О региональной программе государственной поддержки неправительственных организаций Актюбинской области на 2003-2005 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы туралы» 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002- 2004 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470, «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003- 2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 Қаулыларына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық ішкі саясат департаменті, облыстық еңбек, халықты жүмыспен қамту және әлеуметтік қоргау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасымен белгіленген іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарыА. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 4. Мазмұны:
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 2 шілдедегі № 7 шешімімен бекітілді Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналғанаймақтық Бағдарламасы Мазмұны:
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Тармақ 3.1
3.1. Ақтөбе облысының үкіметтік емес секторының қалыптасу кезеңдері және оның мемлекетпен өзара іс-қимылы
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Тармақ 5.1
5.1. 0блыстың ҮЕҰ қызметтерінің негізгі бағыттары
Тармақ 5.2
5.2. Ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар
Тармақ 5.3
5.3. 0блыста азаматтық бастаманы дамыту
Тармақ 5.4
5.4. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі органдар құру
Тармақ 5.5
5.5. Үкіметтікемес ұйымдар қызметін ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету
Тармақ 5.6
5.6. Үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау
Тармақ 5.7
5.7. Үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерді дайындау және олардың біліктілігін арттыру
Тармақ 5.8
5.8. Бағдарламаны іске асыру тетігі
Тармақ 6
6. Бағдарламаны қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Тармақ 8
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бөлім 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты Атауы: Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы. Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы туралы» 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2002 жылдың 24 сәуіріндегі № 470, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 17 наурыздағы №253 Қаулылары. Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті. Бағдарламаның мақсаты Азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде облыста үкіметтік емес ұйымдардың түрақты дамуы үшін жағдайлар жасау және мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау және олардың тарапынан қолдау көрсету негізінде қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешудегі олардың ролін күшейту. Бағдарламаның міндеттері Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүйесін жетілдіру; әлеуметтік мәселелерді шешетін облыстың үкіметтік емес ұйымдарын ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастырушылық-техникалық қолдау; облыста азаматтық бастаманың артуына жағдай жасау; үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін көтеру жүйесін құру; үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне түрақты мониторинг пен зерттеулер жүргізу; халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту. Бағдарламаны қаржыландыру көздері Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестік қатынастардың түрақты әрі тиімді жүйесін әзірлеу және енгізу; об­лы­стың үкі­мет­тік емес сек­то­рын одан әрі да­мы­ту үшін құқық­тық, әді­сте­ме­лік жағ­дай­лар жа­сау; облыста азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдайлар жасау; халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту. Бағдарламаны іске асыру мерзімдері 2003-2005 жылдар.
Бөлім 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарлама (бұдан былай - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы туралы» 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470, «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 Қаулылыларына сәйкес әзірленген және 3 жылға есептелген. Осы Бағдарламаны әзірлеу үкіметтік емес секторды қолдау әрі олармен өзара іс-қимылдың кешенді және мақсатты бағытталған мемлекеттік саясатын әзірлеу қажеттілігінен туындап отыр. Азаматтық қоғамның ажырамас қүрамдас бөлігі бола отырып, үкіметтік емес сектор облыстағы қоғамдық-саяси процестердің одан әрі демократияландырылуына оң әсер етеді. Үкіметтік емес ұйымдар ерікті негізде әрекет жасай және бастама көтере отырып, қазірдің өзінде әлеуметтік саланың проблемаларын шешуге елеулі үлес қосып отыр. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен нақты ынтымақтастығы тең құқылы әріптестік қағидаттарда маңызды мәнге ие болып отыр. Бағдарлама облыстың мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдары арасында орнықты әрі тиімді қатынастар жүйесін қүруға бағытталған.
Бөлім 3. 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау 3.1. Ақтөбе облысының үкіметтік емес секторының қалыптасу кезеңдері және оның мемлекетпен өзара іс-қимылы Облыста үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуы Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуымен, Қазақстанның демократиялық, нарықтық экономикасы бар әлеуметтік мемлекет ретінде даму кезеңімен түспа-түс келеді. Қазақстанда тәуелсіздіктің 11 жылы ішінде қоғамның әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешетін қоғамдық бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, мемлекеттік емес коммерциялық емес мекемлерден түратын үкіметтік емес сектор қалыптасты. Үкіметтік емес ұйымдар - бұл азаматтар заңнамаға қайшы келмейтін өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде қүрған қоғамдық қатынастарды реттеу тетіктерінің бірі болып табылатын, әлеуметтік проблемаларды шешуде, азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерінде мемлекет пен азаматтардың арасында дәнекерлік рөл атқаратын коммерциялық емес ұйымдар. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі азаматтық бастаманы дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешудегі қоғамдық ұйымдардың ролін арттыруға, қоғамды түрақты дамытуға қол жеткізуге бағытталған. Облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметін талдау қоғамдық сектор дамуын және оның мемлекетпен өзара іс-қимылын 3 кезеңге бөлуге мүмкіндік береді. Үкіметтік емес сектор қалыптасуының 1-кезеңі 1980-ші жылдардың аяғынан бастап 1994 жыл кезеңін қамтиды. Бұл кезең мемлекеттік емес секторга қатысты мемлекеттің жалпы көзқарасы мен басымдықтарын әзірлеу процесімен сипатталады. Ақтөбе облысында бұл кезеңде 6 ҮЕҰ ұйымдастырылды. Бұл халықтың қоғамдық қызметтердің жаңа әдістерін жеткілікті білмеуіне, сондай-ақ, облыстың жалпы экономикалық жай-күйімен байланысты. Негізінен, сол кездерде адамдардың тіркелмеген биформалды бірлестіктер түрлерінің бірі болған - мүдделері бойынша үйірғілер жүмыс істеген. Алғашқы ҮЕҰ 90-жылдардың басында тіркеле бастады. Солардың ішінде «Борыш» әскери-спорттық үйіргіні, «Ақтөбе экологы» қоғамдық бірлестігін және басқаларды боліп айтуға болады. 2- кезең - бұл үкіметтік емес ұйымдардың сандық өсу кезеңі. Бұл кезең 1994-1997 жылдарды қамтиды. Осы кезеңде үкіметтік емес ұйымдардың саны 6-дан 11-ге дейін ості. Үкіметтік емес ұйымдардың әсуін бірінші кезекте халықаралық қорлар мен ұйымдардың гранттар жүйесі арқылы жаппай қаржылық қолдау есебінен жүруімен түсіндіруге болады. 1996 жылы қоғамдық бірлестіктердің заңдық мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін аныктаған, жаңа үкіметтік емес ұйымдардың пайда болу процесін жандандыра түскен «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл кезең үкіметтік емес ұйымдардың құрылымдық және ұйымдастырушылықпен қалыптасуымен, үкіметтік емес секторга қатысты бірыңғай мемлекеттік саясаттың әзірленуімен атап өтіледі. Ақтөбе облысында бұл кезең, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар санының, әсіресе 1997 жылы, көбеюімен сипатталады. Дәл сол кезде Алматыда шоғырланған халықаралық донорлық ұйымдардың біздің аймақтың үшінші секторының дамуына үлкен қызығушылығы байқалды. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған алғашқы бару семинарлар мен тренингтер откізілді дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Дейтүрғанмен, облыстың үшінші секторының дамуы Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс аймактарындағы облыстардан едәуір артта қалуда болатын. Осы аралықта «Іңкәр»әлеуметтік-экономикалық даму қоры, «Сорос-Қазақстан» қорының ақпараттық орталығы, «Адал» түтынушылар құқықтарын қоргау қоғамы, «Қазақстанның іскер әйелдері ассоциациясының» Ақтөбе филиалы, «Халықаралық шығыс әйелдері ассоциациясының» Ақтөбе филиалы, «Бизнес орталығы» қоғамдық қоры, «Баубек» қоры, «ДемОрда» мемлекеттік емес мекемесі сияқты облысқа белгілі үкіметтік емес ұйымдар және т.б. тіркелген болатын. 3-ші кезең 1998 жылдан басталады және осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Бұл мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылының тетігін іске асыру гуралы мәселенің қойылуымен сипатталатын, жаңа сапалы кезең. Үкіметтік емес ұйымдардың сандық өсуі олардың санының 50-ге жетуіне алып келді. Оларда түрақты негізде - 4500-ден астам адам, уақытша (консультанттар, сарапшылар) - 500-ге дейін адам және еріктілер - 1200-ден астам адам жүмыс істейді. Бұл кезеңде үкіметтік емес ұйымдардың қызметтеріндегі белсенділіктің артуымен қатар, тіркелген ҮЕҰ-дың санының күрт өсуі байқалады. ҮЕҰ-дың тіркелуі, әсіресе, заңды түлғалардың тіркелуіне мемлекеттік баждың төрт айлық алынып тасталуы енгізілген 2001 жылы көп болды. Облыстың үшінші секторының дамуына ҮЕҰ-дың ақпараттық, консультативтік және техникалық қолдауына бағытталған азаматтық қоғамды қолдау орталығының қызметі үлкен серпіліс болды. Түрлі деректер бойынша Ақтөбе облысында тіркелген үкіметтік емес ұйымдар саны еліміздегі жалпы санымен салыстырғанда 2-3% қүрайды, яғни ол, салыстыруға да келмейді. Қазіргі кезде облыста тіркелгендер саны көп болса да, мейлінше белсенділікпен 50-дей үкіметтік емес ұйымдар жүмыс жасайды. Қарап отырған кезеңде облыста үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік оргаидармен өзара іс-қимылдарының түрлі формаларының таралуы бой алуда. Үкіметтік емес ұйымдарды жергілікті атқарушы органдардың жаиындағы қоғамдық комиссиялар жүмыстарына шақыруда. 2002 жылдың шілде айында облыс әкімияты жанынан мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылдары жөніндегі Кеңестің құрылғанын ерекше атап өту керек. Бұл облыс әкімиятының мен жергілікті ҮЕҰ-дың ықпал етуімен Қазақстанның Үкіметтік емес ұйымдарының конфедерациясының (ҚҮЕҰК) «Жергілікті атқарушы, өкілді билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы әлеуметтік әріптестіктің тетіктері» семинары өткізілгеннен кейін мүмкін болды. Кеңестің қүрамына ҮЕҰ-ның өкілдері және облыстың мемлекеттік органдарының басшылары кірді. Кеңестің мәжілістерінде нақты жобаларды жүзеге асыру барысында әлеуметтік проблемаларды шешудегі мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-дың өзара іс-қимылы туралы мәселелер қаралады. Бірінші кезекте қоғамдық секторды сапалы, ұйымдық-практикалық қолдау проблемаськтуындайды. Бұл жағдайда үкіметтік емес сектордың мемлекетпен өзара тең құқылық қағидаттарындағы нақты ынтымақтастығы маңызды мәнге ие болып отыр. Мемлекет бүгінде мемлекеттік емес ұйымдарға қолдау көрсетуде. Қоғамдық процестерде коммерциялық емес ұйымдардың рөлі мен орнын тануда нақты қадам болған «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2001 жылы қабылдануы осының айғақтарының бірі болып табылады. Коммерциялық емес заңды түлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтык нормалары мен түрлері, олардың құқықтары мен міндеттері, құрылу тәртібі, қызметін қайта ұйымдастыру және тоқтату заңмен айқын белгіленген. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдардың дамуындағы осал жері-ол аудандарда, әсіресе селолық елді мекендерде үкіметтік емес ұйымдардың жете дамымауы болып табылады. Ақтөбе облысында балалар және жастарды, кәсіпкерлікті, әйелдерді қолдау, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту бойынша рухани-мәдени мұраларды, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік емес ұйымдар кеңінен таралды. Ақтөбенің ҮЕҰ-ның шетелдік гранттарды тарту көлемі Астаналық ҮЕҰ-мен салыстырғанда өте аз. Әрине, бұл жерде географиялық шалғай орналасуы, түрақты контакттардың жоқтығы және өзге де факторлар әсер етеді. Соған қарамастан біздің облысымызда грант иелері - ҮЕҰ саны жыл сайын көбейе түсуде.
Бөлім 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның мақсаты азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде Ақтөбе облысында үкіметтік емес ұйымдардың түрақты дамыту үшін жағдай жасау және өзара іс-қимыл мен мемлекеттік билік органдары тарапынан қолдау негізінде әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешудегі олардың рөлін күшейту болып табылады. Бағдарламаның міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өзара іс- қимылы мен ынтымақтастық жасау жүйесін жетілдіру;
Тармақша 2
2) әлеуметтік мәселелерді шешетін облыстың үкіметтік емес ұйымдарына ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, техникалық қолдау көрсету;
Тармақша 3
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 4
4) облыста азаматтық бастамалардың өсуі үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 5
5) ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін құру;
Тармақша 6
6) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне түрақты мониторинг пен зерттеулер жүргізу;
Тармақша 7
7) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.
Бөлім 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі Бағдарламаны іске асыру мынадай басым бағыттар бойынша:
Тармақша 1
1) ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар;
Тармақша 2
2) аймақта азаматтық бастамаларды дамыту;
Тармақша 3
3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жасау жөніндегі органдар құру;
Тармақша 4
4) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік және әдістемелік қолдау;
Тармақша 6
6) үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау;
Тармақша 7. 5.1. Облыстың ҮЕҰ қызметтерінің негізгі бағыттары
7) үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-қимылдардың жүйелілігі мен кезеңділігін көздейді. Багдарлама үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауды іске асырудың, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың одан әрі ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға бағытталған. 5.1. Облыстың ҮЕҰ қызметтерінің негізгі бағыттары Облыстың үкіметтік емес ұйымдары қызметтерін мынадай негізгі бағыттарға бөлуге болады:
Тарау 5.1.1
Тармақ 5.1.1
5.1.1. Кедейшілікпен күрес: Аз қамтылған фермерлердің кредитке қол жетерлігін қамтамасыз ету; бизнес-білім алу: бизнес-жосар жасау; маркетинг, менеджмент; органикалық ауыл шаруашылығы мен түрақты жер пайдаланылуының дамуы; ауыл шаруашылығы түтынушылар коперативтерін, фермерлік ассоциацияларды, қожалық серіктестіктерді және т.б. құру және дамуы; кіші қалалардың, болашағы жоқ селолар мен ауылдардың проблемаларын зерттеу;
Тармақ 5.1.2
5.1.2. Есірткінің және ЖҚТБ таратылуымен күрес: салауатты өмір салтының профилактикасы; реабилитациялық орталықтар қүру және оның дамуы;
Тармақ 5.1.3
5.1.3. Білім беру саласында: зиялылық қызметін көрсету жөніндегі консультативтік, ақпараттық орталықтардың қалыпғасуы және дамуы; «ауыр» жасөспірімдермен және әумесерлік мінез-қүлықты балалармен жүмыс; аз қамтылған отбасыларының балаларына көмектесу;
Тармақ 5.1.4
5.1.4. Денсаулық сақтау саласында: салауатты өмір салтын насихаттау; халықтың түрлі санаттарының денсаулығын зерттеу; сырқаттардың, мүгедектердің денсаулығын және олардың мүдделерін қоргау;
Тармақ 5.1.5
5.1.5. Қоғамды экологизациялау: шөлейттенумен күрес; биоалуантүрлілікті сақтау; энергияның баламалы көздерін ендіру және оны пайдалану; қалдықсыз ондірістердің дамуы; дала әзендерінің тартылып қалмауымен күрес; қоршаған ортаның ластануымен күрес;
Тармақ 5.1.6
5.1.6. Адам құқығының дамуы: қоғамның дамыған маргиналдық топтарының тең мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету; қоғамның Қазақстан Республикасы Конституциясын сақтауы және орындауы;
Тармақ 5.1.7. 5.2. Ұйымдаегырушылық-құқықтық іс-шаралар
5.1.7. Мәдениет және онер саласында: өнер саласында дәстүрлі және баламалы ағымдарды қолдау; Қазақстанның рухани-мәдени мұраларын насихаттау; кітапханалар, мәдениет үйлерінің дамуы. Заманның талабына сай ҮЕҰ қызметін басқа да бағыттар бойынша қолдауға болады. 5.2. Ұйымдаегырушылық-құқықтық іс-шаралар Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін тиісті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру мен жетілдіру үкіметтік емес секторга пәрменді мемлекеттік қолдау көрсетудің аса маңызды шарты болып табылады. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысына сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жоспарлануда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - келісім-шарттар (шарттар) жасау жолымен Қаз'ақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілген, республикалық және аумақтық деңгейлердегі басым мақсатты әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудың экономикалық- құқықтық нысаны. Тапсырыс беруші мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар орналастыруды жариялы ашық конкурстар (тендерлер) өткізу негізінде қамтамасыз ететін болады. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заң мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылының құқықтық, ұйымдастырушылық және озге де мәселелері кешенін қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешуге олардың қатысуын анықтайды. Заң мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік маңызды жобаларды шешуге үкіметтік емес ұйымдардың кеңінен қатысуы үшін құқықтық негізді қамтамасыз етеді, халыққа ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді. 5.3. Облыста азаматтық бастаманы дамыту Аймақтарда, әсіресе ауылдық жерлерде үкіметтік емес секторды дамыту, жергілікті билік органдарының әлеуметтік проблемаларды шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тартуы әлеуметтік шиеленісті түсіреді, халықтың өзіне өзі көмек көрсетуі мен өзін өзі жүмыспен қамтуын ұйымдастыруда азаматтық бастамалардың өсуіне, әлеуметтік қызмет көрсету сапасы мен көлемінің артуына ықпал ететін болады. Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларына тендерлер (конкурстар) ұйымдастыру және өткізу арқылы жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды аймақтық әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешуге тарту көзделуде. Жергілікті атқарушы билік органдарының үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып аймақта дамытудың өзекті проблемалары бойынша оқыту семинарларын, тренингтерін, «дөңгелек үстелдерін» өткізуі ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды көтермелеуге жәрдемдесеьін болады. Қайырымдылық, еріктілік, мәдени-көпшілік және озге де акцияларды бірлесіп өткізу ауыл халқы әлеуметтік белсенділігі артуының маңызды шарты болып табылады. Халықтың неғүрлым әлсіз жіктерін қолдау, сондай мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды тиімді әрі сапалы іске асыру үшін коммерциялық сектор әлеуетін барынша толық пайдалану есебінен жеке көздерден қайырымдылық саласына түсетін ресурстар көлемін елеулі түрде үлғайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау қажет. Мемлекеттік билік органдары жеке түлғалардың үкіметтік емес ұйымдар қызметі шеңберінде іске асырылатын әлеуметтік маңызы бар қызмет ретінде өтеусіз ерікті қызметін дамытуға жәрдем көрсетуі тиіс. 5.4. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қнмыл жасау жөніндегі органдар құру Жергілікті атқарушы билік органдары жанындағы консультативтік- кеңесші мәртебесі бар Кеңестер мемлекеттік билік органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылының оңтайлы жолдарын іздеуге жәрдемдесетін болады. Кеңестер қызметінің негізгі бағыттары: мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынастарын нығайту мен кеңейту; оларға жүйелілік сипат беру; бірлескен іс-қимылды үйлестіру және оларды үйлестірудің нақты тетіктерін әзірлеу; әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге, қоғамдық проңестерді демократияландыруға бағытталған бірлескен іс-шаралардың кешенді бағдарламасын әзірлеу; өзара қолайлы шешімдерді іздеудегі қоғамдық дамудың өзекті проблемаларын бірлесіп талқылау. 5.5. Үкіметтік емес ұйымдар қызметін ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету Үкіметтік емес ұйымдар қызметін ақпараттық қолдау бүқаралық ақпарат құралдарында үкіметтік емес сектордың әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешудегі жүмыс тәжірибесін, оның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңінен жария етуді көздейді. Үкіметтік емес ұйымдары қызметі туралы мамандандырылған айдарлар, тақырыптық радио және теле-хабарларын жасау, қоғамда үкіметтік емес сектордың жағымды бейнесін қалыптастыруға жәрдемдесуге тиіс. Үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік қолдау үкіметтік емес ұйымдар қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық кесімдерін түсіндіруді; оларға үкіметтік емес сектормен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мемлекеттік органдардың, отандық және шетелдік грант берушілердің жүмыс әдістері, бағыттары туралы ақпарат облыстағы үкіметтік емес ұйымдар туралы деректер мен өзге де ақпарат беруді көздейді. Ақтөбе облысындағы үкіметтік емес ұйымдар туралы деректер банкін жасау қарастырылған. Үкіметтік емес секторды одан әрі жандандыру және топтастыру мақсатында «Ақтөбелік үкіметтік емес ұйымдар XXI ғасырда: қалыптасу проблемалары, даму перспективалары» атты облыстық форум өткізілетін болады, онда облыстың үкіметтік емес ұйымдарының даму үрдістері мен перспективалары талқыланатын болады, кең қолемде тәжірибе алмасу өтеді, мемлекеттік органдармен тиімді ынтымақтастықтың жолдары қаралады. Әдістемелік қолдау үкіметтік емес сектор қызметіне жүргізілетін мониторинг пен зерттеулер, оның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы проблемаларын талдау негізінде үкіметтік емее ұйымдар үшін әдістемелік ұсынымдар, материалдар, анықтамалықтар, оқу құралдарын жасауды көздейді. 5.6. Үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау Ұйымдастырушылық-техникалық қолдаудың маңызды бағыты практикалық сипаттағы іс-шаралар: «дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар, тренингтер, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп өзге де акциялар өткізу, сондай-ақ іс-шараларды өткізуге техникалық көмек көрсету (үй-жайларды, техникалық құралдарды беру, мүдделі органдарды, адамдарды шақыру және т.б.) болып табылады. 5.7. Үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерді дайындау және олардың біліктілігін арттыру Осы бағыт үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жүйелерін жетілдірудің әртүрлі мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер үшін жүйелі семинарлар, оқыту тренингтерін ұйымдастыруды және өткізуді көздейді. Үкіметтік емес секторды дамыту саласындағы тәжірибе, әдістемелік және теориялық әзірленімдер облыста әзірше жеткіліксіз болғандықтан, бағдарламаны іске асыру жөніндегі жүмыс көбіне инновациялық сипатта болады. Осыған байланысты Бағдарлама бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың қызметкерлерін даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға едәуір көңіл бөлу керек. Аудандық бөлімшелердің қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру семинарларын өткізіп, бөлімшелер мен әртүрлі деңгейлер арасында тәжірибе алмасу жүйесін жолға қойып, қызметкерлердің халықаралық және үлттық оқыту іс-шараларына қатысуына жәрдемдескен жөн. Халықаралық ұйымдармен әріптестік қатынастар негізіндегі ынтымақтастық демократиялық реформалардың алға басуының, азаматтық қоғам қүрудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге бағытталған бірлескен бағдарламаларды орындау облыстың үкіметтік емес секторын дамытуға оң ықпал етеді. Халықаралық ұйымдар мен қорлардың техникалық қолдау үкіметтік емес ұйымдарды нығайту мен дамытуға жәрдемдесетін болады. 5.8. Бағдарламаны іске асыру тетігі Бағдарламаны іске асыру үшін Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Ол көзделген іс-шараларды кезең-кезеңмен орындауды қарастырады. Іс-шаралар жоспары Бағдарламаны орындау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мен бақылауға мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске асыру процесін үйлестіру Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті мен облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына жүктелген. Бағдарламаны іске асыру тетігі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен іс-қимылын, сондай-ақ, халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастықты көздейді. Бағдарламаньщ орындалуын үйлестіру мен бақылау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар тиімділігін бақылаудың айқын көрсеткіштерін (индикаторларын) қамтитын оның мониторингі мен бағалау жүйесі жасалатын болады. 2003 жылдың 4 тоқсанында 50 сараптамашы (мемлекеттік органдар, ғылыми, үкіметтік емес ұйымдар) қатысатын Ақтөбе облысындағы үкіметтік емес сектордың даму проблемалары жөнінде сараптамалық сүрау салуды өткізу жоспарланып отыр. 2004 жылдың 4 тоқсанында 500 адамнан сүрау салудан алынатын Бағдарламаны іске асыру барысы туралы кешенді әлеуметтік зерттеу өткізілетін болады. Бағдарлама мониторингін талдау нәтижелері жекелеген бағыттарға түзету енгізу, Бағдарлама мен жоспарға тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ кейінгі бағдарламаларды әзірлеу үшін негіз болды.
Бөлім 6. 6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері
6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері Бағдарлама мынадай қаржыландыру көздері арқылы жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен;
Тармақша 2
2) республикалық бюджеттен. Бағдарламаны қаржыландыру білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты, демографиялық саясат, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек, мәдениет, ақпарат, спорт, қоршаған ортаны қоргау жөніндегі іс- шаралар салаларындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың бір бөлігін орындауға жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады. Халықаралық ұйымдардың, қоғамдық қорлардың техникалық және гранттық көмегін, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың өз қаражаттарын тарту көзделеді. Бағдарламаны іске асыруды республикалық бюджеттен каржыландырудың жалпы көлемі 42 000 000 теңге, оның ішінде 2003 жылға - 14000000 теңге, 2004 жылға - 14000000 теңге, 2005 жылға - 14000000 теңге. Облыстық бюджеттен қаржыландырудың көлемі 1 300 000 теңге, оның ішінде 2003 жылға - 300 000 теңге, 2004 жылға - 600 000 теңге және 2005 жылға - 400 000 теңге.
Бөлім 7. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже Бағдарламаны толық іске асыру және онда көзделген барлық шараларды қабылдау нәтижесінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық сектор арасында әріптестік қатынастардың тиімді жүйесі, сондай-ақ облыс азаматтық қоғамының түрақты дамуы қамтамасыз етілетін болады. Осы бағдарЛаманың іске асырылуы облыстың үкіметтік емес секторына нақты ұйымдастырушылық-техникалық, әдістемелік, консультативтік, акпараттық қолдаудан көрінетін болады, қайырымдылық қызмет үшін жағдайлар жасайды, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыра түседі. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілетін үкіметтік емес сектор дамуындағы оң өзгерістерді сипаттайтын негізгі көрсеткіштер (индикаторлар): үкіметтік емес ұйымдардың сандық және сапалық қүрамы, кадрлық әлеуеті, ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстары, олардың қоғамдық рейтингі, облыста үкіметтік емес сектордың өсуі, үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға қатысуы, мемлекеттік құрылымдармен әріптестік қатынастар. Бағдарламаны толық іске асыру және онда көзделген шараларды қабылдау нәтижесінде: Облыстың үкіметтік емес секторын одан әрі дамыту үшін құқықтық, әдіснамалық, ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар жасалатын; халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемін арттыруға жәрдемдесетін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы әріптестік қатынастардың тиімді жүйесі жасалатын және енгізілетін; облыста азаматтық бастамалардың өсуіне жағдайлар жасалатын; халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі әдіснамалық база нығайтылатын болады; Көрсетілгендер, тұтастай алғанда азаматтық қоғамды дамыту мен нығайтуға, облыстың әлеуметтік және гуманитарлық әлеуетін арттыруға жәрдемдесетін болады.
Бөлім 8. 8. Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары № Іс-ша­ра­лар Аяқ­тау ны­са­ны Орын­да­луы­на жа­у­ап­ты­лар Орын­да­лу (Іс­ке асы­ру) мер­зі­мі Бо­лжам­ды шы­ғы­стар Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі 1 2 3 4 5 6 7 1. Ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар 1. Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс ая­сын­да­ғы жо­ба­лар­ды жү­зе­ге асы­ру үшін үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар­ды (ҮЕҰа­низ­мін әзір­леу Қа­жет­ті қү­жат­тар дай­ын­дау Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті Об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы 2003 жы­л­ғы 3 тоқ­сан 2. ҮЕҰ-дың әле­умет­тік ма­ңы­зды жо­ба­ла­рын ірік­теу жө­нін­де тен­дер­лер (кон­кур­стар) ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу Кон­кур­стар­ға қа­ты­су Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті 2003-2005 жыл­дар Қа­рас­ты­ры­л­ған қа­ра­жат ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 3. «Үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар ту­ра­лы» және «Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс ту­ра­лы» заң­дар­дың жо­ба­ла­рын тал­қы­лау үшін ҮЕҰ өкіл­де­рі­мен «дөң­ге­лек үстел­дер» ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу «дөң­ге­лек үстел­дер» қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша ұсы­ны­стар Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті 2003 жы­л­ғы 3-4 тоқ­сан 4. ҮЕҰ қыз­ме­тіне мо­ни­то­ринг өт­кі­зу: -үкі­мет­тік емес сек­тор­ды да­мы­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша са­рап­та­ма­лық са­у­ал­да­ма; Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ҮЕҰ мем­ле­кет­тік қол­дау Бағ­дар­ла­ма­сы­ның іс­ке асы­ры­лу ба­ры­сы ту­ра­лы әле­умет­тік зерт­теу Зерт­те­улер мен са­у­ал­да­ма­лар­дың қо­ры­тын­ды­ла­ры Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті, Об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы 2003 жы­лы 2004 жы­лы 2004 жы­лы 150000 тең­ге 150000 тең­ге 150000 тең­ге Жер­гі­лік­ті бюд­жет 2. Облыста азаматтық бастаманы дамыту 5. Үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар­мен бір­ле­сіп ай­мақ­тық про­бле­ма­лар бой­ын­ша се­ми­нар­лар, «дөң­ге­лек үстел­дер», кон­фе­рен­ци­я­лар өт­кі­зу Кон­фе­рен­ци­я­лар­дың ко­ры­тындысы бой­ын­ша ше­шім­дер мен ұсы­ны­стар Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті, Об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы 2003 жы­лы 2004 жы­лы 2005 жы­лы 50000 тең­ге 50000 тең­ге 50000 тең­ге Жер­гі­лік­ті бюд­жет 6. ҮЕҰ-на қай­ы­рым­ды­лық, ерік­ті, мә­де­ни-көп­ші­лік және өзге ша­ра­лар­ды өт­кі­зу­іне ық­пал жа­сап, кө­мек­те­су Ық­пал ету Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті, аудан әкім­де­рі Жыл сай­ын 7. Үкі­мет­тік емес сек­тор қыз­ме­тін на­си­хат­тау жө­нін­де топ­тар құ­ру және об­лыс аудан­да­рын­да­ғы ел­ді ме­кен­дер­ге шы­ғу­ды ұй­ым­да­сты­ру Топ­тар қү­ру Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы, аудан әкім­де­рі 2004 жы­лы 2005 жы­лы 100000 тең­ге 100000 тең­ге Жер­гі­лік­ті бюд­жет З.Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі қызметі 8. «Об­лыс әкі­мі жа­нын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар­дың өза­ра іс-қи­мыл жө­нін­де­гі Ке­ңес ту­ра­лы Ере­же­ні» қай­та ка­рау, қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай тип­тік ере­же­ге сәй­кес өзге­рі­стер ен­гі­зу Об­лы­стық мәс­ли­хат­тың ше­ші­мі Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті 2003 жы­л­ғы III тоқ­сан 9. Об­лыс әкі­мі жа­нын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен қо­ғам­дық бір­ле­стіктер­дің өза­ра іс-қи­мыл жө­нін­де­гі Ке­ңе­стің оты­ры­ста­ры­ның ұй­ым­да­сты­ры­луын және өт­кі­зі­лу­ін қам­та­ма­сыз ету өт­кі­зі­л­ген оты­ры­стар қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша ұсы­ны­стар қа­был­дау Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті Тоқ­сан сай­ын 10. Үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар­ды Ақ­тө­бе об­лы­сын­да­ғы ма­ңы­зды әле­умет­тік мә­се­ле­лер бой­ын­ша бағ­дар­ла­ма­лар жо­ба­ла­рын әзір­леу про­це­сіне ке­ңі­нен тар­ту; ҮЕҰ-дың бағ­дар­ла­ма­лар әзір­ле­ну­іне қа­ты­суы Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті Жыл сай­ын 4. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету 11. Әле­умет­тік ма­ңы­зды про­бле­ма­лар­ды ше­шу­де­гі ҮЕҰ жү­мыс тә­жі­ри­бе­сін бү­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да ке­ңі­нен жа­ри­я­лау БАҚ ма­те­ри­ал­дар Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті Жыл сай­ын 12. «Ақ­тө­бе» және «Ак­тю­бин­ский вест­ник» ға­зет­те­рін­де об­лы­стың үкі­мет­тік емес сек­то­ры­ның да­му про­бле­ма­ла­ры бой­ын­ша ар­найы ай­дар­лар ұй­ым­да­сты­ру, жер­гі­лік­ті те­ле­ар­на­лар­да ха­бар­лар ұй­ым­да­сты­ру­ға ық­пал ету; Ай­дар­лар ашу, те­ле­ха­бар­лар ұй­ым­да­сты­ру Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті Жыл сай­ын 5. Үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік және әдістемелік қолдау 13. Об­лы­стың үкі­мет­тік емес ұй­ым­да­ры­ның де­ректер ба­за­сын құ­ру; Де­ректер­тер ба­за­сы Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті, об­лыс- тық әді­лет бас­қар­ма­сы Жыл сай­ын 14. ҮЕҰ ту­ра­лы ақ­па­рат­тық бук­лет­тер, бро­шю­ра­лар және бас­қа ма­те­ри­ал­дар шы­ға­ру Бук­лет­тер, бро­шю­ра­лар Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы 2003 жы­лы 2004 жы­лы 2005 жы­лы 50000 тең­ге 50000 тең­ге 50000 тең­ге Жер­гі­лік­ті бюд­жет 15. ҮЕҰ өкіл­де­ріне ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар кыз­ме­ті­нің нор­ма­тив­тік-кұкық­тық негіз­де­рін тү­сін­ді­ру Ке­ңе­стер Об­лы­стык іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті Жыл сай­ын 16. ҮЕҰ-мен өза­ра іс-қи­мыл және ын­ты­мақ­та­стық са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік са­я­сат­ты тү­сін­ді­ру жө­нін­де­гі әді­сте­ме­лік ма­те­ри­ал­дар­ға ҮЕҰ қол же­тер­лі­гін қам­та­ма­сыз ету ҮЕҰ-дың әді­сте­ме­лік ма­те­ри­ал­дар­ға қол жет­кі­зу­ін қам­та­ма­сыз ету Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті Жыл сай­ын 17. Ше­тел­дік, ха­лы­қа­ра­лық және рес­пуб­ли­ка­лық до­нор­лық ұй­ым­дар­дың грант­та­рын алу кон­кур­ста­ры­на қа­ты­су ке­зін­де ҮЕҰ-ға кон­суль­та­тив­тік- әді­сте­ме­лік қол­дау көр­се­ту ҮЕҰ-ға әді­сте­ме­лік ко­мек көр­се­ту Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті Жыл сай­ын 18. Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рі мен ҮЕҰ-дың өкіл­де­рі үшін «Ор­хус кон­вен­ци­я­сы­мен» (көп­ші­лік­тің эко­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­қа қол же­тер­лі­гі ту­ра­лы кон­вен­ци­я­сы) бой­ын­ша та­ны­сты­ру жө­нін­де се­ми­нар­лар ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу Се­ми­нар­лар өт­кі­зу Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы, 2003 жы­лы 2004 жы­лы 2005 жы­лы 25000 тең­ге 25000 тең­ге 25000 тең­ге Жер­гі­лік­ті бюд­жет 19. ҮЕҰ-дың «Ақ­тө­бе­лік ҮЕҰ-дар XXI ға­сыр­да» ат­ты об­лы­стық фо­ру­мын өт­кі­зу Фо­рум өт­кі­зу Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті, Об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы 2004 жы­л­гы 2 тоқ­сан 200000 тең­ге Жер­гі­лік­ті бюд­жет 6.Үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау 20. «ҮЕҰ ақ­па­рат ор­та­лы­ғы» жұ­мысын жаң­ғыр­ту және оны ҮЕҰ-ды қол­дау ор­та­лық­та­ры- ның рес­пуб­ли­ка­лық же­лі­сі­нің қыз­ме­тіне тар­ту «ҮЕҰ-дың ақ­па­рат ор­та­лы­ғы­ның» жұ­мысы Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті, 2003 жы­л­ғы 4 тоқ­сан 21. Об­лы­стың әле­умет­тік ма­ңы­зды про­бле­ма­ла­рын ше­шу­ге ба­ғыт­тал­ған жо­ба­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­да ҮЕҰ-ға ық­пал жа­сау, тех­ни­ка­лық және қар­жы­лай кө­мек көр­се­ту Ық­пал ету Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті 2003 жы­л­ғы 3 тоқ­сан Қа­рас­ты­ры­л­ған қа­ра­жат ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 22. Ке­дей­ші­лік­пен кү­рес жө­нін­де­гі грант­тық жо­ба­лар жүй­е­сін әзір­леу; Қа­жет­ті қү­жат­тар дай­ын­дау Об­лы­стық ең­бек, жү­мыспен қам­ту және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­гау бас­қар­ма­сы 2003-2005 жыл­дар Қа­рас­ты­ры­л­ған қа­ра­жат ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 23. ҮЕҰ-дың эко­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­қа ке­ңі­нен қол жет­кі­зу­ін қам­та­ма­сыз ету; олар­ды эко­ло­ги­я­лық про­бле­ма­лар­ды ше­шу­ге тар­ту ҮЕҰ-мен бір­ле­сіп эко­ло­ги­я­лық про­бле­ма­лар­ды ше­шу Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті Тоқ­сан сай­ын 24. «ҮЕҰ жо­ба­ла­ры­ның жәр­мең­ке­сін» өт­кі­зу Жәр­мең­ке өт­кі­зу Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті 2004-2005 жыл­дар 7. Үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру 25. Үкі­мет­тік емес сек­тор­мен өза­ра іс-қи­мыл мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­дар қыз­мет­кер­ле­рі үшін үй­ре­ну­ші се­ми­нар­лар мен тре­нинг­тер­ді ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу Се­ми­нар­лар мен тре­нинг­тер өт­кі­зу Об­лы­стық іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті, об­лы­стық қар­жы бас­қар­ма­сы 2003 жы­лы 2004 жы­лы 2005 жы­лы 25000 тең­ге 25000 тең­ге 25000 тең­ге Жер­гі­лік­ті бюд­жет 26. ҮЕҰ-мен жұ­мые іс­тей­тін мем­ле­кет­тік ор­ган­дар қыз­мет­кер­ле­рі­нің Қа­зақ­стан­да­ғы ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­дар­мен өт­кі­зі­ле­тін үй­ре­ну­ші кур­стар­да, се­ми­нар­лар­да, тре­нинг­тер­де және кон­фе­рен­ци­я­лар­да оқуы­на ық­пал ету; Ық­пал ету Об­лы­стык іш­кі са­я­сат де­пар­та­мен­ті, Мем­ле­кет­тік қыз­мет жө­нін­де­гі агент­ті­гі 2003-2005 жыл­дар Қа­рас­ты­ры­л­ған қа­ра­жат ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет