Об организации приписки граждан мужского пола 2002 года рождения к призывному участку в 2019 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации приписки граждан мужского пола 2002 года рождения к призывному участку в 2019 году
- Атауы (қаз.)
- 2002 жылы туған ер азаматтарды 2019 жылы шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 09.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2019 128831_387707.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KE005147
- ЭКБ идентификаторы
- 128831
- Редакция идентификаторы
- 128831_387707
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:23
0 2002 жылы туған ер азаматтарды 2019 жылы шақыру учаскесінде
тіркеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, Қаражал қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2019 жылдың сәуір айына дейін 2002 жылы туған ер азаматтарды «Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.
2
2. Меншік нысанына және бағыныштылығына қарамастан Қаражал қаласының және Жәйрем кентінің кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындарының басшылары «Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2002 жылы туған, шақыру учаскесінде тіркеуге жататын ер азаматтардың тізімін белгіленген нысанда ұсынсын.
3
3. Жәйрем мен Шалғы кенттерінің әкімдері 2002 жылы туған жасөспірімдердің «Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінің комиссиясына ұйымдастырылған және міндетті түрде келуін қамтамассыз етсін.