Қолданыстағы ред. 24.04.2002 (Редакция 12951_357535.kaz)

2002 жылы облыс азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау туралы от 24.04.2002 г. № 26/19 (2002 жылы облыс азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау туралы)

0

2002 жылы облыс азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау туралы
Облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiнiң бастығы Р.Ш. Шөкеевтiң 2002 жылы облыс азаматтарының жекеленген санаттарын әлеуметтiк қолдау туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:

1

1. Қоса берiлiп отырған:

1

1) 6.2.105.60.00 "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк төлемдер";

2

2) 258.34.00 "Сауықтыру бағдарламасы бойынша мүгедектердi оқыту"

3

3) 258.36.00 "Ұлы Отан соғысының Батырларын, Халық Қаһарманы, Социалистiк Еңбек Ерi, үш дәрежелi жауынгерлiк "Даңқ" және "Отан" ордендерiмен марапатталғандарды жерлеу жөнiндегi рәсiмi қызметтерiн көрсету";

4

4) 258.57.00 "Жергiлiктi деңгейде мүгедектердi әлеуметтiк қолдау" бюджеттiк бағдарламалары (бұдан әрi - Бағдарламалар);

5

5) 258.57.31 "Сырттан көмектi қажет ететiн жалғызiлiктi мүгедектердi мемлекеттiк жәрдемақыларға арналған қосымша үстемақылар";

6

6) 258.57.32 "Санаторлық-курорттың емдеу жөнiндегi жеңiлдiктер";

7

7) 258.57.33 "Мүгедектердi техникалық және басқа құралдармен қамтамасыз ету" кiшi бағдарламалар бекiтiлсiн.

2

2. Облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментi 2003 жылғы 10 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаларды және Кiшi бағдарламаларды жүзеге асыру туралы ақпарат шығатын болсын.

3

3. Облыс қаржы департаментi 2002 жылға арналған облыстық бюджеттi нақтылаған кезде Бағдарламаларды және Кiшi бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражат қарастырсын.

4

4. Осы шешiмнiң жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.