О региональной Программе борьбы с наркоманией и наркобизнесом в Западно-Казахстанской области на 2003-2005 годы и плане мероприятий по ее выполнению Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы және оны орындаудың іс-шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 18.02.2006
№ 25-2 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-2 Заңының 6 бабына, «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» 2002 жылғы 8 шілдедегі № 736 және «Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 қаулыларына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
Батыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы және оны орындаудың іс-шаралары бекітілсін (жалғанады).
Басқа 1. Батыс Қазақстан облысында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Облыстық мәслихаттың
2002 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 28-2 шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облысында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның паспорты
Атауы: Батыс Қазақстан облысында нашақорлыққа және есiрткі бизнесiне қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Әзірлеуге негіз болғандар: «Қазақстан – 2030». Барлық Қазақстандықтардың есеп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» Елiмiз Президентiнiң 1997 жылы 10 қазанда Қазақстан халықтарына жолдауы; Қазақстан Республикасының «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 279 Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы».
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 шiлдедегi № 736 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы»
Негізгі әзірлеушілер: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық бiлiм басқармасы, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы
Мақсаты: Облыста нашақорлықтың және есiрткi бизнесiнiң таралуына қарсы күресуге бағытталған мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың өзара белсендi іс-әрекетiн қамтамасыз ету
Міндеттері: Есiрткiлiк заттардың және прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейту; есiрткi, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекеттiң тетiктерiн дамыту; есiрткiнi пайдаланудың алдын алу, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту; облыста есiрткiнiң заңсыз айналымы мен оның терiс пайдаланылуын бақылау жөнiнде Ресей Федерациясы шекаралас облыстарының құқық қорғау органдарымен тиiмдi ынтымақтастық орнату
Қаржыландыру көздері: Республикалық және жергілікті бюджет қаржысы, демеушілер көмегі
Күтілетін нәтижелер: Нашақорлықтың алдын алудың тиiмдiлiгiн арттыру, есiрткiнi заңсыз пайдаланушыларды дер кезiнде анықтау және олардың санын кемiту; есiрткiнi заңсыз пайдаланушы адамдарды көбiрек анықтау және оларды еңбек және әлеуметтiк оңалтуды жақсарту есебiнен ондайлардың санын азайту; есiрткi, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына мемлекеттiк бақылау жүйесiн нығайту; кедендiк және шекаралық бақылауды күшейту
Іске асыру мерзімі: 2003-2005 жылдары
Кiрiспе
Батыс Қазақстан облысында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) елiмiз Президентiнiң «Қазақстан – 2030» Барлық Қазақстандықтардың есеп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халықтарына арнаған Жолдауына сәйкес әзiрлендi, онда салауатты өмiр салты үшiн күрес, соның iшiнде нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, Қазақстан Республикасының «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 279 Заңы арқылы басым мiндеттер ретiнде белгiленген болатын.
Бағдарламаға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 шiлдедегi № 736 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы» негiз болып табылады.
Бағдарлама қылмысқа қарсы күресу, азаматтарды табиғи және рухани жағынан нығайту жөнiндегi кешендi шаралардағы негiзгi бағыттардың бiрi болып табылады.
Мәселенiң жай-күйiне талдау жасау
Кейiнгi онжылдық iшiнде Батыс Қазақстан облысында есiрткi мен психотроптық заттарды терiс пайдалану және олардың заңсыз айналымы жаппай орын алғандығы байқалды, мұның өзi экономиканың жағдайына, құқық тәртiбiне, қоғамдық әлеуметтiк-психологиялық ахуалға, халықтық денсаулығына қатты әсер етуде.
Есiрткiнi терiс пайдаланумен байланысты денсаулық сақтау мекемелерiнiң бақылауында тұрған адамдар саны 1235 адамды құрайды.
Есiрткiнiң заңсыз айналымы мәселесi өткiр сипат алуда, өйткенi оған тұрғындардың барлық жiктерi, соның iшiнде балаларда тартылған болып отыр.
Кәмелетке жасы толмағандар мен жастар, сондай-ақ әйелдер арасында есiрткiлiк заттарды дәрiгерлiк емес жағдайды пайдаланудың таралуы ерекше қауiп туғызады. Есiрткiнi пайдаланушылардың үштен екiсiне жуығы 30 жасқа дейiнгi адамдар болып отыр.
Батыс Қазақстан облысы республика аумағында өндiрiлетiн есiрткiлiк заттармен жабдықтаушы ғана емес, ол сонымен бiрге өзiнiң географиялық жағдайына қарай Оңтүстiк-Шығыс Азия мен Азия елдерi аймағынан есiрткiлiк заттарды Ресей Федерациясына және басқа елдерге тасымалдау кезiнде байланыстырушы буын болып табылады.
Есiрткiнiң таралуының қолайсыз ықпалы азаматтар денсаулығында көрiнiс беруде, әсiресе бұл жас жеткiншектер үшiн өте қауiптi, қоғамдық тәртiп пен тұрақтылық жағдайына керi әсерiн тигiзедi. Есiрткiге тәуелдi адамдар санының өсуi генофонға зиян келтiредi, қоғамның әлеуметтiк, экономикалық және саяси бастауларын бұзады. Облыс шегiнде нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң таралуы адамдардың үкiметтiң күшiне деген сенiмiн азайтады.
Осы дәлелдемелердiң бәрi нашақорлықтың таралуына қарсы әрекет жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзуге, атқарушы, құқық қорғау органдарының, емдеу мекемелерi, оқу орындары, барлық жұртшылықтың әлеуметтiк кеселмен күресу үшiн мақсатты күш-жiгердi жұмылдыруға нақты себеп болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi
Аймақтық бағдарламада алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн төмендегiдей басым мiндеттердi жүзеге асыру қарастырылған:
Тармақша 1
1) есiрткi заттары мен прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейту;
Тармақша 2
2) есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жасау тетiктерiн дамыту;
Тармақша 3
3) есiрткiге тәуелдi адамдардың есiрткiнi терiс пайдалануының алдын алу, емдеу және оңалту;
Тармақша 4. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi негiзгi шаралар
4) облыста есiрткiнiң заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуын бақылау үшiн Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының құқық қорғау органдарымен тиiмдi ынтымақтастық орнату.
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi негiзгi шаралар
Бағдарламада алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу және басым мiндеттердi шешу үшiн ұйымдастыру және практикалық сипаттағы кешендi шараларды жүзеге асыру қарастырылған.
Бағдарламаны iске асырудың тиiмдi тетiктерi: есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет ету, есiрткiнi терiс пайдаланудың пәрмендi түрде алдын алу, есiрткiге тәуелдi адамдарды шұғыл емдеу және оңалту, облыста есiрткiнiң заңсыз айналымын және оның терiс пайдаланылуын бақылау үшiн тиiмдi халықаралық ынтымақтастық орнату сияқты жұмыстар болып табылады.
Есiрткi заттарын қолданатын және соған бейiм адамдарға практикалық көмек көрсету және әлеуметтiк оңалту бағытындағы жұмыстар күшейтiлетiн болады. Осы мақсатта есiрткiге тәуелдi адамдарды дәрiгерлiк-әлеуметтiк оңалту облыстық орталығы ұйымдастырылды, онда балалар мен жасөспiрiмдер үшiн бөлiмше бөлiндi.
Халықтың түрлi жiктерi арасындағы ауру жағдайына мониторингi жүргiзу нашақорлықтың алдын алу жөнiндегi жұмыстарды саралап құруға мүмкiндiк бередi.
Нашақорлықтың алдын алу сипатындағы кешендi шаралар салауатты өмiр салтын беркiндiрудi қамтамасыз етедi, есiрткiге қарсы тақырыпта бұқаралық акциялар, конкурстар өткiзiлетiн болады, теледидарда және кинотеатрларда фильмдер мен роликтер көрсетiледi.
Есiрткi бизнесiмен күресу бағытындағы жұмыстарда облысқа есiрткi заттарының жеткiзiлу каналдарын табуға, оны өткiзушiлер тобы мен заңсыз бизнестi ұйымдастырушыларды анықтауға айрықша мән берiлетiн болады. Құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн және қолдан өсiрiлетiн өсiмдiктердi жою және алдын алу жұмыстары жандандырылады.
Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасында кинолог қызметi одан әрi дамытылады, қызмет иттерiн пайдалану мүмкiндiгi ұлғаятын болады.
Бағдарлама нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң барлық нысандары мен әдiстерiн жетiлдiруге, барлық органдар мен мүдделi ұйымдардың өзара iс-әрекеттестiгiн және үйлесiмдiлiгiн нығайтуға бағытталған.
Бағдарламаны ресурспен қамтамасыз ету
Бағдарламаның республикалық бюджет қаржысымен қамтамасыз етiлмеген бөлiгi облыстық бюджеттен қаржыландырылады.
Нақты iс-шараларды жүргiзу үшiн демеушiлер көмегiн және қайырымдылық қорлары қаржысын тартуға жол берiледi.
Күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру есiрткi және психотроптық заттарды заңсыз айналымнан алудың көлемiн ұлғайтады және есiрткi және психотроптық заттарды терiс пайдалану нәтижесiнде жасалатын қылмыстың санын азайтады;
есiрткiнi заңсыз пайдаланатын адамдарды анықтау және бiртiндеп олардың санын азайту; нашақорлықтың алу тиiмдiлiгiн арттыру, салауатты өмiр салтын нығайту сияқты нәтижелерге қол жеткiзедi.
Басқа 6. Батыс Қазақстан облысында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Батыс Қазақстан облысында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспары
№
Iс-шаралардың атауы
Iске асырылу нысаны
Iске асырылу мерзiмi
Жауапты орындаушылар
Болжанған шығындар
Қаржы
лан
дыру
көздерi
2003 жыл
2004 жыл
2005 жыл
1
2
3
4
5
6
7
1
Жастар мен жасөспiрiмдерге есiрткiге байланысты проблемаларды шешу жөнiнде көмек көрсету үшiн әлеуметтiк қызметтер құру бағытында шаралар алу
Әкiмдiктiң қаулысы
2003 ж.
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы
2
Оқу орындарының жоспарына есiрткiге қарсы тақырып бойынша лекциялар әзiрлеу және жоспарға енгiзу
Ведомстволық бұйрықтар
2003- 2005
Облыстық бiлiм басқармасы, облыстық денсаулық басқармасы, БҚГУ, оқу орындары, мектептер
3
Есiрткiнi қабылдамау, құқық тәртiбiн нығайту және қоғамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде насихат жүргiзу
Iс-шаралар
Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, облыстық iшкi саясат департаментi, Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясы, облыстық денсаулық басқармасы, БҚО IIБ
4
Ата-аналар мен педагогтарға арналған әдiстемелiк ұсынбалар әзiрлеу және шығару
Әдiстемелiк ұсынбалар, жаднамалар
2003 ж.
1-2 тоқсан
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру облыстық орталығы, Наркологиялық диспансер
0,2 млн. теңге
0,2 млн. теңге
0,2 млн. теңге
Жергілікті бюджет
5
Есiрткiмен күресудiң халықаралық күнiне арнап (26 маусым) есiрткiге қарсы тақырыпта суреттер мен шығармалардың кәсiби конкурстарын, спорт жарыстарын ұйымдастыра отырып, теледидарда және кинотеатрларда есiрткiнiң қоғамға тигiзетiн зияны туралы ғылыми-көпшiлiк және көркем сурет фильмдер, құжатты фильмдер көрсетудi ұйымдастыра отырып облыстық деңгейде акциялар өткiзу
Радио, телехабарлар, дөңгелек столдар, конкурстар, тренингтер, конференциялар, бейнероликтер, концерттер басқа да бұқаралық шаралар
2003- 2005
Облыстық әдiлет басқармасы (келiсiм бойынша), Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi, облыстық бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт басқармалары, облыстық iшкi саясат департаментi. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, "Қазақстан теледидары және радиосы" республикалық корпорациясының Батыс Қазақстан филиалы
1,4 млн. теңге
1,4 млн. теңге
1,4 млн. теңге
Жергілікті бюджет
6
Ғылым және мәдениет өкiлдерiн, дәрiгерлермен басқа да мамандарды тарта отырып, қоғамда есiрткiге қарсы иммунитет қалыптастыру жөнiндегi жұмыстарды белсендi жүргiзу
Санитарлық және ағартушылық насихаттың түрлi нысандары арқылы
Ұдайы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмiр салтын қалыптастыру облыстық орталығы, облыстық наркологиялық диспансер, ЖҚТБ облыстық орталығы, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, облыстық әдiлет басқармасы (келiсiм бойынша)
0,35 млн. теңге
0,35 млн. теңге
0,35 млн. теңге
Жергілікті бюджет
7
Балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын ұйымдастыру мақсатында, оларды мектептердегi спорт үйiрмелерiне тарту жөнiнде шаралар алу. Меншiк иелерi кооперативтерi бойынша тұрғылықты жерлерде денешынықтырумен және спортпен айналысу үшiн жағдайлар жасау
Ведомстволық бұйрық
Ұдайы
Қала, аудандар әкiмдерi, облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық бiлiм басқармасы
8
Балалар, жасөспiрiмдер және жастар арасында темекi тарту және нашақорлықтың алдын алу жөнiнде көп сатылы бiлiм бағдарламасын әзiрлеу
Бағдарлама әзiрлеу туралы ведомстволық бұйрықтар
2003 ж.
Облыстық бiлiм басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
1,3 млн. теңге
1,3 млн. теңге
1,3 млн. теңге
Жергілікті бюджет
9
Алыс және жақын шетелдерден облыс аумағына жиi келетiн адамдарды, сондай-ақ есiрткi заттарын өткiзу және тарату мақсатында олармен байланыс жасайтын жергiлiктi тұрғындарды анықтау жөнiнде жүйелi түрде шаралар алу
"Канал","Көкнәр", "Тосқауыл" кешендi шаралары
2003- 2005 жылдары
БҚО IIБ, кеден басқармасы, облыстық көшi-қон және демография басқармасы, "Орал" шекара отряды
10
30 төсектiк адамдарды дәрiгерлiк- әлеуметтiк оңалту облыстық орталығын ұйымдастыру
Әкiмдiктiң қаулысы
2003 ж.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы
46,9 млн. теңге
46,9 млн. теңге
46,9 млн. теңге
Жер
гілікті
бюд
жет
11
Есiрткiге тәуелдi адамдарды дәрiгерлiк әлеуметтiк оңалту облыстық орталығының құрылымында есiрткiге тәуелдi балалармен жасөспiрiмдер үшiн 5 төсектiк бөлiмше ұйымдастыру
Ведомстволық бұйрықтар
2003 жылдың 3 тоқсаны
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
12
Наркологиялық қызметтердi тиiмдiлiгi жоғары дәрi- дәрмектермен қамтамасыз ету (налтресон, налоксон, Revia)
Дәрi- дәрмектер сатып алу
Ұдайы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, облыстық наркологиялық мекемелерi
2,6 млн. теңге
2,7 млн. теңге
2,8 млн. теңге
Жергілікті бюджет
13
Облыс тұрғындарына наркологиялық көмек көрсетушi мемлекеттiк емес мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың қызметiне бағалау жүргiзу
Тексеру қорытындылары
2003 ж.
желтоқсан
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Есiрткiге тәуелдi адамдарды дәрiгерлiк- әлеуметтiк оңалту орталығы
14
Салауатты өмiр салтын насихаттауға студент жастарды қатыстыру
БҚГУ, басқа да жоғары оқу орындары студенттерi арасынан волонтерлер әзiрлеу
Жыл iшiнде
БҚГУ кураторлар кеңесi, жоғары оқу орындары ректорлары
15
Нашақорлыққа қарсы емдеу курсынан өткен адамдарды еңбекке орналастыруға көмек көрсету
Әкiмдердiң шешiмдерi, ведомстволық бұйрықтар
2003- 2005
Қала, аудандар әкiмдерi, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
16
Есiрткiге тәуелдi адамдарға әлеуметтiк көмектер көрсету
АҚТҚ инфекциясын азайту үшiн бiр рет егiлетiн
инелердi ауыстырып беру
Жыл iшiнде
"Қозғалыс" ҚБ
17
Құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн және егiлетiн өсiмдiктердi құрту жұмыстарын жалғастыру
Арнаулы шаралар
2003- 2005
Қала, аудандар әкiмдерi, БҚО IIБ
18
Есiрткi заттарының шеттен әкелiнуiне жол бермеу мақсатында шекаралық бекеттерде кеден бақылауын күшейту жөнiндегi шараларды жүзеге асыру
Арнаулы шаралар
2003- 2005
"Орал" шекара отряды, кеден басқармасы
19
Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының тиiстi органдарымен байланысты нығайту жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру
Арнаулы шаралар
Барлық кезеңде
БҚО IIБ, кеден басқармасы
20
Iшкi iстер бөлiмi, кеден басқармасы және "Казпочта" облыстық филиалы қызметкерлерiмен бiрлесе отырып, почта жөнелтiмдерiнiң iрiктеу базаларынан есiрткi заттарын табу, анықтау жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзу
Жеке жоспар бойынша арнаулы шаралар
2003- 2005 жылдар
БҚО IIБ, Кеден басқармасы, "Казпочта" облыстық филиалы
21
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорларды өндiрiстiк мақсаттарға пайдалануына бақылауды жүзеге асыру
Тексерулер жүргiзу
Ұдайы
Облыстық прокуратура (келiсiм бойынша)
22
Денсаулық сақтау жүйесiнде, облыс тұрғындарына дәрiгерлiк және дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуде, есiрткi, психотроптық заттарды пайдалануға рұқсат беретiн заңнамалардың қолданылуына тексерулер жүргiзу
Тексерулер жүргiзу
Жыл iшiнде
Облыстық прокуратура (келiсiм бойынша)
23
Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер егiстiгiн анықтау және құрту мақсатында учаскелiк инспекторлардың жұмысын жандандыру, бұған құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың белсендiлерiн кеңiнен тарту
Жеке жоспар бойынша арнаулы шаралар
2003- 2005 жылдар
БҚО IIБ, Қала, аудандар әкiмдерi, ауылдық округтер әкiмдерi
24
Нақты жұмысы мен тұратын орыны жоқ қылмыс жасауға бейiм адамдар жиналатын притондарды, сондай-ақ есiрткiнi таратумен байланысты орындарды табу мақсатында меншiк иелерi кооперативтерi өкiлдерiмен бiрлесiп жүйелi түрде рейдтер өткiзу. Жұмысы және нақты тұратын орны жоқ адамдардың жиналуына мүмкiндiк жасайтын жағдайларды жою үшiн нақты шаралар алу
Жеке жоспар бойынша рейдтер өткiзу
2003- 2005 жылдар
БҚО IIБ, Қала, аудандар әкiмдерi
25
Құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу, сондай-ақ есiрткi заттармен спирттi iшiмдiктердi пайдаланушы жасөспiрiмдердiң жиналатын орнын табу мақсатында полицияның учаскелiк инспекторларының, БҚО IIБ-нiң кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi инспекциясының, жұртшылық өкiлдерiнiң, кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөнiндегi комиссияның, педагогтар ұжымдарының, аулалық клубтардың жұмысын жандандыру
Жеке жоспар бойынша рейдтер өткiзу
2003- 2005 жылдар
БҚО IIБ, Қала, аудандар әкiмдерi, кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөнiндегi облыстық, қалалық және аудандың комиссиялар, облыстық бiлiм басқармасы
26
Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасында кинологиялық қызметтiң материалдық базасын нығайту
2004 ж.
БҚО IIБ, облыстық қаржы басқармасы
2275984 теңге
27
Есiрткi заттарының заңды айналысы саласындағы кемшiлiктердi анықтауға бағытталған "Допинг" арнаулы шараларын жүргiзу үшiн ақша қаражат бөлу
Арнаулы шаралар
Жыл сайын
2003 ж.
2004 ж.
2005 ж.
БҚО IIБ
100 000 теңге
100 000 теңге
100 000 теңге
Жергілікті бюджет
28
Есiрткiмен байланысты қылмыстық iстер жөнiндегi заттай айғақтардың есебi, сақталу, берiлу және құртылу жағдайларына тексеру жүргiзу
Тексерулер жүргiзу
Жыл iшiнде
Облыстық прокуратура (келiсiм бойынша), Облыстық IIБ
29
Есiрткi заттарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды ашу, жолын кесу және алдын алу бойынша құқық қорғау органдары қызметiнiң заңдылығы жағдайларына талдау жасау және қорыту
Тексерулер жүргiзу
Әр жарты жыл сайын
Облыстық прокуратура (келiсiм бойынша)
64725984
Жиынтығы:
Соның iшiнде жылдар бойынша:
2003 жылы - 52 850 000
2004 жылы - 7 025 984
2005 жылы - 4 850 000
* Шығыстар сомасын қызмет мәртебесi белгiленгеннен кейiн атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстық бюджеттiк комиссия белгiлейдi.