О Программе индустриально – инновационного развития Западно-Казахстанской области на 2003-2005 годы и плане мероприятий по ее реализации Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдары индустриялық – инновациялық дамуының Бағдарламасы және оны іске асырудың іс – шаралар жоспары туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 - 2 Заңының 6 бабына, «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясына, «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына, «Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 10-96 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен «Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдары индустриялық - инновациялық дамуының Бағдарламасы және оны іске асырудың іс - шаралар жоспары бекітілсін (жалғанады).
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдары индустриялық - инновациялық дамуының Бағдарламасы және оны іске асырудың іс-шаралар жоспары
Батыс Қазақстан облыстық маслихатының сессиясының 2003 жылғы 23 тамыздағы №34 шешіміне қосымша Батыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдары индустриялық - инновациялық дамуының Бағдарламасы және оны іске асырудың іс-шаралар жоспары Бет. 1. Төлқұжат 3 2. Кіріспе 5 3. Облыстың индустриялық дамуының қазіргі жағдайына талдау 5 4. Индустриялық-инновациялық саясаттық мақсаттары, міндеттері және басым бағыттары 10 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асырудың тетіктері 14 6. Қаржыландыру көздері 17 7. Күтілетін нәтижелер 18 8. Бағдарламаны іске асырудың іс-шаралар жоспары 19
Тарау 1. 1. Төлқұжат
1. Төлқұжат Атауы: Батыс Қазақстан облысының 2003- 2005 жылдары индустриялық- инновациялық дамуының Бағдарламасы. Бағдарламаны әзірлеу үшін негізі: Даму стратегиясы "Қазақстан -2030", Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан халқына "Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары" Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №10-96 "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Жарлығы Негізгі әзірлеушілер: Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешені Департаменті(БҚО өнеркәсіп және ОЭК Департаменті), Облыстық экономика басқармасы Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері: Өндірістік кәсіпорындарда тиімді инновациялық жобаларды іске асыру, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, ғылыми-техникалық, технологиялық және кадрлар әлеуетін арттыру негізінде жоғары сапалы бәсекелестік қабілетті өнімдер өндіре алатын өнеркәсіп өндірісінің экономикалық өсуі мен тұрлаулы дамуына жетісу. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары: Өндірістің жаңа түрлерін игеру, өндірілген өнімнің бәсекелестік қабілетін көтеру, жаңа технологияны кеңінен пайдалану; Газ жобасын іске асыруды және көмірсутегі шикізатын тереңдете өңдеуге бағытталған құрылыс қуаттарын салуды бастау; Өндірісті жаңарту, облыстың ғылыми және инженерлік әлеуетін интеграциялауды қамтамасыз ететін инновациялық орталық құру; Халықаралық сапа қалыбына өту; Импорт алмастыру өнімдерін шығаратын өндірістерді ынталандыру; Жаңа жұмыс орындарын жасактау; Сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамыту Қаржыландыру көздері Республикалық және облыстық бюджет қаражаттары, өнеркәсіп қаражаттары, инвестициялар. Күтілетін нәтижелер: Бұл Бағдарламаны жүзеге асыру облыс кәсіпорындары өнімдерін өндіру көлемін 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көбейтуге мүмкіндік ашады. Іске асыру мерзімі: 2003-2005 жылдар
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Батыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдары индустриялық - инновациялық дамуының Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №10-96 Жарлығымен бекітілген 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық дамуының Стратегиясына сәйкес жасалып отыр. Сонымен бірге, бұл Бағдарламаны әзірлеуде Батыс Қазақстан облысының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары мен облыстық 2003-2005 жылдары әлеуметтік -экономикалық дамуының индикативтік жоспары ескерілді.
Тарау 3. 3. Облыс индустриясының қазіргі жағдайына талдау
3. Облыс индустриясының қазіргі жағдайына талдау Түбегейлі нарықтық өзгерістердің тікелей салдары ретінде, соңғы жылдары, облыста өнеркәсіп өнімдерін өндіруде тұрақты өсу тенденциясы орын алуда: 1996 жылы 100,2 % болса, 2000 жылы 131,9 %, ал 2001 жылы 2000 жылдың көрсеткішіне қарағанда 107,5 % өсті, 2002 жылы өндіріс көлемі 89,5 млрд теңге құрады немесе 2001 жылмен салыстырғанда 125,5 % өсті (республикалық орташа көрсеткіш 109,8 %). №1 кесте. Өңірлік ішкі өнімдердің құрылымы (%) 2000 2001 2002* Облыс бойынша 100,0 100,0 100,0 өнеркәсіп 26,6 20,2 22,9 ауыл шаруашылығы 6,7 7,3 5,9 көлік 13,1 14,0 12,1 сауда 7,3 7,2 9,1 құрылыс 22,3 20,4 24,2 басқалары 24,0 30,9 25,8 * оперативтік көрсеткіштер Облыс өнеркәсібінің негізгі саласы - таукен өнеркәсібі (Қарашығанақ кен орнын игеру, сондай- ақ, Чинарев және Теплово- Токарев кен орындарын тәжірибелік - өндірістік пайдалану), оның облыстағы өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлесі 72,7 %, ал жалпы салық түсі міндегі үлесі 36,4 % құрайды. №2 кесте. Барлығы (үй шаруашылығын қоса) және салалар бойынша өнеркәсіп өндірісі құрылымы (%) 2000 2001 2002* Өнеркәсіпте барлығы 100,0 100,0 100,0 таукен өнеркәсібі 72,5 70,8 72,7 өңдеуші өнеркәсіп 21,8 22,5 20,6 Тамақ өнімдерін өндіру 11,7 14,8 12,5 Мата және тігін өнеркәсібі 0,5 0,8 1,0 Мұнай өнімдерін өндіру 6,7 2,8 2,4 Металлургия өнеркәсібі және металл өңдеу 0,4 0,7 0,8 Машина жасау 0,7 0,5 1,7 электроэнергия, газ және суды өндіру мен тарату 5,7 6,7 6,7 *- оперативтік көрсеткіштер Өңірлік ішкі өнімдердің құрылымы (%) 2002 жылы Қарашығанақ газ кенішін игергеннен бері ең жоғары көрсеткішке, табиғи газ өндіру 4,8 млрд. куб. м., газ конденсаты – 5,2 млн. тоннаға жеті. Бұл көрсеткіш 1991 жылы қол жеткен ең жоғары деңгейден, табиғи газ өндіруде 15,1 %, газ конденсатынан 14,2 % жоғары болды. Облыс үлесіне республика бойынша газ конденсатын өндірудің 99,2 %, ал табиғи газдың - 42,7 % тиіп отыр. Облыстың өңдеуші өнеркәсібі салаларына машина жасау, металл өңдеу, газ конденсатын, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарын өңдеу, тігін, резина, пластмасса бұйымдарын және тері өнімдерін өндіру түрлері жатады. Облыста 2001-2003 жылдары машина жасау кешенін дамыту, жеңіл өнеркәсіпті қайта құру мен дамыту бағдарламалары қабылданып, нақты іс жүзіне асырылуда. Сондай-ақ, облыста 2000-2003 жылдары "Қазақстан Теміржолы" РМК-ның құрал жабдықтар, тетіктер, т.б. қажеттерін өтеу жөніндегі отандық кәсіпкерлерге сұраныс Бағдарламасы, 2005 жылға дейінгі Қазақстан зауыттарында мұнайгаз машиналарын жасау Бағдарламасы, Қазақстанның инновациялық даму Бағдарламасы, Батыс өңірдегі 2002-2005 жылдары құрылыс заттары, бұйымдар мен конструкциялар өнеркәсібінің даму Бағдарламасы іс жүзіне асуда. Соңғы үш жылда, экономикалық күйзелістердің зардаптары негізінен жойылып, өндіріс көлемінің өсу тенденциясы орын алуда. Газ конденсатын қайта өңдеуге арналған шағын қондырғы, катер құрылысын игеру, арнайы бағыттағы автокөліктер құрау, тау-кен өнеркәсібіне арналған жаңа технологиядағы дермен шарларын өндіру, аграрлық саланың өңдеу кәсіпорындарына қажетті қондырғылар іске қосылды. Полиэтилен тұрбалар, сэндвич-панелдер, металл төбе төсемдерін, өндіру, американдық фирмалармен келісімшарт арқылы жоғары сапалы киімдер тігу, вафель, печенье, макарон бұйымдарының, минерал су құю тізбектері іске қосылды, темір-бетон конструкцияларын, арақ өнімін өндіретін кәсіпорындар қайта жанданды. 2002 жылы өңдеу салалары кәсіпорындары 18,4 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өндірістің 2001 жылғы көлемін 8,1 % -ке арттырды. Саланың өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі меншікті салмағы 2002 жылды 20,6 %-н құрады. Жыл санап салық түсімі де арта түсуде, 2002 жылғы кәсіпорындардан түскен салық 2001 жылғы мөлшерден 18,8 % артты. 2002 жылғы электр энергиясын өндіру мен таратудың нақты көлемі индексі өткен жылмен салыстырғанда 6,2 % -ке артып 6,0 млрд. теңге құрады. №3 кесте. 2000-2002 жылдары түрлі салалар бойынша өнімдер өндіру динамикасы (экономиканың қаржылық емес секторындағы ағымдағы құн, млн. теңгемен) 2000 2001 2002* Барлығы өнеркәсіпте 73259,3 68724,4 79776,3 тау-кен өнеркәсібі 58672,4 55088,2 65123,0 өңдеуші өнеркәсіп 9984,8 8413,0 8635,2 Тамақ өнімдерін өндіру 1969,5 2387,3 2380,2 Мата және тігін өнеркәсібі 237,6 411,2 329,8 Мұнай өнімдерін өндіру 5417,6 2141,7 2136,8 Металлургия өнеркәсібі және металл өңдеу 346,6 557,5 678,2 Машина жасау 532,0 413,1 415,9 электроэнергия, газ және су өндіру мен тарату 4602,1 5223,2 6018,1 * - оперативтік көрсеткіштер Облыс есебінен өндірілген электр энергиясы көлемінің ұлғаю динамикасы 2001-2003 жылдары өңірдің энергетикалық тәуелсіздігіне жету мақсатындағы облыс электр энергиясының даму Бағдарламасы шеңберінде, 2001 жылы Қарашығанақ ГТЭС- інде бірінші, ал 2002 жылы қалған екі генератор іске қосылды. Оған қоса, облыс бюджеті қаражаты есебінен Оралдың ЖЭЦ-на реконструкция және жаңарту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде электростанция өзінің жобалау қуатына жеткізілді. Нәтижесінде, Ресейден алынатын электр энергиясының импорты 2000 жылғы 84 %-тен 2002 жылы 40 %-ке дейін кеміді. Өзімізде өндірілетін электрэнергиясының көлемі 2002 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 2,4 есе, 2000 жылмен салыстырғанда 3,4 есе артты. Өндірілген және тұтынылған электр энергиясының көлемі тиісінше 2000 жылы 117,70 млн. кВт/сағат және 619,7 млн. квт/сағат, 2001 жылы 168,7 млн.кВт/сағат және 673 млн. кВт/сағат, ал 2002 жылы 403 млн. кВт/сағат және 671,7 млн. квт/сағат құрап отыр. №4 кесте. Өнеркәсіп өнімдерінің түрлері бойынша өндірудің нақты көлемі индексі (%) 2000 2001 2002* Барлығы өнеркәсіпте 131,9 107,5 125,5 тау-кен өнеркәсібі 137,2 98,1 132,7 өңдеуші өнеркәсіп 141,7 128,2 108,1 Тамақ өнімдерін өндіру 125,4 131,3 109,7 Мата және тігін өнеркәсібі 128,6 123,8 103,9 Мұнай өнімдерін өндіру 3,1 есе 188,9 73,5 Металлургия өнеркәсібі және металл өңдеу 195,2 106,3 75,3 Машина жасау 136,7 116,4 67,2 Электроэнергия, газ және су өңдіру мен тарату 92,9 141,6 106,2 * - оперативтік көрсеткіштер Өнеркәсіптегі өндіріс сала қызметкерлерінің орташа тізімдік саны 16 мың адам. 2002 жылғы орташа жалақы 2000 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 36,4 мың теңге құрады. Облыс өнеркәсібін одан әрі өркендету үшін бірқатар тежеуші факторлардың түйінін шешу қажет: өнеркәсіп өндірісінің құрылымында шикізат саласы өнімдерінің арасалмағы басымдығы; көмірсутегі шикізатын өңдеуге қуаттардың кемдігі; көмірсутегі өнімін экспорттауда шетел нарығына тәуелсіз шығудың жоқтығы; негізгі қорлардың тозуы, оларды жаңартуға қаражаттың жоқтығы; өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын дамытуға инвестиция белсенділігінің төмендігі; арнаулы өнімдер дайындау және оны іске асыру келісім-шарттарына мемлекеттік сұраныстық жеткіліксіздігі; өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жаңа технология мен осы заманғы технологиялық құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі; шығарылған өнім сапасының тұтынушылар талабына сай еместігі; энергия шығындарына төлем ақы тарифінің қымбаттығы салдарынан өнеркәсіп өнімдерінің өзіндік құнының жоғарылығы; осы заманғы өнеркәсіп салаларына кадрлар дайындау мен жетілдіру жүйесінің тиімсіздігі; бәсекелестік артықшылықтарды ынталандыратын қоғамдық институттар құрылымының жоқтығы.
Тарау 4. 4. Индустриялық-инновациялық саясаттың мақсаты, міндеттері және басым бағыттары
4. Индустриялық-инновациялық саясаттың мақсаты, міндеттері және басым бағыттары Бағдарламаның басты мақсаты - облыста өндірісті жаңарту және экономиканы диверсификациялау есебінен өнеркәсіп кәсіпорындарында тиімді инновациялық жобаларды іске асыру, ғылыми - техникалық, технологиялық және кадрлар әлеуетін арттыру негізінде, жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіре алатын өнеркәсіп өндірісінің экономикалық өсуі мен тұрлаулы дамуына әсер ету және басшылық беру. Қойылған мақсатқа жету үшін қажеттіліктер: облыста шикізат басымдылығы бағытынан өңдеу секторын дамытуға бағыттап өнеркәсіп құрылымын қайта құру; облыс өнеркәсібін жаңарту, құралдарды жаңалап, энергия мен ресурсүнемдеу технологиясын енгізу, импорт алмастыруға және экспортқа бағытталған өнімдерді игеру, инновациялық орталық құру; отандық және шетелдік инвестициялар тарту; басым бағыттардағы жобаларды іске асыру; барлық дәрежедегі кадрлар дайындау мен жетілдіру оқу орындарының құрылымын құру. 2003-2005 жылдары көмірсутегі және ауылшаруашылығы шикізаттарын өңдейтін жаңа өндірістер, электр энергиясын өндіретін қуаттар іске қосылады, ауылшаруашылығы машиналары өндірісі игеріліп, оған қажетті қосалқы бөлшектер түрлерін шығару көбейеді, мұнай кешені мен ұлттық компаниялардың сұранысын іске асыруда машина жасау кәсіпорындарының қатысы кеңейеді. Облыс кәсіпорындарында ИСО 9001 және ИСО 14001 халықаралық қалыптарының талаптарына сәйкес, экологиялық менеджмент пен сапа құрылымын әзірлеу және енгізу жалғаса береді. Өндірістің өңдеу салаларын жаңарту, реконструкциялау және кеңейтуді қамтамасыз ету үшін негізгі қорға ресурс тартуға белсенді инвестициялық саясат жүргізіледі. Индустриялық саясаттың құрылымдық ығысуларының көздейтіні: экспорттағы шикізат басымдығы бағытына тежеу жасау; энергетикалық тәуелсіздікке жету; өндірісті жаңарту мен экологизациялау; халықаралық қалыптағы сапа менеджменті мен экологиялық менеджментке көшу. Өңірдің инновациялық дамуы облыстың индустриялық саясатын құрудың ең тиімді шарттарына жатады және оның көздейтіні: өңірдің интеллектуалдық әлеуетін тұрлаулы арттыру, оның ең жаңа технологияларға көшу және сапасы әлемдік қалыптар талабына сай өнім өндіру үшін осы заманға сәйкес ғылыми-техникалық, технологиялық және ақпараттың базалар құру; ғылыми мекемелердің, өнеркәсіптік және инновациялық кәсіпорындардың, жоғары оқу орындары мен кіші кәсіпкерлік субъектілердің әлеуетін біріктіріп, біртұтас өңірлік Инновациялық Орталық ашу (ИО) Инновациялық Орталықтың негізгі міндеттері: жоғары интеллектуалдық құрамдағы ыңғайлы технологияны программалау, консалтинг, инжиниринг т.б. дамыту; әлеуметтік, сондай-ақ, өнеркәсіп салаларында осы заманғы жобаларды еңгізу; өнімдерге алдыңғы қатардағы сапа қалыптарын енгізу, сүйтіп, халықаралық сапа қалыбымен жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарға барынша ыңғайлы жағдай жасау; интеллектуалдың кадрларды дайындау және жетілдіру, кейіннен олардың әлеуетін орта буындағы қызметкерлерді жетілдіруге пайдалану; мұнайгаз саласында, химия, мұнай химиясында осы заманғы құрылыс өнімдерін жасауда, кеме жасау мен машина жасауда және альтернативтік энергия көздерін ашуда қосылған құны жоғары технологиялық өндірістерді құру және дамыту; өңірге болашағы бар бағыттарда ғылыми-инновациялық құрылымдар мен тренингілік бағдарламалау құру; инновациялық қызметтің дамуына ыңғайлы жағдайлар жасау үшін нормалық - құқықтық ұсыныстар дайындау; жоғары технологиялық қызмет көрсету секторын дамыту. Жоғары технологиялық қызмет көрсету секторының дамуына оң әсер ететін: бос өндірістік қуаттардың барлығы; квалификациялы инженер-техникалық қызметкерлер; білім деңгейі жеткілікті жоғары арзан жұмыс күші; ИСО сериялы халықаралық сапа жүйесіне көшу; Осылардың арқасында өнеркәсіп кәсіпорындары құралдар мен оны жабдықтау бөліктерін игеруде, мұнайгаз секторына қызмет көрсетуде, "Қазақтелеком" ААҚ, "Қазмұнайгаз" ҰК, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық Компаниясы "ЖАҚ қосалқы бөлшектер дайындауға, т.б. қызмет көрсетуге бірқатар оң тәжірибе жинақтады, кеме жасау бағдарламасына белсенді қатысуда. Болашақта мұнайгаз секторының жабдықтарын жасауға кеңінен қатысу жоспарлануда. Қарашығанақ кен орнын игеруге қатысып жүрген шетел фирмаларына жобалау жұмыстарында "Газжобалау", "Мұнайгаз", ҒЗЖИ және "Интек" ЖШС жоғары технологиялы қызмет көрсетіп жүр, бұған олардың өнімнің сапасын басқарудың халықаралық жүйесін игергені септігін тигізуде. Импорт алмастыру саясатын іске асыру жалғастырылуда. Оның өнімдерінің негізгі тұтынушылары Республиканың мұнайгаз және тау- кен өндіру компаниялары. Бәсекеге қабілетті өнім өндіруге екінші дәрежелі банктер арқылы, жергілікті бюджеттен 482 млн. теңге жеңілдік несие бөлінді. 2002 жылы облыстық өнеркәсіп кәсіпорындарында жалпы құны 1,2 млрд. теңгенің импорт алмастыру өнімдері шығарылды, бұл 2001 жылғы деңгейден 33,8 % артық. Өнімнің бәсекеге қабілетін арттыру және өнеркәсіп кәсіпорындарын ынталандыру мақсатында жыл сайын "Батыс Қазақстан облысының өздік тауарлары" атты көрме ұйымдастырылып, "Сапа жөніндегі жетістігі үшін" сыйлығы тапсырылатын болады. Қоршаған ортаны қорғау сапасын жақсарту мен реттеу табиғатты дұрыс пайдалану мақсатында, ИСО 14001 қалыбымен сертификатталған өндірістер мен ресурсүнемдеу технологияларына басты назар аударылады. Экспорт әлеуеті құрылымында тау-кен өндіру өнеркәсібі өнімдеріне ең жоғары үлес тиеді: газ конденсаты мен кондициясыз табиғи газ (барлық көлемінің 94 %). 2005 жылға экспорт көлемі 700 млн. АҚШ долларына жетеді деп жобалануда, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 51,4 % артық, ал импорт көлемі 450 млн. АҚШ долларын құрайды, немесе 2001 жылдың деңгейінен 33,4 % төмен. Болашақта Қарашығанақ кенішінің дамуына орай импортқа негізінен, машиналар мен құрал-жабдықтар (жалпы көлемнің 60 % жуығы), металлургия өнімдері (15 % астамы), көлік түрлері (10 %) енеді. Сонымен қатар, облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарындағы тозған құрал-жабдықтарды жаңарту мен импорт алмастыру Бағдарламасын іске асыру барысында өндірістік және азық - түлік тауарлары импортының кему тенденциясы іске асады, оның ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, т.б. салалардың өркендеуіне оң әсері тиеді. Көмірсутегі өнімдерін сыртқы нарыққа экспорттау сақталады. Қарашығанақ өңдеу кешені мен "Қарашығанақ -Үлкен Шаған - Атырау" экспорттық газ құбырының құрылыстары аяқталғанда, газ конденсаты Каспийлік құбыржүргізу консорциумы жүйесімен сыртқы нарыққа тұрақты сатылатын болады. Бәсекенің теңдігіне жетуге қажетті жағдайлар: мемлекеттік органдар қандай да ресурс түрлерін бөлу туралы шешімдерін ашық, бүкпесіз ақпараттауы; мемлекет қажетіне сатып алуды ұйымдастыруда бәсекелестікті қолдауы, тендерлер мен конкурстарды ашық ұйымдастыруы; атқару органдарының бәсекелестік ортаны ұйымдастыру кезінде белгілі жақтың экономикалық агенттерін қолдамауы. 2002 жылы барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі қорға 238,4 млрд. теңге инвестиция құйды, бұл 2001 жылғы деңгейден 35,2 % артық. Негізгі қорға құйылған қаржының басым бөлігі - 227,3 млрд. теңгесі немесе жалпы көлемінің 95,4 % Қарашығанақ мұнайгазконденсат кенішін игеруге қатысқан шетел инвестициясының үлесінде. Негізгі қорға құйылған инвестицияның республикалық бюджет пен шетел инвесторларының өсімінде елеулі арасалмақ өзгерісі байқалады, тиісінше 87,9 % пен 36 %. Болашақта да шетел инвестициясын тартуда басым бағыт Қарашығанақ жобалары мен энергетикалық қуаттар құрылысы бола бермек.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асырудың тетіктері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асырудың тетіктері Мұнайгаз кешені моно сала ролін сақтай береді. Қарашығанақ кенішін игеруге қатысты Альянс қаражатының есебінен, кен орнында қуаты бастапқыда жылына 7 млн. тонналық конденсат өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс 2003 жылдың қыркүйегінде іске қосылады, болжама құны 490 млн. АҚШ долларын құрайды. Осы мерзімге газ конденсатын тасымалдайтын, ұзындығы 635 км "Қарашығанақ-Үлкен Шаған- Атырау" газ құбыры құрылысы аяқталады. Бұл көмірсутегі өндірудің көлемін арттыруға және оның тасымал бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. 2003 жылы, Газ жобасы шеңберінде газөңдеу зауыты мен қуаты жылына 10 млрд. куб. метр экспорттық газ құбыры құрылыстарын бастау көзделіп отыр, оның негізінде сұйық көмірсутегі өнімдерін өндіру жылына 13 млн. тоннаға жетеді. Чинарев және Теплов-Токарев мұнай кен орындарында абаттандыру жұмыстары жалғаса береді. Аз мөлшердегі көмірсутегі кен орындарын зерттеу және игеру жалғастырылады. Саланың дамуы қорғаныс кешені кәсіпорнының бағытын сақтай отырып, өнім өндірудің қос бағытын қатар игеруге, мұнайгаз кешенімен тығыз байланыста болуға, ауылшаруашылығы техникасын өндіруді игеруге, сала кәсіпорындарын жаңалауға бағытталады. "Оралагрореммаш" ААҚ Украиндық әріптестерімен біріге отырып, 1,4 класындағы дөңгелекті тракторды шығаруды жоспарлап отыр. Алғашқыда тек қана құрастыру жұмыстары көзделіп, кейінірек, оның жабдықтау бөліктерінің кемінде 40 % облыс кәсіпорындарында өндіретін болады. Ресейліктермен бірге бекіту арматурасын өндіретін "Жайық-Икар" ЖШС Қазақстан Ресейлік Компаниясы кәсіпорнында (кейінірек, оның құрамына Американ фирмасы "Cooper Cameron Corporation" қосылады), сағалық шашырату арматурасын жасау, болаттан, бекіту арматуралары мен шеңберлік жапқыштар, сондай-ақ, Қазақстан мұнайгаз секторының объектілерінде қондырылып жүрген "Malbrangue" фирмасының сұқпа жапқыштарының өзгертілген түрін құрастыру және жасақтау көзделіп отыр. Жоғары технологияны игеру бағытында изоляцияланған сымдар, полиэтилен мен полихлорвинил қабығымен қапталған мыс және алюминий кабельдерін жасайтын зауыттың құрылысы аяқталып іске кіріседі. Мұнайгаз саласына арнаулы полиэтилен тұрбаларын жасайтын зауыт құрылысы мүмкіндігі қарастырылуда. Тұрғын үй мен мәдени - әлеуметтік құрылыстың көлемінің артуы, қазіргі құрылыс индустриясы кәсіпорындарының кеңеюі мен олардың қуатының өсуі, облысқа қажетті құрылыс материалдарын жылына мына көлемінде өндірілуін қажет етеді: силикат кірпіші 75 млн. дана; темірбетон бұйымдары 113 мың куб. метр; құранды бетон бұйымдары 27 мың куб. метр; тауарлық бетон 95 мың куб. метр; керамзит 50 мың куб. метр; өңделген ағаш бұйымдары 1,0 мың кв. метр; известь 12 мың тонна; бор 12 мың тонна; құм-гравий қоспасы 1300,0 мың куб. метр; Оған қоса, көбік бетон, щебень өндіретін жаңа кәсіпорын құру; құранды темір бетон конструкцияларын, тауарлық бетон, асфальт және керамзит жасайтын кәсіпорындарды сақтау және дамыту; осы заманғы құрылыс заттарын өндіруді игеру (металл төбе төсемдері, беткейлік төсемдер, пластикадан құрастырған терезе және есік блоктары, сэндвич-панельдер құрғақ қоспалар, лак-бояу өнімдері, әрлеу материалдары). Қазақстан Республика Үкіметінің №1548, 2001 жылғы 30 қарашадағы қаулысымен бекіткен, Қазақстанның Батыс аймағында құрылыс материалдар, бұйымдар және конструкция өнеркәсібін 2002-2005 жылдарға дамыту Бағдарламасына сәйкес қаралады: цемент зауытын салу; известь өндіру кәсіпорнын техникалық қайта қаруландыру; тиімді технологияға сүйеніп, беттік кірпіш пен блоктар өндіруді ұйымдастыру іске асырылады. Өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету – стратегиялық міндет. Ол облыс халқын тұрақты электр энергиясымен қамтудың және индустрияны дамытудың кепілі. 2001-2003 жылдары облыс электр энергетикасын дамытудың және өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің Бағдарламасы шеңберінде Ресейден сатып алынатын электр энергиясы 2000 жылғы 90 %-тен 2002 жылы 40 %-ке дейін кеміді. Бірақ, өңірдің өнеркәсібі мен инфрақұрылымы дамуына байланысты электр энергиясын пайдалану 2005 жылға қарай артады, соған байланысты өңірде жаңа қуаттарды құру қажеттігі туып отыр: Орал ЖЭЦ-ында жапондық "Тохоку" компаниясымен бірге, қуаты 26,9 мВт электростанция салу; Орал қаласында қуаты 50 мВт электростанция салу; Қарашығанақ кенішінде қуаты 40 мВт қосымша энергоблок енгізу; Осы жобаларды іске асыру облыста электр энергиясын тұтыну қажетін толық өтейтін болады. Оған қоса, облыстың өнеркәсібі кәсіпорындарында электр энергиясының альтернативтік көзін өндіру жоспарлары бар (жел қондырғылары). Осымен бірге "Батыс Қазақстан таратушы электр тораптары компаниясы" ААҚ энергетикалық өндірісті жағалау жобасы іске асуы керек, бұл облыс тұтынушыларын сенімді энергетикалық қамту мен шығынды азайту мақсатын орындайды. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында, сондай-ақ, кіші кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға ыңғайлы жағдай жасауға, жаңа жұмыс орындары санын көбейтуге, іс жүзінде бәсекелестік орта құруға бағытталған 2003-2005 жылдары облыста кіші кәсіпкерлікті қолдау және дамыту өңірлік Бағдарламасы іске асырылуда. Кіші кәсіпкерлік субъектілері прогрессивтік технология мен инновациялық өндірісті игеруіне орай, "Кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ тарапынан қаржыландыру, сондай-ақ, мамандандырылған қорлар мен банктерден жалпы негізде де мақсатты қарыз, ал ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер мақсатты несие ала алады. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін жаңадан құрылған "Даму" қоры да микронесие беріп жатыр. Кіші бизнеске, ауыл кредиттік серіктестігіне т.б. дамуына қызмет ететін қорларды тарту және облыс территориясында олардың филиалын ашуға көмектесу жоспарлануда. Ірі және кіші бизнес кәсіпорындарының одағы мен ынтымақтастығын дамыту, импорт алмастыру мен отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді, тұрып қалған цехтар жұмысын қайта жандандыруды, жол-сервис қызметін көрсетуді дамыту жұмыстары жалғаса береді. Жабылып қалған кәсіпорындарды бөлшектеу, құрылымға бөлу арқылы кіші бизнес субъектілеріне беру жұмысы жүре береді. Орта және кіші бизнес кәсіпорындарының бәсекеге қабілетін арттыру арқасында өндірген өнім мен қызмет көрсету сапасын халықаралық сапа қалыбына жеткізу қажеттігі түрлі сапа семинарларында, насихат жұмыстарында белсенді қолға алынуда. Ауылшаруашылығы дақылдары мен мал өсірудің ғылыми қамтымды прогрестік технологиясын енгізу, ғылым мен өндірістің байланысын нығайту, асылдандыру – селекциялық жұмысын тереңдету, сондай-ақ, жеке шаруашылықтардың озық тәжірибесін ұтымды пайдалану (мысалы, элита тұқымды сүт малын тарату тәжірибесі т.б.) жұмыстары одан әрі жүргізілуде. Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған біріккен кәсіпорындар құруға аса зор көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасының "Қаржылық лизинг" туралы заңына орай лизингіге қатынасты жұмыстар күшейтіле түседі. Кіші кәсіпкерліктің ғылыми-техникалық саласындағы жаңа түрлерін (бизнес- инкубаторлар тобы, инновациялық жобалар, технопарктар, кіші бизнес орталықтары) дамытуға шаралар алынуда. Кіші бизнестің өңірлік даму шаралары, оның құқықтық және нормалық базаларын жетілдіру, кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, кәсіпкерлікті ақпараттандыру жұмыстары да үнемі назарда.
Тарау 6. 6. Қаржыландыру көздері
6. Қаржыландыру көздері Бағдарлама шараларын қаржыландыру төмендегі көздердің есебінен іске асады: өнеркәсіп кәсіпорындарының өз қаражаттары мен инвестициялар; Республикалық және облыстық бюджет қаражаттары; қарызға алынатын қаражаттар; бюджеттен тыс қаражаттар мен финанс институттары қаражаттары; Қазақстанның Даму Банкі мен екінші дәрежелері банктер несиесі. Бағдарлама шеңберінде, отандық тауар өндірушілерді қаржылай қолдау мақсатымен, алдағы үш жылда тиімді жобаларға республикалық және жергілікті бюджет есебінен жеңілдік несиелер беру көзделіп отыр, үш жылдың несиенің жалпы сомасы республикалық бюджеттен - 7111 млн. теңге, жергілікті бюджеттен -1978 млн. теңге, соның ішінде 2003 жылы - 650 млн. теңге, 2004 жылы - 698 млн. теңге, 2005 жылы - 630 млн. теңге.
Тарау 7. 7. Күтілетін нәтижелер
7. Күтілетін нәтижелер Облыстың индустриялық-инновациялық дамуының бағдарламасы іс жүзіне асқанда: салық салу базасы кеңейеді; өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындары ашылады; өңірдің интеллектуалдық әлеуетін тұрлаулы арттыруда, оның ең жаңа технологияларға көшуі мен сапасы әлемдік қалыптарға сай өнім өндіруді қамтамасыз ету үшін, осы заманғы ғылыми-техникалық, конструкторлық-технологиялық және ақпараттық базалар құрылады; құрал -жабдықтарды жаңалау арқылы, біртіндеп облыс кәсіпорындарын жаңарту әлеуеті басталады, импорт алмастыратын және экспортқа өтімді өнімдердің жаңа түрлері игерледі; жоғары технологиялық қызмет көрсету секторы дамытылады; өңір энергетикалық тәуелсіздікке жетіседі; Бұл Бағдарламаны жүзеге асыру облыс кәсіпорындары өнімдерін өндіру көлемін 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көбейтуге мүмкіндік ашады.
Тарау 8. 8. Бағдарламаны іске асырудың іс-шаралар жоспары
8. Бағдарламаны іске асырудың іс-шаралар жоспары N п/п Іс- шаралар Орындалуына жауапты Аяқтау нысаны Орындалу мерзімі Болжамды шығыстар млн. теңге Қаржыландыру көзі 1 2 3 4 5 6 7 1. Инновациялық қызметтер 1.1 Инновациялық орталық құру. Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Әкімият қаулысы 2003 ж. Барлығы - 15,0 оның ішінде: 2003 ж. - 15,0 Облыстық бюджет 1.2 Республикалық, өңірлік жиын, семинарларға т.б. шараларға қатысу. Инновациялық орталық, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкіміне ақпарат Жыл сайын 1.3 "Облыстың инновациялық дамуының болашағы мен түйінді мәселелері" тақырыбына облыстық жиын-семинар өткізу. Инновациялық орталық, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкіміне ақпарат, жиын хаттамасы Жыл сайын Барлығы - 0,9 2003 ж. - 0,3 2004 ж. - 0,3 2005 ж. - 0,3 Кәсіпорындар қаражаты 1.4 Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті базасында технопарк ұйымдастыру. Батыс Қазақстан Аграр- техникалық университет, Инновациялық орталық, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Әкімият қаулысы 2004 ж. Барлығы - 2,0 оның ішінде: 2004 ж. - 2,0 Инвестициялар,Батыс Қазақстан Аграр- техникалық университеттің қаражаты 2. Инвестициялық жобаларды іске асыру 2.1. Мұнайгаз кешені 2.1.1 Газ жобасы. Жоба өнім бөлімінің соңғы келісімінде де қаралды. Оны іске асыруға кіретін: Қарашығанақ кенішінде газ өңдеу зауытының құрылысын салу; ГӨЗ-нан газ құбыры магистраліне дейін экспорттық газ құбыры құрылысын салу; ГӨЗ-пен газ құбырының қуаты жылына 10 млрд. куб. метр газ; құрылысты салуға 6 мың адам тартылады. Облыс әкімияты, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Қазақстан Республикасы энергетика және минерал дық ресурстар Министрлігіне ұсыныс 2003-2005 ж.ж. Барлығы - 1224000 оның ішінде: 734400 48960 Шетелдік инвестициялары Республикалық бюджет 2.1.2 Сұйытылған мұнай газын өндіретін зауыт құрылысын салу. Жоба Қарашығанақ өңдеу кешенінің базасында қуаты жылына 100 мың тоннаға дейінгі сұйытылған мұнай газын өндіру зауытын салуды көздейді. Бұл жоба ӨБТК де қаралды. Облыс әкімияты, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар Министрлігіне ұсыныс 2005-2007 ж.ж. Шетел инвестициялары 2.1.3 Мұнайгаз өнеркәсібі саласы үшін бұйымдардың тоттығуына жоғары қарсылығын қамтамасыз ететін жаңа материалдар өндірудің технологиялық үрдісін әзірлеу мен игеру. Жоба 6 %-ке дейін көмірсутегісі бар мұнай өнімдері әсеріне шыдайтын легірлі болат алудың технологиясын әзірлеуді көздейді. "Арма-сервис" ЖШС, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаментінің "Аймақтық инновациялық орталығы" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Конкустық комиссия шешімі 2003-2005 ж.ж. Барлығы - 2,94 оның ішінде: 2003 ж. - 0,98 2004 ж. - 0,98 2005 ж. - 0,98 Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым Министрлігі (грант) 2.2 Машина жасау және металлургия 2.2.1 Кеме жасау жобасы. Жобаны іске асыру реконструкциялау жолымен қосымша өндірістік қуат жасақтауға және құрылысы аяқталмаған 16 зауыт корпусын іске қосуға, ал оның өзі 200 тонна суығысымдылығы бар үлкен кеме шығаруға мүмкіндік ашады. "Зенит" ААҚ, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар Министрлігіне ұсыныс 2003-2010 ж.ж. Барлығы - 110,0 оның ішінде: 2003 ж. - 23,0 2003 ж. - 40,0 2004 ж. - 47,0 Кәсіпорынның қаражаты Республикалық бюджет 2.2.2 Осы заманғы ауылшаруашылығы техникасын өндіруді игеру. Жоба жұмыс үстіндегі "Оралагрореммаш" ААҚ мен "Астана - Агропромтехника" зауыттарының бірлескен қуаттарымен ауылшаруашылығы техникалары өндірісін игеруді көздейді. Жоба өндіруді қарастырып отырған ауылшаруашылығы техникалары: тракторлар, су шашқыштар, (желдеткіштік және штангалық тіркемелі), жалшалап дестелегіш (ілінбелі және тіркемелі), ПК-20 агрохимикаттармен дәнді дақылдарды улау өңдеу жабдықтары. Жобаны іске асыру ауылшаруашылығы техникаларымен Республиканың қажетін толық өтейді, салық салу базасын және кәсіпорынның өндіріс көлемін арттырады. "Оралагрореммаш" ААҚ, "Металл бұйымдары" ЖШС, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкіміне ақпарат 2003-2006 ж.ж. Барлығы - 236,2 оның ішінде: 2003 ж. - 132 2004 ж. - 104,2 Облыстық бюджет Кәсіпорынның қаражаттары мен инвестициялар 2.2.3 Болаттан бекіту арматурасын, соның ішінде шашырату және бұрғылап қазу өндірістерін ұйымдастыру және оларға сервистік қызмет көрсету. Жоба жоғары қысым жағдайында, бүлдіргіш күкірттік ортада жұмыс жасайтын мұнайгаз саласында қолданатын болаттан, бекіту соның ішінде сағалық және шашыратқыш арматуралар өндірісін игеруді көздейді. Жобаны іске асыру басым бағыттағы өнімдер қатарына жататын, Қазақстанға шетелден әкелінетін өнімдер өндірісін Қазақстан кәсіпорындарында игеруді бастауды көздейді. Жобаны орындау салық салу базасы мен кәсіпорынның өндіріс көлемін арттырады. "Арма-сервис"ЖШС, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003-2008 ж.ж. Барлығы - 145,0 оның ішінде: 2003 ж. - 10,0 2004 ж. - 67,5 2005 ж. - 67,5 Кәсіпорынның қаражаты мен инвестициялар 2.2.4 Мұнайгаз саласы кәсіпорындарының қажетін өтеу үшін болаттан бекіту арматурасын өндіруді ұйымдастыру. Жобаны іске асыру саланың қажетін өтеу мақсатында құралдар кешенін жасақтап: - мұнайгаз саласында жоғары қысым жағдайында және бүлдіргіш күкірттік ортада жұмыс жасайтын бітеу болат, соның ішінде сағалық және шашыратқыш арматураларды өндіруді ұйымдастыруға; - өзгермелі механикалық құрамалар мен оларды сынау өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. "Арма-сервис"ЖШС, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003 ж. Барлығы - 47,0 оның ішінде: 2003 ж. - 47,0 Облыстық бюджет 2.2.5 Ыстықпен цинктеу әдісін игеру. Жоба металл бұйымдарын цинкпен қаптау үдерісін ұйымдастыруға қажетті технология мен өндіріс қуаттарын сатып алуды көздейді. Жобаның іске асуы фирмаға нарық бәсекесіне қабілетті, пайдалы жағдайда болуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Республика территориясында цинкпен металды қаптауға мамандалған бір ғана кәсіпорын (Испат-Кармет) бар. "Металл бұйымдары" ЖШС, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003-2006 ж.ж. Барлығы - 217,0 оның ішінде: 2003 ж. - 93,0 2003 ж. - 124,0 Облыстық бюджет Инвестициялар 2.2.6 Жоғары қысымдағы тіке иілген қосу бұрмаларын өндіруді игеру. Жоба мұнайгаз кәсіпорындары секторының қажетіне асатын, диаметры 70-500 мм. жоғары қысымдағы тіке иілген бұрма дайындау үшін арнайы құрал-жабдықтар сатып алуды көздейді. "Орал құю механикалық зауыты" ӨК, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003-2005 ж.ж. Барлығы - 40,0 оның ішінде: 2004 ж. - 28,0 2004 ж. - 12,0 Облыстық бюджет Кәсіпорынның қаражаты мен инвестициялар 2.2.7 Су тазалайтын "Тазасу" қондырғысын өндіру. Жоба ішуге қажет суды тазалайтын қондырғыны ұйымдастыруды көздейді. Су тазалаудың технологиялық схемасы Санкт-Петербург қаласында "Техно-Эко" АҚ -да әзірленген, осы заманғы ғылым мен техниканың жетістігін пайдаланып, жеті елде патенттелген. Суды тазалаудың "Тазасу" үдерісінің негізі - озондау. Озон күшті қышқылдаушы, сондықтан да коагуляциялау мен арам қоспаларды тежеуде өте тиімді. Озондаудың тағы бір артықшылығы, тазалау схемасының соңында озон тазартылған судың құрамында қалмай, оттегіге оңай айналады да ұшып кетеді. "Омега" ААҚ, Жол, тұрғын-үй және қазыналық шаруашылығы басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003-2006 ж.ж. Барлығы - 30,0 оның ішінде: 2003 ж. - 30,0 Облыстық бюджет 2.3. Энергетика 2.3.1 "Тохоку" компаниясымен бірігіп, газотурбиналық электр станциясы құрылысын салу. Жобаны іске асыру Орал ЖЭЦ алаңында қуаты 26,9 МВт электр станциясы құрылысын салуды көздейді. "Жайықжылуэнергия" ААҚ, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003-2005 ж.ж. Барлығы - 3900 оның ішінде - 3300: 2003 ж. - 120,0 2004 ж. - 200,0 2005 ж. - 280,0 Шетел инвестициялары Облыстық бюджет 2.3.2 Объектілерде энергия үнемдеу шараларын іске асыру. Жобаны іске асырғанда тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтудың сенімділігі мен сапасы артады. Отын үнемдеу 10 % құрайды. "Жайықжылуэнергия" ААҚ, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003-2010 ж.ж. Барлығы - 250 оның ішінде: 2003 ж. - 130,0 2004 ж. - 120,0 Облыстық бюджет 2.3.3 Энергетика өндірісін жағалау. Жоба облыста электр энергиясын осы заманға сай өндіру, жеткізу мен тарату үшін қазіргі өндірістік қуаттарды реконструкциялау жолымен тозығы жеткен бірқатар қорларды жаңартуды іске асырады. Жобаны іске асыру электр энергиясының шығынын 5 %-ке азайтады, жұмыстың тиімділігі артады, тұтынушыларға электр энергиясын тарату тұрақталады. "Батыс Қазақстан ТЭК" ААҚ, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003-2005 ж.ж. Барлығы - 400 оның ішінде: 2004 ж. - 200,0 2005 ж. - 200,0 Облыстық бюджет 2.4. Құрылыс индустриясы 2.4.1 Батыс Қазақстан облысында цемент зауыты құрылысын салу. Жобаны іске асыру өндірістік қуаты жылына 300 мың тонналық цемент зауытын салуды көздейді. Тасқала ауданының Семиглавый-Мар селосында цемент шикізатының зерттелген және анықталған қоры бар. Қор орны темір жол, автокөлік жолдарына, энергия көздеріне (электр, газ, су) жағын орналасқан. Бүгінгі таңда швейцар компаниясының жобаны іске асыру ойлары бар. Облыс сәулет және құрылыс басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Қазақстан Республикасы индустрия және сауда Министрлігіне ұсыныс 2003-2005 ж.ж. Барлығы - 7022,0 оның ішінде: 7022,0 Республикалық бюджет 2.4.2 Қабырғалық керамикалық бұйымдар зауыты құрылысын салу. Жобаны іске асыру өндірістік қуаты жылына 15 млн. шартты кірпіш өндіретін қабырғалық керамикалық бұйымдар зауытының құрылысын салуды көздейді. Бүгінгі таңда испан және ресей біріккен компаниялырының жобаны іске асыру ойлары бар. "Кульман" ЖШС, "Бином" ЖШС, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігіне ұсыныс түсіру 2004-2008 ж.ж. Барлығы - 918,0 оның ішінде: 918,0 Қарызға алынатын қаражаттар мен кәсіпорынның қаражаты 2.5. Жеңіл өнеркәсібі 2.5.1 Байпақ бұйымдарын резинамен түптеу әлісін жетілдіру. Жоба байпақ бұйымдарын резина мен түптеу көлемін ұлғайту үшін, ол учаскедегі тозығы жіткен бөліктерді жаңартып, өндіріс технологиясын жетілдіруді көздейді. Бұл өнім импорт алмастыратын тауарларға жатады. Жобаны іске асыру кәсіпорынның өнім көлемін ұлғайтуына мүмкіндік береді. "Аяз" ЖШС, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003-2009 ж.ж. Барлығы - 146,0 оның ішінде: 2003 ж.- 15,0 2003 ж.- 131,0 Облыстық бюджет Кәсіпорынның өз қаражатылар мен инвестициялар 2.5.2 Тігін өндірісіне тұрақты сипат беру, жетілдіру және дамыту. Жобаның іске асуы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жаңа түрлерін игеруге, кәсіпорынның технологиялық тізбегін жаңартуға, импорт алмастыратын өнімдер өндірудің көлемін көбейтуге мүмкіндік ашады. "Диана" ААҚ, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2005-2006 ж.ж. Барлығы - 65,0 оның ішінде: 2005 ж. - 15,0 2006 ж. - 50,0 Кәсіпорынның қаражаты мен инвестициялар 2.6. Тамақ өнеркәсібі 2.6.1 Арақ ликер өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту. Жоба спирт сатып алу көлемін ұлғайту, шарап құю тізбегін толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді көздейді. Оған қоса, жоба Батыс өңірдегі және Алматы қаласында маркетинг және жарнама компаниялары өнімді Республиканың басқа да нарықтарына шығаруға жағдай туғызуын көздейді. "Орал сусын" ЖШС, Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003-2005 ж.ж. Барлығы - 50,0 оның ішінде: 2003 ж. - 50,0 Кәсіпорынның қаражаты мен инвестициялар 2.6.2 Орал қаласындағы спирт зауытын іске қосу. Жоба ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу арқылы люкс класты этил спиртін шығаратын өндірістік кешенді жасақтауды көздейді, сондай-ақ, сапалы ликер мен арақ өнімдерін, көмір қышқылын, минерал су өндіруді және құюды шешеді. Зауыт құрылысы Оралда 1993 жылы басталды. Қазіргі уақытта объективті себептермен құрылыс тоқтап түр және әлеуеттік инвесторлар тарту үшін тендер өткізу жоспарланып отыр. "Батыс" ААҚ, Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Инвестициялық тендердің нәтижесі 2003-2009 ж.ж. Барлығы - 1377,0 оның ішінде: 1377,0 Инвестициялар 2.6.3 Сыра қайнату өндірісін жаңалау. Жоба тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңарту арқылы өндірістің тиімділігі мен бәсекелестік қабілетін және сыра өнімінің сапасын арттыруды көздейді. "Нұржанар" ААҚ, Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003-2004 ж.ж. Барлығы - 608,0 оның ішінде: 2004 ж. - 154,0 2005 ж. - 154,0 2004 ж. - 150,0 2005 ж. - 150,0 Кәсіпорынның қаражаты мен инвестициялар Облыстық бюджет 2.7. Кабель өнімдерін жасау өндірісі 2.7.1 Кабель өнімдерін өндіруді ұйымдастыру. Жоба полихлорвинилмен қапталған, броньдалған, әр турлі көлденен қимадағы, барлық салаларда қолданылатын кабельдік өнімдерді өндіру ісін игеруді көздейді. Бүгінде бұл өнімдер түгелдей дерлік шетелден импортталады. "Жайықкабель" ЖШС, Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат 2003-2008 ж.ж. Барлығы - 118,6 оның ішінде: 2003 ж. - 30,0 2003 ж. - 44,3 2004 ж. - 44,3 Облыстық бюджет Инвестициялар 2.8. Әлеуметті жобалар 2.8.1 Су құбырын реконструкциялау Шаған өзені қойнауында, Зачаганск және Деркул поселкаларында. Жоба Зачаганск поселкасының Шаған өзені қойнауындағы су құбырларына күрделі жөндеу жүргізіп, Зачаганск, Деркул поселкалары тұрғындарын сумен сапалы қамтуды көздейді. Облыстық "Водоканал" басқармасы, Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкіміне ақпарат 2003 ж. Барлығы - 38,0 оның ішінде: 2003 ж. - 38,0 Облыстық бюджет 3. Импорталмастыру және ИСО қалыптарына көшу 3.1 Импорталмастыру мәселесімен облыстық жиын өткізу. Облыс әкімияты, Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Жиын хаттамасы Жыл сайын 3.2 Мұнайгаз компанияларының болашақта саланы дамытуына қатысты шараларына қатысу. Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті Облыс әкімдігіне ақпарат Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігі кестесіне сәйкес 3.3 Облыс әкімінің "Сапа саласындағы жетістігі үшін" жүлдесіне конкурс өткізу. Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті, "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" Облыс әкімдігіне ақпарат Жыл сайын, қыркүйекте Барлығы - 9,0 оның ішінде: 2003 ж. - 3,0 2004 ж. - 3,0 2005 ж. - 3,0 Кәсіпорынның қаражаттары 3.4 "Батыс Қазақстан облысының үздік тауарлары" көрмесін ұйымдастыру. Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті, "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" Облыс әкімдігіне ақпарат Жыл сайын, қыркүйекте Барлығы - 3,0 оның ішінде: 2003 ж. - 1,0 2004 ж. - 1,0 2005 ж. - 1,0 Кәсіпорынның қаражаттары 3.5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығына ұсыну үшін эксперттік бағалау өткізу. Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті, "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" Облыс әкімдігіне ақпарат Жыл сайын, тамызда Барлығы - 9,0 оның ішінде: 2003 ж. - 3,0 2004 ж. - 3,0 2005 ж. - 3,0 Кәсіпорынның қаражаттары 3.6 Батыс өңірдің кәсіпорындары үшін "ИСО 9001 сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі және ИСО14001 экологиялық менеджмент жүйесі" тақырыбына семинар. Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті, "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" Облыс әкімдігіне ақпарат Жыл сайын, қазанда Барлығы - 9,0 оның ішінде: 2003 ж. - 3,0 2004 ж. - 3,0 2005 ж. - 3,0 Кәсіпорынның қаражаттары 3.7 Сапа менеджменті мен экологиялық менеджментке қатысты кітаптар шығару. Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті, "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" Облыс әкімдігіне ақпарат Жыл сайын, шілдеде, тамызда Барлығы - 0,3 оның ішінде: 2003 ж. - 0,1 2004 ж. - 0,1 2005 ж. - 0,1 Кәсіпорынның қаражаттары 4. Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен бірлесе жұмыс істеу 4.1. Ресейдегі Қазақстан жылы шеңберінде өтетін Батыс Қазақстан облысының Самарадағы, Саратовтағы, Орынбордағы, Астрахандағы, Волгоградтағы Мәдени және Экономикалық Күндерінде облыстық өнеркәсіп кәсіпорындарының катысуы. Батыс-Қазақстан облыстық өнеркәсіп және ОЭК департаменті, өндіріс кәсіпорындарының басшылары Облыс әкімдігіне ақпарат 2003 ж. кестеге сәйкес Кәсіпорынның қаражаттары Барлығы: Оның ішінде: Республикалық бюджет (газ жобасын ескермегенде) Облыстық бюджет Кәсіпорындардың өз қаражаттары мен инвестициялар Газ жобасы 138168,94 7111,94 барлығы - 1978,0 оның ішінде: 2003 ж.- 650,0 2004 ж.- 698,0 2005 ж.- 630,0 6679,0 122400,0 Инвестициялық жобаларды іске асыру шараларына бөлінген бюджет қаражаттары қайтымдылық кредиттеу негізінде жоспарланады.