Об утверждении Комплексной программы по снижению бедности в Костанайской области на 2003 - 2005 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысында кедейшілікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес Костанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімияты ұсынып отырған, Қостанай облысында кедейшілікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға және облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 3. Қостанай облысында кедейшілікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарлама
Костанай облысы мәслихатының 2003 жылғы 16 мамырдағы № 284 шешімімен бекітілген Қостанай облысында кедейшілікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарлама
Тармақ 1
1. Кешенді бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Облыстағы проблеманың қазіргі жағдайын талдау
Тармақ 4
4. Кедейшілікті төмендету жөніндегі кешенді бағдарламаның мақсаттары және міндеттері
Тармақ 5
5. Кедейшілікті төмендетудегі негізгі бағыттар және кешенді бағдарламаны іске асыру тетігі
Тармақ 6
6. Қажет ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Кешенді бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Кешенді бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты Атауы Қостанай облысында кедейшілікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарлама (әрі қарай - Кешенді бағдарлама) Әзірлеу үшін негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 «Қазақстан Республикасында кедейлікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» қаулысына Негізгі әзірлеуші «Облыстық еңбек, жұмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың басқармалары және департаменттерімен бірлесіп Мақсаты Экономикалық өсу үшін жағдай туғызу жолымен кедейшілік пен жұмыссыздықты қысқарту, халықты жұмыспен қамтуға және халықтың өзін өзі жұмыспен қамтуына жәрдемдесу, халықтың табысып өсіру, халықтың кедей топтарының денсаулық сақтау, білім алу, атаулы әлеуметтік қорғалуға қол жеткізуін арттыру үшін жағдай туғызу Міндеттер Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін томендегі міндеітерді шешу қарастырылады: облыс экономикасының әрі қарай дамуы, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтымаған азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу; әлеуметтік жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстарды, кәсіби оқытуды, біліктілікті жетілдіру мен жұмыссыздарды қайта даярлауды ұйымдастыру; кәсіпкерлікті дамыту, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуы үшін жеке қосалкы шаруашылықты ұйымдастыруға жәрдемдесу жолымен қолайлы жағдай жасау Негізгі принциптер Кешенді бағдарламаның негізгі принциптері: әлеуметтік көмектің атаулылық сипатын қамтамасыз ету; кедейшіліктің гендерлік, жас шамалық, географиялык және басқа да жағдайларын ескеру Қаржыландыру көздері Қостанай облысында кедейшілікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарлама жергілікті бюджеттен жеке қаржыландыруды талап етпейді. Бүл кешендік сипаттағы бағдарлама.сондықтан 2003-2005 жылдары кедейшілікті томендетуге бағытталған қаражат кедейшілікті томендету мәселесіп жанама шешетіп қолданыстағы және әзірленетін салалық жәнс аймақтык бағдармалардың шегінде қарастырылады Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 2005 жылга 2002 жылмен салыстырганда халықтың кедейшілік шегінен төмен күн коріп жатқан үлесіп 48,8%-га төмендету 2005 жылға жүмыссыздықтын жалпы деңгейі халықтың экономикалық жағынан беленді топтарының 8,1 %-ын құрайды. Іске асыру мерзімі 2003-2005 жылдар
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Осы бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі облыста кедейшілікті болуымен шарттасылған. 2003 жылдың 1қантарына кедейшілік шегінен тьіс 52794 адам өмір сүріп, кедсейшілік деңгейі 5.6%-ды қүрап отыр. Кедейшілік дедгейі, әсіресе, облыстың оңтүстік аймағында жоғары, ол 14-26%-га жетіп отыр. Халықтың кедей жіктері тек жалғызбасты көп балалы аналармен, мүгедектермен, зейнеткерлермен ғана емес, еңбекке қабілетті азаматтармен толығып отыр. Кедейшшктің әлеуметтік қүрылымы әзгерді: кедейлердің жалпы санынан 26,5 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (50,2%), 25,2 мыңы (47,6%) - еңбекке кабілетті жастагы азаматтар, олардың 19,9 мыңы (кедейлердің жалпы санына 37,7%) - жұмыс істемейтіндер. Кедейшіліктің негізгі себептері: жұмыссыздардың біліктілігінің еңбек рыноғындағы талаптарға сәйкес келмеуі; азық-түліктің, тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағасының өсуі; еңбекақы, зейнетақы және жәрдемакы молшерінің төмемдігі; халықтың масылдық көңіл-күні, жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы хабарсыздық; тегін медициналық көмек алудың кысқаруы; село инфрақүрылымның әлсіз дамуы. Кедейшілікті төмендетудің негізгі жолдары: экономикалық өсу, халықтың жұмыспен қамтылуы; әлеуметтік көмектің атаулығы; кедейлердің базалық білімге, бірінші медициналык көмегі, тұрғын үйге, коммуналдық қызметке, ауыз суды қоса есептегенде, көлік инфрақүрылымына қол жеткізуі; бюджеттік бағдармаларға өкімшілік етудід тиімділігі; кедейлердің мемлекеттік шешім қабылдауға қатысуы, ақпаратқа қол жеткізуінің арттырылуы. Кедейшілік проблемасын шешуде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес үйымдардын, кәсіпорындардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің озара іс-қимылы және белсенді катысуы көзделуде.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Облыстағы проблеманың қазіргі, жадайын талдау.
3. Облыстағы проблеманың қазіргі, жадайын талдау. 2002 жылдың 1 қаңтарына Қостанай облысындағы кедейшілік бейіні төмендегі деректермен сипатталады: 2002 жылдың екінші токсанында халықтың 31,6 %-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болды; 8,1%-азық- түлік себетінің бағасынан төмен; кедейшілік шегінен тыс омір сүріп жатқан халықтың үлссі халықтың жалпы санының облыс бойынша 5,6% қүрайды, селолық жерде-5,4%, олардан: Жангелдин ауданында-25,7%, Амангелдіде —22,5%, қаладағы кедейшілік көбіне шағын қалаларда орын алған; 2002 жылдың екінші тоқсанында халықтың, ең жоғары қамтамасыз етілген тобының 10% мен ең төмен қамтамасыз етілген тобының 10% ара қатынасы 12 қүрады (бастапқы көрсеткіші 8). 2003 жылдың 1 қаңтарына кедейлік шегінен тыс 52794 адам өмір сүруде, кедейшілік деңгейі 5,6 % қүрайды. Кедейлердің жалпы санынан: 26,5 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар немесе 50,2%; экономикалық енжар халықтың елеулі үлесін, сондай-ақ жұмыссыз халықтың -12,5% жастар құрайды. 25,2 мың адам- еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, бүл 47,6 % құрайды, олардан-19,9 мыңы (кедейлердің жалпы санына 37,7%)- жұмыс істемейтіндер; 0,6 мыңы-мүгедектер (1,1%); 1,1 мыңы-зейнеткерлер (2,0%). Соңғы үш жылда облыс экономикасында жалпы экономикалық және қаржылық жағдайдың жақсару үрдісі сақталды. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісінде оң қарқын қалыптасты. 1999 жылғы өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 49,7 миллиард теңгені құрады, 2000 жылы - 59,3 миллиард теңге, 2001 жылы - 62,1 миллиард теңге, 2002 жылы - 71,7 миллиард теңге. Облыста шығарылатын барлық онім түрлерінің ішінде кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарының өнімі ең маңыздысы болып табылады. Өндіріс өнеркәсібінің жалпы келемінде бүл саланың үлес салмағы осы жылдар ішінде 33,3% - дан 49,9% - ға дейін көбейді. Өндеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі 38,9% - дан 32,7% - ға дейін кеміді, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және болу 27,8% - дан 17,4 % дейнге 1999 жылы өнеркәсіп қызметкерлерінің орташа айлық еңбек ақысы 13715 теңгені құрады, 2000 жылы - 24,1 % көбейді және 17031 теңгені құрады. 2001 жылы еңбек ақы 18836 теңгені құрады және 2000 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға өсті. 2002 жылы ол 7,5%-га көбейді және 20250 теңгені құрады. Өнеркәсіпті орташа еңбек ақы 2002 жылы орташа облыстықтан 1,4 есе жоғары. 1999-2001 жылдары күрделі қаржы жұмсалымын біртіндеп қалпына келтірудің тұрақты үрдісі байқалды. 2001 жылы 1998 жылмен салыстырғанда негізгі капиталға инвестициялар 2 еседен көп өсті. 2001 жылда 2000 жылмен салыстырғанда олар 1,6 есе көбейді. Күрделі қаржы жұмсалымын салу үшін өндіріс саласында кен өндіру өнеркәсібі басымдыққа ие болып отыр. 2001 жылы облыстың жалпы аймақтық онімінің 26,4% ауыл шаруашылық өндірісінің үлесіне тиді, бүл 2000 жылмен салыстырғанда 4,4 %-ға коп. Өткен 2001 жылы 80,4 миллиард теңгеге жалпы ауыл шаруашылық өнімі өндірілді, бүл алдағы жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 11%-ға жоғары. 1999 жылы-2,4 миллиард теңге, 2000 жылы-0,9 миллиард теңге және 2001 жылы 1,8 миллиард теңге табыс алынды. Бұл негізінен өсімдік шарауашылығынан алынған табыспен байланысты. Кейінгі үш жыл ішінде орта есеппен 3,3 миллион тонна астық өндірілді, астықтың шығымдьшығы гектардан 11,4 центнерді құрады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету үшін 2001 жылы екі несис беретін серіктестік қүрылды, Федоровта «Капитал» және Қарабалық ауданында «Карлығаш» ауыл шаруашылық несиелік серіктестігі. 2002 жылы Жітіқара ауданында —бір серіктестік және Денисов ауданында —бір серіктестік құрылды. Ауыл шаруашылық несиелік серіктестіктер 115,2 миллион теңге мөлшерінде жарғылық капитал қалыптастырды. Ауыл шаруашылық өнімінің өсуін ынталандыру үшін тірі мал мен ауыл шаруашылық өнімін дайындаушы пункттер ұйымдастырылды: сүт сатып алатын 113, ет сатып алатын 89 пункт құрылды. 2001 жылы салықтар мен алымдардың түсуі 1998 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсті,ал жергілікті бюджетке түсім - 1,8 есе өсті. Соңғы үш жылда жалпы аймақтық өнім халықтың жан басына шаққанда 22%-ға, орташа айлық еңбек ақы - 1,5 есеге өсті. Тоқтап тұрған өндірісті қалпына келтіру және жаңадан өндірістер ашу жұмысы жүргізілуде. 2001 жылдың өзінде 14,8 мың жаңа жұмыс орындары құрылды, 2002 жылы-12178 жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық 1999 жылға дейін облыста жұмыссыздық деңгейінің әсу үрдісі сақталды, бүл көрсеткіш аталған жылы экономикалық белсенді халыққа алғанда 15,8 %-ға жетті. 2000 жылдан бастап халықты жұмыспен қамтуды жақсарту жөніндегі қабылданған шараларға байланысты бүл көрсеткіштің біртіндеп төмендегені байқалады. 2002 жылы жұмыссыздық деңгейі 9,3% құрады. Өздігінен жұмыспен қамтылған халықтың саны 1997 жылмен салыстырғанда 43,4 %-ға өсті. Ақылы қоғамдық жүмысты үйымдастыру, әлеуметтік шиеленісті төмендетіп, қызметкерлердің еңбек рыногымен байланысын сақтап, жүмыссыз отбасының табысын көбейтіп және аймаққа қажет жұмыс түрлерін өткізуге жұмыс күшін жұмылдыруға мүмкіндік беріп, елеулі пайда келтіріп отыр. Соңғы үш жыл ішінде облыста қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың саны 6197-ден 6718 адамға дейін қүрап отыр. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда жұмыстың негізгі түрлері елді мекендерде тиісті санитарлық жағдайды сақтау, объектілерді жөндеу болып табылады. Елді мекендерді тазарту және абаттандыру сияқты қоғамдық жұмыстардың дәстүрлі түрлеріне қатысушылардың жалпы санының 58,5 % қатысты. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда жұмыссыздардың әлеуметтік-мәдени сала нысандарын жөндеуге қатысуы өсті. Жұмысқа қатысушылардың ішінде 88% нысаналы топтарға жатады, 522 қатысушы түрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды. Жылына орта есеппен кемінде екі айға созылатын еңбекке төленетін ақының төмендігі, сонымен қатар көбісіне тартымсыз, беделсіз қол жұмысы, жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстан бас тартуының негізгі себебі болып табылады. Бүл жұмыстарға азаматтардың ең мүқтажы ғана қатысады. Кәсіптік дайындау және қайта дайындау Бүгінде кәсіптік білім беру жүйесі еңбек рыноғының мүқтажын жеткілікті көрсете алмай өтыр, сондықтан оку орындарын бітірушілер және халықтың кейбір жіктері талап етілмей отыр. Көптеген оқу орындары білім беру рыноғын дамытып, заңгер мен экономика саласындағы кадрларды дайындауға маманданып отыр. Сонымен қатар көптеген кәсіпорындарға, әсіресе өнеркәсіпке қажет инженерлік- техникалық мамандар жоқтың қасы. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген, қазіргі еңбек рыноғында сүраныс таппайтын мамандықтары бар немесе қандай да болмаса мамандығы жоқ жұмыссыздар санының елеулі екенін ескерсек, оқытудың, қайта оқытудың және біліктілікті жетілдірудің қажеттілігі зор екені түсінікті болар. Халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыздарды, бірінші кезекте күнкөрістері төмендерді, үзақ уақыт жұмыс істемейтіндерді, жастарды әлеуметтік қорғау мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесі әзірленді. Қостанай облысы әкімиятының «Әлеуметтік жұмыс орындарын үйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» 2002 жылдың 2 мамырында № 102 қаулысы қабылданды, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1510. 2002 жылы 76 елді мекенде тіпті мектеп болған жоқ, 147 селода орта мектеп, 208-інде негізгі мектеп болмады. Осының салдарынан күніне 3391 оқушы қатынап оқуға мәжбүр. Күніне 3- тен 50 шақырымға дейін мектепке жол жүру (әсіресе қыста) оқушылардың бүл санаттарының сабақты жиі жіберуіне әкеп соқтырып отыр. Мектептен тыс жүрген балалар мен жастардың елеулі үлесі күнкөрістері төмен және бейберекет отбасыларының өкілдерін құрайды. 2002 жылдың 15 мамырына текті 10 күннен артық мектепке бармаған 25 мектеп жасындағы баланың 14-і бейберекет отбасынан. Түрақсыз материалдық Жағдай, жұмыссыздық және көшіп-қонуға мәжбүр болу отбасы бюджетінің жағдайына әсер етеді және кейбір отбасының балаға білім беруге жұмсайтын қаражатты үнемдеуіне мәжбүр етеді. Осының нәтижесінде балалар не күнкөріске қаражат табушы, не үйсіз, қаңғыбас болып кетеді. Күнкөрістері төмен отбасылары балаларының, жетім балалардың және денсаулықтары нашар балалардың толық білім алуға қол жеткізуіне байланысты күрделі проблемалардың бірі ыстық тамақпен қамтамасыз ету болып отыр. Облыс бойынша күнкерістері тәмен отбасыларынан 5957 бала мектеп асханаларында тегін тамақтанады, бүл жалпы санның 15,4% қүрайды, 6487 оқушы (16,7%) арзандатылған тамақ алады. Білім берудің барлық сатыларында әйел балалардың (6 жастан 24 жасқа дейін) 71,6 %, ер балалардың 70,1 % қамтылған. Студенттердің арасында қыздардың үлесі жігіттерден жогары.Бірақ еңбек рыноғында жұмысқа орналасуға қыздардың мүмкіндігі төмен. Жоғары оқу орындарына түсе алмай, қалада қалуды қалап отырған село жастарының жағдайы көкейтесті проблема болып отыр. Қоғамның әлеуметтік саралануының күшеюі және денсаулық сақтау, білім беру, түрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік саласындағы тегін қызмет көрсетудің қысқаруы халықтың әлеуметтік көмекке мүқтаждығының өсуіне әкеліп соқтырды. Еғер 1996 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік комекке жүмсалған шығынның үлесі жергілікті бюджеттің барлық шығынының 4,1% қүраса, 1999 жылы-8,3%, 2000 жылыг7,3%,2001жылы-10,1%, 2002 жылы-10,4% қүрап отыр. 1990 жылдың аяғында кедейлер, санатына мүгедектер, жалғыз басты аналар мен коп балалы отбасыларынан басқа балалардың, жастардың, зейнеткерлердің, жүмыссыздардың, үйсіздердің, қоныс аударушылардың және босқындардың кейбір санаттары жататын болды. 2000 жылдың басында аймақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары елді мекендердің әлеуметтік карталарын жасап, орта есеппен жан басына шаққандағы табыс кедейлік шегінен аспайтын әр отбасына әлеуметтік карталар жүргізген. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халыкты әлеуметтік қорғау басқармасында деректердің ; электрондық базасы қүрылған. Сонымен қатар халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түрлі мемлекеттік органдардың қызметі нашар үйлестіріліп отырғандығын атап өту керек. Халықтың әлеуметтік комек алу мүмкіндігі туралы жеткіліксіз хабардар болуы, мемлекеттік емес сектордың әлеуметтік қызмет көрсетуде нашар қатысуы еуәуір әсер етіп отыр. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік комек туралы» Заңының 2002 жылғы қаңтардан бері іске асырылуы көмекке оте мүқтаждарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған. 2002 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар 31,5 мың адам болды немесе кедейлік шегінен тыс өмір сүріп жатқан халықтың жалпы санының 59,6%. Облыста халықтың түрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткіші рсспублика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Мысалы, бір адамға 19,6 шаршы метр түрғын үй келеді. Үй шаруашылығының 99,2%-ның жеке үйі бар, бүл республикалық көрсеткіштен 10,2%-ға жоғары; олардың 60%-ы барлық коммуналдық жағдай жасалған түрғын үймен қамтамасыз етілген, республика бойынша бүл көрсеткіш 44% қүрайды. Көріктеңдіру керсеткіші қалалық жерде-87%, селолық жерде-33% қүрайды. Халықтың төлеу қабілетінің төмендігінен коммуналдық қызмет көрсетуге төленбеген толемдердің деңгейі жоғары болып отыр. Бүл проблеманы шешуге тұрғын үй жәрдемақысы оң әсер етіп отыр. 2002 жылы тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге жергілікті бюджеттен 603,8 миллион теңге жүмсалған, бүл 1999 жылдағыдан 7,3 есе көп. Осы уақыт ішінде тұрғын үй көмегін алушылардың саңы 2,2 есеге өсті. Облыста жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарының жүйесі 7732 шақырымды қүрайды: оның ішінде 4125,5 шақырым- жетілдіріп жабылған, 2259,5 шақырымы үсақ тас және қиыршық таспен жабылған, 1347-тегістелген жол. Автокөлік жолдары негізімен 60-70 жылдары салынған, жеңіл көлікке арналган, қазіргі заманғы ауыр салмақты көліктердің көбеюіне байланысты жол мен жол қүрылыстары тез тозуға ұшырап отыр. Облыс қалаларында жолаушы тасымалдаудың орташа деңгейі 82,5% қүрайды, селолық жерде-51%. 344 селолық елді мекенде көлік қатынасы жоқ, бүл халықты әлеуметтік кызмет корсетулерге қол жеткізу мүмкіндігінен айырып, кедейлердің жағдайын одан сайын қиындатып отыр. Кедейшіліктің аймақтық және экологиялық аспектілері оңғы жылдары Қостанай облысында экологиялық жағдай салыстырмалы түрде түрақты болып келеді. Оған уран өндіру саласы мен химия өнеркәсібі кәсіпорындарының болмауы, сондай-ақ бірқатар ірі кәсіпорындардың, оның ішінде химия талшығын өндіру жөніндегі үш зауыттың (Қостанай, Рудный және Лисаков калалары) жойылуы ықпал етіп отыр. Облыста 95 елді мекенде су қүбыры жоқ, ол жерлердің халкы суды тасып пайдаланады. Ауыз судың 19% бактериологиялық көрсеткіштер бойынша стандартқа сай емес. Халықтың 6,7% ауыз судың орталықтандырылган көзіне қол жеткізе алмай отыр. Облыстың мәслихаты бекіткен 2010 жылға дейін арналган облыстың стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар» бөлімі бойынша Ұзынкөл, Сарыкөл, Қарасу аудандарын сумен қамтамасыз ету проблемасын шешу жоспарлануда. «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру үшін 2002 жылы республикалық бюджеттен 183,526 миллион теңге бөлінді және игерілді, соның ішінде Сарыкөл ауданында Лихачев топтық су құбырын салуға Сарыкөл ауданы -86,04 миллион теңге, Ұзынкөл жер асты су құбырынан топтық су құбырын салуға (Ұзынкол ауданы) - 77,8 миллион теңге, Амангелді ауданың Амангелді кептінде су қүбыры жүйесін қайта салуға (Байғабыл жер асты су құбыры) - 19,686 миллион теңге. 2002 жылы облыстық бюджеттен суды қорғау іс- шараларына (су және канализация) 119751,0 мың теңге бөлініп игерілді
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Кедейшілікті төмендету жөніндегі кешенді бағдарлама мақсаты және міндеттері
4. Кедейшілікті төмендету жөніндегі кешенді бағдарлама мақсаты және міндеттері Бұл бағдарламаның мақсаты төмендегі жағдайларды жасау жолымен кедейшілік деңгейін қысқарту болып табылады: Экономикалық өсу үшін, шағын бизнесті қосқанда кәсіпкерлікті дамыту; жұмыспен қамтуды және халықтың табысын көбейту; білім мен денсаулық сақтау көрсететін қызметтерге кедейлердің қол жеткізуін көтеру; халықты әлеуметтік қорғаудың атаулылық сипаттын жақсарту.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Кедейшілікті төмендетудің негізі бағыттары және Кешенді бағдарламаны іске асыру тетігі
5. Кедейшілікті төмендетудің негізі бағыттары және Кешенді бағдарламаны іске асыру тетігі Нысаналы топтардағы кедейшілікті қысқарту жөніндегі шаралар оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар. Осы санаттағы жастарды анықтау және оларды еңбек пен әлеуметтік омірге тарту үшін құқықтық және психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдау. Уәкілетті аймақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының жанындағы жастардың еңбек биржалары және жұмыс іздеу клубтарында жұмыс іздеу технологиясы жөнінде семинар ұйымдастыру және өткізу. Маусымдық, уақытша немесе толымсыз жұмыс күніне жұмыска орналасуға көмек көрсету. Кеп балалы және кедей отбасыларыңың балалары. Жалғыз басты қарт адамдар. Жалғыз басты қарт адамдарды үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 18 бөлімшесі арқылы күтуді ұйымдастыру. Бүл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды тарту. Мүгедектер. Мүгедектердің түрғын үй, қөғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфрақүрылым нысандарына қол жеткізуін қамтамасыз ету: мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру шеңберінде: 2-3 топтағы мүгдектерді оңалту бағдарламасы бойынша оқыту; кресло-арбалармен қамтамасыз ету; мүгедек балаларды және мүгедектердің жекелген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу; 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге әлеуметтік көмек көрсету; 2003 жылы 50 орындық мүгедек балаларды оңалту орталығын салу. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңын іске асыру мақсатында: кемтар балаларға үйде қызмет көрсету үшін жүмыс істеп жатқан өлеуметтік көмек бөлімшілеріне әлеуметтік қызметкерлердің қөсымша штаттық бірліктерін енгізу; кемтар балаларға көмек көрсету үшін қалаларда психологиялық-медициналық-педагогикалық көмиссиялар, аудан орталықтарында - коррекциялық кабинеттер құру. Шағын кәсіпкерліктің жене облыс экономикасының ойдағыдай дамуы үшін технопарктер жүйесін қүру және бизнес- инкубаторларды әрі қарай дамыту міндеттердің бірі болып табылады. Инфрақүрылым элементтерін қүру және дамытудың негізгі идеясы- өзін-өзі қаржыландыру негізінде әрі қарай ойдағыдай даму үшін жаңа кәсіпорының негізін қалауга кемектесу. Бүл қосымша жүмыс орындарын қүруга мүмкіндік береді және ондіріс колемін арттыру есебінен экономикалық әсуді қамтамасыз етеді. 2003-2005 жылдар арасында шағын кәсіпкерлік нысандарының саны 39758 бірлікке немесе 8,3 %-ға өседі. Демографиялық және көші-қон факторларының кедейшілікке ықпалын жұмсарту жөніндегі шаралар облыста демографиялық жағдайды жақсартудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасында қарастырылған іс-шараларды орындау демографиялық факторлардың кедейшілікке ықпалын жүмсартуға мүмкіндік береді. Жоғарьща аталған бағдармаларда бүл үшін: табысы жағынан аз қамтылған отбасылары балаларының мектепке дейінгі мекемелерге баруға қол жеткізуін қамтамасыз ету; жүкті әйелдерді ерте анықтауды үйымдастыру, қауіп-қатер тобына жататындарды анықтау, оларды жоспарлы түрде қарап түруды үйымдастыру; қыз балалардың ішінде ішкі қүрылыстарында ауытқу бар, қауіп-қатер тобына жататындарын сауықтыру және оларды болашақта ана болуға дайындау мақсатында емдеу үшін анықтау; халықтың, әсіресе көп балалы отбасылары көп аудандардың отбасын жоспарлау ақпаратына қол жеткізуін жақсарту қарастырылған. Көші-қонның кедейшілікке ықпалын төмендету мақсатында төмендегі шаралар қабылданады: көшіп келушілердің, оның ішінде репатриаттардың (оралмандардың) бейімделулеріне және орналасуларына жәрдемдесуді жақсарту; жақын және алыс шет елден кошіп келудің бекітілген квотасын орындау. Келген репатрианттарды түрғын үймен, біржолғы жердемақымен, жер учаскесімен қатамасыз ету; қоныс аудару қарқынын тәмендету үшін жағдай туғызу, білікті кадрлардың кетуіне жол бермеу; облыс ішіндегі көші-қонды реттеу. Білім беру қызметтеріне қол жеткізуді жақсарту халықтың білім беру қызметтеріне қол жеткізуін жақсарту үшін қажет: жалпы оқыту қорына бюджетгік қаражатты уақытында және толық аударуды қамтамасыз ету, қаражатгы жүмсаудың тиімділігін арттыру және бақылауды күшейту; мектептері жоқ елді мекендерден балаларды мектепке үздіксіз тасымалдауды ұйымдастыру; мемлекеттік жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде (лицейлерде) аз қамтылған отбасыларының балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; мемлекеттік мектепке дейінгі, мектептен тыс ұйымдар жүйесін сақтау жонінде шаралар қабылдау; аз камтылған отбасының балалары үшін жазғы демалыс ұйымдастыру; ауыл шаруашылық өндірісі үшін орта кәсіптік білімі бар мамандар мен білікті еңбек (жұмысшылар, қызметкерлер) қызметкерлерін дайындау жөніндегі мемлекеттік кәсіптік мектептер (лицейлер) және колледждер жүйесін сақтау жонінде шаралар қабылдау. Әлеуметтік көмектің атаулы сипатын көтеру мақсатында: учаскелік комиссиялардың сандық және сапалық қүрамын қайта қарау; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алудан үміткер халықтың кедей санаттарының масылдығының алдын алу үшін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесіне өзгертулер енгізу; атаулы әлеуметтік көмек алудан үміткер отбасының, адамның жиынтық табысын анықтау ережесіне өзгертулер енгізу.
Тарау 6
Тармақ 6. 6. Қажет ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
6. Қажет ресурстар және оларды қаржыландыру көздері Бағдарлама кешенді сипатқа ие, сондықтан 2003-2005 жылдары кедейшілікті төмендетуге бағытталған қаражат қолданыстағы және әзірленетін кедейшілікті төмендету мәселесін жанама шешетін салалық және аймақтық бағдарламалар шеңберінде жыл сайынғы тиісті бюджет аясында қарастырылады.
Тарау 7
Тармақ 7. 7. Кешенді бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
7. Кешенді бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже Кешенді бағдарламаны іске асыру және онда қарастырылған барлық шараларды қабылдау облыс халқының әл-ауқатын котеруге, кедейшілік пен жүмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етуге тиіс. 2005 жылға халықтың кедейшілік шегінен төмен күн көріп жатқан үлесін 2002 жылмен салыстырғанда 48,8 % -ға төмендету. 2005 жылға жұмыссыздықтың жалпы деңгейі халықтың экономикалық жағынан белсенділігіне қарағанда 8,1% құрайды.
Тармақ 8. 8. 2003-2005 жылдарға арналған Қостанай облысында кедейшілікті төмендету жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. 2003-2005 жылдарға арналған Қостанай облысында кедейшілікті төмендету жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары