Қолданыстағы ред. 21.01.2003 (Редакция 14598_299808.kaz)

«Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002жылғы 27 желтоқсандағы №1390 қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы от 21.01.2003 г. № 418 («Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002жылғы 27 желтоқсандағы №1390 қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы)

0

«Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы №1390 қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы
"Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы"
2002жылғы 27 желтоқсандағы №1390 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар
2003жылғы 1 қаңтар - 1 қазан аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерді, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерден, әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерден, сондай-ақ конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъктілерін тексеруді тоқтатсын.

2

2. Қызылорда облысы бойынша құқықтық статистика және ақпарат орталығына (келісім бойынша) (Ж. Жұмаш) қадағалау-бақылау функциялары бар мемлекеттік органдардың осы қаулының 1-тармағын орындауына бақылау жасасын.

3

3. Облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы (Қ. Арынов) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланғаны жөнінде хабарласын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау өзімде қалдырамын.