О Региональной программе Костанайской области «Жас өркен» на 2002 год Қолданыста
Басқа 0
2002 жылға арналған Қостанай облысының "Жас өркен" аймақтық бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылға арналған Қостанай облысының "Жас өркен" аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасарлары С.Ә. Құлмағанбетовке, Т.Е.Омаровқа және облыстық мәслихаттың экономика, басқару және өзін- озі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 3. 2002 жылға арналған Қостанай облысының «Жас өркен» аймақтық бағдарламасы
Қостанай облысы мәслихатының
2002 жылғы 8 ақпандағы сессиясының
№ 177 шешіміне қосымша
2002 жылға арналған Қостанай облысының «Жас өркен» аймақтық бағдарламасы
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы:
2002 жылға арналған Костанай облысының «Жас өркен» аймақтық бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеу туралы шешім:
Бағдарлама ҚР 19 маусым 1997 жылғы № 131 -1 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы, Қазақстан Респубрикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы, ҚР Президентінің жоғарыдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс- қимыл бағдарламасы, облыста шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға арналған аймақтық бағдарлама негізінде әзірленген.
Негізгі әзірлеушілер:
Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті (АШД), Қостанай облысының экономика, индустрия және сауда департаменті (ЭИСД) және А.Байтүрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (ҚМУ).
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:
Бағдарламаның негізгі мақсаты өндірісті, білімді және ғылымды интеграңиялау, қосымша жүмыс орындарын күру, жас мамандарды жүмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлердің секторын үлғайту, олардың омірлік деңгейін арттыру және аргарлық саланың кадрлар әлеуетін толықтыру есебінен облыс экономикасын онан әрі нығайту және өндіріске жаңа кәсіпкерлік қүрылымдарды енғізу болып табылады.
Қаржыландыру көздері:
Қостанай облысының бюджетінен болінетін 100 млн. теңге мөлшеріндегі қаражат, «Қазақстанның халықтық банкі» ААҚ (бүдан әрі «Банк» деп аталатын) кәсіпкерлік субъектілерінің жеке қаражаттары.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Ел Президентінің «Қазақстан-2030» арнауында Қазақстанның ең басты әлуеттерінің бірі жер көлемінің кеңдігі мен ауылшаруашылық жерлері деп анықталған. Мұндайда осы әлеуетті іске асырудың басты шарты нақты және тиімді стратегня, адамдар мен капитал деп аталган.
Казақстан Республикасы Президентінің 2001 жылгы 4 желтоқсандағы №735 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі онан арғы шаралар туралы» Жарлыгына сәйкес ауыл шаруашылығы саласындағы Үкіметтің негізгі іс-қимылы өндірістің бәсекелестік қабілеті бар салаларын ынталандыру, отандық ауылшарөнімдерін өткізудің ішкі және сыртқы рыноктарының ауқымын кеңейту, ауыл экономикасын қаржылай сауықтыру, лизингтік қатынастарды дамыту болып табылады.
ҚР Президентінің жоғарыдагы Жарлыгымен бекітілген Қазакстан Республикасы Үкіметі іс-қимылының 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасымен лизинг жүйесін дамыту негізінде астық жинау техникасының паркін жаңартуды және кеңейтуді қамтитын ауыл шаруашылығы саласында нақты міндет қойылған.
Осы бағдарлама жоғарыда көрсетілген міндеттерден туындай отырып әзірленген. Бағдарлама Қостанай облысының ауылшаруашылық секторының қазіргі жағдайын сипаттайды, оны дамытудың артықшылық бағыттарын белгілейді және жаңа ауылшаруашылык қүрылымдарын қүруға және қолдауға бағытталған шаралар кешенін ұсынады.
Тарау 3. 3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
Өндірісті кеңейту және астықты экспортқа шығару Қазақстан экономикасын дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Қостанай облысы еліміздегі бидай және басқа да астық дақылдарын өндіретін негізгі аймақтардың бірі болып табылады. Географиялық жағынан ыңғайлы орналасуына қарай облыс аумағында жоғары сапалы көрсеткіштерімен осетін бидай, оны экспортқа шығарылатын тауар ретінде тартымды етеді. Сондықтан облыста астық рыногі өте ауқымды. 2001 жылы ендірілген 3481 мың тонна астықтың жартысынан астамы облыстан тысқары жерлерге сатылды, оның ішінде 1270 мың тоннасы АҚШ долларымен 130 061 мың сомаға алыс шетелдерге сатылды.
Дегенмен де облыста пайданылмай жатқан резервтер мен әлеуеттер бар. Осыған байланысты өңделетін алқаптар көлемін үлғайтуға мүмкіндік беретін, әдетте қажетті агротехнологияны сақтай отырып және ауылшарөнімдерінің рыногінде тыңғылықты бәсекелестікті үлғайтуға укпал жасайтын жаңадан қүрылатын ауылшарқүрылымдарын қолдау іюлыстың дамуының маңызды артыкшылығы болып қалыптасады.
Облыс экономикасының аграрлық секторында әр түрлі жағдайлардың ииуының және ықпал етуінің нәтижесінде шаруашылықтардың белгілі құрылымдары қалыптасты.
Қазіргі уақытта облыс экономикасының осы саласында ірі, орта, шагын шаруа қожалықтары, шагын шаруа қожалықтары мен аулалар бір мезгілде жұмыс істеп жатыр.
Егіс алқаптары кемінде 10 мың га болатын ірі агроөндірістік фирмалардың мықты экономикалық базасы бар, ауыл шаруашылығын жүргізуі үшін олардың ірі инфрақүрылымдары (элеваторлары, тоқтары, диірмендері, машина-трактор, автокөлік базалары және т.б.) бар. Облыстағы осындай шаруашылықтар саны - 69.
«Орта шаруашылықтардың өздерінің 3 мыңнан 10 мың гектарға дейін егіс алқаптары бар. Бүл шаруашылықтар да мығым түр, олар тек қана астық және басқа да дақылдар өндірумен қоймай, оны өңдеумен, өздерінің өнімдерін эскпортқа шығарып сатумен айналысады. Облыстағы орта шаруашылықтар саны - 120.
Кіші шаруашылықтардың 3 мың гектарға дейін егіс алқаптары бар. Негізінен олар шағын шаруашылықтармен салыстырғанда мығым, экономикасы салауатты шаруашылықтар. Олардың қажетті техникасы мен айналым қаражаттары бар. Облыстағы мүндай шаруашылықтар саны - 200.
Кішігірім шаруашылықтар жеке немесе отбасылық кәсіпкерлік үшін негізінен шаруа қожалықтары түрінде қүрылган және бір шаруашылыққа орташа 100 гектарға жуық егістік алқабы болады.
Аулалар - отбасының тамақ өнімдеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізілетін шаруашылықтар. Мүндай шаруашылықтардың азғантай жер учаскелері болады және жергілікті базарлада өнімдерінің артығын сата немесе айырбастай отырып нақтылы шаруашылықтар жүргізумен айналысады.
Костанай облысында ауылшаруашылық дақылдарын осіру үшін бейімделген 7,5 млн. гектарға жуық жер бар. Осы мақсаттар үшін пайдаланатын жердің нақты көлемі 3,4 млн. га жерді қүрайды, яғни барлық жарамды жердің 45 пайызы ғана. Сонымен облыстың 4 млн. гектардан астам ауылшаруашылық өндірісіндегі үдеріске тартылмаған. Жүргізілген талдау көрсеткендей, жері және орта жүмыс істеп түрған ауылшарқүрылымдары ондірістің экстенсивтік жолынан интенсивтік жолына көшуде, олар жаңа алқаптарды игеруге назар аудармай, қолда бар игерілген алқаптардан алынатын астық өнімділігінің деңгейін арттыруға баса назар аударуда. Сондықтан тыңайтылған жерлерді оңдеумен негізінен жаңадан қүрылған ауылшарқүрылымдары айналысуы мүмкін. Ол үшін оларды құру және дамыту үшін қажетті жағдайлар туындалуы керек.
Шағын шаруашылықтарды қүру және дамыту барысында олардың қалыптасуына кедергі жасайтын бірқатар елеулі қиындықтар кедергі жасайды. Аймақта шағын кәсіпкерлікті дамытуға кедергі жасайтын негізгі факторлар төмендегілер болып табылады:
Тармақша 1
1) бастапқы капиталды құру проблемасы: жаңа кәсіпорындарды құрғанда кездесетін негізгі кедергі негізгі қорларды сатып алуға сияқты айналым қаражатын толықтыруға өздерінің қаржысының жетіспейтіндігі болып табылады;
Тармақша 2
2) өздерінің ісін кеңейту, айналым қаражатын толықтыру үшін несиелік ресурстар алу проблемасымен байланысты қаржы-несиелік ресурстарға қолдың жете бермейтіндігі;
Тармақша 3
3) шикізат сатып алумен және дайын өнімді өткізумен байланысты (бағасы жоғары, жоғары бәсекелестік, рыноктагы ахуал туралы қажетті ақпараттың болмауы) қиындықтар.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі жаңа ауылшаруашылық өндірістерін ұйымдастыруға белгілі бір дәрежеде кері әсерін тигізеді және олардың қызметіне қиындықтар туғызады.
Бұгінде, нарық жағдайында жаңа бизнес-қүрылым қүру, оны тиімді ету, барлық тәуекелге баратын және дүрыс шешім қабылдауды есептеп шығару, бір сөзбен айтқанда, нарық жағдайында күн көру әркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін пысықтық, күш пен қуат, білім, машықтық, ақыл және икемділік қажет. Ондай адамдар ауылда өте көп. Бірақ нарық заңдарының күшіне қарай олардың көбі өздерінің жеке істерін ашып немесе ірі және орта шаруашылықтарда мамандар болып істеп жүр. аула шаруашылығымен айналысатын адамдар негізінен орта одан жоғары жастағылар. Олардың бойында мол тәжірибе бола түрса да, көптеген жағдайда олардың бастамашылдығы мен икемдігі болмай жатады. Ауыл жастары оқу бітіргеннен кейін қалаға топтасу үдерісінің әсерінен қалада немесе ауылға келісімен шаруашылыққа жүмысқа орналасады. Сондықтан жаңа шаруашылықтарды қүрарда және дамытуда адам факторының проблемасы пайда болады. Ауылдың кадр әлеуетін күшейту қажет, «жаңа ағым», жаңа ақыл мен күш қажет.
Осындай проблеманы шешу үшін жақсы білім алған, жеке кәсіпорын ашу үшін қажетті мүмкіндіктерге ие жас адамдарға қолайлы жағдай туғызу керек. Содан барып жастардың ауылға оралуы үшін, адам әлеуетін тиімді және үтымды пайдалану үшін экономикалық ынталандырулар жасалады. Мұндай адамдар жақсы білім алған және селолар мен ауылдардан шыққан жоғары оқу орындарын, колледждер мен басқа да оқу мекемелерін бітірушілер немесе студенттер болуы мүмкін.
Әдетте басқа проблема қаладағы жүмыссыздық шешіледі. Жас мамандар арасында қалада жүмыссыздық оте жоғары. Ауылда болашақтың болмауынан ауыл жастары қалада қала отырып, көптеген жағдайларда әртүрлі себептермен жүмысқа орналаса алмайды және уақытша тапқан табысына көңілдері толып жүреді немесе жүмыссыз отырады.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның негізге мақсаты - жас мамандарды жүмыспен қамтуды қамтамасыз ететін ауылда шағын кәсіпкерлік секторын кеңейту, олардың өмірлік деңгейін арттыру, өндіріске жаңа өндірістік қүрылымдар енгізу жолымен облыс экономикасын онан әрі нығайту, егістік жерлерді кеңейту және агроөнеркәсіп саласының кадрлар әлеуетін толықтыру.
Бағдарламаның идеясы - білімді және қабілетті жастар үшін ауылшаруашылығының саласында озінің бизнесін ашу және жүргізу үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туғызу жолымен облыс экономикасының аграрлық секторын дамыту.
Бағдарлама өзінің алдына төмендегідей міндеттерді қояды:
Тармақша 1
1) қайтарымды негізде жаңа ауылшаруашылық өндірістерін ұйымдастыруда жас мамандарға мемлекет тарапынан материалдық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірлеуді. Алдағы уақытта құрылатын ауылшаруашылық кәсіпорындарымен бірлесе іс-қимыл жасаудың қалыптасқан тетігін жасауды;
Тармақша 2
2) банкпен қүрылатын шаруашылықтарды несиелеу жөніндегі мәселердің іс-шараларын әзірлеуді және келісуді;
Тармақша 3
3) үлгілік бизнес-жоспарларды, техника-экономикалық негіздеулер мен баска да қүжаттарды әзірлеуді.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске-асыру тетігі
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске-асыру тетігі
Бағдарламаның неғізгі багыты астық дақылдарының ауылшаруашылық өндірісін қолдау болып табылады. Оңтайлы нәтиже алынған жағдайда, оны одан әрі іске асыруда мал шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы мен ауылшаруашылық өнімдерін үқсату саласында технологияны пайдалану көзделеді.
Бағдарламаның іс-қимыл жасау кезеңінде осы «Жас өркен» аймақтық шағдарламасын іске асыру жоніндегі түрақты Комитет (бүдан әрі - Комитет) құрылады.
Комитет төрағасы болып, осы мәселеге басшылық жасайтын облыс әкімінің орынбасары тагайындалады. Комитеттің міндетті мүшелері ҚМУ мен Банктің өкілдері болуы керек.
Комитеттің функңиялары мен қүзырына төмендегідей мәселелер енеді:
Тармақша 1
1) құрылатын шаруашылықтарға онан әрі лизингке беру үшін арналган ауылшаруашылық техникасын сатып алу және сатып алу алдында дайындау мәселелері жөнінде комиссиялар қүру;
Тармақша 2
2) шаруашылықтар үшін ЖЖМ, түқым және басқа тауарлар жеткізу жөніндегі операторларды белгілеу;
Тармақша 3
3) әлеуетті лизинг алушылар мен жерді жалға алушыларды іріктеу мәселелері жөнінде комиссия күру;
Тармақша 4
4) құрылған шаруашылықтардың шаруашылық қызметі мен экономнкалық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу;
Тармақша 5
5) жауапкершілікті анықтау және осы Бағдарламаның орындалуына бакылау жасауды жүзеге асыру және ол үшін қажетті шараларды қабылдау;
Тармақша 6
6) осы Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі ағымдағы мәселелер.
Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі негізгі шаралар мыналар:
Тармақша 1
1) жас мамандарға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жоніндегі бизнес - жоспарларын әзірлеуде көмек көрсету. Құрылатын шаруашылықтардың үймдастыру - құқықтық нысаны бірлесе қызмет жасау келісім - шарты негізінде (ҚР 1998 жылғы 31.08. шаруа (фермерллік) қожалығы туралы заңының 8 - бабы) жолпы үлестік меншік базасында жеке касіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген немесе қарапайым серіктестік нысанында үйымдастырылған фермерлік шаруашылық нысанындағы шаруа қожалықтары түрінде қарастырады. Бұл нысан шаруашылықтардың мүдделерін ескере отырып, (қарапайым бухгалтерлік есептеу, салықтар мен мемлекеттік тіркеуді мейлінше азайту), сондай - ақ несиегерлердің мүдделерінен (мүндай шаруашылықтар шаруашылық иесіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді) таңдап алынған.
Тармақша 2
2) құрылатын шаруа қожалықтарын лизинг жүйесін қолдану жолымен негізгі құралдармен қамтамасыз ету. Техника орта мерзімдік лизингке 3 жылдық мерзімге беріледі. Ол үшін Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және азық - түлік департаменті жанынан, оған бюджеттен 100 млн. теңге колемінде қаржылық ресурстар боле отырып, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (бүдан әрі - МКК) қүру көзделеді. Бүл қаражат пен құралдар жаңа өндірістерді лизингтік негізде қүралдармен қамтамасыз етуге пайдаланылуға тиіс. Лизинг жүйесі жаңа шаруашылықтар үшін күрделі бір мезгілдік салымдар салуды болдырмауға мүмкіндік туғызады. Ауыл шаруашылығы және азық - түлік департаменті мамандарының әзірлеген жоспары бойынша әр шаруашылыққа техникаларды сатып алу көзделуде.
Техника алған кездегі іріктеу олшемі алынатын ауыл шаруашылық техникасының бағасы мен сапасы болып табылады.
Барлық техника жұмысқа толық дайындық мақсатында, кейіннен жөндеу кәсіпорынының негізгі бөліктер мен агрегаттарына 3 жылдық
мерзімге кепілдік беруімен, арнаулы жөндеу кәсіпорындарында сату алдандағы дайындығынан өтуге тиіс.
Шағын қәсіпкерліктің жаңадан үйымдасқан субъектілері үшін мыналар көзделеді:
Тармақша 1
1) бір қожалыққа 400 гектардан кем емес көлемде мемлекеттік қордан жер бөлу. Жер түрақты жер пайдалануға 49 жылдық мерзімге беріледі.Жерді жер бонитетінің балы жоғары Қарабалық, Федоров, Қостанай, Алтынсарин, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Таран, Меңдіқара, Ұзынкөл, Сарыкол, Әулиекөл аудандарынан бөлу жоспарлануда;
Тармақша 2
2) шағын бизнес субъектілерін несиелеу үшін қор күру;
Тармақша 3
3) көрсетілген ондірістерді шаруашылықтарды Ауыл шаруашылығын несиелеудің үкіметтік бағдарламасы бойынша Банк қаражатынан, басқа қаржылық көздерден несиелеу жолымен айналым қаражатымен қамтамасыз ету;
Тармақша 4. Жас мамандарды іріктеудің принциптері мен тәртібі
4) «Азық - түлік корпорациясы» ЖАҚ мемлекеттік сатып алу жүйесіне енгізу және қажетті маркетингтік ақпаратпен қамтамасыз ету жолымен астық өткізуге көмек көрсету.
Шаруашылықтардың айналымдағы қаражатын толықтыру тікелей Банк несиесі есебінен жүзеге асырылатын болады;
Төмендегі кепілдік түрлері қамтамасыз етушілер болып табылады:
Барлық кепілдік мүліктер ауыртпалықтан еркін болуға тиіс. Кепілдік қамтамасыз ету жеке де, сондай - ақ қосақталған жағдайда да қарастырылуы мүмкін. Несие кепілдік қамтамасыз етудің бағалау қүнының 70% аспайтын сомаға алынуы мүмкін.
Берілетін несиелердің мейлінше коп сомасы 2200000 (екі миллион екі жүз мың) теңгеден артпауы керек.
Несиелерді 2 траншпен беру көзделуде: көктемгі және күзгі жұмыстарға.
Жас мамандарды іріктеудің принциптері мен тәртібі
Құрылатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (ЖШС, шаруа, фермерлік қожалықтары) жемісті экономикалық дамуының кепілі А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ агробиологиялық, инженер - техникалық, ветеринарлық медиңина, экономика, заң факультеттерінің жоғарғы курс студенттерінің арасынан және басқалардан оқуда үздік және жақсы көрсеткіштерге жетіп жүрген жас мамандарды іріктеп алу болып табылады.
Нарықтық жагдайларда шағын кәсіпорынды дамыту үшін өндіріс, өңдеу, онімдерді сақтау және өткізу, маркетинг және тағы басқа да салаларда үйымдастыру - экономикалық мәселелер төңірегінде кәсіби білім талап етіледі.
Осындай көкейтесті мәселелерді шешу үшін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ базасында университеттің профессорлық - оқушылық қүрамын және ауыл шаруашылығы және азық - түлік департаментінің мамандарын тарта отырып тілек білдірген студенттер мен түлектерді арнаулы бағдарлама бойынша (80-100 сағат) оқыту жоспарлануда. Бағдарлама аяқталғасын үміткерлерге кешенді талдау жасау және сынақтан өткізу үшін АШАТД, ЭИКД, ҚМУ және екінші деңгейдегі банк өкілдері міндетті түрде мүше болып кіретін комиссия құрылады.
Комиссия сондай - ақ аудан әкімдері, басқа департаменттер мен басқармалардың, жоғарғы оқу орындарының басқа үйымдардың окілдері кіруі мүмкін.
Комиссия лизинг алушылар мен жерді жалдаушыларды іріктеудің ережерелерін әзірлейді және бекітеді.
Лизинг алушылар жерді жалға алушыларды іріктеуге арналған өлшемдер:
Тармақша 1
1) меншік иелерінің (ата- аналарының, жақын туысқандары мен баска кепіл берушілердің) төлемге қабілеттілігі;
Тармақша 2
2) ауылшаруашылық ондірісін ұйымдастыру және жүргізуге қажетті білімдер мен машықтарды игеру.
Тармақша 3
3) Бағдарламаны жүзеге асыру әзірленген іс-шараларды сәйкес қарастырылады.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны іске асыруға қатысушы органдардың бірлесе іс-қимыл
жасауы
6. Бағдарламаны іске асыруға қатысушы органдардың бірлесе іс-қимыл
жасауы
Қостанай облысы әкиматымен, лизинг жүйесін қолдану арқылы, жана бизнес-құрылымдарды негізгі қорлармен қамтамасыз ету үшін облыстык бюджеттен керекті қаржы ресурстан болу жолымен «Жас-Өркен» МКК құрылды.
Аудан әкімдері жаңадан қүрылатын шаруа қожалықтарына арнаулы жер қорынан жер телімдерін бөліп береді, сонымен қатар, жаңа өндірістерді айналымдағы қорлармен қамтамасыз ету үшін, оларға Халықтық банкімен несие бөлу көзделген.
Ауыл шаруашылығы саласының сапалы даму жағдайларын шешу үшін Қостанай мемлекеттік университеті жас мамандарды сүрыптаудан өткізуді жоспарлайды, әрі оларды арнаулы бағдарламамен оқытады.
Шаруа қожалықтарының қызметіне мониторинғ және бақылау жүргізу мақсатында «Жас өркен» бағдарламасын іске асыру комитеті құрылатын болады
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже «Жас өркен» аймақтык бағдарламасын жүзеге асыру:
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже «Жас өркен» аймақтык бағдарламасын жүзеге асыру:
Тармақша 1
1) облыстық ауылшаруашылық кәсіпорындарына мемлекет тарапынан практикалық қөмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) Қостанай облысының ауылшаруашылық секторынын одан әрі сапалы дамуына жағдайлар жасайды;
Тармақша 3
3) ауыларөнімдерін өндіру рыногындағы бәсекелестік деңгейін арттырады;
Тармақша 4
4) салық салынатын базаны кеңейтеді;
Тармақша 5
5) экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында және сектордың бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасайды;
Тармақша 6
6) кала мен селоларды жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7) облыстың адамдық, кадлық әлеуметтік тиімдірек пайдалануға мүмкіндік туғызады, селоға білімді жастардың қайтып оралуына экономикалық ынталандыру жағдайларын жасайды.
Тарау 8. 8. «Жас өркен» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. «Жас өркен» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары