Облыстың 2002 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Есепті жылы жергілікті атқарушы органдардың күш-жігері Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын және облыс әкімінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын орындауға бағытталды.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық бағдарламаларын іске асыру жалғастырылды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде экономика өсуі және халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарылауы байқалуда. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 33,9 пайызға, жалпы ауылшаруашылығы өнімі 3,3 пайызға, негізгі капиталға тартылған инвестициялар 62,0 пайызға, сыртқы тауар айналымы 1,9 есеге өсті. Жалпы салық түсімдерінің болжамы 105,8 пайызға, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 104,8 пайызға орындалды. Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстары 9,6 пайызға, орташа айлық жалақы 19,3 пайызға, халықтың банк мекемелеріндегі депозиттері 53,3 пайызға көбейді. Жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрап, жыл басынан 0,1 пайыздық пунктке томендеді.
Сонымен қатар, аудан және Қызылорда қаласы әкімдерінің, облыстық басқармалар мен ведомстволардың облыс әкімінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысында кемшіліктер мен олқылықтар бар.
Өңдеу өнеркәсібінде өндірістің біршама өсуіне қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі 12,6 пайызға төмендеді. Қармақшы ауданында өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы (26,7 %-ға) жіберілді.
Жекелеген аймақтарда ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа технологиялар мен техника баяу енгізілуде, әртараптандыру бағдарламасын іске асыруда кемшіліктер жіберілуде.
Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аудандарында негізгі капиталға тартылған инвестициялар төмендеп кетті.
Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария және Шиелі аудандарында кедейлер саны баяу төмендеуде. Қызылорда қаласында жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.
Халықтың жекелеген жұқпалы аурулармен науқастану деңгейі жоғары болып қалуда.
Облыс әкімінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын одан әрі іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыстың 2002 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы от 31.01.2003 г. № 425 (Облыстың 2002 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы)
1. Облыстық экономика басқармасының бастығы Б. Шәменованың «Облыстың 2002 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» хабарламасы қаперге алынсын.
2. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттер :
аймақтардың (салалардың) 2002 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын қарасын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауындағы қағидаларынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы мен облыс әкімінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасынан туындайтын 2003 жылға міндеттерді айқындасын;
ағымдағы жылдың I тоқсаны ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі процедураларды өткізу үшін тиісті құжаттарды дайындасын.
3. Облыстық экономика басқармасы (Б. Шәменова):
ағымдағы жылдың I тоқсаны ішінде облыстың 2003-2005 жылдарға арналған инвестициялар бағдарламасы жобасын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына енгізсін;
мүдделі облыстық ұйымдармен бірлесіп республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына бақылау орнатсын және тоқсан сайын облыс әкімиятына баяндасын.
4. Арал ауданының әкімі (Б. Қодаманов) ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін Арал қаласының дамуы бағдарламасының жобасын әзірлеп, облыстық экономика басқармасына тапсырсын.
5. Облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы (К. Нұрекешов) ағымдағы жылдың I тоқсаны ішінде 2003 жылға «Жергілікті деңгейдегі жобалау-іздестіру, конструкторлық және технологиялық жұмыстар» және «Ауыз сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша ашық конкурс өткізу үшін тиісті құжаттарды дайындасын.
6. Облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы (С. Мырзашев) ағымдағы жылдың I жартыжылдығы ішінде облыстың 2010 жылға дейінгі индустриялық даму бағдарламасының жобасын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына енгізсін.
7. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ. Ахметов), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасы (П. Балкеев) (келісім бойынша) және «Қызылордасушаруашылығы» МКК-ы ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін 2003 жылдың көктемгі дала жұмыстары мен мал төлдету науқанына дайындық пен өткізу жөнінде іс- шаралар жоспарын әзірлесін.
8. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін аудандар және Қызылорда қаласы әкімдерімен және мүдделі облыстық басқармаларымен бірлесіп 2003-2005 жылдарға арналған «Ауыл» бағдарламасы жобасын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына енгізсін.
9. Облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы (Қ. Арынов) ағымдағы жылдың I тоқсаны ішінде 2003-2005 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен жергілікті бюджет қаржысынан шағын несиелер беру ережелері жобаларын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына енгізсін.
10. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау (М. Мәселеева), көші-қон және демография (Б. Жәукебаева) (келісім бойынша) басқармалары «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шараларды, аймақтық оралмандарды қолдау бағдарламасын орындау жөніндегі жұмысты күшейтсін.
11. Облыс бойынша салық комитеті (Ә. Тілегенов) (келісім бойынша), қаржы полициясы департаменті (М. Нәлібаев) (келісім бойынша), қаржы бақылау басқармасы (С. Аманжолов) (келісім бойынша), кеден басқармасы (М. Есенов) (келісім бойынша), облыстық қаржы басқармасы (Қ. Әжібеков), табиғат қорғау шаралары жөніндегі басқармасы (Б. Ахметов), зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық филиалы (Ганская Г.) (келісім бойынша) бюджетке салықтар мен басқа да төлемдер түсуінің айлық болжамының орындалуына, зейнетақының, жәрдемақының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерінің қызметкерлері жалақысының уақытылы төленуіне, бюджет қаржысының мақсатты және тиімді пайдаланылуына қатаң бақылау орнатсын.
12. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыс бойынша департаменті (С. Мырзабеков) (келісім бойынша) шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалақы бойынша қарыздарын қысқарту жөніндегі жұмысты күшейтсін.
13. Облыстық қоршаған ортаны қорғау (Қ. Шапшанов) (келісім бойынша) орман және аң шаруашылығы (И. Әбибуллаев) (келісім бойынша) басқармалары, Арал-Сырдария бассейіндік-су шаруашылығы басқармасы (Ә. Қарлыханов) (келісім бойынша) табиғат қорғау заңнамасының сақталуына бақылауды қамтамасыз етсін.
14. Ағымдағы жылдың I тоқсаны ішінде:
облыстық білім басқармасы (М. Өтемұратов) 2003-2005 жылдарға арналған кәсіптік-техникалық мектептерді дамыту және білім жүйесін ақпараттандыру жөніндегі бағдарламалардың жобаларын;
облыстық мәдениет басқармасы (Ж. Жонтаева) 2003-2005 жылдарға арналған мәдениет пен өнер мекемелері қызметін дамыту бағдарламасының жобасын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына енгізсін.
15. Облыстық ішкі саясат департаменті (М. Әбенов) ағымдағы жылдың I тоқсаны ішінде 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық жастар бағдарламасының жобасын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына енгізсін.
16. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д. Дәулетбаев) ағымдағы жылдың I тоқсаны ішінде облыстың денсаулық сақтау саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына енгізсін.
17. Туризм және спорт басқармасы (Е. Нұрғали) бұқаралық спортты дамытудың аймақтық бағдарламасын орындауды қамтамасыз етсін.
18. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы (Қ. Әбенов) коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру жөніндегі жұмысты жалғастырсын және олардың мақсатты пайдалануына бақылау орнатсын.
19. Облыстың ішкі істер басқармасы (X. Досқалиев) (келісім бойынша) ағымдағы жылдың I тоқсаны ішінде 2003-2004 жылдарға арналған облыстағы құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күрестің алдын алу бағдарламасының жобасын әзірлеп, облыс әкімиятының қарауына енгізсін.
20. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық басқармалар, департаменттер мен ведомстволар осы қаулының орындалуы туралы 2003 жылдың 10 шілдесіне баяндасын.
21. Осы қаулының орындауына бакылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.