Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в бюджете на 2002 год на представительские расходы и норм представительских расходов Қолданыста
Басқа 0
2002 жылға арналған облыстық бюджетте өкілеттік шығындар мен өкілеттік шығындар нормаларына қарастырылған қаражаттарды пайдалану Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат Басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
Облыс әкімінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы «Облыстық Мәслихаттың «2002 жылдың облыстық бюджеті туралы» шешімін іске асыру жөніндегі» №4 шешімін іске асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. 2002 жылға арналған облыстық бюджетте өкілеттік шығындарға қарастырылған қаражаттарды пайдалану Ережесі бекітілсін (№1 қосымша);
Тармақ 2
2. Өкілеттік шағындардың нормалары бекітілсін (№2 қосымша);
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалардың әкімдігі өкілеттік шығындар қаражаттардын пайдалану Ережесін жасасын және бекітілсін;
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы А.Е.Базарбаевқа жүктелсін.
Басқа 1. 2002 жылға арналған облыстық бюджетте өкілеттік шығындарға қарастырылған қаражаттарды пайдалану Ережесі
Облыс әкімінің
2002 ж. 24.04
№ 74 шешімімен
бекітілді.
№ 1 қосымша
2002 жылға арналған облыстық бюджетте өкілеттік шығындарға қарастырылған қаражаттарды пайдалану Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже 2002 жылғы облыстық бюджетте өкілеттік шығындарға қарастырылған қаражаттарды пайдалану тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Өкілеттік шығындар – облыстық бюджетте қаржы жылына сәйкес қарастырылатын және облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне шетелдік және басқа да ресми делегацияларды қабылдауға, семинарлар, кеңестер, салтанатты және ресми шаралар өткізуге бөлінетін қаражат.
Өкіліттік шығындарға жататын шығыстар:
Тармақша 1
1) егер де бұл тиісті келісім-шарттармен бекітілген жағдайда келуші жақтық пәтерақы төлімді;
Тармақша 2
2) ресми түстіктер, қонақасы, кофе-брейктер, фуршеттер;
Тармақша 3
3) музыкалық сүйемелдеу;
Тармақша 4
4) сувенирлер, ескерткіш сыйлықтар сатып алу;
Тармақша 5
5) автокөліктік қызмет көрсету;
Тармақша 6
6) аудармашылар қызметінің төлімі;
Тармақша 7
7) залды жалдау;
Тармақша 8
8) облыс әкімімен қаржы басқармасының келісілген басқа да шығындары.
Тармақ 2
2. Өкілеттік шығындарға бөлінген облыстық бюджет қаражаттарын пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің аппараты және атқарушы органдардың ұсынысы негізінде 2002 жылға облыстық бюджетте өкілеттік шығындарға қарастырылған қаражаттардың көлемінен өкілеттік шығындарды талап ететін жылдық шаралар Жоспарын (әрі қарай Жоспар) құрастырады және оны облыс әкімінің келісіміне ұсынады.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің келісімі бойынша облыстық қаржы басқармасы Жоспар негізінде осы шешіммен бекітілген нармаларға сәйкес облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне өкілеттік шығындарға қаражат бөлуді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Өкілеттік шығындарға қаражат бөлу туралы шешім облыс әкімінің шешімімен рәсімделеді.
Тармақ 6
6. Облыстық бағдарлама әкімшілерінің өкілеттік шығындарға облыстық бюджеттен қаражат бөлу жөніндегі өтінішін облыстық қаржы басқармасы:
Тармақша 1
1) шаралар өткізу қажеттігіне негіздеме;
Тармақша 2
2) ресми делегациялардың келу бағдарламасы;
Тармақша 3
3) шараларды өткізу және дайындаудың жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) қатысушылардың келетін саны;
Тармақша 5
5) әрбір шығыстар мен баптары негізделген шығыстар сметасы;
Тармақша 6
6) осы Ереженің 3 тармағына сәйкес Жоспардағы тиісті шаралар болғанда қарастырады.
Тармақ 7
7. Осы Ереженің 2 тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында көрсетілген өкілеттік шығындар бойыеша облыстық бағдарламалар әкімгерлері ұсынатын көрсетілген қызметтерді, ұйымдардың калькуляциялары мен деректемелері көрсетілген растаушы құжаттарды ұсынады.
Тармақ 8
8. Қаржы басқармасы облыс әкімінің шешімі негізінде облыстық бюджеттің тізімдемелеріне өзгертулер енгізілді:
Өкілеттік шығындар облыс аумағында жүзеге асырылса, «Өкілеттілік шығындар» 61 бағдарламасы бойынша облыс әкімінің жоспарлық тағайындалуына азайтылу және тиісті облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне «Өкілеттік шығындардың қаражаты есебінен шаралар өткізу» 23 бағдарламасы бойынша жоспарлық тағайындалуына арттыру жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Облыстағы өкілеттік шығындарды қаржыландыру белгіленген тәртіппен жасалады.
Тарау 3. 3. Есеп беру және бақылау
3. Есеп беру және бақылау
Тармақ 10
10. Қаожы басқармасы өкілеттік шығындарға бөлінген қаражаттардың шығындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Өкілеттік шығындарға қаражат алған облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен тұлғаларды шаралар өткізілген соң 5 күннің ішінде облыстық қаржы басқармасында бөлінген қаражатты пайдаланғаны жөнінде бірінші басшының (оны ауыстырушы тұлғаның) қолы қойылған есептерді тапсыруға тиісті.
өткізілген шараға қатысушылардың санын растайтын құжат;
осы Ереженің 2 тармағының 8 тармақшасына сәйкес облыс әкімінің өзге де шығындар бойынша шешімі;
ұйымдардың қызметтері мен жұмыстарына, сатылған тауарларына сәйкес мөрмен сенімделген, көрсетілген қызметтер мен жұмыстардың сатып алған тауарлардың көлемі мен бағасы көрсетілген растаушы құжаттар (түбіртектер, шот-фактуралар, жөнелтпе құжаттар);
осы Ереженің 2 тармағының 1 тармақшасында айтылған келісілген шарттардың сенімделген көшірмелері.
Тармақ 12
12. Өкілеттік шығындарға бөлінген қаражаттардың мақсатқа және тиімді пайдаланылу жауапкершілігі қаражат алушыға жүктеледі.
Басқа 2. Салық салынатын кірістерді анықтау кезінде шегеруге жататын өкілеттік шығындардың нормалары
Облыс әкімінің
2002 ж. 24.04
№ 74 шешімімен
бекітілді.
№ 2 қосымша
Салық салынатын кірістерді анықтау кезінде шегеруге жататын өкілеттік шығындардың нормалары
Шығындардың атауы
Құны (айлық есептік көрсеткішпен)
1. Тұлғаларды ресми қабылдауды өткізу бойынша шығындар (бір адамға күндік есебінен).
8,0-ге дейін
2. Келіссөз уақытында буфеттік (фуршеттік) қызмет көрсету (аудармашы мен жолсерікті қосқанда әр адамға бір күн есебінен).
1,5-ке дейін
3. Делегацияны қабылдауға ұыймның штатында тұрмайтын аудармашы қызметінің төлемі (бір сағатқа).
1,0-ге дейін
4. Көліктік қызмет көрсету (бір сағатқа).
1,0-ге дейін
Ескерту:
Тармақ 1
1. Тұлғаларды ресми қабылдауды өткізу уақытында қабылдаушылар жағынан қатысушылардың саны қабылданатын делегациялар жағынан қатысушылардың санынан аспауы қажет.
Тармақ 2
2. Делегацияның құамы 5 адамнан асқанда, делегацияға қызмет көрсететін жолсеріктер мен аудармашылардың саны 5 делегация мүшесіне кемінде 1 аудармашы немесе жолсерік есебінен айқындалуы тиіс.