Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2002 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2002 года
- Атауы (қаз.)
- 2002 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17/10-5
- Қабылданған күні
- 17.04.2002
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2011 AI12231_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V02S000639_
- ЭКБ идентификаторы
- 12231
- Редакция идентификаторы
- AI12231_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:09
0 2002 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.09.26 № 27 Шешімімен
"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Z939000_ Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13 бабына сәйкес және "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2002 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезекті шақыру туралы" U020844_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылдың 8 сәуірдегі N 844 Жарлығын жүзеге асыру мақсаттарында облыстық мәслихат пен облыс әкімі ШЕШТІ:
1
1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ, шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар 2002 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға мерзiмдi әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2 2. Облыстың шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Петропавл қаласы мен аудандар әкіміне:
1 1) аудандар мен қаланың жергілікті өкілетті органдарымен бірлесе отырып, әскери комиссариаттар арқылы мерзімдік әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін;
2 2) аудандық және қалалық шақыру комиссиясының құрамы және шақыруды жүргізу кестесі бекітілсін;
3 3) шақыру комиссиясының жұмысы үшін әскери комиссариаттар үй-жаймен қамтамасыз етілсін;
4 4) шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшін азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келулері қамтамасыз етілсін, осы мақсаттар үшін құлақтандыру және әскерге шақырылғандарды іздестіру тобы бөлінсін;
5 5) қажетті санда техникалық қызметкерлер мен көлік бөлінсін;
6 6) көрсетілген іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар көрсетілген іс-шараларға бөлінген ассигнация шегінде жергілікті бюджет есебінен іске асырылсын.
4 4. Денсаулық сақтау департаментіне:
1 1) Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссияның жұмысы қамтамасыз етілсін:
2 2) шақырылушыларды медициналық куәлендіру жөніндегі комиссия дәрігер-мамандармен, әсіресе тар саладағы мамандармен жинақталсын;
3 3) шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық зерттеу үшін емдеу-профилактикалық мекемелерде орындар көзделсін.
5 5. Ішкі істер басқармасына:
1 1) шақыру комиссиясының құрамына Петропавл қаласының басшылығы және аудандық ішкі істер бөлімі құрамынан лауазымды тұлғалары енгізілсін;
2 2) азаматтарды шақыру кезеңінде әскери комиссариатпен байланысты әрекеттер ұйымдастырылсын, шақыру пункттерінде тәртіп пен тәртіптілік қамтамасыз етілсін;
3 3) шақырту кезеңінде облыстық жинау пунктінде тәулік бойы кезекшілік ететін полиция наряды бөлінсін, темір жол стансасы, жас толықтырушыларды әскерге жинау және аттандыру орындарына күшейтілген нарядтарды бөлу қамтамасыз етілсін;
4 4) азаматтардың шақыру пункттеріне келуіне бақылау жүргізілсін, шақырудан жасырынып қалуға жол берілмесін.
6 6. Петропавл қаласының әкімі облыстық жинақтау пунктінде шақырылушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етсін, сондай-ақ азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларды сатуды ұйымдастырсын.
7 7. Мәдениет департаменті шақыру пункттерінде көркемөнерпаздар
ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер
көрсетуді ұйымдастырсын.
8 8. Туризм және спорт басқармасы облыстық жинақтау пунктінде
спорттық-бұқаралық іс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеру
ұйымдастырсын.
9 9. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.В.Развинге
жүктелсін.
23 Облыстық мәслихат пен облыс әкімінің
2002 жылғы 19 сәуірдегі
N 17/10-5 шешіміне
ҚОСЫМША
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
РАЗВИН Сергей Владимирович - облыс әкiмiнiң орынбасары,
комиссия төрағасы
АМАНГЕЛДИЕВ Талғат Бекмұратұлы - облыстық әскери комиссар, төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
ӘКIМХАНОВ
Халел Қайроллаұлы - облыс әкiмi аппаратының басшысы
КРИВОШЕЕВА
Зоя Ивановна
- облыстық аурухананың медбибiсi, комиссия хатшысы
КСЕНЕВ
Олег Викторович
- облыстық әскери комиссариатының
шақыру бөлімінің бастығы
МАҒЗҰМОВ
Азамат Белгiбайұлы
- денсаулық сақтау департаментi
бастығының орынбасары
РУДЫЙ
Петр Васильевич
- облыстық әскери комиссариаттың
дәрiгер-терапевтi
СҰЛТАНОВ
Талғат Дүйсенұлы
- облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары