О Региональной программе занятости населения Костанайской области на 2002 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы халқын жұмыспен камтудың 2002 жылға арналған аймақтық бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 14.12.2004 № 139 шешімімен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1- тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының негізінде Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы халқын жұмыспен қамтудың 2002 жылға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Құлмағанбетовке және облыс мәслихатының білім, денсаулық, сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жоніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 3. Қостанай облысы халқын жұмыспен қамтудың 2002 жылға арналған аймақтық бағдарламасы
Қостанай облыстық мәслихатының 2002 жылғы 8 ақпандағы № 178 шешіміне қосымша Қостанай облысы халқын жұмыспен қамтудың 2002 жылға арналған аймақтық бағдарламасы Мазмұны Бағларламаның паспорты Кіріспе
Тармақ 1
1. Еңбек рыногындағы қазіргі жағдайды талдау
Тармақ 2
2. Бағдарламаның мақсаттары және міндеттері
Тармақ 3
3. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі
Тармақша 1
1) Жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымды теңгерімдеу жөніндегі шаралар
Тармақша 2
2) Аймақтағы инвестициялық саясат, жұмыс орнын құру және сақтау, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына және шағын көсіпкерлікке жәрдемдесу
Тармақша 3
3) Азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу
Тармақша 4
4) Ішкі еңбек рыногын қорғау
Тармақша 5
5) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақша 6
6) Кәсіби оқыту
Тармақша 7
7) Халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
Тармақша 8
8) Еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестік
Тармақша 9
9) Жұмыспен қамтудың ақпараттық базасы
Тармақша 10
10) Бағдарламаны іске асырудың тетігі
Тармақ 4
4. Қаржыландырудың көлемі және көздері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Тармақ 6. Бағдарламаның паспорты
6. Қостанай облысы халқын жұмыспен қамтудың 2002 жылға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспары Бағдарламаның паспорты Атауы: Қостанай облысы халқын жұмыспен қамтудың 2002 жылға арналған аймақтық бағдарламасы Әзірлеу үшін негіз: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралың Заңы Негізгі әзірлеушілер: Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Іске асыру мерзімі: 2002 жыл Мақсат: Еңбек рыногындағы шиеленісті, жалпы жұмыссыздық деңгейін төмендету Міндеттер: Жұмыспен қамтылмаған азаматтардың бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасуларына жәрдемдесу, жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда уақытша қамтылуын ұйымдастыру, жұмыссыздарды қесіби даярлау және қайта даярлау жолымен еңбек рыногындағы бөсекеге жарамдылығын көтеру, ішкі еңбек рыногын қорғау Қаржыландыру көздері: Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен және оның шегінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады Күтілетін нәтиже: Бағдарламаны іске асыру еңбек рыногындағы шиеленісті тоқтатуға, жалпы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді Кіріспе 2002 жылға арналған халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралың Заңының, облыстық бюджеттің қаражаты мүмкіндігін ескере отырып, Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының негізінде жасалды. Осы бағдарламаны әзірлеу ішкі еңбек рыногын қорғау, жұмыс күшіне деген сұраным мен үсынымның арасындағы үйлесімсіздікті қысқарту, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды дамыту, олардың сандық және сапалық мазмүнына қол жеткізу, жұмыссыздарды көсіби даярлау мен қайта даярлауды жетілдіру жөніндегі шараларды ойластыру қажеттігімен шарттасылған. Бағдарламада халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мақсаттары мен міндеттері анықталған, сонымен қатар оны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі белгіленген. Бағдарлама еңбек рыногындағы шиеленісті төмендетуді, халықтың жұмыспен қамтылуын, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрестің негізгі бағыттарынан туындайтын жұмыссыздарды кешенді әлеуметтік қолдауды ұйымдастыруды қарастырады. Осы бағдарламаны өзірлеуде бастапқы база болып мыналар табылады: облыстағы еңбек рыногында 2002 жылдың басында қалыптасқан жағдай; жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатының түжырымдамасында көрініс тапқан мақсаттар мен міндеттер; Өнеркәсіпті дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы; Шағын бизнесті және көсіпкерлікгі қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы; Қостанай облысының селосын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы; Қостанай облысының мал шаруашылығын дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы; Қостанай облысының қала жанындағы аймақтарында сүт өндірісін дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы; Қостанай облысы бойынша кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған кешеңді бағдарлама.
Тарау 1. 1. Еңбек рыногындағы қазіргі жағдайды талдау
1. Еңбек рыногындағы қазіргі жағдайды талдау Экономиканың көптеген салаларында тұрақтылыққа қол жеткізу, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын, халықты жұмыспен қамту және кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы багдарламаларды іске асыру, еңбекке қабілетті халықтың кетуінің азаюы еңбек рыногындағы жағдайға және халықты жұмыспен қамтуға оң ықпал етті. 2001 жылы облыста экономиканы сауықтыру, ықтимал тіршілікке қабілеті бар, бірақ дәрменсіз кәсіпорындарды әрі қарай сауықтыру, тіршілікке қабілетсіз кәсіпорындарды жою, банкротқа ұшырату, «бүркемелің жұмыссыздықты жария ету, бар жұмыс орындарын сақтау және бүрын жабылғандарды қалпына келтірудің негізгі үдерістері жалғастырылды. Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында осы салалар бойынша даму бағдарламаларының орындалуынан туындаған негізгі нәтижелі көрсеткіштердің тұрақтануы байқалады. 2001 жылы облыста барлығы 14799 жұмыс орындары құрылды немесе жоспарланғанның 127,2 пайызы. Өнеркәсіп көсіпорындарында- 2777, шағын бизнес саласында- 3254, ауыл шаруашышығында- 2143 түрақты жұмыс орындары, сонымен қатар 6151 уақытша жұмыс орындары құрылды, оның ішінде- 4772 ауыл шаруашылық өндірісінде. Өткен жылы ірі қала құрушы кәсіпорындар түрақты жұмыс істей бастады, ол Жітіқара, Лисаков, Рудный қалаларының еңбек рыногындағы жағдайға оң ықпал етті. "Бүркемелі" жұмыссыздыққа шалдыққан көсіпорындардың саны 10,3 пайызға төмендеп, 126 бірлікті құрады. Шарасыздан демалыста жүргендердің саны (2659 адам) 36% азайды. 2001 жылға арналған облыстық халықты жұмыспен қамту бағдарламасы негізгі көрсеткіштер бойынша толық орындалды. Жұмыспен қамту қызметіне жұмысқа орналасуға көмек сұрап 24358 немесе өткен жылға қарағанда 106,5% жұмыссыз азамат келді. Жұмыспен қамту орғандарының жәрдемдесуімен 9528 (125,4%) адам немесе келгендердің өр үшеуінің біреуі жұмысқа орналасты. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру 39,1 пайызды құрады. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға ең көп орынды өнеркәсіп кәсіпорындары (31%), денсаулық сақтау және білім беру - 16%, ауыл шаруашылығы- 12% берді. 2002 жылы қоғамдық жұмыстар дамыды, оларға 6718 жұмыссыздар қатысты, бүл жылдық жоспарлық тапсырманың 168 пайызы. Кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан 560 жұмыссыз өтті, бүл өткен жылдан 2,5 есе көп. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 36,4 млн. теңге, жұмыссыздарды кәсіби оқытуға 4,6 млн. теңге жұмсалды, бұл өткен жылдан тиісінше 15,2 және 2,9 млн. теңгеге көп. Есеп беру жышында әлеуметтік қолдаудың түрғын үй жәрдемақысы, материалдық көмек сияқты түрлерінің пәрменді көрсетілуіне, тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырудың өсуіне байланысты жұмыспен қамту мөселелері жөніндегі уәкілетті орғанға жұмыссыз азаматтардың келуі өсті. Осының нәтижесінде 2002 жылдың 1 қаңғарына текті есепте 20105 адам тұрды, ресми жұмыссыздықтың деңгейі- 3,4 пайыз. Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Жанкелдин, Аманкелді, Жітіқара, Науырзым аудандарында, Лисаков және Арқалық қалаларында қалыптасты. Дегенмен де бүл аймақтарда да ресми және жалпы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады. Өткен жылдың басымен салыстырғанда жұмыссыздардың құрамында өйелдердің саны 4,5 пайызға төмендеп, 64,8 пайызды құрады. Бұл әйел еңбегін талап ететін енгізілген жұмыс орындарының көбеюімен байланысты. Сонымен қатар, ресми еңбек рыногында ұзақ уақыт және бұрын жұмыс істемегендердің саны өсіп отыр. Келгендердің ішінде олардың үлесі 2000 жылғы 45,7% және 17%-ға қарағанда 52,2% және 18% болды. Село тұрғындарының көші-қоны жалғасуда, әсіресе тоқырауға ұшыраған аудандардан экономикалық құрылымы дамыған аймақтарға жастар көп кетуде. Халықты жұмыспен қамтуды жақсарту бойынша өткізген іс-шаралар жалпы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2000 жылмен салыстырғанда жұмыссыздардың жалпы саны 9,8 пайызға қысқарып, 57,6 мың адамды құрады. Экономика салаларында 2001 жылды бағалау бойынша 423,0 мың адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде жалданып жұмыс істеушілердің саны 227,5 мың адамнан асады. Барлық жалданып жұмыс істеушілердің ішінде ерлер 60 пайызды құрайды. Әйелдердің 40 пайызы жалданып жұмыс істеушілер. Облыстың еңбек рыногында негізінен ерлер істейтін мамандықтарға сұраныс көп болғандықтан, өз беттерінше жұмысқа орналасқан әйелдердің саны ерлерден көп. Сонымен бірге облыстың еңбек рыногындағы шиеленіс сақталуда. Жұмыс күшіне деген ұсыныс оған деген сұранымнан бірнеше есе көп. Осыған байланысты облыстың еңбек рыногындағы байқалған оң өзгерістерді 2002 жылы бекіту бойынша шаралар қабылдау қажет.
Тарау 2. 2. Бағдарламаның мақсаттары және міндеттері
2. Бағдарламаның мақсаттары және міндеттері Бағдарламаның мақсаты еңбек рыногындағы шиеленісті, жалпы жұмыссыздық деңгейін төмендету, еңбек рыногында жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу жолымен жұмыс күшіне деген сұраным мен үсынымды тенестіру болып табылады. Бағдарламаның негізгі міндеттері: жұмыспен қамтылмаған азаматтарға бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда уақытша жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру; жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау жолымен еңбек рыногындағы бәсекелестікке жарамдығын көтеру; ішкі еңбек рыногын қорғау.
Тарау 3. 3. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі
3. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі
Тармақша 1. 1) Жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымды теңгерімдеу жөніндегі шаралар
1) Жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымды теңгерімдеу жөніндегі шаралар Жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсыным арасындағы үйлесімсіздікті қысқарту мақсатында бірқатар шараларды іске асыру көзделіп отыр: экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен еңбек рыногында қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен оқу орындарының мамандар даярлау жоспарларын келістіру; аймақтық жұмыспен қамту жене кедейшілікпен жұмыссыздыққа қарсы бағдарламалар әзірлеу және іске асыру, жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, жұмыс күшінің жаппай босап қалуының алдын алу жөніндегі шаралар, халықты кәсіби бағдарлау; бос жұмыс орындары мен лауазымдар жөніндегі деректер базасын қалыптастыру; жаңа және қосымша жұмыс орындарын құру; барлық меншік нысанындағы көсіпорындарды халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуге тарту, олардың тапсырыстары бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орғандар арқылы 7600 адамды жұмысқа орналастыру. 4500 жұмыссызға қоғамдық жұмыс ұйымдастыру, 300 жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау және қайта даярлау; жеке бизнеспен, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндерге қолдау көрсету және өзін-өзі жұмыспен қамтитындарға жәрдемдесу; ішкі рыноктың мүддесін қорғау.
Тармақша 2. 2) Аймақтағы инвестициялық саясат, жұмыс орнын құру және сақтау, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына және шағын кәсіпкерлікке жәрдемдесу
2) Аймақтағы инвестициялық саясат, жұмыс орнын құру және сақтау, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына және шағын кәсіпкерлікке жәрдемдесу Жұмыспен қамту мәселелерін шешудің басымдық бағыты 2002 жылға арналған облыстың әлеуметтік- экономикалық жоспарында көрініс тапқан жаңа, қосымша және уақытша жұмыс орындарын құру, шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті дамыту болып отыр. Өнеркәсіптің ірі және орта кәсіпорындарында бар өндірісті қалпына келтіру, ескі өндірісті кеңейту, жаңа көсіпорындарды еңгізу нәтижесінде 2800 жұмыс орыны құрылады. Облыста 2002 жылға арналған басымдық инвестициялық жобалардың тізбесі жасалып, бекітілген. Импортгың орнын басатын өндірістің дамуына, қостанайлық өндірушілердің экспортқа шығару мүмкіндіктерін көгеруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Тізбеге бизнес-жобалар әзірлеген 12 өнеркәсіп көсіпорындары кірді. Осы жобаларды іске асырғанда 2185 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту, жаңа өндірістерге пайдаланылмайтын өндірістік ғимараттарды беру, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін жобаларға кредиттік ресурстар бөлу жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Облыста шағын кәсіпкерлік қалыптасқаннан бері, кейін осы салада белгілі түрақтану байқалды. Шағын бизнес көсіпорындарында жұмыспен қамтылғандардың саны 38,7 мың адамға дейін өсті. Жеке көсіпкерлікпен 53,5 мың адам айналысады. 2002 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай туғызу жөніндегі, өз істерін ашқысы келген азаматтардың еңбектік және кәсіпкерлік бастамасын қолдау шаралары жалғастырылады. 2002 жылы шағын бизнес пен жеке көсіпкерлікті қолдау бағдарламасын іске асыру барысында жекешелендіруден кейін қолдау, қолданыстағы тиімсіз өндірістерді саралау жөніндегі жұмыс жалғастырылады, кәсіпкерліктің инфрақұрылымының дамуы үшін құқықтық алғы шарт, кадрлық қамтамасыз ету, материалдық- техникалық шаралар, несие түрінде қаржылай көмек көрсетіледі. Ағымдағы жылда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы бойынша шағын бизнестің 100 негізгі кәсіпорындарында қызмет көрсетулер мен тауарлардың басымдық өндірістерін дамыту мен жаңадан құру тізбесі анықталған, олардың есебінен 510 жұмыс орны құрылады. Қаржыландыру көлемі жеке қаражаттан, инвестициялардан және несиелерден 406,6 млн. теңгені құрайды. Шағын және орта бизнес көсіпорындарына жеңілдікпен несие беруге 2002 жылы облыстық бюджеттен 100 млн.теңге бөлу жоспарлануда. Бүл шағын бизнес саласына халықтың көпшілігін тартуға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпкерлік саласында 1400 жұмыс орны құрылады. Облыстың ауыл шаруашылығында реформалау аяқталып, саланың тиімділігі өсетін мерзім басталды. 2002 жылы экономиканың аграрлық секторында 1130 түрақты және маусымдық жұмыстарда 3670 уақытша жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін өндіріс көлемдерінің өсуі, ауыл шаруашылығы көсіпорындарының қаржылай сауығуына байланысты инвестициялық қызметтің белсенділігінің жоғарылауы болжалуда. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемінің көбеюі, мал басының өсуі және жаңа өндірістердің енгізілуі есебінен жұмыс орындары құрылады. Облыста Қостанай облысының 2000-2002 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы, Қостанай облысының 2000-2002 жылдарға арналған Қала жанындағы аймақтарда сүт өндірісін дамыту бағдарламасы, Қостанай облысының 2001-2005 жылдарға арналған Селоның әлеуметтік- экономикалық даму аймақтық бағдарламасы әзірленіп, жұмыс істеуде. "Космис" ЖШС бірлескен көсіпорындарымен бірге сүт тауарын өңдірушілердің ірі қауымдастығы құрылады. Бағдарламаларға сәйкес жеке аулаларда еттің барлық түрлерін өндіруді дамытуды ынталандыру және оны сатып алуды ұйымдастыру мақсатында сауда-сатып алу компанияларын құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады, сүтті сатып алуды ұйымдастырудың жеке секторда табынды өсіру және өндіру, сүт беретін мал басын жалға берудің оң тәжірибесін зерттеу және тарату жұмысы жүргізіледі. Осы бағытта жүргізілетін іс-шаралар село түрғындарының өз өздерін жұмыспен қамтуын Дамытуға ықпал етеді.
Тармақша 3. 3) Азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу
3) Азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу Еңбек рыногындағы басты қатысушылардың - жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің арасында делдалдық рольді атқара отырып, жұмыспен Қамту қызметі төмендегі бағыттарда жұмыс жүргізеді: бос жұмыс орындарының банкісін қалыптастыру, жұмыс берушілердің жұмыс күшіне тапсырыс беру тетігін жасау; еңбекке орналасудың мүмкіндіктері туралы азаматтарды хабардар ету; жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша қызметкерлерді іріктеу, бос орындар жәрмеңкесін өткізу; жұмыспен қамтылмаған азаматтарға лайықты жұмыс іріктеу; кепілді жұмыс орындарына азаматтарды оқыту және қайтадан кәсіби даярлау; жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген азаматтарға кеңес беру, үзақ уақыт жұмыс істемейтіндерді жұмыс іздеу клубтары арқылы бейімдеу, жұмыссыздарды жұмыс іздеу әдістеріне үйрету; қоғамдық жұмыстарда уақытша жұмыспен қамтылуды ұсыну; ішкі еңбек рыноғының мүддесін қорғау. Жұмыспен қамту қызметінің көмегімен келушілердің 32% немесе 8000 адам жұмысқа орналаса алады. Еңбек рыногындағы шиеленісті бәсеңдетуге мемлекеттік емес мекемелердің халыққа еңбектік делдалдық қызмет көрсетуі көмектеседі. Олар жоғары ақы төленетін, беделді жұмысқа іріктеуге төлем қабілеті бар ең білікті және болашағы бар жұмыс күшін еңбекке орналастыруды өз міндеттеріне алады.
Тармақша 4. 4) Ішкі еңбек рыногын қорғау
4) Ішкі еңбек рыногын қорғау Облыстағы ішкі еңбек рыногын қорғау жергілікті еңбек рыногында артық жұмыс күші бар мамандықтар бойынша шетел жұмыс күштерін әкелуді шектеу жолымен жүргізіледі. Заңсыз еңбек көші-қонына тыйым салу үшін барлық мемлекеттік орғандардың өз құзырының шегінде іс- қимылдарын үйлестіру жүзеге асырылады, құрамында құқық қорғау, көші- қон, кеден қызметінің, еңбек және жұмыспен қамту органдарының өкілдері бар ішкі еңбек рыногын қорғау жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің жұмысы ұйымдастырылады. Облысқа шетел мамандарын тарту Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің рұқсатымен жүзеге асырылады. Көбінесе қызметі жергілікгі халықтың жұмыспен қамтылуын өсіруге мүмкіндік беретін фирмалар басшылары тартылады. Осыған байланысты 2002 жылы облыс мекемелеріне шетел мамандарын тартудың қажеттілігін зерттеу жөніндегі жұмыс жалғастырылады, жұмыс берушілердің шетел қызметкерлерін тартуға берген арыздарын қарау жөніндегі комиссия жұмысы ұйымдастырылады. Шетел мамандарын әкелуді шекгеу жөнінде төмендегі шаралар қолданылады: шетел мамандарын әкелуді үлестеу тетігін енгізу; облыс мекемелерінде жұмыс істеп жүрген шетел мамандарын біртіндеп жоспарлы түрде Қазақстан Республикасы азаматтары - мамандарымен ауыстыру; шетел мамандарын әкелу құқығына рұқсат бергенде негізгі шарттың бірі Қазақстан Республикасы азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құру болады. Жұмыс күшін әкелуге байланысты инвестициялық бағдарламаларды қарағанда жұмыссыз азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құру факторы ескеріледі. Шетелдің қатысуымен жұмыс істеп жатқан мекемелерде еңбек және жұмыспен қамту туралы заңнамалардың орындалуына бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақша 5. 5) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
5) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру Еңбек рыногындағы шиеленіс жағдайында жұмыс орнының тапшылығы әлеуметтік қорғаудың ең белсенді және ықпалды түрі ретінде жұмыссыздарға қоғамдық және маусымдық жұмыстарда уақытша жұмыс беру есебінен төмендетіледі. Бүл жұмыссыздардың табыс табуына, еңбекке деген уәждемені сақтауға, тұрақты жұмыс алу ықтималдығын көтеруге мүмкіндік береді. Осы бағытты іске асыру мақсатында 2002 жылы қоғамдық жұмыста 4500 жұмыссызға уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру болжалуда. Оларға бірінші кезекте қатысу құқыгы халықтың нысаналы топтарына беріледі. Жұмыс берушілермен шарт әкімдердің шешімдерімен анықталған жұмыс мерзімі мен түрлері бойынша жасалады. Бүл қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбегін қоғамдық мәнділігі жоғары объектілерде пайдалану мүмкіндігін береді. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға еңбек ақы облыстық бюджеттен төленеді. Көрсетілген жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатынды оның мерзімін 3 айға дейін ұзарту көзделуде. 2002 жылғы қаңтардан бастап салық кодекісіне сәйкес қоғамдық жұмыстарды орындауға байланысты төлемдерден әлеуметтік және табыс салығы алынбайды. Бүл жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын берушілердің көбеюіне және орындалатын жұмыстардың тізбесін көбейтуге мүмкіндік береді.
Тармақша 6. 6) Кәсіби оқыту
6) Кәсіби оқыту Жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымның құрылымдық теңгерімсіздігіне жұмыссыздарды еңбек рыногындағы талап етілетін мамандықтарға оқыту және қайта оқыту тәсілімен ықпал ету болжалуда. Жаңадан мамандық алу, немесе бар мамандықты жетілдіру жұмыссыздардың жұмысқа орналасу кезінде бәсекелестік қабілетін көтереді. Азаматтарды кәсіби даярлыққа бағыттау үшін еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары еңбек рыногының белгіленген мамандықтарға қажеттілігін болжауды және талқылауды ұйымдастырады және осы негізде облыстың жоғары оқу орындарында мамандар даярлаудың бейіні мен көлеміне түзету жасайды. Жұмыс берушілердің кәзіргі жұмысқа талаптары оқу орындарының оқу жоспарларында көрініс табады. Кәсіби оқуға 2002 жылы 450 адам жіберу жоспарлануда. Шарт жасасқанда қажетті мамандықтарды даярлау құқығына лицензиясы бар оқу орындарына артықшылық беріледі. Оқуға жіберілген жұмыссыздарға тұру, тамақтану, медициналық тексеруден өту және оқу орнына баруға жұмсаған шығындары өтеледі.
Тармақша 7. 7) Халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу
7) Халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қолдауға мұқтаж, жұмыспен қамтылмағандардың мақсатты топтарының тізбесін анықтайды. Бүл тізбеге жұмыссыздардың төмендегі санаттары кіреді: табысы аз адамдар; 21 жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар; ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тарбиелеп отырған жалғызілікті көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар; зейнеткерлікке шығуға тақап жүргендер; мүгедектер; Қазақстан Республикасыныщ Қарулы Күпггері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар (репатрианттар). Көрсетілген адамдардың негізгі бөлігі аз қамтылған болып есептеледі. Олардың жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейін көтеру жөнінде кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыру жалғасатын болады. Саны өсіп бара жатқан жұмыссыздардың, ұзақ уақыт немесе бүрын жұмыс істемегендердің, жастардың бәсекелестіліктерін көтеру үшін Жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің аймақтық орталығының жұмысы ұйымдастырылады. 16-дан 20-ға дейінгі жастарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мамандықтары жоқ жас азаматтарға еңбек рыногында сұраныс бар мамандықтарды мемлекеттік бюджет есебінен меңгеру мүмкіндігі беріледі. Әйелдерді жұмысқа орналастыруға бар бос жұмыс орындары пайдаланылады. Жалғызбасты және көп балалы аналардың жұмысқа бірінші кезекте орналасуға құқы бар. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген әйелдерге біліктілігін жетілдіру немесе қайта даярлау мүмкіндігі беріледі. Уақытша жұмыс орындарының 70% әйелдерді жұмысқа орналастыруға жоспарлануда. Әйелдердің жұмыспен қамтылу проблемаларын шешуге, оларды жұмыс іздеу клубтары арқылы рынок жағдайына бейімдеуге облыстың мемлекеттік емес ұйымдарының күштері біріктіріледі.
Тармақша 8. 8) Еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестік
8) Еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестік Облыста 2001 — 2002 жылдарға арналған облыс әкімі, кәсіподақтар және өнеркөсіпшілер мен көсіпкерлер одағы арасында үш жақты келісім жасалып, іске асырылуда, онда облыста халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, экономика салаларының және кәсіпкерліктің даму шаралалары, жауапты атқарушылар және орындалу мерзімі қарастырылған. Аталған іс — шаралардың орындалуы ай сайын үш жақты талданып, қаралып отырады.
Тармақша 9. 9) Жұмыспен қамтудың ақпараттық базасы
9) Жұмыспен қамтудың ақпараттық базасы Облыста жалпы республикалық, облыстық ақпараттық жұмыспен қамту базасын құруды, электрондық поштаны пайдалануды енгізу, аймақтарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек" Web-сайтына қосу жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Өндейтін ақпараттың көлемінің өсуі компыютерлік жиынтықты кеңейтуді және жаңғыртуды талап етеді. Облыс бойынша компыютерге жалпы қажеттілік 15 бірлікгі құрайды. 2002 жылы облыстың 13 аймағында жұмыспен қамтудың ақпараттық базасы құрылады. Аманкелді, Денисов, Жанкелдин, Қарасу, Қостанай, Федоров, Сарыкөл, аудандарында «Жұмысқа орналастыру «Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (АИСТ) бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен ақпараттық базаны рәсімдеу компыютерлік техниканы алумен қатар жүзеге асырылады.
Тармақша 10. 10) Бағдарламаны іске асыру тетігі
10) Бағдарламаны іске асыру тетігі Облыстық жұмыспен қамту бағдарламасы аймақтық және облыстық деңгейдегі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының және басқа да нормативтік заңнамалық актілері мен ережелері негізінде, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жұмыс берушілермен, азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеменшік агенттіктермен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңымен жұмыспен қамту мәселелерін шешуде жергілікгі атқарушы органдардың рөлдері күшейтілген. Олар аймақтың жұмыспен қамту бағдарламарын әзірлеп, іске асыруды, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдауды, халықтың мақсатты топтарын анықтауды және оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Барлық аудандар мен қалаларда әкімдер еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламарын әзірлеп, мәслихатғардың бекітуіне ұсынулары керек. Бағдарламаны бақылау және үйлестіру мақсатында оған мониторинг жүргізіледі. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар аймақтағы жұмыс күшіне үсыныс пен сұранымды талдап, болжап, жергілікті атқарушы органдарды еңбек рыногындағы жағдай туралы хабардар етуді жүзеге асырады. Бағдарламалық ережелердің іске асырылуы осы бағдарламаны іске асырудың іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Қаржыландырудың көлемі және көздері
4. Қаржыландырудың көлемі және көздері Жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру (қоғамдық жұмыстар, кәсіби даярлау және қайта даярлау) облыстық және жергілікгі бюджеттің қаражаты есебінен жүргізіледі. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысы жалақының ең төменгі мөлшерінен кем төленбейді. Осы жұмыстың барлық түрлеріне облыстық бюджетген 40 млн.теңге, жұмыссыздарды кәсіби даярлау мен қайта даярлауға 5 млн. теңге жұмсау көзделіп отыр. Аймақтық жұмысқа орналасуға жәрдемдесу орталығының жұмысын ұйымдастыруға (жұмыс іздеу клубы, жастардың еңбек биржалары және жастардың бейімделу орталығы) облыстық бюджеттен 5750,0 мың. теңге бөлінген. Жаңа және қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру өз қаражаттары және инвестициялық қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
5. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже Бағдарламаны толық іске асыру және онда қарастырылған барлық шараларды қолдану нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін әрі қарай төмендету, жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсыным арасындағы үйлесімсіздікті қысқарту үшін негіз қамтамасыз етіледі. Еңбек рыногында байқалған оң өзгерістер 2002 жылы бекиді. 2001 жылға қарағанда қызметкерлердің босау қарқыны 13,6%- ға төмендейді. Ресми еңбек рыногындағы шиеленістің әлсіреуіне экономиканың мемлекеттік емес секторының, әрі қарай өсуі, шағын бизнес пен кәсіпкерлік саласының дамуы әсер етеді. Барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарда жаңа 9000 жұмыс орнының құрылуы күтілуде. Өнеркәсіптің қайта өндеу кәсіпорындарында, саудада, қызмет көрсету саласында қосымша жұмыс орындарының өсу үрдісі байқалуда. Ауыл шаруашылығында жұмыс орындарының негізгі болігі егіс көлемдерін кеңейту жоспарланып отырған, табиғи ауа-райы қолайлы аймақтарда құрылады. Мал шаруашылығында жұмыс істейтіндердің саны көбейеді. Село түрғындарының жұмыспен қамтылуы жеке, фермерлік бизнеске негізделіп және қосалқы шаруашылықта өзін- өзі қамту үдерісі терендетіледі. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыс іздеп 25,0 мыңға дейін адам келеді. Жұмыспен қамтылмаған 8000 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Облыс бойынша жыл аяғына текгі болжамды жұмыссыздық деңгейі 3,5% құрайды. Жұмыссыздардың ішінде босағандар 5%, ұзақ уақыт жұмыс істемегендер- 72%, бұрын жұмыс істемегендер- 17,5% құрайды. Әйелдердің үлесі 65%, жастардың үлесі- 20% дейін сақталады. 2002 жылы жұмыспен қамту деңгейі 80 пайызға дейін өседі. Жұмыссыздардың жалпы саны 49,8 мыңға дейін төмендейді.
Тарау 6. 6. Қостанай облысы халқын жұмыспен қамтудың 2002 жылға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
6. Қостанай облысы халқын жұмыспен қамтудың 2002 жылға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар Аяқталу үлгісі Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі 1 2002 жылға арналған халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу Әкімияттардың қаулыларының жобалары Аудан және қала әкімдері 2002 жылдың ақпаны 2. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының банкісін, қалыптастыруды қамтамасыз ету Бос орындар қоры Жұмыс берушілермен бірлесіп аймақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (бөлімдері) Жеті сайын 3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға жұмыс іздеп келушілерге жәрдем көрсету. 8000 жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру Облыс әкімиятына есеп беру Облыстық және аймақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (бөлімдері) Тоқсан сайын 4. 4500 жұмыссыздың қоғамдық жұмыстарда уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету Облыс әкімиятына есеп беру Облыстық және аймақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (бөлімдері) Тоқсан сайын 5. Еңбек рыногындағы қажеттілікке сәйкес 300 жұмыссызды даярлауды дәне қайта даярлауды қамтамасыз ету Облыс әкімиятына есеп беру Облыстық және аймақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (бөлімдері) Тоқсан сайын 6. Жұмыспен қамту (оның ішінде қоғамдық жұмыстар) бағдарламасын толық және уақытында қаржыландыруға бақылау жасау Мониторинг Облыстық және аймақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (бөлімдері) Жеті сайын 7. Жоспарланған жұмыс орындарын құруға бақылауды жүзеге асыру Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жұмыс орнын құру туралы есеп беруді жинақтау үшін хабарлама Экономика, индустрия және сауда, азық-түлік және ауыл шаруашылығы департаменттері Ай сайын 3 күнге 8. Шетел мамандарын тарту квотасы бойынша ұсыныстар дайындау Облыс әкімиятына, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлңгңне ұсыныстар Аудан және қала әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2002 жылдың тамызы 9. Ішкі еңбек рыногын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру Кеңестің отырыстары, шешімдері Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Тоқсан сайын 10. Жұмыссыздардың бәсекелестілікке әлсіз санаттарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына есеп беру Аймақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (бөлімдері) Халықтың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудің аймақтық бөлімшесі Ежеквартально 11. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық база құру Деректерык базасын қалыптастыру және республикалық ақпараттық-талдау орталығына беріп отыру Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Ай сайын Қостанай облысының аймақтары бойынша 2002 жылға арналған еңбек рыногындағы болжам және күтілетін нәтиже: Қалалар мен аудандардың атауы Жұмысқа орналасуға көмек сұрап келді Жұмысқа орналастырылды Жіберілді Есеп беретін кезеннің аяғына текті жұмыссыздардың саны Барлығы Қоғамдық жұмысқа Кәсіби оқуға Алтынсарин 550 100 60 7 460 Амангелді 1100 220 190 5 2000 Әулиекөл 920 250 180 7 700 Денисов 400 150 100 8 200 Жангелдин 1000 130 250 5 1500 Жітіқара 1500 350 150 10 1090 Қамысты 200 80 60 7 100 Қарабалық 420 160 150 10 220 Қарасу 560 180 100 3 320 Қостанай 1600 300 150 15 1000 Меңдіқара 550 230 100 4 450 Науырзым 500 80 200 3 350 Сарыкөл 900 280 150 15 600 Таранов 700 250 150 6 320 Ұзынкөл 500 150 80 5 240 Фёдоров 350 120 150 10 300 Арқалық қаласы 1500 380 550 30 3500 Лисаковск қаласы 3600 1190 500 15 2300 Костанай қаласы 4500 1900 730 95 3000 Рудный қаласы 3650 1500 500 40 2350 Барлығы облыс бойынша: 25000 8000 4500 300 21000 № 1 нысан Облыстың еңбек рыногы бойынша 2002 жылға болжам және күтілетін нәтиже 1. Босатылған қызметкерлердің болжамды саны 3370 адам 2. Жұмыс іздеп жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға келетін азаматтардың болжамды саны 25000 адам 3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың делдалдығымен жұмысқа орнала 8000 адам 4. Жұмыссыздардың болжамды саны, оның ішінде барлығы: 24960 адам 1) ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілетіндері 4500 адам 2) кәсіби оқуға, қайта даярлауға жіберілетіндері 300 адам 5. Жұмыссыздардың жыл аяғына текті болжамды саны 21000 адам 6. Жұмыс орындарын құру, оның ішінде, барлығы: 9000 1) жаңа және қосымша жұмыс орындары, оның ішінде: 5330 өнеркәсіп кәсіпорындарында 2800 шағын бизнес кәсіпорындарында 1400 ауыл шаруашылығында 1130 2) уақытша (маусымдық) жұмыс орындары 3670 № 2 нысан ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК РЫНОГЫ КӨСЕТКІШТЕР 2001 жыл факт 2002 жыл болжам 1.1.Халықтың саны 960000 945000 2. Еңбек ресурстары, барлығы оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық 541300 535900 533900 528600 3. Экономика саласында қамтылғандар 424000 424800 4. Жұмыспен қамтылмаған жұмыс күші, барлығы оның ішінде: а) таратылған және қайта ұйымдастырылған кәсіпорындардан босатылған, сонымен қатар қысқартылған қызметкерлер б) кадрлардың тұрақтамауына байланысты босаған қызметкерлер в) уақытша қамтылмаған халық 103950 3830 28300 71820 102730 3370 27800 71560 5. Өз беттерінше жұмысқа орналасқандардың саны 55700 56200 6. Жұмыспен қамту қызметіне келгендердің саны, олардан жұмысқа орналастырылғандар 24358 25000 9528 8000 7. Тіркелген жұмыссыздар 24320 24960 8. Қайта оқуға жіберілгендер 560 300 9. Қоғамдық жұмысқа жіберілгендер 6718 4500 10. Жұмыссыздарды жерлеуге жәрдемақы алғандар 136 140 11. Жыл аяғына текті жұмыссыздардың саны 20105 21000 12. Жыл аяғына текті жұмыссыздық деңгейі, % 3,4 3,5 № 3 нысан ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК РЫНОГЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ ЕСЕБІ (адам) КӨРСЕТКІШТЕР 2001 жыл (бағалау) 2002 жыл (болжам) барлығы оның ішінде барлығы оның ішінде қала ауыл қала ауыл 1. Жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастыратын халық санаты, барлығы, оның ішінде: 1) кәсіпорындар мен мекемелерден босағандар; 2) еңбек рыногында бірінші рет; 3) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті халықтын икемді бөлігі; 4) көшіп келушілер; 5) тұрақтамаушылық себебімен жұмыстан босанғандардан және халықтың басқа санаттарынан жұмыспен уақытша қамтылмағандар 103950 3830 11420 56500 3900 28300 57650 2450 6500 31100 2400 15200 46300 1380 4920 25400 1500 13100 102730 3370 10710 57000 3850 27800 56703 2173 6100 31350 2380 14700 46027 1197 4610 25650 1470 13100 2. Жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыратын факторлар және халықтың санаттары, барлығы, оның ішінде: 1) халықтың табиғи себептермен азаюына байланысты орынды толтыратын қызметкерлерге қосымша қажеттілік; 2) барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс орындарының көбеюі; 3) эмигранттар; 4) басқа факторлар 48899 6400 14799 18800 8900 26004 3450 7884 9600 5070 22895 2950 6915 9200 3830 42300 6300 9000 18500 8500 21900 3500 4200 9400 4800 20400 2800 4800 9100 3700 3. Жұмыспен қамту қызметіне келмей өз беттерінше жұмысқа орналасады 55700 30600 25100 56200 30900 25300 4. Жұмыспен қамту қызметіне келеді, барлығы: 1) жұмысқа орналастырылады; 2) әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылады, барлығы: қайта даярлауға және кәсіби даярлауға жіберілді; қоғамдық жұмыстарға жіберілді; жұмыссыздарды жерлеуге жәрдемақы алады 24358 9528 7414 560 6718 136 17244 7601 4789 357 4333 99 7114 1927 2625 203 2385 37 25000 8000 4940 300 4500 140 17700 6400 3190 190 2900 100 7300 1600 1750 110 1600 40 № 4 нысан ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БОСАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ (адам) КӨРСЕТКІШТЕР 2001 ж. нақты 2002 жыл (болжам) барлығы город село Босайды деп жобалау-барлығы, оның ішінде төмендегі себептермен: 3830 3370 2173 1197 өндіріс көлемін төмендеуі 615 527 150 377 Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру 200 135 135 - кәсіпорындардың мен мекемелердің банкротқа ұшырауы 1120 900 700 200 құрылымды жетілдіру (штатты қысқарту) 810 620 360 260 басқа себептер 105 181 128 53 таратылу 980 1007 700 307 № 5 нысан ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 2001-2002 ЖЫЛДАРЫ ӨНДІРІСТЕН ҚОЛ ҮЗІП ОҚИТЫН, ОҚУ ОРЫНДАРЫН БІТІРУШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫ КӨРСЕТКІШТЕР 2001 жыл (бағалау) 2002 жыл (болжам) барлығы қала ауыл 1. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбын бітіреді: школы: басқа оқу орындарында жалпы білім алуды жалғастырады; жұмыспен қамту қызметіне келмей, жұмысқа орналасады; жұмыспен қамту қызметіне келеді 16748 15954 43 43 16660 15961 42 42 6725 6695 17 17 9935 9266 25 25 2. Жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбын бітіреді басқа оқу орындарында жалпы білім алуды жалғастырады; жұмыспен қамту қызметіне келмей, жұмысқа орналасады; жұмыспен қамту қызметіне келеді 11750 7981 1560 2209 2209 9911 7125 1190 1596 1596 4097 3375 410 312 312 5814 3750 780 1284 1284 3. КТУ бітіреді, олардың ішінде: басқа оқу орындарында жалпы білім алуды жалғастырады; жұмыспен қамту қызметіне келмей, жұмысқа орналасады; обратят жұмыспен қамту қызметіне келеді 2572 637 1768 167 167 2598 646 1793 159 159 2471 635 1696 140 140 127 11 97 19 19 4. АОО бітіреді, олардың ішінде: басқа оқу орындарында жалпы білім алуды жалғастырады; жұмыспен қамту қызметіне келмей жұмысқа орналасады; обратят жұмыспен қамту қызметіне келеді 2680 573 1553 554 554 3195 590 2003 602 602 3195 590 2003 602 602 5. ЖОО бітіреді, олардың ішінде: жұмыспен қамту қызметіне келмей, жұмысқа орналасады; обратят жұмыспен қамту қызметіне келеді 1216 217 10 10 1258 223 10 10 1258 223 10 10 6. Оқу бітірушілердің жалпы саны 34966 33622 17746 15876