Об утверждении Программы развития и поддержки малого предпринимательства в Акмолинской области на 2003-2005 годы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес және облыс әкімдігінің 2003 жылғы 14 тамыздағы № 1-16-32/1093 ұсынысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, әлеуметтік даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет баскармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Мазмұны
Ақмола облыстық мәслихатының 2003 жылғы 23 тамыздағы № С-29-3 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ Мазмұны 1. Бағдарлама паспорты 3-4 2. Кіріспе 5 3. Ақмола облысындағы кәсіпкерліктің қазіргі кезеңгі даму жағдайына талдау 5-10 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 10-11 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі 11 1) Шағын бизнестің қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау жүйесінің дамуы 11-12 2) Кәсіпкерлікті насихаттау, ақпаратты қамсыздандыру және инфрақұрылымын дамыту 12-14 3) Заңнамалық және нормативті-құкықтық базасын жетілдіру 14-15 4) Қаржылық қолдау дәстүрлі емес құралдарын енгізу және ақша ресурстарының көлемінің өсуі, қол жетімділігі 16 5) Аймақтық даму 16-17 6. Қаржыландыруға қажетті ресурстар мен қайнар көздері 17 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер 17-18 8. 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары 19-28
Тарау 1. 1. Бағдарлама паспорты
1. Бағдарлама паспорты Атауы Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы Негізгі әзірлеуші Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Әзірлеуге негіздеме Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 19 маусымындағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» № 131 Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылдың 28 наурызындағы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру бойынша алдағы шаралар туралы» № 827 Жарлығы, Ақмола облысы әкімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ақмола облысы әкімінің іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 39-а шешімі. Бағдарлама мақсаты Шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қолдау және қамтамасыз ету, шағын кәсіпкерлік үлесінің экономиканың басымды салаларында өсіру, жаңа жұмыс орындары санының өсуі. Бағдарламаның дамыту үшін Облыстағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін міндеттері құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдастрырушылық жағдайларын жасау. Шағын кәсіпкерлік субъектісін қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдаудың жаңа көздері мен тетіктерін іздестіру. Шағын бизнесті қолдаудың инфрақұрылым объектілерін құру және әрі қарай дамыту, шағын бизнес үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға әрекет ету және ұйымдастыру. Шағын кәсіпкерлік мүдделерін қорғау және қолдау мәселесі бойынша үкіметтік емес ұйымдардың рөлін белсендіре түсу. Халықты жаңа өндірістер құру, іске қосулы және тоқтап тұрған өндірістерді дамыту жолы арқылы жұмыспен қамту. Бағдарламаның негізгі іс-шаралары Шағын кәсіпкерлікті қаржылы-несиелік және инвестициялық, өндірістік және инновациялйқ қолдау. Шағын бизнесті қолдаудың инфрақұрулым объектілерін дамыту. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың нормативті-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Кадрлық және ғылыми- әдістемелік қамсыздандыру. Аймақтық дамыту. Қаржыландыру көзі Облыстық бюджет қаражаты, шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несие беру: 2003 жылы - 30 млн. теңге; 2004 жылы - 95 млн. теңге; 2005 жылы - 155 млн. теңге облыс бюджетінің сәйкес жылға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісілген параметрлер есебінен. Мақсатты заемдер, екінші деңгейдегі банк кредиттері, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының гранттары, кәсіпкерлердің және олардың қоғамдық бірлестіктерінің қаражаттары. Күтілетін нәтижелер Өсім: шагын кәсіпкерлік субъектілерінің саны: 2003 жылы - 22050 бірлікке дейін; 2004 жылы - 22800 бірлікке дейін; 2005 жылы - 23700 бірлікке дейін. шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтылғандар саны: 2003 жылы - 71400 адам; 2004 жылы - 73500 адам; 2005 жылы - 75700 адам. шағын кәсіпкерлік субъектісінің өндірістік өнімінің жалпы көлемінен (қызмет көрсеткен жұмыстардан): 2003 жылы - 27300 мың теңге; 2004 жылы - 28600 мың теңге; 2005 жылы - 30090 мың теңге. Жүзеге асыру мерзімі 2003-2005 жылдар.
Тарау 2. 2. КІРІСПЕ
2. КІРІСПЕ Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Бағдарламасы 2003-2005 жылдары жүзеге асырылады деп есептелген. Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасының басымды принципі негізінде облыстық басқармалар мен ведомствалар, кәсіпорындардың қоғамдық бірлестіктерінің, аудандық (қалалық) әкімдіктердің ұсыныстары ескеріле және Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму Индикативтік жоспарының, Ақмола облысында 2003-2005 жылдарда кедейшілікті азайту бойынша Бағдарламасының, Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған Агроазықтық Бағдарламасы негізге алына отырып әзірленді, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 «Қазақстан Республикасында бағдарламаларды әзірлеу Ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес құрылды. Бағдарламаның негізгі бағыттары - стратегиялық жоспарлау, жоспардағы шаралардың кезеңді орындалуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау шегіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі элеметтерінің Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясын жүзеге асыру шегінде іске асырылатын экономиканы реформалаудың негізгі тетіктерімен неғұрлым тығыз байланыс. Осы Бағдарлама шағын бизнесті дамытуды көтермелеудің әлеуметтік- экономикалық жағдайын жасау, жаңа технологиялық өндірістерді енгізу, шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату есебінен қоғамның орташа класын құруға бағытталған.
Тарау 2. 2. Ақмола облысындағы кәсіпкерліктің даму жағдайына талдау
2. Ақмола облысындағы кәсіпкерліктің даму жағдайына талдау Облыста кәсіпкерлікті дамыту тенденциясының талдауы олардың динамикалық сипаттары бар екендігін, тек қана бюджетке көлемді түсім көзі болып қана қоймай, әлеуметтік қысымды төмендету факторы, халықты жұмыспен қамту негізі бола отырып та, қанағаттанарлық нәтижелер беретіндігін көрсетеді. Шағын кәсіпкерлікті колдау бұған дейінгі шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларында да негізделген. Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасының мақсатын жүзеге асыруда негізгі - жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін және бюджетті толықтыра түсетін көздер ашуға мүмкіндік беретін басымды тауарлар мен кызметтер өндірісін құру және кеңейту болып табылады. Ақмола облысының экономикасы айқынды аграрлы бағытта болғандықтан негізгі басым бағыты астық өндірісінің әрі қарай тұрақтылығы, астық бойынша экспорттық әлеуетті көтеру, халық тұтынушылығын қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде Астана, Көкшетау, Щучье-Бурабай курорттық аймағын азық-түлікпен, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Ауылдағы шағын кәсіпкерліктің негізгі түрлері диқан (фермерлік) шаруашылығы болып табылады. 1413 мың гектар егіні бар (облыс бойынша жалпы көлемнің 27,8%) диқан шаруашылығы өткен жылы өндірілгеннен кейін облыстық көлемнің 31,5% салмағындағы 1019,7 мың тонна астық өндірді. Бірақ гречиха - 4,4 %, бұршақ тұқымдастар - 0,7%, майлы тұқымдыстар - 8,2% құрайтын жарма және май тұқымдастар культуралар көлемі көтерілмей тұр, мал шаруашылығының өнімдері аз өндірілген: ет - 0,6%, сүт - 0,4%. Ауыл шаруашылығының үлесіне азық-түлік өнімінің 8,4 млрд. теңге көлемі келеді. 2001 жылмен салыстырғандағы өсім 6,3% құрайды. Егер аймақтарды ауыл шаруашылыгындағы азық-түлік өнімдерінің көлемінің жалпы салмагы бойынша салыстырса, 3 аймақ өзінің басым салмагымен ерекшеленеді. Олар Зеренді (16,6%), Астрахан (11,3%), Еңбекшілдер (11,2%) аудандары. Ауыл шаруашылығында негізгі күш жарма, майлы дақылдарды өндіру, мал шаруашылығын дамыту, сонымен қатар азық түлік қауіпсіздігін жақсарту және астананы азықпен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге көп көңіл бөлуге жұмсалмақ. Ауылда шағын бизнесті дамыту бағыты басымды болмақ, оған барлық қолдаулар көрсетіледі. Жоспарланған кезеңде шағын бизнестің басымдылық бағыты экономикалық тұрақтылық, өндірістің диверсификациясы, экономиканың қаржылы-экономикалық сауықтырылуы және реструктуралануы болып табылатын өндірісті дамытуға негізгі қөңіл бөлінеді. Негізгі тірек өндіруші саланы дамытуға салынады. Облыста жеткілікті шикізат базасы және астық, ет, сүт өндіру бойынша дамыған өндіріс бар. Бағыттарының бірі инновациялық даму Бағдарламасы болады. Сегментация тәртібімен Көкшетау, Степногорск, Атбасар қалаларында ірі машина жасау кәсіпорындарын, Степногорск қаласының биотехнология кәсіпорынын, түсті металдарды өндіру бойынша кәсіпорын, жоғары бәсекелестіктегі құрылыс материалдарын шығару бойынша құрылыс ұйымдарын ұйымдастыру жобаға алынып отыр. 2002 жылы шағын бизнес субъектілерімен 26,1 млрд. теңгеге азық өндіріліп, қызметтер жасалды, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 10%-ға көп. Оның ішінде өнеркәсіп өндірісінің үлесіне 13,6% немесе млрд. теңге (2001 жылдың деңгейінеі 16,5%) келеді. Ауылдық аймақтар арасында өнеркәсіпте қызмет көрсеткен өнеркәсіп өндірісінің көлеміндегі жалпы салмағының көпшілігі Целиноград (19,3%), Щучье (566%) және Шортанды (5,3%) аудандарының еншісінде. Курорттық аймақтардың болуы (Щучье-Бурабай курортты аймағы, Зеренді демалыс аймағы, Қорғалжын қорығы және т.б) Ақмола облысының ерекшеліктері болып табылады. Туристік бизнесті дамыту, халықтың қол жетімділігін ұйымдастыру, емдеу-сауықтыру кешендерін неғұрлым жаңа, сапалы деңгейде дамытуға толық жағдай бар. Туризмді дамыту әлеуметтік проблемаларды шешуде үлкен рөл атқарады. Көптеген шет елдерде туризм есебінен көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып (әрбір турист орта есеппен 9 жұмыс орнына мүмкіндік береді), халықтың жоғары деңгейлі өмірі қалыптасады, елдің төлем балансын жақсарту үшін мүмкіншіліктер туындайды. Туристерге жыл бойы қызмет ету саласында 611 шағын кәсіпкерлік объектісі мен субъектісі өз қызметін іске асырады; дәмхана, мейрамхана, шаштараздар, қонақ үйлері, демалыс орындары, санаторийлер. Жазғы уақытта Щучье-Бурабай курорттық аймағында қосымша 187 объект: жазғы дәмханалар, кәуапханалар, жылжымалы сыра барлары, балмұздақ сату пункттері, дүкендер мен техникалық қызмет көрсету станциялары ашылған. Щучье-Бурабай курорттық аймағында туризм саласы бойынша оралымды қызметпен туристік қызмет көрсету құқығына лицензиясы бар «Лидер» фирмасы, «Глобус» ЖШС, «Турист» ЖШС, «Золотой бор» туристік фирмасы қызмет етуде. Мәдени-көпшілік демалысы 5 дискотека, 2 дискобар, Табиғат музейі, Абылай хан музейі, кунтцкамера, ат маршруттары, су қөліктерін жалға беру пункттерімен (қайық, катамаран) қамтамасыз етілген. 2003 жылдың қаңтарынан маусым айына дейін Сәулет, құрылыс, тұрғын ұй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасына қызмет көрсету объектілері ретінде 56 сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілген. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің жалпы көлемі 2003 жылдың 1 қаңтарына 989,8 млн. теңгені құрады. 2003 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша облыста 19,6 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген (өткен жылға 116%), оның 4 мыңы кіші кәсіпкерлігі немесе жалпы санның 20%, 11 мың жеке кәспкерлігі (57%) және 4,5 мың диқан (фермерлік) шаруашылығы (23%). Тіркеуге алынғандарының жалпы саны бойынша 19,0 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі қызмет етуде (97,2%). Экономиканың бұл саласында 74,6 мың адам жұмыс атқаруда, бұл облыстың экономикалы белсенді халықтың 18,7% құрайды. 2002 жылы шағын бизнес саласында қосымша 4667 жаңа жұмыс орны құрылған. Шаруашылық субъектілерімен 26,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, облыс халқына көмек көрсетілген. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 10%-ға көп. Салалық құрылым анализі шағын бизнестегі азық өнімінің жалпы көлемінің 42% саудаға, 32% ауыл шаруашылығына, өндіріс үлесіне 14%, көлік пен құрылысқа 5%-дан келетіндігін көрсетеді. 2001 жылы облыстағы барлық аумақтық өнім 94,9 млрд. теңгені, 2002 жылы - 117,3 млрд. теңгені құрады. Статистикалық органдардың бағалауы бойынша шағын бизнес үлесі 20-23%-ды құрады, өсу тенденциясы бар, яғни 1999 жылы 17%/дан 2002 жылы 23%-ға дейін. Өндірілген өнім көлемінің көптеген салмағы Көкшетау каласының үлесінДе - 36%. Ауылдық аймақтар арасында өнім өндіруде ерекше үлеске ие Зереңді және Щучье аудандары (8%-дан). 2002 жылы шағын бизнес субъектілерінен бюджетке 2,6 млрд. теңге сомасында салық пен төлем түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4%-ға өскен, ал 2000 жылмен салыстырғанда 27%-ға өскен. Осы соманың 56% Көкшетау қаласының кәсіпкерлерінің үлесіне тиеді (1,4 млрд. теңге). Шағын бизнестің бюджеттің кіріс бөлігіндегі үлесі трансфертсіз 28,3%-дан 32,4%-ға өсу тенденциясы бар. Шағын кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз етудегі проблемалардың бірі - айналым қаражатының жетіспеушілігі. Бюджеттік каражаттың шектеулігі шағын кәсіпкерлікті көлемді қаржылық қолдауын іске асыруға мүмкіншілік бермейді. Осы мақсатқа облыс бюджетінен жыл сайын белгіленген қаражат бөлінеді, бірақ шағын кәсіпорын субъектілерінің несиеге сұранысы әлі де жоғары болып тұр. 2001 жылы 105,7 млн. теңгеге 64 бизнес-жобасы қабылданып, оның 31,5 млн. теңгеге 29 бизнес-жобасына ғана несие берілген (банк- операторлардың несие беру тәртібімен). Бизнес-жобаларды таңдау барысында басымдылықтар анықталды, бірінші кезекте өндірісті дамытуға бағытталған (40,2%), қызмет саласына (37,1%), ауыл шаруашылығы (22,7%) жобалары қарастырылды. 2002жылы 78 кәсіпорын 151,7 млн. теңге сомасындағы жобамен өтініш білдірді. Облыс бюджетінен 30,0 млн. теңге бөлініп, оның барлығы қолданысқа пайдаланылды. Банктармен несиелендіру тәртібі арқылы барлығы 57,6 млн. теңге бөлінді. Оператор банктары болып «Тұран Әлем Банк» ААҚ және «Қазақстан Халық банкі» ААҚ Көкшетау филиалы қатысты. 2003 жылдың бірінші жарты жылдығында 60 млн. теңге сомасында 36 бизнес-жоба несиелендірілді, оның ішінде 30 млн. теңге облыстық бюджет қаражатынан бөлінген. Оның экономиканың нақты секторының дамуына: ауыл шаруашылығына 49,2%; өндірістік өнеркәсіпке, өндіруге 28,1% бөлінген. Бөлінетін бюджет қаражатының тиімді салымы жаңа жұмыс орынын ашуға өз септігін тигізеді. Осылайша, 2001 жылы 106 жаңа жұмыс орны құрылса, 2002 жылы олардың саны 227-ге жетті. Несие рәсімін қамтамасыз етудің негізгі мәндерінің бірі кепілдік қамтамасыздығының жоқтығы болып табылады. Осыған байланысты облыста бүгінгі күні коммуналдық меншік объектілерінен кепілдік қорын құру нақтылы бағыттардың бірі болып табылады. Қалалық жәңе аудандық бюджеттерде шағын бизнес субъектілерін несиелендіру үшін қаражат жеткіліксіз қарастырылған, оның өзі толық көлемде іске асырылмайды. 2001 жылы шағын бизнес субъектілерін несиелендіру үшін 34,4 млн. теңге қарастырылған, оның 11,3 млн. теңгесі немесе 33% ғана пайдаға асырылған. Щучье, Еңбекшілдер, Сандықтау аудандарында шағын бизнес субъектілерін несиелендіруге арналған бюджет қаражаты, екінші дәрежелі банктер аудандық әкімдіктен осы мақсатқа бөлінетін қаражат мөлшері аз болғандықтан, өткізілетін конкурстарға қатысқылары келмеген себепті пайдаға 2002 жылы бұл мақсаттарға 33,7 млн. теңге қарастырылып, 23,3 млн. теңгесі немесе 69% ғана игерілген. Бұның проблемасы да банктардың хабарланған конкурстарға қатыспауынан. Екінші дәрежелі банктардың өз қаражаттары есебінен 2001 жылы 3,6 млрд. теңге, 2002 жылы 2,4 млрд. теңге, 2003 жылдың бірінші жарты жылдығында 1,2 млрд. теңге несие берілген. Оның 60% «Тұран Әлем Банк» ААҚ Көкшетау және Астана филиалынан, 13,8% «Темір банк» ААҚ, 8%-дан «Қазақстан Халық банкі» ААҚ мен «БанкЦентркредит» ААҚ. Шағын бизнестің жақсы құрылу жағдайының негізі кәсіпкерліктің инфрақұрылым объектілерін құру мен дамыту болып табылады. Облыста 11 бизнес-орталық тіркелген, тіркелгендер қатарынан Көкшетау, Степногорск, Ерейментау, Щучье, Сандықтау аудандарында 6 бизнес-орталық өз қызметтерін жүргізуде. Бизнес-орталығының негізгі мақсаттары шағын кәсіпорын субъектілеріне ақпараттық, тіркемелік және консалтнгілік қызметтер көрсету. Көкшетау, Степногорск қалалары және Атбасар ауданында бизнес- инкубаторлар құрылған және жұмыс атқарып жатыр. Шағын кәсіпкерлікке несиелік қолдауды инфрақұрылымның «Микрокредит» үкіметтік емес бірлестігі қоғамдық қор, Зеренді, Щучье аудандарындағы ауылдық несие серіктестіктері объектілері көрсетеді. Зеренді «Еңбек-Кредит» ЖШСАНС (әділет органында тіркелген мерзімі 2001 жылдың 10 тамызы) құрамына 32 диқан шаруашылығы, 14 ЖШС және 2 ӨК кірген, жарғылық қор 50,7 млн. теңгені кұрайды. 2003 жылдың 1 қаңтарына дейінге есеп бойынша «Аграрлы несие корпорациясы» ЖАҚ ауылдық несие серіктестіктеріне 46 млн. теңге сомасында несие берген. Щучье ауданында құрылған «Оқжетпес» ЖШС АНС 58 млн. теңге жарғылық қорымен «Аграрлы несие корпорациясы» ЖАҚ, 22 диқан шаруашылығы, 11 ЖШС енген. 2003 жылы тек қана көктемгі егіс алқабы жұмыстарына ғана 179,4 млн. теңге сомасындағы несие бөлінген. Несие серіктестіктеріне несие берудің жағымды бағыттары болып кепілдік мүлкін тапсыру бойынша жеңілдетілген талаптар (техниканың шығарылған жылына қарамай, жұмысқа жарамдылығын есепке алу, ауылшаруашылық өндіріс орындарын және тағы да сондай) төменгі пайыздық ставкалар табылады. Кәсіпкерліктің дамуында өз ісін ашуда әйел адамдарға білікті кеңестер беретін, заңдық, маркетингілік көмектер көрсететін «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша Орталығы» қоғамдық бірлестігінің алатын рөлі үлкен. Шағын бизнесті қолдау және дамытудың негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлердің өздерінің белсенді қатысуын қажет ететін қоғамдық бірлестіктер мен ассоциациялар қызметі болып табылады. Облыста шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту құқығын қорғау және қолдауға, заңдық және консалтингілік көмектер көрсетуге, дөңгелек үстелдер және оқыту семинарларын өткізуге бағытталған 14 қоғамдық бірлестік пен ассоциация қызмет атқарады. Көптеген аймақтық мерзімдік басылымдарда арнайы рубрикалар жасалған. Аталмыш проблеманы неғұрлым толық жаңғыртуға шағын бизнес туралы мақала тақырыбы басылымның ресми түріндегі сияқты ресми емес түрінде де кеңейтілген. Басқа шаруашылық субъектілері қатарында шағын бизнес кәсіпкерлері де мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарына қатысады, бюджеттік қаражаттың тиімді қолданылуына мүмкіндік жасайды. 2001 жылы тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген 5842 тендерде 8346 шағын кәсіпорын субъектілері қатысып, 3801 жеңіп шыкқан. 2002 жылы тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген 13697 тендерде 13969 шағын кәсіпорын субъектілері қатысып, 4341 субъектісі жеңіп шыққан. Осылайша, облыста шағын кәсіпкерліктің экономикасының тұрақты секторы құралған. Шағын бизнес басымырақ тауарлар мен қызметтің кең номенклатурасының өндірілуі мен таралуына икемді, тұтыну нарығы сұранысына бейімделеді, инновацияның ерекше қайнар көзі болып табылады. Бұл қазіргі уақыт жағдайында тұтынушылар сұранысының диверсикациясы мен мамандандырылуында негізгі мәнге ие болады. Шағын компаниялардың санының көп болуы бизнес саласында монополизациядан қашқақтауға мүмкіндік беретін бәсекелестіктің өсуіне алып келеді, ірі бизнестің модернизациялық және технологиялық дамуының стимулын көтереді, осылайша облыс экономикасын жалпы сауықтыруға әрекет етеді. Сонымен қатар, облыстағы шағын кәсіпкерліктің дамуына Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде келесі факторлар жағымсыз кері әсерін тигізді: каржының жетіспеушілігі, банк несиелерінің жоғары пайыздық ставкалары; жеке кәсіпкерлер мен диқан шаруашылықтарының азық тарату және қызмет көрсетулерінен түскен кіріс деңгейінің төмен болуы; шағын бизнесті қолдау ңңфрақұрылымының дамуының әлсіздігі, ауыл кәсіпкерлерінің кепілдік қорының болмауы, олардың жұмыстарының мезгілдік болуы; кәсіпкерлік саласында қолданыстағы заңнаманың жетілдірілмегендігімен ұғындырылатын шағын кәсіпорын субъектілерін дамытуда кедергі жасайтын түрлі әкімшілік барьерлердің болуы; кәсіпкерлік мүдделеріне кедергі келтіретін қоғамдық бірлестіктер, ассоциациялардың белсенділіктерінің төмендігі. Осы Бағдарламамен облыста шағын кәсіпкерліктің жақсы дамуына бұл факторлардың тигізетін әсерін төмендету бойынша шаралар қарастырылған.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның негізгі мақсаты шағын кәсіпкерліктің үлесін барлық аймақтық азық құрылымында шағын кәсіпкерлікті тұрақты және нық дамыту және қолдау негізі ретінде дамыту болып табылады. «Қоғамның орташа класын» шағын кәсіпкерлікті дамыту есебінен, оның ішінде шетелге шығарылатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша жаңа технологиялық өндіріске, кіші өндіріске бағытталған кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жағдайларды жетілдіру. Алға қойған мақсаттарға жету үшін келесі талаптарды орындау ұсынылады: шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау тиімділігі; кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын кеңейту және дамыту, шағын кәсіпкерлікті насихаттау және ақпаратты қамтамасыз ету; туристік қызмет көрсетуде шағын бизнесті дамыту; шағын кәсіпкерлікті қоғамдық қолдау жүйесін құруды жеделдету; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; шағын кәсәпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар жұмысының тиімділігін арттыру; кәсіпкерлік қызметін реттейтін қолданыстағы заңнама нормалары мен тәртіптерін жетілдіру және ретке келтіру бойынша үлес қосу.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі Кәсіпкерлік жұмысты реттейтін заңдылық және нормативтік базаны жетілдіруге бағытталған шаралар; Қаржылық қолдаудың (лизинг, франчайзинг және т.б) дәстүрлі емес құралдарын енгізу мен экономиканың кәсіпкерлік секторына бөлінетін ақша және материалдық ресурстардың өсімі мен мүмкіншілігіне қаржы-несиелік және инвестициялық саясаттың бағытталуы; шағын бизнестің қолдау инфрақұрылымын одан әрі дамыту және аймақта инновациялық жобаларды қолдау және ғылыми өндірістерді дамыту мен құрылуын қамтамасыз ететін нақтылы экономикалық дәрежелер мен тетіктерді құру; шағын кәсіпкерлікті ақпаратты қамтамасыз ету және насихаттау, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері филиалдық желісінің рөлі мен құрылымын күшейту.
Тармақша 1
1) Шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау жүйесінің дамуы Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржы-несиелік ресурстарының болмауы соңғы жылдары кәсіпкерлік қызметінің дамуына кедергі болып отырған проблемалар тізімінде алдыңғы орындарды алып отыр. Кәсіпкерлікті бюджеттік несиелендіру қатарында жеке инвестициялық ресурстарды қолдану орынды, себебі қолданыстағы мемлекеттік емес қаржыландыру жүйесі шағын және орташа бизнестің үлкен сұранысын қанағаттандырмайды. Банктық сектордың жоғары дейгейде дамуы несие ресурстары нарығының жан-жақтылығы және клиенттердің банк таңдауларының болуы әсіресе бастапқы кезінде үлкен тәуекелділік болғандықтан бизнестің несиелендіруіне кедергі болады. Осындай жағдайларды және отандық кәсіпкерлікті қаржыландыру көлемін ұлғайту мақсатында шетел қаржы институттарының несиелік желілерін, шетелдік донорларды байланыста ұстау қажет. Алдағы уақытта мақсатты түрде біртіндеп, экономиканың қаржы секторының ішкі ресурстары есебінен шағын бизнесті несиелендіру акцентін көшіру. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру барысында шағын кәсіпкерлікті кейіннен несие базасының жетілдірілуі мен өсуіне ықпал жасайтын орташа кәсіпкерлікке көшіруіне мүмкіндігін қарастыру қажет. Шағын кәсіпкерлік, сонымен қатар, лизингілік несие беруде жеке гаранттар, кәсіпкерліктің шағын субъектілеріне берілетін несиенің пайыздық ставкасын қаржылау жүйесінің несиелік серіктестігі сияқты, кәсіпкерлікті қолдаудың дәстүрлі емес құралдарын енгізуді қажет етеді.
Тармақша 2
2) Кәсіпкерлікті ақпаратты қамтамасыз ету және насихаттау, инфрақұрылымын дамыту Шағын бизнес субъектілерінің дамуы мен одан әрі қалыптасуында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық және республикалық көлемдегі өткізілген шаралар мен жағдайлар туралы ақпаратта болу, сонымен қатар шағын кәсіпкерлік саласындағы жетістіктерді насихаттау үлкен рөл атқарады. Бағдарламада осы бағыттағы шараларды өткізу қарастырылған. Кәсіпкерлікті одан әрі белсендіре түсу мақсатында, кәсіпкерліктің республикалық қосымша қоғамдық ұйымдарының іске қосылған филиалдарын тартуда облыс экономикасының түрлі саласында әрекет ететін кәсіпкерлердің қосымша қоғамдық бірлестіктерін құру қарастырылған. Кәсіпкерлер және олардың қоғамдық бірлестіктерімен заңнамалық және құқықтық базаны жетілдіру мәселесі бойынша ұсынысты талдау бойынша, бақылау-барлау органдарының өкілдерімен өзара әрекет бойынша «дөңгелек үстел», кездесу өткізу жоспарлануда, кәсіпкерлер шағын бизнесті дамыту бойынша оқыту бағдарламаларында қатысуға көлемді тартылады. Инновациялық қызметтегі алдыңғы қатарлы жетістіктерді тарату, жаңа азық түрлерін жасау және шағын кәсіпкерлік субъектілерін жоғары технологиялық өндіріс саласына жұмылдыру үшін тұрақты түрде Ақмола облыстық шағын және орта бизнесті қолдау орталығында бұқаралық ақпарат құралдары бастықтарының қатысуымен пресс-конференциялар өткізілетін болады. Таңдаулы кәсіпкерлердің жұмыс тәжірибелерін жалпылау және тарату, кейіннен нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланатын алты номинация бойынша жылдың таңдаулы кәсіпкерлері конкурсы сияқты шараларды өткізу жоспарланған. Көптеген кәсіпкерлер өзінің қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік саясаты туралы түсінігі болмаған, маркетингті негізін білмеген, ең бастысы бизнес аумағындағы құқық негізін игермеген. Осы кезеңде кәсіпкерлікті дамытудағы басымдылықтың бірі шағын жане орта бизнесті дамыту және қолдау аймақтық орталығын ашу, консалтингілік кешенді қызмет көрсету мен маркетингілік зерттеулер өткізуде көмек беру болып табылады. Бұл орталықтардың жұмысы нарыққа кірер алдындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс шығындарын қысқартып, әртүрлі касіпкерлік топтарды жүйелі жетекшілік етуге бағытталған. Білім беруді жеке кәсіпкерлерге және шағын бизнес субъектілеріне арналған модульдерге бөлу жоспарланған. Аймақтық деңгейде бастауыш кәсіпкерлерді бизнес жүргізудің негіздеріне оқыту, ал кәсіпкер иноваторларды инновациялық және корпоративтік бизнеске республикалық деңгейде оқыту қарастырылған. Кәсіпкерлік қызметті халық арасында насихаттау шағын және орта бизнесті дамытуға әсер етеді және семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» қорытындысын, мақалалар жариялау арқылы жүргізілетін болуы керек. Бұған радио мен теледидар тартылады. Кәсіпкерлікті насихаттау ісінде мемлекеттік, облыстық кәсіпкерлерінің ауқымды ортасы және шетелдік бизнес кәсіпкерлерін шақырумен түрлі көрмелер және жәрмеңкелер өткізуде ерекше орын алады. Сонымен қатар, аталған бағыт аумағында әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамытуды насихаттауды енгізу алға қойылған. Кәсіпкерлердің бұл топтарына кәсіпкерліктің негізін оқытуды қамтамасыз ету арқылы оларға ерекше назар бөлу ұсынылады. Кәсіпкерлік қызметті ерікті жүзеге асыруда бастамасы мен ниеті бар жастар мен әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті қолдауға жергілікті бюджет және үкіметтік емес қаржылық институттардың қаражатынан қаржыландырылатын бизнес-инкубаторлар шегінде іске асыру жоспарланған. Ақпараттың жетіспеушілігін бастаушы кәсіпкерлер ғана емес сонымен қатар тәжірибесі мол кәсіпкерлер де сезініп отырғандықтан кәсіпкерлікті қолдаудың біртұтас ақпараттық желісін құруға жағдай жасау қажет. Іскер адамдардың ақпараттылығын көтеру үшін шығарылатын өнімдердің, шағын және орта бизнес кәсіпорындары туралы деректер, жекешелендірілуі қажет объектілер туралы деректер базасы, сертификатталған жаңа технологиялар тізімі көрсетілетін вебсайттар қолданылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерді құру есебінен сертификаттау саласында бәсекелестік ортаның өсуі болжалануда. Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының қызметінің тиімділігін арттыру қажет. Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары өндірістік және өндірістік емес салалардағы жұмысшылардың түрлі бірлестіктері түрінде кеңінен таралды. Бірақ, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары қызметін кәсіпкерлік субъектілерінің аздаған бөлігі ғана пайдаланады, сондықтан олардың облыстағы шағын және орта бизнес секторын дамытуға оң әсерін тигізетін жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлуге қажет. Жоғарыда аталғандарды жүзеге асыру үшін: қоғамдық ұйымдар бірлестігі жұмысшыларының кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауда, оларды оқытуда, консультациялық қызмет көрсетуде кәсіпкерлік деңгейін өсіру; жергілікті жерлерде кәсіпкерлердің кәсіби салалық ассоциациярын құру стимулын арттыру; кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының бірлесуі мен олардың топтасуы үшін жағдайлар жасау; шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі Комиссия құрамына қоғамдық ұйымдар бірлестігінің өкілдерін енгізу.
Тармақша 3
3) Заңнамалық және нормативті - құқықтық базаны жетілдіру Нақтылы экономикалық жағдайдағы шағын бизнес субъектілері қызметінің жыл сайын өткізілетін талдауы нәтижелері есебімен шағын кәсіпкерліктің заңнамалық және нормативті-құқытық базасын жетілдіруде ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Түрлі салықтық тәртіптегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметтерін іске асыру, шағын кәсіпкерлік қызметін реттеу барысында жаңа Кедендік және Салықтық кодекстерді қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылуы керек. Өндірісті дамытуда инвистицияларды іске асырушы кәсіпкерлердің проблемалары жеке зерделеуді қажет етеді. Бұл мәселелерді шешуде одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар жасау үшін кәсіпкерлікке қатысты нормативті-құқықтық актілерді зерттеу, анализ жүргізуді қажет етеді. Қазіргі кезеңде қолданыстағы заңнама жүйесі шағын кәсіпкерлік субъектілері санының өсуіне ғана емес, сонымен қатар шағын кәсіпкерліктің дамуы негізінің сапасын да қамтамасыз етуі тиіс. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті реттеудің нормативті-құқықтық базасы бірнеше жылдар бойы құрылған, сонымен қатар шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауға өз ықпалын тигізетін Қазақстан Республикасының Конституциясынан, Азаматтық Кодексінен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасының Заңдарынан, Үкімет Қаулыларынан тұрады. Бірақ, міндетті түрде келесі жағдайларды жасау қажет: кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлерін лицензиялау мәселесі үлкен реформаға түседі. Олардың кейбіреулері жергілікті атқарушы органдарға тапсырылады. Лицензиялау мәселесіндегі лицензия беру бақылауындағы акцент қызмет жасауды іске асыру бақылауына көшіріліп кетеді. Дәл осындай проблема өнімдер мен жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету принципін бұзбай сертификациялауда да бақыланады, субъектілерді белгілі қызмет көрсету үшін аккредатациялау мен сертификациялау жұмысына бақылау жасауды мемлекетке қалдыра отырып, сертификаттау жұмысын бәсекелі нарыққа көшіру керек. бастаушы кәсіпкерлер өз капиталдарының жетіспеушілік проблемасымен соқтығысады, өніммен өткізу нарығына тәуелді болады. Бұл жағдайларда факторинг, лизинг бизнесін жүргізу, өзара несиелендіру және өзара сақтандыру сияқты жаңа құралдары дамытуга бағытталған нормативті-құқықтық актілерді әзірлеу қажет. Факторингілік қызмет айналымдағы қаражаттың жетіспеушілік проблемасын шешуге жағдай жасайды, ал өзара несиелендіруде айналымға жеке жинағын кіріктіру және сенім принципін нығайту әсерін тигізеді, бұл кәсіпкерлік құрылымның бекуіне ықпалын етеді; азаматтық және шаруашылық істері бойынша сот шағымдарын, үкімдер және мүліктік өндіру бөлігіндегі орындаулар барысында олардың көпшілігі орындалмай қалады. Бұл кезде негізгісі сот шешімі емес, оны орындау. Сондықтан атқарушылық өндіріс рәсімі сегментация арқылы реформалау кезінде мүмкін болады: мемлекеттің шектеулі құзырлығына жататын функцияларды анықтап, қалғандарын бәсекелестік ортаға шығару. Бұл шаруашылық тартыс бойынша сот шешімін орындау рәсімін жылдамдатуға мүмкіндік береді. Аукциондар (саудалар) арқылы тартып алынған мүліктерді тарату үшін лицензиясы бар арнайы коммерциялық құрылымдарды шақыру; кәсіпкерлік қызметтің құқығы мен бостандық кепілдігі мемлекетке ғана емес, кәсіпкерлердің өздері мен олардың қоғамдық бірлестіктеріне де байланысты. Қоғамдық ұйымдар бірлестігінің белсенділік дәрежесі бизнес дамуының деңгейін анықтайтын болады. Кәсіпкерлер мен жалпы кәсіпкерлік қызметті қорғауға деген үлесі түрлі консультативті-кеңестік органдармен енгізілуі тиіс. Кәсіпкерлік туралы мемлекеттік шешімдерді қабылдау рәсімінде кәсіпкерлік бөлікте жұмыс істейтін барлық қоғамдық органдар мен ұйымдарды интеграциялау қажет. Бағдарламаның алдына қойған міндеттерін орындау мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлер құрылымының қоғамдық бірлестіктерін дамыту мен қолдауды бақылаушы органдардың өзара әрекеттестік тетігінің қаншалықты нақты анықталғандығына байланысты болады.
Тармақша 4
4) Қаржылық қолдаудың дәстүрлі емес құралдарын енгізу және қаржы ресурсы көлемінің өсуі, қол жетімділігі Шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау арнайы қаржы институттарының дамуы мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің белгілі топтарын оларға лайық кредиттау мен талаптарды белгілей отырып, қадамдық (деңгейлік) қаржылы-несиелік қамтамасыз ету схемасын енгізуді болжайды. Дамудың бастапқы кезеңіндегі, несиемен қамтамасыз етуде қиындықтарға соқтығысқан кәсіпкерлерді қолдау мақсатында облыста шағын және орта бизнесті қолдау үшін және шағын кәсіпкерлер субъектілеріне берілетін объектілердің бекітілген тізіміне сәйкес облыстағы коммуналдық меншік объектілерінің кепілдігі есебінен, преспективалық жобаларды қаржымен қамтамасыз ету жөніндегі облыстық орталық құру жоспарланады. Көп тәжірибе жинаған және қызметтің жаңа бағыттарын игеру үшін қосымша капитал, жоғары технологиялық құралдар сұранысына ие болып отырған кәсіпкерлер үшін лизинг, франчайзинг және басқа да қаржы қолдауларының жаңа құралдарын дамытуды қарастыру қажет. Лизингіліктің дамуы және венчурлық құрылымның құрылуы қаржыландырудың дәстүрлі көздерін тарта алатын жаңа өндірістерге әрекет жасайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредит ресурстарын алу мүмкіншіліктерін кеңейтумен байланысты сауалдарын шешу, оның тұрақты өсуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз етуге мүмкіншілік жасайды.
Тармақша 5
5) Аймақтық даму Осы бағдарлама облыстық, қалалық және аудандық деңгейде жүзеге асырылатын болады. Барлық белгіленген инстанцияларда мәслихатпен сәйкестендірілген бағдарламаны әзірлеу және бекіту болжалануда. Кәсіпкерлікті дамыту мәселесінде ауыртпалық жергілікті жерлерге түсетіндіктен шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттары жергілікті жағдайға байланысты анықталуы қажет. Біздің облыста аталмыш бағдарламаны іске асыру бойынша жүргізілетін шаралар бойынша мыналар істелінуі тиіс: Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік Бағдарламасына сәйкес мал шаруашылық, құс шаруашылық және ауылшаруашылық өнімдерін шығаруды арттыру негізінде облыста азық-түлік қауіпсіздігін құру шаралары; жарма, бұршақтұқымдас және май дақылдары егіс алқаптарын кеңейту; ауылдық несие серіктестігін дамыту; соңғы өнімдерді шығаруға бағытталған өндірістің басымды салаларындағы кәсіпкерлік субъектілерді құру; халық сұранысын қамтамасыз ететін қажетті объектілерді дамыту; республикалық және жергілікті пайдаланылатын жолдарда жол маңындағы сервис инфрақұрылымдарының объектілерін ұйымдастыру; Ақмола облысында 2002-2005 жылдарға арналған туризмді дамыту кешенді Бағдарламасына сәйкес туристік қызмет саласындағы шағын бизнесті дамыту; облыстық және аудандық деңгейде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылыс объектілерін құру шаралары; Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған кедейлікті төмендету бойынша аймақтық Бағдарламасына сәйкес халықтың көптеген бөлігін, оның ішінде әсіресе жұмыссыздарды кәсіпкерлік қызмет саласына тарту шаралары; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне құрылысы аяқталмақан объектілер мен пайданылмайтын объектілерді беру мәселесі; кадрларды даярлау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру шаралары.
Тарау 6. 6. Қаржыландыруға қажетті ресурстар мен қайнар көздері.
6. Қаржыландыруға қажетті ресурстар мен қайнар көздері. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың қаржымен қамтамасыз етілуі жыл сайын белгіленген мақсаттар бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен қарастырылатын қаржы бөлу шегінде және басқа да үкіметтік емес қаржылық институттар («Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ-ның өкілдігі, ауылдық несие серіктестігі, халықаралық гранттар) есебінен іске асырылатын болады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер Бағдарламамен қарастырылған шараларды практикалық жүзеге асыру нәтижесінде күтілетіні: Атауы Өлшем бірлігі 2002 ж. есебі Болжам 2003 ж 2004 ж 2005 ж Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (тіркелгендері) бірлік 21358 22050 22800 23700 оның ішінде: заңды тұлғалар бірлік 3927 4102 4188 4419 Жеке кәсіпкерлер бірлік 17431 17948 18512 19281 Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің саны адам 69512 71400 73500 75700 оның ішінде: ауыл шаруашылығы адам 22378 22784 23108 24260 өндіріс адам 6598 6676 6953 7307 құрылыс адам 2591 2691 2791 2891 сауда адам 23099 24373 25342 26306 қонақ үйлер мен мейманханалар адам 2849 2859 2869 2879 көлік және байланыс адам 2387 2397 2407 2417 Басқалар (қаржы қызметі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және коммуналдық қызметтер) адам 9610 9620 9630 9640 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімдерінің жалпы көлемі (жұмыс, көрсетілген кызметтер) млн. теңге 26055,9 27300 28600 30090 оның ішінде: өндіріс өнімдері млн. теңге 3551,2 3743,1 3906 4176,3 ауыл шаруашылық өнімдері млн. теңге 8390,8 8590,8 9190,8 9610,8 сауда млн. теңге 10969,3 11024 11057,0 11516,2 құрылыс млн. теңге 635,9 710 1018,7 1030,1 көрсетілген қызметтер млн. теңге 989,8 1717,8 1908,5 2158,4 Басқалар (қаржы қызметі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және коммуналдық қызметтер). млн. теңге 1518,9 1514,3 1519,0 1598,2
Тарау 8. 8. Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық (облыстық) бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық (облыстық) бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар атауы Аяқтау нысаны Орындалуына жауаптылар Жүзеге асырылу (орындалу) мерзімі Болжанып отырған шығындар Қаржыландыру көзі 1 2 3 4 5 6 7 1) Нормативтік-құқықтық актілерді жүзеге асыруға жағдай жасау және бақылау орнату 1. Қолданыстағы аймақтық нормативтік- құқықтық актілерінде кездесетін шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін тигізетін қарама- қайшылықтарды, көшірмелерді болдырмау үшін түгендеу жүргізу Ақпарат Әділет басқармасы (келісім бойынша) 2003-2005 жылдар ішінде 2. «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы» ҚР Үкіметінің 27.12.2002 жылғы №1390 қаулысының орындалуына талдау жүргізу Ақпарат Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2003 жылдың 4 тоқсаны 3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, қоғамдық бірлестіктердің және шағын кәсіпкерлікті қолдау қауымдастығының басшыларымен ҚР заңдылықтарын, нормативтік-құқықтық актілерін оқыту семинарын өткізу Ақпарат Әділет басқармасы (келісім бойынша) 2003-2005 жылдар ішінде 4. Бақылау-қадағалау органдарының, тіркеуші және де басқа да мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер мен олардың қоғамдық қорларының қатысуымен «Дөңгелек үстел» отырыстарын өткізу Есеп Облыстық, аудандық (қалалық) әкімдіктер, облыстық басқармалар Жарты жылда 1 рет 5. «Шенеунік және кәсіпкер» акцияларын жүргізуді жалғастыру Есеп Облыс прокуратурасы экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2903-2005 жылдар ішінде 6. Кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер жинағын шығаруды қамтамасыз ету Есеп Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Жылына 1 рет 55000 Облыстық бюджет 7. ҚР Кеден кодексінің нормалары мен ережелерін түсіндіру мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларымен семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастыру Ақпарат Ақмола облысының кеден басқармасы (келісім бойынша), «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ (келісім бойынша) 2003-2005 жылдар ішінде 8. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеуден өткізу ережелерін ықшамдау мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізу Есеп Әділет басқармасы (келісім бойынша), экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2003 жылдың 4 тоқсаны 2) Қаржылық-кредиттік және инвестициялық қолдау жүйелерін жетілдіру 1. Облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттерден шағын кәсіпкерлікті дамытуға қаражат бөлуді қарастыру Облыстық, аудандық (қалалық) мәслихаттардың шешімдері, облыстың, аудандардың және қалалардың әкімдіктерінің қаулылары Қаржы басқармасы 2003-2005 ж.ж. 2003 -30 млн. теңге, 2004 - 95 млн. теңге, 2005- 155 млн. теңге Облыстық бюджет 2. Шағын бизнесті қолдауға бөлініп жатқан бюджеттік қаражаттардың тиімді қолданылуын қамтамасыз ету Ақпарат Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, аудандар мен қалалар әкімдері 2003-2005 ж.ж. 3. Астрахан және Жарқайың аудандарында селолық кредиттік жолдастықтар (СКЖ) қүру. Есеп Аудандар әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасы 2003-2005 ж.ж. 4. «Микрокредиттік ұйымдар» Қоғамдық қорын құру Есеп «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ (келісім бойынша) 2003 ж. 5. Мемлкеттік сатып алу жөніндегі ашық конкурстарға шағын кәсіпкерлік субъектілерін қатыстыру Ақпарат Қаржы басқармасы, аудан (қала) әкімдіктері 2003-2005 ж.ж. 6. ШКС несиелеуге бөлінген бюджеттік қаражаттардың көлемін өсіру және қол жетімділігін қамтамасыз ету Ақпарат Қаржы басқармасы, «ҚР Ұлттық банкі» Ақмола филиалы ММ (келісім бойынша) 2003-2005 ж.ж. 7. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін кредиттерге кепілдеме енгізу механизмін әзірлеуге қатысу Ақпарат «ҚР Ұлттық банкі» Ақмола филиалы ММ (келісім бойынша), Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті (келісім бойынша) 2004 ж. 8. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктерден кредит алуына байланысты процедураларды ықшамдауға бағыттайтын іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысу Ақпарат «ҚР Ұлттық банкі» Ақмола филиалы ММ (келісім бойынша), «Жылжымайтын мүлік орталығы» (келісім бойынша) 2003-2005 ж.ж. 9. Шаруа (фермер) қожалықтарына лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға көмектесу Ақпарат Ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімдері 2003-2005 ж.ж. Қабылданған Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға агроазық-түлік бағдарламасына сәйкес 10. Еңбекшілдер, Атбасар, Щучье, Сандықтау аудандарында сервис- орталықтар мен машина-тракторлық станциялар (МТС) құруға көмектесу Ақпарат Ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімдері 2003-2005 ж.ж. 11. Кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілері арасында ақпарат алмасу мақсатында ақпараттық-маркетинг қызметін (АМҚ) одан әрі дамытуға көмектесу Ақпарат Ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімдері 2003-2005 ж.ж. 12. ШКС үшін жылжымайтыя мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу, қүқықтарын өзгөрту мен тоқтату процедуралдрын ықшамдау бойынша және жинақ ставкаларын төмендету жөніңде ұсыныстар енгізу Ақпарат Әділет басқармасы (келісім бойынша), Ақмола облысы бойынша«Жылжымайтын мүлік орталығы» АМК (келісім бойынша) 2003 ж. 3) Шағын кәсіпкерліктің инфрақүрылымын дамыту және тиімділігін арттыру 1. Шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау жөніндегі облыстық орталық құру үшін жағдай жасау Есеп Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2003ж. 2. Ерейментау, Астрахан аудандарында бизнес-инкубаторлар ашу және олардың қызмет істеуін қамтамасыз ету Есеп Экономика және шағын бизнеті дамыту басқармасы, индустрия, сауда және шағын биззнесті қолдау департаменті (келісім бойынша) 2003-2004 ж.ж. 3. Жергілікті бюджеттен шағын бизнес инфрақұрылым нысандарын қаржыландыру үшін қаражат қарастыру Ақпарат Қаржы басқармасы, экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2003-2005 ж.ж. 4. Аудандық (қалалық) «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету Ақпарат «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ (келісім бойынша), аудандар (қалалар) әкімдері 2003-2005 ж.ж. 5. «Жастар бірлестігін қолдау қауымдастығы» ҚБ жанынан жастар арасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталық құру Ақпарат Ішкі саясат департаменті «Жастар бірлестігін қолдау қауымдастығы» ҚБ (келісім бойынша) 2004ж. 6. Тауар өндірушілердің көрмелері мен, конкурстарға, жәрмеңкелерге шағын кәсіпкерлік субъектілерін қатыстыру Ақпарат Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ (келісім бойынша), ^дандар (қалалар) әкімдері 2003-2005 ж.ж. 7. Шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында сауалнамалар жүргізу Есеп Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы ҚБ (келісім бойынша), аудандар (қалалар) әкімдері Жылына 1 рет 8. 1-ші қабаттағы пәтерлерді шағын бизнес нысандары етіп қайта құруға қажетті құжаттардың рәсімделу үрдістерін ықшамдау үшін ұсыныстар енгізу Ақпарат Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы, облыстық МӨҚҚ (келісім бойынша), СЭС, жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (келісім бойынша) архстройинспекция (келісім бойынша) 2003-2005 ж.ж. 9. Шағын кәсіпкерлік нысандарын оңтайлы орналастыру үшін кәсіпкерлік нысандарын дамытудың схемасын әзірлеу (базарлар, дүкендер, АЖС, тұрмыстық нысандар және т.б.) Ақпарат Сәулет, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы 2004 ж. 4) Кадрлық, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету 1. I Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің (мониторингінің) есебі мен талдау жүйесін салық және статистика органдарының мәліметтерімен сәйкестендіріп жетілдіру Ақпарат Статистика басқармасы (келісім бойынша), салық комитеті (келісім бойынша), экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2003-2005 ж.ж. 2. Кәсіби білім беру мекемелерінің негізінде шағын бизнес саласы үшін мамандарды даярлау мен қайта даярлауды жалғастыру және де еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес жүмыссыздарды кәсіби даярлау Ақпарат Білім басқармасы, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ (келісім бойынша) 2003-2004 ж.ж. 3. Облыс әкімінің кәсіпкерлермен кездесуін өткізу Кездесу хаттамасы Экономика және шағын бизесті дамыту басқармасы Тоқсанына 1 рет 4. Ақмола облысы әкімінің кәсіпкерлерімен кездесуі шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Шағын бизнес саласындағы жылдың озық кәсіпкері» конкурстарын өткізу. Кездесу хаттамасы Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, аудандар (қалалар) әкімдері Жылына 1 рет 2003 - 150 мың теңге, 2004 - 158 мың теңге, 2005 - 160 мың теңге Жергілікті бюджет 5. «Ақмола-Агро» безендірілген облыстық ауыл шаруашылық журналын ай сайын шығаруды ұйымдастыру Ақпарат «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ (келісім бойынша), қаржы басқармасы, индустрия, сауда, және шағын бизнесті қолдау департаменті (келісім бойынша) 2004 ж. 6. Шағын бизнес мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында теле және радио хабарларын беруді, ресми және ресми емес басылымдарда мақала шығаруды ұйымдастыру Есеп Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы 2003-2005 ж.ж. ішінде 7. Жастар кәсіпкерлігі мен олардың толықтай жүмыспен қамтылуын насихаттау мақсатында «Шағын кәсіпкерлікті дамытудың озық әлеуметтік-экономикалық жастар жобасы» конкурсын өткізуді ұйымдастыру Ақпарат Ішкі саясат департаменті, білім басқармасы Жыдына 1 рет 8. Шағын кәсіпкерлік мәселелері бойынша республикалық ақпараттық мәліметтер базасын қолданушылардың санын арттыруды қамтамасыз ету. Ақпарат «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ (келісім бойынша) 2003-2005 ж.ж. ішінде 9. Облыс аудандарында «Әйел кәсіпкерлігін дамыту орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің филиалдарын ашуды жалғастыру Есеп «Әйел кәсіпкерлігін дамыту орталығы» ҚБ (келісім бойынша) 2003-2005 ж.ж. ішінде 10. «Қазақстанда әйел кәсіпкерлігін дамытудың жолдары мен перспективалары» деген тақырыпта Республикалық конференция өткізу Есеп «Әйел кәсіпкерлігін дамыту орталығы» ҚБ (келісім бойынша) 2004 жылдың ішінде Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен САБИТ бағдарламасы бойынша халықаралық грант 5) Өндірістік-технологиялық және инновациялық қолдау 1. Өнеркәсіптік тауарлар өндіретін және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін жаңа өндірістер ашу, тоқтап тұрған шағын өндірістерді қайта қалпына келтіру Ақпарат Аудандар (қалалар) әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасы, өнеркәсіп және сауда басқармасы 2003-2005 ж.ж. 2. Өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін село округтерінде ауыл шаруашылық өнімдерін қабылдайтын дайындау бөлімдерін ашу. Ақпарат Аудандар (қалалар) әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасы, өнеркәсіп және сауда басқармасы 2003-2005 ж.ж. 3. Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізінде инновациялық және ғылыми көлемде өндірістер ашу Ақпарат Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, аудандар (қалалар) әкімдері 2004-2005 ж.ж. 6) Аймақтық дамыту 1. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың 2003- 2005 жылдарға дрналған аудандық және қалалық бағдарламаларын әзірлеу және бекіту Ақпарат Аудандар (қалалар) әкімдері, экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2003 жылдың 4 тоқсаны 2. Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардағы сервистік инфрақұрылым нысандарын дамыту Ақпарат Аудандар (қалалар) әкімдері 2003-2005 жылдар ішінде 3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қатыстырып аймақтық туристік жәрмеңкелер мен көрмелер өткізу Есеп Туризм және спорт басқармасы 4 тоқсан жыл сайын Ақмола облысында туризмді дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған Кешенді Бағдарламасына сәйкес 4. Туризм туралы оқу-әдістемелік және жарнамалық-ақпараттық материалдар шығару Есеп Туризм және спорт басқармасы 4 тоқсан жыл сайын 5. Туристік сала нысандарының санына мониторинг жүргізу Ақпарат Туризм және спорт басқармасы, аудандар(қалалар) әкімдері Жарты жылда 1 рет 6. Ауылдық жерлерде стоматологиялық кабинеттер ашу Есеп Денсаулық сақтау басқармасы, аудандар (қалалар) әкімдері 2003-2005ж.ж. 22,5 млн. теңге Жергілікті бюджет Қысқартылған сөздер: ҚБ - қоғамдық бірлестік ШКС -шағын кәсіпкерлік субъектілері РМК - Республикалық мемлекеттік кәсіпорын МӨҚҚ - мемлекеттік өртке қарсы қызмет СЭС - санитарлық-эпидемиялық станция АЖС - автоматты жанар-жағармай станциясы СКЖ - селолық кредиттік жолдастық ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік ААҚ- ашық акционерлік қоғам ЖАҚ -жабық акционерлік қоғам АНС - ауылдық несиелік серіктестік МТС - машина-тракторлық станция