Об инструкции о порядке бюджетного кредитования субъектов малого предпринимательства Акмолинской области в 2002 году Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін 2002 жылы бюджеттік несиелендіру тәртібі жөніндегі нұсқау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 16.01.2003 № а-2/15 қаулысымен.
Ақмола облыстық мәслихатының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы «2002 жылғы облыстық бюджет туралы» № С/13-2 шешімін жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-II Заңына және, ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған «ҚР Үкіметі мен, ҚР жергілікті атқару органдарының несие беру Ережесін бекіту туралы» № 1440 қаулысына сәйкес облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. 2001 ж. Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу тәртібі туралы нұсқауды басшылыққа алып облыстық бюджет қаржысынан несиелеуді жүзеге асыру (қосымша).
Тармақ 2
2. Бюджеттік несиелеу бағдарламасының әкімшісі болып облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Бағдарлама әкімшісі бөлінген бюджеттік қаражатты Ақмола облысының 2002 жылды шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу тәртібі туралы Нұсқауға сәйкес уақытында және толық пайдалануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындауын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің 22 мамыр 2001 жылғы № 106 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелендіру жөніндегі комиссия құрамы туралы» шешімінің күші жойылсын.
Басқа 7
Қосымша 1 Акмола облысы әкімінің
шешіміне № 4 от «28» 01 2002 ж.
Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін 2002 жылы бюджеттік несиелендіру тәртібі туралы НҰСҚАУ
Тарау 1. 1. Жалпы шарты
1. Жалпы шарты
Тармақ 1
1. Осы Нұсқау ҚР Президенті 1997 жылғы наурыздың 6-ы қабылдаған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту белсендіру бойынша шаралар туралы» № 3398, 1995 жылғы тамыздың 31-і қабылданған «ҚР банктер және банк қызметі туралы» № 2444 Жарлықтарға, ҚР 1997 жылғы маусымның 19-ы қабылданған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» № 131-1 Заңына, сондай-ақ ҚР Үкіметі 2000 жылғы қыркүйектің 22-і қабылданған «ҚР Үкіметі және жергілікті атқарушы органдардың несие беретін Ережесін бекіту туралы» № 1440 Қаулысына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқау белгілейді:
Тармақша 1
1) облыстық бюджет қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу тәртібі, шарты, мерзімі және механизмі;
Тармақша 2
2) шағын кәсіпкерлік субьектілерін тең қаржыландыру тәртібімен бюджеттік несиелеу туралы банк-несиесімен келісім шарты;
Тармақша 3
3) несиелік қаражатты қайтару тәртібі мен механизмі.
Тармақ 3
3. Бюджеттік несиелеудің негізгі мақсаты облыстық мәслихаттың IX кезектен тыс сессиясы 2001 жылғы 11 мамырда өз шешімімен бекіткен Ақмола облысының шағын кәсіпкерлікті 2001-2002 ж.ж. дамыту және қолдау аймақтық бағдарламасын орындау болып табылады.
Тармақ 4
4. Бюджрттік несиелеу мақсаттандырылған болып табылады және ең алдымен Ақмола облысының шағын кәсіпкерлікті 2001-2002 ж.ж. дамыту және қолдау бағдарламасында белгіленген басымдылық бағыттарын несиелеуге бөлінеді.
Тармақ 5
5. Шағын бизнесті дамытуға бөлінген облыстық бюджет қаражаты ҚР 1997 жылғы маусымныц 19-ы қабылданған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» № 131-1 Заңының 3 бап талаптарына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін несислеуге арналған.
Тарау 2. 2. Бюджеттік несиелеу шарты.
2. Бюджеттік несиелеу шарты.
Тармақ 6
6. Облыс әкімиятының қаулысымен кеңестік-мәжілістік орган - облыс әкімінің жанында шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу бойынша Комиссия құрылады (бұдан былай - Комиссия). Несие беру немесе оны бермеу туралы, сондай-ақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы шешімді Комиссия қабылдайды.
Тармақ 7
7. Бюджеттік қаражаттан несиенің нақты сомасы, беру мерзімі, сондай-ақ облыстық қаржы басқармасы (бұдан былай Кредитор деп аталады), облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы (бұдан былай — бағдарлама әкімшісі) және банк-несие беруші (бұдан былай - банк) несиелік қызмет көрсетуге жасалатын келісімнің жалпы шарты облыс әкімінің жанындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджетті несиелеу жөніндегі Комиссиямен белгіленеді.
Нақты жағдайға қарап (экономикалық ахуалы, инфляцияның қарқыны, банкте қалыптасқан пайыздық ставка және т.б.) Комиссия бір несие алушыға несиелеу лимитін белгілеуге хұқылы.
Тармақ 8
8. Бюджеттік несиелер ұлттық валютамен (теңге) жеделдік, төлемдік, қайтарылымдық шартта беріледі.
Тармақ 9
9. Беру мерзіміне байланысты бюджеттік несие болады:
Тармақша 1
1) қысқа мерзімді - 1 жылға дейінгі мерзім;
Тармақша 2
2) орта мерзімді - 1 жылдан астам, бірақ 3 жылдан аспауы керек.
Жеке жағдайларда орта мерзімді несиелеуде борыштың негізгі сомасын жабу және сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезең берілуі мүмкін.
Тармақ 10
10. Бюджеттік несиелеудің міндетті шарты кредитордың мүддесін қорғау, несиелік қатердің болмауын жасау болып табылады.
Берілген бюджеттік несиенің қажет тиімділігіне қол жеткізу және оны уақытында қайтару мақсатында бюджеттік несиелер сыпақының келесі ставкалары бойынша беріледі:
- Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бойынша қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурс қорытындыса бойынша белгілінген ставкамен тек қана облыстық бюджет қаражаты есебінен бес жүз мың теңге шеңберінде берілетін несие бойынша;
- Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бойынша қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурс қорытындыса бойынша белгіленген ставкамен 100 % тең қаржыландыру жағдайында бес жүз мың теңгеден астам мөлшерде берілетін несие бойынша;
ҚР «Бюджеттік ставка туралы» Заңының 1 бабына сәйкес сыпаңы ставкасы келесі тәртіпте есептеледі:
- Конкурс қорытындысы бойынша белгіленген ставкадан 0,5 % астам облыстық бюджет кірісіне, қалған пайызы банк кірісіне бес жүз мың теңге сомасына берілген несие бойынша.
Тармақ 11
11. Несие алушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Тармақша 1
1) бюджеттік несиелерді мерзімінде қайтару бойынша тиісті мүмкіншіліктің болуы;
Тармақша 2
2) бұрынғы алынған несиелер бойынша қарыздың болмауы;
Тармақша 3
3) берілген несиені мақсаттылықпен пайдалану.
Бюджеттік қаражаттан қайтару негізінде жеңілдік несиесін беру несие алушы өндірістік қызметпен, экономиканың басымдық секторында айналысса, облыс үшін әлеуметтік маңызы бар қызмет көрсетуді кеңейтсе, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын жасаса ғана жүзеге асырылады.
Несие алушыға берілетін бюджеттік қаражатты олар жабдық сатып алуға, сондай-ақ айналымдағы қаражатты толықтыруға пайдалана алады.
Несие алушыларға берілетін бюджеттік қаражат еңбек ақы бойынша борышты жабуға, бюджетке төлемақы беруге және т.б. пайдаланылмайды.
Тармақ 12
12. Несие алушының құжаттарына қойылатын талапты банктің өзі қояды, бірақ ол Кредитор, бағдарлама әкімшісі және Банк жасаған келісім шартына қайшы келмеуге тиіс.
Тарау 3. 3. Бюджеттік несиелеу тәртібі.
3. Бюджеттік несиелеу тәртібі.
Тармақ 13
13. Несие алушы облыстың аудан, қала әкімияттарына несиелік өтініш пен бизнес-жобасын тапсырады.
Тармақ 14
14. Аудандар мен қалалардың шағын кәсіпкерлігін дамыту сұрақтары бойынша қоғамдық-эксперттік комиссиялар отырыстарында несиелік өтініштер мен бизнес-жобалар 3 күнтізбелік күн ішінде қаралады.
Тармақ 15
15. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу туралы шешім қабылданған жағдайда несиелік өтініштер мен бизнес-жобалар залогтік қамсыздандыруды растайтын құжаттармен бірге облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасына (бұдан былай — бағдарлама әкімшісі) жіберіледі. Несие берілмейтін жағдайда несие сұраушыға себебі көрсетіліп жазбаша жауап берілуге тиіс.
Тармақ 16
16. Бағдарлама әкімшісі тапсырылған бизнес-жобаларды 5 күнізбелік күн ішінде қарайды және алынған құжаттар топтамасын банктің несие бөліміне қарау және залогтік мүлікті бағалау үшін жібереді.
Тармақ 17
17. Банктің оң тұжырымдамасын алған жобалар бағдарлама әкімшісіне жіберіледі. Оң тұжырымға ие болмаған жобалар несие сұраушыға қайтарылады.
Тармақ 18
18. Банктің оң тұжырымын алған жобаларды бағдарлама әкімшісі 3 күнтізбелік күн ішінде қарау үшін комиссия отырысына тапсырады
Тармақ 19
19. Комиссия хұқылы болып есептеледі, егер оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып отырса. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы дауыстың қарапайым көпшілігімен қабылданады және қабылданды деп есептеледі, егер ол үшін комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссия шешімінің комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 20
20. Комиссия қолдаған және бекіткен жобалар комиссия отырысының хаттамасымен банк-берушіге жіберіледі, ол несие алушыға бюджеттік несие беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 21
21. Комиссия отырысының көшірмесі облыстық қаржы басқармасына жіберіледі, ол банк-берушіге ақша аудару үшін бағдарлама әкімшісіне қаражат бөлуге негіз болып табылады.
Тарау 4. 4. Қаражатты қайтару тәртібі.
4. Қаражатты қайтару тәртібі.
Тармақ 22
22. Берілген несиелерді қайтаруды несие алушы несиені нақты қайтарған күннен бастап үш банктік күн ішінде облыстық бюджет шотына төлемдік тапсырма арқылы банк-беруші жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Бағдарлама әкімшісі берген қаражат бойынша карызды қайтармаған жағдайда банк-беруші кепілдікке қойылған затты өндіріп алуды қолдану арқылы несиені мәжбүрлікпен қайтаруға шаралар қолданады.
Тармақ 24
24. Несие алушы қарызды нақты өтегеннен кейін банк-беруші қаражатты облыстық бюджет шотына мерзімінде қайтармаса әр созылған күн үшін ҚР Ұлттық банкінің бейқаржыландыру ставкасының 1,5 мөлшерінде өсім есептеледі.
Тармақ 25. Бюджеттік несиелеу кезінде ақырғы қарыз алушы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (ШКС) құжаттары мен ақша қаражаттары қозғалысының сызбасы
25. Егер Банк орындаған процедурлық нормалар несиемінің борышын 90 күнтізбелік күннің ішінде қайтармаса, Банк бюджетке ақшаны өзінің қаражаты есебінен қайтарады.
Бюджеттік несиелеу кезінде ақырғы қарыз алушы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (ШКС) құжаттары мен ақша қаражаттары қозғалысының сызбасы