Об утверждении Программы государственной поддержки неправительственных организаций в Акмолинской области на 2003-2005 годы Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысындағы мемлекеттік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 «Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы туралы», 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 «2002-2004 жылдары Қазақстан Респупликасы Үкіметінің Бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралардың жоспары туралы», 2003 жылғы 17 наурыздағы «2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы» Қаулыларына сәйкес және облыс әкімінің 2003 жылғы 26 маусымдағы № 1-04-9/867 ұсынысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында 2003-2005 жылдарға арналған үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау Бағдарламасы бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Бағдарламаның жүзеге асырылуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың жастар істері, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, туризм, спорт, ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4
Ақмола облыстық мәслихатының
27.06. 2003 жылғы №С-28-5
шешімімен БЕКІТІЛГЕН
Ақмола облысындағы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМА
Қысқартылған сөздер:
Тармақша 1
1) ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар;
Тармақша 2
2) ІСД - ішкі саясат Департаменті;
Тармақша 3
3) ОАҚКБ - областық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы;
Тармақша 4
4) ҚБ - қоғамдық бірлестік;
Тармақша 5
5) ІІБ - ішкі істер басқармасы;
Тармақша 6
6) БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары;
Тармақша 7
7) «ИНФО - ЦЕНТР» - ақпараттық орталық;
Тармақша 8. МАЗМҰНЫ:
8) БЖСМ - балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі.
МАЗМҰНЫ:
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Қазіргі жағдайды талдау. Ақмола облысында мемлекеттік емес сектордың қалыптасу мен даму кезеңдері
Тармақ 4
4. Бағдарлама мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру механизмдері
Тармақ 6
6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Тармақ 8
8. Бағдарламаны 2003-2005 жылдары жүзеге асыру шараларының Жоспары
Тарау 1. 1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Атауы Ақмола облысында үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) мемлекеттік қолдау жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарлама
Бағдарламаны әзірлеу негіздемесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы туралы», 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы», 2003 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» Қаулылары.
Бағдарламаны әзірлеуші
Ақмола облысының ішкі саясат департаменті.
Бағдарламаның мақсаты
Ақмола облысында үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар тарапынан өзара байланыс және қолдау негізінде әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі олардың рөлін күшейту.
Бағдарламаның міндеттері
Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-дың өзара байланысы мен әріптестік жүйесін жетілдіру; Ақмола облысының әлеуметтік мәселелерді шешетін үкіметтік емес ұйымдарына ақпараттық, кеңестік, әдістемелік, ұйымдастырушы-техникалық қолдау көрсету; ҮЕҰ жұмысын қамтамасыз ететін құқықтық базаны жетілдіру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін қалыптастыру; Ақмола облысында азаматтық бастаманың өсуіне жағдайлар жасау; үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс және әріптестік мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлер даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін құру; үкіметгік емес ұйымдар қызметінің мониторингілері мен зерттеулерін жүйелі жүргізу; халықаралық ұйымдармен әріптестікті дамыту.
Бағдарламаны қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджетте қарастырылған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерінің көлемінде жүргізіледі.
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже:
мемлекеттік ұйымдар мен ҮЕҰ арасында тұрақты және тиімді әріптестік қатынастар жүйесін белгілеп, енгізу;
облыста бейүкіметтік сектордың әрі қарай дамуына құқықтық, әдістемелік жағдайлар жасау;
облыс аудандары мен қалаларында азаматтық бастаманың өсуіне жағдайлар жасау;
халықаралық ұйымдармен әріптестікті нығайту.
Бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі: 2003-2005 жылдар.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Ақмола облысындағы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы туралы», 2002 жылғы 24 сәуірдегі №470 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы», 2003 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» Қаулылары негізінде, 3 жылға есептеліп, әзірленді.
Бағдарлама жасау қажеттілігі бейүкіметтік секторды мемлекет тарапынан мақсатты да кешенді колдау, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы мен әріптестігін нығайтудың тетігін қалыптастыру кажеттілігінен туындады. ҮЕҰ жұмысындағы маңызды элемент алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдарды біріктіру болып табылады, ал ол өз кезегінде тұрғын халықтың азаматтық белсенділігін арттырады. Өз еркімен әрекет етіп және бастама көтере отырып, олар әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге зор үлес қосады. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен тең құқылы әріптестігі принциптеріндегі ынтымақтастық маңызды мағынаға ие болып отыр.
Бағдарлама мемлекеттік органдар мен ҮЕҮ-дың ынтымақтастығына бағытталған.
Тарау 3. 3. Қазіргі кезеңнің жағдайын талдау. Ақмола облысында үкіметтік емес сектордың қалыптасып, даму кезеңдері
3. Қазіргі кезеңнің жағдайын талдау. Ақмола облысында үкіметтік емес сектордың қалыптасып, даму кезеңдері
Ақмола облысындағы үкіметтік емес сектордың дамуы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң қабылданған 1991 жылдан бастау алады. Шет ел қорлары мен ұйымдарының гранттық қолдауы нәтижесінде облыстағы үкіметтік емес бірлестіктердің саны көбейді. Бүгінде Ақмола облысында 150 қоғамдық бірлестіктер мен олардың 296 филиалы тіркелген, соның 16-сы - ұлттық-мәдени орталықтар, 54-і - діни бірлестіктер. Ақмола облысындағы ресми тіркелген ұйымдардың ең көп саны 2000 жылға тұспа-тұс келеді (40 қоғамдық бірлестік). Ақмола облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың үлес салмағы Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдардың жалпы санының 6 пайызын құрайды.
Атап өтерлік маңызды жағдай - бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдардың кейбір категорияларын тіркеу шарттарының жеңілдетілгендігінде. 2001 жылы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу ақысын төлеу тәртібі Ережесін бекіту туралы № 1405 Қаулысына қосымшалар енгізу туралы» № 640 Қаулысы шықты. Соған сәйкес жастардың үкіметтік емес ұйымдарын тіркеу ақысы жиырма еселенген ең төменгі есептік көрсеткіштен екі еселенген көрсеткіш мөлшеріне дейін кеміді. Бұл шара, сөзсіз, балалар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік тіркеуден өткізу процесін жеңілдетеді, жастар ұйымдарының санын одан әрі көбейтуге жағдай жасайды. Мәселен, Ақмола облысының жастар бірлестіктерін қолдау Ассоциациясы, Шортанды, Целиноград, Зеренді аудандарында жастар ісі жөніндегі Кеңестер құрылды.
Уақыт озған сайын облыста үкіметтік емес ұйымдардың саны ғана көбейіп қоймай, сапасы да жақсара түсуде, оларға динамизм, мобильділік, бастамашылдық тән. Үкіметтік емес ұйымдардың көпшілігі табысы аздарға, сырқат, әлеуметтік тұрғыдан жайсыз азаматтарға қамқорлық жасау, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау сияқты көптеген әлеуметтік проблемаларды белсене шешуде. Ақмола облысында белсене жұмыс істеп отырған үкіметтік емес ұйымдардың арасында Қызыл жарты ай және Қызыл крест қоғамының Ақмола облыстық комитеті, «Феминистская лига» ҚБ, Ақмола облысы кәсіпкерлерінің Ассоциациясы, экологиялық «Ноосфера» бірлестігі, Көкшетау каласы білім беру қызметкерлерінің «Мектеп» Ассоциациясы бар.
Облыстағы үшінші секторды экологиялық, құқық қорғау, мәдениет, білім беру, өнер, халықтың дәрменсіз бөліктерін әлеуметтік қорғау, қайырымдылық салалары бойынша алуан түрлі топтарға бөлуге болады.
Экологиялық білім беру жөніндегі «ЭКОС» үйлестіру және ақпарат орталығы (Көкшетау қаласы), экологиялық «Эко-Көкше» орталығы (Көкшетау қаласы), балалардың экологиялық «Көктем» клубы (Атбасар қаласы), «Экология», «Ақ ниет» (Степногор қаласы), «Көмек» экологиялық қозғалысы (Щучье қаласы) сияқты қоғамдық бірлестіктер қызметінің қажеттілігі аймақтағы жайсыз экологиялық жағдайдан және эколоғиялық өзекті мәселелерді неғұрлым тиімді шешу мақсатынан туындаған. Үкіметтік емес экологиялық ұйымдар экологиялық ақпарат жинап, таратады, қоршаған ортаны қорғау жұмысын жүргізеді, экологиялық білім және зерттеу бағдарламасын жасайды, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған акциялар мен шараларды өткізеді. Экологиялық білімді насихаттау өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа ұқыпты көзқарас, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, патриоттық сезімдерін тәрбиелейді.
Ақмола облысындағы құқық қорғау қозғалысының талдауы көрсеткендей, облыста бірінші болып «Тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі «Щит» қоғамдық бірлестігі» (20.11.95ж.), «Көкшетау облыстық бағалаушылар қоғамы» (5.06.96 ж.), «Жылжымайтын нысандар мен негізгі қорларды бағалаушылардың Көкшетау облыстық қоғамы» (07.06.96 ж.), «Көкшетау облысы кәсіпкерлерінің Одағы» қоғамдық бірлестігі (23.04.97 ж.), «Кәсіподақтардың БЖСМ» қоғамдық бірлестігі (06.05.97 ж.), тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі «Құқықтық қорғау» қоғамы (20.09. 2000 ж.) құрылды.
Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларында елеулі проблемалар орын алғандықтан бұл мәселелермен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың қызметі өте маңызды. Бұл бағытта Ақмола облысы білім беру қызметкерлерінің «Мектеп» Ассоциациясы, Ақмола облыстық педагогикалық «Юность отряды», «Көкшетау қаласының шахмат федерациясы», «Жігер» ерікті селолық дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық кеңесі, Көкшетау қаласындағы ағылшын тілі оқытушыларының Ассоциациясы, «Ақмола облысы педиатрларының Ассоциациясы» сияқты қоғамдық бірлестіктер тиімді жұмыс істеуде.
Үкіметтік емес қайырымдылық ұйымдарының әлеуметтік маңызы халықтың әлеуметтік тұрғыдан дәрменсіз топтарының мұқтажынан туындаған.
Ақмола облысының үкіметтік емес қайырымдылық ұйымдары «Қызыл крест және Жарты ай Қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының облыстық комитеті, «Мейірім» ҚБ (Степногор қаласы) сияқты қоғамдық бірлестіктер арқылы көрініс тапқан. Үкіметтік емес қайырымдылық ұйымдары материалдық қолдау көрсету, қайырымдылық ас беру, заттар мен дәрі-дәрмектерді тегін тарату жұмыстары арқылы қайырымдылық танытады.
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан дәрменсіз топтарының проблемаларын шешіп, көмек көрсету жөнінен өз алдарына міндеттер қойып отырған үкіметтік емес ұйымдардың рөлі өте зор. Бұл бағытта «Мүгедектердің Ақмола облыстық ерікті қоғамы», «Ақмола облыстық әйелдер кеңесі», «Мүгедектер мен көп балалы аналардың оқу-өндірістік Ассоциациясы», «Феминистская лига» және басқа қоғамдық бірлестіктер белсене жұмыс істеуде.
Позитивтік әріптестік, демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді нығайту, азаматтық қоғам орнатуда үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру мақсатында 2001 жылғы 16 ақпанда үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бірлескен қызметін қолдау жөніндегі облыстық орталық - «ҮЕҮ ақпараттық орталығы» құрылған болатын. Орталықтың ақпараттық қолдау қызметі еріктілік, ашықтық, жариялылық, теңдік принциптеріне негізделген. «ҮЕҰ ақпараттық орталығы» үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты қолдау жасайды, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, кеңейтеді, оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерін қалыптастыру жөніндегі қимыл-әрекеттерін үйлестіреді. Әлеуметтік маңызды проблемалар бойынша бірлескен «дөңгелек үстелдер», семинарлар, мәжілістер ұйымдастырылып, өткізілді.
Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан өмірдің барлық салаларының қамтылуы үшінші сектордың қажеттілігінің жарқын куәсі және мемлекеттік деңгейде коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қолдау жасаудың аса маңызды мәселе екендігін айқындай түседі. Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау Бағдарламасы ҮЕҰ мен мемлекет қатынастарын дамытудағы тағы бір қадам және оның тиімділігін дәлелдейді.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты - Ақмола облысында үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар тарапынан өзара байланыс және қолдау негізінде әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі олардың ролін күшейту болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
ҮЕҰ жұмысын қамтамасыз ететін құқықтық базаны жетілдіру;
мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-дың өзара байланысы мен әріптестік жүйесін жетілдіру;
Ақмола облысының әлеуметтік мәселелерді шешетін үкіметтік емес ұйымдарына ақпараттық, кеңестік, әдістемелік, ұйымдастырушы-техникалық қолдау көрсету;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін қалыптастыру;
Ақмола облысында азаматтық бастаманың өсуіне жағдайлар жасау;
үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс және әріптестік мәселелері бойынша мемлекеттік кызметкерлер даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін құру;
үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мониторингілері мен зерттеулерін жүйелі жүргізу;
халықаралық ұйымдармен әріптестікті дамыту.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері
Тармақша 1
1) Негізгі бағыттар
Бағдарламаны жүзеге асыру жүйелілікті және басым бағыттар бойынша төмендегідей шараларды іске асыруды талап етеді:
ұйымдастыру-құқықтық шаралары;
үкіметтік емес ұйымдарды қалалар мен ауылды жерлерде дамыту;
қалалық және аудандық әкімдіктер жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс және әріптестік жөніндегі Кеңестерді құру;
үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
ҮЕҰ-ды консультативтік, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық қолдау;
ҮЕҰ-мен байланыс мәселелері бойьшша мемлекеттік қызметшілерге әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
үкіметтік емес сектормен байланыс мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Акмола облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған іс-шараларының Жоспары жасалған, ол кезең-кезеңмен іске асырылуы тиіс.
Жоспар Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың кызметін үйлестіріп, бақылауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі аудандық ҮЕҰ дамыту жөніндегі мемлекеттік органдардың бірлескен қимыл-әрекетін талап етеді.
Бағдарламаның орындалуын үйлестіру және бақылау мақсатында мониторинг жүйесі жасалып, жүзеге асырылып жатқан шаралардың тиімділігіне баға беріледі, соның арасында төмендегідей бағыттар бойынша социологиялық зерттеулер жүргізу көзделген:
облыстағы уқіметтік емес сектордың даму проблемалары (мемлекеттік органдар, ғылыми жұртшылық, ҮЕҰ өкілдері қатысады);
бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы (мемлекеттің ҮЕҰ секторымен байланысы).
Социологиялық зерттеулердің талдауы жекелеген бағыттарға түзетулер, бағдарлама мен жоспарға өзгерістер енгізуге, сондай-ақ, келесі бағдарламаларды жасауға негіз болады.
Тармақша 2
2) Аймақтағы азаматтық бастаманың дамуы
ҮЕҰ мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыттарымен қатар аймақта азаматтық бастаманы дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Әсіресе, мемлекет Басшысы ауыл жылдары деп жариялаған жылдарда Бағдарламаның жүзеге асырылуы бұл басым бағыттың актуальдылығын көрсетеді. Ауылды жерлерде бейүкіметтік сектордың дамуы, жергілікті билік органдарының үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік проблемаларды шешуге тартуы әлеуметтік қайшылықтарды жоюға ықпал етеді, халықтың азаматтық бастамаларының өсуіне, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемінің артуына жағдай жасайды.
Тендерді ұйымдастырып, өткізу Ақмола облысының ҮЕҰ-ын әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін тартуға мүмкіндік береді.
Облыстың ауылдық жерлерінде азаматтық бастаманың өркендеуіне семинарлар, тренингтер, «дөңгелек үстелдер», маңызды мәселелер бойынша конференциялар, қайырымдылық, мәдени-бұқаралық акцияларын өткізу септігін тигізеді.
Тармақша 3
3) Үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс органдарын құру
Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс кеңесін құру көзделген. Ол консультативтік-кеңестік мәртебемен облыс әкімдігі жанынан құрылады. Аталмыш кеңестер мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың арасындағы байланыстың өзара тиімді жолдарын қарастыруға жағдай жасайды. Кеңестердің негізгі қызмет бағыттары төмендегідей:
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, кеңейту, оған жүйелілік сипат беру;
әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған кешенді бағдарламалар мен шаралар белгілеу жөнінен бірлесе жұмыс істеу;
өзара тиімді шешімдер табу мақсатында қоғам дамуының өзекті мәселелерін бірлесе талқылау.
Кеңес құрамына келісім бойынша үкіметтік емес ұйымдардың белсенді басшылары, ішкі саясат Департаментінің қызметкерлері, облыстық әділет басқармасының, прокуратураның, ішкі істер Бас басқармасының, салық комитетінің, ақпарат және қоғамдық келісім, мәдениет, туризм және спорт, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары кіреді.
Кеңес үкіметтік емес ұйымдарға төмендегідей мәселелер бойынша консультативтік қолдау жасайды:
үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін түсіндіреді;
оларға үкіметтік емес сектормен байланысты дамыту жөніндегі мемлекеттік органдар жұмысының тәсілдері мен бағыттары туралы, отандық және шет елдік грант берушілер жөнінде, елдегі үкіметтік емес ұйымдар туралы және басқа ақпараттар беріп отырады;
Ақмола облысының үкіметтік емес ұйымдары туралы деректер банкісін жүргізеді.
Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттырып, жұмысын үйлестіру мақсатында «Ақмола облысында азаматтық бастаманы дамытудың жолдары мен болашағы» тақырыбына конференция өткізіледі.
Әдістемелік қолдау үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мониторингі мен зерттеулері, олардың мемлекеттік органдармен байланыс проблемаларын талдау негізінде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ұсыныстар, анықтамалықтар, әдістемелік құралдар дайындау жолымен жүзеге асырылады.
Ұйымдастыру-техникалық қолдаудың басты бағыты практикалық бағыттағы шараларды: үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып «дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар, тренингтер, басқа да акциялар өткізу, сондай-ақ шараларды жүзеге асыру үшін техникалық көмек көрсету (үй-жай, техникалық құралдар беру (мүдделі органдар мен адамдарды шақыру және басқалар) болып табьшады.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бағдарлама төмендегідей қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады:
республикалық бюджет;
облыстық бюджет;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаржы көздері.
Бағдарламаны қаржыландыру білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты, демографиялық, гендерлік саясат, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы әлеуметтік маңызды шаралардың бір бөлігін орындауға облыстық бюджетте қарастырылған қаражат мөлшерінде жүзеге асырылады.
Қоғамдық қорлардың халықаралық ұйымдарының техникалық және гранттық көмегін, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың меншікті қаражаттарын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат көздерін тарту көзделген.
Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен жұмсалатын қаржының жалпы көлемі 10 000 000 теңге, 2004 жылға - 4 000 000 теңге, 2005 жылға - 6 000 000 теңге болып көзделген.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны толық жүзеге асырудың және онда қарастырылған барлық шараларды орындаудың нәтижесінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық сектордың арасында әріптестік қатынастардың тиімді жүйесі қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаны жүзеге асыру қайырымдылық қызметіне жағдай жасайды, халықаралық ұйымдармен байланысты нығайтады.
Үкіметтік емес ұйымдарды дамытудағы оң өзгерістерді сипаттайтын негізгі көрсеткіштер (индикаторлар): үкіметтік емес ұйымдардың сандық және сапалық құрамы, кадр әлеуеті, ұйымдастыру және қаржы ресурстары, олардың қоғамдық рейтингі, облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың өсуі, үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге мемлекеттік құрылымдармен әріптестік қатынастар.
Бағдарламаны толық жүзеге асырудың және барлық шараларды орындаудың нәтижесінде:
облыста бейүкіметтік сектордың әрі қарай дамуына құқықтық, әдістемелік, ұйымдастыру-техникалық жағдайлар жасалады;
мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасында тұрақты және тиімді әріптестік қатынастар жүйесі белгіленіп, енгізіледі, соның нәтижесінде халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемі артады;
облыста азаматтық бастаманың өсуіне жағдайлар жасалады;
мұның барлығы жалпы алғанда азаматтық қоғамның дамып, нығаюына, облыстың әлеуметтік және гуманитарлық әлеуетінің жақсаруына жағдай жасайды.
Тарау 8. 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралардың 2003-2005 жылдарға арналған Жоспары
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралардың 2003-2005 жылдарға арналған Жоспары
№
Шаралар
Жауапты орындаушылар
Ұйғарымды шығындар, жылдар бойынша теңгемен
Іске асырылу түрі
Қаржыландыру көздері
Орындалу мерзімі
2003
2004
2005
1) Ұйымдастыру-құқықтық шаралар
1.
ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызы бар жобаларын сұраптау жөніндегі тендерлерді(конкурстар) ұйымдастыру және өткізу:
Конкурстық комиссия, ІСД
Бұйрық
Республикалық, облыстық бюджет
2004 жылғы 2-тоқсан
Экологиялық мәселерді шешу;
1,2 млн
жетім балалар, толық емес және лайықсыз отбасыларының балаларына көмек;
1,2 млн
сотталғандарға көмек.
1,4 млн
2.
Социологиялық зерттеуді өткізу:
облыстағы бейүкіметтік сектордың дамуының мәселелері;
Бағдарламаны іске асыру жолдары туралы (ҮЕҰ секторымен мемлекеттің өзара байланысы)
ІСД
60 мың
Ақпарат
Облыстық бюджет
2003жылғы 2 тоқсан
2004 жылғы 3 тоқсан
2) Аймақтардағы азаматтық бастаманың дамуы.
1.
ҮЕҮ бірлесе отырып, әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша конференция, семинарлар, «дөнгелек үстелдер» өткізу.
ІСД,
консультативтік Кеңес, қала және аудан әкімдері
10 мың теңге
ақпарат
Облыстық бюджет
2004 жыл, ұдайы
2.
ҮЕҰ бірлесе отырып қайырымдылық, жаппай - Мәдени және басқа акцияларды ұйымдастыру және өткізу:
«Жақынына қолыңды соз»;
«Қамкорлық»
ІСД,
консультативтік Кеңес, қала және аудан әкімдері, қайырымдылық қорлар
50 мың теңге
Есеп беру
Облыстық бюджет
2004 жыл, ұдайы.
3.
Облыстық Бағдарманың әлеуметтік маңызды жобаларын әзірлеу процесіне ҮЕҰ тарту
ІСД, ҮЕҰ, ОАҚКБ, консультативтік Кеңес
ақпарат
Талап етілмейді
Ұдайы
3) ҮЕҰ қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету.
1.
Әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде ҮЕҰ жұмыс тәжірибелерін БАҚ кең түрде тарату.
ОАҚКБ
ақпарат
Талап етілмейді
Ұдайы
2.
БАҚ арнайы рубрика және тақырыптық телерадиохабар ұйымдастыру:
облыста ҮЕҰ дамыту туралы;
шетел және отандық грант берушілердің жұмыс бағыттары және әдістері туралы.
ОАҚКБ
ақпарат
Талап етілмейді
Ұдайы
3.
ҮЕҰ өзіндік бұқаралық ақпарат құралдарының құруына ықпал ету.
ІСД, ОАҚКБ, КБ-тер
Ақпарат
Талап етілмейді
Жыл бойы
4) ҮЕҰ кеңес беру және әдістемелік қолдау
1.
ҮЕҰ қызметіне тиісті нормативтік құқықтық актілер бойынша қоғамдық бірлестіктермен құқықтық тұсіндіру жүмыстарын өткізу, әдістемелік материалдар, ұсыныстар, мемлекеттік саясатты түсіндіру жөніндегі құралдарды тарату үшін «дөңгелек үстелдер» өткізу:
«Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің заңдылық негіздері»
ІСД, ОАҚКБ, ҚБ-тер, әділет басқармасы (келісіммен), салық комитеті (келісіммен)
30 мың теңге
анықтама
Облыстық бюджет
2004 жыл, ұдайы.
2.
Облыстық ҮЕҰ мәліметі банкісін құру және мониторинг өткізу
ІСД
20 мың тенге
ақпарат
Облыстық бюджет
2004 жыл, ұдайы.
5) ҮЕҰ өзара қызмет істеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлерге әдістемелік және кеңес беру көмегі
1.
Мемлекеттік қызметкерлер үшін оқыту тренингтерін, семинарларды ұйымдастыру және өткізу.
Семинар өткізу:
«Үкімет және ҮЕҰ әлеуметтік әріптестігі - демократиялық қоғамның негізі».
ІСД
30 мың теңге
Есеп беру
Облыстық бюджет
2004 жылғы 2 - тоқсан