Құжат мәтініне өту

"Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы

Қаулы · № 154 · қабылданған 04.12.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2002-ekb-15568/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
"Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 154 ·04.12.2002
25.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 154 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы
Атауы (қаз.)
"Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
154
Қабылданған күні
04.12.2002
Көрсетілген редакция
25.07.2011 · қолданыстағы AI15568_0.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V02LH002790
ЭКБ идентификаторы
15568
Редакция идентификаторы
AI15568_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:41

0 "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 25.07.2011 № 310 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын, "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 945Жарлығын және облыс әкімиятының 2002 жылғы 18 қазандағы N 335 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 945 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жыл 19 қыркүйектегі N И-787, ССІ-109 тапсырмасы басшылыққа алынсын.

2

2. "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 945 Жарлығына сәйкес Қызылорда облысы, Сырдария ауданы аумағына Өзбекстан Республикасынан келген оралман отбасыларын қабылдау мен орналастыру жөніндегі тапсырманың орындалуы қамтамасыз етілсін.

3 3. Ауылдар мен Тереңөзек кентінің әкімдері оралмандарға жеке тұрғын-үй құрылысын салу үшін жер телімдерін беруде "Оралмандарға жеке тұрғын-үй салу үшін жер телімдерін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 шілдедегі N 748 қаулысын басшылыққа алсын.

4 4. Ауылдар мен Тереңөзек кентінің әкімдері, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі:

1/ зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақытылы тағайындау мен төленуін қамтамасыз етсін;
2/ еңбекке қабілетті оралман отбасы мүшелерін жұмыспен, сондай-ақ, қажет болған жағдайда мамандығы бойынша даярлау және қайта даярлауды қамтамасыз ету шараларын қабылдасын.

5 5. Ауылдар мен Тереңөзек кентінің әкімдері, аудандық құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі оралмандарға бос тұрған ғимараттар есебінен тұрғын үй бөлудің мүмкіндігін және жөндеу жұмыстарына кететін шығындарын қарастырсын.

6 6. Аудандық экономика және кіші кәсіпкерлікті қолдау бөлімі оралмандардың отбасыларына шаруа қожалықтарын құруға, шағын және орта бизнесті дамытуға қайтарымды негізде қаражат бөлінуіне ықпал жасасын.

7 7. Аудандық ішкі істер бөлімі оралмандардың Қазақстан республикасының азаматтығын алуы үшін қажетті құжаттардың берілуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдасын.

8

8. Аудандық білім бөлімі оралмандардың мектеп жасындағы балаларын білім беру мекемелеріне тартуды, сондай-ақ, қажет болған жағдайда қазақ тілін оқыту мен жазу үшін дайындық курстар ашуды ұйымдастырсын. Оралмандардың мектеп жасындағы балаларына жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының қаражаты есебінен материалдық жәрдем көрсетсін.

9 9. Аудандық денсаулық сақтау бөлімі аудан аумағына көшіп келген оралмандардың дәрігерлік тексеруден өту және дәрігерлік көмектің берілуін ұйымдастырсын.

10 10. Ауылдар мен Тереңөзек кентінің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары 2002 жылдың 15 желтоқсанына осы әкімият қаулысының орындалу барысы туралы аудан әкімиятына ақпарат беретін болсын.

11 11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж.Тағыбаевқа жүктелсін.

Қолданыстағы