О Программе борьбы с коррупцией в Актюбинской области на 2003-2005 годы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 6 бабының 1 тармағы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 534 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса тіркелген «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы» бекітілсін (бұдан әрі - Бағдарлама).
Тармақ 2
2. Құқық қорғау және басқа бақылаушы органдар, облыстық департаменттер мен басқармаларға осы Бағдарламаны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 4. МАЗМҰНЫ
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы № 5 шешімімен "БЕКІТІЛДІ" Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ МАЗМҰНЫ
Тармақ 1
1. Бағдарлама паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйін талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асырудың тетігі
Тармақ 6
6. Бағдарламаны ресурсттық қамтамасыз ету
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бөлім 1. 1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ Бағдарламаның атауы: Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Әзірлеу үшін негіздеме: Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 534 Жарлығымен бекітілген "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысымен бекітілген "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001 -2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" Негізгі әзірлеушісі: Ақтөбе облысының әкімияты, облыстың құқық қорғау органдары Каржыландыру көздері: Жергілікті бюджет
Бөлім 2. 2. КІРІСПЕ
2. КІРІСПЕ Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы №534 Жарлығымен бекітілген "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Жоспарын іске асыруға бағытталған. Осы Бағдарлама бұның алдындағының қисынды жалғасы бола отырып, бірінші кезекте экономика саласында сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды анықтау мен оларды жоюдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған іс-шараларды көздейді. Бағдарламаны іске асыру төмендегі негізгі мұраттарды сақтап, кең кешенді ұйымдастырудың іс-шараларын жасау және орындауды болжамдайды:
Тармақша 1
1) пәрменділік пен нәтижелілік;
Тармақша 2
2) іске асырушылық (орындаушылық);
Тармақша 3
3) атаулы бағыттылық (жауапкершілік);
Тармақша 4
4) сабақтастық;
Тармақша 5
5) тұрақтылық;
Тармақша 6
6) кешенділік;
Тармақша 7
7) жүйелік. Бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам институттарының да жауапкершілігін арттыруға мән беріліп отыр. Бұл жұмыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік саясатты іске асырудың барысын кеңінен және объективті көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды белсенді насихаттау және түсіндіруге бейімделген бұқаралық ақпарат құралдарына айрықша рөл бөлініп отыр. Осы жұмысты жүргізуге бейімделген барлық мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік әріптестігі сыбайлас жемқорлықты күрт төмендетуге, қоғамның моральдық бастауларын сауықтыруға бағытталуы тиіс.
Бөлім 3. 3. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
3. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ Құқық қорғау органдарының сақтандыру және алдын алу шараларын күшейтуі сыбайлас жемқорлықпен шешуші күресті одан әрі жүргізуге мүмкіндік жасады. 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, мемлекеттік қызмет туралы заңдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын іске асыру мемлекеттік қызметшілердің тәртібін нығайтуға мүмкіндік туғызды. Облыста 2002 жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа және қылмыстарға қарсы күреске бағытталған біршама жұмыс атқарылды, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс жасағандары туралы тіркелген 93 арыз бен хабар бойынша облыстық қылмыстық із кесу органдары 52 қылмыстық іс қозғады және рақымшылық жасау туралы кесімге сәйкес 41 іс бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды. ҚР ҚІЖК 190 бабына байланысты облыс прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа байланысты істерді қозғаудын зандылығын тексеру барысында қылмыстық істі қысқарту туралы 2 заңсыз қаулының күші бұзылды. 2002 жылы сыбайлас жемқорлық жөнінде жүргізілген тергеу жұмыстары 2001 жылғы 7 қылмыстық істі қоса алғанда жалпы саны 59 істі құрады. Прокурорлар 11 қылмыстық іс қозғады, оның 10-ы сотқа жіберілді. Облыстың ішкі істер органдарымен анықталған 46 сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстың 18 ісі бойынша қылмыстық іс қозғады, рақымшылық жасау жөніндегі кесімге байланысты 37 қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды, облыстың қаржы полициясы органдары 18 қылмыстық іс, облыс бойынша ұлттық қауіпсіздік Комитетінің департаменті 8 қылмыстық іс қозғады және 1 материал бойынша рақымшылық жасау кесіміне сәйкес қылмыстық істі қозғаудан бас тартылды. Сонымен бір мезгілде, мемлекеттік саясаттың бұл бағыттағы оң үрдістерімен қатар шешілмеген проблемалардың да бар екені байқалады. Біріншіден, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын қабылдау сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықпен күрестің бастапқы кезеңінде оң серпіліс берді. Алайда, соңғы екі жылдағы құқық қолдану практикасы әсіресе экономикалық процестерді, шаруашылық субъектілер қызметін құқықтық реттеу саласында бірқатар жаңа заңдар қабылдау, қолданыстағы заңдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін көрсетті. Екіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең өрістетілген қызмет белгілі бір дәрежеде төменгі деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың туындауын қысқартты. Алайда мемлекеттік қызметшілердің неғүрлым биік деңгейлері, жемқорлардың жоғары және орта буындары мемлекеттің сыбайлас жемқорлыкка қарсы қолданылып жүрген шаралардан әлі де тыс қалып отыр. Өзін ақтамаған мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастырудың практикасы, белгілі бір басшының "командасын" жасақтау негіздері бойынша кадрларды бей-берекет ауыстыруы "уақытша адам" стереотипін туғызады, сөйтіп сыбайлас жемқорлықтың белең алуына жағдай жасайды. Осыған байланысты мемлекеттік қызметті жетілдіру мен мемлекеттік қызметшілерді іскерлік пен кәсіптік қасиеттеріне қарай қабылдау, жылжыту мұраттарын енгізу жөнінде қосымша шаралар кешені талап етіледі. Үшіншіден, азаматтық қоғамның мемлекеттік билік органдарына сенім дәрежесінің жеткіліксіздігі, халықтың құқықтық білім деңгейінің төмендігі заңдардың нашар орындалуын туғызып қана қоймай, қоғамда құқықтық мәдениеттің де құқықтық жауапкершіліктің де дамуын тежейді. Елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы туралы халықты тұрақты хабардар етіп отыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау, арнаулы білім беру бағдарламаларын енгізу сыбайлас жемқорлықтың көрініс беруіне қоғамның төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға, билік институттарына сенімінің артуына ықпал етуі тиіс.
Бөлім 4. 4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Бағдарламаның басты мақсаттары:
Тармақша 1
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлық деңгейін, мемлекет пен жеке адамның өмірлік қызметінің барлық саласында оның көрініс беруін төмендету;
Тармақша 3
3) қоғамның мемлекет пен оның институттарына деген сенімін нығайту;
Тармақша 4
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты тереңдету. Мақсаттарды іске асыру үшін мынадай басым міндеттерді шешу көзделеді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың экономикаға, ең алдымен олардың рұқсат берушілік функцияларына қатысты бөлігінде тікелей араласуын қысқарту;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлықтың көзі ретінде "көлеңкелі экономикаға" қарсы өзара әрекет жөнінде батыл шаралар қолдануды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау мен іске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің рөлін арттыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына халықтың қалың жіктерінің қатысуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық ұйымдармен халықаралық серіктестікті күшейту.
Бөлім 5. 5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІГІ
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІГІ
Бөлім 5.1. 5.1. Жалпы сипаттағы іс-шаралар
5.1. Жалпы сипаттағы іс-шаралар Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге бағытталған ведомствоішілік ұйымдастыру іс шаралары жоспарын әзірлеу:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметтің беделін көтеру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қызметшілер тәртібінің этикалық нормаларын орнықтыру саясатын жалғастыру, тапсырылған жұмыс учаскесінде жеке жауапкершілікті арттыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесінде кадрлар резерві мен тиімді пайдаланылуын және ауысып өтуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметте өсіруде тамыр-таныстық пен топтық байланыстардың теріс әсерін жою;
Тармақша 4
4) құқық қорғау органдары кадрларын жасақтау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған адамдардың мемлекеттік билік және жергілікті мемлекеттік басқару органдарында лауазым иеленуіне неғүрлым қатаң заңдық шектеулер қою;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызметшілердің табыстары туралы декларацияларының дұрыстығын тексеру тетіктерін жетілдіру;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мемлекеттік тапсырыстар мен келісім шарттар орындауға қатысу мүмкіндігін болдырмау мақсатында олар туралы деректер банкін жасау;
Тармақша 8
8) биліктің мемлекеттік институттарында сайланбалылықты кеңейту, азаматтық қоғам институттарын нығайту жолымен демократиялық нормаларды енгізу. Сыбайлас жемқорлықтың көзі - "көлеңкелі экономикаға" қарсы өзара іс-қимыл:
Тармақша 1
1) "көлеңкелі экономиканы" қысқартуға ықпал етуші экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтерінің мейлінше ашық және нақты реттелуіне қол жеткізу;
Тармақша 2
2) капиталдың сыртқа кету себептерін жою және бұл қаражаттың ұлттық экономиканың нақты секторына қайтарылуы үшін жағдай жасау;
Тармақша 3
3) ішкі рынокта отандық тауарлардың бәсекелестік қабілетін арттыру, инвестициялардың ең алдымен отандық капиталдың экономиканың өндірістік саласына келуін ынталандыру;
Тармақша 4
4) бюджет саласын нығайту, бюджет тапшылығын азайту, бюджет тәртібін нығайту және бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету, барлық деңгейде нақты және іске асырылатын бюджеттерге көшуді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) заңсыз жинақталған капиталды "тазартуға" жәрдемдесетін тетіктер мен жағдайларды жою;
Тармақша 6
6) валюта және экспорт-импорт операцияларына бақылаудың тиімділігін арттыру, осындай операцияларды кепілді қамтамасыз ету (сақтандыру) шараларын қолдану, осы мәселе бойынша мемлекетаралық келісім негізін кеңейту;
Тармақша 7
7) концессиялық келісімдердің, мемлекеттік меншік объектілерін басқаруға беру туралы, мемлекет қаражатын пайдалану туралы келісімдердің дайындалуы мен орындалуын тексеру және мәнді бақылау, мемлекеттік қаражат пен мүліктердің тозуы мен есептен шығарылуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) экономикалық қызметтің барлық саласында барлық меншік үлгілерінің тең экономикалық және құқықтық қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) кеден рәсімдерін жүргізуде экспорттық және импорттық келісім- шарттардың тиеу алдындағы тәуелсіз инспекциясы жүйесін енгізу;
Тармақша 10
10) шекара арқылы жүретін, соның ішінде транзиттік жүктер туралы бірыңғай ақпараттық мәліметтер жүйесін жасау. Мемлекеттік экономикалық саясат тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру және мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды, жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу жүйелерін жетілдіру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қаражатты, шетелдік инвестицияларды, сондай-ақ мемлекеттің кепілдігімен алынған займдарды пайдалану тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету саласында монополияны азайту және бәсекелестік тудыру;
Тармақша 4
4) азаматтардың көпшілігінің мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық және әкімшілік ақпараттарына, соның ішінде ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Бөлім 5.2. 5.2. Құқық қорғау органдарын нығайту
5.2. Құқық қорғау органдарын нығайту Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыру. Құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін көтеру, осы заманғы ақпараттық технологияларды енгізу.
Бөлім 5.3. 5.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау
5.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру барысы туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отыру. Қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қолданылып жүрген заңнама ережелерін түсіндіру. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының отандық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастығы. Құқық қорғау органдарының беделі мен рөлін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көтеру, кең ауқымды насихаттау жолымен азаматтарды заңды мойындау, заң бұзушыларға, соның ішінде сыбайлас жемқорларға төзбеушілікке тәрбиелеу.
Бөлім 5.4. 5.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты дамыту
5.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты дамыту Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында шет мемлекеттермен, халықаралық және өзге де үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту. Облыстың құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерінің шекаралас шет мемлекеттердің осындай ұқсас құрылымдарымен өзара іс-қимылын кеңейту, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру.
Бөлім 5.5. 5.5. Бағдарламаны іске асыру тетігі
5.5. Бағдарламаны іске асыру тетігі Бағдарламаға облыстың құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарымен бірге жасалған оны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары қоса тіркелді, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысының негізгі бағыттары, орындау мерзімі, осы органдардың жауапты қызметкерлері және бақылау тәртібі қарастырылған.
Бөлім 6. 6. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Бағдарламаның қаржылай шығындарды талап ететін іс-шараларын іске асыру мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік органдарға тиісті жылға бөлінген сома есебінен жүргізіледі.
Бөлім 7. 7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР Экономикалық күтулер:
Тармақша 1
1) көлеңкелі экономиканың әрекет ету аясын тарылту, салықтық түсімдерді ұлғайту, бюджет саласын нығайту;
Тармақша 2
2) қоғамда нарық идеяларын нығайту;
Тармақша 3
3) жеке меншік иелерінің, бірінші кезекте шағын және орта бизнестегі санының өсуі;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлік ортада атқарушы биліктің қабілетіне сенімді нығайту және "ойынның адал ережелерін" қалыптастыру мен сақтау. Әлеуметтік күтулер:
Тармақша 1
1) мемлекет пен қоғам өмірін реттеудің негізгі құралы ретінде құқықты қалпына келтіру, азаматтардың қылмыстан қорғану сезімін нығайту;
Тармақша 2
2) мүліктік теңсіздіктің өсіп, әрі оның салдарынан кедейліктің өсуі, халықтың люмпендік жағдайға түсу қарқынын, әлеуметтік қақтығыстардың пайда болу ықтималдығын төмендету;
Тармақша 3
3) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың, ұйымдасқан қылмыстың азаюы;
Тармақша 4
4) әлеуметтік шиеленістің азаюы, елдегі әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың нығаюы.
Бөлім 8. 8. Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
8. Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындау мерзімі Орындауға жауаптылар 1. Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу 1. Алынып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 15.10.2003 № 20 шешімімен. 2. Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа бай­ла­ны­сты құқық бұ­зу­шы­лық және қыл­мыс жа­са­ған ла­у­а­зым ие­ле­рі ту­ра­лы об­лы­стық де­рекқор құ­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003 жыл Об­лы­стық про­ку­ра­ту­ра, Ба­тыс кө­лік­тік ай­мақ­тық про­ку­ра­ту­ра­сы, мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі жө­нін­де­гі Агент­тіктің об­лыс бой­ын­ша бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет ту­ра­лы заң­на­ма нор­ма­ла­рын сақ­тау жө­нін­де жер­гі­лік­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың қыз­ме­тін ба­қы­лау мақ­са­тын­да олар­ға тек­се­ру жүр­гі­зу Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­дар­да әр­бір жар­ты жыл­да 1 рет Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі жө­нін­де­гі Агент­тіктің об­лыс бой­ын­ша бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 4. Мем­ле­кет­тік кыз­мет­ші­лер­дің жұ­мыс іс­тей­тін ре­зер­він құ­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003 жы­л­ғы 2 тоқ­сан Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі жө­нін­де­гі Агент­тіктің об­лыс бой­ын­ша бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 5. Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың рет­те­у­ші­лік-рұқ­сат бе­ру­ші­лік өкі­лет­ті­гін заң­сыз бе­ру және сол үшін ақы алу де­ректе­рін анық­тау мақ­са­тын­да мем­ле­кет­тік ор­ган­дар жан­да­ры­нан құ­ры­л­ған мем­ле­кет­тік ор­ган мәр­те­бе­сі жоқ мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен РМК өкі­лет­тікте­ріне құқық­тық са­рап­тау (тү­ген­деу) жүр­гі­зу Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003 жыл Об­лы­стық про­ку­ра­ту­ра, Ба­тыс кө­лік­тік ай­мақ­тық про­ку­ра­ту­ра, об­лы­стық әді­лет бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 6. Қыл­мысқа қар­сы кү­ре­стің жай-күй­ін және сы­бай­лас жем­қор­лық­қа бай­ла­ны­сты құқық бұ­зу­шы­лық­тар мен қыл­мыстар жа­сау се­беп­те­рін тұ­рақ­ты тал­дап оты­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­да­ры тоқ­сан сай­ын Об­лы­стық про­ку­ра­ту­ра, Ба­тыс кө­лік­тік ай­мақ­тық про­ку­ра­ту­ра­сы, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің об­лыс бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті, қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның об­лыс бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті, кө­лік­те­гі қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, кө­лік­те­гі іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 7. Негіз­гі экс­пор­тер­лер­дің мәмі­ле­ле­ріне мо­ни­то­ринг­ті жү­зе­ге асы­ру және экс­порт­қа өт­кі­зу ке­зін­де транс­ферт­тік ба­ға­лар­дың қол­да­ны­луын ба­қы­лау Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­да­ры тоқ­сан сай­ын Об­лы­стық са­лық ко­ми­те­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша) 8. Сырт­қы са­уда қыз­ме­т­ін­де­гі ва­лю­та­лық-қар­жы­лық рет­те­уді же­тіл­ді­ру, атап ай­тқан­да, ре­зи­дент­тер­дің мін­дет­те­ме­лер­ді ше­тел ва­лю­та­сын­да орын­да­уы­на және тө­лем­дер­ді ва­лю­та тү­рін­де тө­ле­удің негіз­ді­лі­гіне тек­се­ру жүр­гі­зу Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­да­ры әр­бір жар­ты жыл­да бір рет Об­лы­стық са­лық ко­ми­те­ті, қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның об­лыс бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті, кө­лік­те­гі қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық ке­ден бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2. Сыбайлас жемқорлықтың көзі - "көлеңкелі экономикаға" қарсы әрекет 9. Мем­ле­кет­тік ке­піл­дік­ке алын­ған мем­ле­кет­тік қар­жы­лар­ды, ше­тел ин­ве­сти­ци­я­ла­рын, займ­дар­ды пай­да­ла­ну те­тікте­рі­нің ашық­тығ­ын, сон­дай-ақ заң­ды тұ­лға­лар­ға, оның ішін­де ше­тел­дің заң­ды тұ­лға­лар­ға мем­ле­кет­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рін бас­қа­ру­ға бе­ру­дің заң­ды­лы­ғын тек­се­ру­ді қам­та­ма­сыз ету. Бұл қар­жы­лар­дың ти­ім­ді­лі­гіне және мақ­сат­ты пай­да­ла­ны­луы­на тұ­рақ­ты ба­қы­лау ор­на­ту­ды ұй­ым­да­сты­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­да­ры жыл сай­ын Об­лыс бой­ын­ша қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, кө­лік­те­гі қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша), об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы 10. Ак­ц­и­з­дел­ген та­у­ар­лар мен мұ­най өнім­де­рі­нің заң­сыз ай­на­лы­мын анық­тау және ал­дын алу мақ­са­тын­да мы­на­дай ба­ғыт­тар бой­ын­ша шұ­ғыл із­де­сті­ру ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру: - об­лыс ау­ма­ғын­да ак­ц­и­з­дел­ген өнім­дер мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қол­дан жа­сал­ған ак­ц­и­з­дік мар­ка­ла­ры­ның, мұ­най өнім­де­рі­нің заң­сыз орын ауы­сты­ры­лу ар­на­ла­рын анық­тау; - мұ­най өнім­де­рі­нің заң­сыз ай­на­лы­мы және са­лық­ты жа­сы­ру ны­са­ны бой­ын­ша мұ­най өнім­де­рі­мен экс­порт­тық- им­порт­тық опе­ра­ци­я­лар­ды, ЖЖМ сақ­та­уды және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ру­шы об­лы­стың ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­ле­ріне қар­жы­лық тек­се­ру жүр­гі­зу Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­да­ры тұ­рақ­ты Об­лы­стық са­лық ко­ми­те­ті, об­лыс бой­ын­ша қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, кө­лік­те­гі қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық ке­ден бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 11. Банк­тер­де шот­тар ашу ар­қы­лы ақ­ша­ны қол­ма-қол ақ­ша­ға ай­нал­ды­ру­мен (ақ­ша­ны сү­зу­мен) ай­на­лы­су­шы ұй­ым­дар қыз­ме­тін анық­тау және жо­лын ке­су ша­ра­ла­рын алу Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­да­ры тұ­рақ­ты Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің об­лыс бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, кө­лік­те­гі іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, об­лы­стық қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, кө­лік­те­гі қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық са­лық ко­ми­те­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша) 3. Мемлекеттік экономикалық саясат тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету 12. Жа­сы­ры­л­ған та­быст­ар­ды анық­тау және олар­ға са­лық са­лу жө­нін­де ша­ра­лар алу Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­да­ры тоқ­сан сай­ын Об­лы­стық са­лық ко­ми­те­ті, об­лыс бой­ын­ша қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, кө­лік­те­гі қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша) 13. Экс­порт­тық-им­порт­тық ағым­дар­ды тал­дау және отан­дық та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер өнім­де­рін өт­кі­зу ры­н­ок­та­рын із­де­уді жү­зе­ге асы­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­да­ры тоқ­сан сай­ын Об­лы­стық сырт­қы эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­стар мен ин­ве­сти­ци­я­лар бас­қар­ма­сы 14. Об­лы­стың неси­е­ні тө­леу қа­бі­ле­ті жоқ және қар­жы­лық жа­ғы­нан дәр­мен­сіз кә­сі­по­рын­дар ка­даст­рын жа­сау Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003 жы­л­ғы 2 тоқ­сан Об­лы­стық са­лық ко­ми­те­ті, дәр­мен­сіз бо­рыш­кер­лер­мен жұ­мыс жө­нін­де­гі ко­ми­тет­тің об­лыс бой­ын­ша бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 15. Эко­но­ми­ка­лық кон­тра­бан­да, астық және астық өнім­де­рін, спирт пен ішім­дік өнім­де­рін, мү­най өнім­де­рін, қа­ра және тү­сті ме­тал­дар­ды және бас­қа да стра­те­ги­я­лық ши­кі­заттар­ды ұр­ла­у­ға бай­ла­ны­сты қыл­мыстар­дың ізін ке­су ба­ры­сын­да ла­у­а­зым ие­ле­рі­нің сы­бай­ла­стығ­ын анық­тау мақ­са­тын­да ке­лі­сі­л­ген шұ­ғыл тер­геу ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­да­ры тұ­рақ­ты Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің об­лыс бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, кө­лік­те­гі іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, об­лы­стық қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, кө­лік­те­гі қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық ке­ден бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 16. Эко­но­ми­ка­лық, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тің эко­но­ми­ка­лық қа­уіп­сіз­ді­гіне зи­ян кел­ті­ре­тін қыл­мыстар жө­нін­де бір­лес­кен шұ­ғыл тер­геу топ­та­рын құ­ру­ды прак­ти­ка­ға ен­гі­зу Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­да­ры тұ­рақ­ты Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің об­лыс бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, кө­лік­те­гі іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, об­лы­стық қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, кө­лік­те­гі қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша) 17. Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы кү­ре­сті жү­зе­ге асы­ру­шы құқық қор­ғау ор­ган­да­рын ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту жө­нін­де бағ­дар­ла­ма жа­сау. Атал­ған ор­ган­дар­ды за­ман та­ла­бы­на жа­у­ап бе­ре­тін ар­найы және кри­ми­на­ли­стік тех­ни­ка­лар­мен жаб­дық­та­удың ша­ра­ла­рын көз­деу. Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003 жы­л­ғы 2 тоқ­сан Об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы 18. Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа жа­та­тын қыл­мыстар­дың нақ­ты түр­ле­рін анық­тау, ал­дын алу және ашу жө­нін­де­гі құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның өза­ра іс-қи­мыл те­тікте­рін жа­сау. Бір­лес­кен шұ­ғыл тер­геу топ­та­рын құ­ру­ды көз­деу. Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003 жы­л­ғы 3 тоқ­сан Об­лы­стық про­ку­ра­ту­ра, ба­тыс кө­лік­те­гі ай­мақ­тық про­ку­ра­ту­ра­сы, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, кө­лік­те­гі іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, об­лыс бой­ын­ша қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, кө­лік­те­гі қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша) 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихатта 19. Об­лы­с­та­ғы сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы кү­ре­стің ба­ры­сы ту­ра­лы ха­лық­ты тұ­рақ­ты ха­бар­дар ету­ді, жұрт­шы­лық­тын бой­ын­да сы­бай­лас жем­қор­лық кө­рі­ні­сте­ріне тө­збес­тік көз­қа­рас қа­лып­та­сты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған мем­ле­кет­тің сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы са­я­са­тын на­си­хат­та­уды қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат 2003-2005 жыл­да­ры тоқ­сан сай­ын Об­лы­стық про­ку­ра­ту­ра, ба­тыс кө­лік­те­гі ай­мақ­тық про­ку­ра­ту­ра­сы, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық іш­кі іс­тер бас­қар­мас­сы, кө­лік­те­гі іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, об­лыс бой­ын­ша қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, кө­лік­те­гі қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық ке­ден бас­қар­ма­сы, об­лы­стық әді­лет бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын мем­ле­кет­тік ор­ган­дар 20. Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы кү­рес та­қы­ры­бы­на мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың қа­ты­суы­мен "дөң­ге­лек үстел­дер" ұй­ым­да­сты­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на есеп Жар­ты жыл­да бір рет Об­лы­стық ақ­па­рат және қо­ғам­дық ке­лі­сім бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 21. Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа жа­та­тын қыл­мыс жа­са­ған және бас­қа ел­дер­дің ау­ма­ғын­да жа­сы­ры­нып жүр­ген адам­дар­дын жа­за­дан құ­тыл­мау­шы­лық қа­ғи­да­тын қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да осы адам­дар­дың жүр­ген же­рін анық­тау жө­нін­де жұ­мысты жү­зе­ге асы­ру және қыл­мыс­кер­лер­ді экс­тра­ди­ци­я­лау жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дау Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Тоқ­сан сай­ын Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің об­лыс бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, кө­лік­те­гі іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы, об­лыс бой­ын­ша қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, кө­лік­те­гі қар­жы по­ли­ци­я­сы­ның де­пар­та­мен­ті, (ке­лі­сім бой­ын­ша)