О выполнении противопаводковых мероприятий в весенний период 2002 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылдың көктемгі кезеңінде су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабына сәйкес, сондай-ақ облыстың бірқатар аудандарында өткен жылдардағы су тасқындарының материалдық шығындар келтірген зардаптарын ескере отырып, үстіміздегі жылғы су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес су тасқынына қарсы облыстық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық басқармалардың, комитеттердің және ұйымдардың басшылары:
Тармақша 1
1) 2002 жылдың 10-наурызына дейін Ақтөбе қаласында және аудандарда су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөнінде комиссиялар құрсын;
Тармақша 2
2) 2002 жылдың 30 наурызына дейін халықты, шаруашылық нысандарын, коммуналдық желілерді және ауыл шаруашылық алқаптарын қар суының басуынан қорғауға бағытталған кешенді іс - шаралар жасасын;
Тармақша 3
3) су басуы мүмкін аумақтарға жауапты адамдарды бекітсін, су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу және авариялар мен қираулардың алдын алу үшін қажетті жеке құрам, техника, материалдар мен қаржы бөлсін;
Тармақша 4
4) суға кететін көпірлерді, кесіп өтетін жолдарды анықтасын, арнаулы құрамалар қойсын, аталған бағыттарда көліктер мен тұрғындардың өтуіне жол бермесін;
Тармақша 5
5) су тасқыны кезінде жабдықтау орындарынан оқшауланып қалуы мүмкін фермаларда, шопандар қостарында және басқа да елді мекендерде мал азығының, азық-түлік пен отынның екі апталық қорын жасасын;
Тармақша 6
6) электр қуатын беретін жүйелер ажыратылған жағдайларда қосылатын дербес энергия көздерін дайындық сапына келтірсін;
Тармақша 7
7) су көп жиналатын жерлерді қардан тазалау ұйымдастырылсын, су басу аумақтарынан су ағызудың тәртібі мен шараларын анықтасын, өзен арналарын, су өткізетін арықтарды, автомобиль және теміржол көпірлері астындағы су өтетін ғимараттарды, қыраттардағы каналдарды тазартсын, құрылыс материалдары мен техниканың қажетті мөлшердегі қорын жасасын;
Тармақша 8
8) тұрғындарға нақты тұрғылықты жерлердің ерекшеліктеріне сай көктемгі су тасқыны кезіндегі іс-әрекет жөнінде нұсқаулар берсін;
Тармақша 9
9) су тасқыны кезінде тұрғылықты жерлерде басшылардан, арнаулы құрамалардан және қажетті техникадан құрылған кезекшілік ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Ақтөбе гидрометеорология орталығына (К. А. Абдуллин) "Ақтөбе су шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (Б. М. Нәметов) су тасқыны құбылыстарын уақытында және сапалы болжау ұсынылсын, Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (С. В. Крутько) осы болжамдардың нәтижелерін облыстың мүдделі тұлғалары мен тұрғындарына мезгілінен бұрын жеткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. "Ақтөбе су шаруашылық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (Б. М. Нәметов), облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (Е. Ы. Әжібаев) баланстағы су қоймаларының жайы мен толуын зерттеу, олардың су тасқыны кезінде сақталуын қамтамасыз ету және артық су көлемін олардың жобалық пайдалану режиміне сәйкес алдын ала ағызып жіберу ұсынылсын. Су шаруашылығы нысандары мен ғимараттарды қосымшаға сәйкес дайындау жоспары бекітілсін.
Тармақ 5
5. "Евро-Азия-Эйр" әуекомпаниясы ашық акционерлік қоғамының Ақтөбе филиалына (М. К. Сәрсенбаев), "Запказвзрывпром" мемлекеттік өндірістік басқармасына (С. Р. Доғалов), "Ақтөбе су шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (Б. М. Нәметов) өзен, су қоймаларындағы кедергі мұздарды жару, сондай-ақ адамдарды құтқару, қауіпсіз орындарға көшіру үшін қосымша күштер мен техникалық құралдарды тарту шараларын алу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Ақтөбеэнерго" ашық акционерлік қоғамына (М. А. Серікбаев), облыстық телекоммуникация дирекциясына (Б. Б. Әлмұрзаев), "Облтрансгаз" жабық акционерлік қоғамына (Б. Г. Бәйешев) желілерінің, инженерлік ғимараттардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын алу және көктемгі су тасқыны кезінде тіршілік үшін аса қажетті нысандардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Ақтөбе облыстық автокөлік жолдары басқармасына (Б. А. Баймағамбетов), Ақтөбе тасымалдау бөлімшісі (Б. С. Беркінбаев) қар суларын ағызатын жасанды жолдар әзірлеп, қалпына келтіру жұмыстарына керекті көлік құралдары мен материалдардың қалыпты қозғалысы үшін жол төсеніштерінің сақталуын ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ. Ә. Әлжанова) су тасқыны кезінде зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету жөніндегі медициналық құрамалар мен мекемелердің дайындығын қамтамасыз етсін, су басуы мүмкін аумақтарға кіретін елді мекендерде қажетті дәрі-дәрмек қорын жасасын.
Тармақ 9
9. Ақтөбе қаласы және облыс аудандары әкімдері, облыстық ішкі істер басқармасы (С. А. Ісімов) елді мекендерді су басқан жағдайда адамдардың арасында үрейдің, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың болуына жол бермеу шараларын қабылдасын, сондай-ақ мемлекеттік және азаматтардың жеке меншік мүліктерін қорғауды қамтамасыз етсін, талан - таражға салу оқиғаларына жол бермесін.
Тармақ 10
10. Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдері, ұйымдардың, комитеттердің басшылары көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі қаулылары мен жоспарларын облыстық су тасқынына қарсы комиссияға 2002 жылдың 10 наурызына тапсырсын. Көктемгі су тасқынының барысы туралы жедел кезекшілер арқылы 54-50-25, 56-35-31 телефондары бойынша облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға күн сайын баяндап тұрсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасына (В. В. Супрун) жүктелсін.
Басқа 21
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 15.02. № 22 қаулысына қосымша Су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық комиссия ҚҰРАМЫ Мұқашев Серікжан Шайзадаұлы облыс Әкімінің орынбасары, төраға Крутько Сергей Васильевич облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы, төраға орынбасары Тасыбаев Манас Мұхитұлы Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары, төраға орынбасары МҮШЕЛЕРІ: Абдуллин Кеңес Асанұлы Ақтөбе гидрометеорология орталығының директоры (келісім бойынша) Әлжанова Құралай Әнуарқызы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әлмырзаев Бауыржан Бақтығалиұлы облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры (келісім бойынша) Беркінбаев Бауыржан Сматұлы Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша) Баймағамбетов Бағылан Әуелбайұлы автокөлік жолдары мемлекеттік мекемесінің директоры Болоховцев Владимир Иванович "Облтрансгаз" жабық акционерлік қоғамы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) Витюк Николай Тимофеевич облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Литовченко Владимир Арсентьевич облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Назбеков Мұратжан Әлмұханбетұлы облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Наметов Бекзат Мұсахметұлы "Ақтөбе су шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша) Серікбаев Мәлік Абдоллаұлы "Ақтөбеэнерго" ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) Сәрсенбаев Мұрат Қиясұлы "Евро-Азия-Эйр" әуе компаниясы Ақтөбе филиалының директоры (келісім бойынша) Тұрдалы Құдайберген Төлегенұлы облыстық судан құтқару қызметі бастығының міндетін атқарушы Үдербай Нұрлан Мерғалиұлы Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамының төрағасы (келісім бойынша) Цой Владимир Константинович "051 - Құтқару қызмет облыстық мемлеттік мамандандырылған мекемесінің бастығы
Басқа 22
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 15.02 № 22 қаулысымен бекітілген 2002 жылдың көктемдегі су тасқынына қарсы су шаруашылығы нысандарын дайындау жөніндегі шаралар ЖОСПАРЫ Шаралар атауы Орындау мерзімі Орындауға жауаптылар 1. Ақтөбе су қоймасы Торабтың су өткізу күрылыстарының жай-күйін зерттеу 15 наурыз Исаев Б. – Ақтөбе су өткізу торабының бастығы Кран, энергия шаруашылығын тексеру 15 наурыз Дербес энергия жабдықтау көздерінің ревизия жұмыстарын тексеру 12 наурыз Басқармамен тұрақты жедел байланысын ұйымдастыру 12 наурыз Торабқа келу жолдарын тазалау 12 наурыз 2. Қарғалы су қоймасы Торабтың су өткізу құрылыстарының жай-күйін зерттеу 25 наурыз Қапенов Ж. С. - Қарғалы су өткізу торабының бастығы Көтеру механизмдерінің жай-күйін тексеру 15 наурыз Дербес энергия жабдықтау көзінің ревизия жұмысын тексеру 10 наурыз Басқармамен су қоймасының жедел байланысын ұйымдастыру 10 наурыз Торабқа келу жолдарын тазалау 10 наурыз 3. Сазды су қоймасы Торабтың су өткізу құрылыстарының жай-күйін зерттеу 18 наурыз Сәрсенов П. Ж. - Ақтөбе өндірістік пайдалану учаскі сінің бастығы Қар суын автоматты ағызып жіберу жүйесін тазалау 20 наурыз Басқармамен су қоймасының жедел байланысын ұйымдастыру 15 наурыз 4. Шаруашылықаралық су жайылу арқылы суару бас жүйесінің Ойыл ауданындағы құрылысы Су жайылу арқылы суару бас жүйесінің құрылысын зерттеу 18 наурыз Қоғабаев А. К. - Ойыл учаскесінің жетекші инженер-гидротехнигі Бас су өткізу құрылысының көтеру механизмдерінің жай-күйін тексеру 18 наурыз Басқармамен жедел байланысты ұйымдастыру 15 наурыз