жағдайлар, ол мекемелерде, кәсіпорындарда мұрағаттық құжаттардың сақталуы, меншіктік түріне қарамастан, ең бірінші кезекте Ұлттық мұрағат қорының құжаттары, оларды дайындап мемлекеттік сақтауға тапсыру.
Бағдарламаның қолданылу кезеңінде мұрағат қызметіндегі ең маңызды мәссле болып саналатын бірыңғай құжаттау тәртібін және құжаттаманы басқаруды, электрондық құжаттама айналымы жүйесін құруды, ведомстволық мұрағаттың жұмыс тәртібін және оған анық ғылыми-әдістемелік басқарудың қолданылуын енгізу қажет.
Саланың материалдық-техникалық базасын нығайтып, қаржымен және кадрмен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу керек.
Қазіргі кезде мұрағат қызметінде мемлекеттік сақтауға түскен ақпараттардың үнемі өсуі мен саланың кадрлық әлеует динамикасының арасында нақты сәйкессіздік байқалады. Егемендік алған жылдары Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттардың екі есеге 594 мыңнан 1 миллион 240 мың істерге ұлғаюына қарамастан облыстық мемлекеттік мұрағаттарының штаттық саны едәуір қысқарды. Саланың материалдық-техникалық базасы елеулі нығайтуды қажет етеді, олар әзірше қазірғі кездегі талаптар мен стандарттарға сәйкес емес. Қазіргі кезде тек облыстық мемлекеттік (Астана қаласы) және Көкшетау қаласы мұрағаттарының ғана типтік өздерінің ғимараттары бар.
Бірақ олардағы сақталатын құжаттардың көлемі мүмкін болған нормадан бірталай асып түседі, ал облыс орталығындағы мемлекеттік мұрағаттың ғимараты апатты деп тапылған.
Мемлекеттік мұрағаттардың бірталай бөлігі қазіргі кезде мұрағаттарды сақтауға бос орындардың жетіспеушілігіне байланысты мерзімдері өткен құжаттарды ведомстволық сақтауға алуға мүмкіншіліктері келмейді. Мұндай жағдай, жоғарыда айтылғандардан басқа, Бұланды, Ерейментау, Еңбекшілдер, Есіл, Щучье, Зеренді аудандарының мемлекеттік мұрағаттарында қалыптасты. Аршалы, Бұланды, Есіл, Зеренді, Сандықтау және Целиноград аудандарының мемлекеттік мұрағаттарының өздерінің меншікті ғимараттары жоқ.
Өрт-күзет сигналдарымен, тек қана облыстық мемлекеттік мұрағат, Көкшстау қаласының мемлекеттік мұрағаты, Ерейментау және Щучье аудандарының мемлекеттік мұрағаттары ғана қамтамасыз етілген, басқаларында олар жоқ.
Атбасар қаласының мемлекеттік мұрағаты, Ақкөл, Еңбекшілдер және Шортанды аудандық мемлекеттік мұрағаттары орталық, тіпті жергілікті жылу жүйелерімен қамтылмаған.
Мемлекеттік мұрағаттар теле және радиоаппараттарымен өте жеткіліксіз жарақтандырылған, сурет лабораторияларымен жабдықталмаған, құжаттармен шағын фильмдер жасау аппараттары, қазіргі заманғы өрт сөндіру құралдары және қоймалардың температуралық - ылғалдылық тәртібін анықтайтын приборлар жоқ.
Қазіргі заман жағдайында жұмыс атқару үшін, облыстық мұрағат мекемелерін компьютер жабдықтарымен жәпе программалармен толық жабдықтап ынталандыруды қажет етеді.
Қазіргі кезде 21 мемлекеттік мұрағаттардың, жетеуінде ғана компьютер бар. Бұл облыстық мемлекеттік мұрағат, Көкшетау және Степногорск қалаларының, Бұланды, Еңбекшілдер, Зеренді және Сандықтау аудандарының мемлекеттік мұрағаттары.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты Ақмола облысыпда мұрағат ісін дамыту және жетілдіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарламада қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделген:
облыс аумағындағы ведомстволар мен мұрағат мекемелерінің қызметтеріне нормативтік әдістемелік әзірлемелер енгізу, нормативтік-құқықтық базаларды жетілдіруге қатысу;
мұрағат істері туралы заң актілерінің орындалуын бақылау;
Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттардың қолданылуы және жасақталуы, сақталуы үшін шұғыл шаралар қабылдау;
Облыстағы мұрағаттық қызметті қазіргі заманға сай жарақтау және материалдық-техникалық базасып нығайту;
ТМД елдерінің мемлекеттік мұрағаттарымен, әсіресе Федерациясымен қарым-қатынас және байланысты нығайту.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарламада қойылған мақсат пен міндеттерді орындау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүреді:
Тармақ 1
1. Мұрағат істерінің және нормативтік құқықтық базаның дамытылуының мемлекеттік реттелуі.
2002-2005 жылдарда Қазақстан Республикасында мұрағат істерінің нормативтік-құқықтық базалары жетілдіріледі. Бұл жұмысқа бөлім, облыстың мемлекеттік мұрағаттары өте белсенді түрде қатыстырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын мемлекеттік есепке алу, тәртібі және сақталу мерзімі туралы тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер және қосымшалар енгізу, олардың мұрағат құжаттарының құқықтық жекешелендіру регламенттелуі, құжаттаманың жаңа түрлерін есепке алу, пайдалану, сақталуын қамтамасыз ету, толықтыру мәселелері ескеріледі. Бөлім, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің қызметкерлерін, осындай жұмыс, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Комитеттің, осы мерзімге тиісті басқа да нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуді атқару алда тұр.
Бөлімнің негізгі мәселерінің санына-ведомстволық мұрағаттардың және құжаттама құру жұмысына ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, аудан және қала әкімдерімен, облыстық басқармалар және ведомстволармен, облыстық ұйымдардың жекешелендіру түріне қарамастан, ведомстволық құжаттардың сақталуын, құжаттау процесін жетілдіру іс-шараларын атқару жатады.
Тармақ 2
2. Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімінің, мемлекеттік мұрағаттардың қызметтері, осы Бағдарламаның қолданылу кезеңінде, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің мұрағаттар мен құжаттаманы басқару Комитетінің, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаттарының нормативтік құжаттары және ғылыми-әдістемелік әзірлемелерін практика жүзінде енгізуге бағытталады.
Осы құжаттар мен әзірлемелер негізінде, қажет жағдайда, облыстық мемлекеттік мұрағаттарының өткізетін шараларының өзіндік қолданылу жұмыс ерекшеліктерін анықтайтын, жалпы әдістемелік ережелерді нақтылайтын әдістемелік құралдар жасалатын болады.
Дайындалатын әдістемелік әзірлемелер, мұрағаттар мен құжаттама бөлімінің сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиясында қаралатын болады.
Облыстың мемлекеттік мұрағаттары, құжаттарды жетілдіру мен құжаттаманы басқару, іс жүргізудің мәдениетін арттыру, сақталуда тұрған құжаттарды қолдану және мұрағаттарды жабдықтау, мұрағат қорындағы қорытындыланған өткен кездің асыл мұрасы өзінің құпиясын тереңірек, толығырақ ашу үшін жұмысын жалғастырады.
Тармақ 3
3. Материалдық-техникалық жарақтау және кадрмен қамтамасыз ету.
Қазіргі Бағдарламаның ең басты бағытының бірі, облыстың мұрағат мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмысы болып табылады.
Бұланды, Еңбекшілдер, Есіл, Ерейментау, Зеренді, Щучье аудандарының мемлекеттік мұрағаттарына қосымша бөлме орындар бөлу көзделген. Бұларда сонымен қатар жарым-жартылай стеллаждық жабдықтар жаңартылады. Облыстың барлық мұрағат мекемелерін өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету жұмысы аяқталатын болады. Есіл ауданының мемлекеттік мұрағаты жылу жүйесіне қосылады, Степногорск қалалық мемлекеттік мұрағаты және Қорғалжын ауданының мұрағаты қала және аудан әкімшіліктері пайдалануға берген, жөндеуден өткен ғимараттарға көшірілген.
Көкшетау қаласында Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатына каржы бөлініп, ғимаратты қайта кұруды бітіру жорамалданып отыр.
Бағдарламаның күшіне енген кезең бойында бөлінген бюджеттік қаржыларға облыстың барлық мұрағат мекемелеріне компьютерлік техника алу көзделіп отыр, қазіргі кезде олар жоқ (Атбасар қаласының мемлекеттік мұрағаты, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Егіндікөл, Целиноград, Шортанды, Щучье, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын аудандық мемлекеттік мұрағаттары).
2002-2004 жылдары Атбасар Ақкөл және Шортанды мемлекеттік мұрағаттарын орталық және жергілікті жылумен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады.
Облыс мұрағат мекемелерінің кадрларын дайындау жүйесін жетілдіру, қайта даярлау және мамандықты біршама көтеру көзделуде.
Бөлім қызметкерлерінің, барлық мұрағат мекемелерінің оқуы, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің мамандық деңгейін көтеру курстарында, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің мамандық деңгейін көтеру республикалық орталықтарында, облыстық әкімшілік және Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Комитеттің бағытындағы іс жүргізу қызметтерінде жүргізілетін болады.
Тармақ 4
4. Мұрағат ісін ақпараттандыру және құжаттама жүргізу.
Облыстың барлық мемлекеттік мұрағаттарында компьютерлік техниканың болуы және қамтамасыз етілуі мұрағат ісін дамытуға бұл саланың сан жағынан басымдылық бағыт алып енгізілуіне мүмкіндік ашады. 2005 жылы осының негізінде ақпараттық деректер базасын бағдарламалық кешен "Мұрағаттық қорға" енгізуді аяқтау жоспарланып отыр.
Қазақстан тарихының өте құнды құжаттарын сақтау негізінде құжаттарды қазіргі кездегі жаңа жеткізушілерге көшіру, өше бастаған мәтіндерді қайта қалпына келтіру бойынша жаңа мұрағаттық технологиялар енгізілу басталады.
Тармақ 5
5. Мұрағат құжаттарын пайдалану.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды тиімді пайдалануды арттыру негізінде, облыс мұрағат мекемелерінің негізгі назары, жергілікті органдардың, барлық мекемелер мен ведомстволардың және де азаматтарды өткенді шолу құжаттық ақпаратпен түрлі бағытта қамтамасыз етуге жұмылдырылатын болады.
Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаттары және Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағаты құпия істерді құпиясыздандыруды жоспарлы түрде айрықша жүргізіп, жұмыс істеу тетігін қолдау ұйғарылып отыр.
Құжаттық көрмелерді ұйымдастыру және жүргізу, мұрағат мекемелерінің, әртүрлі каталогтар, жөпсілтерлер, мұрағат құжаттары бойынша жииақтар дайындау жұмысы жалғастырылады.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламалық шараларды қаржыландыру үшін, мұрағат мекемелеріне облыстық бюджеттен бөлінетін қаржыны және де мемлекеттік мұрағаттардың ақылы қызмет көрсетуінің орындалуынан түскен арнайы қаржыны жұмсау ұйғарылып отыр.
2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыру үшін ең төменгі есептік қажеттілік 7577 мың теңгені құрайды, соның ішінде жылдар бойынша:
2002-2149мың теңге
2003-1814 мың теңге
2004-1734 мың теңге
2004-1880 мың теңге
Қазіргі Бағдарламаны қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі тиісті жылға арналған бюджетті қалыптастыру барысында нақтыланатын болады.
Көкшетау қаласындағы облыстық мемлекеттік мұрағатына арналған ғимаратты қайта құруды қаржыландыру қосымша қаражат есебінен орындалады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны енгізуден және іске асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны енгізуден және іске асырудан күтілетін нәтиже
Осы Бағдарламаны енгізу, іске асыру:
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттардың қауіпсіздігі және сақталуын қамтамасыз етуге:
мұрағат істері аумағындағы нормативті-құқықтық базасын қабылдауға, мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың құжаттарды есепке алу, ұйымдастыру, сақтау, қолдану қызметтерін норматив пен стандартқа сай әзірлеуге жәрдемдесуді тездетуге;
Ақмола облысының мұрағат істерінің негізгі даму бағытын мақсатты қаржыландыруды жүзеге асыруға;
облыстың мемлекеттік мұрағаттарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға;
жаңа автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзірлеп және дайындап енгізуге;
мұрағаттық құжаттардың мазмұнын және құрамын байытуға;
облыстың мемлекеттік мұрағаттары қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуға;
облыстың мемлекеттік мұрағат мекемелерінің нарықтық экономика жағдайына бейімделу процесін аяқтауға мүмкіндік береді.
Тарау 8. 8. Ақмола облысында мұрағат ісін дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының жоспары
8. Ақмола облысында мұрағат ісін дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының жоспары
№№ пп
Іс-шараның атауы
Аяқталу нысаны
Орындалуына жауаптылар
Орындалу мерзімі
Қаржыландыру дереккөздері және көлемі (мың теңге)
1
2
3
4
5
6
1
Келесі мемлекеттік мұрағаттардың жылу мәселелерін шешу қажет:
Ақкөл ауданының мемлекеттік мұрағаты (орталық);
Атбасар қаласының мемлекеттік мұрағаты (жергілікті);
Шортанды және Еңбекшілдер аудандарының мемлекеттік мұрағаттары (жергілікті)
облыс әкіміне ақпарат
Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі
2002 жыл бойы
2003жыл бойы
2002 жыл бойы
600,0
80,0
160,0
2
Облыстық мемлекеттік мұрағатқа ғимарат бөліп, оны қалпына келтіруге қажетті қаражат қарастыру керек
Облыс әкімінің қаулысы
Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі
бюджетті құру кезеңінде
облыстық бюджет (қаражаттың бөлінуіне қарай)
3
Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатын Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшіруді іске асыру қажет
-
Мұрағаттар мен құжаттама бөлімі, облыстың мемлекеттік мұрағаттар басшылығы
Қаражаттың бөлінуіне қарай және ғимаратты қалпына келтіру аяқталғанша
-
4
Атбасар қалалық Ақкөл, Атбасар, Есіл, Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Жақсы, Еңбекшілдер, Жарқайың, Қорғалжын, Сандықтау және Шортанды аудандық мемлекеттік мұрағаттарын күзет сигналдарымен жабдықтауды немесе штаттарына қосымша күзетшілер бөлінуі ұйымдастыру керек
облыс әкіміне ақпарат
Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі, мемлекеттік мұрағаттардың директорлары
2002-2005 жылдар ішінде
Облыстық бюлжет 2276,0
5.
Мемлекеттік мұрағаттарға компьютерлік техникалар алуға бюджеттік қаржы бөлінуін шешу қажет:
бірінші топ (сақталудағы құжаттар саны 30 дан 40 мыңнан асатын істер) - Атбасар қаласы, Ақкөл, Шортанды аудандарының мемлекеттік мұрағаттары;
облыс әкіміне ақпарат
Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі
2002 жыл ішінде
Облыстық бюджет (мемлекеттік мұрағаттардың сметалары бойынша
450,0
екінші топ (сақтталудағы құжаттар саны 19 дан 27 мыңнан асатын істер) - Атбасар, Жақсы, Есіл, Ерейментау, Щучье аудандарының мемлекеттік мұрағаттары;
-
2003 жыл ішінде
600,0 (мемлекеттік мұрағаттардың сметалары бойынша)
/
үшінші топ (сақталудағы құжаттар саны 10 нан 19 мыңнан асатын істер)- Астрахан, Целиноград аудандарының мемлекет тік мұрағаттары;
-
2004 жыл ішінде
300,0 (мемлекеттік мұрағаттардың сметалары бойынша)
төртінші топ
(сақталудағы құжаттар саны 10 мыңнан төмен істер) Аршалы, Қорғалжын, Егіндікөл, Жарқайың аудандарының мемлекеттік мұрағаттары
-
2005 жыл ішінде
600,0 (мемлекеттік мұрағаттардың сметалары бойынша)
6.
Облыстың барлық мұрағат мекемелеріне қосымша штаттық қызметкерлер болу мәселесін облыс басшылығының алдына үнемі қойып отыру
облыс өкіміне ақпарат
Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі
Бағдарламаның күшін сақтайтын бүкіл мерзім ішінде
облыстық бюджет (қаражаттың бөлінуіне қарай)
7.
Бұланды, Ерейментау, Еңбекшілдер, Есіл және Щучье аудандарының мұрағаттар сақтайтын қоймаларының көлемін ұлғайтуда практикалық шаралар қабылдау қажет
облыс әкіміне ақпарат
Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі, мемлекеттік мұрағаттардың директорлары
2002-2003 жылдар ішінде
Облыстық бюджет 2136,0 (қосымша қажет)
8.
Біздің аймаққа тарихи құндылығы бар құжаттарды (көшірмелер) іздеу және алу үшін Ақмола облысымен шектесетін Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаттарымен қарым-қатынасты жүйеге келтіру керек
облыс әкіміне ақпарат
Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі, мемлекеттік мұрағаттардың директорлары
Бағдарламаның күшін сақтайтын бүкіл мерзім ішінде
200,0 мемлекет тік мұрағаттардың ақылы қызметті орындаудан алынатын арнайы қаражаттар есебінен
9.
Жүйелі түрде:
9.1.
Облыстың мемлекеттік мұрағаттарының құжаттарына сәйкес дайындалған докладтар және хабарламалармен конференциялар өткізу. Мұрағат құжаттарымен мерзімді көрме ұйымдастыру
конференциялар, көрмелер
Ақмола облысы өкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі, облыстық мемлекеттік мұрағат, Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағаты
Бағдарламаның күшін сақтайтын бүкіл мерзім ішінде
мемлекеттік мұрағаттардың ақылы қызметті орындаудан алынатын арнайы қаражаттар есебінен
9.2.
Облыс, аудандар, қалалар тарихы, мұрағат істерінің проблемалары, құжаттау, құжаттамаларды басқару туралы ақпараттық баспасөз беттерінде шағын жарияланым құжаттармен, мақала, қысқа - жазбалармен шығып, телерадио хабарларын беріп отыру
статьялар, телерадио хабарлары
Ақмола облысы мемлекеттік мұрағаттарының басшылары және мұрағаттар мен құжаттама бөлімінің қызметкерлері
Бағдарламаның күшін сақтайтын бүкіл мерзім ішінде
қосымша шығындарсыз
10.
Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімінің ақпараттық "Бюллетенін" шығаруды ұйымдастыру
ақпараттық бюллетень
барлық мұрағат мекемелері басшыларының қатысуымен, Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар мен құжаттама бөлімі
2002 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап
175,0 (арнайы қаражат есебінен)