Об утверждении региональной Программы по Акмолинской области по борьбе с наркоманией и наркобизнесом на 2003-2004 годы и персонального состава Региональной комиссии Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы бойынша нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық Бағдарлама мен Аймақтық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 08.04.2005 № 3С-11-21 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № а-12/175 қаулысы мен 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 2-03-21/147 ұсынысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы бойынша нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық Бағдарлама бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы есірткі мен құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы күрес жүргізу жөніндегі Аймақтық комиссияның жеке құрамы бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Аймақтық бағдарламаның жүзеге асырылу барысын бақылау облыстық мәслихаттың жастар істері, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет жөніндегі және депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық, құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды күшіне ие болады.
Басқа 5. МАЗМҰНЫ
1 қосымша Ақмола облыстық мәслихатының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № С-23-3 шешімімен БЕТІЛГЕН Ақмола облысы бойынша нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
Тармақ 1
1. Бағдарламаның төлқұжаты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Тарау 1. 1. Бағдарламаның төлқұжаты
1. Бағдарламаның төлқұжаты Атауы Ақмола облысы бойынша нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама Дайындалуына негіз Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және иглігін арттыру» 1997 жылғы 10 қазандағы жолдауы; Қазақстан Республикасының «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналысы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы». Негізгі дайындаушылар Әділет басқармасы, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, наркологиялық диспансер, есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма, облыстық ІІББ, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, Көкшетау станциясындағы ЖІІБ, кеден басқармасы. Мақсаты Ақмола облысының аумағында нашақорлық пен есірткінің таралуына тиімді қарсы тұру жүйесін құру. Міндеттері
Тармақша 1
1) есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналысына бақылауды күшейту;
Тармақша 2
2) есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналысына қарсы тұру тетіктерін дамыту;
Тармақша 3
3) есірткіні орынсыз қолданудың алдын алу, нашақорлыққа салынғандарды емдеу және ақтау;
Тармақша 4
4) ақпараттық түсінік жұмыстарын ұйымдастыру, нашақорлыққа қарсы күреске қоғамды жұмылдыру. Қаржыландыру көздері Жергілікті бюджет қаржылары, заңды және жеке тұлғалардың еріктерімен берген көмектері.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Ақмола облысы бойынша нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық бағдарламада (әрі қарай Бағдарлама) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес басым бағыттарының бірі ретінде белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030». Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және иглігін арттыру» 1997 жылғы 10 қазандағы жолдауы мен Қазақстан Республикасының «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналысы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Бағдарламаның негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі №736 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы».
Тарау 3. 3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау Бүгінгі таңда нашақорлық пен есірткі бизнесі ең қиын әлеуметтік проблемалардың алдыңғы қатарында, ол ұлттық қауіпсіздікке, экономикалық және әлеуметтік жағдайға, мемлекетіміздің дамуына тікелей кері эсер етіп отыр. Статистикалық деректерге қарағанда 2002 жылдың 8 айында есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз арналысына байланысты 340 қылмыс тіркелген. 176 килограмм әртүрлі есірткі заттар тәркіленіп заңсыз айналысқа тосқауыл қойылды. Әсіресе каннабис және героин топтарына жататын есірткілер кең тараған. Есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналысына байланысты 340 адам ұсталды, оның 6-ы шетел азаматтары. 260 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 129 адам әкімшілік жауапқа тартылды, есірткіні аса көп мөлшерде өткізіп жүрген 128 адам әшкереленді. Соңғы жеті жылда облыста есірткі мен психотроптық заттарды орынсыз қолданушылар мен облыстық наркологиялық диспансерде есепте алынғандардың саны өсіп келе жатқандығы байқалады, мысалы 1995 жылы 213 адам есепте тұрса, 2002 жылдың 12 айына есепке алынғандардың саны 3407 адамға жетті. Жоғарыда айтылған статистикалық деректерді талдау есірткінің заңсыз таратылуы мен оның медицинадан басқа мақсаттарға пайдаланылуына байланысты қылмыстар мен басқа да құқық бұзулардың өсу жағдайы тұрақты сақталып отырғандығын көрсетеді.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері Бағдарламаның мақсаты нашақорлық пен есірткінің Ақмола облысы аумағында таралуына тиімді қарсы тұру жүйесін құру. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттерді шешу қарастырылды:
Тармақша 1
1) есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналысына бақылауды күшейту;
Тармақша 2
2) есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналысына қарсы тұру тетіктерін дамыту;
Тармақша 3
3) есірткіні орынсыз қолданудың алдын алу, нашақорлыққа салынғандарды емдеу және ақтау;
Тармақша 4
4) ақпараттық түсінік жұмыстарын ұйымдастыру, нашақорлыққа қарсы күреске қоғамды жұмылдыруды ұйымдастыру.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері Алға қойған мақсаттарға жету үшін және басым міндеттерді шешу үшін бағдарламада Ақмола облысындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жүйесін нығайту мен одан әрі дамытуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Ең бастысы облыстың жалпы білім беретін мектептері мен орта және жоғары оқу орындарында оқушылар мен жастарға есірткіге қарсы тәрбие беру жөніндегі жұмыстарға ерекше көңіл бөлінетін болады. Осы мақсатта балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында есірткіге қарсы күрес тақырыбына лекциялар оқу, өткізілетін акциялар мен конкурстар, спорт жарыстарын өткізу санын көбейту қарастырылған. Қоғам арасында есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақсатты жұмыстар жалғастырылады, есірткі заттарын қолданудың зияндылығы туралы ақпараттың стандарттары әзірленеді, көрнекі үгіт-насихат құралдары орнатылады. Медициналық ұйымдарды жоғары сапалы дәрі-дәрмектермен, заман талабына сай жабдықтармен, атап айтқанда, сезімтал тест жүйесімен жабдықтау ұйымдастырылады, нарколог мамандардың білімін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. Нашақорларды күштеп емдеуге арналған төсек-орындар саны көбейтіледі. Есірткі сатушыларды қылмыстық жауапқа тартудың маңызды дәлелді базасы «жедел сатып алу» және «жеткізілуін бақылауға алу» әдістері бойынша операциялар жүргізу болып табылады. Осыған байланысты бағдарламада аталған операцияларды жүргізу үшін іс-шаралар қарастырылған. Жергілікті бюджеттен бөлінетін барлық қаржылар, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың еріктерімен берген көмектері бағдарламаны жүзеге асыруға және облыстың нақты іс-шараларды жүзеге асыруға жауапты басқармалар мен ведомстволарына техникалық көмек көрсету аясында техникалар мен жабдықтар сатып алуға жұмсалады. Бағдарламада белгіленген іс-шараларды кезеңдеп жүзеге асыру қарастырылған, ол есірткі проблемаларымен айналысатын барлық құрылымдардың мүдделері мен мүмкіндіктерін барынша үйлестіруге, нашақорлық пен есірткіге қарсы күрестегі облыстың қолда бар күштерін дамыту мен нығайтуға, есірткі айналысына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмінің тиімділігі есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналысына қарсы тұруға, есірткі заттарын орынсыз қолданудың алдын алуға, нашақорларды емдеу мен ақтау жұмыстарын жеделдетуге, шекаралас облыстармен есірткі заттарының заңсыз айналысына бақылау орнатуда тиімді қарым-қатынас орнатуға, бағдарламада қарастырылған барлық іс-шараларды қаржылай қамтамасыз етуге негізделген. Есірткі мен құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі аймақтық комиссия бағдарлама іс-шараларының жүзеге асырылуын үйлестіріп отырады.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері Бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ету жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүргізіледі. Заңды және жеке тұлғалардың есірткіге қарсы іс-шаралар жүргізуге арнап еріктерімен берген көмектері де қолданылуы мүмкін.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер Бағдарламаның жүзеге асырылуынан төмендегі нәтижелер күтілуде: есірткі заттарын, психотроптық заттарды заңсыз айналыстан мейлінше көбірек шығару және есірткі заттары мен психотроптық заттарды орынсыз қолдану нәтижесінде жасалатын қылмыстар санын азайту; есірткі заттарын заңсыз қолданатындарды түгел анықтауға және олардың санын біртіндеп қысқартуға тырысу; халықтың әртүрлі топтарында, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыру; нашақорлық пен есірткі бизнесі таралуына байланысты проблемаларды шешуде қоғамды жұмылдыруға қол жеткізу.
Тарау 8. 8. Ақмола облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі басымды іс-шаралар жоспары
8. Ақмола облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі басымды іс-шаралар жоспары № р/р Іс-шаралар Жауаптылар Қаржыландыру көзі Орындалу мерзімі Болжанып отырылған шығыстар Іске асырылу түрі 2003 жыл 2003 жыл 1). Нашақорлықтың алдын алу және емдеу жөніндегі ұйымдастыру шаралары 1. Есірткеге байланысты проблемаларды шешу үшін көмек көрсету мақсаттарында балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік қызмет көрсету кабинетін ашу Облыс әкімдігі, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жергілікті бюджет 2003 БАҚ арқылы орындалуы туралы ақпарат 2. Оқу орындарының жоспарларына есірткіге қарсы күрес тақырыбы бойынша курстар енгізу, есірткіге қарсы тәрбие берудің көп сатылы бағдарламасын әзірлеу Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы 2003-2004 ж.ж. Білім басқармасының оқу орындарының жоспарларына лекциялар курстарын енгізу туралы бұйрығы 3. Халықаралық есірткеге қарсы күрес күніне (26 маусым) арналған акциялар өткізу, есірткеге қарсы күрес тақырыбына көркем шығармалар кәсіптік байқауларын, спорт жарыстарын өткізу, есірткінің зияны туралы телеарналарда жергілікті кино театрларда деректі, ғылыми, көркем фильмдер көрсету, жалпы білім беретін, орта кәсіптік, кәсіби мектептерде есірткіге қарсы Күрес тақырыбы бойынша үздік сурет, шығарма, плакат байқауларын өткізу Облыс әкімдігі, облыстық білім басқармасы, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім, денсаулық сақтау, туризм және спорт, әділет басқармалары Жергілікті бюджет 2003 ж. 26 маусым және 2004 ж. БАҚ арқылы орындалуы туралы ақпарат, халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған акциялар өткізу туралы бірлескен бұйрық 4. Мемлекеттік органдар нашақорлықпен есірткі бизнесіне қарсы күрес жолында қолданып жатқан іс-шаралар туралы БАҚ арқылы ақпарат ІІББ, ДҚБ, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім, денсаулық сақтау, білім, әділет басқармалары, облыстық кеден басқармасы 2003-2004 ж.ж. Орындалуы туралы ақпарат 5. Ақмола облысында балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру мақсаттарында спорт мектептерін, жасөспірімдер секциялары жүйесін құру, оған ПИК-терді қатыстыру Облыс әкімдігі, облыстық туризм және спорт басқармасы нашақорлық пен есірткеге қарсы аймақтық комиссия, ПИК Жергілікті бюджет 2003 ж. Әкімнің спорт мектептері мен секцияларын ашу туралы шешімі 6. Ақмола наркологиялық диспансерінің базасында кәмелетке жасы толмағандарды емдеу үшін стационарлық бөлім ашу Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жергілік бюджет 2003 ж. Әкімнің кәмелетке жасы толмағандарды емдеу үшін стационарлық бөлім ашу туралы шешімі 7. Әртүрлі деңгейдегі есірткіні теріс пайдаланушылар мен тұрақты мониторинг механизмін әзірлеу және енгізу Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім, денсаулық сақтау, білім басқармалары 2003-2004 ж.ж. Мониторинг механизмін енгізу туралы бірлескен бұйрық 8. Облыстың нашақорлық кең тараған қалалары мен аудандарын анықтау Облыстық денсаулық сақтау, білім, статистика, әділет, ІІБ басқармалары 2003 ж. Облыстың нашақорлық кеңінен тараған аудандары мен қалаларының картасын құру 9. Нашақорлықтың жаңа ахуалын ескере отырып, облыстың нашақорлыққа қарсы күрес қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыстарын жалғастыру Облыс әкімдігі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2003-2004 ж.ж. Есірткімен құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияға ақпарат 10. Бас бостандығынан айыру орындарында наркологиялық қызмет ұйымдастыруды, жабдықтауды жақсарту АЖБК, денсаулық сақтау басқармасы Жергілікті бюджет 2003 ж. Бас бостандығынан айыру орындарында наркологиялық қызмет құру және штаттық бірлік бөлу туралы бұйрық 11. Нашақорлықты диагностикалау үшін жоғары сезімтал тест жүйесін сатып алу, наркология диспансерінің стационарлық бөлімін жоғары тиімді дәрілермен қамтамасыз ету Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жергілікті бюджет 2003 ж. Сезімтал арнайы тест жүйесін сатып алу 12. Дінге сенушілер мен олардың жақындарының есірткіге жиреншін қалыптастыру бойынша діни конфессиялармен байланыс орнату Облыстық білім, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, денсаулық сақтау, басқармалары 2003-2004 ж.ж. Есірткі мен құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы түру жөніндегі аймақтық комиссияға ақпарат 13. Облыста ақпарат және заңсыз есірткі айналысына қарсы күрес әдістерімен алмасу мақсаттарында есірткіге қарсы күрес жұмыстары жөніндегі іс-шаралар өткізу Облыс әкімдігі, облыстық білім, ІІББ, мәдениет, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім, денсаулық сақтау, туризм және спорт, әділет, облыстық кеден басқармалары 2002 ж. қараша Семинарлар, «дөңгелек столдар», конференциялар, БАҚ арқылы ақпараттар 2). Есірткі заттарының, психотроптық затар мен прекурсорлардың заңсыз айналысына қарсы тұру механизмін нығайту 1. Нашақорлықты емдеу және алдын алуға мамандандырылған мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен байланыс орнату және осы ұйымдардың жұмыстарына баға беруді жүзеге асыру Облыстық денсаулық сақтау, білім, әділет, дәрі-дәрмекті бақылау басқармалары 2003 ж. желтоқсан, 2004 ж. желтоқсан Нашақорлықты емдеу және алдын алуға мамандандырылған мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық бірлестіктердің жұмыстарын қорытындылау 2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнайы органдарының есірткіге қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерін материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық нығайту ІІББ, ҮҚК (келісім, бойынша), ҚПД 2003 ж., ақпан-желтоқсан Ведомство бөлімшелерін нығайту туралы ведомстволық бұйрықтар 3. Есірткі заттарын алып өтуге жол бермеу мақсаттарында кедендік бақылау бекеттерін күшейту Облыстық кеден басқармасы, ҰҚК (келісім бойынша), ІІББ, ЖІІБ 2003-2004 ж.ж. Кедендік бақылауды күшейту туралы ведомстволық бұйрық 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің соттық сараптау органдары бөлімшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жалғастыру ҚР ӘМ Ақмола облыстық соттық сараптау ғылыми-өндірістік лабораториясы 2003-2004 ж.ж. ҚР Әділет министрлігіне ақпарат 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сот медицинасы органдарын материалдық қамтамасыз ету жағдайын зерттеп оны жақсарту туралы ұсыныстар енгізу Соттық медицина аймақтық бюросы 2003 жылғы желтоқсан Ақпаратты мүдделі ведомстволарға жіберу 6. Нашақорлыққа байланысты қылмыстар, оған қатысты адамдар, туралы мүдделі мемлекеттік органдар арасында ақпараттар алмасу ІІББ, ҰҚК (келісім бойынша), облыстық кеден басқармасы, ҚПД, денсаулық сақтау, білім басқармалары 2003 жылғы қыркүйек, 2004 жылғы желтоқсан Нашақорлыққа байланысты қылмыстар, оған қатысты адамдар, туралы деректер базасын құру 7. Есірткінің құрамдас заттарын кәсіпорындарда дайындау мен қолдануға мониторинг жүргізу Облыстық өнеркәсіп және сауда, әділет, дәрі-дәрмектерді бақылау басқармалары 2003-2004 жылдары ҚР Әділет министрлігіне ақпарат 8. Кинологиялық қызметті ұйымдастыру және техникалық нығайтуды жүзеге асыру ІІББ, облыстық кеден басқармасы 2004 ж. Есірткі мен құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияға ақпарат 9. Ақмола облысы бойынша есірткі мен құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиясының жұмысын бақылау және үйлестіру Облыс әкімдігі, Әділет басқармасы 2003 ж. желтоқсан Есірткі мен құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиясының жұмыстарын қорытындылау. ҚР Әділет министрлігіне ақпарат 10. Заңды тұлғалардың (филиалдары мен өкілдіктерін) прекусорларды заңсыз дайындау, сыртқа шығарып сату, сырттан әкелу және таратудың заңды айналысын заңсыз айналысқа көшіруін бақылауды жүзеге асыру ІІББ, ҚПД, ҰҚК (келісімі бойынша) әділет, денсаулық сақтау, дәрі-дәрмектерді бақылау басқармалары 2003-2004 ж.ж. Тексеріс жүргізу туралы бірлескен бұйрық 11. Денсаулық сақтау, медицина және халықты дәрімен қамтамасыз ету жүйесінде есірткі заттарын және қоздырғыш заттарды қолдануды реттейтін заңнамалардың қолданылуына тексеріс жүргізу Облыстық прокуратура (келісім бойынша) 2003-2004 ж.ж. Облыстық прокуратураның жұмыс жоспары 12. Шаруашылық субъектілерінің есірткі заттарын және қоздырғыштар мен прекусорларды өндірістік мақсатқа пайдалануына бақылауды күшейту Облыстық прокуратура (келісім бойынша), ІІББ, ауыл шаруашылық, әділет басқармалары 2003 ж. Ведомстволық іс-шаралар жоспарлары 13. Есірткі заттар, психотроптық заттар және прекусорлар айналысы саласына мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру ІІББ, ҰҚК, прокуратура, (келісім бойынша), облыстық кеден басқармасы, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, әділет басқармалары, ҚПД 2003-2004 ж.ж. Ведомстволық бұйрықтар, Есірткі мен құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиясына мемлекеттік бақылауды жетілдіру туралы ұсыныстар енгізу
Басқа 30
2 қосымша Ақмола облыстық мәслихатының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № С-23-3 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы есірткі мен құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы күрес жүргізу жөніндегі Аймақтық комиссияның жеке құрамы 1. Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы 2. Сәдуов Ерлан Ағлашүлы - Ақмола облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары 3. Демеуов Марат Ғанұлы - облыстық ІІББ бастығының орынбасары 4. Белоног Юрий Анатольевич - Ақмола облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрігері 5. Алтынбеков Вадим Дересинович - ІІББ нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі басқармасының бастығы 6. Шоқытов Қуаныш Қинаятұлы - Көкшетау станциясындағы ЖІІБ бастығының орынбасары 7. Ыдрысова Құралай Ғазизқызы - Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бастығының орынбасары 8. Сахнова Валентина Ивановна - Ақмола облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары 9. Куртоев Александр Борисович - Ақмола облыстық кеден басқармасының контробанда мен кеден ережелері бұзылуына қарсы күресті ұйымдастыру жөніндегі бөлімінің бастығы 10. Әділжанов Тұрлыбек Бекбайұлы - Ақмола облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары 11. Кәкенов Серік Қабдөшүлы - Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары 12. Бекенов Адай Балғынбекұлы - Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы 13. Гусев Михаил Михайлович - Ақмола облыстық әділет басқармасының бас маманы