Құжат мәтініне өту

Об утверждении областной схемы зонирования земель и корректировке базовых налоговых ставок на землю на 2002 год

Өзге акт · № 12/12-II · қабылданған 21.12.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2002-ekb-11222/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении областной схемы зонирования земель и корректировке базовых налоговых ставок на землю на 2002 год Күшін жойған Өзге акт ·№ 12/12-II ·21.12.2001
20.05.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении областной схемы зонирования земель и корректировке базовых налоговых ставок на землю на 2002 год

Күшін жойған Өзге акт ·№ 12/12-II · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении областной схемы зонирования земель и корректировке базовых налоговых ставок на землю на 2002 год
Атауы (қаз.)
Жерлерді аймақтарға бөлудің облыстық схемасын бекіту және 2002 жылы жерге салынатын негізгі салық ставкаларын түзету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12/12-II
Қабылданған күні
21.12.2001
Көрсетілген редакция
20.05.2011 11222_185856.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V01V000653_
ЭКБ идентификаторы
11222
Редакция идентификаторы
11222_185856
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:24

0 Жерлерді аймақтарға бөлудің облыстық схемасын бекіту және 2002 жылы жерге салынатын негізгі салық ставкаларын түзету туралы

📌 Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 20.05. 2011 № 170/01-06 хаты).
Жерлерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру және жер ресурстарын қорғау жөніндегі 2000 жылғы 2 тамыздағы облыс әкімінің N 888 шешімімен бекітілген жерді иелену құқығын қамтамасыз етудің аймақтық Бағдарламасымен қалалар мен аудандар әкімдеріне, жер ресурстары жөніндегі облыстық комитетке жер заңнамасына сәйкес 2000-2002 жылдарға дейінгі мерзімде жерлерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) әзірлеу және бекіту тапсырылған. Санаттар бойынша жерлерді аймақтарға бөлудің бірінші кезеңі аяқталды.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Z010148_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 15 тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасы Кодексінің 338 бабының 1 тармағына және "Жер туралы" Z010152_ Заңның 7 бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты     ШЕШІМ қабылдады:

1 1. Облыс жерлерін аймақтарға бөлудің Схемасы қосымшаға сәйкес негізгі көрсеткіштермен бекітілсін.

2

2. Қалалар мен аудандардағы жерлерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) орындауды аяқтағанға дейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасы Кодексінің 332,334 баптарында көзделген негізгі ставкаларға 2002 жылға арналған мынадай арттыратын түзету коэффициенттері белгіленсін:
- облысқа бағынатын қалалардағы (Өскемен, Лениногор, Курчатов, Семей, Аякөз, Зырян қалалары) елді мекендер жерлеріне - 30 пайызға;
- қалған елді мекендер жерлеріне -20 пайызға;
- елді мекендер шегінен тысқары орналасқан өнеркәсіп жерлеріне - 30 пайызға.
Елді мекендер шегінде, бірақ қоныстану аумағы шектерінен тысқары орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (335 баптың 2 тармағы) негізгі ставкалар 10 пайызға кемітілсін.
Жерлердің қалған санаттарына (329,330,331) жергілікті өкілетті органдармен 2001 жылға арналып бұрын қабылданған коэффициенттер қолданылсын.

3

3. Жергілікті өкілетті органдарға, қалалар мен аудандардың әкімдеріне 2002 жылға арналған жергілікті бюжеттерде жерлерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) орындау үшін қаражаттар көздеу ұсынылсын. Қала құрылысын салу, экологиялық және басқа нормативтерді ескере отырып қалалар мен аудандарда жерлерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) екінші кезеңін жүргізу жөніндегі жұмыстарды 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейін аяқтасын.

4 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, экономикалық реформалар және аймақтық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

5 5. Шешім Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасында тіркелгеннен кейін заңды күшіне енеді.

6 Шығыс Қазақстан облысы жерiн аймақтарға бөлу схемасының негiзгi көрсеткiштерi

Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2001 жылғы 21
желтоқсандағы 12/12-II шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы жерiн аймақтарға бөлу
схемасының негiзгi көрсеткiштерi
(мың.га)
---------------------------------------------------------------------
N Жер санаты Жер қорының бөлiнуi Жалпы
Р/с Бүгiнгi Келешекте көлемiн
жердiң а/ш жердiң а/ш өзгерту
барлығы алқаптары барлығы алқаптары
---------------------------------------------------------------------------
1 А/ш мақсатындағы жер 4546.5 4292.5 12540.8 12486.6 +7994.3
2 Елдi мекендердiң жерi 2885.9 2702.8 2889.6 2706.5 +3.7
3 Өнеркәсiп, көлiк, 205.7 85.9 190.7 86.0 -15
байланыс, қорғаныс жерi
және а/ш арналмаған өзге
де жер
4 Ерекше қорғалатын табиғи 140.5 26.6 1213.4 225.3 +1072.9
аумақтардың жерi
5 Орман қорының жерi 3376.7 531.7 2846.7 484.5 -530.0
6 Су қорының жерi 553.1 21.1 774.6 21.1 +221.5
7 Босалқы жер 16640.7 15018.0 7866.8 6642.1 -8747.4
8 Жер жиыны: 28349.1 22678.6 28322.6 22652.1
Облыс жерiнен шеткерi 26.5 26.5 - - -
жерлердi пайдалану
Облыс аумағы 28322.6 22652.1 28322.6 22652.1 -
---------------------------------------------------------------------

Қолданыстағы