Об утверждении «Концепцию развития санитарно-эпидемиологической службы Атырауской области на 2002-2005 годы» Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің 2002-2005 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын» бекіту туралы
ІІ сайланған Атырау облыстық Мәслихатының ХV сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Атырау облыстық әкімиятының 17 қазан 2001 жылғы N 40 қаулысымен мақұлданған "Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2002-2005 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы" бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 2
2. Атқарушы органдар басшылары, облыстық санэпидстанция (Ө.З.Зинуллин) осы тұжырымдаманы іске асыруға міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (У.Бисенұлы) тапсырылсын.
Басқа 4
Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2002-2005
жылдарға арналған даму тұжырымдамасы туралы
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған алдын-алу және індетке қарсы шараларды жақсарту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің
2002-2005 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдері, облыстық санэпидстанса, атқарушы органдардың басшылары
осы тұжырымдаманың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мұрсалиеваға жүктелсін.
Басқа 8
Облыс әкімиятының
2001 жылғы 17 қазандағы
N 40 қаулысына 1 қосымша
Атырау облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің
2002-2005 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы
Тарау 1. 1. НЕГІЗДЕМЕ
1. НЕГІЗДЕМЕ
1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы туралы"» Заңында Қазақстан Республикасы халқының
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары белгіленген.
Сонымен қатар, республика және облыстағы экономикалық және әлеуметтік салалардағы, заң шығару базасы дамуындағы өзгерістер Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерінің жұмысын қалыптасқан жағдайларды есепке ала отырып одан әрі оңтайландыруды, олардың кадрлық және материалдық техникалық базасын нығайтуды, мамандардың кәсіби біліктілігін көтеруді талап етіп отыр.
Облыс көлеміндегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр.
Облыс тұрғындарының 19,5%-дан астамы ауыз суға тазартылмаған және
залалсыздандырылған ашық су көздерін, ал 19,0%-ы тасымалданатын су пайдалануда.
Тұрғындардың қатаң іш ауруларымен, вирусты гепатитпен, тыныс органдарының туберкулезімен ауыру деңгейлері жоғары.
Қазіргі кезеңде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылықты қамтамасыз ету жүйесін әлеуметтік-экономикалық дамумен тығыз байланыстыра отырып қайта қарауы, халықтық денсаулығын жақсарту қоршаған табиғи, әлеуметтік және өндірістік ортаны оңтайлау, салауатты өмір салты принциптерін сақтайтын әрбір азаматтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру арқылы мүмкін» деген жалпы доктрина негізінде жақын және ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеуі қажет.
Осы тұжырымдаманың негізгі мақсаты саланың басқару, ресурстық, құқықтық қамтамасыз ету және оның жұмысын ұйымдық құрылымының жүйелерін халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы деңгейін көтеру қажеттілігімен одан әрі сәйкестендіру болып табылады.
Тұжырымдамаға сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысын жетілдірудің негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) облыстық және жергілікті деңгейде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет
көрсету саласының бірлескен өз ара іс-қимыл және міндеттері жүйелерінің шегін белгілеуді
одан әрі жетілдіру;
Тармақша 2
2) халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуді және
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсету саласының жұмысын ақпараттық
қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құруды аяқтау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастырудың, гигиеналық және эпидемиологиялық сараптаудың, тіршілік ету қоршаған ортасы мен халық денсаулығы жағдайына
әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізудің қазіргі заманғы түрлері мен әдістемелерін
енгізу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүргізуде аумақта немесе
нысанда қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зертханалық тексерудің қажетті түәтібін, қайталануын және мақсаттылығын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) алдын-ала мемлекеттік санитарлық бақылауды күшейту, оның барысында отандық
кәсіпорындарда шығарылатын, шет елдерден әкелінетін тұтыну тауарларының, тамақ
өнімдерінің, тұрмыстық химиялық, құрылыс және басқа халық денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін өнімдердің гигиеналық көрсеткіштерінің сақталуына көңіл бөлу;
Тармақша 6
6) санитарлық-карантиндік бекеттердің кеңейтілуіне және олардың
материалдық-техникалық базаларының нығайтылуына, эпидемиологиялық асқынуларды жоюға бағытталған індетке қарсы шаралардың дер кезінде жүргізілуіне негізделген облыс аумағына аса қауіпті жұқпалы аурулардың әкелінуінен, пайда болуынан және тарауынан қорғау;
Тармақша 7
7) тұрмыстық ортаның санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту жолымен халықтың қатаң іш ауруларымен және вирусты гепатитпен ауыру деңгейлерін төмендету;
Тармақша 8
8) халықтың туберкулез ауруымен ауыру деңгейін төмендетуге бағытталған ұйымдастыру, практикалық, індетке қарсы шараларды жақсарту;
Тармақша 9
9) базарлардың санитарлық жағдайына, ретсіз көше саудасын жоюға баса назар аудара
отырып, тамақ өнеркөсібі, қоғамдық тамақтану және азық өнімдері саудасы орындарының
санитарлық жағдайына бақылауды көшейту;
Тармақша 10
10) санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің лауазым иелері тарапынан әкімшілік шаралардың алынуын және олардың тиімді қолданылуын күшейту;
Тармақша 11
11) жұқпалы аурулардың індетіне және тамақтан улануға кінәлі заңды және жеке тұлғалардан келтірілген зиян мөлшерін өндіріп алудың заңды төрдегі механизмін енгізу;
Тармақша 12
12) аймақтардың мемлекеттік санитарлық бас дәрігерлеріне, мемлекеттік санитарлық
қызмет көрсету саласы мамандарына мемлекеттік қызметші статусын және басқа бақылаушы
қызмет салаларында бар жеңілдіктер беру;
Тармақша 13
13) санэпид қызметінде әртүрлі жұмыс түрлеріне еңбекті шектеу көрсеткіштерін әзірлеу
және енгізу;
Тармақша 14
14) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсету саласы жұмысында аумақтардың
санитарлық-эпидемиологиялық айқындайтын көрсеткіштер жасақтау және енгізу;
Тармақша 15
15) халықтың әртүрлі топтарының жағдайына, еңбек ету, демалыс, тұрмыс және қоршаған
табиғи орта, жұқпалы аурулармен ауру және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларына
мониторингті жетілдіру;
Тармақша 16
16) алынған мәліметтерді олардың бір-бірімен аумақтық, нысандық және әлеуметтік
топтарына, уақыт аралығына қарай байланысына тұжырымдама, талдау жасауға және баға беруге компьютерлік технологияны пайдалану;
Тармақша 17
17) қоршаған орта гигиенасы жөнінде ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру;
Тармақша 18
18) сала мекемелері көрсететін ақылы қызметтің жекелеген тҮрлерін лицензиялау;
Тармақша 19
19) өнімдерге гигиеналық баға беру жүйесін жетілдіру, осы жұмыстағы басқа
мемлекеттік бақылау органдарымен бірін-бірі қайталауды болдырмау, гигиеналық баға беру
жүйесін халықаралық өнімдер қауіпсіздігін бақылау іс-тәжірибесімен үйлестіру;
Тармақша 20
20) басқару жүйесі мен ұйымдық қызметтің құрылымын одан әрі жетілдіру;
Тармақша 21
21) сала экономикасын тұрақтандыру және дамыту, оны қалыптасқан нарықтық
қарым-қатынасты қалыптастыру, азаматтарға гигиеналық тәрбие және білім беруді жетілдіру;
Тармақша 22
22) саланың қазіргі заман талабына сай кадрлық саясатын әзірлеу және оны жүзеге
асыру;
Тармақша 23
23) қоғамдық қарым-қатынасты қалыптастыру, азаматтарға гигиеналық тәрбие және білім
беруді жетілдіру;
24) аймақтық және ведомствоаралық байланыстарды нығайту, дамыту, үйлестіру.
Тарау 2. 2. Сала жұмысының құқықтық негіздерін нығайту
2. Сала жұмысының құқықтық негіздерін нығайту
Санитарлық заңдылықтарды дамыту сала жұмысын құқықтық қамтамасыз етудің негізі
болып табылады және ол төмендегілерді көздейді:
Тармақша 1
1) сала мекемелерін барлық қолданыстағы заңнамалық актілермен, санитарлық ережелер,
шектеулер, гигиеналық нормативтер, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бағытындағы өкілетті денсаулық сақтау органының бұйрықтары, әдістемелік басшылық және нұсқауларымен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) санитарлық заңнамалық нормативтік-құқықтық актілерінің облыстық қорын құру;
3. Саланың ұйымдық құрылымы мен басқару жүйелерін жетілдіру
Саланың мекемелері мен ұйымдарын ұйымдастыру және басқаруды жетілдірудің басым
бағыттары болып төмендегілер танылады:
1) көліктегі санитарлық, обаға қарсы күрес, залалсыздандыру қызметтерін қоса саланың
барлық деңгейдегі бүтіндігі, бөлінбеушілігі және жоғарыдан төменге дейінгі бағыныштылығы;
2) облыс аумағындағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласына кіретін барлық ұйымдардың жұмысын үйлестіруді және бақылауды облыстық. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жүргізуі;
3) санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер құрылымына алдын алу залалсыздандыру
қызметін қосу;
4) тұжырымдама жасақтау және залалсыздандыру саласының жұмысын үйлестіретін арнайы бөлім құру.
4. Кадр саясаты
Соңғы 5 жылда саланың штаттық қызмет орнының саны негізсіз 590-нан 382-ге дейін
немесе 35,3 %-ға азайды, дәрігер-мамандардың штаттық қызмет орны денсаулық сақтау
министрлігінің 1992 жылғы 15 маусымдағы №291 "Қазақстан Республикасы санитарлық-
эпидемиологиялық мекемелерінің жобалық штаттық құрылымы туралы"» бұйрығына сәйкес қажетті N 356 орнына 91, орта буын медицина қызметкерлерінің штаттық саны қажетті 315 орнына -177 болып азайды. Мұндай жағдай сала мекемелерінің штаттық құрылымын оңтайлау және оларды кадрлармен қамту бағытында жедел шаралар алуды талап етеді. Облыста санитарлық дәрігерлер мен дәрігер-эпидемиологтардың жетіспеушілігі байқалады. Олармен штаттық қызмет орындарының қамтылуы тек 66,0%.
Кадр саясатын іске асыру төмендегілерді көздейді:
1) дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің штаттық сандарын олардың
нормативтік қажетті сандарына дейін кезең-кезеңмен көбейту;
2) медициналық институттар мен колледждерді, училищелерді бітірушілерді тарту арқылы штаттық қызмет орындарын маман дәрігерлермен және орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету (1-қосымша);
3) жоғары және орта білімді мамандарды жұмысқа контракталық жүйе бойынша алуды
кеңейту;
4) саланы кадрлармен қамтамасыз ету нормативтеріне құқық, экономика, ақпарат, химия,
биология, инженерлік салалардағы мамандарды енгізу;
5) сала қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау шараларын әзірлеу, олардың өз
міндеттерін атқару кезіне құқықтық және әлеуметтік қорғауға кепілдік беру;
6) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсету саласы қызметкерлеріне
еңбек ақыны көбейту, оның ішінде еңбек еткен жылдары және бос жұмыс орындары есебінен;
7) мамандардың біліктілік санаттарын алуына ықпал ете отырып, еңбек ақыны реттеу;
8) мамандардың 5 жылда 1 рет кәсіби білімдерін жетілдіруіне қол жеткізу, ол үшін жыл
сайын барлық қызметкерлердің ең кемі 20,0%-ның білімін жетілдіруді жоспарлау (2-қосымша);
9) біліктілік санатын алуға құқық беретін мәртебесі бар қысқа мерзімдік жұмыс
орнындағы курстарда мамандар дайындауды ұлғайту;
5. Қоғамдық қарым қатынастарды қалыптастыру, азаматтарға
гигиеналық тәрбие және білім беруді жетілдіру
Азаматтардың санитарлық мәдениетін көтеру, гигиеналық оқыту және тәрбиелеу арқылы салауатты өмір салты туралы білімді тарату, оларды гигиеналық тәрбиелеу және білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегілер көзделеді:
1) халықты гигиеналық тәрбиелеу және білім берудің алдыңғы қатарлы нысандары мен
әдістерін зерттеу және тарату;
2) сала мекемелерінде халықты гигиеналық оқыту және білім беруді ұйымдастыру үшін
арнайы бөлімдер құру;
3) халықпен жұмыс жүргізуді оңтайландыру мақсатында медицина мекемелерінің жұмысын аумақтық және жергілікті деңгейде үйлестіру және ұйымдастыру;
4) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты кеңейту, осы мақсатта әдейі жоспарлар мен
бағдарламалар әзірлеп, іске асыру;
5) салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында
өкіметтік емес мекемелермен қарым-қатынасты ұйымдастыру;
6. Саланың материалдық-техникалық базасын дамытудың болашағы
Соңғы жылдары алынған шараларға қарамастан, санитарлық-эпидемиологиялық
мекемелердің материалдық-техникалық базасы төменгі деңгейде қалып отыр.
Махамбет аудандық санэпидстансасы ескі ғимаратта орналасқан, барлық аудандық
санэпидстансалар бейімделген ғимараттарда орналасқан, Мақат аудандық санэпидстансасында ғимарат көлемі жеткіліксіз.
Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін төмендегілер қажет:
1) Махамбет аудандық санэпидстансасының типтік жобадағы ғимараты құрылысын салу;
2) Мақат аудандық санэпидстансасына оның пайдалы көлемін ұлғайту мақсатында жапсырма құрылыс салу;
3) Құрманғазы аудандық санэпидстансасына жапсырма құрылыс салу;
4) Қызылқоға, Индер аудандық санэпидстансалары ғимараттарын жөндеуден өткізу.
7. Құрал-жабдықтармен және приборлармен жарақтандыру
Қаражат жетіспеушілігінің теріс әсерінен негізгі құрал-жабдықтармен, приборлар
паркінің 80,0% тозған. Көптеген приборлар ескі. Сала лабораториялары қазіргі заманғы жедел және жоғарғы дәліктегі приборлармен жабдықталмаған.
өалыптасқан жағдайды жақсарту үшін тәмендегілер қажет:
1) приборлар мен құрал-жабдықтар паркін кезекпен жақарту, зертханаларды қазіргі
заманғы аппараттармен, приборлармен жабдықтау (3-қосымша);
2) жыл сайын құрал-жабдықтарды алдын ала байқау және жөндеулер жүргізу, оларды мемлекеттік тексеруден өткізу,
3) метрология және стандарттау қызметін құру және нығайту;
4) химиялық реактивтер, стандарттың ерітінділер, микробиологиялық және диагностикалық препараттар алуды және оны қаржыландыруды тұрақты шешу;
5) зертхана мамандарының ұдайы кәсіби білімдерінің жетілдіруін қамтамасыз ету;
8. Автокөлік
Саладағы автокөліктердің едәуір бөлігі қызмет ету уақыты және техникалық жағдайына байланысты есептен шығаруды қажет етеді.
Саланы автокөлікпен қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:
1) радиациялық жағдайға және ауаның ластануына бақылау жасау үшін Поиск және Атмосфера жылжымалы автолабораторияларын алу;
2) санитарлық және жедел қажеттілікке автокөліктер алу.
9. Саланы қаржыландыру
Санитарлық эпидемиологиялық мекемелердің кадрлық, материалдық-техникалық дамуын қамтамасыз ету үшін оларды қаржыландыру мәселесін жыл сайын бюджетті бекіту кезінде қарау қажет.
10. Қорытынды
Осы тұжырымдамада көзделген мақсаттарды іске асырудан күтілетін нәтижелер
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүргізу жүйесін одан әрі жетілдіру,
санитарлық-гигиеналық жағдайдың жұқпалы аурулармен аурушылық деңгейінің төмендеуі болып табылады.
Басқа 36
Тұжырымдамаға № 1 қосымша
СЭС аттары
Дәрігерлер
Денсаулық сақтау министр. бұйрықтарына сәйкес болуы керек
Тіркелген штаттың саны
қызметкер-лер саны
Тіркелетін штаттар саны
Жұмыс жасайтын қызметкерлер саны
2002
2003
2004
2005
2002
2003
2004
2005
1
Облыстық СЭС
45
31
22
34
36
38
40
25
28
33
35
2
Қалалық СЭС
35
20
18
23
25
27
30
20
23
25
28
3
Құрманғазы
13
7
4
7
8
9
10
5
6
6
7
4
Индер
10
6,5
5
7
7
8
8
6
6
7
7
5
Қызылқоға
10
4,5
3
5
6
7
8
3
4
4
5
6
Мақат
10
4,5
3
5
6
7
8
3
4
5
5
7
Махамбет
10
4,5
2
5
6
7
8
3
3
4
5
8
Исатай
10
5
4
6
7
7
8
5
5
6
6
9
Жылыой
13
8
5
8
10
11
12
5
6
7
8
10
Облыс бойынша
156
91
66
100
111
121
132
75
85
97
106
СЭС аттары
Орта буын медицина қызметкерлері
Денсаулық сақтау министр. бұйрықтарына сәйкес болуы керек
Тіркелгенштаттың саны
Қызметкер-лер саны
Тіркелетін
штаттар саны
Жұмыс жасайтын қызметкерлер саны
2002
2003
2004
2005
2002
2003
2004
2005
1
Облыстық СЭС
50
30
21
25
30
35
40
23
25
27
30
2
Қалалық СЭС
80
46
40
45
50
55
60
42
45
47
50
3
Құрманғазы
30
16
16
18
21
23
25
18
20
22
24
4
Индер
25
13
13
15
17
18
20
14
16
18
20
5
Қызылқоға
25
13
13
15
17
18
20
14
16
18
20
6
Мақат
25
14
14
15
17
18
20
14
16
18
20
7
Махамбет
25
13
9
12
15
18
20
12
15
18
20
8
Исатай
25
14
13
15
17
18
20
15
16
18
20
9
Жылыой
30
17
16
17
19
22
25
17
19
22
24
10
Облыс бойынша
315
173
154
177
203
225
250
169
188
208
228
Басқа 37
Тұжырымдамаға N 2 қосымша
СЭС аттары
Орта буын медицина қызметкерлері
Барлығы дәрігерлер
Оның ішінде білімін жетілдіргендер
Білімін жетілдіруді
қажет етеді
2002 ж
2003ж
2004ж
2005ж.
1
Облыстық СЭС
22
15
3
2
4
8
2
Қалалық СЭС
18
8
3
3
2
4
3
Құрманғазы
4
3
2
1
1
2
4
Индер
5
1
2
2
1
1
5
Қызылқоға
3
2
1
1
-
1
6
Мақат
3
1
1
-
-
1
7
Махамбет
2
1
1
-
-
1
8
Исатай
4
1
1
1
1
1
9
Жылыой
5
4
1
1
1
1
10
Облыс бойынша
66
36
15
11
10
20
СЭС аттары
Орта буын медицина қызметкерлері
Барлығы орта буын медицина қызметкерлері
Оның ішінде білімін жетілдіргендер
Білімін жетілдіруді қажет етеді
2002ж
2003ж
2004ж
2005ж
1
Облыстық СЭС
21
3
4
5
5
6
2
Қалалық СЭС
40
12
13
7
8
10
3
Құрманғазы
16
5
3
4
2
2
4
Индер
13
5
2
2
3
2
5
Қызылқоға
12
6
2
2
2
2
6
Мақат
14
4
3
3
2
2
7
Махамбет
9
4
2
2
1
3
8
Исатай
13
2
4
3
4
5
9
Жылыой
16
6
3
4
3
3
10
Облыс бойынша
154
47
36
32
30
35