О внесении изменений и дополнений в приказ Министерства здравоохранения Республики Казахстан от 20.02.02 г. N 185
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министерства здравоохранения Республики Казахстан от 20.02.02 г. N 185
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 185 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 394
- Қабылданған күні
- 18.04.2002
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2010 AI12165_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V020001854_
- ЭКБ идентификаторы
- 12165
- Редакция идентификаторы
- AI12165_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:08
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 185 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 21 ақпанда N 1758 мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 185 бұйрығын келісілуге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сын-пікіріне байланысты бұйырамын:
1 1. "Мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 185 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеудің ережесінде:
1 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мамандық бойынша жұмыс өтіліне сол мамандық бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарға қарамастан мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да ұйымдардағы жұмыстың уақыты есептеледі.";
2-тармақтағы 1) тармақша "аспирантура" деген сөзден кейін ", клиникалық практикамен байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы "аспирантурадағы оқу" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
8 "8) барлық деңгейдегі депутаттардың өкілеттіктерін жүзеге асыру уақыты";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдары медициналық қызметкерлерінің кезекшіліктерін ұйымдастыру және оларға ақы төлеу ережесінде:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
екінші абзацтағы "және мұндай жұмыс (кезекшілік) кестеде қарастырылмаған жағдайда мерзімнен тыс болып табылмайды, соның ішінде басқа қызметкермен ауыстыру мүмкін болмағанда" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы "олардың негізгі жұмыс уақыттарынан тыс" деген
сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацтағы "бір реттік мөлшерде" деген сөздер алынып
тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қаржы
департаменті (Литвиненко Т.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2002 жылғы 1
қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А. Айдархановқа
жүктелсін.
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі