О региональной Программе развития и поддержки малого предпринимательства в Актюбинской области на 2003-2005 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 6 бабының 1 тармағы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-І «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса тіркелген «Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық департаменттердің, басқармалардың, комитеттердің басшылары аймақтық Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 4. Мазмұны
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы № 9 шешімімен БЕКІТІЛДІ Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы Мазмұны
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бурын қабылданған аймақтық бағдарламаларын талдау
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың кәзіргі жағдайын талдау
Тармақ 5
5. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 6
6. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
Тармақ 6.1
6.1. Шағын кәсіпкерлікке салық салу жүйесін жетілдіру
Тармақ 6.2
6.2. Шағын бизнесті қаржы-несиелік, инвестициялық қолдаудың жүйесін дамыту
Тармақ 6.3
6.3. Шағын кәсіпкерлікті бірлестіру
Тармақ 6.4
6.4. Кәсіпкерліктің инфрақұрылымдарын дамыту, ақпараттық қамту және насихаттау
Тармақ 6.5
6.5. Кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық базасын түгендеу және жүйелендіру
Тармақ 7
7. Аймақтық даму
Тармақ 8
8. Қаржыландыру көздері және ресурстары
Тармақ 9
9. Бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтиже
Тармақ 10
10. Бағдарламаны іске асыру шараларының жоспары
Бөлім 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты Аталуы Әзірлеу үшін негіз Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы Бағдарламаны негізгі жасаушылар Ақтөбе облысының әкімияты Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері 1) Ішкі өнімдер жиынтығының құрылымында шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін көбейту, жаңадан өндірістер, жұмыс орындарын ұйымдастырып, осы облыс экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету 2) Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік, және инвестициялық қолдауды дамыту және жетілдіру. 3) Шағын кәсіпкерлік өндірісін диверсификациялау. 4) Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауда мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар қызметінің тиімділігін арттыру. 5) Кәсіпкерлікті насихаттау және ақпараттық қамтамасыз ету, инфрақұрылымдарын дамыту. 6) Кәсіпкерлік қызметті реттейтін қолданыстағы заңдық нормаларды жетілдіру және тәртіптеу. Аймақтық даму Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың қалалық және аудандық Бағдарламаларын әзірлеу. Бизнестің басым бағыттарын анықтау. Халықты тіршілік қызметтің негізгі объектілерімен қамтамасыз ету. Кәсіпкерліктің инфрақұрылым объектілерінің тармақтарын кеңейту және басқалары. Бағдарламаны қаржыландыру көздері және ресурстары Шағын кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық бағдарламасын қаржыландыру жылма-жыл осы мақсатқа көзделген жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың, мақсатты заимның, екінші деңгейдегі банктер несиелерінің, гранттардың, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының, сонымен қатар кәсіпкерлердің өздерінің және олардың қоғамдық ұйымдарының есебінен жүзеге асырылады Күтілетін нәтижелер Ішкі өнімдер жиынтығының құрылымында шағын кәсіпкерліктің үлесін 25 пайызға дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінде қызмет жасайтын адамдар санын 95,8 мыңға дейін ұлғайту. Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі 2003-2005 жылдар
Бөлім 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы Елбасының «Ішкі және сыртқы саясаттағы 2003 жылға арналған негізгі бағыттар туралы» Қазақстан халына Жолдауы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша бұдан былайғы шаралары туралы» Жарлығымен бекітілген 2002-2004 жылдарға Үкімет Қаулысында белгіленген міндеттерді орындау мақсатында жасалды. Елбасының Қазақстан халқына 2003 жылғы Жолдауынан туындайтын мемлекеттік органдар кызметінің негізгі бағыттары: салық ауыртпалығын төмендету, меншік пен активті жарияландыру, несие қорларына жетуді жеңілдету, әкімшілік үрдістерін және рұқсат беруді қарапайымдау, бюрократтық бассыздықтан және бақылау-тексеру органдарынан қорғау, шағын бизнесті қолдаудың аймақтық орталықтарын құру, маркетингтік зерттеу жүргізуге көмек көрсету, кәсіби шеберлікті арттыру, орталықтандылылған бухгалтерия құру болып табылады. Осы Бағдарлама жаңа технологиялық өндіріске бейім шағын және орта бизнесті дамытуды, ынталандыруға әлеуметтік-экономикалық жағдай туғызу есебінен қоғамның орташа тобын құруға бағытталған. З. Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бұрын қабылданған аймақтық бағдарламаларын талдау Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бұрынғы аймақтық бағдарламаларын (1992-1994 ж. ж., 1994-1996 ж. ж., 1999-2000 ж. ж., 2001-2002 ж. ж.) талдау, мынаны көрсетті: 1992-1994 жылдарға арналған бағдарлама мемлекеттік секторды монополиясыздандыру есебінен жеке кәсіпкерліктің негізін жасауға мүмкіндік туғызды, іс барысында экономиканың дамуына айрықша ықпалы бар ірі ұйымдық-басқарушылық құрылымдар, банктер, акционерлік және холдингтік компаниялар мемлекет иелігінен алынды. Екінші аймақтық бағдарламаның (1994-1996 ж. ж.) негізгі мақсаты экономиканың жеке секторын калыптастыру үшін қолайлы құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдық жағдай туғызып, кәсіпкерліктің инфрақұрылымдарын дамыту болды. Қабылданған үшінші бағдарлама (1999-2000 ж.ж.) қоғамның орта тобының негізі ретінде шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын, экономиканың басымды саласында кәсіпкерліктің үлес салмағының өсуін, жұмысшы орынының санын арттыруды және нақты бәсекелес орта құруды, меншік иесін қалыптастыруды қамтамасыз етті. Кәзіргі уақытта облыстағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың (2001-2002 ж. ж.) есеп саны бойынша төртінші аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аяқталып келеді. Осы жылдар ішінде шағын бизнесті салалық қолдауды күшейтудің шаралары алынды, шағын кәсіпкерлікті дамытудың несиелік ресурстары көбейді, отандық инвесторлар үшін бірқатар қолайлы жағдайлар жасады. Барлық төрт аймақтық бағдарламаны талдау, кәсіпкерлікті дамытудағы қол жеткен оңды нәтижелерге қарамастан, оның әлі де қоғамды әлеуметтік-экономикалық дамытудың айқындаушысы болмағанын және жалпы өнім жиынтығына салымының жарытусыз екенін айғақтайды.
Бөлім 4. 4. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың кәзіргі жағдайын талдау
4. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың кәзіргі жағдайын талдау Облыстағы шағын кәсіпкерліктің даму тенденциясы оның үнемі қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді, және де бюджетке едәуір қаржы түсіріп қана қоймай, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, оларды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал жасайды. Облыс бойынша 2003 жылдың 1 қаңтарына 25502 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Одан салалар бойынша: Өнеркәсіп өндірісімен оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен - 1023 Ауыл шаруашылығы өндірісімен - 4503 Құрылыспен - 638 Көлік және байланыспен - 2824 Саудамен - 12883 Қонақ үйі және қоғамдық тамақтандыру бизнесімен - 442 Басқа қызмет түрлерімен айналысады - 3189 Жалпы тіркелген субъектілерден 2003 жылдың 1 қаңтарына қызмет жасап тұрғаны - 24564 немесе 96,3 %, оның ішінде қызмет жасап тұрған кәсіпорындардың көбірек саны салалар бойынша: саудада - 12804 (52,1 %), ауыл шаруашылығы өндірісінде – 4452 (18,1 %), көлік және байланыста - 2786 (11,3 %), басқа да қызмет түрлерінде - 2679 (10,9 %), өнеркәсіп өндірісінде - 906 (3,7 %), құрылыста - 508 (2,1 %), қонақ үйі және қоғамдық тамақтандыру бизнесінде - 429 (1,8 %). 2002 жылы облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілері 24,9 млрд теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті. 2002 жылы шағын кәсіпкерлік бойынша барлық өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет түрлеріне талдау жасағанда, өндірілген өнімнің ең үлкен үлесі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шағын бизнеске тиесілі - 30,1 %, ал ең төменгі нәтиже қонақ үйі және қоғамдық тамақтандыру бизнесінде - 2,4 %. Өндірілген өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) жалпы көлемінің үлес салмағы экономиканың басқа салалары бойынша төмендегідей: Саудада - 24,3 % Өнеркәсіп өндірісінде - 18,6 % Құрылыста - 7,6 % Көлік және байланыста - 5,6 % Басқа қызмет түрлерінде - 11,4 % Облыстағы шағын кәсіпкерлік құрылымында 2003 жылдың 1 қаңтарына 87908 адам жұмыс жасады. Жұмысшы күшінің негізгі тобы ауыл шаруашылығы саласында байқалады - 32463 адам, немесе 36,9 %, саудада - 24575 адам (28,0 %), басқа да қызмет түрлерінде - 11584 адам (13,2 %), келік және байланыста – 7049 адам (8,0 %), өнеркәсіп өндірісінде - 7228 (8,2 %), құрылыста - 3032 адам (3,4 %), қонақ үйі және қоғамдық тамақтандыру бизнесінде - 1977 адам (2,3 %). Шағын кәсіпкерліктің өндірген өнім көлемінің үлесі жалпы өндірілген өнімнің 16,4 пайызын құрайды. Бұған төмендегі факторлар әсер етеді:
Тармақша 1
1) салынған капиталдың қайтарымы жоғары және айналымы жылдам болғандықтан кәсіпкерліктегі басымды жағдай сауда саласына жатады;
Тармақша 2
2) еңбек өнімділігінің төмендігі және қормен қаржыландырудың әлсіздігінен жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының өнімдерін өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыстарының деңгейлері төмен;
Тармақша 3
3) өздерінің қызметтерін тоқтаткан шағын кәсіпорындар санының өсуінен құрылған кәсіпкерлік субъектілері санының бірте бірте төмендеу тенденциясы байқалады;
Тармақша 4
4) кепілдік қордың болмауы ауыл кәсіпкерлерінің негізгі қор құнының аздығына, олардың жұмыстарының маусымдық сипатына және рентабельдігінің төмендігіне байланысты;
Тармақша 5
5) облыс субъектілеріндегі коммуникацияның әлсіз дамуы, техникалық жағдайларының жеткіліксіздігінен, тұрғындардың орналасу тығыздығының төмендігінен өнім еткізу қиындады;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлік субъектілерін ұйымдастыру кезіндегі кездесетін әртүрлі әкімшілік кедергілері кәсіпкерлік саласында қолданыстағы заңдардың жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.
Бөлім 5. 5. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Осы Бағдарламаның негізгі мақсаты ішкі жалпы өнім құрылымында шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін өсіру және экономиканың осы саласында тұрақты өсімге жетуді қамтамасыз ету болып табылады. Алға қойылған мақсаттар төмендегідей міндеттерді шешуді болжамдайды:
Тармақша 1
1) шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу жүйесін жетілдіру;
Тармақша 2
2) шағын және орта бизнестің несие қорларына жетуіне тиісті жағдай жасау;
Тармақша 3
3) шағын және орта кәсіпкерлік өндірісін диверсификациялау;
Тармақша 4
4) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар жұмыстарының тиімділігін арттыру;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік қызметті реттейтін қазіргі қолданылып жүрген нормалар мен ережелерді жетілдіруге және тәртіпке келтіруге үлес қосу.
Бөлім 6. 6. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
6. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
Тармақша 1
1) Шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу жүйесін жетілдіру.
Тармақша 2
2) Шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау жүйесін дамыту.
Тармақша 3
3) Шағын және орта кәсіпкерлікті бірлестіру.
Тармақша 4
4) Кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту, ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау.
Тармақша 5
5) Кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық базасын түгендеу және жүйелеу.
Бөлім 6.1. 6.1. Шағын кәсіпкерлікке салық салу жүйесін жетілдіру
6.1. Шағын кәсіпкерлікке салық салу жүйесін жетілдіру Кәсіпкерлік қызметтен түсетін өз табысын жинақтаудың негізгі шарттарының бірі шағын және орта бизнес субъектілеріне салынатын салық жүктемесін төмендету болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және мемлекеттің олардың бастамасын қолдауы үшін, кәсіпкерлердің жұмыс түріне байланысты салық салуды кеміту, өндірістің басым салаларының (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы) кәсіпорындары үшін жеңілдік беру. ҚР Президентінің бастамасы бойынша шағын және орта бизнес үшін несие-инвестициялық қызметті ынталандыру мәселесі қаралған. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға салық салуды түзету. Өндірісті одан әрі дамыту үшін қаржы пайдалану жағдайларында преференция беру.
Бөлім 6.2. 6.2. Шағын бизнесті қаржы-несиелік, инвестициялық қолдаудың жүйесін дамыту
6.2. Шағын бизнесті қаржы-несиелік, инвестициялық қолдаудың жүйесін дамыту Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржы-несие ресурстарына қол жетпеуі, соңғы жылдары кәсіпкерлік қызметтерінің дамуына кедергі келтіретін түйінді мәселелер тізімінде жетекші орын алады. Облыстағы мемлекеттік емес қаржыландыру жүйелері шағын және орта бизнестің өскелең қажеттілігін қанағаттандырмайды, сондықтан кәсіпкерлікті қаржыландыруға бюджет қаражаттарымен қатар жеке инвестициялық ресурстарды тарту орынды. Банк секторлары дамуының салыстырмалы жоғары деңгейде болуы, несие ресурстарының рыноктағы толықтығы және банктермен клиенттерді іріктеудің молдығы бизнесті несиелеуге кедергі келтіруде, себебі ол әсіресе жаңадан бастаған кезде жоғары тәуекел болып табылады. Бұл жағдайда отандық кәсіпкерлерді қаржыландырудың көлемін ұлғайту мақсатында шетелдердің қаржы институттарының несие желілеріне, шетелдік донорларға әсер ету қажет. Одан әрі шағын бизнесті несиелеу екпінін экономиканың қаражат секторларының ішкі ресурстарының есебіне біртіндеп ауыстыру орынды. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру кезінде шағын кәсіпорындардың орта кәсіпорындарға ауысуын ынталандыруды алдын-ала қарау қажет, нәтижесінде несие базасын жетілдіруге және өсіруге себепкер болады. Шағын кәсіпкерлік жеке кепілдемелер, несие серіктестіктері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін несие бойынша пайыздық ставка жәрдем ақша бөлу жүйесі, лизингтік несие беру және дәстүрден тыс құралдарды енгізуді қажет етеді.
Бөлім 6.3. 6.3. Шағын кәсіпкерлікті бірлестіру
6.3. Шағын кәсіпкерлікті бірлестіру Жеке кәсіпкерлік - бизнестің «қалқып жүретін» шағында аяғына түруға мүмкіндік беретін бірінші белес. Кәсіпкер бастапқы капиталды жинақтай отырып, заңды тұлға мәртебесі бар неғүрлым ірі іс жасау қажеттігі туралы шешімге келеді. Тұтастай алғанда, «жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары санының өсуі шағын және орта кәсіпкерлік салаларының экономикалық тиімділігін көтеруге ықпал ете алмайды. Бұл әрбір кәсіпкердің өз қызметін іс жүзінде түптің түбінде ақтық өнімнің жоғары құнына апаратын шаруашылық жүргізудің үлкен еңбек шығындары мен жабдықтар шығындарына соқтыратын қарапайым технология бойынша жүргізуімен түсіндіріледі. Облыста ауыл шаруашылығы секторында ауыл шаруашылығы өндірісін жаңа сапаға көшіру шараларын қабылдау қарастырылған Агроазық-түлік бағдарламасы жасалды. Бұл жеке кәсіпкерлер бөлігін корпоративті басқару принциптері негізіндегі неғүрлым ұйымдасқан секторға ауыстыру шарттарын жасайды. Корпоративті басқару тетігі шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы тиімділігін тұтастай көтеруге мүмкіндік береді, өйткені бұл құрылымдардың жетекшілері рентабельділікті көтерудің негізгі бағыттарын нақтылайды және дер кезінде тиімді емес өндірісті алмастыра отырып, кәсіпорын саясатына ықпал ету мүмкіндігіне ие болады. Алайда, жеке кәсіпкерлерді заңды тұлғалар деңгейіне ауыстыру барысында өз шешімін талап ететін бірқатар проблемалар туындайды. Осы мәртебеге ие болғаннан кейін тұтынылған электрмен, жылумен, сумен және газбен қамту қызметтеріне тарифтер үш есе қымбаттайды. Бұдан өзге көтерме буынды (сауда базалары, қоймалар және басқалары) жекешелендіргеннен кейін негізгі өндірістік қуаттар кәсіпкерлер жолында кедергі болып табылатын делдалдарға жалға беріледі. Осылайша жеке кәсіпкерлікке кедергі жасайтын себептер аз болмайды. Оған кетерме ауыл шаруашылығы рыноктарының, сауда-сатып алу құрылымдарының қағыс қалуын, тұтыну кооперацияларының дамымауын және басқаларын жатқызуға болады.
Бөлім 6.4. 6.4. Кәсіпкерліктің инфрақұрылымдарын дамыту, ақпараттық қамту және насихаттау
6.4. Кәсіпкерліктің инфрақұрылымдарын дамыту, ақпараттық қамту және насихаттау Кәсіпкерлік үшін кедергі кәсіпкерлікті қолдаудың нарықтық, инновациялық және ендірістік инфрақұрылым объектілерінің жеткіліксіз дамуы болып табылады Кәсіпкерлікті қолдаудың кең тармақты желілерінің жетіспеуі тек тауар ендірумен (жұмыс, қызмет) байланысты емес, сонымен қатар нарықтық инфрақұрылым субъектілерімен, несие беретін ұйымдармен, салық органдарымен және басқаларымен байланысты реттеуде үлкен шығынға келтіреді. Көптеген кәсіпкерлер өз қызметтерінің бастапқы кезеңдерінде кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты жөнінде түсініктері болған жоқ, маркетинг негіздерін, ең бастысы бизнес саласындағы құқық негіздерін игерген жоқ. Кәзіргі уақыттағы басымдылықтың бірі шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық орталығын құру, маркетингтік зерттеу жүргізуге көмек көрсету, біліктілігін көтеру және орталықтандырылған бухгалтерия құру болып табылады. Бұл орталықтың жұмысы кәсіпкерлердің әртүрлі топтарын нарыққа кіру кезінде кедергілерді жойып, жүйелі шығаруға бағытталады. Кәсіпкерлерді оқыту. Жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін модулге бөліп оқыту жоспарланған. Жаңадан бастаған кәсіпкерлерді бизнесті енгізу негіздеріне аймақтық деңгейде оқыту қарастырылады, ал жаңашыл кәсіпкерлерді корпоративтік және инновациялық бизнеске республикалық деңгейде оқыту жоспарланады. Кәсіпкерлік қызметті насихаттау. Шағын және орта бизнестің дамуын тұрғындар арасында насихаттау және оларға бизнестің дамуын дәріптеу «деңгелек столдың», конференциялардың, семинарлардың қорытындыларын мақалалар жариялау жолымен қол жеткізіледі. Радио және телевидение қызметтері араласатын болады. Кәсіпкерлікті насихаттау ісінде облыстың, еліміздің кәсіпкерлерін және шетелдік бизнес өкілдерін кең ауқымда шақырып, әртүрлі көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге айтарлықтай орын бөлінеді. Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай ақпараттық желісінің қызметін қамтамасыз ету. Ақпараттың жеткіліксіздігін жаңадан бастаушылар ғана емес, тәжірибелі кәсіпкерлер де сезінуде. Іскер адамдардың ақпаратпен қамтылуын арттыру үшін веб-сайт пайдаланылады, онда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық мәліметтері, шығарған өнімдері, жекешелендіруге жататын объектілер женіндегі мәліметтер, сертификатталған жаңа технологиялардың және басқаларының тізбесі көрсетіледі. Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерін құру есебінен сертификация саласының өзінде бәсекелестік ортасының есімі күтіледі. Маркетингтік зерттеулер жүргізу. Кәсіпкерлік қызметті реттейтін шаралар әзірлеуге қажетті ғылыми негізделген ұсынымдар мен материалдар, әдістемелік ұсынымдар және басқаларын алуды кездейді Келесі жылы кәсіпкерлердің таңдаулы топтарын дамытуды мынадай салалар бойынша анықтау үшін маркетингтік зерттеу жүргізу белгіленуде: ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ, химиялық, ағаш өңдейтін және жиһаздық өнеркәсіп, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру. Орталықтандырылған бухгалтерия кызметі. Орталықтандырылған бухгалтерия консалтингтік қызметтер мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей бухгалтериясын жүргізуге байланысты қызмет түрлерін көрсетеді. Әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамыту. Аймақтық орталықтың басты мақсаттарының бірі әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасын іске асыру болып табылады. Бұл ең алдымен әртүрлі салада кәсіпкерлік қызметтерін жүргізуге құаттары бар жастар мен әйелдер топтарын анықтау. Көрсетілген топтар арнайы бағдарлама бойынша оқитын болады. Кәсіпкерлердің қоғамдық уйымдары қызметтерінің тиімділігін арттыру. Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары (бұдан әрі КҚҰ) өндірістік және өндірістік емес саладағы жұмысшылардың әртүрлі бірлестіктерін кёңінен таратуға ие болды. Кәзіргі уақытта облыста негізгі қызметтері кәсіпкерлікті қолдау болып табылатын 43 қоғамдық бірлестіктер бар. Дегенмен, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының қызметтерін кәсіпкерлік субъектілерінің азғантай саны пайдаланады, сондықтан облыстағы шағын және орта бизнес секторының дамуына оңды әсер ететін олардың жұмыстарының тиімділігін арттыруға кеңіл бөлу қажет. Көрсетілгендерді жүзеге асыру үшін ұсынылады:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлердің мүддесін қорғау, оларды оқыту, кеңес беру қызметін көрсетуде кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтеру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бюджет есебінен әлеуметтік маңызды жобаларды шешуде кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің және мемлекеттік емес ұйымдардың (оның ішінде кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының) қатынасуы үшін шаралар алу;
Тармақша 3
3) жергілікті жерлерде кәсіпкерлердің кәсіптік салалық қауымдастықтарын құруды ынталандыру;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарын біріктіру және топтастыру үшін жағдай жасау;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының өкілдерін кәсіпкерлікті қолдау женіндегі Кеңестер мен комиссиялардың құрамына енгізу.
Бөлім 6.5. 6.5. Кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық базасын түгендеу және жүйелендіру
6.5. Кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық базасын түгендеу және жүйелендіру Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті реттеудің құқықтық-нормативтік базасы бірнеше жыл бойына жасақталды және кәсіпкерлік секторын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берген ҚР Конституциясынан, Азаматтық Крдекстен, ҚР Президентінің 6 Жарлығынан, Үкіметтің 28 қаулысынан тұрады. Алайда, мынаны жасау қажет:
Тармақша 1
1) маңыз берілген реформаларға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау мәселелері тартылады. Олардың, бірқатары жергілікті атқарушы органдарға ұсынылады. Лицензиялау мәселесінде акцент лицензия беруді бақылаудан өз қызметін жүзеге асыруды бақылауға ауыстырылады. Осындай жағдай сертификаттау жүйесінде байқалады, яғни өнімдер мен жұмыс қауіпсіздігі принциптерін бүзбай, сертификаттау жұмыстарын қызметтің осы түрін көрсетуде субъектілерді аккредиттеуді және сертификаттау жұмыстарын жүргізуге бақылауды мемлекетте қалдыра отырып, бәсекелестік нарығына көшіру керек. Жаңа бастаған кәсіпкерлер өзіндік капитал жетіспеушілігі мәселелерімен бетпе-бет келеді, өнім сату нарығына тәуелді болады. Мұндай жағдайларда бизнес жүргізудің жаңа құралдарын-факторингті, лизингті, өзара несиелеу мен өзара сақтандыруды дамытуға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу қажет. Факторингтік қызметтер айналымдағы жабдықтар жетіспеушілігі проблемаларын шешуге, ал өзара несилеу - жинақталған артық қаржыны айналымға тартуға және сенім принципін нығайтуға мүмкіндік береді, Бұл кәсіпкерлік құрылымдарды ірілендіруге жол ашады. Кәсіпкерлік субъектілердің белгілі бір бөлігі шаруашылық қызмет белсенді жүзеге асырмайды. Олар үшін қатаң қаржылық бақылау және мәжбүрлеп таратуға дейін жауапкершілік енгізілуі тиіс;
Тармақша 2
2) азаматтық және шаруашылық істері бойынша сот талап-арыздарының, мүлікті қайтарып алу бөлігінде үкімдер мен орындаулардың көпшілігі орындалмай қалып қояды. Бұл ретте ең бастысы сот шешімі емес, оның орындалуы басты мәселе. Сондықтан атқару өндірісінің процесі оны саралау жолдарын реформалау арқылы мүмкін болады: мемлекеттің бірегей құзырына жататын қызметті анықтап, қалғандарын бәсекелестік ортасына ауыстыру қажет. Бұл шаруашылық даулары жөніндегі сот шешімдерінің орындалу процесін тездетеді. Тыйым салынған мүлікті аукцион арқылы сату үшін Бұл іске тек лицензиясы бар арнайы коммерциялық құрылымдар тарту;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлік қызметтің кепілдік құқығы мен бостандығы тек мемлекет қана емес кәсіпкерлердің өздеріне, олардың қоғамдық ұйымдарына да тәуелді. Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының белсенділігінің дәрежесі бизнес дамуының деңгейін анықтайды. Кәсіпкерлер мен бүтін кәсіпкерлік қызметті қорғау жұмыстарына кеңес беру - кеңесші органдары да өз үлестерін қосуы тиіс. (Кәсіпкерлер Кеңесі, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер Одағы және тағы басқалары) Кәсіпкерлік саладағы мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесінде кәсіпкерлік бөлігінде жұмыс жасайтын барлық қоғамдық органдар мен ұйымдардың одақтасуы қажет. Бағдарлама қойып отырған міндеттердің орындалуы мемлекеттік органдар, дамуды бақылау, кәсіпкерлікті қолдау органдары және кәсіпкерлік құрылымдары қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қамылы тетіктерінің қаншалықты нақтылығына тәуелді.
Бөлім 7. 7. Аймақтық даму
7. Аймақтық даму Бұл Бағдарлама аймақ, қала және аудандар деңгейінде жүзеге асырылады. Сондықтан, барлық көрсетілген деңгейдегі орындар Бағдарлама әзірлеп және тиісті мәслихаттар бекітеді. Кәсіпкерлікті дамыту мәселелерінде салмақ жергілікті орындарға түседі, сондықтан шағын және орта кәсіпкерліктің басымды бағыттарын жергілікті жағдайға байланысты анықтау керек. Біздің облыста осы Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шараларда мынаны қамту қаралған:
Тармақша 1
1) облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы өнімдерін шығаруды көбейтуге негізінде азық-түлік қауіпсіздігін жасау шаралары;
Тармақша 2
2) еңбек шығындарына жоғары қайтарым беретін аумақтарда егіс алқаптарын кеңейту;
Тармақша 3
3) түпкі өнімді шығаруға бағытталған өндірістің басымды салаларында кәсіпкерлік субъектілерін құру;
Тармақша 4
4) тұрғындарды өмірлік қамтамасыз ететін маңызды объектілерді дамыту; ,
Тармақша 5
5) республикалық 5 және жергілікті маңыздағы жолдардың бойындағы қызмет көрсету объектілерін ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) облыстық және аудандық деңгейлерде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымдары объектілерін құру шаралары;
Тармақша 7
7) тұрғындарды, әсіресе жұмыссыздарды кәсіпкерлік қызмет салаларына тарту шаралары;
Тармақша 8
8) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне аяқталмаған құрылыстар мен пайдаланылмай тұрған объектілерін беру мәселелері;
Тармақша 9
9) маман дайындау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шаралары.
Бөлім 8. 8. Қаржыландыру көздері және ресурстары
8. Қаржыландыру көздері және ресурстары Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламасын қаражатпен қамтамасыз ету, жылма-жыл осы мақсатқа көзделген жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың, мақсатты займдардың, екінші деңгейдегі банктердің несиелерінің, гранттардың, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының, сонымен қатар кәсіпкерлердің өздерінің және олардың қоғамдық ұйымдарының есебінен жүзеге асырыларды. Осы Бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен жыл сайын кемінде 100,0 млн теңге бөлу қаралуда.
Бөлім 9. 9. Бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтиже
9. Бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтиже Бағдарламада көзделген шараларды орындау нәтижесінде ішкі өнімдер жиынтығының жалпы құрылымында кәсіпкерліктің үлесін 25 пайызға дейін көбейтіп, шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтын адамдар санын 95,8 мыңға дейін жеткізу күтіледі.
Бөлім 10. 10. Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын іске асыру шараларының жоспары
10. Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын іске асыру шараларының жоспары № Ша­ра­лар­дың ата­уы Аяқ­тау ны­са­ны Орын­да­у­ға жа­у­ап­ты­лар Орын­дау мер­зі­мі Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі Қа­ра­жат со­ма­сы (млн. тен­ге) 1 2 3 4 5 6 7 1 бөлім. Шағын кәсіпкерлікке салық салу жүйесін жетілдіру 1.1. Ша­ғын биз­не­сте­гі са­лық са­лу са­ла­сын­да қол­да­ны­с­та­ғы заң­ды­лық­тар­ды же­тіл­ді­ру жө­нін­де кә­сіп­кер­лер­дің және олар­дың қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің ұсы­ны­ста­ры­на мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу және ти­іс­ті ұсы­ны­стар­ды ҚР Үкі­ме­тіне ұсы­ну ҚР Үкі­ме­тіне, ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, кә­сіп­кер­лер мен жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы, об­лы­стық са­лық ко­ми­те­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша) Тұ­рақ­ты 1.2. Жер­гі­лік­ті ор­ган­дар­мен бір­ге кә­сіп­кер­лер­дің мүд­де­ле­рі мен құқық­та­рын қор­ғау бө­лі­гін­де «Ша­ғын кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту­ды мем­ле­кет­тік қол­дау ту­ра­лы» ҚР За­ңы­ның және бас­қа нор­ма- тив­тік ке­сім­дер­дің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, әді­лет бас- қар­ма­сы, об­лы­стық са­лық ко­ми­те­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша) Тұ­рақты 2 бөлім. Шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау жүиесін дамыту 2.1. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­ар­ла­рын өн­ді­ру­ші­лер­ді әр түр­лі қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі­нен несие бе­ру жо­лы­мен жа­нар-жа­ғар май, тұқым, асыл тұқым­ды мал, өсім­дік­тер­ді қор­ғау құ­рал­да­рын алу мә­се­ле­ле­рін­де қол­да­уды ұй­ым­да­сты­ру ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы және аудан­дар­дың әкім­де­рі, об­лы­стық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы де­пар­та­мен­ті, «Фер­мер­лер­ге ық­пал ету қо­ры» ҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) Жар­ты жыл­да 1 рет 2.2. Экс­порт және им­порт­ты ал­ма­сты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің өн­ді­рі­стің ба­сым­ды са­ла­сын­да­ғы биз­нес- жо­ба­ла­рын ал­дың­ғы ке­зек­те іс­ке асы­ру­ды қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы Биз­нес жо­ба­ның тү­сі­міне қа­рай Об­лы­стық бюд­жет Қа­рал­ған қар­жы­ның кө­ле­міне қа­рай 2.3. Қор қар­жы­сы­ның өсуі есе­бі­нен «Фер­мер­лер­ге қө­мек қо­ры» ҚҚ ар­қы­лы неси­е­лен­ді­рі­ле­тін фер­мер­лер мен ша­руа қо­жа­лық­та­ры­ның са­нын кө­бей­ту Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас- қар­ма­сы, об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы,«Фер­мер­лер- ге ық­пал ету қо­ры» ҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) Жыл сай­ын Об­лы­стық бюд­жет Қа­рал­ған қар­жы­ның кө­ле­міне қа­рай 2.4. «Ша­ғын кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту­ды мем­ле­кет­тік қол­дау ту­ра­лы» ҚР За­ңы­ның 8 ба­бы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік мұқ­таж­дар үшін өнім­дер­ді жет­кі­зу және са­тып алу (жұ­мыс, қыз­мет) бой­ын­ша өт­кі­зі­ле­тін тен­дер­лер­де ша­ғын және ор­та кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің са­нын кө­бей­ту­ді қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы Тұ­рақ­ты 2.5. Эко­но­ми­ка­ның нақ­ты сек­тор­ла­рын да­мы­ту жо­ба­ла­рын ин­ве­сти­ци­я­лау үшін қар­жы жи­нау және несие се­рік­те­стікте­рін құ­ру­да же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ық­пал ету Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, сырт­қы эко­но­ми- ка­лық бай­ла­ны­стар және ин­ве­сти­ция бас­қар­ма­сы, қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры Тұ­рақ­ты 2.6. Ша­ғын және ор­та биз­нес субъ­ек­ті­ле­ріне ше­тел- дік ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту­ға және кә­сіп­кер­лік­ті қол­да­удың қар­жы­лық бағ­дар­ла­ма­ла­ры мен ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ла­рын іс­ке асы­ру­ға ық­пал ету ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп-кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, сырт­қы эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­стар және ин­ве­сти­ция бас­қар­ма­сы «Биз­нес-ор­та­лық» ОҚ, «Ша­ғын несие» ҮЕҰ (ке­лі­сім бой­ын­ша) Тұ­рақ­ты 2.7. Кә­сіп­кер­лік­ті қол­да­уда «Ша­ғын несие» ҮЕҰ қар­жы­лық қо­рын то­лық­ты­ру­ды қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы 2003- 2005 жыл­дар Жыл сай­ын 30,0 млн. тең­ге­ге дей­ін 3 бөлім. Шағын кәсіпкерлікті инновациялық қолдау және бірлестіру 3.1. Же­ке кә­сіп­кер­лер­мен олар­дың бір­те-бір­те заң­ды тұл­ға мәр­те­бе­сін ала оты­рып, ша­ғын кә­сі­по­рын­дар дә­ре­же­сіне кө­шу­і­нің мақ­сат­ты негіз­ді­лі­гін тү­сін­ді­ріп, се­ми­нар-ке­ңе­стер мен кез­де­су­лер өт­кі­зу Се­ми­нар-ке­ңес, кез­де­су­лер Қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры Тоқ­сан сай­ын 3.2. Ша­ғын және ор­та биз­не­стің кә­сі­по­рын­да­рын бі­рік­ті­ру үшін өн­ді­рі­стің ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру және ең­бек өнім­ді­лі­гін өсі­ру­ге ба­ғыт­тал­ған қо­лай­лы жағ­дай жа­сау ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­ліг­нің ша­ғын биз­не­сті қол- дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры Тұ­рақ­ты 3.3. Ак­тө­бе об­лы­сы ішін­де және Ба­тыс Қа­зақ­стан ай­ма­ғын­да кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рін им­порт­та­ла­тын бұй­ым­дар өн­ді­ру­ге бағ­дар бе­ру мақ- са­тын­да әке­лі­не­тін им­порт­тық өнім­дер­ге мар­ке- тинг­тік зер­те­улер жүр­гі­зіп, нәти­же­сін бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры ар­қы­лы ха­бар­лау Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, эко­но­ми­ка және ин­ди­ка­тив­тік жос­пар­лау де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық ке­ден бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) Тоқ­сан сай­ын 3.4. Ақ­тө­бе қа­ла­сын­да Орын­бор Са­уда Үй­і­нің өкіл­ді­гін құ­ру және осы­лай­ша Орын­бор қа­ла­сын­да Ақ­тө­бе өкіл­ді­гін құ­ру ту­ра­лы сұ­рақ­ты пы­сық­тау және осы мә­се­ле­ні әкі­ми­ят­тың қа­ра­уы­на ен­гі­зу ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, кә­сіп­кер­лер мен жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы (ке­лі­сім бой­ын­ша) -2003 жыл 3.5. Бос тұр­ған өн­ді­рі­стік жай­лар­дың және құ­ры­лы­сы біт­пей тұр­ған объ­ек­ті­лер­дің жай-күй­ін анық­тай оты­рып, ке­ле­шек­те олар­ды ша­ғын және ор­та биз­нес субъ­ек­ті­ле­ріне бе­ру мә­се­ле­сін зерт­теу ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы 2003 жыл 3.6. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін са­тып алу және өт­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да аудан­дар­да және об­лыс ор­та­лы­ғын­да жұ­мыс іс­теп тұр­ған са­уда-сат­тық құ­ры­лым­да­рын ны­ғай­ту және жа­ңа­сын ашу ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры, об­лы­стық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы де­пар­та­мен­ті, та­би­ғи мо­но­по­ли­я­ны рет­теу және бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау де­пар­та­мен­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша) Ай са­иын 3.7. Ақ­тө­бе қа­ла­лық «Биз­нес-Ор­та­лы­ғын­да» жа­ңа тех­но­ло­гия, жаб­дық­тар, ма­ши­на, те­тіктер және та­ғы бас­қа мә­лі­мет­тер­ді жи­на­у­ға жәр­дем бе­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры, «Биз­нес-Ор­та­лық» ҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) Жы­лы­на 1 рет 3.8. Кә­сіп­кер­лік­ті қол­да­удың аудан­дық ин­фра­құ­ры­лым­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рін оқы­ту кур­ста­рын өт­кі­зу Кур­стар Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, «Биз­нес-Ор­та­лық» ҚҚ, «СМЕ­ДА» Агент­ті­гі (ке­лі­сім бой­ын­ша) Жыл сай­ын Об­лы­стық бюд­жет Қа­рал­ған қар­жы­ның кө­ле­міне қа­рай 3.9. Ша­ғын және ор­та биз­не­сті да­мы­ту­да об­лы­стың ми­не­рал­ды ре­сур­стар­ды пай­да­ла­ну жө­нін­де кә­сіп­кер­лер­мен, ай­мақ­та­ғы же­тек­ші гео­лог­тар­дың қа­ты­суы­мен зерт­теу және се­ми­нар-ке­ңе­стер өт­кі­зу Се­ми­нар-ке­ңес Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, кә­сіп­кер­лер мен жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003 жы­л­ғы 2 тоқ­сан 3.10. Бе­тон­дар мен ас­фальт­ты бе­тон­дар дай­ын­дау ба­ры­сын­да бай­ла­ны­сты­ру ма­те­ри­ал­да­ры ре­т­ін­де Жа­ңа­жол және Кең­қи­яқ ке­ніш­те­рін­де­гі кү­кірт­ті пай­да­ла­ну­дың бо­ла­ша­ғы ту­ра­лы кә­сіп­кер­лер­мен, олар­дың қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің бас­шы­ла­ры­мен, мұ­най-газ өн­ді­ру кә­сі­по­рын­да­ры­ның ма­ман­да­ры­мен се­ми­нар өт­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру Се­ми­нар-ке­ңес Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, кә­сіп­кер­лер мен жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003 жы­л­ғы 2 тоқ­сан 3.11. Ша­ғын және ор­та кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне кә­сі­по­рын­дар­ды са­ра­лау нәти­же­сін­де анық­тал- ған өн­ді­рі­стік алаң­дар алуы­на ық­пал ету Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Дәр­мен­сіз бо­рыш­кер­лер­мен жұ­мыс жө­ңін­де­гі ко­ми­тет­тің Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003 жыл 4 бөлім. Кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамыту, ақпаратпен қамтамассыз ету және насихаттау 4.1. Әй­те­ке би, Бай­ға­нин, Ыр­ғыз, Мәр­төк, Те­мір, Ой­ыл аудан­да­рын­да биз­нес-ин­ку­ба­тор­ла­рын ашу үшін; Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен Ал­ға, Қар­ға­лы, Мү­ғал­жар, Қоб­да, Хром­тау және Шал­қар аудан­да­рын­да­ғы биз­нес-ин­ку­ба­тор­ла­рын қол­дау үшін; қар­жы­лан­ды­ру­ды қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы, аудан, қа­ла әкі­ми­ят­та­ры 2003- 2005 жыл­дар Об­лы­стық бюд­жет 14,5 млн. тең­ге 4.2. Ша­ғын және ор­та биз­не­стің ауыл­дық субъ­ек­ті­ле­рін қол­дау бой­ын­ша аудан­дар­да несие се­рік­те­стікте­рін, ал об­лыс ор­та­лы­ғын­да қол өнер­ші­лер­ге ық­пал ету қо­рын құ­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы де­пар­та­мен­ті, қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры 2003- 2004 жыл­дар Еуро­па­лық «Та­сис» қа­уым­да­стығы Бағ­дар­ла­ма­сы­ның гран­ты Қа­рал­ған қар­жы­ның кө­ле­міне қа­рай 4.3. Ақ­тө­бе қа­ла­сын­да және аудан­дар­да кә­сіп­кер- лер­ді, жұ­мыс­сыздар­ды, бас­қа да тұр­ғын­дар са­нат­та­рын кә­сіп­кер­лік қыз­мет мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша оқы­ту­да тұ­рақ­ты жұ­мыс жа­сай­тын кур­стар және се­ми­нар­лар ұй­ым­да­сты­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас- қар­ма­сы, бі­лім, тұр­ғын­дар- ды әле­умет­тік қор­ғау бас- қар­ма­ла­ры, аудан, қа­ла әкі­ми­ят­та­ры, об­лы­стық са­лық ко­ми­те­ті, «Сме­да» Агент­ті­гі, «Биз­нес-ор­та- лық» ҚҚ, «Ша­ғын несие» ҮЕҰ (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003- 2005 жыл­дар Об­лы­стық бюд­жет Қа­ралған қар­жының кө­леміне қа­рай 4.4. Об­лы­стың ша­ғын және ор­та биз­нес субъ­ек­ті­ле­рін­де «Жыл­дың үз­дік кә­сіп­ке­рі», «Қа­зақ­стан­ның үз­дік та­у­а­ры», «Іс­кер әй­ел», және т.б. атақ­та­ры үшін са­ла­лық кон­кур­стар ұй­ым­да­сты­ру ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау, қар­жы бас­қар­ма­ла­ры, аудан, қа­ла әкі­ми­ят­та­ры, кә­сіп­кер­лер мен жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы, «Ұлт­тық са­рап­тау және сер­ти­фи­кат­тау ор­та­лы­ғы» ААҚ Ақ­тө­бе фи­ли­а­лы, (ке­лі­сім бой­ын­ша) Жыл сай­ын Об­лы­стық бюд­жет 0,5 млн тең­ге­ден 4.5. Ша­ғын және ор­та биз­нес субъ­ек­ті­ле­рі­нің Қа­зақ­стан­да және сон­дай-ақ шет ел­де әр­түр­лі көр­ме­лер­ге, жәр­мең­ке­лер­ге, биз­нес-кез­де­су­лер­ге, мис­си­я­лар­ға, оның ішін­де са­уда-өнер­к­ә­сіп па­ла­та­сы ұй­ым­да­сты­ра­тын ша­ра­лар­ға да же­ңіл­дік жағ­дай­ын­да қа­ты­су­ла­ры­на жәр­дем бе­ру ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, аудан, қа­ла әкі­ми­ят­та­ры, кә­сіп­кер­лер мен жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы, «Рес­пуб­ли­ка­лық ақ­па­рат­тық-көр­ме ор­та­лы­ғы» ЖАҚ Ақ­тө­бе фи­ли­а­лы, са­уда-өнер­к­ә­сіп па­ла­та­сы, «Биз­нес-ор­та­лық» ҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) Тұ­рақ­ты 4.6. «Ақ­тө­бе-си­ти 2003» кә­зір­гі за­ман­ғы қа­ла ин­фра­құ­ры­лы­мы­ның бі­рін­ші Ха­лы­қа­ра­лық әм­бе­бап көр­ме­сін өт­кі­зу ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, қа­ла, аудан­дар әкі­ми­ят­та­ры, кә­сіп­кер­лер мен жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы, «Рес­пуб­ли­ка­лық ақ­па­рат­тық-көр­ме ор­та­лы­ғы» ЖАҚ Ақ­тө­бе фи­ли­а­лы, «Биз­нес-ор­та­лық» ҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003 жы­л­ғы қа­зан 4.7. Орын­бор қа­ла­сын­да өте­тін та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер мен қыз­мет көр­се­ту­ші­лер­дің «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның және Орын­бор­дың са­уда- эко­но­ми­ка­лық қу­а­ты» кер­ме­сіне, кә­сіп­кер­лер Фо­ру­мы­на кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рін қа­ты­сты­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, қа­ла, аудан­дар әкі­ми­ят­та­ры, кә­сіп­кер­лер және жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы, «Рес­пуб­ли­ка­лық Ақ­па­рат­тық-көр­ме ор­та­лы­ғы» ЖАҚ Ақ­тө­бе фи­ли­а­лы, «Биз­нес-ор­та­лық» ҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003 жы­л­ғы 2 тоқ­сан 4.8. Жа­ңа­дан ба­с­та­ған кә­сіп­кер­лер үшін кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тің түр­лі са­ла­ла­ры бой­ын­ша аудан­дар­да кө­шпе­лі кур­стар ұй­ым­да­сты­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, са­ла­лық қа­уым- да­стық­тар, «Сме­да» Агент­ті­гі, «Ша­ғын несие» ҮЕҰ, «Рес­пуб­ли­ка­лық Ақ­па­рат­тық-көр­ме ор­та­лы­ғы» ЖАҚ Ақ­тө­бе фи­ли­а­лы, (ке­лі­сім бой­ын­ша) Тұ­рақ­ты Об­лы­стық бюд­жет Қа­рал­ған қар­жы­ның кө­ле­міне қа­рай 4.9. Неғұр­лым та­бысты кә­сіп­кер­лер­дің жұ­мыс тә­жі­ри­бе­ле­рін зерт­теп, жи­нақ­тау және БАҚ ар­қы­лы об­лыс кә­сіп­кер­ле­рі ара­сын­да та­ра­ту Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, кә­сіп­кер­лер және жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы, «Рес­пуб­ли­ка­лық Ақ­па­рат­тық-көр­ме ор­та­лы­ғы» ЖАҚ Ақ­тө­бе фи­ли­а­лы (ке­лі­сім бой­ын­ша) Тұ­рақ­ты 4.10. Об­лы­стың кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер бан­кі­сін және ин­но­ва­ци­я­лық жо­ба­лар­ды ор­на­ла­сты­ру үшін WEB-сайт ашу Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы 2003 жыл Об­лы­cтық бюд­жет Қа­рал­ған қар­жы­ның кө­ле­міне қа­рай 4.11. Ор­та­лық Ази­яда­ғы ПРАГ­МА Бір­ле­сті­гі­нің ша­ғын және ор­та биз­не­стің да­му жо­ба­ла­ры бой­ын­ша Веб пор­тал www.​Sme​trad​ecen​ter.​Net ар­қы­лы ша­ғын және ор­та биз­не­стің та­у­ар-өнім өн­ді­ру­ші­ле­рі­нің ай­мақ­тық жы­л­жуын об­лы­ста ен­гі­зу­дің мүм­кін­дік­те­рін зерт­теу ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, «Биз­нес-ор­та­лық» ҚҚ, «Сме­да» Агент­ті­гі, «Фер­мер­лер­ге ық­пал ету қо­ры» ҚҚ, «Ре­слуб­ли­ка­лық ақ­па­рат­тық-көр­ме ор­та­лы­ғы» ЖАҚ Ақ­тө­бе фи­ли­а­лы, ғы­лы­ми- тех­ни­ка­лық кі­та­п­ха­на (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003 жыл 4.12. Ша­ғын және ор­та биз­нес субъ­ек­ті­ле­рін да­мы­ту және қол­дау мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де жер­гі­лік­ті бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да ай­дар ұй­ым­да­сты­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы Тұ­рақ­ты 4.13. Об­лы­с­та­ғы ин­но­ва­ци­я­лық құ­ры­лым­дар­ды зерт­теу және ен­гі­зу жө­нін­де ұй­ым­да­сты­ру жұ­мыста­рын жүр­гі­зу Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, кә­сіп­кер­лер және жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы, «Биз­нес ор­та­лық» ҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003- 2004 жыл­дар Об­лы­стық бюд­жет Қа­рал­ған қар­жы­ның кө­ле­міне қа­рай 4.14. Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның та­у­ар өн­ді­ру­ші­ле­рі өнім­де­рі­нің көр­ме ор­та­лы­ғын ашу ту­ра­лы зерт­теу жүр­гі­зу және қа­жет жағ­дай­да ұсы­ныс ен­гі­зу Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, кә­сіп­кер­лер және жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы, «Биз­нес ор­та­лык» ҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2004 жыл 4.15. Кә­сіп­кер­лер­ге ақы­лы қыз­мет көр­се­те­тін мем­ле­кет­тік ор­ган­дар, та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыста­ры­на тұ­рақ­ты ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру. Олар­дың эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің ашық­тығ­ын қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­ны рет­теу және бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау де­пар­та­мен­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003- 2005 жыл­дар 4.16. Жұ­мыс­сыздар қа­та­ры­нан жастар­ды кә­сіп­кер­лік қыз­мет негіз­де­ріне оқы­ту бой­ын­ша курс өт­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру Мә­де­ни­ет және қо­ғам­дық ке­лі­сім Ми­ни­стр­лі­гіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, «Биз­нес ор­та­лык» ҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003 жыл «Жастар­ды кә­сіп­кер­лік негіз­де­ріне оқы­ту жө­нін­де әле­умет­тік қыз­мет құ­ру» Бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша Мә­де­ни­ет және қо­ғам­дық ке­лі­сім Ми­ни­стр­лі­гі­нің гран­ты 2,5 млн. тең­ге 5 бөлім. Кәсіпкерлікті реттейтін нормативтік-құқықтық базаны түгендеу және жүйеге келтіру 5.1. Қол­да­ны­с­та­ғы Заң­дар­ды, нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­лер­ді же­тіл­ді­ру жө­нін­де кә­сіп­кер­лер­дің ұсы­ны­ста­ры­на са­у­ал­на­ма жүр­гі­зу және тал­дау, қа­жет­ті жағ­дай­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­тіне ұсы­ны­стар ен­гі­зу ҚР Үкі­ме­тіне ұсы­ныс Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, кә­сіп­кер­лер мен жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы, «Рес­пуб­ли­ка­лық Ақ­па­рат­тық-көр­ме ор­та­лы­ғы» Ақ­тө­бе фи­ли­а­лы (ке­лі­сім бой­ын­ша) Ма­те­ри­ал­дар­дың тү­су­іне қа­рай тұ­рақ­ты 5.2. Кә­сіп­кер­лік­ті рет­тей­тін нор­ма­тив­тік-құқық­тық негіз­дер­ді же­тіл­ді­ру мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ҚР Пар­ла­мент де­пу­тат­та­ры­мен, мем­ле­кет­тік ор­ган бас­шы­ла­ры­мен кә­сіп­кер­лер­дің, қа­уым­да­стық­тар­дың, қо­ғам­дық құ­ры­лым­дар­дың кез­де­су­ле­рін ұй­ым­да­сты­ру ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры, ауыл ша­ру­а­шы- лы­ғы де­пар­та­мен­ті ден­са­улық сақ­тау, мә­де­ни­ет, бі­лім, ту­ризм және спорт бас­қар­ма­ла­ры Қе­лі­сі­л­ген кесте бой­ын­ша 5.3. Ақ­тө­бе және Орын­бор об­лы­ста­ры­ның кә­сіп­кер- ле­рі­нің, ке­ден­дік қыз­мет өкіл­де­рі­нің, ша­ғын және ор­та биз­нес қо­ғам­дық ұй­ым­да­ры­ның ка­ты­су­ла­ры­мен кә­сіп­кер­лік құ­ры­лым­дар­дың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­те­рін да­мы­ту­ға ке­дер­гі кел­ті­ре­тін мә­се­ле­лер бой­ын­ша «дөң­ге­лек стол» оты­ры­сын өт­кі­зу ҚР ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ша­ғын биз­не­сті қол­дау ко­ми­те­тіне ақ­па­рат Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, кә­сіп­кер­лер мен жұ­мыс бе­ру­ші­лер Ода­ғы, ке­ден­дік қыз­мет­тер (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003 жы­л­ғы мау­сым, қа­зан Еура­зия Қо­ры­ның гран­ты Қа­рал­ған қар­жы­ның кө­ле­міне қа­рай 6 бөлім. Аймақтық даму 6.1. Ша­ғын және ор­та кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту мен қол­да­удың 2003-2005 жыл­дар­ға ар­нал­ған аудан­дық және қа­ла­лық бағ­дар­ла­ма­ла­рын және олар­ды іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар жос­па­рын әзір­леу Бағ­дар­ла­ма, ша­ра­лар Қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры 2003 жы­л­ғы 1 жар­ты жыл­дық 6.2. Ұй­ым­дар есе­бі­нен об­лы­стың қа­ла­ла­ры мен аудан­да­рын­да ша­ғын және ор­та кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рін құ­ру­ды қам­та­ма­сыз ету: 1) тұр­ғын­дар­ды өмір­лік қам­та­ма­сыз ету­дің негіз­гі объ­ек­ті­ле­рін (ден­са­улық сақ­тау ме­ке­ме- ле­рі, ком­му­нал­дық-тұр­мыстық кә­сі­по­рын­даржәне та­ғы бас­қа­ла­ры); 2) ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін ал­ғаш­қыөң­деу (ша­ғын ди­ір­мен­дер, дән­жар­ғы­штар, етжәне сүт өң­дей­тін цех­тар және та­ғыбас­қа­ла­ры); 3) рес­пуб­ли­ка­лық және жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы баржол­дар­да жол бой­ын­да­ғы сер­ви­стікин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рін; 4) ша­руа қо­жа­лық­та­ры мен фер­мер­лікша­ру­а­шы­лық­тар­ды; 5)мал және есім­дік ша­ру­а­шы­лық­та­ры­менай­на­лы­са­тын субъ­ек­ті­лер­ді құ­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры, «Фер­мер­лер­ге ық­пал ету қо­ры» ҚҚ, «Ша­ғын несие» ҮЕҰ фи­ли­а­лы (ке­лі­сім бой­ын­ша) Тұ­рақ­ты 6.3. Ша­ғын кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту мен қол­да­удың 2003-2005 жыл­дар­ға ар­нал­ған ай­мақ­тық Бағ­дар­ла­ма­сын орын­дау жө­нін­де­гі са­ла­лық ша­ра­лар­ды әзір­леу және бе­кі­ту Об­лыс әкі­ми­я­ты­на есеп Об­лы­стың ден­са­улык сақ­тау, бі­лім, мә­де­ни­ет, ту­ризм және спорт бас­қар- ма­ла­ры, ауыл ша­ру­а­шы- лы­ғы де­пар­та­мен­ті, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы Ми­ни­стр­лі­гі­нің аумақ­тық бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003 жы­л­ғы 1 тоқ­сан 6.4. Ту­ри­стік фир­ма­лар­дың ұсы­ны­ста­рын зерт­теу және әзір­леу: 1) та­ри­хи орын­дар­мен та­ны­са оты­рып, об­лыс ау­ма­ғын­да­ғы ту­ри­стік ба­ғыт­тар­дың сыз­ба­сын; 2) жа­яу, ат­пен және түй­е­мен өте­тін орын­дар­ды; 3) қы­сқы және жаз­ғы де­ма­лыс орын­да­рын, аң және ба­лық аула­уды ұй­ым­да­сты­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Об­лы­стық ту­ризм және спорт ко­ми­те­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2003 жы­л­ғы 1 жар­ты жыл­дық 6.5. Ке­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рін құ­ру, олар­дың про­бле­ма­ла­рын жер­гі­лік­ті орын­дар­да ше­шу мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де әр­түр­лі дең­гей­де­гі әкім­дер­дің кә­сіп­кер­лер­мен кез­де­су­ін өт­кі­зу Кә­сіп­кер­лер­мен кез­де­су Кә­сіп­кер­лік­ті қол­дау бас­қар­ма­сы, қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры Тоқ­сан сай­ын 6.6. Қа­ла­лар мен аудан­дар­да ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рін құ­ру ба­ры­сын­да аумақ бой­ын­ша олар­ды бір­қа­лып­ты ор­на­ла­сты­ру мақ­са­тын­да кә­сіп­кер­лер­ге сол жер­де­гі субъ­ек­ті­лер жө­нін­де қол­да­ғы бар ақ­па­рат­тар­ды то­лық және дұ­рыс бе­ру Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры, олар­дың ти­іс­ті қыз­мет­те­рі мен бө­лім­ше­ле­рі Тұ­рақ­ты 6.7. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да кә­сіп­кер­лік­ті мем­ле­кет­тік қол­дау ту­ра­лы» Заң­ның 9 ба­бы­ның 4.5. тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес өнім өн­ді­ру­мен ай­на­лы­са­тын ша­ғын және ор­та биз­нес субъ­ек­ті­ле­ріне жер­ді са­ту, жал­ға бе­ру­ді, бө­ліп- бө­ліп тө­ле­у­ге бе­ру­ді қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­ми­я­ты­на ақ­па­рат Жер ре­сур­ста­ры жө­нін­де­гі об­лы­стық ко­ми­тет, қа­ла, аудан әкі­ми­ят­та­ры, аудан­дар­да­ғы ти­іс­ті қыз­мет­тер 2003- 2005 жыл­дар